Жаңалықтар
Қазан айында Астанада Қазақстан мен Қасиетті Тақтың балаларды қорғау мәселелері жөніндегі II бірлескен коллоквиумы өтеді 09.09.2026
2026 жылғы 2–3 қазанда Астанада Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясы мен Орталықтың II бірлескен коллоквиумын өткізеді. Коллоквиумның басты тақырыбы осал топтарға жататын балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау. Коллоквиум Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы 2024 жылғы сәуірде басталған диалогтың жалғасы болмақ. Аталған диалог Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Ватиканға жасаған сапары аясында өткен алғашқы бірлескен кездесуден бастау алған. Коллоквиум жұмысына Қазақстан мен Қасиетті Тақтың ресми өкілдері, дін қайраткерлері, педиатрия, биоэтика және теология саласындағы мамандар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады. Іс-шараға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы және Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті кардинал Джордж Джейкоб Кувакад тең төрағалық етеді.Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды: балаларға қамқорлық көрсетудің адамгершілік негіздері және дінаралық ынтымақтастық, науқас балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, медициналық, ғылыми және институционалдық ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар педиатриядағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оны қолданудың этикалық қағидаттарына ерекше назар аударылады.Талқылаудың негізгі бағдарларының бірі адам қадір-қасиетін құрметтеу, балаға кешенді көмек көрсету және отбасын қолдау қағидаттарына негізделген Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы болады. Қазақстан тарапы сондай-ақ күрделі жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетудің практикалық үлгісі ретінде «Жусан» гуманитарлық операциясының тәжірибесін таныстырады.Коллоквиумды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтуге шақырамыз.Аккредиттеуден өту үшін communications@iciid.org электрондық пошта мекенжайына хабарласуды сұраймыз.Өткізілетін күні: 2026 жылғы 2–3 қазанӨткізілетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, 1қабатІс-шараның басталуы: сағат 10:30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1290072?lang=ru
Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер Алматы облысы аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде 09.09.2026
Алматы облысында Қазақстан, Ресей және Беларусьтің жетекші медициналық ұйымдарының клиникалық базаларында білім алып, біліктілігін арттырған мамандардан құралған мобильді медициналық топтардың жұмысы жалғасуда. Дәрігерлер аудан тұрғындарына мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіп, жергілікті медицина қызметкерлеріне практикалық оқыту жүргізуде - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.2026 жылы медицина кадрларының біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 160 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 100 млн теңге 37 дәрігердің шетелде білім алуына бағытталды. Наурыз–сәуір айларында мамандар Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының клиникалық базаларында алғашқы медициналық-санитариялық көмек, ана мен бала денсаулығын сақтау, гематология, кардиология, нейрохирургия, онкология және басқа да бағыттар бойынша білімдерін жетілдірді.Алынған білім мен практикалық тәжірибе облыстың медициналық ұйымдарының жұмысына, оның ішінде мобильді медициналық топтардың аудандық елді мекендерге шығуы арқылы енгізілуде.Осы жұмыс аясында мамандар Балқаш, Райымбек және Кеген аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Барлығы 1 137 пациент қабылданып, түрлі күрделіліктегі 6 ота жасалды. Сонымен қатар дәрігерлер алғаш рет анықталған аурулар бойынша кеңес беріп, емдеу тактикасын айқындап, диспансерлік бақылау мәселелері бойынша ұсынымдар берді.Әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау бағытында да ауқымды жұмыс атқарылды. Акушер-гинеколог 383 әйелге кеңес беріп, оның ішінде 13 әйелге прегравидарлық дайындық бойынша ұсынымдар берді. Педиатр 238 баланы қарап-тексерді. Оның ішінде 47 бала «Дені сау бала» кабинетінде қамтылса, 32 бала сүзгі кабинетінде қаралды.Психиатр диспансерлік есепте тұрған 129 пациентке консультация жүргізді. Балалар нейрохирургі 46 пациентке кеңес беріп, бір науқасқа менингиолиз және титан пластинасын қолдана отырып краниопластика бойынша бірегей операция жасады. Хирург 80 пациентті қабылдап, 4 ота жасады. Травматолог 57 пациентке кеңес беріп, бір ота жүргізді.Жалпы практика дәрігерлері 227 пациенттіқабылдады. Созылмалы аурулары бар науқастарға диспансерлік бақылау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Практикалық тәжірибе алмасуға да ерекше көңіл бөлінуде. Неонатолог перзентхана қызметкерлеріне жаңа туған нәрестені алғашқы тұрақтандыру, өкпені жасанды желдету параметрлері және шала туған балаларға күтім жасау бойынша үш тренинг өткізді. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне жаңа туған нәрестелерді реанимациялау, акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және басқа да өзекті тақырыптар бойынша мастер-кластар мен семинарлар ұйымдастырылуда.Мобильді медициналық топтың кезекті сапары 7 - 8 қыркүйек күндері Қарғалы аудандық ауруханасында өтті. Оның құрамында облыстық деңгейдегі мамандар – - онколог-рентгенолог, инфекционист және акушер-гинеколог болды.Екі күн ішінде дәрігерлер аудан тұрғындарын қабылдап, 35 маммографиялық зерттеу жүргізді. Инфекционист 27 пациентті, ал акушер-гинеколог 34 жүкті әйелді қарап-тексерді.Пациенттерді қабылдаумен қатар, мамандар жергілікті медицина қызметкерлеріне практикалық сабақтар өткізді. Рентген-лаборанттарға маммография жүргізу және алынған түсірілімдерді бағалау бойынша оқыту ұйымдастырылды. Әйелдер консультациясының мамандарына тәжірибелік сабақ өткізіліп, «Жүкті әйелдердегі гепатит» тақырыбында дәріс оқылды.Осылайша, мобильді медициналық топтардың жұмысы бір мезетте екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді: аудан тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және жергілікті медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру.Мамандардың аудандық медициналық ұйымдарға шығуы ауруларды ерте анықтауға, емдеу мен диспансерлік бақылаудың одан арғы тактикасын айқындауға, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу әдістерін аудандық медицина ұйымдарының жұмысына енгізуге мүмкіндік береді.Алматы облысында бейінді мамандардың аудандық медициналық ұйымдарға шығуы жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Мобильді медициналық топтардың жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1288279?lang=ru
