Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Адам өмірінің арашасы: Қостанай облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді 05.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.Мемлекет Басшысы: «Денсаулық сақтау саласы – еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі», – деп атап өтті.Биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 133,2 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге жоғары.Қазіргі таңда облыста 438 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оларда 13 мыңнан астам маман, соның ішінде 1,8 мыңға жуық дәрігер еңбек етуде. Соңғы 3 жылда 34 медициналық нысан бой көтерді: 2 емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 23 ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) және 4 медпункт. Олар бұрын ауыл деңгейінде болмаған УДЗ (УЗИ) аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиоаппараттармен жабдықталған.«Жеке инвестициялар есебінен «LifeClinic» медициналық орталығы, Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында және Қостанай ауданының Тобыл қаласында емханалар ашылды. Жақын арада Қостанай ауданының Заречный кентінде аудандық емхана өз есігін ашады. Жітіқара ауданындағы емхананы қайта құру жұмыстары аяқталды. Арқалық пен Жітіқарадағы аудандық ауруханалар қайта құрудан өткеннен кейін, ағымдағы жылы Арқалық медициналық колледжін қайта құру жұмыстары мен Амангелді және Жангелді аудандарында ФАП-тардың құрылысы басталады», – деді аймақ басшысы.Облыста 2 балалар орталығы ашылды. Оның бірі – республикадағы аутизммен ауыратын балаларға арналған ең ірі орталық, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы.Денсаулық сақтаудың 34 нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13,4 млрд теңге қарастырылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.Онкологиялық ауруханаға алғаш рет сызықтық үдеткіш орнатылды. Жедел жәрдем қызметінің автопаркі 50 жаңа реанимобильмен толықты. Медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 90%-ды құрады.Тек 2025 жылдың өзінде облысқа 300-ден астам дәрігер келді. Облыстың медициналық колледж түлектерінің саны 376-дан 620 адамға дейін өсті. Соңғы 3 жылда дәрігер кадрлардың тапшылығын 67%-ға – 312-ден 101 маманға дейін қысқартуға қол жеткізілді.Ақ халаттылардың еңбегінің арқасында соңғы 3 жылда өлім-жітім көрсеткіштері азайды. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 72,67-ден 74,94 жасқа дейін артты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1243588?lang=ru
«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді 05.07.2026
«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды.Қаулыға сәйкес, партияның III кезектен тыс Съезі 2026 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында өтеді.  Съезге дайындық жұмыстары басталды. Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері, басшылық органдарының мүшелері және өзге де қонақтар қатысады.
Ауылдық округтерінің есепшілеріне дәріс өткізілді 05.07.2026
Бүгін, 19 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында облыстың ауылдық округтерінің есепшілеріне дәріс өткізілдіДепартаменттің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина  2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді, оның ішінде жеке табыс және әлеуметтік салықтарға, көлік салықтарына және басқа да жаңалықтарға енгізілген өзгерістермен таныстырды.Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетуді көздейді. Өткізілетін есеп түрлері азайып, цифрлы сервистер енгізілді. Бұл ашық және тиімді жұмыс істеу арқылы кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды. «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек. Акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады. Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. Наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет  - сейсенбі, бейсенбі  сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Акция аясында консультацияларды кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтуде.Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1243572?lang=ru
70 жедел жәрдем көлігі табысталды 05.07.2026
Алматы облысында медицина қызметкерлері күні мерекеленді. Іле ауданында өткен салтанатты іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтағы медициналық мекемелерге 70 санитарлық жедел жәрдем көлігін табыстап, өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Алматы облысында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 38 медициналық нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Сонымен қоса медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 347 бірлік заманауи медициналық техника сатып алынған. Соның нәтижесінде өңірдегі медициналық ұйымдардың жабдықталуы 93 пайызға жеткен.«Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде өңірдің денсаулық сақтау саласы нақты нәтижелерге қол жеткізді. