Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Михайлов а.о тұрғындарымен кездесуі 30.05.2025
2025 жылғы 5 маусымда Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Михайлов ауылдық округінің  тұрғындармен  кездесуі  өткізіледі, өткізілетін орны: Михайловка ауылы,  мәдениет үйінің ғимараты, сағат 10:00.          Тұрғындармен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87 нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1008532?lang=kk
Қазақстанда өңірдегі алғашқы Solana Economic Zone іске қосылды 30.05.2025
Қазақстан цифрлық трансформация мен блокчейн экономикасын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам жасады. Астанада Орталық Азиядағы Solana блокчейн платформасы негізінде құрылған Solana Economic Zone Kazakhstan алғашқы экономикалық аймақ іске қосылды.Solana Foundation қолдауымен өткен бұл іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және Web3 экожүйесінің көшбасшылары қатысты. SEZ KZ іске қосылуы Astana International Forum 2025 қарсаңында өтіп, технология, инвестиция және мемлекеттік саясат тоғысындағы маңызды оқиға болды.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, цифрлық экономиканы дамытуға арналған мамандандырылған аймақтарды құру — технологиялық серпіліс жасауға арналған тиімді құрал. Мысалы, Дубайда Dubai Multi Commodities Centre (DMCC) Crypto Centre табысты жұмыс істеп тұр. Онда ондаған блокчейн-компаниялар орналасқан, қолайлы реттеу тетіктері енгізілген және стартаптар инфрақұрылым мен инвестицияға қол жеткізе алады.Қазақстан үздік халықаралық тәжірибелерді өз стратегиялық мақсаттарына бейімдеп қабылдайды. Solana Economic Zone — тәжірибе алмасуға, шешімдерді сынақтан өткізуге және қазақстандық компанияларды жаһандық нарыққа шығаруға арналған алаң болмақ.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Solana Economic Zone жобасының іске қосылуы Қазақстанның экономикалық салаға озық цифрлық технологияларды интеграциялауға стратегиялық тұрғыда дайын екенін білдіретінін атап өтті:«Біз тұрақты әрі бәсекеге қабілетті цифрлық экожүйе құруға ұмтыламыз. Solana Economic Zone сияқты жобалар бізге активтерді токенизациялаудан бастап, Web3 саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға дейінгі жаңа тәсілдерді сынап көруге және енгізуге мүмкіндік береді»Іс-шара аясында энергетика, қаржы, агротехнология, ойын индустриясы және сауда салаларында жұмыс істейтін халықаралық стартаптар ұсынған блокчейн негізіндегі шешімдер таныстырылды. Сондай-ақ, құнды қағаздарды, алтынды, жылжымайтын мүлікті және басқа да активтерді токенизациялау мүмкіндіктері талқыланды.Кездесу нәтижесінде стратегиялық меморандумға қол қойылды, оған келесі бағыттар кірді:Капитал нарығын токенизациялау:AIX, Solana Foundation, Jupiter және Intebix қатысуымен қаржы инфрақұрылымына токенизацияланған құралдарды енгізуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады.Web3-таланттарды дамыту:Министрлік пен Solana Foundation Rust бағдарламалау тілі мен блокчейн инженериясына бағытталған білім беру бағдарламасын бастайды. Жоба аясында университеттермен және Astana Hub-мен серіктестік орнатылады.Халықаралық Web3-компанияларды тарту:Forma компаниясымен бірлесіп, жаһандық стартаптарға инфрақұрылым мен реттеуші қолдауды қамтитын қолдау бағдарламалары жүзеге асырылады.Министрлік жасанды интеллекттен бастап блокчейнге дейінгі озық технологияларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырып жатыр. Бұл елдің цифрлық егемендігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсіміне бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1008457?lang=kk
Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады 30.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 29 мамыр – «Раштрапати Бхаван» президенттік сарайында өткен ресми рәсімде Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Президенті Драупади Мурмуға сенім грамоталарын табыс етті.Қазақ дипломаты ресми рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан Үндістан Президентіне және достас үнді халқына жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар, өзара түсіністіктің жоғары деңгейі және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға деген ортақ ниет аталып өтті.А. Есқараев екі ел арасындағы саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайындығын білдірді.Өз кезегінде Президент Д. Мурму жаңа Елшіні жылы қарсы алып, оның дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі және Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты байланыстардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1008484?lang=kk
