Жаңалықтар
701.01 нысаны 04.07.2026
2026 жылф мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын ұсыну міндетті есептелген мүлік салығының сомасы 300 АЕК-тен (2026 жылғы АЕК – 4325 теңге болғанда 1 297 500 теңге) асқан жағдайда жеке кәсіпкерлерде (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда) және заңды тұлғаларда туындайды.Салық төлеушілердің өзге санаттары үшін 2026 жылы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын тапсыру міндеті алып тасталды.Есептік сома салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепте көрсетілген салық салу объектілерінің баланстық құнын салық мөлшерлемесіне көбейту арқылы айқындалады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 512- бабына сәйкес жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі алып тасталды. Осыған байланысты жер салығы бөлігінде 701.01 салық есептілігі нысанын ұсыну міндеті жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1242964?lang=ru
ДОМБЫРА ҮНІ ШЫМКЕНТТІ ТЕРБЕДІ 04.07.2026
Қадыр ақынның «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзі халқымыздың болмысын бір ауыз сөзбен айқындап бергендей. Домбыра қазақтың жаны, тарихы мен тағдырын, қуанышы мен мұңын, рухы мен дүниетанымын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті ұлттық аспап. Қос ішектен төгілген әрбір күй халқымыздың өткені мен бүгінінен сыр шертеді. Елімізде 2018 – жылдан бері шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Шымкентте Ұлттық домбыра күні сән-салтанатымен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары Шым қала тарихи-мәдени кешенінің Этноауыл аумағына жиналды. Ол жерде «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты шара өтті. Мерекелік шарада кітап көрмелері, қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрмелер қойылыпты. Келушілер халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысып, тамашалады. Сондай-ақ, домбыра жасау шеберлері шеберлік сағаттарын өткізіп, ұлттық қолөнердің қыр-сыры көрсетіліп, қазақы дәстүрдің үзілмес сабақтастығын көрсетті. Дәл осы алаң көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Өз ісінің майталмандары Дастан Шаменов, Нұрперзент Үсенов, Нұрлыбек Шәкенұлы, Ержан Шәкенұлы сынды белгілі шеберлер ұлттық аспапты жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Отыз жылдан астам уақытын домбыра жасауға арнаған Дастан Шаменов пен Нұрперзент Үсеновтің айтуынша, бүгінде ұлттық аспапқа деген сұраныс өте жоғары екен. «Домбыра – қазақтың жаны. Оның қадірі ешқашан төмендеген емес. Қазір домбыра үйренуге құмар, ұлттық өнерге қызығатын жастар көбейді. Соған сай ұлттық аспапқа деген сұраныс та жоғары» дейді шеберлер.Бүгін дәл осындай жастар, атап айтқанда,қала мектептерінен домбыра үйірмесінің 100-ден аса шәкірттері жиналып, жайылған қызыл кілем үстінде күй тартты. Күй тартып қана қоймай, шеберлердің тәлімді сабағын тыңдады. Шара барысында қолөнер иелері өз жұмыстарын таныстырып, ұлттық мұраны сақтаудың маңызын кеңінен насихаттады.Кештің тағы бір әсерлі сәті, домбыраны ерекше сезіммен күмбірлете шертіп отырған сары шашты шетелдік бойжеткен жұрт назарын бірден өзіне аударды. Ол 23 жасар Швециядан келген София Рова есімді қыз. София бес жыл бойы өз елінде интернет арқылы домбыра тартуды өз бетінше үйренген. Қазақтың күй өнеріне қызығушылығы артып, Қазақстанға арнайы келіпті. Оның басты мақсаты домбыраның тарихын тереңірек зерттеп, орындаушылық шеберлігін жетілдіру екен. Софияны Қазақстанмен байланыстыратын тағы бір ерекше жайт бар. Ол интернет арқылы қазақ жігітімен танысқан. Бүгінде қазақ досы Софияның ұлттық өнерге деген қызығушылығын қолдап, сапары барысында жанынан табылып жүр.Ұйымдастырушылар мерекелік іс-шараның Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне ену кезеңімен сабақтастырыла ұйымдастырылғанын атап өтті.Мерекелік кештің көркін «Шымкент концерт» концерттік ұйымының «Қаратау» фольклорлық ансамблі орындаған халық күйлері мен дәстүрлі әншілердің жанды дауыста шырқалған терме-толғаулары және халық әндері аша түсті. Этноауылдың самалы мен «Қаратау» ансамблінің репертуары өзара үйлесім тапқан, ашық аспан астында ерекше концерт өтті.Ұлттық домбыра күніне арналған мерекенің басты мақсаты қазақтың қасиетті аспабының тарихи әрі рухани құндылығын кеңінен дәріптеу, ұлттық мұраны жас ұрпақтың санасына сіңіру және күй өнеріне деген құрметті арттыру. Қос ішектен төгілген күмбір күй, қолөнердің көркі, ұлттық рух пен жастардың қызығушылығы тоғысқан бұл мереке тағы бір мәрте домбыраның қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттың жаны мен рухы екенін айқын аңғартты.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды. 04.07.2026