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2022 жылғы 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша нәресте шетінеуі 25,5%-ке төмендеді. Бұл көрсеткіштердің барлығы өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздерге халық денсаулығын сақтау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Атаулы күн аясында денсаулық сақтау саласының үздік мамандарына құрмет көрсетілді. Айталық, Балқаш аудандық орталық ауруханасының неонатолог дәрігері Қарылғаш Тәжібаева мен Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының педиатр дәрігері Зорям Юсуповаға «Құрмет» ордені табысталды. Сонымен қоса, елеулі еңбек еткен емдеу қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілеріне, ҚР Денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталарына ие болды. Жиын барысында «Үздік стационар дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік жедел медициналық көмек дәрігері» сынды 12 номинация бойынша осы жылдың ең үздік медицина қызметкерлері марапатталды. Осылайша, «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» деп бағаланды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.Жедел-жәрдем стансасына берілген сі жаңа көліктер лизинг шартымен сатып алынған. Оның отызы “С” санатындағы реанимобиль, ал қырық көлік “В”санатына жатады. Барлығы заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және шұғыл көмек көрсетуге бейімделген. Осылайша, биыл Алматы облысының жедел медициналық жәрдем қызметі үшін сатып алынған 90 санитариялық автокөліктің барлығы пайдалануға берілді. Оның 20-сы жыл басында медициналық ұйымдарға тапсырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1243559?lang=ru
МКК салық төлеушілерге ықтимал алшақтықтар туралы Push-хабарлама жолдады 05.07.2026
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәуекелдерді азайту бойынша алдын алу жұмыстары аясында мынадай бағыттар бойынша ықтимал алшақтықтар анықталған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеуші кабинеті арқылы Push-хабарламалар жолдады:бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығын төмендету және (немесе) төлеуден босатуды заңсыз қолдану (101.04 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне;салық салудан босату немесе салықтың төмендетілген мөлшерін қолдану бөлігінде халықаралық шартты заңсыз қолдану (101.04 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне;бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша ҚҚС сомасын төмендету және (немесе) есептемеу (300.05 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне;ҚҚС сомасының есептелген салық сомасынан асып түсуін асыра көрсетуге әкеп соқтыратын, ҚҚС бойынша декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қате (300.05 СЕН) 2023-2025 жыл кезеңдеріне.      Хабарламаларда ықтимал алшақтықтарды анықтау алгоритмдерінің сипаттамасы, сондай-ақ ұсынылған мәліметтерді өз бетінше тексеру жөніндегі нұсқаулықтар қамтылған.     МКК салық төлеушілерге деректерді салыстырып тексеруді және қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жоюды ұсынады.      Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарламалар автоматтандырылған режимде жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1244395?lang=ru
Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару 05.07.2026
Салық органы салық төлеушіні қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде лицензиялауға жатпайтын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен:- Салық Кодексінің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;- барлық салық салу объектілерін және тіркеу деректерінде көрсетілген салық салуға байланысты объектілер есептен шығарылған жағдайларда шығарады. Лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттардың және лицензияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған мәліметтер негізінде жүргізеді. Салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде мынадай:- Салық Кодексінің 104-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің:- Салық Кодексінің 104-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;- Салық Кодексінің 104-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты Салық Кодексінде белгіленген ұсыну күнінен кейінгі күннен бастап үш айлық кезең ішінде ұсынбаған жағдайларда жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1243532?lang=ru
Дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама 05.07.2026
Дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешегін өтемеген кезде салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторына оның банктік шоттарындағы ақша есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылданғаннан кейін өндіріп алу қолданылғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1243526?lang=ru
Қостанай облысының әкімдігі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қайта әлеуметтендіру және қайталама қылмыстың алдын алуды күшейту жөніндегі шаралар, сондай-ақ мал ұрлығына байланысты мәселелерді талқылады 05.07.2026