Сауд Арабиясының даму қорының (SFD) басшысымен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 30.05.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 29 мамыр – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының даму қорының (SFD) Бас директоры Сұлтан Әл-Маршадпен кездесті.Кездесу барысында тараптар инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, исламдық қаржыландыру, Қазақстанда бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Елші М.Меңілбеков бүгінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы баяндап, үкіметтің елдегі инвестициялық ахуалды және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі кешенді бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.Тараптар сонымен қоса 2024 жылғы 3-5 қыркүйекте Астанада SFD басшысы С.Әл-Маршадтың қатысуымен өткен Араб үйлестіру тобының дөңгелек үстелінің қорытындыларын талқылады.Сауд Арабиясының даму қоры (SFD) ең ірі саудтық қаржы институттарының бірі болып табылады, аталған қордың есебінен Қазақстанда бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысандар, оның ішінде "Астана-Қарағанды" автожолының құрылысы іске асырылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1008443?lang=kk
ИСЛК, жолдар, сауда және білім беру – Қазақстан мен Қырғызстан вице-премьерлері AIF 2025 алаңында өзара ынтымақтастық мәселесін талқылады 30.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиевпен кездесу өткізді.Серік Жұманғарин Қазақстан мен Қырғызстанның тек тату көрші ғана емес, сенімді одақтас екенін, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуға ерекше көңіл бөліп отырғанын баса айтты.Бүгінде екі ел алдында жылдық тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Тараптар 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі қарқынды түрде өсіп отырғанын атап өтті. Алғашқы үш айда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25,2%-ға артып, $435,1 млн-ға жеткен (экспорт – $341,9 млн, импорт – $93,3 млн). Тауар айналымын мақсатты $3 млрд-қа жеткізу үшін тауар түрлерін кеңейту және B2B байланысын тиімді жандандыру шарасы қажет. Кездесуге қатысушылар өзара сауда көлемін арттыру жөніндегі жол картасы жобасының тетіктерін талқылады. Серік Жұманғарин Қазақстан мұнайхимиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия мен басқа да саланың өнімін қоса алғанда, 195 тауар позициясы бойынша экспортты $260 млн-нан астам сомаға арттыруға дайын екенін атап өтті.Ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылады. Екі елдің өзара саудасындағы бұл саланың үлесі 20%-ды құрайды. Аталған сала белсенді өсу үстінде: биыл 1 тоқсанда АӨК өнімінің тауар айналымы 40,7%-ға артқан. Қазақстан 2025 жылғы бірінші тоқсандағы 3,4 мың тонна астық пен 10,9 мың тонна ұнды қосқанда, дәнді және майлы дақыл экспортын ұлғайтуға ниетті. Серік Жұманғарин Астанада өткен ресми кездесуде қырғыз тарапының сәуірде Қазақстанға өзінің ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау үшін жасыл дәліз құру туралы ұсынысы оң шешілгенін атап өтті. Қазақстан шекарада қырғыздың ерте пісетін көкөнісі мен жемісін кедергісіз өткізуге дайын.  Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі жобасы – «Қарасу»–«Ақ-тілек» бақылау-өткізу пункті шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) құру болып отыр. Бүгінде екі тарап та индустриялық сауда-логистикалық кешені (Қазақстан – 50 га, Қырғызстан – 40 га) құрылысына жер телімін бөліп, инвесторды анықтады. Бас жоспар мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Қазақстанда «Romsey Holdings KZ» ЖШС басқаратын «Алатау» ИСЛК» индустриялық аймағы құрылды. Ықтимал инвестиция – 2,2 млн. Бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, халық тұтынатын тауарлар мен құрылыс материалын жасау, сервистік қызмет пен көлік логистикасы бойынша өндірістік тұтас кешен құруға мүмкіндік береді. 2025 жылы Ош мемлекеттік университетінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылады. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бішкек филиалының табысты тәжірибесінің жалғасы. Онда 2022 жылдан бастап 800-ден астам студент оқуда. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 556 қырғыз студенті, 200-ге жуық қазақстандық Қырғызстанда оқиды. Жаңа филиалдың ашылуы екі ел арасындағы академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуды нығайтпақ. Сондай-ақ кездесуде тараптар транзиттік-көлік әлеуетін дамытиу мүмкіндіктерін, әсіресе, Алматы – Ыстықкөл автожолы құрылысы жобасын, су ресурсы мәселелері, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша өзара іс қимылды дамыту мәселесін талқылады.Кездесу соңында вице-премьерлер екі елдің экономикалық әлеуетін нығайту үшін сауда, логистика, көлік, білім беру мен басқа да саладағы басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.https://primeminister.kz/news/islk-zholdar-sauda-zhane-bilim-beru-kazakstan-men-kyrgyzstan-vitse-premerleri-aif-2025-alanynda-ozara-yntymaktastyk-maselesin-talkylady-30107 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008397?lang=kk
