Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ БАСҚАРУ ІСІНЕ АРАЛАСУЫ 07.02.2026
Жаңартылған Конституцияда биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы екені нақты бекітіліп, азаматтардың ел басқару ісіне тікелей қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Осы мақсатта халықтың пікірін ескеруге және қоғамдық диалогты нығайтуға бағытталған жаңа институттар мен тетіктер қалыптастырылады. Соның бірі – Қазақстанның Халық Кеңесі, ол азаматтар атынан заңнамалық бастамалар көтеруге мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңы ретінде құрылып, қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты күшейтуді көздейді. Сонымен қатар Құрылтай институтының рөлі айқындалып, 145 депутаттан тұратын бірпалаталы Парламенттің тиімді жұмыс істеуіне негіз қаланады. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын күшейту арқылы демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуға бағытталған.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 07.02.2026
Жаңартылған Конституция мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құндылықтарды жаңа мазмұнмен толықтырып, қоғамдық өмірдің барлық саласына ортақ әділдік, заң және тәртіп қағидаттарын алғаш рет конституциялық деңгейде бекітеді. Бұл нормалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау конституциялық принцип ретінде белгіленіп, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде айқындалады. Қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау да негізгі құндылықтардың қатарына еніп, азаматтық татулық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің маңызды шарты ретінде қарастырылады. Конституциялық реформалар жобасы Негізгі заң мәтінінің 84 пайызын қамтып, елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған, ал оның толық мазмұнымен ресми ақпараттық порталдар арқылы танысуға мүмкіндік бар.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — БОЛАШАҚҚА БАҒДАР 07.02.2026
Жаңартылған Конституция Қазақстанның стратегиялық дамуының жаңа бағытын айқындап, білім, ғылым және инновацияны мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітеді. Елдің тұрақты өсімі мен бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарға ғана емес, азаматтардың біліміне, кәсіби біліктілігіне және зияткерлік әлеуетіне тікелей байланысты екені нақты көрсетіледі. Осы орайда адам капиталы ұлттық дамудың негізгі тірегіне айналып, әр азаматтың мүмкіндігін толық іске асыруына жағдай жасау көзделеді. Сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, өнертабыстар мен ғылыми жетістіктерді қолдауға бағытталған құқықтық негіздер нығайтылады. Цифрландыру мен инновациялық даму мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде белгіленіп, басқару тиімділігін арттыруға, экономиканы жаңғыртуға және қоғамның ашықтығын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Осылайша жаңа Конституция білімге, технологияға және тең мүмкіндіктерге сүйенген заманауи әрі әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.
«Мирас» университетінің жастары Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді 07.02.2026
*«Мирас» университетінің жастары Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді*Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Мирас» университетінде болып, Жаңа Конституция жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында студент жастармен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары қолданыстағы Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңінде елдегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң осы уақытқа дейін өзіне жүктелген тарихи миссияны толық орындады. Қазіргі кезеңде қоғам мен мемлекеттің даму талаптарына сай, мемлекеттілікті одан әрі нығайтып, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындап отыр.Сәрсен Құранбек Жаңа Конституция жобасында ұлттық мүдде мен ұлттық ерекшеліктерге айрықша мән берілгенін жеткізді. Сонымен қатар, құжатта әділеттілік пен теңдік қағидаттарын басшылыққа алатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды нормалар көзделгені атап өтілді.Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студент жастар тарапынан белсенділік танытылды. Қатысушылар Жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, көтерілген бастамаларды қолдайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.Кездесу барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы да сөз сөйлеп, Конституциялық реформаның ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Олар Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, мұндай кездесулер халықтың, әсіресе жастардың, ел болашағына белсенді қатысуына жол ашатынын және қоғам мен билік арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
Түркия мен Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен тобының 8-ші отырысы 07.02.2026
Түркия мен Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен тобының 8-ші отырысыАнкарадағы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен топтың 8-ші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия кеңейтілген стратегиялық серіктестік мәртебесін ресми түрде растады және екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңін ашты. Кездесудің ерекше және терең эмоционалды бөлімі – 2023 жылғы қайғылы жер сілкіністерінен кейін Қазақстанның тұрақты бірлігін бағалап, Түркия тарапынан ризашылық білдіру болды. Осы бауырластықтың символы – Нұрдағы (Газиантеп) қаласында Қазақстан тарапынан толық қаржыландырылған жаңа мектептің салынуы.Бұл жоба, сондай-ақ KazAID пен TIKA агенттіктерінің табысты ынтымақтастығы, серіктестігіміздің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Күш біріктіре отырып, біздің елдер тек Орталық Азияның тұрақты дамуына үлес қосып қана қоймай, үшінші елдерге де бірлесіп көмек көрсетіп, халықаралық аренада біртұтас құрылымды күш ретінде әрекет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1156920?lang=kk