Бақылау-касса машиналарын қолдану туралы. 09.09.2026
Егер төмендегімен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы мiндеттi түрде қолданылып жүргiзiледi.Бақылау-касса машинасын қолданудан:жеке тұлға;жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады.Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді;Ұлттық Банк;екінші деңгейдегі банк;діни бірлестік;ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатын салық төлеуші ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машиналарын деректерді бермей қолданады.Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылуға жатады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1288272?lang=ru
Алматыда қала инфрақұрылымын, әлеуметтік саланы және мәдениетті дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. 09.09.2026
Негізгі нысандар қатарында жаңартылған Н. Сац атындағы Балалао мен жасөспірімдер театры, 45 мың орындық стадион құрылысы, «Медеу» БТСК жаңғырту, полиорталықтарды дамыту, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жаңарту бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1288199?lang=ru
Қазақстан мен Әзербайжан Каспийде жолаушылар тасымалын жандандырмақ 09.09.2026
Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел мәлімдеді. Дипломаттың айтуынша, Қазақстан тарапы Әзербайжанға Құрық – Баку – Құрық порттары паром желісінде жолаушылар тасымалын қайта бастауды ұсынды. 2020 жылға дейін жүзеге асырылған бұл тасымалдар COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.Әлім Байел паромдық тасымалдау тоқтағанға дейін Каспий теңізі арқылы жылына 1500-ге жуық жолаушы жүргенін атап өтті. Ол алдағы уақытта осы бағыт бойынша саяхаттауға ниет білдірген жолаушылардың саны артатынана сенім білдірді. Паром желісін қайта іске қосу екі ел арасындағы жолаушылар қатынасының дамуына серпін береді, туристік алмасуды күшейтеді және орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтеді.Елші Әзербайжан тарапының Қазақстанның ұсынысын қолдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар қатынасын шұғыл қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастап кетті.Бүгінде Баку мен Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау сияқты қалалары арасында аптасына 37 әуе рейсі қатынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-baku/press/news/details/1288171?lang=ru
Жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдері талқыланды 09.09.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.Мәжілісте ауданның даму бағыттарына сәйкес ауыл шаруашылығы, құрылыс және шағын бизнес салаларындағы жұмысшы мамандықтарына қажеттілікке талдау жүргізіп, кадр тапшылығы сезіліп отырған мамандықтың тізімін қалыптастыру мәселесі қаралды. Осы бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық Мансап орталығына еңбек нарығындағы сұранысты зерделеу жұмыстарын күшейту тапсырылды.Бұдан бөлек аудандық білім бөліміне мектеп оқушылары арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Бұл ретте Жандос Еркінбек оқушылардың мамандық таңдауға ерте бастан жол көрсетіп, ашық есік күндерін жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.Ақпараттық жұмыстарды күшейту мәселесіне баса назар аударған аудан басшысы:-Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру - алғашқы міндетіміз. Сондықтан жауапты бөлімдер осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуі қажет,- деді.Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен қатар, ауданның алдағы кезеңдегі басым бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Соның бірі қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу (505-бап), ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу (408-бап), ортақ пайдаланылатын орындарды ластау (434-2-бап) бойынша анықталған құқық бұзушылықтардың алдын алу және тиісті шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.Жалпы көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша ауданымыз 100 пайызға әскери тапсырысты толық орындаған болса, қазір күзгі науқан бойынша да бекітілген межені уақытылы орындау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселе аудан басшысының тұрақты бақылауында. Сондықтан мәжілісте жұмысты тиісті деңгейінде қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.Жиында жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар беріліп, олардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1288153?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысында алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оку марафонына тіркелу басталды 09.09.2026
Шығыс Қазақстан облысында алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оку марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің, барлық, өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық, бастамалардың, біріне айналмақ.Марафон 2026 жылы қыркүйек айынан 2027 жылы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді.Жоба 7 бағытты қамтиды:- «Кітап оқитын мектеп» — 6-10 сынып оқушылары;- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;- «Кітап оқитын университет» - жоғары оқу орындарының студенттері;- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық, командалар;- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық, азаматтар.Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы кажет. Оның 165-і қазақ, тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық, авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының, лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылы наурызға дейін жалғасады. Осы уакытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылы наурыз-сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.Барлық, финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1288094?lang=ru