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1242927?lang=ru
18 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қармақшы ауданы және Төребай би ауылының тұрғындарымен кездеседі 04.07.2026
18 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қармақшы ауданы және Төребай би ауылының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242914?lang=ru
Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде 04.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қалалық мәдениет және демалыс саябағына барып, жазғы демалыс маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылған жұмыстармен танысты.Еске салсақ, саябақ өткен жылы 6,3 млрд теңгеге қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілген болатын. Жалпы аумағы 6 гектар нысан құрылысын «Bi Global» ЖШС жүргізді. Қазір мұнда 21 аттракцион келушілерге қызмет көрсетуде.Саябақты аралап шыққан аймақ басшысы аттракциондардың техникалық жай-күйін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Жауапты сала басшыларына келушілердің қауіпсіздігін басты назарда ұстауды, аттракциондарды техникалық тексерістен тұрақты өткізуді, қоғамдық тәртіп пен профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, тазалық сақтауды және абаттандыруды тапсырды. «Ең бастысы – балаларымыздың қауіпсіздігін басты назарда ұстаңыздар. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы, айнала таза болуы тиіс. Әрбір аттракционның қасында техника қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы нұсқаушы маманның барлығын жіті қадағалап тұруы өте маңызды. Қызметкерлерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілуі қажет. Сондай-ақ тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қауіптің алдын алады», – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242909?lang=ru
Төртжақты меморандумға қол қойылды 04.07.2026
Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Абайбек Жүнісов Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында халықаралық білім беру саласындағы маңызды құжатқа қол қойды.Төртжақты ынтымақтастық туралы меморандум Қызылорда облысының білім басқармасы, Чунцин электрондық ғылым және технологиялар кәсіптік университеті, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі және «Чунцин баспасы» компаниясы арасында жасалды.Аталған келісім техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және еңбек нарығына қажетті маман даярлауға бағытталған.Меморандум аясында тараптар оқытушылар мен студенттер алмасады. Қытайда білім алатын шетелдіктерді даярлау жүйесі дамиды, бірлескен оқу-тәжірибе орталықтарын, мамандандырылған шеберханалар құру көзделген. Екі тілде оқулықтар мен заманауи цифрлық білім беру ресурстары әзірленеді. Сонымен қатар «Қытай тілі + кәсіптік дағдылар» бағдарламасы енгізіледі. Өндірістік тәжірибеден өту, түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтіліп, білім беру мен өндірісті ықпалдастыратын халықаралық жобалар іске асады.Сапар Чунцин қаласындағы келіссөздермен жалғасып, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесу өткізу жоспарланған. Бұл жаңа бастамалар мен бірлескен жобаларға жол ашпақ.Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының және Үкіметтің ерекше қолдауымен аймақтың білім беру саласында 46 заманауи нысан ел игілігіне табысталды. Олардың қатарында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Қызылорда қаласында бой көтерген еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» да бар. Бүгінде орталық жастардың кәсіби дағдыларын шыңдауына, тұрақты жұмыспен қамтылуына оң ықпалын тигізіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242894?lang=ru
🚨 САЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРІ – 2026: БИЗНЕС ҮШІН 10 НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІС 04.07.2026