Облыс әкімінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алдын алу жұмыстарын үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің, мемлекеттік органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста екі мәселе, қайталанған қылмыстың алдын алу және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ мал ұрлығына қарсы іс-қимыл және ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаюдың алдын алу мәселелері қаралды.Бірінші мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға азаматтардың осы санатын атаулы сүйемелдеуді қамтамасыз ету, олардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.Екінші мәселе бойынша жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты күшейту, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және жол жүрісі қауіпсіздігіне, ауыл шаруашылығы алқаптарының сақталуына және қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін малдың бақылаусыз жайылуына жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілген.Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі ведомствоаралық жұмыстың басым бағыттары айқындалды, құқық бұзушылықтар профилактикасының тиімділігін арттыруға және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1243489?lang=ru
Жалпыға бірдей белгіленген режимнен кейін жеңілдетілген режим: тек 1 жылдан кейін 05.07.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режиміне көшу тәртібі өзгертілді.Егер салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған болып, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне өткен жағдайда, ол қолданылатын салық режимі туралы хабарлама тапсыру арқылы қайтадан жеңілдетілген декларацияға өте алады.2026 жылы жеңілдетілген декларацияны қолданып, кейін жалпыға бірдей белгіленген режимге өткен салық төлеушілер үшін жеңілдетілген декларацияға қайта көшу екі шарттың бір мезгілде сақталуы кезінде жүзеге асырылады.Біріншіден, жалпыға бірдей белгіленген режим кемінде бір күнтізбелік жыл бойы қолданылуы тиіс.Екіншіден, жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданудың соңғы күнтізбелік жылындағы жиынтық жылдық табыс жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға арналған шекті табыс мөлшерінен аспауға тиіс. 2026 жылы бұл шек 2 млрд 595 млн теңгені құрайды.Салық төлеушілерге салық режимін таңдау кезінде осы талаптарды ескеру және тиісті хабарламаны уақытылы ұсыну ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1243477?lang=ru
Салық базасын ұлғайту жүйелі жұмысты қажет етеді 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында Жосалы кентіндегі «Руханият орталығында» аудан активінің жиыны өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен алдағы міндеттер талқыланды.Аймақ басшысы бірқатар өзекті мәселеге тоқталып, салық базасын ұлғайту, шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізу, су үнемдеу технологияларын енгізу, құрылыс сапасын бақылауды күшейту және газдандыру деңгейін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.«Ауданның қаңтар-мамыр айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде салық базасын ұлғайту ерекше маңызға ие. Кент және ауылдық округ әкімдері осы ретте жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Ішкі мүмкіндіктер мен экономикалық әлеуетті тиімді пайдалана отырып, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алу қажет.2023 жылдан бері күріш егісінің көлемі 1 158 гектарға қысқарды. Ауданда 33 шаруашылық каналы бар болса, соның 9-на жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық беруді тапсырамын. Жобаларды әзірлеп, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жұмыс жасаңыздар», – деді облыс әкімі.Кейінгі төрт жылда Қармақшы ауданында 267 пәтер берілген. Тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады. Жауапты басшылар құрылыс сапасына бақылауды күшейтуі керек.Қармақшыда газдандыру көрсеткіші 79,2 пайыз, бүгінде Иіркөл және Төребай би ауылдарына табиғи газ қосу қарқынды жүргізілуде. Аймақ басшысы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, басқа ауылдарға да кезең-кезеңімен газ жеткізуді тапсырды.«Жасыл даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен өңірде 98,7 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылуда. Қармақшы ауданында «Грин Орда Проект» серіктестігінің жобасы жоспарланған. Алдағы уақытта жұмыс қарқынын арттырып, екінші кезең сараптамасына құжат тапсыру керек.Бұдан бөлек, жауапты тұлғаларға қоғамдық тәртіпті нығайту және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.Кездесуде тұрғындар мен ауыл ақсақалдары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.Осы сапарда аймақ басшысы қармақшылық үздік оқушылармен кездесіп, олардың ұстаздарымен бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдарын және заманауи технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырған тың жобаларының көрмесін тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1243578?lang=ru
