Жаңалықтар
Қазақстан мен Ватикан арасындағы медицина саласындағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілуде 13.10.2025
2025 жылғы 16 қыркүйекте Астанада «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қорының алаңында Ватикандық «Bambino Gesù» педиатриялық госпиталінің басшысы Тициано Онести бастаған делегацияның кездесуі өтті.Ватикандық «Bambino Gesù» педиатриялық госпиталі Еуропадағы ең ірі балалар стационары және ғылыми‑зерттеу орталығы болып табылады. Аурухананың қызметі педиатрияның барлық бағыттарын қамтиды. «Bambino Gesù» сирек кездесетін ауруларға арналған халықаралық дерекқорды жинақтаған итальяндық «Orphanet» орталығы болып саналады.«Bambino Gesù» делегациясы UMC басшылығының шақыруымен ғана емес, сондай-ақ 17‑18 қыркүйекте Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысу мақсатымен Қазақстанға келген.UMC мен «Bambino Gesù» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум 2022 жылы қол қойылған келісім шеңберінде жүзеге асырылады.Делегация балалар бөлімдерін, трансплантологияны, онкологияны, неврологияны, хирургияны, анестезиология мен реанимацияны, сондай‑ақ «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми‑медициналық орталығы мен жаңа сирек аурулар Орталығын аралап көрді.«University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Юрий Пямен кездесуде екіжақты тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен жобалар мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мәселелері бойынша жан‑жақты және нақты пікір алмасу болды.Кездесу нәтижесінде балалар неврологиясы мен эпилепсия саласындағы ынтымақтастықты, сондай‑ақ UMC базасында Қазақстанда эпилепсия бойынша Референстік орталық құруды қарастыратын 2022 жылғы Меморандумға қосымша келісімге қол қойылды.«Bambino Gesù» делегациясының сапары Қазақстан мен Ватикан арасындағы медициналық саладағы ынтымақтастықтың жаңа парағын ашып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1069670?lang=kk
2025 жылғы 29 тамыздағы Әділет министрінің бұйрығымен заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысу қағидаларына өзгерістер енгізілді. 13.10.2025
Соған сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде көрсету заң консультантымен тікелей жеке тұлға жүгінген сәтте немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде көрсетпестен бұрын заң консультанты құқықтық кеңеске жүгінген тұлғаға құқықтық мәселелер бойынша автоматтандырылған көмекшіні пайдалануды ұсынады.Жеке тұлғаға тікелей жүгінгеннен кейін бірден заң көмегін көрсету мүмкін болмаған жағдайда, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Заң консультанты жеке тұлғаны қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді түрде хабардар етеді.Құқықтық кеңес беру ауыр науқасқа, жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтағы мүгедектікке немесе өзге де мән-жайларға байланысты заң консультанты белгілеген қабылдау орнына келе алмайтын жағдайда, жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша өткізіледі.Бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет ала алады.Құқықтық кеңес беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдау өтініш берушінің (жеке тұлғаның) құқығы болып табылады.Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру, қорғау және өкілдік ету түрінде көрсету мынадай жағдайларда көрсетілмейді:• өтініш беруші (жеке тұлға) Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпайды;• өтініш берушінің өтініші құқықтық сипатқа ие емес.‼️Бұйрық 2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1069671?lang=kk
Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағы нарығына шығу үшін ICA-мен әріптестікті дамытуда 13.10.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр Ерлан Сағнаевтың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Халықаралық кооператив альянсының басшысы Баласубраманиан Айермен мемлекеттік органдар, ұлттық институттар мен салалық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесуі өткізілді.Кездесуді ашқан Ерлан Сағнаев кооперативтің экономикада ерекше рөл атқаратынын атап өтті: азаматтарды кәсіпкерлік қызметке тартып, жұмыс орнын құрады, шағын және орта бизнесті қолдап, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді.Айтылған негізгі мәселенің бірі өнімді сертификаттау жүйесін дамыту. Қазақстанда халықаралық талапқа сай аккредиттелген зертханалар жұмыс істейді. Олардың қызметін Азия-Тынық мұхиты елдерінің стандартына сәйкес келтіру жөніндегі бірлескен жұмыс отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.Кооперативтік жобалар негізінде Қазақстанда халықаралық компаниялардың өндірісін жергіліктендіру перспективасы жеке талқыланды. Бұл тәсіл озық технологияға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, жаһандық қосылған құн тізбегіне интеграциялаудың жаңа мүмкіндігін жасайды.Вице-министр сондай-ақ Қазақстан үшін кооперацияны дамытудың негізгі факторы көлік байланысы екенін атап өтті. "Достық - Мойынты" учаскесінде 800 шақырымнан астам темір жол құрылысының аяқталуы тауарлардың шетелдік нарыққа неғұрлым тиімді түрде шығуын қамтамасыз ете отырып, елдің логистикалық әлеуетін едәуір арттырды.Ынтымақтастықтың перспективалық бағытының ішінде қатысушылар қаржыландырудың икемді шарттарымен, яғни төмен пайызбен немесе өнім түрінде қайтарумен кредиттік одақтарды дамытуды атап өтті. Қазақстан осы тәжірибені енгізу мүмкіндігін зерделеуге ниетті.Өз кезегінде Баласубраманиан Айер БҰҰ Бас Ассамблеясы 2025 жылды "Кооперативтер жақсы әлем құрады" ұранымен Халықаралық кооперативтер жылы деп жариялағанын еске салды. Ол кооперативтердің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дамуға айтарлықтай әсер ететінін атап өтті. Бүгінде оған миллиардтан астам адам немесе планета халқының шамамен 12% - ы мүше. Баласубраманиан Айер Халықаралық кооператив альянсының Орталық Азияда белсенді жұмыс істеуге, жаңа өткізу нарықтарын іздеуге және өнімді ілгерілетуге жәрдемдесуге дайындығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанға ICA қатарына қосылуды ұсынды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құру, сараптамалық кездесулер өткізу және өңірлік форумдарға, көрмелерге және электрондық сауда алаңдарына қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.Анықтама: Халықаралық кооператив альянсы (ICA) — әлемнің 110 елінен 310-нан астам мүше ұйымды біріктіретін жаһандық федерация. 1895 жылы негізі қаланған ICA үкіметтік емес сектордың ең көне және ең ірі бірлестігінің бірі және тұрақты дамудың кооперативтік моделін белсенді түрде насихаттайтын БҰҰ серіктесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1069684?lang=kk
Түрме өндірісі жаңаша: сотталғандар жаңа өндіріс түрлерін меңгеруде 13.10.2025
Түрме өндірісі жаңаша: сотталғандар жаңа өндіріс түрлерін меңгеруде Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірістік қызметтің жаңа көкжиектері ашылуда. ҚАЖ комитеті сотталғандардың еңбек түрлерін кеңейту туралы хабарлады. Бұл адамдарды тек жұмыспен қамту емес — түрме өндірісі нарықта барған сайын сапалы бола бастады. Мұнда басқалар жасай алмайтын дүниелерді істей алады. Сотталғандардың басым бөлігі — еңбекке қабілетті ер адамдар. Олар тек жұмыс жасағысы келіп қана қоймай, сонымен бірге табыс табуға, талап-арыздарды өтеуге және отбасыларына көмектесуге нақты мүмкіндікке ие. «Колонияларда 300-ден астам кәсіпкерлік нысан тіркелген, онда сотталғандар еңбек етеді. Жалақы мөлшері — 85 мың теңгеден басталады. Ал қоныс-колонияларда, әсіресе мекемеден тыс жерде жұмыс істеген жағдайда, одан да көп табыс табуға болады», — деп хабарлады Комитет. Сонымен қатар, сотталғандарға "қолма-қол" ақша берілмейді — қаражат олардың жеке шотына түседі. Бұл ақшаны туыстарына жіберуге, сот шешімдері бойынша өтемақы төлеуге немесе түрме ішіндегі шығындарды өтеуге пайдалануға болады.