Жаңалықтар
Ташкентте «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды 04.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы жоғары лауазымды тұлғаларының екінші отырысына қатысты.Отырыс барысында қатысушылар алдағы Саммитке дайындық барысын талқылап, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Ә.Бақаев Саммитке дайындық жөніндегі бірлескен жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өтіп, аталған іс-шара өңірдегі орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетудің тиімді алаңына айналуға тиіс екенін айтты.Сонымен Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чонг Ый Хиемен жеке келіссөздер өткілді.Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінмен дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-корей әріптестігін одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін білдірді.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара дайын екендерін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1242758?lang=ru
Қазақстан Словенияда бай мәдени мұрасын таныстырды 04.07.2026
Любляна, 2026 жылғы 16 маусым - Словения астанасында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің бастамасымен, Шымкент қаласы әкімдігінің және словениялық серіктестердің қолдауымен қазақстандық «Қаған» және «Яссы» этно-фольклорлық және би ансамбльдерінің қатысуымен ұлттық мәдени іс-шаралар легі өтті.Жаз маусымының басталуындағы жарқын оқиғалардың бірі Люблянаның орталық алаңында өткен импровизациялық концерт болды. Бұл Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі ашылғаннан кейін қазақстандық шығармашылық ұжымдардың елдегі алғашқы өнер көрсетуі ретінде ерекшеленді. Домбыра, қобыз, дауылпаз және басқа да ұлттық аспаптардың әуезді үні, дәстүрлі музыкалық шығармалар мен көз тартар ұлттық киімдер қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Концерт словениялық көрермендердің, шетелдік туристердің және қазақ диаспорасы өкілдерінің зор қызығушылығын туғызып, олардың көпшілігі үшін Қазақстанның музыкалық дәстүрлері мен мәдениетімен алғашқы таныстыққа айналды.Сол күні Люблянадағы тарихи-сәулет кешені – Križanke алаңында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің қолдауымен Lions Club Ljubljana Iliria ұйымы дәстүрлі халықаралық қайырымдылық Midsummer Night (Kresna noč) кешін өткізді. Өзінің 25 жылдан астам тарихында алғаш рет Қазақстан аталған іс-шараның ұлттық мәдени серіктесі ретінде қатысты.Іс-шараға Словения Президентінің жұбайы доктор Алеш Мусар, дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, Словенияның іскерлік, қаржылық және өнеркәсіптік топтарының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, қазақ диаспорасының мүшелері, сондай-ақ Любляна тұрғындары мен қонақтарын қоса алғанда 300-ден астам адам қатысты. Словения мемлекеті басшысының атынан сөз сөйлеген доктор Алеш Мусар Словения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және экономика, сауда, білім беру мен туризм салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті.Мәдени бағдарламаның басты оқиғасы дәстүрлі қазақ музыкасы мен көне түркілік сарындарды үйлестіре білген «Қаған» және «Яссы» ансамбльдерінің өнер көрсетуі болды. Қонақтар Қазақстанның табиғи байлығы, тарихи-мәдени мұрасы және тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған фотокөрмені де тамашалады.Іс-шара қатысушылары Қазақстанның туристік әлеуеті, заманауи дамуы, ұлттық тағамдары, мәдениеті мен дәстүрлерінің сан қырлылығын таныстырған бейнероликке ерекше қызығушылық танытты.Кештің ерекше сәттерінің бірі белгілі словениялық кәсіпкер әрі меценат, Қазақстан Елшісінің Словениядағы экономика мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Янез Шкрабецті құрметтеу рәсімі болды. Оған сыйластық пен достықтың белгісі ретінде дәстүрлі қазақ шапаны табыс етілді. Қайырымдылық акциясынан түскен қаражат Шентвид-при-Стична қаласындағы балалар ауруханасының қамқорлығындағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.Өткен іс-шаралар Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосып, Ұлы Дала мәдениеті мен дәстүрлерінің танымал болуына, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1242760?lang=ru
Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады 04.07.2026
Астана, 2026 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронаны қабылдады.Қазақ дипломаты мажар әріптесіне екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен А.Исетов Будапештпен орнықты әрі өзара тиімді байланыстарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды.«Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде елдеріміз стратегиялық серіктестіктің орнатылғанына он жыл толуын атап өтті. Ашық диалог қағидаттарына сүйене отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілете дамыту үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет деп санаймын», – деді Министрдің орынбасары.Елші О.Рона миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін қазақ тарапына алғысын білдірді. Мажар дипломаты өз елінің Қазақстанмен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.Кездесу соңында А.Исетов мажар дипломатына сәттілік және алдағы барлық жоспарларының жүзеге асуын тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1242761?lang=ru
