Жаңалықтар
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды 06.07.2026
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі қайта өңдейтін «Qazaq Global Food JV» зауыты іске қосылды. Мұндай кәсіпорынның елімізде өзге баламасы жоқ. Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында салынған жобаға 9,5 млрд теңге инвестиция салынды. Агроөнеркәсіп кешенінде жылына 70 мың тонна өнім өңделеді. Бүгін өндірістің бірінші зауыты пайдалануға беріліп, екіншісінің іргетасы қаланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жобаны «Alpecon Group» ЖШС іске асыруда. Алғашқы кезеңінде өңделген 70 мың тонна өнімнен 13 мың тонна жеміс-жидек пен көкөніс шырынының концентраты, пюре мен паста әзірленеді. Мұның бәрі толығымен Түркия еліне экспортқа шығарылады. Ал екінші кезеңде алма қалдығынан пектин дайындалмақ. Бұл көрші елдерде әлі қолға алынбаған. Тек Германия, Қытай, АҚШ сияқты мемлекеттерде жақсы дамыған. Жоспар бойынша 1000 тонна пектин және 3000 тонна алма талшығы дайындалып, Корея мен Жапония елдеріне жіберіледі. Жобаның басты серіктесі Түркияның бұл саладағы жетекші компаниясы – «Göknur Gıda». Ал «Байтерек» ҰИХ еншілес ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі мен «Даму» қоры қаржылық қолдау көрсетті.Ауқымды жобаның салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жаңа зауыттың іске қосылуымен құттықтады.«Өңіріміз әлемдегі алма ағаштарының түпкі отаны екені баршаға белгілі. Ғасырлар бойы бұл аймақ жеміс-жидек өсірудің басты орталығы болып келді. Бүгін осы үрдіс жаңа сатыға көтеріліп, өндірістік экожүйе тағы бір игі жобамен толығып отыр. Кәсіпорынның іске қосылуы жергілікті шаруалар үшін тұрақты нарық алаңын қалыптастырып, шетелдік тұтынушыларға дайын өнім жеткізетін экспорт тізбегін құруға мүмкіндік береді. Бұл – елімізді шикізатқа тәуелділіктен арылтып, дайын өнім шығаруға бағытталған индустриялық саясаттың нақты жемісі. 30 гектар аумақты алып жатқан өндіріс кешенінің техникалық мүмкіндіктері өте жоғары. Маңыздысы сол, бұл жобаның халыққа әкелетін әлеуметтік пайдасы орасан зор. Жаңа зауыттың іске қосылуы арқылы өңірде 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Болашақта олардың саны бірнеше есе артады», – деген аймақ басшысы осынау игі іске үлес қосқан барша маманға, инженерлер мен құрылысшыларға, инвесторларға және серіктестерге алғыс айтты.«Alpecon Group» ЖШС-ның бас директоры Самат Балабеков кәсіпорынның ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту, экспорт әлеуетін арттыру бойынша берген стратегиялық тапсырмасына сәйкес келетінін атап өтті.«Басты мақсатымыз – 2028 жылға қарай шикізат өндірісін, цифрлық технологияларды, маман даярлауды, ғылыми зерттеулер мен экспортты біріктіретін алғашқы толық циклді агроөнеркәсіп кластерін қалыптастыру.Бүкіл экожүйені құрған кезде Жетісу өңірінен Түркістан облысына дейін қабылдау пункттері болады. Оған 10 000-ға дейін фермер мен 500 мыңға жуық ауыл шаруашылығы саласының қызметкері тартылады. Бірлескен жұмыстың арқасында еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынымызға сенімдімін», – деді Самат Жұмабайұлы.Шара барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, тұрғындар мен қонақтар зауыттың өндіріс цехтарын аралап көріп, технологиялық қуатымен танысты.Аймақ басшысы Марат Елеусізұлы компания басшылығымен және жоба серіктестерімен бірге екінші зауыттың іргетасына уақыт капсуласын салды. Болашақта жеміс сақтау қоймаларынан бастап, цифрлық басқару платформасы мен маман даярлау академиясы бар толық циклді агроөнеркәсіп кластері бой көтереді.Бұл жоба тек Алматы облысының ғана емес, еліміздің өңдеу өнеркәсібін ілгерілетуге, экспорт әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді. Ең бастысы, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етіп, ел игілігіне қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244415?lang=ru
Әуескүл Ергешова Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Әуескүл Тұрсынбайқызы Ергешова Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы - Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244362?lang=ru
Алматыда Румынияның Құрметті консулдығының ашылуы 06.07.2026
2026 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Румынияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Румыния арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуға, туризмді дамытуға, академиялық алмасулар мен бизнес-бастамаларды қолдауға ықпал ететінін атап көрсетті. Соңында, Ж. Әбдрашов екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1244367?lang=ru
