Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі 13.10.2025
17-18 қыркүйекте Қазақстан Астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтуде.Бұл ауқымды халықаралық іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді.Форум жұмысына әлемнің 60 елінен 100-ден астам өкіл қатысады. Олардың ішінде әлемдік діндердің рухани көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері бар.Вьетнамды Вьетнамдық буддисттік Сангха басқарма кеңесінің Бас хатшысы, Төраға орынбасары Аса Құрметті Тхить Дык Тхиен ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1069546?lang=kk
Литва Парламентінде фотокөрме өтті 13.10.2025
2025 жылғы 17 қыркүйек, Вильнюс – Литва Республикасының Сеймінде «Ядролық қарусыздану және таратпау: Қазақстан жолы» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Көрме Қазақстанның антиядролық тарихына және Семей ядролық сынақ полигонының қайғылы мұрасына арналған.Іс-шараны Қазақстанның Литвадағы Елшілігі Литва Сеймі жанындағы Қазақстанмен достық тобының қолдауымен ұйымдастырды. Ашылу салтанатына парламент депутаттары, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Сөз алған Литва Сеймінің депутаты, Қазақстанмен достық тобының төрағасы Юлиюс Сабатаускас: «Қазақстанның антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығы халықаралық қауымдастықтың ерекше назарын аударуға лайық. Біз Астананың «қырғи-қабақ соғыс» пен сталиндік қуғын-сүргін мұрасын еңсеруге, сондай-ақ ядролық сынақтардан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз», – деді.Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Оразаев Қазақстан бастамаларына қолдау білдіргені үшін литвалық тарапқа алғысын білдіріп, тарихи жадты сақтау және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол бұл көрменің – Қазақстан халқы мен табиғаты төлеген зор құрбандықты еске салып, ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы еліміздің адалдығының символы екенін айтты.Көрмеде Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардың гуманитарлық және экологиялық салдарын бейнелейтін 20-дан астам фотосурет қойылған. Экспозиция Литва Сеймінің Орталық холлында 22 қыркүйекке дейін ашық болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1069549?lang=kk
«Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі — Қазақстандағы тәрбиенің жаңа моделі» 13.10.2025
Бүгін, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де «Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі — Қазақстандағы тәрбиенің жаңа моделі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Іс-шара аясында адал, жауапты және белсенді азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған жаңартылған тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды. Бұл азаматтар жоғары моральдық және патриоттық қасиеттерге ие болуы көзделген.Іс-шара спикерлері:• ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры — Қалмақов Ерлан Болатұлы;• Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті — Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы.Баспасөз конференциясы барысында спикерлер тәрбиенің жаңартылған моделі үш негізгі институт — отбасы, мектеп және қоғам бірлігінің қағидаларына негізделетінін, бұл өскелең ұрпақ үшін кешенді тәрбие ортасын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға, ата-аналарға деген құрметті қалыптастыруға, мәдениетті мінез-құлыққа, азаматтық жауапкершілік пен еңбекқорлыққа ерекше назар аударылады. Бағдарламада педагогтар, ата-аналар және қоғамдық өкілдердің тәрбие міндеттерін жүзеге асырудағы белсенді рөлі де қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1069553?lang=kk
Қазақстан делегациясы Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жанындағы Тұрақты өкілдер комитетінің отырысына қатысты 13.10.2025
Найроби, 2025 жылғы 16 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов БҰҰ Қоршаған орта мәселелері жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) штаб-пәтерінде өткен Тұрақты Өкілдер комитетінің 171-ші отырысына қатысты.Отырыстың қорытындысы бойынша Тұрақты өкілдер комитетінің 170-ші отырысының Хаттамасы және Тұрақты өкілдер комитеті субкомитетінің 12-ші жыл сайынғы отырысы төрағасының баяндамасы қабылданып, бағалау және аудит жөніндегі ЮНЕП есебі қаралып, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына (Юнеа-7) дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, ЮНЕП 2026-2029 жж. арналған Орта мерзімді стратегиясының жобасы және 2026-2027 жж. арналған ЮНЕП Жұмыс бағдарламасы мен бюджетін әзірлеу мәселесі талқыланды.