Жаңалықтар
Мобильді аударымдар және салықтық бақылау: салық төлеушілер нені білуі қажет? 05.07.2026
Жалпы алғанда, жеке тұлғалардың мобильді аударымдары салық салу объектісі болып табылмайды.Салық салуға тек кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстар жатады.Туыстардан келіп түсетін аударымдар, сыйлық, материалдық көмек немесе жеке қажеттіліктерге арналған жинақтар түріндегі қаражат, табыс болып саналмайды және салық салуға әрі декларациялауға жатпайды.Сонымен қатар, тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай қаражаттың жүйелі түрде келіп түсуі мұндай операцияларды кәсіпкерлік қызмет ретінде тануға негіз болуы мүмкін.Мұндай жағдайларда қызметті белгіленген тәртіппен жүзеге асыру қажет, яғни, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, бөлек есеп айырысу шотын пайдалану және бақылау-касса машинасын немесе мобильді қосымшаны қолдану қажет.Екінші деңгейдегі банктер мобильді аударымдар туралы мәліметтерді тек белгіленген критерийлер бір мезгілде болған жағдайда ғана ұсынады: үш ай қатарынан жеке тұлғаның шотына әртүрлі тұлғалардан 100 және одан да көп аударымның түсуі және сомасының 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни, 1 020 000 теңгеден асуы.Екінші деңгейдегі банктер ұсынған ақпарат салық органдары тарапынан салық төлеушілердің салық міндеттемелерін сақтауына камералдық бақылау жүргізу мақсатында пайдаланылады.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, 30 жұмыс күні ішінде орындалуы керек хабарлама жолданады.Хабарламаға жауапты мемлекеттік кірістер органдарына жеке бармай-ақ, қашықтан — салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы ұсынуға болады.Мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді кәсіпкерлік қызметті салық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1244191?lang=ru
Aleumet әлеуметтік қызметтер порталында техникалық оңалту құралдарын алушыларға арналған онлайн-сауалнама іске қосылды 05.07.2026
Цифрлық сервистерді жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Aleumet әлеуметтік қызметтер порталында техникалық оңалту құралдарын алушыларға арналған онлайн-сауалнама іске қосылды.Сауалнама мүгедектігі бар адамдардан техникалық оңалту құралдарының құны, қосымша төлем мөлшері және оларды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алу қолайлылығы мәселелері бойынша кері байланыс алуға бағытталған.Сауалнама нәтижелері ағымдағы жағдайды талдау және мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Сонымен қатар, Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау порталында (inva.gov.kz) әлеуметтік, көлік және өзге де инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін бағалауға арналған онлайн-сауалнама (өзін-өзі бағалау құралы) іске асырылды. Аталған құрал объект иелері мен өкілдеріне өз объектісінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік деңгейін өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Сауалнаманы аяқтау нәтижесінде объектінің қолжетімділігін арттыру және анықталған кедергілерді жою жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп автоматты түрде қалыптастырылады.Техникалық оңалту құралдары бойынша сауалнамадан қазақ тілінде өту үшін:https://aleumet.egov.kz/surveyҚолжетімділік бойынша қазақ тіліндегі өзін-өзі бағалау сауалнамасына сілтеме: https://inva.gov.kz/assessment/general-info/?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1244181?lang=ru
«Қаратөбе өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты салтанатты шара Шөптікөл мәдени-спорт кешенінде жалғасты. 05.07.2026
«Қаратөбе өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты салтанатты шара Шөптікөл мәдени-спорт кешенінде жалғасты.Алдымен қонақтар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған «Тарихтан сыр шертеді» атты көрмені тамашалады. Көрмеде басылымның әр жылдардағы сандары, редакцияда қызмет атқарған редакторлардың еңбектері, фотосуреттер қойылды.Жиында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, аудан өмірінің шежіресіне айналған басылымның өңір тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ газетпен тығыз байланыста жұмыс жасап, аудан тыныс-тіршілігін оқырманға жеткізуге үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.Шара барысында аудан әкімінің Алғыс хаттарымен Рысты Кәкімқызы, Тілекқабыл Сағынұлы және Ғабдрахман Мұратқалиұлы марапатталды.Одан кейін сөз алған «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы Бекжан Қойшекенов басылымның 90 жылдық тарихына тоқталып, газет ұжымына қолдау көрсетіп жүрген барша оқырман мен әріптестерге алғысын жеткізді.Мерейтой аясында ұйымдастырылған «Қаратөбе өңірі – халықпен бірге» атты үздік мақала байқауының қорытындысы жарияланып, ІІІ дәрежелі дипломмен Жұлдыз Есенаманова, ІІ дәрежелі дипломмен Марина Искакова, І дәрежелі дипломмен Айдын Ақсұлтанованы марапаттады. Жеңімпаздарға дипломмен қатар ақшалай сыйлықтар табысталды.Сондай-ақ «Қаратөбе өңірі» газетін тұрақты оқып, редакциямен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген бірқатар ұжымдар мен азаматтарға Алғыс хаттар берілді. Олардың қатарында Жусандыой ауылдық округі әкімдігі аппараты, аудандық кітапхана ұжымы, Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі де бар.