Жаңа өндірістік толқын: бәтеңкеден бастап киіз үйге дейінБұрын колониялардағы еңбек металл мен ағашпен шектелсе, бүгінде өндірістің географиясы мен ауқымы айтарлықтай кеңейіп келеді. Жарқын мысалдардың бірі – Жамбыл облысындағы жаңа аяқ киім цехы, онда сотталғандар ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған аяқ киім шығарады. «Кәсіпкерлер 27 арнайы тігін машинасын сатып алды. Табандар (табандықтар) тікелей сол жерде дайындалады. Сапасы – өте жақсы. Мұндай бәтеңкеге сұраныс бар», – деп мәлімдеді ҚАЖ комитеті. Цехта 40-тан астам адам жұмыс істейді. Бұл тек жұмыс емес, сонымен қатар бостандықта да қажет болатын мамандықты меңгеру мүмкіндігі. Айта кетейік, мұндай жобалар сотталғандарды жұмыспен қамтуды мақсат ететін «Еңбек» РМК қолдауымен жүзеге асырылады. Бизнеске тиімді – сотталғандар тәртіпті және ынталы Түрме өндірісімен ынтымақтастық бизнес үшін барған сайын тартымды бола түсуде. ҚАЖ комитеті атап өткендей: колонияларда жұмыс істей біледі — тәртіп бұзушылықтар жоқтың қасы, кадрлар тұрақты, ал өндірілген өнімге тіпті өңірден тыс жерлерде де сұраныс бар. Қазақстан бойынша сотталғандар бетон плиталарын, жиһаз, қақпа, сабын, макарон өнімдері, күнбағыс майы, шырындар, арнайы жұмыс киімі, абаттандыруға арналған орындықтар, тіпті… шынайы киіз үйлер де жасап шығарады. Жылыжайлар, модульдер, оқыту: өндірістік алаңдар жаңартылып жатыр Сәтті мысалдардың бірі – Екібастұздағы жылыжай шаруашылығы. Мұнда 100-ден астам сотталған жұмыс істейді. Олар жыл бойы көкөніс өсіреді. Ескі өндірістік орындар мәселесін шешу үшін бірқатар мекемеде санитарлық және технологиялық талаптарға сай заманауи модульдік ангарлар салына бастады. «Кейбіреулердің тәжірибесі болмауы мүмкін, бірақ ең бастысы – ынта. Қажет болған жағдайда біз үйретеміз және адам еш қиындықсыз жұмысқа кірісіп кетеді», – дейді ҚАЖ комитетіндегілер. Болашаққа арналған дағдылар: түрме өндірісі – жаңадан бастауға мүмкіндік Бұл өзгерістердің басты мақсаты – адамдарды жай ғана жұмыспен қамту емес, бостандыққа шыққан соң қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беру. ҚАЖ комитетінде сенімді түрде айтады: металлмен, ағашпен немесе матамен жұмыс істеуді үйренген адам бостандықта жұмыссыз қалмайды. Әсіресе, жиһаз және металл өңдеу өндірісі барлық өңірлерде жоғары сұранысқа ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1069688?lang=kk
Астанада «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларды марапаттады 13.10.2025
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында елордалық оқу орындарының «Жас сарбаз» сынып жетекшілерімен жиналыс өтті.Есептік іс-шараға Астана қаласы жастар саясаты басқармасының, қорғаныс істері жөніндегі, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері, елордалық «Жас сарбаз» клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.– Бүгін біз жыл басынан бері атқарған жұмысымыз жайлы айтатын боламыз, одан өзге алдағы жылға арналған жұмыстың маңызды бағыттарын да талқылаймыз, – деді «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев.Қазіргі уақытта «Жас сарбаз» қозғалысының елордалық филиалында 110 мектеп пен 35 колледжде «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтары құрылды. Елордада тәрбиеленушілердің жалпы саны 10 000-нан асты. Есептік кезеңде интернационалист-жауынгерлермен кездесулер өткізіліп, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері құттықталды. Елордалық кәсіпорындармен бірлесіп қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.Жас сарбаздықтар қазақтың тұңғыш ғарышкері Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің қатысуымен «Ерлік сабағын» ұйымдастырды, елорданы көгалдандыру мақсатында жалпы қалалық он сенбілікке қатысты. «Жас сарбаз» қозғалысының елордалық филиалы Астана оқушылары арасында әскери-патриоттық ән байқауын өткізіп, музейлер мен мемориалдық кешендерге саяхат жасады.Жас сарбаздықтар спорттық сайыстарға белсенді қатысып, 68665 әскери бөлімінде күзгі үш күндік әскери-патриоттық далалық жиында да бақтарын сынады.Жиын қорытындысы бойынша үздік өрендер мен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының белсенді қатысушыларына еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірбаяны жазылған алғыс хаттар мен кітаптар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1069701?lang=kk
ШҚО-да жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері түсіндірілді 13.10.2025
Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жаңа Салық кодексінің негізгі аспектілеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш жаңа Кодексте салық салу жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілетінін, соның ішінде салық төлеудің жаңа ережелері мен берешекті өндіріп алу шаралары қарастырылғанын атап өтті. Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира жеке табыс салығына прогрессивті шкала енгізілетінін хабарлады: жылдық 8 500 АЕК-ке дейінгі табысқа (жылына 33,4 млн тг) – 10 %, одан жоғары – 15 %. Ол бұл шара салық әділеттілігін арттырып, төмен табысты азаматтарға салмақты азайтады деп атап өтті. Сондай-ақ стандартты шегерім 14-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайды, ал І–ІІ топтағы мүгедектер үшін 5 000 АЕК мөлшерінде белгіленді.Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Жакиянов Азамат салық берешегін өндіру шараларын түсіндірді. Оның айтуынша, 45 АЕК-тен асқан жағдайда мүлікті тәркілеуі мүмкін, ал 27 000 АЕК-тен асқан жағдайда – елден шығуға шектеу қойылады. Сонымен қатар, уақытша қиындықтарға тап болған бизнес үшін кепілсіз кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.Сондай-ақ Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесі іске қосылатыны айтылды. Ол жеті ақпараттық жүйені біріктіріп, салық төлеушілердің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1069702?lang=kk
Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды 13.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен сол жағалаудан бой көтерген, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған 280 пәтерлік 7 тұрғын үйді иелеріне табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңа қоныс иелеріне құттықтауын жеткізді.«Биыл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, бұл мереке кең көлемде аталып өтуде.Мемлекет басшысының қолдауымен мерейлі жыл аясында аймағымызда сәулеті келіскен, әсем де заманауи ғимараттар бой көтеріп, саябақтар мен аллеялар қайта жаңғыртылып, жолдарымыз кеңейіп келеді. Бүгін жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсіміне жиналдық. Аймағымызда халқымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.Аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер табысталды.Аймағымыздың ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосатын, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшыларымыздың үлесі орасан зор. Баспаналы болу әрбір отбасыны жақсылыққа жетелейді. Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Салтанатты рәсімде пәтер иелеріне қуаныш сыйлап, тұрғын үйлердің құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-нің құрылысшыларына облыс әкімінің алғыс хаты табысталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.Биыл тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан 3 800 дайын пәтерді сатып алуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бастап қаламызда заманауи жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1069733?lang=kk
Қала басшысы Гайдар Қасеновтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті 13.10.2025
Қала басшысы Гайдар Қасеновтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті.Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:• 2025–2026 жылдардың жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік нысандарды дайындау туралы;• қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу туралы.Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1069775?lang=kk
«Тәрбиелеу - білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» 13.10.2025
2025 жылдың 8-17 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының және ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтерге арналған білім жетілдіру курсы өткізілді.Курсқа облысымыздың мектепке дейінгі ұйымдарының 120 тәрбиешісі қатысып, білімдерін жетілдірді.Қатысушылармен жүргізілген курстың теориялық бөлімінде Балаларды ерте дамыту институтының мамандары дәрістер берді. Практикалық бөлімі ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан», №3 «Балбөбек», №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайлары» КМҚК базаларында тәжірибелік алаңдар түрінде өткізілді.Тәжірибелік алаңдар барысында тәрбиешілер ойын арқылы оқытудың тиімді жолдарын, инновациялық әдістерді, балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін көріп, аталған балабақша педагогтерінің озат тәжірибелерімен танысып, тәжірибе алмасты. Кеңістікті бағдарлай отыра, дамытушы ойын орталықтарын құру бойынша әдістемелік кеңестер алып, практика жүзінде жабдықтау түрлерімен танысты. Шара соңында педагогтермен кері байланыс орнатылып, пікір алмасылды. Қатысушылар өз кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алғандарына, курстың жоғары деңгейде өткеніне ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1069782?lang=kk