Кездесу барысында ЮНЕП Атқарушы директоры И.Андерсен ЮНЕП Орта мерзімді стратегиясы (2022-2025 жж.) және 2024-2025 жж. арналған Жұмыс бағдарламасын іске асыру мақсатында 2025 ж. екінші тоқсанында өткізілген негізгі жаһандық, аймақтық және ұлттық іс-шаралар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 2024 ж. 6-сессиясының қорытындысы бойынша қабылданған бағдарламалар мен қарарларды іске асыру барысы туралы ақпарат берілді.ҚР ЮНЕП жанындағы Елшісі және Тұрақты Өкілі Б.Садықов кездесу барысындағы өз сөзінде Бағдарламаның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі жұмысының маңыздылығын ескеріп, Қазақстанның көпжақты дипломатия қағидаттарына адалдығына назар аударды. Сонымен қатар, делегаттар ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұсынған 2026 ж. Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммиті (ӨЭС) мен Қазақстанда ШЫҰ Су мәселелерін зерттеу орталығын құру сияқты ҚР экологиялық бастамаларымен таныстырылды.ӨЭС өткізу бастамасын жүзеге асыру мақсатында қазақстандық тарап ЮНЕП, БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы және Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп «Теңіздер мен көлдердің құрғауы – 21-ші ғасырдың жаһандық апаты. Каспий және Арал теңіздерін, сондай-ақ Африка, Америка, Еуропа және Азия өңірлерін мысалға ала отырып, мәселелерді шешу бойынша өңірлік шараларды қабылдау» тақырыбында ү.ж. 8-12 желтоқсанда өтетін БҰҰ Юнеа-7 Ассамблеясының аясында сайд ивенттің  өткізілетініне назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша ЮНЕП мүше мемлекеттері Юнеа-7 Ассамблеясы барысында бекіту үшін 2026-2029 жж. арналған Орта мерзімді стратегияны және 2026-2027 жж. арналған Жұмыс және бюджет бағдарламасын әзірлеу бойынша белсенді қадамдар жасауға келісті.Ақпарат: Тұрақты өкілдер комитеті БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының шешімдерінің орындалуын жүйелі түрде қарайтын, Жұмыс бағдарламасы мен бюджетті әзірлеуге басшылық жасайтын және олардың орындалуын бақылайтын, ЮНЕП хатшылығының жұмысын қадағалайтын БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының сессияаралық қосалқы органы болып табылады. Тұрақты өкілдер комитеті Басқарушы кеңестің 19/32 шешіміне сәйкес, Найробиде немесе басқа жерде орналасқанына қарамастан, БҰҰ барлық мүше мемлекеттердің, БҰҰ және Еуропалық Одақтың мамандандырылған мекемелерінің аккредиттелген өкілдерінен тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1069560?lang=kk
Шал ақын ауданының Аютас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өткізілді. 13.10.2025
2025 жылдың 16 қыркүйекте Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары К.А. Пилалов Шал ақын ауданының Аютас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өткізілді.Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1069568?lang=kk
Мәжбүрлеп орындату комитеті 4,4 млрд. теңгені құрайтын бұзушылықтарды анықтады. 13.10.2025
ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті жүргізген мониторинг нәтижесінде 42 мың атқарушылық іс жүргізу бойынша 4,4 млрд. теңге мөлшерінде өндіріп алушыларға ақшалай қаражаттарды аудармау фактісі бойынша заң бұзушылықтар анықталды.Комитеттің араласуынан кейін 34 мың. атқарушылық іс жүргізу бойынша 2,4 млрд. теңгеге азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде мемлекет кірісіне шамамен 279 млн. теңге өндіріп алынуы қамтамасыз етілді, бұл анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санының 81%-ын құрайды.Жіберілген заң бұзушылықтар аясында 699 ЖСО қатысты әр түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.Талдау көрсеткендей, көптеген жағдайларда заң бұзушылықтар заңнаманы қате қолданудан туындаған, яғни сот орындаушылары өндірілген қаражаттан өз қызмет ақыларын ұстап қалған. Аталған тәжірбие заңнама талаптарына қайшы келеді, себебі инкассалық өкімді қоюға тек бір рет және берешек шегінде ғана жол беріледі.Бұдан былай осындай заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Комитет өндіріп алушыларға ақшалай қаражаттарды аудару процесін автоматтандыру жұмыстары жүргізіледі. АІЖ ААЖ жүйесінде жаңа функционал (интернет-банкингке ұқсас) әзірленуде, ол қаражаттарды «Қазпошта» АҚ инфрақұрылымы арқылы аударуды көздейді.Бұл өндіріп алушыларға қаражатты уақытылы және нысанды түрде тікелей аударуды, сондай-ақ қаражат қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді, осылайша адами факторды және кідірістерді болдырмауды көздейді.Бұдан бөлек, қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында өндіріп алушыларға ақшалай қаражатты аудару мерзімдерін заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмыстары жүргізілуде.Өз кезегінде, Комитет тарапынан атқарушылық іс жүргізу тараптарының заңды мүдделерін негізсіз шектеу тәуекелдеріне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1069573?lang=kk
«Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті 13.10.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетін кеңінен насихаттау,  оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жетісу облысы кітапханалары арасында «Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті.Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген 12-13 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 13 оқушысы қатысып бақ сынасты.Байқау үш кезеңнен тұрды.І кезеңде қазылар алқасы Жетісу табиғатына байланысты 10 сөз кездесетін қысқаша шығарма немесе эссе жазу.ІІ кезеңде шығармалардан екі үзіндіден беріледі, сол үзінді қай шығармадан екенін табады.ІІІ кезеңде «Сұрақтар керуені» тапсырмасында 10 автордың шығармаларынан жасырын ұяшықты таңдау арқылы 5 сұрақтан қойылды.Байқауға жетісулық ақын-жазушылар, журналистер Есболат Айдабосын, Мәди Алжанбай, Айдын Кәлімхан,  Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анар Доспайқызы және Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы директорының орынбасары Мадина Баймендинова әділ қазылық етті.Байқау қорытындысы бойынша Қаратал ауданы, Алмалы ауылы, Абай атындағы орта мектептің оқушысы Айша Алтынбек І дәрежелі, Сарқан ауданы, Нмколай Островский атындғы орта мектептің оқушысы Еңлік Сәулебай ІІ дәрежелі, Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылы, Қаблиса жырау атындағы орта мектеп оқушысы Ұлжан Жанарқызы ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Байқауға қатысқан барлық үміткерлер мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар берілді.             Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1069595?lang=kk
Халықаралық инвестициялық форумы 13.10.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-karzhy/press/news/details/1069603?lang=kk
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару 13.10.2025
Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:төлем құжатында:салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;орналасқан жері бойынша салық және бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасы төленуге тиіс салық органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа салық органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;ақша жөнелтуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;ақша жөнелтуші - салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1069605?lang=kk
Қарағандыда әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткен жарыстардың қорытындысы шығарылды 13.10.2025
ҚР Қарулы күштерінің XXII спартакиадасы аясында «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығы базасында әскери-спорттық кешенінің үшсайыс және көпсайыс бойынша чемпионаттары өтті.Көпсайысқа автоматтан ату, граната лақтыру (қашықтыққа), белтемірге тартылу, 100 және 3000 метрге жүгіру жатса, үшсайыс бағдарламасына автоматтан ату, граната лақтыру және 400 метрлік кедергілер жолағын еңсеру кірді.«Спасск» оқу орталығында өткен бұл чемпионаттарға Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындарының командалары қатысты.– Мұндай жарыстар – тек күш пен төзімділікті, бірлік пен командалық рухты сынау ғана емес. Олар әскери қызметшілердің кәсіби және жеке дамуына жол ашып, үлкен серпін береді. Қарсыласпен әділ бәсекелестік мінезді шыңдап, жауынгерлік бауырластықты қалыптастырады. Сонымен қатар, әрбір қатысушының өзіне деген сенімін арттырады. Бұл – жай спорт қана емес, бұл – Отан қорғаушының жолында кез келген сын-қатерге дайын болуға бағытталған маңызды дайындық, – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары подполковник Мирхат Химеденов.Бәсекелестік жағдайында өткен көпсайыста жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері иеленді. Екінші орын 32039 әскери бөлімінің өкілдеріне бұйырса, үшінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамасы еншіледі.Жеке есепте алтын медальді «Оңтүстік» ӨңҚ өкілі 3-сыныпты сержант Евгений Нам жеңіп алды. Күміс медаль 32039 бөлімінің жауынгері сержант Ақпейіл Күтуевке бұйырса, қола жүлдені Десанттық-шабуылдау әскерлерінен аға лейтенант Шыңғыс Құдайбергенов иеленді.