Мерейтойда сөз алған «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Нұрлыбек Рахманов, «Сырым елі» газетінің редакторы Бауыржан Ширмеденұлы және «Бөрлі жаршысы» газетінің редакторы Дариға Нұрашева мерейтой иелерін құттықтап, аудандық басылымның өңірдің қоғамдық-саяси және рухани өміріндегі маңызды рөлін атап өтті.Сондай ақ Нұрлыбек Нұрланұлы «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры атынан газет қызметкерлерін марапаттады.Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара барысында ақын Ертай Бимұхановтың сөзіне, сазгер Таңат Жексенбаевтың әніне жазылған «Төл газетім – мақтаным» әнінің тұсауы кесілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1244167?lang=ru
Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды 05.07.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік күніне орай Семей қаласының Орталық кітапханасы өкілдерінің қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, кітап оқуды насихаттау және мейірімділік, қайырымдылық, өзара көмек пен айналадағы адамдарға құрмет сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу.Көрме аясында гуманизм, адамгершілік және тұлғалық даму тақырыптарына арналған көркем және танымдық әдебиеттер ұсынылды. Сотталғандар кітаптармен танысып, өзара пікір алмасып, әрі қарай оқу үшін өздеріне қажетті әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік алды.– Кітап – тәрбиелік ықпалы зор әрі тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды құрал. Осындай іс-шаралар сотталғандардың дүниетанымын кеңейтіп, өмірлік құндылықтарды қайта зерделеуге және оң өзгерістерге ұмтылуға көмектеседі, – деді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.Кітап көрмесінің өткізілуі мекеме мен Семей қаласының Орталық кітапханасы арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың тағы бір көрінісі болып, сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1244168?lang=ru
Петропавл қаласында «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК ашық диалогта» семинары өтті 05.07.2026
2026 жылғы 19 маусымда Петропавл қаласында MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер мен салық консультанттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановпен бірлесіп, салық төлеушілерге арналған «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК ашық диалогта» атты семинар өткізді. Іс-шара кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру, салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушыларға салық салу және бухгалтерлік есеп жүргізу, салықтық міндеттемелерді орындау, арнаулы салық режимдерін қолдану, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша өзекті түсіндірмелер берілді. Семинар ашық диалог форматында өтті, бұл кәсіпкерлерге өздерін толғандырған мәселелерді сарапшылармен, салық консультанттарымен және мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен тікелей талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар бизнес жүргізу және салық заңнамасын сақтау бойынша білікті жауаптар мен практикалық ұсынымдар алды. Осындай іс-шаралар мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, салықтық міндеттемелерді ерікті түрде орындау деңгейін арттыруға және салықтық әрі кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаң қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1244153?lang=ru
«Денсаулық сақшылары – қоғам тірегі» 05.07.2026
Медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты абзал жандарға әкімшілік атынан Алғыс хат табысталып, мерекелерімен құттықталды.Адам денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Барша медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасылық бақыт, толағай табыс және еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1244101?lang=ru
2026 ЖЫЛҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ 05.07.2026
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғауға және бірқатар салықтық жеңілдіктерге құқылы. Жұмыс берушілер жалақы мен салықтарды есептеу кезінде осы ерекшеліктерді ескеруі қажет.🔹 Қандай жеңілдіктер қарастырылған?✅ ЖТС (жеке табыс салығы)Мүгедектігі бар қызметкерлерге қосымша салықтық шегерімдер беріледі:▪️ I және II топ – жылына 5 000 АЕК▪️ III топ – жылына 882 АЕКСонымен қатар 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім қолданылады.✅ МӘМСМүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘА және МӘМС жарналары төленбейді. Оларды мемлекет төлейді.✅ МЗЖМіндетті зейнетақы жарналарын төлеуден тек мерзімсіз мүгедектігі бар I және II топтағы адамдар босатылады.🔹 Жалпы тәртіппен төленетін төлемдер:▪️ Әлеуметтік аударымдар▪️ Әлеуметтік салық▪️ МЗЖ — III топ және мерзімді мүгедектік кезінде📄 Қандай құжаттар қажет?Жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге:✔️ өтініш✔️ мүгедектікті растайтын анықтама ұсыну қажет📌 Анықтаманы Egov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады.Маңызды: егер қызметкер бірнеше жұмыс орнында еңбек етсе, салықтық шегерім тек бір жұмыс орнында ғана қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1244039?lang=ru