Медиация және превентивтік дипломатия Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының назарында 09.09.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің Швейцарияға жұмыс сапары аясында Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Бейбітшілік және адам құқықтары дивизионының директоры Тим Эндерлинмен кездесу өтті.Келіссөздер барысында медиация және превентивтік дипломатия мәселелері, сондай-ақ делдалдық қызметтің практикалық аспектілері бойынша пікір алмасу орын алды. Тараптар алдағы өзара іс-қимылды дамыту және жинақталған тәжірибемен алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.А. Исетов қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтіп, сенім шараларын нығайту, дағдарыстардың алдын алу және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін диалогтың, делдалдықтың және превентивтік тетіктердің маңызын атап көрсетті.Өз кезегінде Т. Эндерлин швейцариялық медиаторлық құзыреттерді дамыту тәсілдерін, оның ішінде мамандарды даярлау жүйесімен таныстырды. Швейцария бұл салада көптеген жылдар бойы сараптамалық әлеуетін жүйелі түрде дамытып келеді және бітімгершілік пен делдалдық процестерге қатысатын кадрларды кәсіби даярлау бойынша мол тәжірибеге ие.Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің медиация және превентивтік дипломатия мәселелері бойынша сараптамалық алмасуды жалғастыруға және өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігі расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1288095?lang=ru
Өтініштерді беру/қарау тәртібі және шешімдерге шағымдану алгоритмі (ӘРПК-ға сәйкес) 09.09.2026
ӘРПК 20-бабына сәйкес азаматтардың өтініштерін қабылдау мынадай түрде жүзеге асырылады.Әкімшілік орган, лауазымды адам:1) жолданымдарды қабылдайды және тіркейді, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік береді;2) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;3) әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;4) әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар етеді;5) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдайды;6) әкімшілік актіні осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізеді;7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тартады;8) осы Кодексте көзделген жағдайларда, өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсетеді;9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар келіп түскен, қаралған жолданымдардың, хабарлардың, үн қосулардың, ұсыныстардың, сұрау салулардың саны және оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мерзімдерде және көлемде қарау нәтижелері туралы мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпаратты беруге міндетті.Шағым беру мерзіміӘкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. 1-1. Егер әкімшілік актіде немесе оған қосымшада әкімшілік актіге шағым жасаудың осы Кодекстің 80-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген ықтимал құқықтық тәсілдері көзделмесе, мұндай әкімшілік актіге шағымды әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны туралы белгілі болған күннен бастап алты айдан кешіктірмей беруге болады.Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл мерзімді әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша шағымды қарайтын орган қалпына келтіруі мүмкін.Шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында шағымды қарайтын орган ауруды, еңсерілмейтін күштің мән-жайларын және адамды шағым беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептерді дәлелді себептер ретінде таниды.Шағым жасау үшін өткізіп алынған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіздердің бірі болып табылуы мүмкін.ӘРПК 99-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымды қарау мерзімі шағым тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шағымды қарау мерзімін ұзартуға жол берілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1288048?lang=ru
Жетістік жолы: мектептен Google-ге дейін 09.09.2026
2026 жылдың 8-ші қыркүйегінде кәсіби бағдар беру жұмысының аясында «№46 орта мектебі» КММ Өскемен қаласы, Глубокое және Ұлан аудандарының 11-сынып оқушыларына арналған Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінің тумасы, «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Игорь Ганичевпен кездесу өтті.Игорь MIT және Берклидегі Калифорния университетін бітіріп, Google компаниясында жұмыс істеді және өз стартапының негізін қалады. Қазіргі таңда ол жасанды интеллект технологияларын дамытумен айналысуда. Ашық диалог форматында түлектер Игорьдің жүріп өткен жолы, алған білімі, IT саласындағы мансабы және қазіргі технология әлеміндегі мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландырудың қарқынды дамуы аясында кездесуге қатысқан 200 оқушы үшін бұл іс-шараның маңызы зор болды. Жерлесіміздің өмір жолы - үлкен арман, сапалы білім мен дамуға деген ұмтылыстың үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1288050?lang=ru
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады 09.09.2026
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 11 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Серебрянск қаласы, Веденеев көшесі 14. Іс-шараның мақсаты – салымшылар мен алушыларды зейнетақы жинақтарын өз бетінше басқару және invest.enpf.kz порталын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.Іс-шара барысында қатысушыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының толық көлемін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігі мен осындай компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz инвестициялық порталы таныстырылып, түсіндіріледі. Сонымен қатар, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушыларды қызықтыратын және өзекті басқа да сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушыларға жеке ақыл-кеңес береді. Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» офлайн форматта 2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 11:00, 14:00 өтеді. «БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1289491?lang=ru