«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті 06.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. Іс-шарада депутаттар сөз сөйлеп, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының өкілі Қаршыға Есімсейітова кітаптың көркемдік және тағылымдық мәніне тоқталды.Сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жыр шумақтарын оқып, кеш мазмұнын аша түсті.Кездесуде Нұртөре Жүсіп оқырманмен пікір алмасып, жаңа туындының жазылу тарихы, ерекшеліктері мен қамтылған тақырыптары туралы айтты. Қатысушыларға кітапты сыйға тартты.«Жүректегі жапырақта» қоғам, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар мен өмір туралы толғаныстар топтастырылған. Автордың өмірден түйген ойлары, замандастары туралы жазбалары мен рухани тақырыптағы эсселері қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1244348?lang=ru
Жеміс Досмагамбетова Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Жемис Сагатовна Досмагамбетова Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы - Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті операциялық бөлімінің басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244333?lang=ru
Жандос Сулейменов Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Жандос Оралбаевич Сулейменов Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244335?lang=ru
Қарағанды облысында Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің Battle of Bars жарысы аяқталды 06.07.2026
«Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығының полигонында Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің Battle of Bars жарысы өтті. Үздіктерді анықтау үшін сегіз команда бақ сынасты. Жарыс бағдарламасы нақты жауынгерлік міндеттер мен әртүрлі жедел жағдайларды модельдейтін 12 кезеңнен тұрды. Әскери қызметшілер штаттық қарудан біліктілік ату жаттығуларын орындап, тапсырма орындалатын ауданға десантталды. Қашықтығы 30 шақырымдық марш барысында олар байланыс ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерін пысықтап, таулы учаскелерден, су кедергілерінен және миналанған жерлерден өтті. Жекелеген сынақтар бөлімше құрамындағы іс-қимылдарға арналды. Қатысушылар «Түнгі тазарту», «Квест» және «Шабуылдағы топ» кезеңдерінде жоғары үйлесімділік пен тактикалық дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар марш-жүгіру кезінде «Қарсыластан озып кету» жаттығуын орындады.Турнирдің ерекшелігі – мерзімді әскери қызметшілер командасының қатысуы болды. Әрбір кезең сарбаздардан жоғары деңгейдегі шоғырлануды, төзімділікті және бар күш-жігерін жұмсауды талап етті. Жас жауынгерлер тәжірибелі әскери қызметшілермен тең дәрежеде барлық сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен мықты ынтасын дәлелдеді.– Бұл жарыс өз мүмкіндіктерімізді сынауға, мықты тәжірибе жинауға және нағыз команданың бір бөлігі екенімізді сезінуге мүмкіндік берді. Кезеңдер оңай болған жоқ, алайда дәл осындай сынақтар адамды шыңдап, өзіне деген сенімділігін арттырады, – деді қатардағы жауынгер Бірлік Берікұлы. Төрешілер барлық команда жоғары кәсіби даярлықты, дене төзімділігін және үйлесімді іс-қимылды көрсеткенін атап өтті. Мұндай жарыстар жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін арттырып, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244340?lang=ru
Қазақстанның институционалдық реформалары Эстония Парламенті депутаттарының қызығушылығын тудырды 06.07.2026
Таллин, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов « Эстония–Қазақстан » парламентаралық достық тобының мүшелері болып табылатын Эстония Парламентінің (Риигикогу) депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында Елші Көлгінов Эстония парламентшілерін Президент Қ.Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.Атап айтқанда, дипломат мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді, институционалдық реформаларды және Парламенттің бір палаталы құрылымына көшуді көздейтін Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының алдағы уақытта күшіне енуіне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол аталған қайта құрулар демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың елдің саяси өміріне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Эстония Парламентінің депутаттары еліміздің саяси архитектурасын жаңартудың орталық элементтерінің бірі ретінде Қазақстандағы бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ерекше назар аударды. Тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты сипатын атап өтіп, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Парламентаралық өзара іс-қимылды саяси, экономикалық және мәдени салаларда сенімді нығайтудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды. Эстондық депутаттар байланыстарды одан әрі кеңейтуге, тақырыптық кездесулер өткізуге және екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық білдірді. Елші Көлгінов өз кезегінде қазақстандық тараптың белсенді өзара іс-қимылға және ынтымақтастықтың қолданыстағы, сондай-ақ жаңа форматтарын іске асыруға қызығушылығы мен дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1244323?lang=ru