Қазақстан «Maritime Business Week 2026» Теңіз бизнес апталығына қатысуда 05.07.2026
Констанца қ., (Румыния), 2026 жылғы 16–18 маусым — Қара теңіз өңіріндегі теңіз, порт, логистика және көлік салаларына арналған ең ірі халықаралық іскерлік іс-шаралардың бірі саналатын бесінші жыл сайынғы «Maritime Business Week 2026» Теңіз бизнес апталығы өтті.Іс-шараны Румыния Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIR) қолдауымен Констанца Сауда-өнеркәсіп, навигация және ауыл шаруашылығы палатасы (CCINA Constanța) ұйымдастырды. Форумға жиырма бір елден 77 компания және Румынияда тіркелген 14 дипломатиялық миссияның делегациялары қатысты. Қатысушылар қатарында Гамбург, Роттердам, Дуйсбург және Риека сияқты Еуропаның ірі порттарының, сондай-ақ Каспий теңізіндегі Қазақстанның Ақтау портының өкілдері болды.Форум жұмысына Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғайтын делегация қатысып, елдің Орталық Азияны Еуропамен байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетті.Қазақстан атынан Румыниядағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Корина Мартин форум іс-шараларына қатысып, Констанца портының қазақстандық экспорт пен Орта дәлізді дамыту үшін маңызды теңіз хабы ретіндегі стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Орталық Азия елдерін Қара теңіз арқылы еуропалық нарықтармен байланыстыратын неғұрлым тығыз еуразиялық сауда желісін қалыптастыру мақсатында логистика, теңіз тасымалы және инфрақұрылым салаларындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын айтты.Қазақстан тарапынан форумға Каспий теңізіндегі Ақтау порты терминалының операторы «Aktau Marine North Terminal» ЖШС-нің бас директоры Гөкхан Гювенч (Gökhan Güvenç) те қатысты. Оның қатысуы Орта дәліз аясында Ақтау порттық инфрақұрылымының Констанца портымен тікелей байланыстарды дамытуға қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті.Форумның ашылуында Румыния Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Михай Дарабан Қара теңіздегі кеме қатынасының дамуын тежейтін құрылымдық шектеулерге назар аударып, өңірдің халықаралық теңіз тасымалдары үшін тартымдылығын арттыру мақсатында Шығыс–Батыс дәлізін нығайтуды басты басымдықтардың бірі ретінде атады. Оның айтуынша, дәл осы себептен Қазақстан мен Ақтау портының өкілдері биылғы форумға шақырылған, өйткені ұйымдастырушылар Қара теңізді Орталық Азиядан Каспий арқылы Еуропаға шығатын Орта дәліздің табиғи жалғасы ретінде қарастырады.Теңіз бизнес апталығы (Maritime Business Week) — Констанца қаласында (Румыния) Констанца Сауда-өнеркәсіп, навигация және ауыл шаруашылығы палатасы жыл сайын өткізетін халықаралық іскерлік форум. Бұл алаң Қара теңіз өңірі мен Еуропаның теңіз, порт, логистика және көлік салаларындағы компаниялар, порт әкімшіліктері, мемлекеттік құрылымдар және халықаралық ұйымдар арасындағы диалогқа, байланыс орнатуға (networking) және серіктестік келісімдер жасауға мүмкіндік береді.Констанца порты — Қара теңіздегі ең ірі порт және Қазақстан мен Орталық Азия елдерін Каспий теңізі, Ақтау порты, Кавказ және Қара теңіз арқылы Еуропа нарықтарымен байланыстыратын Орта дәліз бағытындағы негізгі көлік тораптарының бірі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1244043?lang=ru
Касабланкада Азия мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті дамыту жолдары талқыланды 05.07.2026
2026 жылғы 15 маусымда Марокко кәсіпорындар Бас конфедерациясының (CGEM) штаб-пәтерінде CGEM төрағасы Мехди Тазидің Марокко Корольдігінде аккредиттелген Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің елшілерімен кездесуі өтті.Іс-шараға Марокко Корольдігінде аккредиттелген Қазақстан, Әзербайжан, Австралия, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Корея Республикасы, Малайзия, Таиланд және Филиппин дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері елшілер тобының дуайені ретінде сөз сөйлеген С.Сайлауқызы Азия мемлекеттері мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетін атап өтіп, өзара сауда, инвестициялар және іскерлік байланыстарды арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым белсенді пайдаланудың қажеттігін айтты.Өз сөзінде қазақстандық дипломат қазақ-марокко ынтымақтастығының серпінді дамуына мысал келтірді. Атап айтқанда, 2021 жылы Қазақстанның Мароккода Елшілігі ашылған сәттен бастап екіжақты сауда көлемі 68%-ға өсіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша 460 млн АҚШ долларынан асты. Екі ел арасындағы іскерлік және туристік алмасулардың кеңеюіне визасыз режимнің оң әсері де ерекше атап өтілді.Елші Қазақстан–Марокко Іскерлік кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды. Оның алғашқы отырысы ағымдағы жылдың шілде айында Касабланка қаласында өтеді деп жоспарлануда. Іс-шараға қазақстандық бизнес өкілдерінен тұратын кең делегацияның қатысуы күтілуде, бұл екі елдің іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытудағы маңызды қадам болмақ.