ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама
30.05.2025 15:21:19 23688
«Келісілді»
ШҚО бойынша МКД басшысы
_____________Бимагамбетов С.С.
«_____» маусым 2026 жыл
ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама
Өскемен қаласы «___» маусым 2026 жыл
I Кіріспе бөлім
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) жұмыс тобы ШҚО бойынша МКД басшысының 2026 жылғы 19 наурыздағы №111 бұйрығының негізінде ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлімшілердің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ШҚО бойынша МКД-да келесі бағытта жүргізілді:
ШҚО бойынша МКД-ның жұмыста пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімшілердің жұмысында пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлыққа әке соғатын, дискрециялық өкілеттіктерді және нормаларды анықталады.
ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 01 сәуірден бастап 2026 жылдың 01 маусымға дейін жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлықты талдау Жұмыс тобымен жүргізіліп, тәуелсіз сарапшылар (мамандар) қатысқан жоқ.
ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі бағытта жүргізілді:
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
II. Сипаттама бөлігі
1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауын жүргізгенде, ШҚО бойынша МКД және оның аймақтық бөлімшелерде персоналды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдарына және де басқа заңдарына сонымен қатар нормативтік-құқық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
2026 жылдың 01 мамырына сәйкес облыстың мемлекеттік кірістер органның жалпы саны 495 бөлігін құрайды (факті 466), соның ішінде Департамент саны 257 бөлік (факті 247), аймақтық мемлекеттік кірістер органның саны 238 бөлік (факті 219).
2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін облыстың мемлекеттік кірістер органның 89 адам ауысқан (Департамент 32 адам, аймақ 57 адам), соның ішінде мемлекеттік органның ішінде 20 адам, ауысу 57 адам (соның ішінде 18 адам басқа себептермен), басқа мемлекеттік органға ауысу жұмыстан шығарылған 13 адам.
2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін тәртіптік жауапкершілікке 78 лауазымды қызметкер тартылған.
2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасалған жоқ.
2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметін өту процесстерін анықтау кезінде (бос орындарға конкурстарды жариялау, тәртіптік жазаларды салу, кәсіптікті жоғарлау мен қайтадан даярлау, тәлімгерлік және т.б.) осы процесстер мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес екенін көрсетті.
ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында персоналды басқару бағыты бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.
2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Мемлекеттік қызметте әдепті бақылау сыбайлас жемқорлықты, әдеп бұзушылықтарды алдын-алу және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша маңызды механизмін құрайды.
Әдеп жөніндегі уәкіл институтын іске асыруы әсері осыған әкеліп, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен қызмет тәртібін одан әрі арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қосымша механизмін құрылуына себеп болды.
ШҚО бойынша МКД-да Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары ШҚО бойынша МКД-ның басшысының орынбасарына тағайындалған.
Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын, 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін талдау барысында, ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен есеп мерзімінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережесіне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жұмыс жүргізілгенін анықталған. Тоқсандық есептерді, жазылған өтініштерді талдау кезінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Ереженің 9 тармақшасының 4 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды
ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
ШҚО бойынша МКД-ның интернет-ресурсында көрсетілген жеке тұлғаларды, заң тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне және Ереженің 9 тармағы 3 тарауына сәйкес ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін 13 жиналыс өткізіліп.
ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік кірістер органның 141 қызметкерлерден сауалнама алынды.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы ашық болып танылды.
ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетулер
ШҚО бойынша МКД-мен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін 530 230 мемлекеттік қызмет берілген, соның ішінде 356 350 жеке тұлғаларға, 173 880 заңды тұлғаларға. Мемлекеттік қызмет электронді түрде 528 125 немесе 99,6%, қағаз жүзінде 2 105 немесе 0,4%.
Талдау нәтижесінде қағаз жүзінде берілген мемлекеттік қызмет көрсетулер Қазақстан республикаының заңнамасына сәйкес деп танылды.
Мысалы, ШҚО бойынша МКД-мен мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірі – «алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны беру»
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны алу үшін өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырады.
ШҚО бойынша МКД-мен 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 2026 жылдың 1 мамырға дейін алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату бойынша 464 лицензия берілген және алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада сату бойынша 15 лицензия берілген.
Сонымен қатар, осы мерзімде берілген өтініштері сапалық талаптарына сәйкес емес бойынша себептемелі бас тарту болған жоқ.
Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша лицензиялар «Электронді үкімет» веб-порталында www.egov.kz e-license қосымшасында беріліп, лицензия беруші мен қызмет алушы арасында тікелей байланысы көзделмеген.
ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Тәуекелдің сипаттамасы: Талдау объектінің ұйымдастыру-басқару жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен алу-бақылау мен акциз маркаларының болуы мен төлнұсқалығы мәселелері бойынша, алкогольдік заттарға ілеспе жүкқұжат болуы мен төлнұсқалығы мәселелері бойынша, мұнай заттарға, биоотынға, лицензия болуына, салық органдарына есепке туру бойынша жөнінде ж.т.б. мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізіледі.
Көбінесе тақырыптық салықтық тексерулер аймақтық мемлекеттік кірістер басқармалардың алыста жатқан өңірлерде және аудан орталығынан үлкен қашықтықта орналасқан жерлерде жүргізіледі.
Осы жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекел пайда болуы мүмкін.
Осыған байланысты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін сонымен қатар, ашықтықты, заңдылықты, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің әрекеттерін фиксациялауды қамтамасыз ету және де қақтығыс жағдайларды алдын-алуға және бұзушылықтарды болдырмау, тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізетін қызметкерлерді бейне-жетондармен қамтамасыз етуді ұсынамыз (кеуде бейне тіркеуіштермен) .
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс: Бейне-жетонның артықшылығы:
Тақырыптық салықтық тексерулер жүргізген кезінде қызметкерлердің барлық әрекеттері бейнежазба мен байнефиксациялаудан өтеді, қақтығыстың алдын-алу, бейнежазба соттарда қаралған кезде және шағымдар мен өтініштерді қаралған кезде қолданылады, азаматтарды бұзушылықтардан және қызметкерлерді жалған айыптаудан қорғайды.
Аяқтау формасы: Аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларға кеуде бейне-жетондарды сатып алу мен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылғы 10 наурыздағы №КГД-09-2-14/6229-ВН хатында Талдау есебі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Комитеттің тиісті бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар барлық жұмыс процестері келісілгеннен кейін ғана, қалыптастырылуы тиіс.
Комитеттің тиісті бөлімшесімен 2026 жылғы 03 маусымдағы жауабына сәйкес бейне-жетондарды ағымдағы кезенде енгізу мерзімінен бұрын болып табылады және де қосымша комплексті түрде пысықтауды, сонымен қатар құқықтық, ұйымдастырушылық пен қаржылық салдарын бағалауды қажет етеді.
6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
9.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (салықтар мен басқа төлемдерді жинау)
ШҚО бойынша МКД-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қызметтік тергеп-тексеру
бөлімінің басшысы Т. Бейсекенов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1245496?lang=ru