Қазақстан мен Германия өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Германия Федералдық үкіметіндегі Саар федералдық жерінің уәкілетті өкілі, мемлекеттік хатшы Торстен Бишофф бастаған Саар аймағының іскерлік топтарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу Германия Бундесратының Президенті Анке Релингердің ресми сапары аясында өтті.Кездесуге «Becker Mining Systems», «SHS Group», «Saarstahl», «Dillinger Hütte», «Klaus Faber Kabel», «Saarländische Wasserstoffagentur GmbH» сияқты Саардың жетекші өнеркәсіптік және технологиялық компанияларының өкілдері, сондай-ақ Саар федералдық жерінің Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы қатысты.Диалог барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, оның ішінде сутек энергетикасын, металлургияны, логистиканы, экологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бағыттары талқыланды.Әсіресе «жасыл» сутек өндіру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Неміс компаниялары Қазақстанды сутек генерациясы бойынша ең жоғары әлеуеті бар елдердің бірі ретінде қарастырып, үлкен қызығушылық танытты.«Becker Mining» компаниясы қазақстандық серіктестермен, әсіресе тау-кен өндірісін автоматтандыру және цифрландыру салаларында технологиялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді. «Stahl-Holding-Saar» қазақстандық шикізатты жеткізу және көміртегі ізі төмен өндірістерді дамыту мақсатында жергілікті серіктестік орнатуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ Саар университетімен ынтымақтастық аясында білім беру бастамалары талқыланды.Кездесу барысында неміс технологияларын пайдалана отырып, Қазақстанда өндіріс орындарын ашу, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының және арнайы экономикалық аймақтар алаңдарында ноу-хау трансфері мен неміс капиталының тарту мүмкіндіктері қарастырылды.«Саар – Германиядағы ең озық өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде Қазақстан үшін әлеуетті серіктес. Біздің экономикаларымыз өзара бірін-бірі толықтырып тұр: бізде – шикізат пен логистика, сіздерде – технология мен инвестиция. Бүгінгі кездесу – жасыл энергетика, өнеркәсіп және логистика салаларындағы нақты бірлескен жобаларды іске қосуға жасалған маңызды қадам. Саар делегациясына конструктивті диалог үшін алғыс білдіреміз және жүйелі әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ниеттіміз» – деп мәлімдеді Ә.Қуантыров.Саар делегациясының сапары Қазақстан мен Германия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам болып, неміс іскерлік топтарының қазақстандық нарыққа деген жоғары қызығушылығын тағы бір мәрте растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1008468?lang=kk
Отандық тұрмыстық химия: Қазақстан импортқа тәуелділікті қалай азайтады 30.05.2025
Қазақстанда 2024 жылдың соңына қарай 5,6 мың тонна тұрмыстық химия өндірілді, бұл елдегі 123 мың тонна жалпы тұтынудың 4,5%-ын ғана құрайды. Импорттың басымдығына қарамастан, отандық өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өз мүмкіндіктерін сенімді түрде арттыра бастады.Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен босатылуға жататын тұрмыстық химия тауарларының тізбесін бекітті. Бұл шешім өндірістік қуаттарды пайдалануды 25%-ға арттыруға мүмкіндік берді.Жетекші отандық өндірушілердің қатарында «ПК «Аврора» ЖШС, «Chistodeloff» ЖШС, «КазБыт Хим» ЖШС, «GOLDMAN AND YOUNG» ЖШС, «Радуга» ЖШС, «ПрофХим» ЖШС, «Marschall» ЖШС, «NAZAR GLOBAL TRADE» ЖШС, «VVM-Company» ЖШС, «Telli Ondiris» ЖШС бар.Қазіргі уақытта жаңа жобалар әзірленуде, оның ішінде қуаттылығы жылына 400 мың өнім бірлігін құрайтын «Муса Гранд» ЖК және «Сибэкохим» сауда үйі» ЖШС, оның қуаттылығы – жылына 12 мың тонна сұйық өнім.Жергілікті өндірушілерді қолдау экономикалық тұрақтылық пен стратегиялық маңызды сектордағы импортқа тәуелділікті азайтудың кілті болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/1008436?lang=kk
Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары! 30.05.2025
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Біздің Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз — бұл жай ғана ресми атрибуттар емес, бұл елдің егемендігін бейнелейтін, бүкіл халықты біріктіретін нышандар. Олар Отанға деген мақтанышты, оның тарихы мен ұлы мұрасын бойына сіңірген.         Осынау салтанатты күні сіздерге, сіздің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, сарқылмас қуат, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін! Туымыз әрқашан көк аспанда асқақтай желбіреп, Әнұранымыз әлемнің басты ареналарында шырқала берсін, ал Елтаңбамыз Қазақстан Республикасының мызғымас бірлігін, ынтымағы мен жарқын болашағын паш етсін!         Мереке құтты болсын!Өскемен қалалықмәслихатының төрағасы                                                                        А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1233920?lang=ru
🔰Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы университет студенттерімен кездесті 30.05.2025
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, басқарманың су ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу, экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы Ағабек Серік Оспанұлы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті  студенттерімен кездесіп еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын  болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда екендігін баяндады. Студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, басқарманың  негізгі бағыты мен бөлімдердің  жұмысы туралы да атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1008325?lang=kk
Құрметті балалар! 30.05.2025