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды 09.09.2026
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы.Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы пассивті рөл атқаратын модельден адамның өзінің ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауға белсендірек қатысуына жағдай жасайды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 334-VIII Заңы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1289480?lang=ru
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді 09.09.2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі.Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі. Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды. Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады.ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда) зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі:· зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;· ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру.Мүгедектік белгіленуіне, 50 жасқа толуына байланысты ЕЗЖ есебінен төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе ресми сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүгіну қажет.Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі.enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1289485?lang=ru
Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде ядролық қарусыз аймақтардың жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі туралы талқылаулар өтті 08.09.2026
2026 жылғы 8 қыркүйек, Женева – Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан миссияларымен бірлесіп, «Семей шарты» деп аталатын Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ (ОАЯҚАА) туралы шартқа қол қойылғанының 20-жылдығына орай іс-шара өткізді.Іс-шараға Африка, Латын Америкасы және Кариб бассейніндегі, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Оңтүстік Тынық мұхитындағы ядролық қарудан азат аймақтарға қатысушы мемлекеттердің, ядролық қаруға ие мемлекеттердің, Қарусыздану жөніндегі конференцияға мүше мемлекеттердің, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан мен Женевадағы БҰҰ кеңсесінің Бас директоры Татьяна Валовая қатысушыларға арналған кіріспе сөз сөйледі.Қазақстанның Елшісі еліміздің жаһандық ядролық қарусыздану және таратпау күш-жігеріне қосқан үлесін, сондай-ақ Семей шартының саяси және практикалық маңыздылығын атап өтті. Ол Орталық Азияның ядролық қарусыз мәртебесін одан әрі нығайтудың және тәжірибе алмасуды және бірлескен тәсілдерді ілгерілетуді қоса алғанда, қолданыстағы ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Қатысушылар Семей шартының халықаралық ядролық қаруды таратпау және қарусыздану режимін нығайтудағы рөлін, сондай-ақ ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Орталық Азия ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семейде бес Орталық Азия мемлекетінің Сыртқы істер министрлері тарапынан қол қойылды және содан бері халықаралық ортада «Семей шарты» деп аталып жүр.Биыл Женевадан бөлек, осындай іс-шаралар Вена мен Нью-Йоркте де өтуде. Олар 2026 жылғы мерейтойлық күндеріне, оның ішінде Семей сынақ полигонын жабылуының 35-жылдығы, Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қоюдың 20-жылдығы және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қоюдың 30-жылдығына сәйкес келетіндей етіп жалғастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1287997?lang=ru
Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығы мәселелері талқыланды 08.09.2026
Астана, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффтты қабылдады.Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Мемлекет басшысының Майамиде өтетін G20 саммитіне алдағы қатысуына және жоғары деңгейдегі байланыстардың мазмұнды күн тәртібін пысықтауға ерекше назар аударылды.Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің бүкіл кешені бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1288010?lang=ru
JOINT STATEMENT by the Ministers of Foreign Affairs of the States Parties to the Treaty on a Nuclear-Weapon-Free Zone in Central Asia on the occasion of the 20th anniversary of the signing of the Treaty (September 8, 2026) 08.09.2026
We, the Foreign Ministers of the States Parties to the Treaty on a Nuclear-Weapon-Free Zone in Central Asia (hereinafter referred to as the “CANWFZ Treaty”), on the occasion of the 20th anniversary of the signing of the CANWFZ Treaty in Semipalatinskreaffirming our commitment to humanity’s common goal of achieving a world free of nuclear weapons, and recognizing the catastrophic humanitarian consequences of any use or testing of nuclear weapons,emphasizing that the establishment of nuclear-weapon-free zones is one of the most powerful universal tools for preventing the proliferation of nuclear weapons and strengthening the global disarmament process,noting the importance of the Treaty between the Republic of Kazakhstan, the Kyrgyz Republic, the Republic of Tajikistan, Turkmenistan, and the Republic of Uzbekistan on Friendship, Good-Neighborliness, and Cooperation for Development of Central Asia in the 21st Century in strengthening peace and security in the region,recalling that the idea of establishing a nuclear-weapon-free zone in Central Asia was first proposed by the Republic of Uzbekistan in September 1993 at the 48th session of the UN General Assembly,convinced that the establishment of a nuclear-weapon-free zone in Central Asia represents a successful example of the consolidation of efforts by the countries of the region, and emphasizing that this was an important step toward strengthening the nuclear nonproliferation regime and the process of nuclear disarmament, regional and international peace and security, as well as the development of cooperation in the peaceful uses of nuclear energy and the environmental rehabilitation of areas affected by radioactive contamination,welcoming the thirty-fifth anniversary of the closure of the Semipalatinsk Nuclear Test Site and the thirtieth