Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

📢 Жеке кәсіпкерлер және шаруа фермер қожалықтары ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ! 09.09.2026
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жыл бойынша камералдық бақылау нәтижесінде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірістерді толық көрсетуіне қатысты алшақтықтар анықталғанын хабарлайды.🔎 Алшақтықтар мына деректерді талдау негізінде анықталды:* салық есептілігінің нысандары;* электрондық шот-фактуралар (ЭШФ);* екінші деңгейдегі банктердің деректері — POS-терминалдар және мобильді төлемдер;* басқа да ақпарат көздері.📩 Анықталған алшақтықтар бойынша салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберілді.🎯 Камералдық бақылаудың мақсаты — салық төлеушіге анықталған алшақтықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.⏰ Хабарлама алған жағдайда не істеу керек?Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні (шамамен 45 күнтізбелік күн).✅ Егер анықталған алшақтықпен келіссеңіз:— қосымша салық есептілігін ұсыныңыз;— өзіңіз есептеген салық сомаларын төлеңіз.📝 Егер құқық бұзушылық жоқ деп есептесеңіз:— өз ұстанымыңызды негіздей отырып, түсіндірме ұсыныңыз.☝️ Түсіндірме ұсыну да хабарламаны орындаудың тең дәрежедегі тәсілі болып табылады.💻 Хабарламаның бар-жоғын тексеріп, оны орындауды салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асыруға болады.⚠️ Маңызды! Салық міндеттемелерін уақытылы орындаңыз және жеке кабинетіңізді тексеруді ұмытпаңыз.📌 Хабарлама бар ма — тексеріңіз! Уақытында әрекет етіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1288675?lang=ru
📢ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерге арналған цифрлық сервистерді дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. 09.09.2026
💻 Негізгі бағыттардың бірі – Салық төлеушінің кабинетінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан), сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) алдын ала толтыруды енгізу.🎯 Негізгі мақсат – декларацияларды ұсыну процесін жеңілдету.Декларацияда есепті кезең ішінде мүлікті сатып алу және иеліктен шығару туралы мәліметтер автоматты түрде толтырылады.🔄 Алдағы уақытта алдын-ала қалыптастырылатын мәліметтердің тізбесін кеңейту, оның ішінде декларацияны толтыруға қажетті кірістер және өзге де мәліметтерді көрсету жоспарлануда.👤 Бұл ретте жеке тұлға қалыптастырылған мәліметтерді өзі тексереді, қажет болған жағдайда толықтырады немесе түзетеді, содан кейін декларацияны растап, жібереді.💡 Бұл механизм «мемлекет қолда бар мәліметтерді ұсынады – азамат оларды тексеріп, растайды» қағидатына негізделген.Бұл декларацияны толтыруға кететін ⏱️ уақытты қысқартуға және техникалық қателердің орын алу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.⚠️ МАҢЫЗДЫ!📅 2025 жыл үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсыну мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады.💻 Декларацияны Салық төлеушінің кабинетінде https://knp.kgd.gov.kz ұсынуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1288665?lang=ru
Қостанайда «Тәлімгерлік институты» іске қосылды: полиция ардагерлері жасөспірімдерге қолдау көрсетеді 09.09.2026
Қостанай қаласында Полиция департаменті мен Білім басқармасының бірлесуімен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған «Тәлімгерлік институты» пилоттық жобасы ресми түрде іске қосылды.Жобаның алғашқы кезеңі Қостанай, Рудный, Лисаковск, Арқалық қалаларындағы, сондай-ақ Қостанай және Жітіқара аудандарындағы 20 білім беру ұйымын — 10 мектеп пен 10 колледжді қамтып отыр.Бұл бастама аясында тәлімгер ретінде ішкі істер органдарының көпжылдық тәжірибесі бар ардагерлері тартылды. Олар оқушылармен тұрақты жұмыс жүргізіп, ерекше назарды тәуекел тобындағы жасөспірімдерге, буллинг мәселелеріне, жанжалдардың алдын алуға және кез келген құқық бұзушылықтарға жол бермеуге аударады.Жоба аясында тәлімгерлер бала, отбасы, педагогтер мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді байланыстырушы буынға айналады. Бұл кез келген күрделі жағдайды немесе туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты — қандай да бір мәселе құқық бұзушылыққа немесе заңбузушылыққа айналмай тұрып, балаға өз уақытында психологиялық, рухани және әлеуметтік қолдау көрсету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1288617?lang=ru
Қазақстанда «Tax Free» пилоттық жобасы іске асырылуда. 09.09.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік туристерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда) сатып алынған тауарларды ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезде ҚҚС-тің өтемақы сомасын қайтарып алуға мүмкіндік беретін «Tax Free» пилоттық жобасының іске асырылып жатқанын хабарлайды.«Tax Free» — Қазақстаннан шығар кезде шетелдік туристерге тауар сатып алғаны үшін ҚҚС бөлігінің өтемақысы.Пилоттық жоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатон-Қарағай) және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде орналасқан стационарлық сауда объектілерінде жүзеге асырылады.ҚҚС өтемақысы «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы жүзеге асырылады және шетелдік туристерге жалпы сомасы кемінде 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге) болатын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған кезде ұсынылады.