Қазақстан Елшісі Словакия әйелдер қауымдастығының басшысымен кездесті 04.07.2026
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словакия әйелдер қауымдастығының төрайымы Моника Дюреховамен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әйелдерді қолдауға бағытталған реформалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.М.Дюрехова Қазақстанда әйелдерді жан-жақты қолдауға және олардың мемлекеттік басқару саласындағы басшылық қызметтерге ілгерілеуіне бағытталған мемлекеттік саясатқа жоғары баға берді.Қауымдастық басшысы елде қабылданған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңдардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Парламенті құрамындағы әйелдердің үлесі 18 пайызды құрайтынын жоғары бағалап, бұл көрсеткішті әйелдердің саяси белсенділігін арттыру жолындағы елеулі жетістік ретінде бағалады.Өз кезегінде М.Дюрехова ұйымының басым бағыттарымен таныстырды. Аталған ұйым Словакия қоғамындағы әйелдердің ықпалын арттыруға белсенді түрде атсалысып, қайырымдылық және гуманитарлық қызмет жүргізеді, соның ішінде мұқтаж отбасыларға, әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді.Тараптар әйелдер құқықтарын ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибе және озық практикалар алмасудың маңыздылығын атап өтіп, өзара байланыстарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1242765?lang=ru
Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті 04.07.2026
Бүгін Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетпен (ЕБХК) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп ұйымдастырды.Кездесу жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Пәкістанның құзыретті мемлекеттік органдарының өкілдері, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ химия өнеркәсібі мен логистикалық компаниялардың өкілдері қатысады.Іс-шараның негізгі мақсаты - өңірлік ынтымақтастықты нығайту, практикалық тәжірибемен алмасу және жаңа психоактивті заттардың, синтетикалық есірткілердің таралуына және жаңа технологияларды заңсыз айналымда пайдалануға байланысты қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың бірлескен тәсілдерін дамыту.Отырыста Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің GRIDS бағдарламасының жетекшісі Фумио Ито, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімінің басшысы Юлиана Садовский, Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының директоры Махмуд Хамидов, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ельдар Абдикенов сөз сөйледі.Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде: «Бүгінгі таңда жаңа психоактивті заттар қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Олардың тез таралуы, химиялық құрамының үнемі өзгеруі, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және заңсыз айналымның трансұлттық сипаты, бізден уақтылы ақпарат алмасуды, күш-жігерді шоғырландыруды және бірлескен шешімдерді әзірлеуді талап етеді. Накротизмге, жаңа психоактивті заттар мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткен жылдың қыркүйек айында Комитет құрылымында - Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық құрылды. Таргетинг орталық нашақорлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы мониторингті, деректерді талдамалық өңдеуді және ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Таргетинг орталық жүйесі химиялық заттар мен прекурсорлардың айналымының толық көрінісін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.Кездесу барысында өңірдегі есірткі ахуалының өзекті тенденциялары, жаңа қауіп-қатерлерді ерте анықтау, халықаралық ақпараттық платформаларды, талдамалық құралдар мен цифрлық шешімдерді пайдалану мәселелері талқыланатын болады.Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың тәуекелдер мониторингі, деректерді талдау, есірткінің заңсыз айналымының жаңа тәсілдерін анықтау, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ақпарат алмасуды дамыту жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылды.Іс-шара шеңберінде Комитет пен ҚАЗХИМИЯ Химия өнеркәсібі қауымдастығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1242766?lang=ru