anniversary of the opening for signature of the Comprehensive Nuclear-Test-Ban Treaty, and paying tribute to the memory of the numerous victims of nuclear explosions and their consequences in all regions of the world,we hereby declare the following:We reaffirm our commitment to the historically significant CANWFZ Treaty, signed by the Republic of Kazakhstan, the Kyrgyz Republic, the Republic of Tajikistan, Turkmenistan and the Republic of Uzbekistan on 8 September 2006, in Semipalatinsk. As the result of collective efforts of all five Central Asian states in their aspiration to ensure security, stability and peace in the region, and as it remains the first and only such zone located entirely in the Northern Hemisphere and directly bordering two nuclear-weapon States, the Semipalatinsk Treaty continues to play an important role in strengthening the global disarmament and non-proliferation regime and serves as a symbolic example of Central Asia’s transformation from a region where nuclear weapons were once actively tested and deployed into one of the leaders of global efforts toward nuclear disarmament.We reaffirm the key role of the Treaty on the Non-Proliferation of Nuclear Weapons (NPT) as the cornerstone of international efforts to prevent the proliferation of nuclear weapons and, ultimately, to achieve their complete elimination. In this regard, we regret that the Eleventh Review Conference of the States Parties to the NPT concluded without adopting substantive outcomes, reflecting continuing differences and a lack of trust in the field of nuclear disarmament and nonproliferation. We call on all NPT parties to continue negotiations in good faith on the effective implementation of obligations under all three interrelated and mutually reinforcing pillars – nuclear disarmament, nonproliferation, and the peaceful use of nuclear energy.In light of the urgent and unprecedented challenges threatening global security and stability, we express serious concern over the lack of substantial progress in the field of nuclear disarmament in accordance with Article 6 of the NPT, as well as the cessation of key arms control agreements, coupled with an alarming trend toward the modernization of nuclear arsenals. At the same time, we note the special responsibility of nuclear-weapon States to engage in negotiations on nuclear disarmament and call for the urgent development of new, verifiable arms control mechanisms to prevent a nuclear arms race.We affirm our unwavering support for the activities of the International Atomic Energy Agency (IAEA) in implementing the provisions of the NPT, promoting cooperation in the peaceful uses of nuclear energy, and applying safeguards and monitoring of nuclear programs in the Agency’s member states.We firmly advocate for the necessity of the earliest entry-into-force of the Comprehensive Nuclear-Test-Ban Treaty (CTBT) which will mark exactly thirty years since its opening for signature on 24 September 2026. In this regard, we emphasize the need to preserve and further strengthen the international norm against nuclear testing and call for refraining from any actions that could undermine this norm.We emphasize the important role of raising awareness on disarmament and non-proliferation in fostering a culture of peace, trust and responsibility, and note the particular importance of involving the youth in discussions on disarmament and international security. We support the continued promotion of the International Day for Disarmament and Non-Proliferation Awareness, initiated by the Kyrgyz Republic and symbolically observed annually on 5 March – the date the NPT entered into force – as well as related regional educational initiatives.In this regard, we note the relevance of the recommendations contained in the UN Study on Disarmament and Non-Proliferation Education, as well as the UN Secretary-General’s Agenda for Disarmament, “Securing Our Common Future: An Agenda for Disarmament.”We welcome the signing on 6 May 2014 by the nuclear-weapon States of the Protocol on Negative Security Assurances to the Treaty on the Central Asian Nuclear-Weapon-Free Zone and its ratification by four nuclear-weapon states, and we express our hope for the earliest completion of the ratification process for the Protocol by the United States of America.We express our interest in the institutional development of the CANWFZ Treaty and in expanding further partnerships with existing nuclear-weapon-free zones with the aim of strengthening the global nuclear non-proliferation regime and uniting international efforts to ensure peace and security. In this context, we welcome the signing of Memoranda of Understanding with the African Commission on Atomic Energy (AFCONE) and the Organization for the Prohibition of Nuclear Weapons in Latin America and the Caribbean (OPANAL), as well as the holding in Astana on August 28–29, 2024, under Kazakhstan’s chairmanship, of the second meeting of representatives of all existing nuclear-weapon-free zones.We note the great importance of strengthening regional security as a key factor for sustainable development and stability in Central Asia, and we reaffirm our intention to continue to cooperate closely in addressing common challenges and threats.We support efforts to establish new nuclear-weapon-free zones in regions where they do not currently exist, including in the Middle East.We welcome the adoption of the resolution “Treaty on a Nuclear-Weapon-Free Zone in Central Asia” at the 79th session of the UN General Assembly as well as the holding, of an anniversary meeting of the Treaty’s participating States in Ashgabat on 5 December 2024, under Turkmenistan’s chairmanship, with the participation of representatives of other existing nuclear-weapon-free zones and international organizations.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1287981?lang=ru
Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ (2026 жылғы 8 қыркүйек) 08.09.2026