Regarding the New Draft Constitution of the Republic of Kazakhstan 07.02.2026
The Constitutional Court of the Republic of Kazakhstan has published the draft of a new Constitution on January 31, following an extensive constitutional reform process initiated by President Kassym-Jomart Tokayev.The draft was formed following the discussions and debates among the members of the Constitutional Commission on the basis of the numerous proposals and suggestions received from the Kazakh society.The reform marks a transition from targeted amendments to a comprehensive constitutional transformation, reflecting changes across the political system, governance model, and the state’s value framework. The final decision on adopting the new Constitution will be taken by citizens through a nationwide referendum.Changes in the institutional and political system will affect the parliamentary system, the executive branch, and a new consultative body will be created.It is planned to create a unicameral parliament (Kurultai), consisting of 145 deputies (members of parliament), who will be elected according to a proportional electoral system with a term of five years, and the powers of parliament will be expanded.The new Consultative body presupposes the creation of the People's Council of Kazakhstan, the Highest national consultative body that will represent public interests and will be granted the right of legislative initiative.In the executive branch, the institution of Vice President will be introduced. The Vice President will act on behalf of the President in engagement with domestic and foreign socio-political, scientific, cultural, and educational organisations.The draft Constitution significantly strengthens legal safeguards and procedural rights.The draft Constitution reflects Kazakhstan’s evolving political system, social priorities, and international standing. The new Constitution places human rights and freedoms at the center of the state’s constitutional framework.Besides, the Constitution redefines the long-term development trajectory of the state by identifying education, science, culture, and innovation as central constitutional priorities. Digital transformation is explicitly addressed. For the first time, constitutional protection of citizens’ rights in the digital environment is introduced.The new Constitution reinforces the secular nature of the state, clearly separating religion from government and affirming the secular character of education and upbringing. The Basic Law will include measures to protect traditional values and strengthen the legal protection of women's rights.In general, the new text is positioned as an evolution, reflecting institutional maturity, accumulated international credibility, and a forward-looking governance model.Constitutional Commission will continue its debates.Background: The constitutional reform was launched following the President’s proposal, announced on 8 September 2025 in his annual Address to the Nation, to establish a unicameral Parliament as part of a broader political system reset.In January 2026, a Constitutional Commission was established, comprising 130 members representing all regions and social groups, including members of the National Kurultai (Congress), legal experts, government officials, media representatives, maslikhats (local executive bodies) chairs, and civil society.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1156921?lang=kk
Солтүстік Македонияның туроператорларына Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды 07.02.2026
Скопье, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Елшілігі Скопье қаласында туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және македониялық туристердің Қазақстанға қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақстанның туристік әлеуеті» тақырыбында презентация өткізді.Іс-шараға Солтүстік Македонияның туристік компанияларының өкілдері (Elite Travel, Magelan, Mond Travel, Atlas), сондай-ақ Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық экономикалық альянстың вице-президенті З.Эделински қатысты.Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов елдің туристік әлеуеті жөнінде жан-жақты презентация жасап, Қазақстанның бірегей өңірлік ерекшеліктері мен көрікті жерлері туралы баяндады.Қазақстандық дипломат кездесуге қатысушыларды екі ел арасындағы өзара туристік алмасу мен іскерлік байланыстардың деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының туроператорларымен өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға шақырды.Македониялық туркомпания өкілдері Қазақстанға қызығушылық танытып, туризм саласындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.Кездесу қонақтарына Қазақстан Республикасының бай туристік әлеуеті туралы бейнероликтер көрсетіліп, Қазақстан жөніндегі ақпараттық туристік материалдар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1156932?lang=kk
Өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық диалог өтті 06.02.2026