Қазақстан мен Әзербайжан Бас штабтарының бастықтары ынтымақтастық перспективаларын талқылады 04.07.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров пен Әзербайжан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Әзербайжан армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Керім Велиевтің кездесуі өтті. Келіссөздер Қазақстан астанасында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Қарулы күштері штабтары бастықтары комитетінің отырысы аясында өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1242767?lang=ru
Cырдарияның жағалауы қауіпсіз әрі таза болуы керек 04.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап шықты. Алдымен Президент саябағындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын көрді. Заманауи демалыс аймағында субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол мен футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орналасқан.Мұнда 15 түрлі 2018 түп ағаш көшеті, 16 түрлі 53 189 түп бұта және 17 түрлі 54 546 көпжылдық гүл көшеті отырғызылып, 2,7 гектарға газон төселген. Жасыл желек спринклерлік және тамшылату жүйелері арқылы суарылады.Жалпы аумағы 30,94 гектар саябақтың 32,07 пайызы абаттандырылған, 64,8 пайызы көгалдандырылған, 1,66 пайызында қосымша ғимараттар мен құрылыстар, 1,47 пайызында субұрқақтар орналасқан.Одан кейін аймақ басшысы тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік жер қорына қайтарылатын учаскелерге барып, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарымен танысты. Жобаны «Қаратас Майнинг», авторлық қадағалауды «Geopsd kzo», техникалық қадағалауды «Орда-S» серіктестіктері жүзеге асыруда. Оған 2 млрд 996 млн теңге бөлінген, 2756 метр екі жолақты жаяу жүргінші және велосипед жолы салынып, асфальтбетон жабындысы төселеді. Сонымен бірге, 2928 метрлік қорғаныс бөгетінің еңісі нығайтылады. Бұл жағалауды су тасқыны мен шайылудан қорғайды.Сыртқы жарықтандыру жүйесі, 2848 метр электр желісі тартылады және 110 жарықтандыру тірегі орнатылады.Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2670 метр металл қоршау, демалыс аймақтарына орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242728?lang=ru
Мажарстан астанасы Будапештте «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті 04.07.2026
Будапешт, 2026 жылғы 16 маусым – Мажарстан астанасында аты аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті. Шығармашылық кеш мажар жұртшылығына қазақ халқының бай музыкалық және би өнері мұрасын таныстырды.Концерт XIX ғасырда салынған, Мажарстанның мәдени өмірінде ерекше орын алатын тарихи «Пешти Вигадо» концерт залында ұйымдастырылды. Дунай жағалауында орналасқан бұл сәулет жауһары халықаралық мәдени іс-шаралар өтетін ең беделді алаңдардың бірі саналады.Концерт бағдарламасына Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» халықтық ансамблі мен «Жорға» би ансамблі қатысты. Қос өнер ұжымы қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерінің жарқын үлгілерін ұсынып, көрермендерді Ұлы даланың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени дәстүрлеріне рухани саяхатқа жетеледі.Іс-шараға Мажарстан Парламентінің вице-спикері Анико Надь Халлерне, Парламент депутаттары Шандор Ф. Ковач пен Анна Лежак Мольнарне, бұрынғы вице-спикер Лайош Олах, сондай-ақ дипломатиялық корпус, мажар іскерлік және академиялық орта өкілдері, мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспорасының мүшелері мен Мажарстанда білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты.Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы өзіннің құттықтау сөзінде халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтудағы мәдениеттің ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол концерттің қазақтың бай рухани мұрасын дәріптеуге және Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосқан маңызды үлесі екенін жеткізді.Концерт барысында Нұрғиса Тілендиевтің, Қаршыға Ахмедияровтың, Ескендір Хасанғалиевтің, Мұрат Өскінбаевтың және Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалды. Ансамбльдің орындауындағы Мажар халқына арналған танымал шығарма Йоганнес Брамстың "Мажар биі" туындысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Аталған іс-шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ұлттық музыка өнерін халықаралық аудитория арасында кеңінен насихаттауға бағытталды. Концерт көрермендердің зор ықыласына ие болып, қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен ұлттық өнерін мажар жұртшылығына кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді. Іс-шара Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі халық арасындағы достық байланыстарды тереңдетуге өз үлесін қосты.Анықтама: Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өңірдегі жетекші концерттік ұйымдардың бірі болып табылады. 2025 жылы филармонияның құрылғанына 50 жыл толды. Оның құрамында Маңғыстау өңірі мен жалпы Қазақстанның музыкалық және хореографиялық мұрасын дәріптейтін кәсіби шығармашылық ұжымдар қызмет етеді. «Ақжарма» халық аспаптар ансамблі мен «Жорға» би ансамблі көрермендерді қазақтың дәстүрлі мәдениетімен, ұлттық музыкасы және хореографиясымен таныстырып қана қоймай, еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға да елеулі үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1242717?lang=ru