Біз, Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Cыртқы істер министрлері (бұдан әрі – ОАЯҚАА туралы шарт), Семейде ОАЯҚАА туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай,адамзаттың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі ортақ мақсатына деген бейілдігімізді растай отырып және ядролық қаруды кез келген қолданудың немесе сынаудың апатты гуманитарлық салдарын сезіне отырып,ядролық қарудан азат аймақтарды құру ядролық қарудың таралуының алдын алудың және жаһандық қарусыздану процесін нығайтудың ең күшті әмбебап құралдарының бірі екенін атап көрсетіп,Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырда Орталық Азияда даму мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңыздылығын атап өтіп,Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру идеясы алғаш рет Өзбекстан Республикасы тарапынан 1993 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 48-сессиясында ұсынылғанын еске сала отырып,Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру өңір елдерінің күш-жігерін шоғырландырудың табысты үлгісі екеніне сенімді бола отырып және бұл ядролық қаруды таратпау режимі мен ядролық қарусыздану процесін, өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және радиоактивті ластанудан зардап шеккен аумақтарды экологиялық сауықтыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болғанын атап көрсетіп,Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына отыз бес жыл толуын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қою үшін ашылғанына отыз жыл толуын құптай отырып, сондай-ақ планетаның барлық өңірлеріндегі ядролық жарылыстар мен олардың салдарынан зардап шеккен көптеген құрбандардың рухына тағзым ете отырып,төмендегіні мәлімдейміз: 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы қол қойған өзінің тарихи маңызы зор ОАЯҚАА туралы шартқа деген бейілділігімізді тағы да растаймыз. Өңірде қауіпсіздікті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылған Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі бола отырып, сондай-ақ Солтүстік жарты шарда толығымен орналасқан және ядролық қаруға ие екі мемлекетпен тікелей шектесетін алғашқы әрі жалғыз осындай аймақ болып қала отырып, Семей шарты жаһандық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуда маңызды рөл атқаруын жалғастырып, Орталық Азияның бір кездері ядролық қару белсенді түрде сыналған және орналастырылған өңірден ядролық қарусыздандыру жөніндегі жаһандық күш-жігер көшбасшыларының біріне айналуының символдық үлгісі ретінде қызмет етеді. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) ядролық қарудың таралуын болдырмауға және түптеп келгенде оны толық жоюға бағытталған халықаралық күш-жігердің іргетасы ретіндегі шешуші рөлін растаймыз. Осыған байланысты ЯҚТШ-ға қатысушы мемлекеттердің Он бірінші шолу конференциясының мазмұнды қорытындылар қабылдамай аяқталғанына өкініш білдіреміз. Бұл ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сақталып отырған келіспеушіліктер мен сенім тапшылығын көрсетеді. ЯҚТШ-ның барлық қатысушыларын өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш тірек – ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша міндеттемелерді тиімді жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді адал ниетпен жалғастыруға шақырамыз.Жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін шұғыл және бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер тұрғысында ЯҚТШ-ның 6-бабына сәйкес ядролық қарусыздану саласында айтарлықтай ілгерілеудің болмауына, сондай-ақ ядролық арсеналдарды жаңғыртуға бағытталған алаңдатарлық үрдіспен ұштасқан қару-жарақты бақылау саласындағы негізгі келісімдердің қолданылуының тоқтатылуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Бұл ретте ядролық қаруға ие мемлекеттердің ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерді жүргізудегі ерекше жауапкершілігін атап өтеміз және ядролық қару-жарақ жарысының алдын алу мақсатында тексеруге болатын қару-жарақты бақылаудың жаңа тетіктерін шұғыл әзірлеуге шақырамыз.Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ЯҚТШ ережелерін іске асыру, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу және Агенттікке мүше мемлекеттердегі ядролық бағдарламаларға кепілдіктер мен бақылауды қолдану жөніндегі қызметін міндетті түрде қолдайтынымызды мәлімдейміз.2026 жылғы 24 қыркүйекте қол қою үшін ашылғанына тура отыз жыл толатын Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) мүмкіндігінше тезірек күшіне ену қажеттігін нық қолдаймыз. Осыған байланысты ядролық сынақтар өткізуге қарсы халықаралық норманы сақтау және одан әрі нығайту қажеттігін атап өтеміз және осы норманы бұзуы мүмкін кез келген әрекеттерден қалыс қалуға шақырамыз.Қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша ақпараттандырудың бейбітшілік, сенім және жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап көрсетеміз және жастарды қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға тартудың ерекше маңыздылығын атап өтеміз. Қырғыз Республикасы бастамашылық еткен, жыл сайын 5 наурызда – ЯҚТШ күшіне енген күні символдық түрде атап өтілетін Қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі ақпараттандырудың халықаралық күнін, сондай-ақ онымен байланысты өңірлік білім беру бастамаларын одан әрі ілгерілетуді қолдаймыз.Осыған байланысты БҰҰ-ның Қарусыздану және таратпау саласындағы ақпараттандыру мәселелері жөніндегі зерттеуінде, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының қарусыздану саласындағы «Біздің ортақ болашағымызды қамтамасыз ету: қарусыздану саласындағы күн тәртібі» (Securing Our Common Future: An Agenda for Disarmament) атты күн тәртібінде қамтылған ұсынымдардың өзектілігін атап өтеміз.2014 жылғы 6 мамырда ядролық қаруға ие мемлекеттердің ОАЯҚАА туралы шартқа Теріс қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі хаттамаға қол қоюын және оның төрт ядролық держава тарапынан ратификациялануын құптаймыз және Америка Құрама Штаттарының Хаттаманы ратификациялау процесін мүмкіндігінше тезірек аяқтайтынына үміт білдіреміз.Жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық күш-жігерді біріктіру мақсатында ОАЯҚАА туралы шартты институционалдық дамытуға және ядролық қарудан азат қазіргі аймақтармен әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдіреміз. Осы тұрғыда Африканың атом энергиясы жөніндегі комиссиясымен (АФКОНЕ) және Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттікпен (ОПАНАЛ) Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуын, сондай-ақ 2024 жылғы 28–29 тамызда Астанада Қазақстанның төрағалығымен ядролық қарудан азат барлық қазіргі аймақтар өкілдерінің екінші кездесуінің өткізілуін оң бағалаймыз.Орталық Азиядағы орнықты даму мен тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың жоғары маңыздылығын атап өтеміз, сондай-ақ ортақ сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте бұдан әрі де тығыз өзара іс-қимыл жасау ниетімізді растаймыз.Қазіргі уақытта ядролық қарудан азат аймақтар жоқ өңірлерде, соның ішінде Таяу Шығыста осындай жаңа аймақтарды құру жөніндегі күш-жігерді қолдаймыз.БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт» қарарының қабылдануын, сондай-ақ 2024 жылғы 5 желтоқсанда Түрікменстанның төрағалығымен Ашғабат қаласында Шартқа қатысушы мемлекеттердің ядролық қарудан азат басқа да қазіргі аймақтардың және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мерейтойлық кеңестің өткізілуін құптаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1288499?lang=ru
Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы Шартқа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі 08.09.2026
Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Шартқа мүше мемлекеттердіңСыртқы істер министрлерінің БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ(2026 жылғы 8 қыркүйек)Біз, Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Cыртқы істер министрлері (бұдан әрі – ОАЯҚАА туралы шарт), Семейде ОАЯҚАА туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай,адамзаттың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі ортақ мақсатына деген бейілдігімізді растай отырып және ядролық қаруды кез келген қолданудың немесе сынаудың апатты гуманитарлық салдарын сезіне отырып,ядролық қарудан азат аймақтарды құру ядролық қарудың таралуының алдын алудың және жаһандық қарусыздану процесін нығайтудың ең күшті әмбебап құралдарының бірі екенін атап көрсетіп,Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырда Орталық Азияда даму мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңыздылығын атап өтіп,Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру идеясы алғаш рет Өзбекстан Республикасы тарапынан 1993 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 48-сессиясында ұсынылғанын еске сала отырып,Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру өңір елдерінің күш-жігерін шоғырландырудың табысты үлгісі екеніне сенімді бола отырып және бұл ядролық қаруды таратпау режимі мен ядролық қарусыздану процесін, өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және радиоактивті ластанудан зардап шеккен аумақтарды экологиялық сауықтыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болғанын атап көрсетіп,Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына отыз бес жыл толуын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қою үшін ашылғанына отыз жыл толуын құптай отырып, сондай-ақ планетаның барлық өңірлеріндегі ядролық жарылыстар мен олардың салдарынан зардап шеккен көптеген құрбандардың рухына тағзым ете отырып,төмендегіні мәлімдейміз: 1. 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы қол қойған өзінің тарихи маңызы зор ОАЯҚАА туралы шартқа деген бейілділігімізді тағы да растаймыз. Өңірде қауіпсіздікті, тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылған Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі бола отырып, сондай-ақ Солтүстік жарты шарда толығымен орналасқан және ядролық қаруға ие екі мемлекетпен тікелей шектесетін алғашқы әрі жалғыз осындай аймақ болып қала отырып, Семей шарты жаһандық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуда маңызды рөл атқаруын жалғастырып, Орталық Азияның бір кездері ядролық қару белсенді түрде сыналған және орналастырылған өңірден ядролық қарусыздандыру жөніндегі жаһандық күш-жігер көшбасшыларының біріне айналуының символдық үлгісі ретінде қызмет етеді. 2. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) ядролық қарудың таралуын болдырмауға және түптеп келгенде оны толық жоюға бағытталған халықаралық күш-жігердің іргетасы ретіндегі шешуші рөлін растаймыз. Осыған байланысты ЯҚТШ-ға қатысушы мемлекеттердің Он бірінші шолу конференциясының мазмұнды қорытындылар қабылдамай аяқталғанына өкініш білдіреміз. Бұл ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сақталып отырған келіспеушіліктер мен сенім тапшылығын көрсетеді. ЯҚТШ-ның барлық қатысушыларын өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш тірек – ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша міндеттемелерді тиімді жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді адал ниетпен жалғастыруға шақырамыз.3. Жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін шұғыл және бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер тұрғысында ЯҚТШ-ның 6-бабына сәйкес ядролық қарусыздану саласында айтарлықтай ілгерілеудің болмауына, сондай-ақ ядролық арсеналдарды жаңғыртуға бағытталған алаңдатарлық үрдіспен ұштасқан қару-жарақты бақылау саласындағы негізгі келісімдердің қолданылуының тоқтатылуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Бұл ретте ядролық қаруға ие мемлекеттердің ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерді жүргізудегі ерекше жауапкершілігін атап өтеміз және ядролық қару-жарақ жарысының алдын алу мақсатында тексеруге болатын қару-жарақты бақылаудың жаңа тетіктерін шұғыл әзірлеуге шақырамыз.4. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ЯҚТШ ережелерін іске асыру, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу және Агенттікке мүше мемлекеттердегі ядролық бағдарламаларға кепілдіктер мен бақылауды қолдану жөніндегі қызметін міндетті түрде қолдайтынымызды мәлімдейміз.5. 