Айман Тулекенова Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Айман Саламатовна Тулекенова Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244329?lang=ru
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 35 сессиясының екінші отырысы өтті 06.07.2026
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 35 сессиясының екінші отырысын аудандық мәслихатының өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және аграрлық саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Гадельшиев ашып жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімнің орынбасары Д.Имашев қатысты. Сессияда №104,109 учаскелік сайлау комиссия мүшелерін сайлау туралы мәселесі қаралып, депутаттар ашық дауыс беру арқылы учаскелік сайлау комиссия мүшелерін сайлады, тиісті шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1244316?lang=ru
Қазақстан Елшісі Кореяның Экспорт-импорт банкінің (KEXIM) Төрағасымен кездесті 06.07.2026
Сеул, 2026 жылғы 19 маусым - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Оңтүстік Кореяның Экспорт-импорт банкінің (KEXIM) Төрағасы әрі Бас директоры Хван Ги Ёнмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы инвестициялық және қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ кореялық қаржы институттарының Қазақстандағы басым жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.Сұхбат барысында жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық, экономиканы көміртексіздендіру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, жасыл сутегі мен аммиак өндіру, сондай-ақ заманауи экологиялық таза технологияларды енгізу бағыттарындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Сонымен қатар тараптар сирек жер металдарын өндіру және терең өңдеу жобаларын қоса алғанда, критикалық минералдар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, жоғары қосылған құны бар өндірістік тізбектерді қалыптастыру, өнеркәсіптік өндірістерді оқшаулау және аккумулятор индустриясын дамыту мәселелерін қарастырды.Кездесуде көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құруға және бірлескен инвестициялық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған инфрақұрылымдық, индустриялық және инновациялық жобаларды қаржыландыруға KEXIM банкінің қатысу мүмкіндіктері де талқыланды.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған Корея Республикасына сапарына дайындық аясында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға және Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға серпін беретін жаңа перспективалы жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша кореялық қаржы институттары мен Корея Республикасының жетекші компанияларының қатысуымен нақты жобалар мен қаржыландыру тетіктерін пысықтау мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1244312?lang=ru
Құрметті төрт түлік мал иелері! 06.07.2026
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзгенің мүлкінің бүлінуін алдын алу мақсатында төрт түлік малды қараусыз жібермеуді сұраймыз.🛑Көше бойларында қараусыз жүрген үй жануарлары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу, оның ішінде малды қараусыз қалдыру және автомобиль жолдарына шығарып жіберу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатындығын ескертеді.Қараусыз жүрген мал жол қозғалысына қауіп төндіріп қана қоймай, адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ көлік құралдарына елеулі зиян келтіруі мүмкін.📌Төрт түлікке малдарыңызға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1244290?lang=ru
Аудандық аурухананың 60 жылдығы мен Медицина қызметкерлері күніне орай 05.07.2026
Аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне және Бейімбет Майлин ауданы орталық аудандық ауруханасының бас ғимаратының 60 жылдығына арналған «60 жыл халық саулығының жолында: Тарихқа тағзым, болашаққа сенім!» атты салтанатты іс-шара өтті.Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов, аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Галеева, кәсіподақ ұйымының төрайымы Галина Тойғанова және басқа да құрметті қонақтар құттықтады.Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, өмірін халық денсаулығын сақтау ісіне арнаған медицина саласының ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.Мерекенің маңызды сәттерінің бірі – «Варваринское» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Антон Трухановтың аудандық аурухананың бас дәрігеріне сертификат табыстауы болды.Салтанатты шара аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының әсерлі концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ең ізгі мамандық иелеріне деген шынайы ризашылық сезімін сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1244278?lang=ru
Абай облысының ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар некені тіркеді 05.07.2026
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар — 37 жастағы сотталғандар мен 39 жастағы сотталғандар арасындағы неке тіркелді. Болашақ ерлі-зайыптылар жазасын өтеу кезінде кездесті. Әйел алаяқтық жасағаны үшін, ер адам тонағаны үшін сотталды. Екеуі де бұрын некеде болған және балаларды тәрбиелеген, бірақ өмірлік жағдайлар олардың отбасыларының жойылуына әкелді. Сотталушының айтуынша, ол бұрын елеулі қателіктер жіберген: алкогольді асыра пайдалану жұмысынан, отбасынан және кейіннен бостандығынан айырылды. Сотталған адам сотталғаннан кейін отбасылық қатынастарын тоқтатты — жұбайы ажырасуға арыз берді. Қиын өмірлік жағдайларға қарамастан, мекеме өзара қолдау мен түсіністікке негізделген қарым-қатынасты бастады. Уақыт өте келе олар қарым-қатынастарын заңдастыру туралы шешім қабылдады және тиісті өтінішпен мекеме әкімшілігіне жүгінді. Мекеме қызметкерлері ерлі-зайыптылардың ниетін қолдады және некені тіркеу үшін қажетті құжаттарды дайындауға көмектесті. - Шынымды айтсам, менің өмірімде жарқын нәрсе пайда болуы мүмкін деп сенбедім. Бәрі өткенде қалғандай болды-махаббат, жылу және қарапайым адам бақыты. Мен оны тікенді сымның артында аламын деп ешқашан ойламаймын. Ол маған өзіме және болашаққа деген сенімімді қайтарған адам болды. Оның қасында мен қолдауды, шынайы қамқорлықты және өмір сүргім келетін және өзгергім келетін сезімді сезіндім. Бүгін мен үшін бұл неке тек формальдылық емес, бұл жаңа өмір бастауға және бұрынғы қателіктерімді қайталамауға мүмкіндік", - деп бөлісті сотталған. - Мен бұрын көптеген қателіктер жібергенімді және өз өмірімді құртқанымды түсінемін. Отбасынан айырылды, жақындарының сенімі осында болды. Бірақ онымен кездесу маған бәрін қайта қарауға және өмірге деген көзқарасымды өзгертуге мүмкіндік берді. Ол Мен үшін тірек болды және мен жақсы адам болғым келеді. Мен осы кездесу үшін тағдырға ризамын және бостандыққа шыққаннан кейін біз мықты және лайықты отбасы құра алуымыз үшін бәрін жасауға ниеттімін,-деп бөлісті сотталған. — Қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу және олардың әлеуметтік байланыстарын сақтау болып табылады. Өзара сыйластық пен қолдауға негізделген отбасын құру түзету процесінде маңызды рөл атқарады. Мекеме әкімшілігі сотталғандардың заңды құқықтарын іске асыруда, оның ішінде некені тіркеу кезінде де әрдайым қажетті көмек көрсетеді. Бұл оқиға олар үшін жаңа, заңға бағынатын өмірдің бастауы болады деп үміттенеміз, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібекова: Мұндай іс-шараларды өткізу отбасы институтын нығайтуға және сотталғандардың өз болашағы үшін жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1244254?lang=ru
Жас дзюдошылар жеңісі 05.07.2026
Жас дзюдошылар жеңісіАғымдағы жылдың 5-7 маусым күндері Атырау облысы, Қызылқоға ауданында Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне арналған дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық турнир өтті.Осы жарыста Қаратөбе ауданының намысын қорғаған саралжындық «AQBAQAI ARLANDARY» командасының шәкірттері жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.Жарыс қорытындысында 25 келі салмақ дәрежесінде І орынды Айару Аманбай, 46 келі салмақта І орынды Ернұр Еленбай, +46 келі салмақта І орынды Мереке Нәсіпқали иемденіп, жарыс жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар, 30 келі салмақ дәрежесінде Еңлік Сабырғали жүлделі ІІ орыннан көрінсе, 32 ккелі салмақта Ахмад Қуаныш ІІІ орынға тұрақтады.– Осы турнирге қатысуымызға қолдау көрсеткен ауылымыздың кәсіпкер азаматы Әмірғазиев Көппай ағамызға және барша шәкірттерімнің ата-аналарына шынайы алғысымды білдіремін. Жас спортшыларымыздың жеңісті жолы жалғаса берсін. Жеңісті күндеріміз көп болсын!- дейді Жас спортшылардың жаттықтырушысы Ертілеу Ерғожин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1244246?lang=ru