Қазақстан мен Мажарстан ұлттық құрамалары арасындағы достық кездесу Дебрецен қаласында өтті 04.07.2026
Дебрецен, 2026 жылғы 9 маусым – Дебрецен қаласында Қазақстан мен Мажарстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық футбол матчы өтті. Матч қорытындысы бойынша Мажарстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.Дода басталар алдында қазақстандық жанкүйерлерге «Хайду» мажар би ансамблінің қатысуымен мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Шара аясында қазақтың кеңінен танымал «Бүркіт» биі мен мазмұны мен рухы жағынан үндес дәстүрлі мажар халық биі көрермен назарына ұсынылды. Бұл қойылымдар Қазақстан мен Мажарстан халықтары арасындағы достық пен мәдени өзара ықпалдастықтың символына айналды.Спорттық бәсеке достық пен өзара құрмет рухында өтіп, екі ел жанкүйерлерінің зор қызығушылығын тудырды. Қос құрама жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберлігі мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын сыйлады.Мажарстанда тұратын қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері ұлттық құраманы белсенді түрде қолдап, трибунада ерекше рухты атмосфера қалыптастырды.Бұл достық кездесу Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың тағы бір айқын көрінісі болып, екі ел халықтарының мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайтуға өз үлесін қосты.Сонымен қатар, осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Оқу мәдениетін дамыту және зияткерлік ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Елшілік мажарлық «Alfaseeds» компаниясымен бірлесіп, Дебрецен қаласында ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының мажар тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды.Іс-шараға Дебрецен қаласының әкімі, Мажарстан Ұлттық Жиналысының Карцаг қаласынан сайланған депутаттары, сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстан футбол федерацияларының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1242711?lang=ru
Кедендік баждар мен салықтарды есептеу 04.07.2026
Кедендік баждарды, салықтарды – кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, ал осы бапта көзделген жағдайларда кеден органы есептейді.Кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда, кедендік кіріс ордерінде көрсетіледі.Кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының есеп-қисабында көрсетіледі.Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары есеп-қисабының нысанын, мұндай есеп-қисаптың электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру және осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.Көрсетілген есеп-қисапты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай кедендік құжаттың электрондық түрін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1242667?lang=ru
Қызметкерлерге түсіндіру семинар өткізілді 04.07.2026
17 маусымда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніңдегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлер қатысуымен семинар өтті.Шара барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніңдегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Қанат Қуат және прокурорыДосан Елнұр Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің нормаларын, өтініштерді тіркеу және есепке алу қағидаларын, сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу талаптарын назарға жеткізді.Шараға бейнеконференц байланыс арқылы Департаменттің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары қатысты.Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1242654?lang=ru
ҚР Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға қол қойды 04.07.2026
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 маусымдағы №311-VIII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның басты жаңалықтарының бірі — пара алу мен пара беру үшін ғана емес, сонымен қатар пара беруге уәде бергені, ұсынғаны немесе пара талап еткені үшін де қылмыстық жауапкершілікті енгізу болмақ. Түзетулермен мүдделер қақтығысының алдын алудың толыққанды механизмі де енгізілуде. Мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүдделеріне пайдалануға тыйым салынады. Бұдан бөлек, жеке мүдделерді декларациялау міндеті белгіленіп, мүдделер қақтығысы туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі айқындалады. Заңмен туыстар мен байланысы бар тұлғалардың бірге қызмет етуіне қойылатын