2026 жылғы 24 қыркүйекте қол қою үшін ашылғанына тура отыз жыл толатын Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) мүмкіндігінше тезірек күшіне ену қажеттігін нық қолдаймыз. Осыған байланысты ядролық сынақтар өткізуге қарсы халықаралық норманы сақтау және одан әрі нығайту қажеттігін атап өтеміз және осы норманы бұзуы мүмкін кез келген әрекеттерден қалыс қалуға шақырамыз.Қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша ақпараттандырудың бейбітшілік, сенім және жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап көрсетеміз және жастарды қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға тартудың ерекше маңыздылығын атап өтеміз. Қырғыз Республикасы бастамашылық еткен, жыл сайын 5 наурызда – ЯҚТШ күшіне енген күні символдық түрде атап өтілетін Қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі ақпараттандырудың халықаралық күнін, сондай-ақ онымен байланысты өңірлік білім беру бастамаларын одан әрі ілгерілетуді қолдаймыз.Осыған байланысты БҰҰ-ның Қарусыздану және таратпау саласындағы ақпараттандыру мәселелері жөніндегі зерттеуінде, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының қарусыздану саласындағы «Біздің ортақ болашағымызды қамтамасыз ету: қарусыздану саласындағы күн тәртібі» (Securing Our Common Future: An Agenda for Disarmament) атты күн тәртібінде қамтылған ұсынымдардың өзектілігін атап өтеміз.6. 2014 жылғы 6 мамырда ядролық қаруға ие мемлекеттердің ОАЯҚАА туралы шартқа Теріс қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі хаттамаға қол қоюын және оның төрт ядролық держава тарапынан ратификациялануын құптаймыз және Америка Құрама Штаттарының Хаттаманы ратификациялау процесін мүмкіндігінше тезірек аяқтайтынына үміт білдіреміз.7. Жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық күш-жігерді біріктіру мақсатында ОАЯҚАА туралы шартты институционалдық дамытуға және ядролық қарудан азат қазіргі аймақтармен әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдіреміз. Осы тұрғыда Африканың атом энергиясы жөніндегі комиссиясымен (АФКОНЕ) және Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттікпен (ОПАНАЛ) Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуын, сондай-ақ 2024 жылғы 28–29 тамызда Астанада Қазақстанның төрағалығымен ядролық қарудан азат барлық қазіргі аймақтар өкілдерінің екінші кездесуінің өткізілуін оң бағалаймыз.8. Орталық Азиядағы орнықты даму мен тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың жоғары маңыздылығын атап өтеміз, сондай-ақ ортақ сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте бұдан әрі де тығыз өзара іс-қимыл жасау ниетімізді растаймыз.9. Қазіргі уақытта ядролық қарудан азат аймақтар жоқ өңірлерде, соның ішінде Таяу Шығыста осындай жаңа аймақтарды құру жөніндегі күш-жігерді қолдаймыз.10. БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт» қарарының қабылдануын, сондай-ақ 2024 жылғы 5 желтоқсанда Түрікменстанның төрағалығымен Ашғабат қаласында Шартқа қатысушы мемлекеттердің ядролық қарудан азат басқа да қазіргі аймақтардың және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен мерейтойлық кеңестің өткізілуін құптаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1287973?lang=ru
Қазақстан мен Словенияның көпжақты дипломатия шеңберіндегі үйлестіруі 08.09.2026
Любляна, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Халықаралық құқық және көпжақты істер директоратының Бас директоры, Елші Анита Пипанмен кездесу өткізді.Тараптар көпжақты ынтымақтастық пен халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты, БҰҰ жүйесіндегі қазіргі ахуалға баға беріп, оның институттарын нығайтудың қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ су дипломатиясы мәселелері талқыланып, жаһандық сын-қатерлерге ден қоюда үйлестірілген тәсілдердің маңыздылығы атап өтілді. Көпжақты күн тәртібін талқылау барысында екі елдің БҰҰ органдары мен мамандандырылған мекемелеріндегі, сондай-ақ басқа да халықаралық құрылымдардағы бастамалары мен кандидатураларына өзара қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударылды.Қазақстан Елшісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ қамқорлығымен мамандандырылған халықаралық су ұйымын және Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру жөніндегі бастамалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар Қазақстанның бастамасымен жыл сайын 29 тамызда атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне ерекше мән берілетінін атап өтті.Әңгімелесушілер көпжақтылық қағидаттарына бейілділігін растады, халықаралық құқықтың маңыздылығын атап өтті және халықаралық институттарды реформалау мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Сонымен қатар гуманитарлық күн тәртібіне және халықаралық қолдауды қажет ететін өңірлерде орнықты шешімдер іздестіруге ерекше назар аударылды.Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды қолдауға уағдаласты және халықаралық сайланбалы органдардағы өзара іс-қимылды, тығыз үйлестіруді және бір-бірінің мүдделерін өзара ескеруді одан әрі жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1287966?lang=ru
Қазақстан мен Австралия екіжақты іс-қимылды кеңейтуге ниетті 08.09.2026
Астана, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Австралияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Гирингті қабылдады.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, Астана мен Канберраның саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Австралия Елшісі Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға, соның ішінде Құрылтай сайлауына жоғары баға берді.Сонымен қатар, сұхбаттасушылар көпжақты алаңдар, оның ішінде БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан мен Австралияның халықаралық бастамаларын өзара қолдау мәселелерін талқылады.Кездесу соңында тараптар өзекті халықаралық мәселелер және олардың өңір елдеріне ықпалы жөнінде пікір алмасты.Дж. Гиринг сонымен қатар резиденциясы Мәскеу қаласында орналасқан Ресейдегі, Армениядағы, Беларусьтегі, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркменстандағы және Өзбекстандағы қоса атқарушы Австралия Елшісі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1287956?lang=ru