«Tax Free» құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде ресімдейді.Пилоттық жобаға қатысу үшін https://taxfree.kz/ және/немесе Globalblue.com сілтемесіне кіру арқылы Tax Free Kazakhstan операторларымен шарт жасасу қажет.Tax-Free жүйесіне қосылу және оны бизнес үшін пайдалану тегін.Жоғарыда аталған елді мекендерде орналасқан, ҚҚС төлеушілері болып табылатын және стационарлық сауда объектілерінде азық-түлік емес тауарларды бөлшек саудада жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді қатысуға шақырады.«Tax Free» жүйесіне қосылу бизнес үшін қосымша артықшылықтар туғызып, мүмкіндік береді:* шетелдік туристерді тауар сатып алуға тарту;* сату көлемі мен орташа орташа чек құнын арттыру;* сауда нүктесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;* сатып алушыларды (шетелдік туристерді) «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы ҚҚС-ты халықаралық деңгейде қайтару қызметімен қамтамасыз ету.«Tax Free» пилоттық жобасы туралы бұйрықпен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінің (ҚР НҚА ЭББ) веб-сайтындағы zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/kaz, zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/rus сілтемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтындағыhttps://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=kk, https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=ru,https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=en сілтемелер арқылы;Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағыhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=ruhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=enсілтемелер арқылы танысуға болады.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік туристерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда) сатып алынған тауарларды ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезде ҚҚС-тің өтемақы сомасын қайтарып алуға мүмкіндік беретін «Tax Free» пилоттық жобасының іске асырылып жатқанын хабарлайды.«Tax Free» — Қазақстаннан шығар кезде шетелдік туристерге тауар сатып алғаны үшін ҚҚС бөлігінің өтемақысы.Пилоттық жоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатон-Қарағай) және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде орналасқан стационарлық сауда объектілерінде жүзеге асырылады.ҚҚС өтемақысы «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы жүзеге асырылады және шетелдік туристерге жалпы сомасы кемінде 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге) болатын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған кезде ұсынылады.«Tax Free» құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде ресімдейді.Пилоттық жобаға қатысу үшін https://taxfree.kz/ және/немесе Globalblue.com сілтемесіне кіру арқылы Tax Free Kazakhstan операторларымен шарт жасасу қажет.Tax-Free жүйесіне қосылу және оны бизнес үшін пайдалану тегін.Жоғарыда аталған елді мекендерде орналасқан, ҚҚС төлеушілері болып табылатын және стационарлық сауда объектілерінде азық-түлік емес тауарларды бөлшек саудада жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді қатысуға шақырады.«Tax Free» жүйесіне қосылу бизнес үшін қосымша артықшылықтар туғызып, мүмкіндік береді:* шетелдік туристерді тауар сатып алуға тарту;* сату көлемі мен орташа орташа чек құнын арттыру;* сауда нүктесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;* сатып алушыларды (шетелдік туристерді) «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы ҚҚС-ты халықаралық деңгейде қайтару қызметімен қамтамасыз ету.«Tax Free» пилоттық жобасы туралы бұйрықпен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінің (ҚР НҚА ЭББ) веб-сайтындағы zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/kaz, zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/rus сілтемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтындағыhttps://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=kk, https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=ru,https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=en сілтемелер арқылы;Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағыhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=ruhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=enсілтемелер арқылы танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1290174?lang=ru
Қазақстандық дәрігерлердің Түркияда тәжірибе алмасу үдерісі жалғасын тапты 09.09.2026
Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы Түркиядағы «Hisar Intercontinental Hospital» емханасының басшылығымен кездесу өткізді.Сұхбат барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, атап айтқанда, қазақстандық дәрігерлердің Түркияның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері талқыланды.Тараптар қазақстандық медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи медициналық тәжірибемен және жаңа технологиялармен танысу, сондай-ақ тәжірибе алмасу бағыттарындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңыздылығын атап өтті.Осы ретте, қазақстандық дәрігерлердің тағылымдамадан өту тәртібі, медициналық бағыттар мен мамандықтар, тағылымдаманың мерзімі және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша пікір алмасты.Түрік тарапы қазақстандық дәрігерлердің тағылымдамадан өтуіне қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, тиісті бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделілігін атап өтті.Сондай-ақ, аталған емханада ем алып жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесу өткізілді. Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық медицина мамандарының аталған емханада тәжірибе алмасуға және осыған қоса Түркияда медицина саласында оқып жүрген қазақстандық студенттердің тағылымдамадан өту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-istanbul/press/news/details/1288612?lang=ru
ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ 09.09.2026
7 қыркүйек күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл – ел бірлігінің тірегі» аудандық форумы өтті.Форум аясында тақырыптық алаңдар, әртүрлі этнос өкілдері арасында «Мен қазақ тілін үйренемін» аудандық жобалар байқауы және ауданымыздағы бес этномәдени бірлестіктің өкілдерін біріктірген «Бірлік – береке бастауы» этностар фестивалі ұйымдастырылды.Қатысушылар өз жобаларын, ұлттық салт-дәстүрлерін, әндері мен билерін, мәдениетін таныстырып, тіл – адамдарды біріктіретін, достықты, өзара түсіністік пен бірлікті нығайтатын алтын көпір екенін тағы бір мәрте көрсетті.Мерекелік күн концерттік бағдарламамен және іс-шараларға қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттаумен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1288606?lang=ru
Қазақстан мен Дүниежүзілік кеден ұйымы ынтымақтастықты кеңейтуде: цифрлық кеден, жедел транзит және кадрларды дайындау 09.09.2026
       Қазақстан Еуразиядағы негізгі транзиттік тораптардың бірі рөлін дәйекті түрде  нығайтып келеді. Жүк ағындарының өсуі кеденнен екі нәрсені талап етеді: заңды жүктерді тезірек өткізу және тәуекелдерді дәл анықтау. Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Бас хатшысы Иэн Сондерспен Астанада өткен келіссөзде басты назар осы тақырыпта болды.     Сапар аясында жоғары мемлекеттік деңгейде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-Министр Олжас Бектеновпен кездесулер өтті.      Қазақстан 1992 жылдан бастап Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) мүшесі болып табылады. Осы уақыт ішінде ынтымақтастық Халықаралық кеден құралдарына қосылудан бастап Қазақстанның өңірлік бағдарламаларды ұйымдастыру және іске асыру органдарының жұмысына белсенді қатысуына дейінгі жолдан өтті.      Бұл диалогтың жалғасы ДКҰ Бас хатшысы Иэн Сондерстің Қаржы министрі Мәди Такиевпен және Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевпен кездесуі болды. Жұмыс деңгейінде Тараптар цифрландыруды, транзиттік дәліздерді дамытуды, рәсімдерді оңайлатуды және Қазақстанның ДКҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуды қоса алғанда, кедендік әкімшілендіруді дамытудың практикалық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.     Қаржы министрінің қатысуы кездесуге кешенді ведомствоаралық сипат берді және кеден органдары қызметінің ағымдағы мәселелерін ғана емес, одан әрі өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарын да қарауға мүмкіндік берді.      Келіссөздердің жеке бөлімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне арналды. Бас хатшыға декларация және транзит кезінде цифрлық шешімдердің қалай қолданылатыны, мемлекеттік органдармен және шетелдік кеден қызметтерімен деректермен алмасу, тәуекелдерді басқару, үлкен деректерді талдау және жасанды интеллектті пайдалану ұсынылды.      Цифрландырудың практикалық нәтижелері қазірдің өзінде нақты көрсеткіштермен өлшенуде. 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тауарларға арналған декларациялардың шамамен 60,5% автоматты түрде шығарылды. Транзиттік декларациялар бойынша 80% кедендік бақылау нысандарын қолданбай ресімделді. Мемлекеттік кірістер комитеті ЖИ кедендік шешімдерге қолдау көрсетуде цифрлық құралдарды қолдана отырып инспекциялық-жете тексеру кешендерінің  рентген суреттерін тану технологияларын сынақтан өткізуде. Қазақстан халықаралық стандарттарды, сараптамалық бағаны және ДКҰ практикасын ескере отырып бұл шешімдерді одан әрі дамытуға қызығушылық танытуда.      Иэн Сондерс Қазақстанның кедендік әкімшілендіруді цифрлық дамытуын оң бағалады. Тараптар цифрлық құралдар, тәуекелдерді басқару және жасанды интеллектті пайдалану бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге уағдаласты. Бұл жұмыста ДКҰ Қазақстан үшін халықаралық қағидаларды әзірлеу алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар сараптама, оқыту, халықаралық тәсілдерді сынақтан өткізу және мамандарды даярлауда әдіснамалық дерек көздер және техникалық қолдау ретінде де маңызды.      Қазақстан үшін әсіресе транзит мәселесінде ерекше маңызды. Елдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін кедендік рәсімдерді оңайлатады және басқа мемлекеттермен тікелей цифрлық алмасуды жолға қояды. Мұндай жұмыс Өзбекстанмен, Қытаймен және Әзербайжанмен қазірдің өзінде жүргізілуде. Алдын ала ақпаратпен электронды алмасу жүк туралы мәліметті ол келгенге дейін алуға, тәуекелдерді алдын ала бағалауға және кедендік формалдылықтарды өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.      Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп кеден қызметтерінің тікелей өзара іс-қимылын көздейтін «Үздіксіз транзит» пилоттық жобасын әзірлеуге кірісті. Қытаймен ақпарат өзара іс-қимыл екіжақты хаттамалар негізінде дамып келеді. Дүниежүзілік кеден ұйымы Қазақстанға осындай рәсімдерді жетілдіруде және шекарадан өту уақытын өлшеу мен қысқартуға халықаралық тәсілдерді қолдануда әдістемелік көмек көрсетуде.      Ынтымақтастықта Астанадағы ДКҰ Өңірлік оқу орталығының орыны ерекше. Ол 2009 жылдан бері Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында жұмыс істейді және онда Қазақстан мен өңірдің басқа елдері кеден қызметінің мамандары ДКҰ сарапшыларынан оқудан өтеді, практикамен алмасады және өз тренерлерін даярлайды. Негізінен, бұл өңір мектебі қазіргі заманғы кеденнің құзыреттілігі.      2024 - 2026 жылдары Орталықтың алаңында 12 іс-шара өткізілді: үшеуі - 2024 жылы, бесеуі - 2025 жылы және төртеуі - 2026 жылы. Олар контейнерлік тасымалдауды бақылау, тәуекелдерді басқару, тауарларды шығару уақытын зерттеу, зияткерлік меншікті қорғау, Орталық Азия мен Кавказдағы қауіпсіздік, Үйлестірілген жүйе және стратегиялық тауарлармен сауданы бақылау тақырыптарын қамтыды. Сонымен қатар, 2024 жылы Астанада сегіз елдің қатысуымен тәуекелдерді басқару бойынша шебер-тренерлерді даярлаудың өңірлік бағдарламасы іске қосылды, ал  2026 жылғы сәуірде оның соңғы бесінші отырысы өтті.       Қазақстан шебер-тренерлерді бірлесіп даярлауды жалғастыруды, экспорттық бақылау және қос мақсаттағы тауарлар бойынша мамандандырылған оқу курстарын дамытуды, сондай-ақ өңірде қазіргі заманғы цифрлық және тәуекелге бағдарланған тәсілдерді тарату үшін Орталықтың әлеуетін пайдалануды ұсынды.       Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ортақ басымдықты растады: кеден заңды сауда үшін жылдам және бақылау үшін дәл болуы керек. Қазақстан үшін ДКҰ-мен ынтымақтастық - бұл транзиттік әлеуетті дамытудың, халықаралық стандарттарды енгізудің және жүктердің шекарадан аз шығынмен және қауіпсіздік деңгейін төмендетпей  өткізуге мүмкіндік беретін цифрлық шешімдердің практикалық тетігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1288572?lang=ru
Алматыда ескі базар 7300 шаршы метрлі сауда үйіне айналды 09.09.2026
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Алматы қаласының халқы мен және бизнес өкілдерімен кездесіп, тұрғындарды жеке қабылдады. Вице-министр халық алдында есеп беріп, сауда саласында атқарылған жұмыстарған тоқталды.Биылғы жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласының ішкі саудасындағы тауар айналымының көлемі 12,3 трлн теңгені құрады. Саудадағы нақты көлем индексі 105,3%-ға жетіп, 103,9% деңгейіндегі жоспарлы көрсеткіштен асты. Алматы  елдің ішкі саудасында  34% үлеске ие. Осылай елде сауда көрсеткіші бойынша бірінші орында.   .2026 жылдың қаңтар–маусым айларында бөлшек сауда көлемі 3,6 трлн теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,6%-ды көрсетті. Бөлшек сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 29,5%-ды құрайды.2026 жылдың алғашқы алты айында көтерме сауда көлемі 8,6 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 106,1%-ды құрады. Көтерме сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 69,9%-ды құрайды.Сонымен қатар сауда саласындағы инвестициялық белсенділік артып келеді. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында сауда саласына тартылған инвестиция көлемі 161,8 млрд теңгені құрады.Өңірдің сауда инфрақұрылымында 37 сауда базары жұмыс істейді, оның 31-і әмбебап, 6-ы мамандандырылған. Сондай-ақ 12 сауда желісі жұмыс істейді, оның ішінде 7 ірі сауда желісі бар: Magnum, Small, MyMart, Toimart, Metro, Interfood және Galmart.Бұдан бөлек, өңірде 4 457 «үй жанындағы» дүкен, 21 сауда-ойын-сауық орталығы, 29 сауда орталығы және 42 сауда үйі жұмыс істеп тұр.Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков қаладағы сауда базарларын модернизациялау жол картасына сай жаңғыртудан өткен сауда нысанына барды. Осыған дейін көп контейнерлі «Тиграухада» базары, толық жаңғыртудан өтіп, «Abai Plaza» сауда үйіне айналған.«4,5 млрд жеке инвестицияға базарымызды жаңғыртып, қазір оны 7300 шаршы метр сауда орталығына айналдырдық. Сауда үйімізде қазір 55 жалға алушы бар. Олардың 80 пайызы бұрынғы жалға алушыларымыз», - деді Азамат Шағытов «Тиграхауд» ЖШС бас директоры.Артынша вице-министр 1948 жылдан бері жұмыс істеп тұрған 80 жылға жуық тарихы «Бахус» зауытының жұмысын көрді. 12 түрлі өнім шығаратын зауыт, тек ішкі нарықтың сұранысына емес, алыс-жақын көрші елдерге де сату тізбегін ретке келтірген. Қазір зауыттың өнімдері Ресей, Моңғолия, Тайланд, Өзбекстан сияқты елдерге экспортталады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288568?lang=ru
Қымбат жеңіл автокөлік сатып алушылар 09.09.2026
Қымбат жеңіл автокөлік сатып алушылар автокөлік құнының 10% мөлшерінде акциз төлеуге міндетті болады. Жаңа талаптар Салық кодексінде қарастырылған.Акциз құны 18 000 АЕК және одан жоғары жеңіл автокөліктерге қолданылады. 2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңгені құрайды, сондықтан белгіленген шекті сома — 77,85 млн теңге.Акцизді автокөлікті сатып алған немесе оны басқа елден Қазақстанға әкелген жеке тұлға — сатып алушының өзі төлейді.Қанша төлеу қажет?Акциз мөлшерлемесі автокөлік құнының 10%-ын құрайды.Мысалы, автокөліктің құны 80 млн теңге болса, акциз мөлшері 8 млн теңгені құрайды.Қазақстанда автокөлік сатып алынған жағдайда оның құны сатып алу-сату шартында көрсетілген құн бойынша анықталады. Ал шетелден әкелінетін автокөліктер үшін құнды есептеудің бөлек тәртібі қолданылады.Қашан есептілік тапсыру қажет?Егер автокөлік Қазақстан аумағында сатып алынған болса, акциз бойынша декларацияны сатып алынған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін тапсыру қажет.Акцизді келесі айдың 20-сына дейін немесе автокөлікті мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін төлеу қажет.Егер автокөлік ЕАЭО елдерінен әкелінсе, декларацияның орнына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1288557?lang=ru
ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінен асып кету 09.09.2026
ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінен асып кету.2026 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын салық төлеушілер үшін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 000 АЕК құрайды.Белгіленген шектен асып кеткен жағдайда ҚҚС бойынша тіркеуге уақтылы тұру маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1288523?lang=ru
Қазақстан мен Үндістан 122 млн долларлық келісімдерге қол қойды 09.09.2026
Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес-форумы нақты нәтижелермен қорытындыланды. Форум барысында жалпы құны 122 млн АҚШ долларын құрайтын екі негіздемелік келісімге қол қойылды.Солардың бірі Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру мен өндірісін кезең-кезеңімен жергіліктендіруге бағытталған. Келісім «SP BKM» ЖШС мен International Tractors Limited компаниясы арасында жасалды. Жоба аясында тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, құрастыру, өндірісті жергіліктендіру, тарату және кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелері қамтылады. Келісімнің құны – 120 млн АҚШ доллары.Тағы бір келісім «SP BKM» ЖШС мен Big Bang Boom Solutions Private Limited компаниясы арасында қорғаныс технологиялары, ішкі қауіпсіздік және қосарлы мақсаттағы шешімдер саласында жасалды. Тараптар Қазақстанда өзара тиімді жобаларды бірлесіп анықтап, бағалап, іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.Қазақстандық делегацияны Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков бастап барды. Сапар аясында ол Тамилнад штатының Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды ілгерілету министрі Селви С. Киртанамен және International Tractors Limited компаниясының атқарушы директоры Рахул Митталмен кездесті.Бизнес-форумға Қазақстан тарапынан 110-нан астам өкіл қатысты. Олардың қатарында еліміздің әр өңірінен келген 65-ке жуық компания бар. Олар машина жасау, агроөнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс, мұнай-газ, жеңіл өнеркәсіп, IT және логистика салаларын таныстырды.Кездесулердің негізгі мақсаты – қазақстандық және үндістандық компаниялар арасындағы тікелей байланысты күшейтіп, сауда көлемін арттыру, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске қосу.Форумда өңірлер арасындағы байланысты дамытуға да басымдық берілді. Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының өкілдері өз өңірлерінің экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, үндістандық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын жобаларын ұсынды.«Қазақстан Үндістанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Біздің қарым-қатынастарымыздың әлеуетін толық пайдалану үшін өңірлер мен бизнес өкілдерінің арасындағы байланысты күшейту қажет. Сондықтан Қазақстан өңірлері мен Үндістан штаттары арасындағы тікелей әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз», – деді Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында екі ел арасындағы тауар айналымы 315,4 млн АҚШ долларын құрады.Қазақстан Үндістанға экспорт көлемін ұлғайтып, жеткізілетін тауар түрлерін көбейтуді көздеп отыр. Қазіргі таңда экспортты шамамен 313 млн АҚШ долларына арттыруға мүмкіндік беретін 95-ке жуық тауар позициясы анықталды. Олардың қатарында металлургия, химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс және машина жасау өнімдері бар.Кездесулер барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық та талқыланды. Қазақстан Үндістан тауарларын өз аумағы арқылы Орталық Азия, Қытай және Еуропа нарықтарына жеткізуді кеңейтуге мүдделі.Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, маңызды минералдар, өнеркәсіптік кооперация, фармацевтика, цифрландыру, жасанды интеллект, IT және энергетика салалары бірлескен жобалар үшін перспективалы бағыттар ретінде қарастырылды.Қазақстан үндістандық инвестициялар мен технологияларды тартып, елде жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға және өнімдерді жергіліктендіруге мүдделі. Осы мақсатта үндістандық компанияларға Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарда өндіріс ашу мүмкіндіктері таныстырылды. Қазір еліміздің 14 өңірінде 17 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Олар инвесторларға дайын инфрақұрылыммен қатар, салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынады.Жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Ченнайдағы бірқатар өнеркәсіптік және инновациялық кәсіпорындарға барды. Олардың қатарында жүк, жолаушылар, құрылыс, тау-кен және арнайы техникаға арналған автоматты трансмиссиялар өндіретін Allison Transmission India Private Limited және дәрі-дәрмек өндіру мен жеткізуге маманданған Caplin Point Laboratories Limited фармацевтикалық компаниясы бар.         Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288477?lang=ru