шектеулер күшейтіледі. Шектеулер тек тікелей бағыныстылыққа ғана емес, сонымен қатар жанама ықпал ету, ішкі бақылау және кадрлық қолдау жағдайларына да қолданылатын болады. Атап айтқанда, бір ведомствода басшының жақын туыстарына, соның ішінде жиендеріне, қайынағалары мен қайын інілеріне (бажаларына, қайын жұртқа) және күйеу балаларына жұмыс істеуге тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалар шеңбері де кеңейтілуде. Оның құрамына квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалардың қатысушылары кіреді. Бөлек нормамен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді бірыңғай цифрлық форматқа көшіруді көздейтін «Е-қызмет» цифрлық кадрлық жүйесінің жұмысы бекітіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылады, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілігі артады және жеке тұлғалар үшін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша ескіру мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылады. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар үшін шектеулер нақтыланады. Жұмысқа орналасуға өмір бойына тыйым салу мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға қолданылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1242637?lang=ru
"Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы 04.07.2026
Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау (бұдан әрі - КҚКД) халықаралық тасымалдаудың темір жол көлік құралдарын және (немесе) темір жол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді, әуе және теңіз көлік құралдарын, сондай-ақ тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды қолдану және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші КҚКД шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына КҚКД қағаз тасығышын беру жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 29-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 176-бабына сәйкес КҚКД ұсынады. ШҚО бойынша МКД«Әуежай Өскемен»кеден бекетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1242628?lang=ru
Мүліктік табыс: мүлікті сату кезінде нені білу қажет? 04.07.2026
Мүліктік табыс сіз мүлікті сатып алған бағадан қымбат бағаға сатқан кезде, яғни пайда тапқан жағдайда туындайды.Тұрғын жылжымайтын мүлікті, мысалы, пәтерді, үйді, саяжайды, гаражды, автотұрақ орнын, қойманы немесе жер учаскесін сату кезінде, егер мүлік белгіленген мерзімнен аз уақыт меншік құқығында болса, табыс туындайды. Өтпелі ережелерді ескере отырып: егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін рәсімделсе онда ең төменгі иелену мерзімі бір жылды, ал осы күннен кейін рәсімделсе — екі жылды құрайды. Егер сіз мүлікті осы мерзімнен ұзақ иеленсеңіз, салық туындамайды.Дүкендер, офистер, қоймалар және өзге де коммерциялық үй-жайлар сияқты тұрғын емес жылжымайтын мүлікті сату кезінде, мүліктің меншік құқығында қанша уақыт болғанына қарамастан табыс әрдайым туындайды.Егер мүлік мұрагерлік арқылы алынған болса, оның бастапқы құны меншік құқығы рәсімделген күндегі нарықтық бағамен айқындалады және бағалау арқылы расталады. Егер мүлік сыйға алынған болса, мүлік салығын есептеу үшін қолданылатын бағалау құны пайдаланылады.Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын сату кезінде, егер ол меншік құқығында бір жылдан аз уақыт болса, табыс туындайды. Егер иелену мерзімі одан көп болса — салық төлеудің қажеті жоқ.2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі қолданылады: егер табыс сомасы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен аспаса — 10 пайыз, ал осы шектен асатын сомаға — 15 пайыз қолданылады.Жеке тұлға салықты өз бетінше есептеуге, декларация тапсыруға және салық сомасын белгіленген мерзімде төлеуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1242629?lang=ru
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерге және қажетті ақпаратқа онлайн-форматта ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. 04.07.2026
МКК порталында сілтеме бойынша http://portal.kgd.gov.kz пайдаланушылар Мемлекеттік кірістер органдарына бармай ақ электрондық сервистердің кең ауқымын пайдалана алады:Тексеру қызметтері:- салық төлеушіні іздеу;- контрагенттер бойынша мәліметтер;- сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;- ҚҚС төлеуші туралы деректерді іздеу;- жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды жөнелтпей жасалған мәмілелерді (операцияларды) іздестіру;- қайтарылған хабарландыруларды іздеу;- біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлердің тізімі;- жарнамаларды іздеу;- ҚР резиденттігін растайтын құжатты іздеу;- тарату сатысында тұрған салық төлеушілерді іздеу;- әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізімі;- оңалту рәсімін тоқтату туралы соттың ұйғарымы өздеріне қатысты заңды күшіне енген ЗТ және ЖК тізімі;- алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркасының дұрыстығын тексеру;- ІІО бойынша есептен шығарылған салық төлеушіні іздеу;- оларға қатысты сот оларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген борышкерлердің тізімі;- БКМ тіркеуді тексеру;- салық режимдерін тексеру;- салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру, қайта бастау туралы мәліметтер.