Құрметті балалар!Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр күніңіз ашық түстерге, таңғажайып ашылуларға және шынайы қуанышқа толы болсын!Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас ынта-жігер және жаңа жетістіктерге шабыт тілеймін. Кез-келген жағдайда қолдау көрсететін адал достар және барлық армандарыңызды жүзеге асыруға көмектесетін сүйіспеншілікке толы ата-аналар болсын. Әр сәт жылулыққа, қамқорлыққа және шынайы күлкіге толы болсын!Армандаудан және бұл үлкен және қызықты әлемді ашудан қорықпаңыздар - алда көптеген таңғажайып оқиғалар мен мүмкіндіктер бар! Есіңізде болсын, сіздер біздің болашағымыз және бұл әлемді жақсартатын сіздердің таланттарыңыз, мейірімділігіңіз және білімге деген ұмтылыстарыңыз.Сіздерге бақыт, қуаныш және шексіз көңіл-күй тілейміз! Балалық шақ ең жарқын және ең сиқырлы сәттер болып есте қалсын!Мереке құтты болсын!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1008328?lang=kk
Тарихшы ғалымдар Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін талқылады 30.05.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға тарихшы ғалымдар, мұрағатшы-зерттеушілер, мұражай ісінің мамандары және қоғам қайраткерлері қатысып, қазақстандықтардың Жеңіске қосқан елеулі үлесін атап өтті. Соғыс жылдарында Қазақстан әскери өнеркәсіп үшін шикізат пен материалдар жеткізуші ретінде маңызды рөл атқарды, елімізде өндірілген қарумен және оқ-дәрімен қамтамасыз етті.– Соғыс жылдарында Қазақстанға 220 зауыт пен фабрика көшірілді. Сонымен қатар, елімізде 240 жаңа кәсіпорын салынды. Соғыс жылдарында құйылған он оқтың тоғызы бізде өндірілген қорғасыннан жасалған, – деді Әскери-тарих музейдің бастығы майор Дәулет Қадыров.Тарихшылар іс жүзінде республиканың әрбір үшінші тұрғыны соғыс және еңбек майдандарына тартылғанын тілге тиек етті. Мұны 1939 жылғы санақ бойынша бағалауға болады. Сол кезде Қазақстан халқы 6,2 млн адам болатын. Әскер қатарында Қазақ КСР-дан 178 мың сарбаз қызмет етті. Сонымен қатар, майданға бір миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанды, өнеркәсіптік нысандар мен құрылыстарда 700 мыңнан астам адам жұмыс істеді.«С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ доценті, ғылым кандидаты Күләш Жұмағалиева атап өткендей, адам шығынына қарамастан, ел салыстырмалы түрде қысқа мерзімде аяққа тұрды. Дегенмен 50-ші жылдардың ортасына дейін Жеңіс күні іс жүзінде тойланбады, сол кезеңде соғыс мүгедектерін әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру мәселелері өткір болды.«Қарулы күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі запастағы полковник Ғани Артықов аудандық әскери комиссариаттардың жұмысы туралы айтып берді. Жаппай жұмылдыру үшін Қазақстанда 300 шақыру пункті құрылған.Отырыста сондай-ақ, Жеңіске жету жолындағы еңбек майданына қатысушылардың рөлі атап өтілді. Қазақстандық батырлар туралы баяндамалар айтылды. Мәселен, Astana IT University колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Мадияр Шәкиев Кемел Тоқаевтың жауынгерлік жолы және Сталинград шайқасына қатысқаны жайлы әңгімелеп берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008333?lang=kk
Батыс Қазақстан облысында білім беру саласы – басты басымдықтардың бірі. 30.05.2025
   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды қолдау мен олардың сапалы білім алуына жағдай жасауды басты басымдық ретінде айқындап отыр. Сол себепті, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта облысымызда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.   Өңірімізде соңғы екі жыл уақыт ішінде 22 жаңа мектеп бой көтеріп, мыңдаған оқушыға заманауи талаптарға сай білім алу мүмкіндігі жасалды. Атап айтқанда, 2023 жылы – 16 мектеп, 2024 жылы – 6 мектеп салынып, пайдалануға берілді.   Сонымен қатар, 24 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 2,7 миллиард теңгеге 230 заманауи пәндік кабинет сатып алынды.   Биыл өңірімізде бой көтеретін 15 жаңа мектептің 8-нің құрылысы қазіргі уақытта жүргізілуде, қалған 7-еуі алдағы уақытта салынатын болады.   Бұл бастама – үш ауысымды оқыту мен мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам.   Соңғы 2 жылда мектептерде материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға 814 миллион теңгеге 101 мектепке жиһаз және 2,7 миллиард теңгеге 54 мектеп автобусы сатып алынды, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 480 миллион теңге қаражат бөлінді.   Білім беру саласына жасалып жатқан бұл инвестициялар – болашаққа салынған берік негіз. Жас ұрпақтың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті азамат болып өсуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1008390?lang=kk
🔰Орман шаруашылығы мекемелеріне көлік кілті табысталды 30.05.2025