Мемлекеттік сатыпалымды толықтай цифрландыру 13.10.2025
Қазір мемлекеттік сатыпалымның барлық процесі (жоспарлаудан бастап төлемге дейін) www.goszakup.gov.kz веб-портал арқылы электронды форматта жүзеге асырылып келеді. Бұл барлық бизнес-процесті толық автоматтандыруға жол ашты.Электронды формат барлық рәсімді қамтиды: сатыпалымды жүргізу, келісімшарттар жасау және тіркеу, электронды банк кепілдіктерін пайдалану, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету актілерін рәсімдеу, электронды шот-фактуралар және төлем шоттары.Веб-порталдың мемлекеттік органдардың ақпарат жүйелерімен ауқымды интеграциясы әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін, салық және сот берешегінің бар-жоқтығын, сондай-ақ жосықсыз өнім берушілер тізімінен автоматты түрде тексеруге мүмкіндік берді. Бұл ашықтықты айтарлықтай арттырып, адами фактордың алдын алуға септесті.Global Data Barometer халықаралық зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанның сатыпалым жүйесі қолжетімділік пен ашықтық көрсеткіші жағынан әлемде 3-ші орында тұр.2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енді. Осы реформаға сәйкес сатыпалымның барлық түрін біріктіретін Бірыңғай сатып алу платформасын құру көзделді: мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, ұлттық әл-ауқат қорларының, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру мәселелеріне байланысты және басқа да сатыпалымдар.Бірыңғай сатып алу платформасы «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында жасалып, қолданыстағы goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz және mitwork.kz жүйелерімен интеграцияланды. Сонымен қатар платформа сот кабинеті, «Қазынашылық-клиент», борышкерлер тізімі, жылжымайтын мүлік тізімі, «Е-лицензиялау» жүйесі және т.б. қоса алғанда, 20-дан астам мемлекеттік ақпарат жүйесімен де біріктірілгенін айта кетейік.Бірыңғай платформаның іске қосылуы реттелетін сатыпалымның барлық түріне ашық, жайлы және бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз етті. Тың тетік өндірушілер арасындағы бәсекелестік деңгейін арттырып, заңсыз практикалардың сын-қатерін азайту мен бюджет қаражатын неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1069798?lang=kk
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізу туралы хабарландыру 13.10.2025
19 қыркүйек күні сағат 10.00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1069801?lang=kk
Афинада Қазақстан мен Грекияның парламентаралық диалогты нығайту мәселесі талқыланды 13.10.2025
Афина қаласы, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Парламентінің депутаты, «Қазақстан–Грекия» парламенттік достық тобының тең төрағасы Эвангелос Сиригоспен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында тараптар қазақстан-грек ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде ү.ж. маусымда өткен грек парламенттік делегациясының Астанаға сапарының қорытындылары тұрғысынан сөз етті. Тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыруға, әсіресе ЕҚЫҰ ПА және ЕКПА сияқты халықаралық парламенттік алаңдарда, ерекше назар аударды.Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екіжақты саяси диалогты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Көлік, логистика, энергетика және цифрландыру салаларындағы бірлескен жобаларды одан әрі іске асыруға өзара мүдделілік атап өтілді.Қазақстандағы ішкі саяси процестерді талқылау тұрғысында Елші Сұлтанғожин әңгімелесушіні ү.ж. қыркүйекте айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, цифрландыруды одан әрі жалғастыру, әлеуметтік-экономикалық қайта құру, сондай-ақ бір палаталы Парламентке көшуді қоса алғанда, саяси реформаларды жалғастыру мәселелері қозғалды.Өз кезегінде депутат Сиригос Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және демократия институттарын нығайту бойынша қолға алған қадамдарын жоғары бағалады. Ол жүргізіліп жатқан өзгерістерге қолдау білдіріп, оларды іске асыруда табыс тіледі.