Салықтар мен берешек бойынша сервистер:- салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;- салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді онлайн төлеу;- жеке тұлғалардың алдағы төлемдері мен берешегі.Көмекші қызметтер:- кезекті онлайн брондау;- өсімпұлды, көлік салығын, ЖТС есептеуге арналған калькуляторлар, кедендік төлемдерді шамамен есептеу;- Салық кодексі бойынша жиі қойылатын сұрақтар.Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін МКК порталында мемлекеттік қызметтерді алу және салық міндеттемелерін орындау үшін қажетті салықтық есептіліктің және салықтық өтініштердің өзекті нысандары орналастырылған.Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жедел кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында МКК порталының беттерінде сервистердің жұмыс сапасын бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жіберу үшін QR-кодтар орналастырылған. Пайдаланушылар кері байланыс қалдыра алады, туындаған қиындықтар туралы хабарлай алады, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар және басқа да мәселелер енгізе алады.Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтер мен сервистерге жылдам, ыңғайлы және ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін МКК порталының цифрлық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1242544?lang=ru
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіруді жалғастырып, оларды барлық қатысушылар үшін неғұрлым ыңғайлы, ашық және қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар жүргізуде. 04.07.2026
💻 Бұрын банкроттық мәселелері бойынша көптеген құжаттар мен өтініштерді қағаз түрінде немесе әртүрлі ақпараттық жүйелер арқылы жолдау қажет болса, бүгінгі күні процестердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілді.📌 2024 жылғы қазан айынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттық рәсімдері Салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. Бұл рәсім әкімшілері, кредиторлар және мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді.🚀 2026 жылдың басынан бастап қосымша электрондық сервистер енгізілді:✅ банкроттық рәсімдер бойынша хабарландыруларды автоматтандырылған түрде қабылдау және жариялау;✅ оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы өзекті ақпаратты алу мүмкіндіктерін кеңейту;✅ борышкерлерге қатысты қолданылып жатқан рәсімдер бойынша мәліметтерге электрондық қолжетімділікті қамтамасыз ету.📊 Жаңа цифрлық шешімдер тәжірибеде белсенді түрде қолданылуда. Тек 2025 жылдың ішінде рәсім әкімшілері оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы 3 мыңнан астам өзекті мәліметті орналастырған.👥 Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары да жалғасуда. Qoldau жүйесінде кредиторлар үшін мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне келіспеген жағдайда шағымдарды электрондық форматта беру мүмкіндігі іске асырылды.🤝 Сонымен қатар, Комитет банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өткізілген кездесулер мен консультациялардың нәтижесінде негізсіз өтініштер саны едәуір азайып, азаматтардың мәселелерін қарау мерзімдері қысқарып, өзара іс-қимыл тиімділігі артты.📈 Жүргізіліп жатқан цифрландыру ақпарат алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және банкроттық рәсімдерін барлық қатысушылар үшін неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.📞 Техникалық мәселелер бойынша қолдау қызметіне жүгінуге болады:🌐 support.ecc.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1242537?lang=ru
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Хаил провинциясы басшылығымен келіссөздер жүргізді 04.07.2026