Табиғатты қорғау мен орман ресурстарын сақтау – бұл тек бір саланың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген орман шаруашылығы мекемелеріне материалдық қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты назарында.Осыған орай, ағымдағы жылы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған. Аталған қаржыға патрульдеу автокөліктерін, рациялық байланыс құралдарын, пилотсыз ұшу аппараттарын және қосалқы агрегаттар алу жоспарланған.Бүгінгі таңда 6 бірлік патрульдеу автокөліктері сатып алынып, бірқатар мекемелерге көлік құралдары табысталды.Алдағы уақытта рациялық байланыс құралдары, пилотсыз ұшу аппараттары және қосалқы агрегаттар алынатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1008303?lang=kk
Асылбек Тойлыбаевты еске алуға арналған “Аққан жұлдыз” атты кеш өтті 30.05.2025
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында әнші Асылбек Тойлыбаевты еске алуға арналған “Аққан жұлдыз” атты кеш өтті.Кеш барысында өнер иесінің шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, оның орындауындағы танымал әндер шырқалды. Сонымен қатар, “Әлі де саған ғашықпын”, «Сезім сеңгірі”, “Жетісудың қыздары-ай”, “Жан қарындасым”, “Асыл менің жеңешем”, “Сен жаным”, “Сұлу қыздар” сынды әндер орындалды.Асылбек Тойлыбаев 1981 жылы дүниеге келген. Ол Жетісу өңірінің белгілі әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты болды. Талдықорған қаласындағы музыка-өнер мектебінің ұстазы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисті ретінде еңбек етті. Өкінішке орай, 2020 жылы 39 жасында өмірден озды.Кешке келген көрермендер мен әріптестері әншінің өнеріне деген құрметтерін білдіріп, оның жарқын бейнесін еске алды. “Аққан жұлдыз” кеші Асылбек Тойлыбаевтың шығармашылығын ұлықтап, оның өнерін болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1008218?lang=kk
ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама 30.05.2025
«Келісілді»ШҚО бойынша МКД басшысы_____________Бимагамбетов С.С.«_____»        маусым       2026 жыл ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама Өскемен қаласы                                                                                                                           «___»  маусым    2026 жыл I Кіріспе бөлім Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) жұмыс тобы ШҚО бойынша МКД басшысының 2026 жылғы 19 наурыздағы №111 бұйрығының негізінде ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлімшілердің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.Үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ШҚО бойынша МКД-да келесі бағытта жүргізілді:ШҚО бойынша МКД-ның жұмыста пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Бөлімшілердің жұмысында пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлыққа әке соғатын, дискрециялық өкілеттіктерді және нормаларды анықталады.ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 01 сәуірден бастап 2026 жылдың 01 маусымға дейін жүргізілді.Сыбайлас жемқорлықты талдау Жұмыс тобымен жүргізіліп, тәуелсіз сарапшылар (мамандар) қатысқан жоқ.ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі бағытта жүргізілді:1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;2) мүдделер қақтығысын реттеу;3) мемлекеттік қызметтер көрсету;4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.II. Сипаттама бөлігі 1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындауШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауын жүргізгенде, ШҚО бойынша МКД және оның аймақтық бөлімшелерде персоналды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдарына және де басқа заңдарына сонымен қатар нормативтік-құқық актілеріне сәйкес жүргізіледі.2026 жылдың 01 мамырына сәйкес облыстың мемлекеттік кірістер органның жалпы саны 495 бөлігін құрайды (факті 466), соның ішінде Департамент саны 257 бөлік (факті 247), аймақтық мемлекеттік кірістер органның саны 238 бөлік (факті 219).2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін облыстың мемлекеттік кірістер органның 89 адам ауысқан (Департамент 32 адам, аймақ 57 адам), соның ішінде мемлекеттік органның ішінде 20 адам, ауысу 57 адам (соның ішінде 18 адам басқа себептермен), басқа мемлекеттік органға ауысу жұмыстан шығарылған 13 адам.2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін тәртіптік жауапкершілікке 78 лауазымды қызметкер тартылған.2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар  жасалған жоқ.2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметін өту процесстерін анықтау кезінде (бос орындарға конкурстарды жариялау, тәртіптік жазаларды салу, кәсіптікті жоғарлау мен қайтадан даярлау, тәлімгерлік және т.б.) осы процесстер мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес екенін көрсетті.ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында персоналды басқару бағыты бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.2. Мүдделер қақтығысын реттеу Мемлекеттік қызметте әдепті бақылау сыбайлас жемқорлықты, әдеп бұзушылықтарды алдын-алу және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша маңызды механизмін құрайды.   Әдеп жөніндегі уәкіл институтын іске асыруы әсері осыған әкеліп, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен қызмет тәртібін одан әрі арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қосымша механизмін құрылуына себеп болды.ШҚО бойынша МКД-да Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары ШҚО бойынша МКД-ның басшысының орынбасарына тағайындалған.Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын, 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін талдау барысында, ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен есеп мерзімінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережесіне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жұмыс жүргізілгенін анықталған.  Тоқсандық есептерді, жазылған өтініштерді талдау кезінде мүдделер қақтығысы  анықталған жоқ.Ереженің 9 тармақшасының 4 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайдыШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.ШҚО бойынша МКД-ның интернет-ресурсында көрсетілген жеке тұлғаларды, заң тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне және Ереженің 9 тармағы 3 тарауына сәйкес ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдауды жүргізеді.ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін 13 жиналыс өткізіліп.ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік кірістер органның 141 қызметкерлерден сауалнама алынды.Жүргізілген талдаудың нәтижесінде ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы ашық болып танылды.ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.3. Мемлекеттік қызмет көрсетулерШҚО бойынша МКД-мен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін 530 230 мемлекеттік қызмет берілген, соның ішінде 356 350 жеке тұлғаларға, 173 880 заңды тұлғаларға. Мемлекеттік қызмет электронді түрде 528 125 немесе 99,6%, қағаз жүзінде 2 105 немесе 0,4%.Талдау нәтижесінде қағаз жүзінде берілген мемлекеттік қызмет көрсетулер Қазақстан республикаының заңнамасына сәйкес деп танылды.Мысалы, ШҚО бойынша МКД-мен мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірі – «алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны беру»Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны алу үшін өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырады.ШҚО бойынша МКД-мен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату бойынша 464 лицензия берілген және алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада сату бойынша 15 лицензия берілген.Сонымен қатар, осы мерзімде берілген өтініштері сапалық талаптарына сәйкес емес бойынша себептемелі бас тарту болған жоқ.Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша лицензиялар «Электронді үкімет» веб-порталында www.egov.kz e-license қосымшасында беріліп, лицензия беруші мен қызмет алушы арасында тікелей байланысы көзделмеген.ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 4.Рұқсат беру функцияларын іске асыруШҚО бойынша МКД-ның жұмысында рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруТәуекелдің сипаттамасы: Талдау объектінің ұйымдастыру-басқару жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен алу-бақылау мен акциз маркаларының болуы мен төлнұсқалығы мәселелері бойынша, алкогольдік заттарға ілеспе жүкқұжат болуы мен төлнұсқалығы мәселелері бойынша, мұнай заттарға, биоотынға, лицензия болуына, салық органдарына есепке туру бойынша жөнінде ж.т.б. мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізіледі.Көбінесе тақырыптық салықтық тексерулер аймақтық мемлекеттік кірістер басқармалардың алыста жатқан өңірлерде және аудан орталығынан үлкен қашықтықта орналасқан жерлерде жүргізіледі.Осы жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекел пайда болуы мүмкін.Осыған байланысты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін сонымен қатар, ашықтықты, заңдылықты, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің әрекеттерін фиксациялауды қамтамасыз ету және де қақтығыс жағдайларды алдын-алуға және бұзушылықтарды болдырмау, тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізетін қызметкерлерді бейне-жетондармен қамтамасыз етуді ұсынамыз (кеуде бейне тіркеуіштермен) .Тәуекелді жою бойынша ұсыныс:  Бейне-жетонның артықшылығы:Тақырыптық салықтық тексерулер жүргізген кезінде қызметкерлердің барлық әрекеттері бейнежазба мен байнефиксациялаудан  өтеді, қақтығыстың алдын-алу, бейнежазба соттарда қаралған кезде және шағымдар мен өтініштерді қаралған кезде қолданылады, азаматтарды бұзушылықтардан және қызметкерлерді жалған айыптаудан қорғайды.  Аяқтау формасы:  Аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларға кеуде бейне-жетондарды сатып алу мен қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет)  2026 жылғы 10 наурыздағы №КГД-09-2-14/6229-ВН хатында Талдау есебі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Комитеттің тиісті бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар барлық жұмыс процестері келісілгеннен кейін ғана, қалыптастырылуы тиіс.Комитеттің тиісті бөлімшесімен 2026 жылғы 03 маусымдағы жауабына сәйкес бейне-жетондарды ағымдағы кезенде енгізу мерзімінен бұрын болып табылады және де қосымша комплексті түрде пысықтауды, сонымен қатар құқықтық, ұйымдастырушылық пен қаржылық салдарын бағалауды қажет етеді.6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуШҚО бойынша МКД-ның жұмысында бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуШҚО бойынша МКД-ның жұмысында жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануШҚО бойынша МКД-ның жұмысында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.9.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (салықтар мен басқа төлемдерді жинау)ШҚО бойынша МКД-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы                                                                       Т. БейсекеновАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1245496?lang=ru