2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық бақылау және салықтық тексерулер жүргізу тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі.📌 Негізгі жаңалықтар:✅ 1. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ұғымы алынып тасталдыЕнді салықтық бақылау тек салықтық тексеру нысанында жүзеге асырылады. Ерекше жағдайлар Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тексерулерге қатысты қолданылады.✅ 2. Салықтық тексеру тағайындау негіздері қысқартылдыТексеру жүргізу негіздерінің саны 12-ден 4-ке дейін азайтылды.✅ 3. Тақырыптық тексерулер бойынша мәселелер тізбесі кеңейтілдіЖаңа Салық кодексінің 156-бабында тақырыптық тексерулердің 35 мәселесі жүйелендірілді (бұрын – 22).✅ 4. Кешенді тексерулер салықтық жүктеме коэффициентіне байланысты тағайындаладыКешенді тексеру жүргізу үшін салықтық жүктеме коэффициенті (СЖК) тиісті қызмет түрі мен өңір бойынша жоғарғы көрсеткіштің кемінде 90%-ын құрауы тиіс.✅ 5. Нұсқама 3 жұмыс күні ішінде табысталуы тиісТексеру тағайындау туралы нұсқама шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде салық төлеушіге тапсырылуы қажет.✅ 6. Нұсқамаға шағымдану тексеруді тоқтатпайдыСалық төлеуші нұсқамаға шағым берген жағдайда да тексеру жалғаса береді.✅ 7. Құжат айналымы электрондық форматқа көшіріледіНұсқамадан басқа барлық құжаттар салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде жолданады.✅ 8. Құжаттарды ұсыну мерзімдері қысқартылды* Негізгі мерзім – 10 жұмыс күні;* Құжаттар болмаған жағдайда – 30 жұмыс күні.Шағын және микро бизнес субъектілеріне құжат талап ету екі реттен артық жолданбайды.✅ 9. Тексеру жүргізу мерзімдері шектелдіМикро, шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты салықтық тексерудің жалпы мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.Ерекшеліктер:* ірі кәсіпкерлік субъектілері;* халықаралық келісімдер шеңберінде шетел мемлекеттеріне сұрау салу жағдайлары.✅ 10. Талап қою мерзіміне қатысты өзгерістерНұсқама табысталған сәттен бастап талап қою мерзімінің өтуі тексеру аяқталғанға дейін тоқтатылады.Сонымен қатар, талап қою мерзімі аяқталуына 30 күнтізбелік күннен аз уақыт қалғанда салықтық тексеру тағайындауға жол берілмейді.📌 Аталған өзгерістер салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға, тексеру мерзімдерін қысқартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1242898?lang=ru
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді 04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени бағдарлама ұйымдастырылып жатыр. Оның аясында концерттер, фестивальдер, күйші және домбырашылар байқаулары, көрмелер, ғылыми конференциялар, музейлер мен кітапханалардағы арнайы жобалар, шығармашылық кездесулер мен танымдық іс-шаралар бар.Еліміз бойынша 2000-нан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде 20-ы республикалық, 98-і облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Қалған іс-шаралар аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ жергілікті мәдениет ұйымдарында өтеді. Мерекелік іс-шараларға 2 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. 2018 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.Биылғы мереке жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жаңарған Ата заң халықтың бірлігін бекемдеп, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны ұлықтайтын мемлекеттік дамудың жаңа кезеңіне жол ашты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраның ұлттық мәдениетті сақтаудағы маңызына тоқталған болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күні қазақ халқының болмысын айшықтап, жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеретін маңызды мереке екенін атап өтті.Президент өз сөзінде: «Нағыз қазақ – домбыра», – деп, қасиетті домбыра Қазақстанның әлемге танылатын бірегей брендіне айналуға тиіс екенін айтты.Мерекелік іс-шаралар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыста өтеді. Кәсіби шығармашылық ұжымдардың, ұлттық аспаптар оркестрлерінің және жас орындаушылардың қатысуымен концерттер, фестивальдер мен бұқаралық мәдени жобалар ұйымдастырылады.5 шілдеде Астана қаласындағы Амфитеатрда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Алматыда мерекелік бағдарламалар бірнеше ашық алаңда өткізіледі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Арбатта, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында және Орталық саябақта өнер көрсетеді. Ал Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Күмбірле, домбыра, Жасай бер, Астана» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.