Төребай би ауылын газдандыру қарқын алды 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Қармақшы ауданына жұмыс сапары кезінде Төребай би ауылының тұрғындарымен кездесіп, газ желісін тарту жұмыстарының барысымен танысты.Осы уақытта құбыр мен ішкі тарату желілері жүргізілуде. «Asia Story KZ» және «Grand Structure Engineering» серіктестіктері қолға алған жобаға 479,5 млн теңге бөлінген.Ауылдарға «көгілдір отын» жеткізу Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023-2030 жылдарға арналған бас схемасына, Қызылорда облысын газдандырудың 2023-2027 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарына сүйеніп атқарылуда.Өткен жылдың қорытындысымен өңірді газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті. Бүгінде 4 қала және 56 елді мекен табиғи газға қосылған.Биыл 14 жобаны іске асыруға 4,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2-еуі – өтпелі, 12-сі – жаңа жоба, 10 елді мекен тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша газдандырылған елді мекен саны 66-ға, газбен қамту 85 пайызға дейін артады.Газдандыруды одан әрі жалғастыру үшін 15 млрд теңгенің 9 жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Қолдау тапқан соң қосымша 11 ауылды табиғи газға қосу жоспарланған.Бұдан бөлек, «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасымен Жаңақорған ауданындағы 6 елді мекенді газдандыру көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1243576?lang=ru
Сирек жер металдары күн тәртібінде: Корея Республикасында геологиялық барлау, стратегиялық шикізат өндіру және бірлескен ғылыми зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды 05.07.2026
Тэджон, 2026 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Кореяның Геологиялық зерттеулер және минералдық ресурстар институтының (KIGAM) президенті И Гюн Квонмен кездесті.Кездесу барысында тараптар геология, жер қойнауын пайдалану, критикалық минералдар және ғылыми-технологиялық зерттеулер салаларындағы Қазақстан мен Корея арысындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Елші А.Исенали елімізде минералдық-шикізат кешенін дамыту, геологиялық барлау жұмыстарына озық технологияларды тарту және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастық үшін жасалып жатқан бастамалар туралы айтты.Сонымен қатар, кездесуде сирек жер металдары секторындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды. Атап айтқанда, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және стратегиялық шикізатты жеткізудің орнықты тізбектерін қалыптастыру тұрғысынан өзара қызығушылық тудыратын Шығыс Қазақстан облысындағы «Бакенное» кен орны бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.И Гюн Квон Қазақстанның Еуразиядағы жетекші мемлекеттердің бірі әрі Корея Республикасының минералдық ресурстар саласындағы маңызды серіктесі екенін атап өтіп, геологиялық барлау, критикалық минералдар және стратегиялық шикізатты жеткізудің тұрақты тізбектерін қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және геология ғылымын дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге, сондай-ақ критикалық минералдар саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайдығын растады.Кездесу нәтижесі бойынша тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарланған сапары екі елдің геология саласындағы ынтымақтастығын дамытуға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.KIGAM геология, минералдық ресурстар, геологиялық барлау, критикалық минералдар, жер қойнауын орнықты игеру технологиялары және геологиялық деректерді цифрландыру салаларындағы Кореяның жетекші мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты болып табылады. Институт стратегиялық шикізатқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұлттық стратегияны іске асыруда маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1243450?lang=ru
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, «Облыста еріктілікті насихаттау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «WorkCamp-2026» облыстық жастар слеті өтті. 05.07.2026
WorkCamp-2026 слетіне облыстың түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі 100 үздік жас қатысты. Олар мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсынысы негізінде іріктеліп, кәсіби жетістіктері, қоғамдық белсенділігі және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін слетке арнайы шақырылды. Қатысушылар қатарында өндіріс, мемлекеттік қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, медиа, кәсіпкерлік және қоғамдық сектор өкілдері болды.