Белтемірге тартылу жаттығуларында 3-сыныпты сержант Евгений Нам («Оңтүстік» ӨңҚ) үздік шықса, атыста 3-сыныпты сержант Марат Ибраимов («Шығыс» ӨңҚ) жеңімпаз атанды. 32039 әскери бөлімінің өклдері сержант Нұржан Іскендір қашықтыққа граната лақтыруда ең жоғары нәтиже көрсетсе, үш шақырымға жүгіруде сержант Ақпейіл Кутуев мәреге алғашқы болып жетті. Ал жүз метрге жүгіруде сержант Қозыбай Амантаев алдына жан салмады.Үшсайысқа 14 команда қатысты. Оның қорытындысы бойынша бірінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері иеленді. Екінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы, ал үшінші орынды «Оңтүстік» ӨҚ өкілдері еншіледі.Жеңімпаздарға кубоктар, құрмет грамоталары, жалаулар мен медальдар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1069610?lang=kk
Мемлекеттік сатып алудың өмірлік циклі 13.10.2025
Мемлекеттік сатып алу — бұл бір реттік әрекет емес, бірнеше кезеңнен тұратын тұтас процесс. Бюджет қаражаты ашық әрі тиімді жұмсалуы үшін әрбір сатып алу бірдей өмірлік циклден өтеді — жоспарлаудан бастап шартты орындауға дейін. ЖоспарлауБарлығы қажеттіліктен басталады. Ұйым (мектеп, аурухана, әкімдік) өзіне не қажет екенін анықтайды: азық-түлік, дәрі-дәрмек, техника, жөндеу қызметтері немесе құрылыс. Бұл қажеттіліктер жылдық сатып алу жоспарына енгізіліп, жүйеге жарияланады. Сатып алуды жариялауУақыты келгенде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру орналастырады. Онда сатып алу нысаны, қатысу шарттары, өтінім беру мерзімдері көрсетіледі. Осы сәттен бастап кез келген компания немесе ЖК құжаттармен танысып, қатысуға дайындала алады. Өтінімдерді қабылдау және қарастыруЖеткізушілер өз ұсыныстарын электрондық түрде береді. Өтінімдерді комиссия немесе жүйе автоматты түрде (сатып алу тәсіліне байланысты) қарайды. Бұл кезеңде қатысушының талаптарға сәйкестігі, құжаттардың дұрыстығы, ұсыныстың тапсырыс берушінің қажеттілігіне сай болуы тексеріледі. Жеңімпазды анықтауСатып алу тәсіліне байланысты:аукционда ең төмен баға ұсынған жеңімпаз болады;конкурста баға ғана емес, сонымен қатар сапа, тәжірибе, орындау шарттары бағаланады;баға ұсыныстарын сұратуда қарапайымдылық пен талаптарға сәйкестік маңызды.Шешім хаттамаларда бекітіліп, жүйеде жарияланады және барлығына қолжетімді болады. Шарт жасасуЖеңімпазбен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы электрондық шарт жасалады. Онда мерзімдер, баға және тараптардың міндеттемелері көрсетіледі. Шарт ЭЦҚ-мен қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Шартты орындауБұл кезеңде жеткізуші өз міндеттемелерін орындайды: тауар жеткізеді, қызмет көрсетеді немесе жұмыс атқарады. Тапсырыс беруші өз кезегінде нәтижені қабылдап, оны бюджет есебінен төлейді. Бақылау және аяқтауШарт орындалғаннан кейін жабылады. Егер бұзушылықтар (мысалы, сапасыз тауар немесе мерзімдердің сақталмауы) анықталса, санкциялар қолданылады. Сондай-ақ уәкілетті органдар тарапынан шағымдар мен тексерулер болуы мүмкін.Қорытынды:Мемлекеттік сатып алудың өмірлік циклі — бұл ашық тізбек: қажеттілік → хабарландыру → өтінімдер → жеңімпаз → шарт → орындау → бақылау. Осы арқылы мемлекет қажетті тауарлар мен қызметтерге қол жеткізеді, ал бизнес ашық жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1069637?lang=kk
Қарулы күштерде ең үздік сержантты анықтайтын XV бүкілармиялық байқау өтіп жатыр 13.10.2025
«Мен сияқты істе, менен де жақсы істе» ұранымен өтетін кіші командирлер арасындағы жалпыармиялық турнир Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» оқу орталығында ұйымдастырылуда.Бұл – Қарулы күштер аясындағы сержанттар құрамының рейтингін анықтауға бағытталған жыл сайынғы сайыстың үшінші кезеңі. Алғашқы екі кезең әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері, ҚР ҚК бас басқармалары мен  басқармалары деңгейінде өткізілді.Сержанттар – әскери бөлімдердің тірегі. Себебі кіші командирлер жауынгерлердің күнделікті қызметіне басшылық жасап, олардың тәрбиесі мен тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сарбаздар мен офицерлер арасындағы дәнекер буын болып саналады. Сондықтан мұндай спорттық және әскери-қолданбалы жарыстардың басты мақсаты – жеке құрамды даярлаудың заманауи әдістерін қалыптастыру.– Сержант – командирдің бірінші көмекшісі. Байқаудың Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде өткізіліп жатқаны да кездейсоқтық емес. Өйткені дәл осы оқу ордасы болашақ кіші командирлерді даярлайды, – дейді Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов. – Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ең бастысы, олар жоғары лауазымға көтерілетін артықшылыққа ие болады.