Шымкент қаласында мерекелік концерт «Шым Сити» саябағында өтеді. Биылғы мерекенің халықаралық бағдарламасы да ауқымды. Ұлттық домбыра күні Қытай астанасы Бейжіңде де аталып өтеді. Лянма өзенінің жағалауында Қазақстанның мәдени орталығы ұйымдастыратын Dombra Party іс-шарасында шетелдік көрермендерге қазақтың дәстүрлі өнері таныстырылады.Республикалық деңгейдегі негізгі іс-шаралар қатарында Түркістан облысында өтетін «Күй құдіреті» күйшілер байқауы, Қызылорда облысындағы III республикалық «Сыр толқыны» күйшілер байқауы, Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсемқоңыр» республикалық домбырашылар байқауы және Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылатын V халықаралық «Quzyljar Music Fest» фестивалі бар.4 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өтетін республикалық #dombrakuni челленджі мерекелік бағдарламаның мазмұнын айшықтай түседі. Челленджге қатысушылар әлеуметтік желілерде ұзақтығы бір минутқа дейінгі домбыра үні, ұлттық өнер мен мерекелік көңіл күйді дәріптейтін бейнероликтерді #dombrakuni хэштегімен жариялай алады.
Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды 04.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізіліп, облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселелер мен ауданның дамуына қатысты өзекті бағыттар қаралды.Күн тәртібінде теміржол саласын дамыту және инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы талқыланды. Осыған сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмасы және облыс әкімінің қолдауымен жүргізіліп жатқан Жосалы мен Төретам кенттерінің теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысы сараланды. Бұл бағытта жауапты сала басшылары мен кент әкімдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндап өтті.Жандос Еркінбек: «Вокзал инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жаңғырту, аумағын толық абаттандыру және барлық жөндеу жұмыстарын бекітілген мерзімде, жоғары сапада орындалуын қамтамасыз етіңіздер,- деп бірқатар тапсырмалар берді.Күн тәртібінде облыстық маңызы бар «Жалағаш – Жосалы» автомобиль жолының 46 км теміржол арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарының барысы да қаралды. Бұл бойынша жобаның сапалы орындалуы мен белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.Жалпы 2026 жылдың бес айының қорытындысымен аудан бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамика қалыптасып отыр. Алдағы уақытта да барлық көрсеткіштерде оң динамиканы сақтау және жоспарланған межелерге қол жеткізу бағытында тапсырмалар берілді.Сондай-ақ аудан аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал назардан тыс қалмады. Жандос Еркінбек Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, аудандық ветеринариялық станциясына, кент, ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, аулалар мен мал қораларын тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды және кенеге қарсы профилактикалық шараларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.Барлық жауапты мекемелер мен сала басшыларына берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1242856?lang=ru
Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу рәсімі өтті 04.07.2026
Бүгін Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және спорт кешенінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған жас спортшылардың басын қосқан байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.– Сыр елінің қасиетті топырағына еліміздің әр аймағынан келген жас спортшыларды қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Чемпионатқа 300-ге жуық спортшы қатысуда. Бұл жас буын арасындағы достықты дәріптейтін маңызды дода. Соңғы төрт жылда ауданымызда спорт инфрақұрылымын дамытуға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталып, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде халықаралық ареналарда көк Туымызды желбіретіп жүрген жерлестеріміздің қатары артып келеді. Бүгінгі жарысқа қатысып отырған талантты жастардың арасынан болашақта Қазақстанның намысын әлемдік додаларда қорғайтын чемпиондар шығатынына сенімдімін, – деді Жандос Еркінбек.Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Жанболат Зарлыханұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пак құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.