Салық төлеушінің дербес шоттарында өсімпұл есептеу тәртібі 09.09.2026
Мемлекеттік кірістер органы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, сондай - ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алуды салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - СӘАЖ) дербес шоттарында жүргізеді.Өсімпұл - бұл салық міндеттемесін уақтылы орындамағаны үшін есептелген ақша сомасы, яғни бұл салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді кешіктіргені үшін жауапкершілік шарасы.Дербес шоттарда өсімпұлды есептеу тәртібі "Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.Бұйрыққа сәйкес өсімпұлдар салықтық міндеттемені белгіленген мерзімде орындамағаны үшін күн сайын жеке шоттарда есептеледі және СӘАЖ-да автоматты түрде есептеледі.Жеке шоттарда өсімпұл есептеу:  1) мерзімі өткен бересінің қалдығын өзгертетін әрбір есептік операциядан кейін;2) әр айдың соңында төлем мерзімі күнінен кейінгі күннен кейінгі уақыт үшін немесе өсімпұл соңғы есептелген күн үшін;3) берешектің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді беру кезінде жүргізіледі.Екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банктік шоттардан салықтардың және төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын есептен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) банктік шоттарынан есептен шығарылған сомаларды және салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу есебіне, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салынған қолма-қол ақшаны есепке жазылған банктік сыйақыларды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есепке жазылады.Өсімпұлды есептеу салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға шағымданған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарғанға дейін; салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасалған жағдайда – шағымды қарау нәтижелері бойынша сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.Баяндалғанның негізінде, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұлды есептеуді болдырмау үшін заңнамада белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемелерін уақтылы төлеу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1288463?lang=ru
Артық төленген салықтар мен төлемдерді есепке жатқызу және қайтару тәртібі 09.09.2026
ҚР Салық кодексіне сәйкес салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде өтініште көрсетілген банк шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен төлемдерді бюджетке қайтаруды жеке шоттар жүргізілетін орны бойынша Мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төлемдерді қайтаруды (мемлекеттік баж, тіркеу алымы) оларды төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы жүргізеді.«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметі «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы ұсынылмайтынына назар аударамыз.Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын уақтылы қайтару мақсатында белгіленген нысан бойынша салық өтініштерін мынадай тәсілдердің бірімен беру қажет:қағаз жеткізгіште — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы;электрондық түрде – цифрлық үкіметтің веб-порталы eGov.kz немесе «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшалары арқылы.Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтару үшін жүгінген кезде көрсетілген ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1288667?lang=ru
Астана мен Афина саяси диалогты нығайтуда 09.09.2026
Афина, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Сыртқы істер министрлігінің «А5» саяси департаментінің директоры Элени Триантафилумен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан-Грекия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және жоғары әрі аса жоғары деңгейлердегі алдағы байланыстарға ерекше назар аударды. Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың мазмұнды мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті тақырыптары, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасылды.Елші сұхбаттасын Қазақстандағы соңғы конституциялық реформалар және 23 тамызда өткен Құрылтайға алғашқы сайлаудың қорытындылары туралы хабардар етті. Құрылтайдың жаңа құрамына бес саяси партияның өкілдері енгені, ал сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 74,08%-ды құрағаны атап өтілді. Сайлау демократиялық реформаларды іске асырудың және Қазақстанның Парламенттің жаңа бір палаталы моделіне көшуінің маңызды кезеңіне айналды.Сонымен қатар, Елші жаңа Үкіметтің құрылуы, Қазақстан Республикасы Вице-Президенті лауазымының енгізілуі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметі және оның конфессияаралық әрі мәдениетаралық диалогты ілгерілетудегі рөлі туралы айтып берді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы сындарлы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1288447?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады 09.09.2026