Кездесуді ашқан CGEM Төрағасы Мехди Тази Марокконың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістерімен таныстырып, ел экономикасының тұрақтылығын және оның Африка, Еуропа және араб әлемі түйіскен стратегиялық орналасуын атап өтті. Ол сондай-ақ екіжақты іскерлік кеңестерді құруды саяси диалогты бірлескен жобаларды іске асырудың практикалық деңгейіне көшірудің тиімді тетігі ретінде маңызды деп бағалады.Талқылау барысында дипломатиялық миссиялардың басшылары өз елдерінің Мароккомен қарым-қатынастарының оң серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстармен алмасты.Іс-шара аясында Қазақстан Елшісі С.Сайлауқызы мен CGEM Төрағасы Мехди Тази арасында жеке кездесу өтті. Тараптар Қазақстан–Марокко Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысына дайындық барысын, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ екі елдің бизнес қауымдастықтары үшін өзара қызығушылық тудыратын нақты жобаларды талқылады.Өткен кездесу азиялық бизнес қауымдастығының Марокко нарығына деген өсіп келе жатқан қызығушылығын растады және Азия елдері мен Марокко арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1244046?lang=ru
KazAID пен CSC International ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда 05.07.2026
Астана, 2026 жылғы 18 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Басқарма төрағасының м.а. Ж. Асановтың Астана қаласына сапары аясында Civil Service College International (CSC International) атқарушы директоры К. Прагасаммен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.KazAID пен CSC-тің бірлескен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн: 2024 жылы тараптар Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілері үшін мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласында бірлескен бағдарлама өткізген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1244051?lang=ru
Құрметті медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының ардагерлері! Сіздерді Медицина қызметкері күнімен және аудандық аурухананың 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 05.07.2026
Алпыс жыл ішінде аурухана үлкен даму жолынан өтіп, заманауи медициналық мекемеге және ауданның денсаулық сақтау жүйесінің сенімді тірегіне айналды. Оның тарихы – адамдарға адал қызмет етудің, күнделікті қажырлы еңбектің және әрбір пациенттің өмірі мен денсаулығына деген жоғары жауапкершіліктің тарихы. Аурухананың әрбір даму кезеңінің артында туған жер тұрғындарының денсаулығын сақтауды өмірлік мұратына айналдырған жандар тұр. Олардың кәсібилігі, жанқиярлығы және таңдаған мамандығына деген адалдығының арқасында бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан берік дәстүрлер қалыптасты. Бұл дәстүрлер мекеменің табысты жұмысының берік негізіне айналып отыр.Бүгінде аурухана ұжымы өздерінен бұрынғы буын қалыптастырған игі дәстүрлерді лайықты жалғастырып, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізуде, медициналық көмектің сапасын арттыруда және ең бастысы – адамдарға деген қамқорлық пен ізгі қарым-қатынасты сақтап келеді.Осы мерекелі күні денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне адал еңбектері, жоғары кәсібиліктері және өз мамандықтарына деген шексіз берілгендіктері үшін шынайы алғысымды білдіремін.Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке, бақыт, бейбіт өмір, сарқылмас күш-қуат және игі істеріңізге толағай табыстар тілеймін. Аурухананың мерейтойы оның тарихындағы тағы бір маңызды белеске айналып, алдағы уақытта ұжымды жаңа жетістіктер, өркендеу мен лайықты құрмет күтіп тұрсын! Мерекелеріңіз құтты болсын! Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1243994?lang=ru
Central Asia: From Transit Corridor to Investment Destination 05.07.2026
Central Asia: from transit corridor to investment destinationThe New Geography of Capital: Why Kazakhstan MattersBy Renat Bekturov, Governor of the Astana International Financial CentreAt a time of heightened geopolitical complexity, ongoing conflicts, disruptions in global supply chains, economic transformation, and rapid technological change, Central Asia is gaining renewed strategic importance. For decades, the region has been viewed primarily through the prism of geography, natural resources, and geopolitics. Positioned between China, Russia, Europe, and the Middle East, it has long played an important role in global trade, logistics, and energy security.Yet in today’s economy, geography alone is no longer enough to attract sustainable investment. Capital no longer flows simply toward resources or transit routes. It flows toward jurisdictions that offer trust, transparency, legal certainty, market access, and the institutional capacity to manage risk.This shift is already visible in the growing partnership between Kazakhstan and the European Union – one of the clearest signals of Central Asia’s rising global relevance.European Partnership as a Strategic AnchorKazakhstan is the European Union’s largest partner in Central Asia, accounting for more than 80% of the EU’s trade with the region, while