Іс-шара аясында аудан басшысы ауыр атлетикадан Әлем және Азия чемпионы, жерлесіміз Ерасыл Саулебековті «Қармақшы арланы» белдігімен марапаттады. Сондай-ақ спорт саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Спорт жанашыры» төсбелгісі табысталды.Салтанатты іс-шара спортшыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламаға ұласты. Аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, көрермендерге рухани әсер сыйлады.Айта кетсек ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты Қармақшы ауданында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсеке 16–23 маусым аралығында жалғасып, мұнда еліміздің чемпиондары анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1242859?lang=ru
Погондағы әкелер: ұландықтар балаларын қалай тәрбиелейді 04.07.2026
Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда ер адамның отбасындағы, балаларды тәрбиелеудегі және дәстүрлі құндылықтарды нығайтудағы маңызды рөлін көрсететін мереке — Әкелер күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері үшін бұл күн ерекше маңызға ие, өйткені олар күн сайын тек Отанның ғана емес, өз отбасыларының да қорғаушысы болып келеді.Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында 1700-ден астам көпбалалы отбасы бар. Солардың бірі — 5573 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Әділбек Болатхановтың отбасы.Офицер құқықтық тәртіп әскерінің сапында 20 жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның төрт қаласында қызмет атқарған. Шаңырақ иесі осыған байланысты отбасымен бірге тұрғылықты жерін бірнеше рет өзгертті. Әскери қызметтің қоныс аударуы мен ерекшеліктерінде кездескен барлық қиындықтарға қарамастан, жұбайы сенімді серік боп, жолдасын әрдайым қолдай білді және үйдегі жайлылықты қамтамасыз етті. Өзара түсіністік пен отбасының қолдауы офицердің Отанға қалтқысыз қызмет етуіне мүмкіндік берді.Әскери қызмет жоғары жауапкершілікті жәнк тәртіпті талап етеді, десек те кейімкеріміз бала тәрбиесінің маңызды міндет болып қала беретініне сенімді.- Әке болу — үлкен жауапкершілік. Біз балаларымыздың бізге қарап бой түзегенін қалаймыз, олар үшін үлгі болуға тырысамыз. Әскери қызмет маған тәртіп пен табандылықты, ал әке болу — мейірімділік пен шыдамдылықты үйретті, — дейді подполковник Әділбек Болатханов.6636 әскери бөлімінің сержанты Махамбет Байжігітов отбасына және қызметтік борышына адалдықтың тағы бір мысалы болып табылады. Әріптестерінің арасында ол байланыс маманы және жауапты әскери қызметші ретінде лайықты құрметке ие. Жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп, отбасының амандығын, ұлдары мен қыздарының жетістіктерін өмірдегі басты жеңісім деп санайды.Көп балалы әке балаларды спорт арқылы тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Қызметтен бос уақытында ол ұлдарын қазақ күресі бойынша жаттықтырады. Перзенттеріне ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті, тәртіпті, қарсыласын құрметтеуді және жеңісжолында жігерлі болуды үйретеді. Сержанттың айтуынша, спортпен шұғылдану балаларға мінез-құлық пен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі.Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мемлекеттің сенімді тірегі бола отырып, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін, еңбекке деген құрмет пен отбасылық құндылықтарға адалдықты тәрбиелейтін қамқор әке болып қала береді."Отан қорғаушы = отбасының қорғаушысы"! Бұл көптеген әскери әкелерді тек қызметте ғана емес, күнделікті өмірде де суреттейтін қағида. Дәл осындай әкелер өз балаларына үлгі болып, отбасы институтын нығайтуға және Қазақстанның болашақ ұрпағын тәрбиелеуге елеулі үлес қосуда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1242854?lang=ru
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды 1 шілдеден 31 шілдеге дейін. 04.07.2026
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды 1 шілдеден 31 шілдеге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1242833?lang=ru