Байқаудың басты міндеті – Қарулы күштер арасынан ең үздік сержанттар мен старшиналарды анықтау, олардың жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етудегі білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді әдістерді әскери оқу жүйесіне енгізу. Мұндай жарыстар кіші командирлер арасында үздіктердің жетістіктерін насихаттап, алдыңғы қатарлы тәжірибені әскерге кеңінен таратуға жол ашады.Бүкілармиялық деңгейде өтіп жатқан үшінші кезең аясында «Айбын» әскери-спорттық сайысы, «Бағдар» әскери топографиядан бәсеке, «Жәрдем» тактикалық медицинадан жарыс, «Қайсар» әскери-кәсіби тапсырмасы өтеді. Сонымен қатар, сержанттар «Білімпаз» тестін тапсырып, атыс шебінде мергендігін көрсетеді, тактикалық дайындық бойынша білімдерін дәлелдейді және қоян-қолтық ұрыстан шеберліктерін сынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1069639?lang=kk
Шымкент қаласының әкімі тұрғындармен бірге ағаш отырғызуға қатысты. 11.10.2025
Шымкентте «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы жалғасуда. Қоршаған ортаны қорғауға деген ұқыптылықты арттыруға және табиғатқа деген қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарымен бірге «Астана» ықшамауданында ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты. Жаңадан отырғызылған ағаштар абаттандырудың маңызды ерекшелігі болып қана қоймай, тұрғындар мен келушілерге жайлы кеңістік жасайды. Қала басшысы мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қоғамның бірлігін нығайтып, тұрғындарды қала тазалығына қамқорлық жасауға шақыратынын атап өтті. Сондай-ақ, күзгі ағаш отырғызу науқаны кезінде Шымкентте орталық көшелер, саябақтар, скверлер мен аулалар белсенді түрде көгалдандыруда. Бұл іс-шаралар жасыл инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ 11.10.2025
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Астана» шағын ауданында көшет отырғызу жұмысына қатысты. Егілген ағаштар қаланың көгалдандыру жүйесін толықтырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы орта қалыптастырады.Іс-шара барысында мегаполис басшысы мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті:—  Ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтады. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығы мен әсем келбетіне үлес қосуы тиіс, – деді Ғабит Сыздықбеков.Сондай-ақ, күзгі көгалдандыру маусымы аясында Шымкент қаласының орталық көшелерінде, саябақтар мен гүлзарларда, сондай-ақ аулаларда ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаралар жасыл инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
МАҚСАТ – АДАЛ, БІЛІМДІ ӘРІ ОТАНШЫЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ 10.10.2025
🔹Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қалалық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және қоғамдық құрылымдардың жетекшілерімен кездесті.🔹Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып жүргізген жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясы мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында межеленген міндеттер айтылып, саяси құжатта жүктеген тапсырмаларды іске асыруда Ассамблея белсенділерінің әлеуетін ұтымды жұмылдыру жайы сөз болды.   Еліміздің тұрақты дамуы үшін ішкі бірлікті бекемдеу, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау әрбір азаматтың мерейлі міндеті екені қалалық ҚХА мүшелерінің назарына жеткізілді.🔹Емін-еркін өткен жиында Марат Алмасұлы қалалық этномәдени бірлестік төрағаларын ашық пікір алмасуға шақырды. Өтініш, бұйымтай, сын болса, құлақ асып тыңдауға дайын екенін жеткізді.– Осыған дейін өткен түрлі жиындар мен кездесулерде, басқосуларда үнемі мен сөйлеп келемін. Бүгін Шымкентке ат басын бұрып, сіздерді тыңдап, пікір алмасу үшін келіп отырмын. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, іске асырып жатқан жобаларына қатысты ойларыңыз, ұсыныстарыңыз болса, айтыңыздар, – деді  Марат Алмасұлы.🔹Жиында қалалық М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Тарих және этнология» ғылыми орталығының басшысы, «Қазақтану» журналының жауапты редакторы Шолпан Торғаутова, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық  топтың жетекшісі Қайрат Анарбаев, қалалық ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесінің төрайымы Дана Кенжеқұлова, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев,  қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, ҚХА институтының қызметі, атқарылған жұмыстары мен жобалары туралы пікірлерін айтты.