the EU remains Kazakhstan’s leading trade and investment partner globally.The EU represents almost 40 % of Kazakhstan’s total trade, and in 2025, bilateral trade reached USD 45.1 billion, with exports totaling USD 34.7 billion and imports USD 10.4 billion. These flows are largely driven by energy exports and imports of machinery and equipment.Today, more than 4,000 European-linked companies operate in Kazakhstan across sectors such as energy, manufacturing, finance, logistics, and digitalization, including global leaders such as TotalEnergies, Siemens, Airbus, and Schneider Electric. Since 2005, cumulative European investment has exceeded USD 200 billion.The depth of this partnership is also reflected in engagement with leading European financial centres. Cooperation between Kazakhstan and Luxembourg spans green technologies, digitalisation, renewable energy, pharmaceuticals, and agriculture. During 2005 - 2025, investment from Luxembourg reached USD 3.8 billion, with 192 enterprises operating in Kazakhstan.This growing engagement highlights a broader shift: European capital is increasingly aligning with Central Asia’s long-term development priorities.A New Financial Architecture for Central AsiaThis is precisely why a new financial architecture is emerging across the region - and why the Astana International Financial Centre (AIFC) is playing a central role in shaping it.Established in 2018, the AIFC was created as an independent jurisdiction designed to connect international capital with the rapidly evolving opportunities of Kazakhstan and the wider Central Asian region. Built on the principles of English common law, it provides institutional predictability in an emerging market environment.Today, more than 5,600 companies from 90 countries operate under the AIFC jurisdiction, including over 730 companies from Europe. Total investments facilitated through the centre have exceeded USD 21.8 billion, while more than 10,000 jobs have been created across its ecosystem.These numbers reflect not only growth, but confidence.Building Trust Through InstitutionsIn global finance, capital follows trust. Trust is built through predictable regulation, independent courts, enforceable contracts, and transparent governance.The AIFC remains the only jurisdiction in Central Asia operating under English common law principles, supported by the Astana Financial Services Authority, the AIFC Court, and the International Arbitration Centre.This institutional foundation has allowed Astana to rank as the leading financial centre in Eastern Europe and Central Asia for three consecutive years in the Global Financial Centres Index, while aligning with international AML/CFT and OECD transparency standards. For investors, these are not technicalities - they are prerequisites.Connecting Regional Opportunities with Global MarketsA financial centre is only as strong as its market infrastructure. At the core of the AIFC ecosystem is the Astana International Exchange (AIX), operating on Nasdaq technology and integrated with global settlement systems such as Euroclear.This infrastructure is enabling new forms of cross-border capital formation. Recent milestones include the region’s first yuan-denominated IPO via a dual listing with the Hong Kong Stock Exchange, Kazakhstan’s first spot Bitcoin ETF, and the world’s first spot Solana ETF with staking functionality.These developments reflect a broader transformation: emerging markets are becoming digitally integrated, multi-currency, and globally connected.Financing the Green TransitionThe next decade will be defined not only by growth, but by sustainability. Across Central Asia, energy transition, infrastructure modernization, and climate adaptation are driving demand for green capital.Through the AIFC Green Finance Centre, Kazakhstan introduced the region’s first national Green Taxonomy. Approximately 70% of all green bonds and loans in Kazakhstan have been verified within the AIFC ecosystem.The AIFC has also launched a regional Carbon Platform, providing access to international environmental instruments such as I-REC certificates and carbon credits.Regulating Digital FinanceAt the same time, digital assets are reshaping global finance.The AIFC became the first jurisdiction in the region to introduce a comprehensive regulatory framework for digital asset service providers. In 2025, it was recognized globally for aligning its regulatory approach with IOSCO principles.Beyond Traditional FinanceModern financial centres must go beyond traditional markets. The AIFC is expanding into strategic sectors that define future growth.In mining, the AIFC launched Central Asia’s first Junior Mining Platform, aimed at attracting investment into geological exploration, particularly relevant given that over 65% of Kazakhstan’s territory remains underexplored.In aviation, the AIFC Aviation Hub facilitates aircraft leasing and structured financing transactions, supporting regional connectivity.In Islamic finance, the