Барлық ұсыныстар мен сұрақтар жүйеленгеннен кейін Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Алимбек Туралиев жастармен ашық диалог алаңында кездесті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Басқарма басшысы жастардың пікірлері мен тілектерін тыңдап, өңірде жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ жастар саясаты саласындағы жаңа мүмкіндіктер, қолдау тетіктері, мемлекеттік бағдарламалар мен алдағы жоспарлар жөнінде айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. WorkCamp-2026 қатысушылар үшін жаңа таныстықтар орнатуға, түрлі сала өкілдерімен тәжірибе алмасуға және болашақ бірлескен бастамалардың негізін қалауға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысында слет қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталып, белсенділік танытқан жастар «Үздік коммуникатор», «Жастар серпіні», «Слет көшбасшысы», «WorkCamp таңдауы» және өзге де номинациялар бойынша марапатталды. Айта кету керек, WorkCamp-2026 – Ақтөбе облысында алғаш рет ұйымдастырылған өңірлік жастар слеті. Оның басты ерекшелігі – түрлі саладағы үздік жастарды бір алаңға жинап қана қоймай, олардың ұсыныстары мен бастамаларын тыңдап, мемлекеттік органдармен тікелей талқылауға мүмкіндік бергенінде. Бұл өз кезегінде жастар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, жаңа идеялар мен нақты бастамалардың қалыптасуына жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1243384?lang=ru
Конфессияаралық диалог жөніндегі халықаралық конференция тұрақты бейбітшілік, жасанды интеллект этикасы және климаттық өзгерістер мәселелерін талқылады 05.07.2026
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы (ICIID) «Діни көшбасшылардың тұрақты бейбітшілік пен дамуға қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді.Іс-шара барысында Орталық халықаралық серіктестерге екі тұжырымдамалық құжатты ұсынды: «Жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі этикалық кодекс» және «Діндердің климаттық өзгерістермен күрестегі рөлі».Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістаннан діни ұйымдардың, академиялық институттардың, сараптамалық қауымдастықтардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Қатысушылар 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін дамыту тұжырымдамасын (2023–2033) іске асыру мәселелерін талқылады.Негізгі тақырыптар:жасанды интеллектті этикалық реттеу,цифрлық радикалдануға қарсы іс-қимыл,діндердің климаттық өзгерістерге қосқан үлесі,конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту.Спикерлер диалогтан нақты іс-қимылға көшу қажеттігін атап өтіп, жаңа технологияларға қатысты этикалық негіздерді дамыту және климаттық сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру маңыздылығын ерекше белгіледі.Жастардың рөлі мен білім беру бастамалары өзара түсіністік пен сенімді нығайтудың және радикализацияның алдын алудың негізгі факторы ретінде қарастырылды.Конференция қорытындысында қатысушылар конфессияаралық ынтымақтастықты тұрақты бейбітшілікті нығайтудың маңызды құралы ретінде одан әрі дамытуға және білім, технология этикасы мен әлеуметтік тұрақтылық салаларындағы практикалық әріптестікті кеңейтуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1243364?lang=ru
Аудандық мәдениет үйінде Әкелер күні аталып өтті 05.07.2026
17 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Әкелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке – ер азаматтың отбасындағы, бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін айқындап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған ерекше күн.Шара барысында қатысушыларды «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ольга Александровна Нұрғалиева құттықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің еңбегі, жауапкершілігі мен өнегелі үлгісінің маңыздылығына тоқталды.Мереке аясында аудан әкімінің орынбасарының Алғыс хаттарымен еңбегімен, белсенді өмірлік ұстанымымен және отбасына деген қамқорлығымен көпшілікке үлгі болып жүрген ардақты әкелер марапатталды.Мерекелік көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарламада аудан өнерпаздары әкеге, отбасыға және отбасылық құндылықтарға арналған әндерін орындады. Көрермендерге Марк Забелин, Асан Әнуарбек, Танатқан Жүрсін және Дариға Айсағалиева өз өнерлерін тарту етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1243317?lang=ru
Ақжар ауылындағы шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Қармақшы ауданына жұмыс сапарында Ақжар ауылындағы «Шакизада» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты.Шаруа қожалығы 2005 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 50 гектар күріш, 77 гектар ескі жоңышқа, 0,5 гектар бақша және 70 гектар дән жүгері еккен. Мұнда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Биыл Қармақшы ауданында 25 130 гектарға дақылдар егілді. Көктемгі егіске 21 ауыл шаруашылығы құрылымына 1 611,5 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.Су үнемдеу технологияларын 600 гектар алқапқа, атап айтқанда, 19 гектарға тамшылатып суару, 581 гектар мал азықтық дақылдарына жаңбырлатып суару тәсілі қолданылады.Ұжымдық бақша жобасы аясындағы 420 гектарға 960 отбасын орналастыру жоспарланып, 260 гектар бақша, 63 гектар көкөніс және 97 гектар картоп егілді.Айта кетейік, биыл өңірде 185,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш егісінің көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылған.Ерте егілетін дақылдар, атап айтқанда, 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы, 873 гектар судан шөбі, 409 гектар сүрлемдік жүгері, 373 гектар соя, 120 гектар мал азықтық асқабақ, 326 гектар тары, 1 338 гектар картоп, 6 687 гектар көкөніс және 8 501 гектар бақша егілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1243567?lang=ru