🔹Кездесу соңында қалалық «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының» төрағасы Рамазан Матаев пен қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Шухрат Рузметовке Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» медалі, Жұмабек Тәшенев университетінің ректоры Қанат Байболов пен Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаеваға және қалалық әзірбайжан этномәдени  орталығының мүшесі Адиль Алиевке Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты табысталды.🔹Ашық жүздесуді қорытындылаған ҚХА төрағасының орынбасары пікірлердің назарға алынатынын айтты.  – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның жанындағы қоғамдық құрылымдарға артылған ауқымды міндеттің түпкі мақсаты – елдің ертеңі үшін адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу, – деді Марат Әзілханов.🔹Жиын соңында ҚХА төрағасының орынбасары кездесуге келген этнос өкілдеріне алғыс айтып, Достық үйіндегі қалалық этномәдени бірлестіктердің жұмыс кабинеттерін аралап көрді.#ҚХА30жыл #АНК30лет #Шымкент #Shymkent
«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС 10.10.2025
🔹Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде жаңғыртудан өткен этномұражайды аралап, жергілікті этнос өкілдерінің қолдауымен жиналған жәдігерлермен танысты. Жалпыұлттық бірлікті бекемдеуде мәдени мұраның алар орны ерекше екенін атап өтті.  🔹Комьюнити орталығында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық өкілдігінің мүшелерімен өткен кездесуде шымкенттік «Ассамблея жастары» ұйымының қызметі жайлы айтқан «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев еліміздегі үшінші мегаполис жастарының белсенділігін тілге тиек етті. Тамызда Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» ұйымының «Біз біргеміз» лагерін лайықты өткізгенін хабарлап, Достық үйі базасында ашылған комьюнити орталық қалалық өкілдіктің жұмысын жақсартып, жаңа деңгейге көтеретіні туралы атап өтті.🔹Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары белсенді жастармен өткен жүздесуде қазақстандық патриотизмді дамыту, мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы жас буынмен еркін форматта пікір алмасты.  🔹Жаңа есімдерді қоғамға таныстыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау қағидаларын насихаттау мақсатында әзірленген «Жаңа толқын» жобасы мен «Таза Қазақстан» акциясына «Ассамблея жастары» ұйымының тұрақты асалысуын үйлестіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар мен қолға алған жобаларды нәтижелі іске асыру жайына айрықша тоқталды.    –  «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс. Ассамблея ел жастарын қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды жалғастырады. Біз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеу жолында жастармен бірлесе жұмыс істеуге, бағыт-бағдар беруге әрдайым дайынбыз, – деді Марат Алмасұлы.🔹Кездесуді қорытындылаған ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов алда бірлесе атқарар жұмыс жайын пысықтап, «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің белсенділері Нұрболат Мейірбеков, Муроджан Ирисметов, Шахнозабону Жаналиева, Асия Манапова, Ибрахим Висханов сынды белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатын табыстады. Өз кезегінде ұйым мүшесі Акрам Ирисметов домбыраман ән салып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.#ҚХА30жыл #АНК30лет #Шымкент #Shymkent
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысу үшін 67 мыңға жуық адам тіркелді. 10.10.2025
2025 жылдың қыркүйегінде Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасының бірінші кезеңі — Қазақстанда тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды интеллектуалды және білім беру бастамасы сәтті аяқталды. Басты мақсат – бала кезінен жүйелі кітап оқуға дағдыландыру, сыни және аналитикалық ойлауды дамыту, кітапты білімнің негізгі көзі ретінде кеңінен насихаттау. Бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың 3-ші отырысында жариялаған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына қосу мақсатын қояды. Бір ай ішінде жобаға қатысуға үш аймақта 189 221 қатысушы тіркелді: Қарағанды облысы – 67 438 қатысушы, Қостанай облысы – 55 281 қатысушы, Шымкент қаласы – 66 502 қатысушы. Олардың ішінде: 87 157 6-10 сынып оқушылары, 34 038 мұғалім, 2 388 жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ 36 553 отбасы әулеті, 29 085 колледж және университет студенттері. Қатысушылар алты номинация бойынша жарысады: Оқу мектебі, Оқу мұғалімі, Оқу әулеті, Reading колледжі, Reading университеті және Мемлекеттік қызметші оқу. Екінші кезеңде әр қатысушы жасы мен қызығушылығына қарай сарапшылар құрастырған арнайы таңдалған тізімдерден 15 кітапты оқуы керек. Отансүйгіштікке, жауапкершілікке, сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу басты назарда. Тізімдерге «Қазақстан әдебиетінің 100 танымал кітабы» жалпыұлттық дауыс беруден өткен шығармалар, халықаралық бестселлерлер, сондай-ақ ұлттық мәдени мұра мен құндылықтарды көрсететін әлемдік және отандық классиктердің шығармалары енгізілген. Толық ережелер мен кітаптар тізімі www.reading-nation.kz ресми сайтында берілген. Ақан Бесбаев, Шымкенттегі «Оқу ұлты» жобалық кеңсесінің жетекшісі: Қаламызда жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы тұрғындардың рухани өміріне тың серпін беруде. Кітапханаларда, мектептерде және университеттерде өткізілген жобаның кездесулері қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. Жастардың белсенділігі ерекше, олар кітапты білімнің көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге еркін ой мен жан-жақты дамудың кілті ретінде бағалайды. Бұл бастама қаламыздың мәдени келбетін байытып, білімге ұмтылған жаңа ұрпақты қалыптастыруға зор үлес қосуда. Жобаны «Аманат» партиясы және Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің қолдауымен «Кітап оқыйтын ұлт» қоғамдық қоры жүзеге асыруда. Бас демеуші – Alageum Electric. Байқау нәтижелері 2026 жылдың сәуір айында жарияланады.
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді 10.10.2025
Қыркүйек айында Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында бастау алған «Кітап оқитын ұлт» жобасының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті.«Кітап оқитын ұлт» жобасы – елімізде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама. Негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білім, шабыт және зияткерлік өсудің негізгі көзі ретінде нығайту.Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады және Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына шығаруды көздейді.Бір ай көлемінде 3 аймақтан 189 221 адам қатысуға өтінім берді.Қарағанды облысы бойынша 67 438 қатысушы тіркелсе, Қостанай облысы бойынша 55 281 азамат өтінім берген. Ал Шымкент қаласынан 66 502 өтінім келіп түсті.Оның ішінде 6-10 сынып аралығындағы 87 157 оқушы, 14 049 педагог, 2388 жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметші, сонымен қатар 36 553 отбасы, 29 085 колледж және жоғарғы оқу орны студенті қатысуда.Байқау қатысушылары «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» негізгі алты санат бойынша сайысқа түспек.Жобаның екінші кезеңінде тіркелген әр қатысушы, бекітілген тізімдегі 15 кітапты оқуы кажет. Әр бағыт үшін сарапшылар мен тиісті саланың өкілдері дайындаған тізім қатысушылардың жасы мен қызығушылықтарына бейімделген, шығармаларды таңдауда патриотизм, жауапкершілік, білімге құштарлық, сыни ойлау сияқты құндылықтарды дамытуға баса назар аударылды.Бұл тізімдерге «Қазақстан әдебиетінің 100 танымал кітабы» жалпыұлттық дауыс беру арқылы іріктелген шығармалар, әлемдік әдебиеттің үздік туындылары және ұлттық мәдени мұрамызды насихаттайтын шығармалар, сондай-ақ әлемдік деңгейде мойындалған бестселлерлер енді.Әр бағыт бойынша ережелер мен оқуға ұсынылатын кітаптар тізімі www.reading-nation.kz сайтында жарияланған.Шымкент қаласы бойынша «Кітап оқитын ұлт» жобалық кеңсе жетекшісі Ақан Бесбаев:- «Қаламызда қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы тұрғындардың рухани өміріне тың серпін беруде. Жоба аясында кітапханаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған кездесулерде қала тұрғындарының айрықша қызығушылығы айқын байқалды. Әсіресе жастар қауымының белсенділігі ерекше атап өтуге тұрарлық – олар кітапты тек білім алудың құралы ретінде ғана емес, ой еркіндігі мен жан-жақты дамудың кілті ретінде бағалауда. Бұл бастама қаламыздың мәдени келбетін байытып, білімге құштар жаңа буын қалыптастыруға зор үлес қосуда».Жобаны «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры «Аманат» партиясының және Қарағанды, Қостанай облыс және Шымкент қаласы әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асыруда. Бас демеуші — Alageum Electric компаниясы.Байқаудың қорытындысын 2026 жылдың сәуір айында жариялау жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда Ядролық отын циклі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өңірлік құзыретті кеңес құруды ұсынамыз» 10.10.2025
Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді.– Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты газ одағының арқасында өңірде жаңа энергетикалық жүйе қалыптасып келеді. Бұл халық пен өнеркәсіпті көгілдір отынмен сенімді түрде қамтамасыз етеді. Каспий құбыры консорциумының маңызына арнайы тоқталсам деймін. Былтыр осы желі арқылы шамамен 63 миллион тоннаға жуық отандық мұнай тасымалданды. Аталған проблеманы терең түсініп, нақты шаралар қабылдаған құрметті Владимир Владимирович, Сізге алғыс айтамын. Сонымен қатар шығыс тармағының да өзектілігі артып келе жатқанын байқаймыз. Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Біз арқылы жылына 10 миллион тоннаға дейін мұнай жеткізіледі. Дегенмен өткен жылы тасымалданған мұнай көлемі бұл көрсеткіштен асып түсті. Транзит қарқынының өсуіне қарасақ, оның көлемін арттыруға мүмкіндік бар. Бірнеше күн бұрын Санкт-Петербор қаласында Қазақстан мен Ресей арасында газ саласындағы ынтымақтастық жөнінде маңызды құжатқа қол қойылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.✔️Президент соңғы жылдары Ресеймен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық серпін алғанын айтты. Осы орайда «Росатом» компаниясының қатысуымен Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді.– Атом өнеркәсібіндегі ықпалдастық бірқатар жанама саланың дамуына берік негіз бола алады. Мұның біз үшін маңызы зор. Қазақстанда Ядролық отын циклі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өңірлік құзыретті кеңес құруды ұсынамыз. Заманауи ғылыми-зерттеу базасы мен білікті кадр даярлау жүйесін нығайту – өзекті мәселе. Бұл бағытта алғашқы маңызды қадам жасалды. Алматыда МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің филиалы ашылды. Аталған жұмысқа екі елдің ғылыми-зерттеу институттарын тартып, оны одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Жақында Ғылым жөніндегі кеңестің отырысын өткіздім. Ықпалдастық орнату үшін әлеуеттің бар екені анықталды әрі оны пайдалануға болады, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты 10.10.2025
✔️Президент аймақ пен Ресей арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастықтың бірқатар өзекті бағытына қатысты ойымен бөлісті. Бірінші басымдық ретінде сауда және индустриалды қарым-қатынасты дамытуға тоқталды.– Алғашқы саммитте экономикалық ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге келіскен едік. Бүгін қабылданатын Бірлескен іс-қимыл жоспары 50-ден аса шараны қамтиды. Бұл – өте құнды құжат. Сол себепті оны уақтылы іске асыруға барынша күш жұмылдыру қажет. Орталық Азия елдерінің Ресеймен сауда көлемі барлық тауар айналымының үштен бірін құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 20 пайыз өсіп, 50 миллиард доллардан асты. Аталған көлемнің жартысынан көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы саудаға тиесілі. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларға жетті. Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың қатарына енді. Инвестиция көлемі 26 миллиард доллардан асты. Былтырдың өзінде Ресейден тікелей келетін инвестиция ағыны 33 пайыз ұлғайып, 4 миллиардтан аса долларға көбейген. Оған өнеркәсіп кооперациясын жедел дамыту мүмкіндік берді. Жалпы құны 21 миллиард долларды құрайтын 114 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта 33 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның инвестиция көлемі 4,5 миллиардтан астам долларды құрайды, – деді Мемлекет басшысы.✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тараптар сауда кедергілерін жоюды, өзара сауданы жандандыруды және тауар айналымы номенклатурасын кеңейтуді қолдайды.– Шекаралық сауда аймағын құру, тұрақты түрде шекаралық аймақтық форумдар, бизнес-форумдар, көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу, электрондық сауда алаңын дамыту бұл міндеттерді шешуге ықпал етеді. Қазіргі уақытта Орталық Азияда бірлескен сауда-өнеркәсіп аймақтары мен индустриалдық хабтар қалыптаса бастады. Бұл алаңдарда өндіріс локализациясына, қосылған құнның барлық тізбегі бойынша кооперацияға және тұрақты тасымалды қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Ресейлік бизнестің аталған жобаларға қатысуы Ресей тауарларының біздің, соның ішінде Қазақстан нарығында ұзақ уақыт бойы айналымда болуына ықпал етеді, – деді Президент.