AIFC has established the region’s only full ecosystem operating under Shariah principles.In the creative economy, we are developing legal and financial infrastructure for intellectual property protection, venture financing, crowdfunding, and asset tokenisation.These sectors differ - but share one requirement: access to trusted capital.Bridging Europe, Central Asia and KazakhstanThe AIFC will continue serving as the institutional bridge between European capital and Central Asian opportunity. Offering over 220 business and professional services, it provides a trusted environment for long-term partnerships.In the decade ahead, we see growing collaboration in critical minerals, clean energy, digital infrastructure, and logistics - areas where European expertise aligns closely with Kazakhstan’s development priorities.Each successful project strengthens not only commercial ties, but also institutional trust and regional stability.Central Asia: From Transit Corridor to Investment DestinationАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1243988?lang=ru
Пирамида тәсілі ауыл шаруашылығы өнімінен алынатын ҚҚС-ты алмастырады 05.07.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 18-ші отырысында құжаттағы ең көп талқыланатын нормалардың бірі – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды.Бұл жерде әңгіме экспорт кезінде осындай өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80%-ға азайтуды көздейтін Салық кодексінің 484-бабының нормасы туралы болып отыр. Салалық қауымдастықтармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және экспорттаушылармен талқылау барысында экспорттық жеткізілімдер бойынша ҚҚС-ты толық өтеу мүмкіндігін сақтау отандық аграрийлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни, Салық кодексінің 484-бабының осы нормасы жойылады. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі «пирамида әдісі» деп аталатын салықтық тексерумен расталады. Бұл тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтара алады.Бұл ұсыныс Салық кодексіне түзетулердің жалпы пакетіне енгізіліп, Құрылтайдың қарауына жіберілетін болады. Ол қабылданған жағдайда аталған өзгерістер жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап ретроспективті түрде қолданылмақ.Есепке алу ҚҚС түзету жөніндегі норманы енгізу кезінде бір мезгілде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдік кеңейтілді: бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын азайту мөлшері 70% - дан 80% - ға дейін ұлғайтылды. Экспорттық ҚҚС-ты қайтарудың бұрын қолданыста болған тетігін сақтау туралы шешім қабылданғандықтан, жеңілдіктің бұрынғы мөлшері - 70%-ды қалпына келтіру ұсынылады.Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп ҚҚС қайтару кезінде цифрлық теңгені пайдалану тетігін пысықтауда. Оны енгізу бойынша жұмысты биыл аяқтау жоспарлануда. Бұл құрал ең алдымен экспорттаушыларға бағытталған және ҚҚС қайтару мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте оны қолдану тек ерікті сипатқа ие: бизнес ҚҚС қайтарудың қолданыстағы тәртібі мен цифрлық теңгені пайдалану тетігі арасында таңдау жасай алады. Серік Жұманғарин атап өткендей, шешім қабылдау кезінде салалық қауымдастықтардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен экспорттаушылардың ұсыныстары ескерілді. Таңдалған тәсіл аграрлық секторды қолдаудың қолданыстағы шараларын сақтауға, экспорттаушылар үшін тұрақты және болжамды жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қолдауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1243989?lang=ru
Үш бөлмелі пәтер еңбегімен үлгі болған әкеге табысталды 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Әке тәрбиесі – ұлттың рухани діңгегі» атты облыстық әкелер форумы өтті. Оған «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аудандардан келген, түрлі салада табысқа жетіп, кәсібі мен еңбегі арқылы елге үлгі болып жүрген азаматтар қатысты.Биыл әкелер форумы төртінші мәрте ұйымдастырылуда. Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ер азаматтың отбасы мен қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды алаң.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әке жауапкершілігі – отбасының беріктігі мен ұрпақ тәрбиесінің негізі. Біздің қоғамда әкенің рөлін арттыру, оның отбасындағы беделін нығайту – өте маңызды міндет» деген болатын.Ұлттың сапасы, болашақ ұрпақтың азаматтық болмысы әкенің берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Жаңа Конституциямызда «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп нақты көрсетілген. Бұл отбасы құндылықтары мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналғанын айқын дәлелдейді. Әке – тек отбасын асыраушы емес, баланы жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке баулитын алғашқы мектеп.