Қазақстан мен Бразилия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды 04.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 17 маусым - Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің Бразилия Ұлттық Конгресі Федералдық сенаторы, «Бразилия-Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Чико Родригеспен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, оны одан әрі тереңдетуге өзара мүдделіліктерін растады.Қазақстан Елшісі сұхбаттасушысын елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, соның ішінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, алдағы бір палаталы Құрылтай сайлауы және «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрамын қалыптастыру үдерісі жөнінде хабардар етті. Аталған өзгерістер елдің саяси дамуындағы маңызды кезеңге айналып, негізгі мемлекеттік институттарды кешенді жаңғыртудың қорытынды сатысы болатыны атап өтілді.Бразилия сенаторы Қазақстандағы конституциялық реформаларға жоғары баға беріп, ел мен Қазақстан халқына алдағы Құрылтай сайлауында табыс тіледі. Кездесу соңында тараптар ағымдағы жылы олардың жаңартылған құрамын ескере отырып, Қазақстан мен Бразилия парламенттерінің достық топтарының кезекті бірлескен отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады.Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Қазақстан – Бразилия» достық тобы мен Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық конгресі Федералдық сенатының «Бразилия - Қазақстан» достық тобының алғашқы отырысы 2021 жылғы 13 қыркүйекте бейнеконференция форматында өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, «Қазақстан - Бразилия» достық тобының жетекшісі Дәурен Әділбеков басқарды. Бразилия тарапынан «Бразилия - Қазақстан» достық тобының жетекшісі, Федералдық сенаторы Чико Родригес қатысты.Достық топтарының екінші отырысы 2023 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Қазақстан тарапын ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов, ал Бразилия тарапын Бразилия Ұлттық конгресі Федералдық сенаторы Чико Родригес басқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1242824?lang=ru
Шомылуға тыйым салынған белгіні орнату және ағаштарды кесу бойынша жұмыстар 04.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1242827?lang=ru
Ойын алаңын тазалау жұмыстары 04.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/1242828?lang=ru
Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық талқыланды 04.07.2026
Бразилиа, 2026 ж. 17 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «NUCLEO Brasil» компаниясының Президенті Ней Занелламен кездесті.Тараптар ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға, консалтинг, уранды барлау мен өндіруге өзара қызығушылықтарын атап өтті. Қазақстан Елшісі, Бразилия атом электр стансаларына қазақстандық уранды жеткізу бойынша екі елдің ұзақ мерзімді және табысты ықпалдастығына назар аударды.Қазақ дипломаты сұхбаттасушыға елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде Қазақстандағы атом өнеркәсібінің дамуы, сондай-ақ Қазақстанның алғашқы атом электр стансасын салу жоспарлары жайында баяндады.Сұхбаттасушы ү.ж. 27-29 мамырда Астанаға сапарының нәтижелері жөнінде хабарлап, оның барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен ядролық салада тәжірибе алмасуда ынтымақтастық және бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілгені туралы хабарлады. Кездесу соңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен өзара мүдделік тудыратын бірқатар салалар бойынша, соның ішінде қазақстандық және бразилиялық мамандардың қатысуымен диалогты жалғастыру және қазақстандық компанияның Бразилияға сапарын ұйымдастыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілді.Анықтамалық: Сан-Паулуда орналасқан «Núcleo Brasil Energia Participações» (NBEPar) жекеменшік компаниясы 2024 жылы термоэлектрлік энергетика саласында жұмыс істейтін «Diamante Group» компаниясының ядролық секторын құрылымдау үшін құрылған. Компания Бразилиядағы ядролық энергиямен жабдықтау тізбегін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жекеменшік компаниялармен серіктестік орнатып жатыр.Ней Зенелла - ядролық энергетикамен айналысатын бразилиялық мемлекеттік компаниялардың (INB, Amazul) бұрынғы директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Бразилияда қазіргі уақытта екі атом электр стансасы жұмыс істейді: Ангра-1 және Ангра-2.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1242804?lang=ru
Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірі ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылауда 04.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 17 маусым – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Брюссель астаналық өңірінің Министр-президенті Борис Дильеспен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірі арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық байланыстарға, инвестицияларға, цифрландыруға, инновацияларға және өңіраралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.Р. Василенко Бельгияның Қазақстан үшін маңызды саяси әрі экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 583 млн АҚШ долларына жетіп, 28%-ға артқаны, ал Бельгияның Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының жалпы көлемі 14,5 млрд АҚШ долларынан асқаны атап өтілді. Бұл көрсеткіш Бельгияны еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына қосады.Инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы тұрғыда тараптар Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірінің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ инвестицияларды және шағын және орта бизнесті қолдау институттары арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.Келіссөздердің жеке блогы цифрландыру, инновациялар және жасанды интеллект мәселелеріне арналды.Тараптар сондай-ақ «ақылды қалаларды» дамыту, цифрлық басқару және қалалық инфрақұрылым мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы контексте Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын басқаруға арналған «Сергек» зияткерлік жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе еліміздің ірі қалаларында табысты түрде енгізілуде.Б. Дильестің Брюссельдегі Уккел коммунасының мэрі ретіндегі көпжылдық тәжірибесін және қалалық басқару саласындағы қызметін атап өте отырып, тараптар қазақстандық өңірлермен әріптестік байланыстар орнату мүмкіндігін қарастырды. Ықтимал ынтымақтастық урбанистика, муниципалдық басқару, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, инвестициялар тарту және қалалардың тұрақты дамуы салаларындағы тәжірибе алмасуды қамтуы мүмкін.Өз кезегінде Б. Дильес Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін және еліміздің қарқынды дамып келе жатқан экономикасын атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін білдірді. Осы тұрғыда сұхбаттастар Қазақстандағы Брюссель компанияларының қатысуының оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Олардың қатарында Алматы мен Астанада жұмыс істейтін танымал Le Pain Quotidien наубайхана-мейрамханалар желісі ерекше аталды.Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы саладағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын растады. Осыған байланысты жақында құрылған Алматы өнер мұражайы мен Брюссельдегі «KANAL – Centre Pompidou» мұражайы арасындағы жоба атап өтілді. Жоба көрмелермен алмасуды, тәжірибе бөлісуді және мәдени бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.Кездесу барысында Елші Министр-президентті Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияның қабылдануы туралы хабардар етті. Реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады және инвестициялық, инновациялық және өңіраралық бағыттардағы бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.Анықтама: Брюссель астаналық өңірі Бельгияның саяси және әкімшілік орталығы болып табылады, елдің федералдық құрылымындағы үш өңірдің бірі әрі Еуропадағы ең маңызды халықаралық іскерлік және институционалдық хабтардың қатарына кіреді. 2025 жылы өңірдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) шамамен 108,5 млрд еуроны (117,8 млрд АҚШ доллары) құрады, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 80 мың еуродан асып, Еуропалық одақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.Өңір экономикасы негізінен қызмет көрсету және инновациялық секторларға сүйенеді. Қаржылық қызметтер, халықаралық сауда, консалтинг, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық экономика, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ еуропалық және халықаралық институттардың қызметі негізгі рөл атқарады. Брюссельде Еуропалық одақтың, НАТО-ның штаб-пәтерлері, көптеген халықаралық ұйымдар, трансұлттық корпорациялар мен салалық қауымдастықтардың кеңселері орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1242808?lang=ru
Қазақстандық жас футболшылар Сербияның футбол мәдениетімен танысты 04.07.2026
