ШҚО туризмін дамыту Мастер-жоспарын әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті

ШҚО туризмін дамыту Мастер-жоспарын әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті

11.12.2025 19:31:18 281

2025 жылғы 10 желтоқсанда облыс әкімдігінің ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының туризмді дамыту Мастер-жоспарын әзірлеу мәселелеріне арналған кеңес өтті. Отырысқа мемлекеттік органдардың, туристік бизнес өкілдерінің және өңірлік ұйымдардың қатысулары болды.

Туризм басқармасының басшысы Ирина Смит туристік саланың қазіргі жағдайы, 2026 жылға жоспарланған іс-шаралар, санитарлық-гигиеналық инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынды.

Кеңес барысында туристік сала кәсіпкерлері өзекті мәселелерді және туристік қауымдастықтың жұмысын қайта жандандыру жөніндегі ұсыныстарды жеткізді. Сондай-ақ «СПК «Ертіс»» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанатбек Мирзабеков өңірдің туризмді дамытуға арналған Мастер-жоспар жобасын және оны жетілдіру бойынша бастамаларды таныстырды.

Талқылау барысында қатысушылар пікір алмасып, саланың негізгі сын-қатерлерін айқындап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Ерекше назар инфрақұрылымды дамытуға, туристік қызметтердің сапасын арттыруға, кәсіпкерлерді қолдауға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталды.

Кеңес Мастер-жоспарды бірлесіп жетілдіруді және барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескеруді жалғастыру жөніндегі уағдаластықпен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1124048?lang=kk