Баланың болашағына әсер ететін ең қуатты күш – отбасындағы тәрбие, әкенің өнегесі. Сондықтан, «Адал адам», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» секілді мемлекеттік бастамаларды қоғамда орнықтыру ең алдымен отбасынан басталуы тиіс. Баршаңызды ел мүддесіне адал қызмет етуге және ұрпақ тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Іс-шарада отбасы құндылықтарын насихаттап, өскелең ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген әкелер облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Нығметұлы, ішкі істер органдарының ардагері Әмірбек Бердібекұлы, жас ақын, республикалық Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегері Ақжол Ғабитұлы, өнегелі әке Дәулет Амангелдіұлы, «Бақытты әйел» жобасының спикері Нұрсәуле Дүйсембайқызы тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады. «Қазақстан дауысы – 2023» жобасының финалисі Нұрислам Тілеухан әсем ән орындап, оған қоғамдық бірлестік атынан смарт-теледидар сыйға берілді.Форумда «Қызылорда» супермаркетінің жұмысшысы Камалов Жандос Құдайбергенұлына үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Жандос Құдайбергенұлы – мүмкіндігі шектеулі жұбайына және екі баласына қамқор болып отырған ардақты әке.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1243950?lang=ru
"Алтын белгі": табыстың символы және үлкен жолдың басталуы 05.07.2026
2026 жылғы 18 vаусымда 11-сыныптардың он түлегі ерекше үлгідегі аттестаттарды ғана емес, сонымен қатар жаңа көкжиектерді ашатын "Алтын белгі" лайықты белгісін алды.Құрметті түлектер! Сіздерді мектептің аяқталуымен құттықтаймыз және жарқын болашақ тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1243938?lang=ru
Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының курсанты ТМД-ның үздік студенті атанды 05.07.2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Даниял Құрманқұлов «ТМД-ның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.Байқау қорытындысы бойынша ғылыми жұмысының жоғары деңгейі, белсенді қоғамдық қызметі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін жас зерттеуші I дәрежелі дипломмен марапатталды.Қазылар алқасы оның күштік құрылымдар үшін байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористік қауіптердің алдын алу саласындағы ғылыми әзірлемесін жоғары бағалады. Қазақстандық курсант байланыс сигналдарын басатын көпфункционалды «ақылды» құрылғы жобасын әзірледі.Әзірлеменің басты артықшылығы - таңдамалылығы. Құрылғы «хирургиялық пышақ» сияқты жұмыс істейді: ол қарсыластың сигналдарын (Wi-Fi, спутниктік байланыс, ұялы байланыс, дрондардың радиожиіліктері) нүктелі түрде бұғаттайды, алайда арнайы қызметтер мен әскерилер үшін қорғалған өзінің байланыс «дәлізін» сақтап қалады.Зерттеу қазіргі жағдайдағы аса маңызды нысандарды қорғау және қауіпсіздік технологияларын жетілдіру мәселелеріне арналған. Құрылғы тек дрондардың жұмысын тоқтатып қана қоймай, олардың орнын анықтайтын локаторларға жалған координаттар жібереді. Сонымен қатар, ол 2GIS платформасының жұмысына әсер етіп, нысанның нақты орнын ауыстырып, 2,5–3 шақырым радиустағы жалған координаттарды көрсетеді.– Үлкен теракт немесе арнайы операцияны елестетіп көріңіз. Құқық қорғау органдары құрылғыны іске қосады. Оның әсер ету аймағында ешбір террорист телефон қоңырауы арқылы жарылғыш затты іске қоса алмайды, ал қарсылас дрон басқарудан айырылып, құлап қалады. Ал командирлер, полицейлер мен дәрігерлер рация арқылы кедергісіз байланысып, адамдарды құтқару жұмыстарын үйлестіре алады, – деп бөлісті Д. Құрманқұлов.Технология құпия сызбалармен жабдықталған, 3,5 сағатқа дейін автономды жұмыс істей алатын мобильді немесе стационарлық құрылғы ретінде ұсынылған.Даниял Құрманқұловтың бұл әзірлемесі Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігіне жол ашып, құпия деректердің ел ішінде сақталуын қамтамасыз етіп, әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін арттырады.Қазіргі уақытта Даниял ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға арналған интеллектуалды жүйе жасау бойынша жаңа перспективалы жобамен айналысуда. Бұл жүйе әуе кеңістігіндегі бөгде дрондарды ажыратуға мүмкіндік беріп, дрон технологияларын тиімді қолдану аясын арттырады және нысандарды қате сәйкестендіру қаупінен сақтайды.Даниял Құрманқұлов бұған дейін де республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған, соның ішінде Беларусь елі де бар. Ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық қызметке қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының ғылыми-практикалық конференциясы қорытындысы бойынша оған «Үздік өнертапқыш» атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243923?lang=ru
📢 Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәуекелдерді азайту мақсатында 2023–2025 жылдар кезеңі бойынша ықтимал алшақтықтар анықталған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеуші кабинеті арқылы Push-хабарламалар жолдады. 05.07.2026