Қазақстанның футбол академияларының тәрбиеленушілері - «Ордабасы» ФК (Шымкент), «Атырау» ФК, «Каспий» ФК (Ақтау) және «Айбын» (Астана) - ү.ж. 12-14 маусым кезеңінрде Белград қаласында өткен Dragan Mance Cup халықаралық балалар футбол турниріне қатысты.Турнирде «Ордабасы» футбол клубының командасы ерекше жетістікке қол жеткізіп, қатысқан 48 команданың арасында 4-орынға ие болды. Бұл - қазақстандық жас футболшылардың жоғары дайындық деңгейін көрсететін маңызды нәтиже.Спортшыларды, жаттықтырушыларды және команда басшыларын осы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз.Қазақстандық командалардың турнирге қатысуы сербиялық футбол қайраткерлері В. Рыбич, Г.Станоевич және И.Пиричтің белсенді спорттық дипломатиясы мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Олар Қазақстан мен Сербия арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1242796?lang=ru
2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында инвестициялық жобаларды іске асыру және өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі қаралды. 04.07.2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 5%-ға жоғары. 2026 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 202,0 млрд теңгеге жетіп, НКИ 109%-ды құрады.2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 1 750,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан өңірлері арасында 5-орында тұр.Өңірдің инвестициялық портфелі 1,5 трлн теңге сомасына 100 жобаны қамтиды, нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. 2026 жылы жалпы құны 74 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда, оның ішінде 5 жоба пайдалануға берілді.Ағымдағы жылдың басынан бастап инвестициялық пулға жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жаңа жоба енгізілді.Туризм саласында ірі жобаларды іске асыру және дайындау жұмыстары жалғасуда:TORRE ALTAY INVEST компаниясының құны 8 млрд теңге болатын «Wellness Resort» санаторийлік-сауықтыру кешені (218 орын);PANA ASIA компаниясының құны 10 млрд теңге болатын туристік ауылы (1000 орын);Өскемен қаласындағы құны 17 млрд теңге болатын Hilton Garden Inn қонақүйі (150 орын).Аталған жобаларды іске асыру туристерді орналастыру үшін қосымша 1368 орын құруға мүмкіндік береді.Инвестициялар тартуда консультативтік-кеңесші органдардың қызметі маңызды рөл атқарады. Өңірлік инвестициялық штабта жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жоба, ал Өңірлік үйлестіру кеңесінде құны 42 млрд теңге болатын 6 жоба қаралды.Өңірде инвестициялық портфельді кеңейту, отандық және шетелдік инвесторларды тарту, жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және инвестициялық саясат саласындағы Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1242786?lang=ru
2026 жылғы 16 маусымдағы туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес 04.07.2026
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Туризм басқармасы 2026 жылғы 16 маусымда өңірдің туристік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.Кеңес барысында туризмді дамыту, туристік қызметтердің сапасын арттыру және өңір қонақтары үшін жаңа тартымды нысандар қалыптастырудың өзекті мәселелері қаралды.Мәдени туризмді дамытуға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі музейлердің, театрлардың және тарихи-мәдени нысандардың туристік әлеуетіне аудит жүргізуді, Қазақстанның басқа өңірлері мен шетелдерден туристерді тартуға қабілетті неғұрлым перспективалы маршруттар мен нысандарды айқындауды тапсырды. Сондай-ақ музей инфрақұрылымын жаңғырту, мәдени нысандардың халық үшін қолжетімділігін арттыру және Шығыс Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын көрсететін кәдесый өнімдерін өндіруге қолөнершілерді тарту мәселелері талқыланды.Жеке блок ретінде спорттық туризмді дамыту перспективалары қаралды. Облыстың республикалық және халықаралық жарыстарды, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін айтарлықтай әлеуетке ие екендігі атап өтілді. Кеңес қорытындысы бойынша ірі спорттық іс-шараларды тарту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны пысықтау және облыстың қалалары мен аудандарында қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.Мәдени, экологиялық, спорттық және оқиғалық туризмді кешенді дамыту Шығыс Қазақстан облысының еліміздің жетекші туристік өңірлерінің бірі ретіндегі позициясын нығайтуға, экономиканы дамытуға және инвестициялар тартуға қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1242783?lang=ru