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді 05.07.2026
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1251915?lang=ru
Құрылыс сапасына қатысты мәселелер талқыланды 05.07.2026
ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасына қатысты мәселелер талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мемлекет басшысының құрылыс сапасын арттыру, нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану тапсырмасы бар. Жиында құрылысқа бақылауды күшейту, техникалық және авторлық қадағалау институттарының жауапкершілігін арттыру, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою мәселелері қаралды.Премьер-министрдің бірінші орынбасары ақауларды жою барысында көзбояушылыққа жол берілмейтінін атап өтті. Құрылыс сапасы жобалау кезеңінен бастап құрылыс-монтаждау, пайдалануға қабылдау, техникалық және авторлық қадағалау, кепілдік міндеттемелердің толық орындалуына дейінгі барлық кезеңде қамтамасыз етілуі тиіс.Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, автомобиль жолдары, абаттандыру объектілері, аула аумақтары, сыртқы жарықтандыру жүйелері, теміржол вокзалдары мен автовокзалдар құрылысына бақылауды күшейту қажет.Кемшіліктер мердігер ұйымдар қаражаты есебінен, кепілдік міндеттемелер шеңберінде, бюджет қаражатын жұмсамай жойылуы керек.Мәжілісте бақылауды күшейту және тапсырыс берушілердің, мердігер ұйымдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігін арттыру шаралары талқыланды.Кейінгі үш жылда аймақта құрылыс саласына бөлінген қаржы тұрақты өсіп, 2023-2025 жылдар аралығында 349,9 млрд. теңгеге жетті. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың сәулеттік келбеті мен ішкі дизайны алдын-ала келісіліп, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарының үйлесімділігі қамтамасыз етілуде.Жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы үшін барлық нысан тұрақты бақылауға алынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1243282?lang=ru
Көше-жол желісін жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде 05.07.2026
Биыл көше-жол желісін жөндеу және абаттандыру жұмыстарына 5,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде орташа жөндеуге – 3,1 млрд теңге, жолдарды ағымдағы жөндеуге – 517 млн теңге, ал аула аумақтарын жаңғыртуға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылды.Соңғы жылдары облыс орталығындағы 550 ауланың 515-і жаңартылып, бұл көрсеткіш 94 пайызды құрады. Қазіргі уақытта 35 нысанда жұмыстар жалғасуда. Барлық нысандарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде аулаларды жаңарту бағдарламасы толық аяқталуға жақындайды.Тұрғын үй алаптарындағы аула аумақтарына да ерекше көңіл бөлінуде. Амангелді тұрғын үй алабында жалпы көлемі 28 мың шаршы метрді құрайтын аула аумақтарын асфальттау жұмыстары толық аяқталды.Әрбір жоба сапалы орындалып, тұрғындардың сұранысына толық сәйкес болуы басты назарда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1243260?lang=ru
Өскеменде халықаралық Pro Молоко’26 агроөнеркәсіптік форумы басталды 05.07.2026
Өскеменде халықаралық Pro Молоко’26 агроөнеркәсіптік форумы басталды18 маусым күні Өскемен қаласында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жетекші сарапшыларды, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктірген «Pro Молоко’26» 5-ші халықаралық форумы мен «QazaqSut» мамандандырылған көрмесі өз жұмысын бастады.Форум аясында қатысушылар сүт саласын дамыту, мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи ветеринариялық тәжірибелерді енгізу, шаруашылықтарды басқарудың цифрлық технологиялары және сүт өнімдерін қайта өңдеу перспективаларының өзекті мәселелерін талқылауда.Іс-шараға Қазақстан, Беларусь, Франция, Дания, Нидерланд, Түркия, Қытай және басқа да елдердің өкілдері қатысуда. Сарапшылар аграрлық секторды дамытуға арналған халықаралық тәжірибелерімен, табысты кейстерімен және инновациялық шешімдерімен бөлісуде.Форумда Беларусь Республикасының елшісі мен Франция елшілігінің атташесі сөз сөйлеп, өз елдерінің сүт саласы мен сүт өнімдерін өндірудегі жетістіктерін таныстырды.Сондай-ақ бағдарламада инвестициялық кездесулер, B2B-келіссөздер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, агротуризмді, омарташылықты және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелерін талқылау қарастырылған.Форумның өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, инвестициялар тартуға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1243248?lang=ru