Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, «Облыста еріктілікті насихаттау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «WorkCamp-2026» облыстық жастар слеті өтті.
Конституция

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, «Облыста еріктілікті насихаттау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «WorkCamp-2026» облыстық жастар слеті өтті.

05.07.2026 07:11:39 219

WorkCamp-2026 слетіне облыстың түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі 100 үздік жас қатысты. Олар мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсынысы негізінде іріктеліп, кәсіби жетістіктері, қоғамдық белсенділігі және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін слетке арнайы шақырылды. Қатысушылар қатарында өндіріс, мемлекеттік қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, медиа, кәсіпкерлік және қоғамдық сектор өкілдері болды.

Барлық ұсыныстар мен сұрақтар жүйеленгеннен кейін Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Алимбек Туралиев жастармен ашық диалог алаңында кездесті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Басқарма басшысы жастардың пікірлері мен тілектерін тыңдап, өңірде жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ жастар саясаты саласындағы жаңа мүмкіндіктер, қолдау тетіктері, мемлекеттік бағдарламалар мен алдағы жоспарлар жөнінде айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

WorkCamp-2026 қатысушылар үшін жаңа таныстықтар орнатуға, түрлі сала өкілдерімен тәжірибе алмасуға және болашақ бірлескен бастамалардың негізін қалауға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысында слет қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталып, белсенділік танытқан жастар «Үздік коммуникатор», «Жастар серпіні», «Слет көшбасшысы», «WorkCamp таңдауы» және өзге де номинациялар бойынша марапатталды.

 Айта кету керек, WorkCamp-2026 – Ақтөбе облысында алғаш рет ұйымдастырылған өңірлік жастар слеті. Оның басты ерекшелігі – түрлі саладағы үздік жастарды бір алаңға жинап қана қоймай, олардың ұсыныстары мен бастамаларын тыңдап, мемлекеттік органдармен тікелей талқылауға мүмкіндік бергенінде. Бұл өз кезегінде жастар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, жаңа идеялар мен нақты бастамалардың қалыптасуына жол ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1243384?lang=ru