Астана, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Кездесу барысында тараптар Иран Елшісінің Қазақстандағы үш жылдық дипломатиялық қызметінің қорытындыларын, екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы жетістіктерді, сондай-ақ өзара қызығушылық танытатын салалардағы қазақстандық-ирандық іс-қимылды одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асырудың, сондай-ақ тұрақты саяси диалогты сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.А.Исағалиев А.Джоукардың Қазақстан мен Иран арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және өзара іс-қимылды кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалап, Иран Елшісінің Қазақстандағы қызметі кезеңіндегі белсенділігін айрықша атап өтті.Өз кезегінде, А.Джоукар дипломатиялық миссиясы барысында көрсеткен қонақжайлығы мен қолдауы үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, Мемлекет басшылары айқындаған Қазақстан-Иран қатынастарын дамыту бағытының одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1288437?lang=ru
KazAID пен Сингапур СІМ ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде 09.09.2026
2026 жылғы 8 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Асанов Сингапур СІМ Даму саласындағы серіктестік директораты директорының орынбасары Цзя Цянь Хо ханыммен онлайн форматта кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар ағымдағы жылғы 24–27 тамыз аралығында Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунның Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес екінші бірлескен оқыту бағдарламасын ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. Анықтама үшін: 2024 жылғы 1–5 сәуір аралығында «Достық: Цифрландыру» бағдарламасы шеңберінде Сингапур СІМ Техникалық ынтымақтастық директоратымен бірлесіп Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметшілері мен квазимемлекеттік сектор өкілдері үшін «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» тақырыбында алғашқы семинар өткізілген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1288421?lang=ru
«Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі 09.09.2026
Салық есептілігі (СЕ) — салық төлеушінің салық салу объектілері, активтері мен міндеттемелері, есептелген салық міндеттемелері және әлеуметтік төлемдері туралы ресми құжаты.Салық есептілігінің нысандары, оларды толтыру бойынша түсіндірмелер және ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.Салық есептілігі салық төлеушінің таңдауы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына (МКҰ):қағаз нысанда — МКҰ орталықтары/Мемлекеттік корпорация орталықтары арқылы жеке келу тәртібімен немесе пошта арқылы;электрондық нысанда — Салық төлеушінің ИСНА кабинеті, eGov порталы, eGov mobile, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business мобильді қосымшалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ұсынылады.Салық есептілігін ұсыну күні болып:жеке келу тәртібімен ұсынған кезде — МКҰ немесе Мемлекеттік корпорация құжатты тіркеген күн;пошта арқылы жіберген кезде — байланыс ұйымының тапсырысты хатты қабылдағаны туралы белгі қойған күні;электрондық түрде ұсынған кезде — салық төлеушінің мекенжайына жіберілетін электрондық хабарламада көрсетілген, ақпараттық жүйенің орталық торабы СЕ-ні қабылдаған күн есептеледі.Салық есептілігі (тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда) бастапқы, кезекті, қосымша, хабарлама бойынша және тарату болып бөлінеді.Тарату салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде ұсынылады.Салық есептілігін қабылдау кезінде мемлекеттік кірістер органдары форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) жүргізеді, яғни салық есептілігінің дұрыс және толық толтырылуын тексереді. Салық есептілігіне «Құжат қабылданды» мәртебесі берілгеннен кейін ғана ол қабылданды деп есептеледі.Салық есептілігі мынадай жағдайларда қабылданбайды:белгіленген нысанға сәйкес келмесе;міндетті сәйкестендіру деректері көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;қолы қойылмаса немесе заңнамада көзделген жағдайларда мөрмен расталмаса;белгіленген жағдайларда ҚҚС бойынша есептілік қажетті шот-фактуралар тізілімдерінсіз ұсынылса;жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша есептілікте әрбір жеке тұлға бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдердің сомалары көрсетілмесе.Бастапқы немесе кезекті салық есептілігін ұсыну мерзімі өткеннен кейін, егер салық төлеушінің Жеке кабинетінде тиісті салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген болса, салық органының ақпараттық жүйесі осы салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.Бұл норма жеке кәсіпкердің қызметіне байланысты емес қызмет бойынша есептілік ұсынатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.Салық есептілігі автоматты түрде қалыптастырылғаннан кейін, салық салу объектілері болған жағдайда, салық төлеуші қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.Егер қағаз нысандағы бастапқы немесе кезекті салық есептілігі ұсынылып, оған «Құжат қабылданды» мәртебесі берілсе, осы салық кезеңі үшін бұрын автоматты түрде қалыптастырылған есептілік жойылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1288415?lang=ru
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтеді 09.09.2026