🔍 Анықталған тәуекелдер келесі бағыттарды қамтиды:▪️ Бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығын төмендету және (немесе) төлеуден босатуды заңсыз қолдану;▪️ Халықаралық шарттардың ережелерін салық салудан босату немесе төмендетілген мөлшерлемені қолдану бөлігінде заңсыз пайдалану;▪️ Бейрезиденттерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы сомасын төмендету және (немесе) есептемеу;▪️ Қосылған құн салығы бойынша декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер.📄 Хабарламаларда ықтимал алшақтықтарды анықтау алгоритмдері мен мәліметтерді өз бетінше тексеру жөніндегі ұсынымдар берілген.✅ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге деректерді салыстырып тексеріп, қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше түзетуді ұсынады.⚠️ Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар автоматтандырылған тәртіппен қалыптастырылатын болады.📌 Салық төлеуші кабинетіндегі хабарламаларды уақытылы тексеріп, қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1243912?lang=ru
📢 Салық төлеушінің орналасқан жері дегеніміз не? 05.07.2026
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушінің орналасқан жері салықтық әкімшілендірудің маңызды элементі екенін түсіндіреді. Себебі дәл осы орналасқан жері бойынша салықтық тіркеу жүргізіледі, хабарламалар жіберіледі, өтініштер қаралады және мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті айқындалады.ҚР Салық кодексінің 11-бабына сәйкес салық төлеушінің орналасқан жері салық төлеушінің санатына байланысты айқындалады.👤 Жеке тұлғалар үшін орналасқан жері – ҚР көші-қон заңнамасына сәйкес азаматтың тіркелген жері болып табылады.🌍 ҚР тыс жерде тұратын, бірақ Қазақстанда тіркеуі жоқ ҚР азаматтары үшін орналасқан жері – Қазақстан аумағындағы соңғы тіркелген жері болып есептеледі.💼 Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген қызметті жүзеге асыратын басым орын.🏢 Резидент-заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері үшін орналасқан жері – БСН ұлттық тізіліміне енгізілген тұрақты басқару органының мекенжайы болып табылады.🌐 Шетелдік заңды тұлғалар үшін, егер олар Қазақстанда құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызмет атқарса, орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген Қазақстан Республикасындағы қызмет орны.📍 Шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған, бірақ нақты басқару органы Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар үшін орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген және басқару органының шешімімен расталған нақты басқару органының орналасқан жері.🛂 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін орналасқан жері – мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген уақытша тұратын жері.📄 Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрмаса, бірақ Қазақстаннан табыс алса және ол салық агенті болып табылмайтын тұлға арқылы төленсе, орналасқан жері – сол табысты төлейтін тұлғаның тұратын немесе орналасқан жері болып есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1243906?lang=ru
«Қаратөбе өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойы 05.07.2026
Бүгін таңмен ерте «Қаратөбе өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты шараға арнайы шақырылған қадірлі меймандарды ауданның кіреберісінен аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған топ салтанатты түрде қарсы алды.Қазақы дәстүрге сай қонақтарға ақ дәм ұсынылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, ақжарма тілектерін арнады.Мерейтой алдымен Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Аудандық басылым – жергілікті жұрттың айнасы» атты конференциямен бастау алып, «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты мерекелік шарамен жалғаспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1243899?lang=ru
Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты туралы 05.07.2026
Қостанайда жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстауға арналған салтанатты шаралар өтуде. Қостанай қаласының әкімі Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясына барып, оқушыларды мектепті сәтті аяқтауымен құттықтады. Қала басшысы бұл шараға ресми тұлға ретінде ғана емес, сонымен қатар осы білім ордасы түлектерінің бірінің ата-анасы ретінде де қатысты.Салтанатты шара барысында қала әкімі оқу озаттарына жоғары мектеп марапаттарын табыстады. Мектеп-гимназияның төрт түлегіне «Алтын белгі» төсбелгісі тапсырылса, тағы үш оқушы жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды. Шара барысында атап өтілгендей, бұл жетістіктер өскелең ұрпақтың көпжылдық еңбекқорлығының, табандылығы мен білімге деген ұмтылысының лайықты нәтижесі болып табылады.Ағымдағы оқу жылында жалпы Қостанай қаласы бойынша үлгерімнің жоғары көрсеткіштері байқалады: 54 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 75 оқушы үздік аттестатқа лайық деп танылды.Биыл облыс орталығында жалпы саны мың жарымнан астам он бірінші сынып оқушысы үшін өмірдің маңызды бір кезеңі аяқталуда. Қала басшылығы жастардың алдында жаңа мүмкіндіктер, маңызды шешімдер мен болашақ мамандықты игеру жолы тұрғанын атап өтті.Қостанай қаласы әкімдігінің атынан барлық педагогтар қауымына жоғары кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыс білдіріледі. Қала басшылығы бүгінгі түлектер еліміздің лайықты азаматтары болып қалыптасып, өз әлеуетін табысты жүзеге асыра алатынына және туған қаласы мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1243871?lang=ru