Абай облысында сотталған әйелдердің ата-ана құқықтарын қалпына келтіру және отбасылық байланыстарды сақтау жобасы жүзеге асырылуда 05.07.2026
Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты кеңейтіп, сотталған әйелдерді қолдауға және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда. Осындай бастамалардың бірі – «Ана үйі» қоғамдық қорының өңірлік өкілдігімен әріптестік. «Ана үйі» қоры мен Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті ата-ана құқықтарын қалпына келтіру және бас бостандығынан айыру орындарындағы әйелдерді қайта әлеуметтендіру бағытында күш біріктіруде. Жоба сотталған әйелдердің отбасылық байланыстарын сақтауға және әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған. Ынтымақтастық аясында балалардың құқықтарын қорғауға және олардың отбасында тәрбиеленуіне ерекше назар аударылады. Сотталған әйелдермен кездесулер барысында баланың отбасында өсу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Интернаттық мекемелердегі балаларды, аналардың келісімімен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, жақын туыстарына орналастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл бастама Мемлекет басшысы жариялаған гуманизация саясаты мен отбасылық құндылықтарды нығайту бағытының жалғасы болып табылады. 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарын сақтау қажеттігіне, соның ішінде әйелдердің ұсталуы жағдайларын жақсартуға және олардың қоғамға сәтті қайта бейімделуіне ерекше назар аударды. – Мемлекет басшысының саясаты нақты бағытты айқындайды: жаза қоғамнан және отбасынан толықтай ажырау дегенді білдірмеуі тиіс. Біздің міндетіміз – қателік жіберген әйелдің балаларымен байланысын үзбеуіне жағдай жасау. Мемлекет пен азаматтық сектордың ресурстарын біріктіре отырып, біз әйелдерге тек үміт беріп қана қоймай, олардың толыққанды ана рөліне қайта оралуына нақты мүмкіндіктер ұсынамыз, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев. – Біздің мақсатымыз – бір реттік көмек көрсетумен шектелмей, әйелдің өз отбасын қалпына келтіруіне, өзіне деген сенімін арттыруына және толыққанды өмірге оралуына жағдай жасау. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру, отбасылық байланыстарды сақтау және кешенді қолдау – балалардың әл-ауқатының негізгі кепілі. Біз әйелдерді әр кезеңде – құжаттарды дайындаудан бастап психологиялық оңалтуға дейін сүйемелдеп, саналы ана болуға және бостандыққа шыққаннан кейін табысты бейімделуіне көмектесеміз, – деп атап өтті «Ана үйі» қоғамдық қорының Абай облысы бойынша өңірлік өкілі Нуртазтина Айнагүл. Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен «Ана үйі» қорының ынтымақтастығы отбасы институтын нығайту және балалардың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды қадам болмақ.Начало формы Конец формы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1244240?lang=ru
Облыстық MILESTONE іс-шарасы 05.07.2026
ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 маусымында «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасының маңызды кезеңін қорытындылау бойынша облыстық MILESTONE іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу бағытында жүзеге асырылған пилоттық жобаның аралық/қорытынды нәтижелерін саралау, тиімді тәжірибелерді тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және балалардың еңбекке оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді насихаттау.Шара ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК базасында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Мониторинг және талдау департамен-тінің аға сарапшысы Уткелбаева Айгерим Еркинбековна қатысты.Жиында облыс бойынша республикалық пилоттық жобаға қатысушы 5 мектепке дейінгі ұйымдардың озат тәжірибелері насихатталып, пилоттық жоба аясында жүзеге асырылған жұмыстардың аралық нәтижелері талданып, еңбекке және кәсіпке баулудың тиімді тәжірибелері ұсынылды. Қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың еңбекке қызығушылығын арттыруға, шығармашылық және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдермен танысып, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттердің фрагменттерін көріп, шеберлік сыныптары, әдістемелік көрмелер мен пікірталас алаңдарында тәжірибелерімен бөлісті.