2026 жылғы 7 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтеді. Диалог алаңында әлемдік және дәстүрлі діндер – ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм, даосизм, синтоизм және бахаи діндерінің лидерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекет қайраткерлері және әлемнің 20 елінен жетекші сарапшылар жиналады.XXIV Хатшылық отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде бастамашылық еткен және қатысушылар қолдаған екі халықаралық құжатты қарау және қабылдау. Олар: «Жасанды интеллектті діни салада пайдаланудың этикалық кодексі» және «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі».   Жеке мәселе ретінде Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы таныстырылады. Құжатта баланың қадір-қасиетін қорғауға, оған ізгілікпен қарауға басымдық беріліп, сондай-ақ қажетті медициналық және психологиялық көмек алу құқығы бекітіледі. Сонымен қатар, тиісті сұраныс болған жағдайда баланың діни және дүниетанымдық қажеттіліктерін ескере отырып қолдау көрсету көзделген. XXIV Съезд Хатшылығының ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтуге шақырамыз. Аккредиттеуден өту үшін communications@iciid.org  электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.Өткізілетін күні: 2026 жылғы 7 қазан.Өткізілетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және келісім сарайының баспасөз орталығы.Іс-шараның басталуы: сағат 10:00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1290074?lang=ru
Қорытынды тексеруге дайындық: Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері атыс жаттығуларын пысықтады 09.09.2026
Ақмола гарнизонының оқу-жаттығу полигонында алдағы қорытынды тексеру қарсаңында Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамымен атыс дайындығынан практикалық сабақтар өткізілді.Атыс жаттығуы басталар алдында әскери қызметшілер арнайы жабдықталған оқу орындарда қаруды атуға дайындау жұмыстарын пысықтап, тактикалық медицина және жауынгерлік даярлықтың басқа да пәндерінен де нормативтер тапсырды.Офицерлер құрамы жаттығу барысында 25 метр қашықтықтағы нысаналарға Макаров тапаншасынан №1 бақылау атыс жаттығуын орындады. Келісімшарт қызметіндегі әскерилер АК-74 автоматынан №4 жаттығуды орындап, қаруды шебер меңгергендерін көрсетті.Жауынгерлік даярлық бас басқармасынан тағайындалған әкімшілік атыстарды ұйымдастырып, басқарды. Іс-шаралар Қарулы күштердің атыс қаруларынан, жауынгерлік машиналардан, танктерден және ауыр отшашар жүйелерінен атыс жүргізу курсының талаптарына қатаң сақтап өткізілді.Сабақтар барысында атысқа қатысушылардың моральдық-психологиялық күйіне ерекше көңіл бөлінді. Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі мамандар жеке құраммен түсіндіру және мотивациялық әңгімелер жүргізді. Психологиялық қолдау әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтеруге, өз күштеріне деген сенімін нығайтуға және қойылған міндетті сапалы орындаудағы жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.Мұндай сабақтар жеке құрамға штаттық қарумен машықтануға, атыс дәлдігін арттыруға және қорытынды тексеру кезінде нормативтерді ойдағыдай тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындалуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1288345?lang=ru
Қазан айында Астанада Қазақстан мен Қасиетті Тақтың балаларды қорғау мәселелері жөніндегі II бірлескен коллоквиумы өтеді 09.09.2026
2026 жылғы 2–3 қазанда Астанада Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясы мен Орталықтың II бірлескен коллоквиумын өткізеді. Коллоквиумның басты тақырыбы осал топтарға жататын балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау.  Коллоквиум Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы 2024 жылғы сәуірде басталған диалогтың жалғасы болмақ. Аталған диалог Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Ватиканға жасаған сапары аясында өткен алғашқы бірлескен кездесуден бастау алған.          Коллоквиум жұмысына Қазақстан мен Қасиетті Тақтың ресми өкілдері, дін қайраткерлері, педиатрия, биоэтика және теология саласындағы мамандар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады. Іс-шараға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы және Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті кардинал Джордж Джейкоб Кувакад тең төрағалық етеді.Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды: балаларға қамқорлық көрсетудің адамгершілік негіздері және дінаралық ынтымақтастық, науқас балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, медициналық, ғылыми және институционалдық ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар педиатриядағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оны қолданудың этикалық қағидаттарына ерекше назар аударылады.Талқылаудың негізгі бағдарларының бірі адам қадір-қасиетін құрметтеу, балаға кешенді көмек көрсету және отбасын қолдау қағидаттарына негізделген Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы болады. Қазақстан тарапы сондай-ақ күрделі жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетудің практикалық үлгісі ретінде «Жусан» гуманитарлық операциясының тәжірибесін таныстырады.Коллоквиумды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтуге шақырамыз.Аккредиттеуден өту үшін communications@iciid.org электрондық пошта мекенжайына хабарласуды сұраймыз.Өткізілетін күні: 2026 жылғы 2–3 қазанӨткізілетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, 1қабатІс-шараның басталуы: сағат 10:30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1290072?lang=ru