2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті. 30.05.2025
2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1017210?lang=kk
2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті 30.05.2025
2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1016987?lang=kk
2025 Астана Халықаралық Форумы жаһандық ынтымақтастыққа үндеумен ашылды 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Бүгін Астана Халықаралық Форумы 2025 салтанатты ашылу рәсімімен басталып, екі күн бойы стратегиялық диалог пен шекара аралық ынтымақтастық алаңына айналады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған осы жылғы форум «Ақыл-ой қосу арқылы келешекті бағдарлау» тақырыбы аясында әлемдік көшбасшыларды ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылауға біріктірді.Форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Президент Тоқаев көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі әлемдегі маңыздылығына ерекше тоқталды: «Соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп ыдырауда. Протекционизм күшеюде. Көпжақты қатынастар әлсіреуде. Осы қалыптасып жатқан бейберекет жағдайда бізге жүктелген міндет айқын: ынтымақтастық бар жерде оны сақтау, бұзылған жерде – қалпына келтіру. Қазақстанның көздеген мақсатты – әр алуандықтағы бірлік» – деді.Форум аясында бірқатар беделді спикерлер сөз сөйледі. Олардың қатарында Руанда Президенті Поль Кагаме, Солтүстік Македония Президенті Гордана Сильяновска-Давкова, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсе, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Цюй Дуньюй және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Қазір Жасыл Өсу жөніндегі жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун. Сессияны CNN International тілшісі және жүргізушісі Джулия Чаттерли жүргізді.Қазақстанның даму жолына бағалаған Руанда Президенті Поль Кагаме: «Қазақстанның өркендеуі – елдің көшбасшылығының, табандылығының және халқының көрінісі», – деді.Солтүстік Македония Президенті Гордана Сильяновска-Давкова жаһандық дағдарыстарды шешу жолдары туралы сөз қозғап: «Бүгінгі сын-қатерлерге төтеп беру үшін бізге ұжымдық даналық пен тәжірибені жедел әрі тиімді пайдалану қажет», – деп атап өтті.Ален Берсе демократиялық құндылықтардың жаһандық қауіпсіздік үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп: «Біз бұл жерде қауіпсіздік, энергетика, климат және экономика мәселелерін талқылау үшін жиналдық. Алайда мойындайық – егер демократия әлсіресе, бұл салаларда тұрақтылық болуы мүмкін емес», – деді.Пан Ги Мун Қазақстанның бастамашы ретіндегі рөлін жоғары бағалап: «Форумның биылғы тақырыбы – бізге қажетті көшбасшылықтың айқын көрінісі. Бұл – ынтымақтастыққа негізделген, болашақты болжай алатын және ортақ жауапкершілікке сүйенетін көшбасшылық», – деді.Цюй Дунъюй Орталық Азия мен Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтіп: «Орталық Азия – геосаяси, экономикалық және климаттық тұрғыдан маңызды аймақ. Қазақстанның жер көлемі 2,8 миллион шаршы шақырымды құрайды. Тиімді басқару, инвестициялар мен жаңа технологиялардың көмегімен Қазақстан бүкіл әлем бойынша 1 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ете алады», – деді.Форум бағдарламасына климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздік және қақтығыстарды шешу тақырыптарындағы нақты шешімдерге бағытталған сессиялар енді. Австрияның бұрынғы канцлері Себастьян Курц Financial Times журналисі Тони Барбермен сұхбатында Еуропаның Орталық Азияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын құптап: «Еуропа бұл аймақпен тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігін енді шынайы түсіне бастады», – деп атап өтті.БҰҰ қолдаған пікірталастар форумның маңызды бөлігінің бірі болды. Ұйым стратегиялық серіктес ретінде Форум жұмысына белсенді қатысты. Сессиялар БҰҰ-ның 80 жылдығына арналды және «Болашақ үшін келісім», көші-қон, су қауіпсіздігі сынды басым бағыттар қамтылды. Ерекше назар аударылған сессия – CNN журналисі Макс Фостер мен Халықаралық көші-қон ұйымының Бас директоры Эми Э. Поптың көші-қонның орнықты даму мақсаттарындағы рөлі туралы әңгімесі болды.Форумның бірінші күні қорытындылана келе, орта державалардың рөлін арттыру, көпжақтылықтың маңыздылығын қайта жаңғырту және нақты жаһандық шешімдерді жеделдету бағытындағы миссиясын тағы бір мәрте растады. Форумның екінші күні де тұрақты, инклюзивті және өзара байланысқан әлем қалыптастыруға бағытталған серіктестік пен диалогты жалғастырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1008150?lang=kk
БҰҰ, энергетика және климат: АIF қатысушылары жаһандық мәселелерді талқылады 30.05.2025