Іс-шара еңбек тәрбиесінің бала тұлғасын қалыптастырудағы маңызын тағы бір мәрте айқындап, отбасы мен балабақша арасындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ жобаны одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды талқылауға негіз болды.Облыстық MILESTONE іс-шарасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында еңбекке және кәсіпке баулудың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетіп, педагогтердің кәсіби тәжірибесін тарату мен инновациялық идеяларды қолдаудың тиімділігін көрсетіп, педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік берді.Шара соңында пилоттық жобаны одан әрі тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар беріліп, үздік тәжірибелерді өңір көлемінде тарату мәселелері қарастырылып, пилоттық жобаның жарты жылдық кезеңінің қорытындысы бойынша озат педагогтер марапатталды. Жиынға облыстың 50 педагогі қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1244224?lang=ru
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына «BCC ODEPT» ЖШС еншілес ұйымын құруға рұқсат беру туралы 05.07.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасымен «Банк ЦентрКредит акционерлік қоғамына еншілес ұйымды – «BCC ODEPT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруға рұқсат беру туралы» 2026 жылғы 15 маусымдағы № 96 қаулы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1244225?lang=ru
Орташа қауіпсіздік мекемесінде тыйым салынған затты алып жүруге әрекет жасалмады 05.07.2026
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған затты мекеме аумағына әкелу әрекетін тоқтатты. Рентген аппаратын қолдана отырып, берілістерді тексеру кезінде режим бөлімінің қызметкерлері печенье қорабында ұялы телефон жасырылған Қос түбін тапты. Әңгіме барысында 42 жастағы Семей тұрғыны өзінің танысымен қысқа мерзімді кездесуге келгенін және оның өтініші бойынша мобильді құрылғыны печенье қорабында жасырып алып жүруге тырысқанын түсіндірді. Қазіргі уақытта азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. - Мекеме қызметкерлері техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып, барлық бағдарламалар мен келушілерді үнемі тексеріп отырады. Тыйым салынған заттарды алып жүрудің мұндай әрекеттері уақтылы анықталып, тоқтатылады. Азаматтарға тыйым салынған заттарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз, - деп атап өтті режим бөлімінің бастығы Олжас Ерғалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1244222?lang=ru
Абай облысының тұрғыны бұрынғы жұбайын қудалағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды 05.07.2026
53 жастағы ер адам бұрынғы жұбайына қатысты заңсыз әрекеттері үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ерлі-зайыптылар бес жылдан астам ажырасқанына қарамастан, ер адам әйелдің тыныштығын жүйелі түрде бұзуды жалғастырды. Оның бірнеше рет ескертулерін елемей, ол оның үйіне мас күйінде келді, сонымен қатар үнемі қоңырау шалды, осылайша оның жеке кеңістікке және өз уақытына еркін билік ету құқығын шектеді. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындады. Жазасын өтеу үшін сотталған адам Абай облысы Жарма ауданының пробация қызметіне есепке қойылды. Онымен заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық, тәрбиелік және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ол ауылдық әкімдікте аумақты абаттандыру бойынша жұмысшы болып жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күні ол он сағаттан астам жұмыс істеді. - Мен өз қателігімді толық түсіндім. Мен өз іс-әрекеттеріммен бұрынғы әйелімді алаңдатып, оның тыныштығын бұзғанын түсінемін. Сол кезде мен өз іс-әрекетіммен қайтара аламын деп ойладым ол менің сезімдеріме сеніп, маған оралады. Бізде үш кәмелетке толмаған бала бар, мен олар туралы ойлануым керек, оларға үлгі болуым керек. Қазір Мен өзімнің мінез-құлқымды қайта қарап жатырмын, өмірге деген көзқарасымды өзгертуге тырысамын, жаман әдеттерден бас тартамын. Белгіленген сағаттарды адал атқаруға, қорытынды жасауға және мұндай әрекеттерге ешқашан жол бермеуге ниетті,- деп бөлісті сотталған. - Пробация қызметінің негізгі міндеті жазаның орындалуын бақылау ғана емес, сотталғандарға олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету болып табылады. Осы азаматпен жұмыс барысында қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алуға және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді,- деп атап өтті Жарма ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Балым Зарыққанова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1244209?lang=ru