Кездесу қорытындысы бойынша диалогты жалғастыру және қазақстандық парламент мүшелерінің Афинаға қайтар сапарын дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1069816?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің Бас директорына сенім грамоталарын табыстады 13.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) Бас директоры Франческо Ла Камераға өзінің сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде климаттың өзгеруімен бірлескен күресті және жаңартылатын энергетиканы адамзаттың орнықты болашағының аса маңызды факторы ретінде дамыту мәселелерін талқылады.Қазақ дипломаты IRENA жаңартылатын энергия көздерін ілгерілетуде мемлекеттерді біріктіретін беделді халықаралық алаң ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның Агенттік жұмысына белсенді қатысуға, сондай-ақ екіжақты және көпжақты әріптестік байланыстарды кеңейтуге дайындығын растады.Өз кезегінде Ф. Ла Камера ү.ж. 2–4 қазанда Астанада өтетін «KazEnergy Week – 2025» халықаралық форумының жұмысына қатысатынын растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екендерін білдірді.IRENA 2009 ж. 26 қаңтарда Бонн қаласында құрылған. Құрылтайшылар конференциясы барысында Агенттік Жарғысына әлемнің 75 мемлекетінің ресми өкілдері қол қойды. Бүгінде IRENA құрамына 169 мемлекет пен Еуропалық одақ мүше болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1069838?lang=kk
Поликлиникаға тіркелуді eGov.kz пен eGov Mobile арқылы онлайн рәсімдеуге боладыБаспаға шығару нұсқасы 13.10.2025
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтеді. Осы кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл рәсімді толықтай онлайн режимде – eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болады.Қызмет поликлиникаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.Науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімін ашу қажет;«Поликлиникаға тіркелу» қызметін таңдап, қажетті өрістерді толтыру қажет;өтінімге қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қою қажет;«Көрсетілген қызметтер тарихы» бөлімінде белгіленген уақыт ішінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуға болады.Қызметті eGov Mobile қосымшасында пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «eGov мемлекеттік қызметтері» – «Денсаулық сақтау» бөліміне өту қажет;«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, қажетті деректерді енгізу қажет;қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;өтінімнің өңделу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен қадағалауға болады.Қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін статистика да дәлелдейді. 2024 жылы тіркелу қызметін 3,6 млн-нан астам рет пайдаланды: олардың 2 905 013-і eGov.kz порталында, 722 198-і eGov Mobile қосымшасында рәсімделді. 2025 жылы (шілде айына дейін) портал арқылы 1 135 628, ал мобильді қосымша арқылы 1 046 354 өтінім қабылданды.Әдеттегідей ең жоғары белсенділік науқан кезеңінде байқалады. Мәселен, 2024 жылы қыркүйекте – 495 мың, қазанда – 502 мың, қарашада – 159 мың өтінім тіркелген.Еске саламыз, қызмет арқылы кәмелетке толмаған балаларды және 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды олардың қамқоршылары онлайн түрде поликлиникаға тіркей алады.Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1069447?lang=kk
Техникалық байқау операторы қызметін жүзеге асыруға рұқсатты енді elicense.kz алуға боладыБаспаға шығару нұсқасы 13.10.2025
Техникалық байқау жүргізуге рұқсат алу әлдеқайда жеңілдеді: операторларға рұқсат беру құжатын рәсімдеу қызметі енді толықтай автоматтандырылған және elicense.kz порталында қолжетімді. Онлайн өтінім беру жеткілікті.Техникалық байқау – Қазақстан аумағында тіркелген және жол қозғалысына қатысатын барлық көлік құралдары үшін міндетті талап. Бұл ереже шетелдік автокөліктер мен тіркемелерге де қолданылады, себебі ол жалпы пайдаланымдағы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.Бұрын техникалық байқау операторлары қызметті бастау үшін немесе тоқтату үшін тек хабарлама берсе жеткілікті еді. Алайда жақында заңнамада өзгерістер енгізіліп, енді ресми рұқсат құжатын алу талап етіледі. Мұндай құжатты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көлік бақылау комитетінің аумақтық органдары береді.Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:elicense.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіп, «Көлік» – «Рұқсаттар» бөліміне өту қажет;«Техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беру» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру керек;қажетті қызмет түрлерін белгілеу қажет;деректерді толтыру керек;өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау қажет.Рұқсат алу үшін оператор білім туралы құжатты немесе техникалық байқау маманының сертификатын, жеке куәлігін, жабдық туралы мәліметтерді және ғимараттың ішкі-сыртқы көрінісінен 10 фотосуретті қоса тіркеуі тиіс. Сонымен қатар, таңдалған қызмет түріне байланысты қосымша құжаттар талап етіледі: егер жылжымалы техникалық байқау желісі ашылса – көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; егер стационарлық техникалық байқау желісі ашылса – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер және жылжымайтын мүлікке қатысты құқық белгілейтін құжаттар.Дайын рұқсат құжаты 8 жұмыс күні ішінде қалыптастырылып, жеке кабинетте рұқсат құжаты түрінде қолжетімді болады.Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1069450?lang=kk
Әзірбайжан Республикасында шекаралық сақтандыру шарттарын онлайн рәсімдеу тәртібінің енгізілуі туралы 13.10.2025
Әзірбайжан Республикасында шекаралық сақтандыру шарттарын онлайн рәсімдеу тәртібінің енгізілуі туралы 2025 жылғы 3 шілдеде Әзірбайжан Республикасында (ӘР) басқа елдерде тіркелген, «Жасыл карта» жүйесі қолданылмайтын көлік құралдарының иелері үшін шекаралық сақтандыру шарттарын рәсімдеуді жеңілдету мақсатында tpl.az онлайн-платформасы іске қосылды.Аталған платформа көлік иелеріне сақтандыру шартын елге кірмей тұрып, онлайн режимде жасауға мүмкіндік береді. Бұл уақытты үнемдеуге, кезекте тұрмауға және төлемді электрондық түрде жүзеге асыруға жағдай жасайды.Қазіргі уақытта шекаралық сақтандыру шарттары мемлекеттік шекараның бақылау-өткізу пункттерінде (БӨП) сақтандыру компанияларының қызметкерлері арқылы рәсімделуде.Алайда, 2025 жылғы 1 қазаннан бастапБӨП-те сақтандыру шартын рәсімдеу тоқтатылады.Енді шарттар тек алдын ала — tpl.az онлайн-платформасы немесе Әзірбайжан Республикасының аумағында қызмет ететін сақтандыру компаниялары арқылы ғана жасалатын болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасынан Әзірбайжанға немесе транзит арқылы жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік және логистика компаниялары жаңа талаптарды алдын ала ескеріп, жүргізушілер мен экспедиторларды ақпараттандыруы қажет.Бұл күтпеген жағдайлардың алдын алып, тасымалдау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1070772?lang=kk
Шұғыл жиналыста балалардың жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды 13.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалардың жол қауіпсіздігі бойынша шұғыл жиналыс өткізді. Оған құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалармен департамент басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.Аймақ басшысы жеке балабақшаның тасымал көлігінің жол-көлік оқиғасына ұшырауы жауапты сала басшыларының жұмысты дұрыс үйлестірмеуінен болғанын қатаң сынға алып, тиісті шара қабылдауды тапсырды.«Бұған дейін жеке және мемлекеттік балабақшалардағы, мектептердегі тасымал мәселесі, балалардың жол қауіпсіздігі бойынша қала және аудан әкімдеріне, полиция департаментіне, білім басқармасына бірнеше рет тапсырмалар берген болатынмын.Дегенмен, жұмыс әлі күнге дейін өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылмады.Жеке балабақшалардың тасымал көліктерінде орын алып жатқан заңбұзушылықтар полиция органдары тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді.Қызылорда қаласы мен барлық ауданда ашылған Жедел басқару орталықтарының, әсіресе патрульдік полицияның жұмысын күшейту қажет. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жағдайды қатаң бақылауда ұстаңыздар!Өңіріміздегі барлық білім беру ұйымындағы тасымал мәселесін шұғыл түрде жан-жақты тексеріп, талаптарға сай келмейтіндерді анықтап, тиісті шаралар қабылдаңыздар.Жол қауіпсіздігін, оның ішінде білім беру ұйымдары аумағындағы қауіпсіздікті қатаң бақылауға алып, тұрақты түрде рейд ұйымдастырыңыздар», – деді Н. Нәлібаев.