Астана халықаралық форумының алғашқы күні әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам делегат пен 5000 қонақтың басын қосты. Форумды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ол өз сөзін әлемдегі алаңдатарлық саяси жағдайдан бастады: 52 мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында болды. Бұл ретте зорлық-зомбылықтан келген экономикалық шығын 19 триллион долларға жетті – бұл дүниежүзілік ЖІӨ-нің шамамен 13,5% құрайды. Заманауи қақтығыстар ұзағырақ және күрделі болып барады. Мұндай қақтығыстардың негізінде тереңде жатқан қайшылықтар жатыр. Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында да шиеленіс артып келеді.Қасым-Жомарт Қазақстан орта державалар әділетті әрі инклюзивті әлемдік тәртіптің орнауына мүдделі болуы керек екеніне нық сенетінін айтты. Соған сәйкес, орта державалар да жауапкершілік жүгін көтеруге дайын болуға тиіс.Форумның панельдік сессияларының бірі БҰҰ-ға арналды. Биыл ұйым өзінің 80 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Президенті БҰҰ құрылымдары, әсіресе Қауіпсіздік кеңесі уақыт өте аз өзгергенін атап өтті.«80 жыл бұрын жасалған институционалды құрылым мен қазіргі заман арасында алшақтық көп. Бұл Ұйымға және оның тиімділігіне деген сенімге селкеу түсіреді. Миллиардтаған адамның тағдырына әсер ететін аса маңызды шешімді бірнеше елдің қабылдағаны дұрыс емес», - деп атап өтті Тоқаев.Сондықтан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, оған әлемнің әр өңірінен өкіл қосу туралы ұстанымды қолдайды.Форумның маңызды тақырыптарының бірі – экология және климат болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне осал өңірлердің бірі екенін атап өтті. Мұндағы жылыну әлемдік орташа деңгейден екі есе жылдам жүріп жатыр.Сөзінің соңында президент форумға қатысушыларға сөз сөйлеп, оларды мазмұнды диалогқа шақырды.Форумның алғашқы күні белгілі саясаткерлер, сарапшылар,  халықаралық компаниялардың басшыларының қатысумен 9 панельдік сессия және 6 жеке кездесу өтті. Панельдік сессияларға қатысушылар Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі; жаһандық нарықтар, жеткізу тізбегі және валюталық жүйелер үшін экономикалық соғыстың ұзақ мерзімді салдары; энергияға жаһандық сұраныс және таза энергетиканы дамыту; ЖИ дамыту; Қазақстанда Алатау қаласының құрылуын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008121?lang=kk
Қазақстан Астана халықаралық форумында көлік әлеуетін таныстырды 30.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстанның Көлік министрлігі еліміздің көлік әлеуеті тұсаукесерін жасады. Іс-шараға түрлі елдердің премьер-министрлері орынбасарлары – Қазақстаннан Серік Жұманғарин, Ресейден Алексей Оверчук, Қырғызстаннан Данияр Амангелдиев, Өзбекстаннан Жәмшид Ходжаев, сондай-ақ Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи қатысты.Қазақстан Еуразияның стратегиялық көлік хабы ретінде Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыты бойынша жаһандық жеткізу тізбегінің аймақтық байланысы мен орнықтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бүгінгі таңда елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі бар. Оның бесеуі – теміржол, сегізі – автокөлік дәлізі.«Біздің көліктік инфрақұрылым Қытай, Еуропа, Ресей, Каспий жағалауы елдерін, Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азияны байланыстырады. Демек, Қазақстан еуразиялық логистикалық жүйедегі маңызды буын. Қазақстандық желі барлық негізгі халықаралық көлік дәліздерімен түйісетіндіктен, әлемдік нарыққа тұрақты түрде шығуымызды қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров. Тұсаукесер барысында ТРАСЕКА, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі, Солтүстік маршрут, сондай-ақ Ауғанстан, Парсы шығанағы, Оңтүстік Азия елдерімен логистикалық байланысты кеңейтуге ықпал ететін Оңтүстік және Орталық Азия сияқты басым бағыттардың дамуына ерекше назар аударылды.«Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту, оның әлеуетті жалғасы – трансауғандық бағыттың маңыздылығы туралы айтылды.«Бұл бағыт Үнді мұхиты порттарына, соның ішінде Гвадар, Карачи мен Мумбайға шығуды қамтамасыз ететін перспективалық дәліз. Оның есептік өткізу қабілеті жылына 15 млн тонна. Біз бұл векторды аймақтық өзара байланысты нығайтуға, сауда айналымын ұлғайту мен жаңа логистикалық тізбекті қалыптастыруға ықпал ететін қолданыстағы маршруттарға стратегиялық қосымша ретінде қарастырамыз», — деді  Мақсат Қалиақпаров. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның қазіргі автожол, теміржол және авиациялық бағытының негізгі параметрлерін, шекара маңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, аймақтың негізгі жүк құраушы нүктелерінде терминалдық инфрақұрылымды дамыту перспективасын талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар келісілген көлік саясатын әзірлеуге және логистикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.https://primeminister.kz/news/kazakstan-astana-khalykaralyk-forumynda-kolik-aleuetin-tanystyrdy-30106 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008132?lang=kk