Хаил, 2026 жылғы 15-16 маусым – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Хаил провинциясына ресми іс-сапармен барып, өңір басшылығымен және іскерлік топ өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.Сапар аясында Хаил провинциясының губернаторы ханзада Әбделазиз бен Саад бен Әбделазиз Әл Саудпен келіссөздер жүргізілді. Кездесуде екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық байланыстар атап өтіліп, өңіраралық кооперацияны тереңдету мәселелері талқыланды. Тараптар инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуетті жобаларды бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктеріне баса назар аударды.Өңірлік даму басқармасының басшысы Омар бен Абдулла әл-Абдулжаббармен кездесу барысында провинцияның инфрақұрылымдық және урбанистік даму жоспарлары қаралды. Тараптар логистика, тау-кен, «ақылды қала» технологиялары және туризм салаларында тәжірибе алмасу жайын сөз етті.Сонымен қатар Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Әли бен Бандар әл-Судайримен екіжақты сауда-саттық көлемін арттыру жолдары талқыланды. Кездесуде бірлескен іс-шаралар, В2В кездесулерін ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импортын дамыту мәселелері ортаға салынды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Хаил провинциясының басшылығымен инвестициялық серіктестік пен агроөнеркәсіптік кооперацияны іс жүзіне асыру мақсатында тұрақты жұмыс деңгейіндегі байланыстарды орнату жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1242523?lang=ru
Қарулы күштерде құқық бұзушылықтар туралы өтініш берудің цифрлық жүйесі енгізілді 04.07.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Цифрлық профилактика» ведомствоаралық бағдарламасы аясында әскери қызметшілерге арналған өтініштерді қабылдаудың цифрлық жүйесін енгізді.Жаңа сервис әскери қызметшілердің құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери ұжымдарда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.Цифрлық жүйенің көмегімен әскери қызметшілер күш қолдану, заңсыз ақша жинау, психологиялық қысым көрсету және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер туралы жедел түрде хабарлай алады.Келіп түскен өтініштерге қатысты уақтылы әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясы бас басқармасында бірыңғай «Жедел желі» Call-орталығы жұмыс істейді.Әрбір келіп түскен хабарлама белгіленген тәртіппен қаралып, тиісті шаралар қабылданады.– Профилактиканың цифрлық құралдарын енгізу әскери тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери қызметті қауіпсіз өткеруге жағдай жасайды, – деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының профилактика басқармасының бастығы подполковник Әділхан Қалиев.Сондай-ақ ол әскери қызметшілер заң бұзушылық фактілеріне бейжай қарамауы және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уәкілетті органдарға дер кезінде хабарлауы тиіс екенін атап өтті.Өтініштерге жедел әрекет ету құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың бастапқы кезеңде жолын кесуге және әскери ұжымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіптің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Өтініштер келесі нөмір бойынша қабылданады: +7 700 081 11 19.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1242496?lang=ru
Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеу жұмыстары жалғасуда 04.07.2026
Күрделі жөндеу нысандары бойынша келесі негізгі жұмыс түрлері қарастырылған:– шатырды жөндеу;– су ағызу жүйесін жөндеу;– қасбетті линеарлық панельдермен қаптау;– алдыңғы беттегі балкондарды әйнектеу;– қасбетті сәулеттік жарықтандыруды орнату.Ағымдағы жөндеу нысандары бойынша:– қасбетке сәндік сылақ жағу;– сәндік элементтермен әрлеу;– алдыңғы беттегі балкондарды әйнектеу және қаптау;– қасбетті сәулеттік жарықтандыруды орнату.Сондай-ақ тұрғындардың «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге қайтарымды негізде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар екенін назарларыңызға саламыз. Бағдарлама бойынша жұмыстарды «ЖКХ-Ремонт» ЖШС жүзеге асырады.Толық ақпарат алу үшін Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайына жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1242472?lang=ru
ҰЭМ отандық өндіріс үшін импортталатын тауарлардың тізімін жаңартуды жоспарлап отыр 04.07.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі отандық кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін импортталатын шикізат тізбесін кеңейтетін түзетулер әзірледі, яғни импортқа ҚҚС төлеуді кезінде кейінге қалдыру беріледі. Өзгерістер елдің өңдеу және химия өнеркәсібін қолдауға бағытталған.Бұйрық жобасы қазақстандық өнімді, оның ішінде пестицидтерді шығару үшін қажетті шикізат пен компоненттердің қосымша позицияларының тізіміне енгізуді көздейді. Сонымен қатар, ҰЭМ осы шараға құқығы бар салық төлеушілердің тізімін өзектендіреді.Бұл ретте өндірісі ел ішінде толығымен жолға қойылған тауарларды қолданыстағы тізбелерден алып тастау жоспарлануда. Түзетулер «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығына енгізіледі.Жобаны қабылдау қайта өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ қолданыстағы тауарлар мен салық төлеушілердің тізбелерінің өзектілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін келесі сілтеме бойынша орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15851138Талқылау 2026 жылғы 2 шілдеге дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1242468?lang=ru