Жиналыста облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов баяндама жасады.ІІМ бекіткен бұйрыққа сәйкес, балалар тасымалымен айналасатын көліктер екі есікті, ұстау құрылғысы және «Балалар тасымалы» деген жазуы бар, сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталған болуы тиіс.Осы бұйрықтың орындалуын тексеру барысында 29 заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 474-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделіп, 75 көлік айып алаңына қойылса, 58 көліктің мемлекеттік белгісі тәркіленді.Жыл басынан тасымалдау ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты 800-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Рейд жыл аяғына дейін жалғады.Сондай-ақ, жиналыста білім, мәдениет, спорт басқармаларына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін тек білім беру ұйымдарында ғана емес, спорттық, мәдени-көпшілік шараларға қатысқан кезде де қатаң бақылауға алу міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1069466?lang=kk
📢 «Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы 13.10.2025
Бүгін «Адал азамат» тақырыбында Zoom-платформасында республикалық деңгейде маңызды брифинг өтті. Кездесуде отбасы, мектеп және қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жаңа тәрбие моделінің негізгі бағыттары талқыланды.Спикерлер:▫️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы;▫️ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы.Жаңа бағдарлама – жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік сынды қасиеттерді қалыптастыруға, ата-ана, мектеп пен қоғамның бірлесе жұмыс істеуіне бағытталған маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1069482?lang=kk
Салық саласындағы цифрлық қызметтерді түсіндіру 13.10.2025
2025 жылғы 16 қыркүйек Ұлан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерге арналған семинар өткізді e-salyq azamat, e-Salyq Business қосымшалары бойынша декларацияны тапсыру тәртібі мен мерзімдері мен тәсілдері.Іс-шараның мақсаты-салық саласындағы цифрлық қызметтерді түсіндіру, кәсіпкерлерді қолдау және көлеңкелі экономиканы қысқарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1069531?lang=kk
Қазақстанда әмбебап банктерде «исламдық терезелерді» ашу жоспарлануда 13.10.2025
Банктер туралы жаңа заң исламдық қаржыландыруды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Парламент Мәжілісінде таныстыру барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын іске асыру мақсатында әзірленді.Бүгінгі күні Қазақстанда исламдық банк қызметін жүзеге асыруға жеке ислам банкін құру арқылы ғана жол беріледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда екі ислам банкі жұмыс істейді – шетелдік «Абу-Даби коммерциялық банкі» және қазақстандық Заман Банкі. Олардың банк жүйесінің активтері мен кредиттік портфеліндегі жиынтық үлесі 0,5%-дан аз.«Заң жобасында әмбебап банктерге қолда бар лицензиясы шеңберінде исламдық банк операцияларын «исламдық терезелер» арқылы жүзеге асыру құқығын беру көзделеді. Ол үшін Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Пәкістан, Бахрейн, Кувейт, Катар және Индонезияда кеңінен қолданылатын «исламдық терезелер» моделін пайдалану ұсынылады», – деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова. «Исламдық терезелер» моделі банктерге жеке банкті құрмай, өз құрылымында арнайы бөлімшелер құру арқылы исламдық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.«Исламдық қаржының ерекшелігін ескере отырып, исламдық қызметті ұйымдастырушылық тұрғыдан оқшаулау, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлерді бөлу, сондай-ақ қаржы өнімдерін бекітетін және аудит жүргізетін шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестің болуы көзделген», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.Банктер туралы жаңа заң жобасында технологиялық өзгерістер, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін арттыру, бәсекелестікті күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ қаржылық-технологияларды ілгерілету және цифрлық активтердің айналымын ырықтандыру мәселелері ескеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1069543?lang=kk