Будапешт, 2026 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының «Oeconomus Economic Research Foundation» директоры Антон Бендаржевскиймен кездесуі барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің өзгермелі жағдайында сараптамалық диалог пен аналитикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында Мажарстанның сыртқы экономикалық басымдықтарына, сондай-ақ елдің өңірлік өзара іс-қимыл форматтарындағы, оның ішінде Вишеград тобы аясындағы рөліне ерекше назар аударылды. Вишеград төрттігі елдерінің орнықты даму, экономикалық кооперация және өңірлік тұрақтылық мәселелері бойынша ұстанымдарын үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.Сондай-ақ, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінде жүріп жатқан үдерістер, оның ішінде экономикалық серпін, инфрақұрылымдық бастамалар және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға және өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал ететін негізгі логистикалық бағыттардың бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға ерекше назар аударылды.Кездесу кезінде Қазақстандағы ішкі саяси реформалар, оның ішінде саяси жүйені жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған конституциялық реформаны іске асыру мәселелері бойынша да пікір алмасу болды.Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі мемлекеттердің бірі ретіндегі өңірлік тұрақтылықты, экономикалық интеграцияны және өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға қосып отырған елеулі үлесі ерекше атап өтілді. Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың Еуропа мен Азия арасындағы жаңа байланыстарды қалыптастырудағы рөлінің артып келе жатқаны атап көрсетілді.Сонымен қатар, Мажарстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы рөліне, сондай-ақ оның Еуропалық одақ, Орталық Азия елдері және тұтастай түркі әлемі арасындағы диалогты дамытуға қосып отырған үлесіне жеке назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1156893?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан білім беру және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда: Елшінің Кечкемет пен Карцаг қалаларына сапары 06.02.2026
2026 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекулы «John von Neumann» университетінің шақыруымен жұмыс сапарымен Кечкемет қаласына барып, білім беру, ғылыми және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға арналған бірқатар іс-шараларға қатысты. Сапар барысында Елші университет ректоры Тамаш Фюлеппен, оқу орны басшылығы және халықаралық байланыстар офисінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында университет қызметінің басым бағыттары, оның ішінде білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу бастамалары, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен қоса алғанда, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары жан-жақты талқыланды.Жұмыс сапары аясында Абзал Сапарбекулы Кечкемет қаласының әкімдігіне барып, қала әкімі Клаудия Семерейне Патакимен, сондай-ақ қала әкімінің орынбасары әрі Бач-Кишкун медьесінің Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Йожеф Гаалмен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, экономикалық, білім беру және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді, сондай-ақ тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.Кечкеметтегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін Елші Карцаг қаласында AgroSprint мажар компаниясының жаңа орау зауытын ашу салтанатына қатысты. Ресми шара барысында Мажарстанның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто құттықтау сөз сөйлеп, жобаның өңірлік экономиканы дамыту және инвестициялық климатты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1156881?lang=kk
«Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді басқару» тақырып бойынша коучинг-тренингі 06.02.2026
Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында МКД басқармалары, бөлім  басшылары, МКБ басшылары мен орынбасарлары,  кеден бекеттерінің басшылары үшін «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді басқару» бағдарламасы бойынша коучинг-тренинг өткізді.Коучинг-тренинг аясында қатысушылар жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаудың негізгі тәсілдерімен танысты, командаға шабыт беріп, ынталандырып, басшылық етудің, сондай-ақ коммуникацияны дұрыс бағытта пайдаланудың жолдарын үйренді.Қатысушылар мемлекеттік басқарудағы коучингтің негіздеріне терең үңіліп, басқарудың негізгі модельдерін талдады, тиімді коммуникация дағдыларын тәжірибе жүзінде жетілдірді.Коучинг-тренинг қатысушылары коучинг қағидаттарына негізделген«5 жылдан кейінгі МКД-ның көрінісі» тақырыбындағы жобаны сәтті қорғады. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнамаға қатысып, «Мемлекеттік кірістер органдарында тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті сәтті арттырғаны жөнінде сертификаттар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1156882?lang=kk
Қазақстандық экспортты Мажарстан нарығында ілгерілетудің ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды 06.02.2026
Будапешт, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Сапарбекұлының Мажарстан Сыртқы істер министрлігінің Экспортты дамыту департаментінің директоры Н.Олах ханыммен кездесуі барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ отандық өнімнің өзара экспортын кеңейту мәселелері талқыланды.Қазақ тарапы мажар әріптестерді елдің экспорттық әлеуетімен жан-жақты таныстырып, мажарстандық компаниялардың қатысуымен қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша табысты іске асырылып жатқан нақты жобалардың мысалдарын ұсынды. Кездесу барысында тараптар Мажарстанның Қазақстан экспортының Еуропалық одақ нарықтарына ілгерілеуі үшін «қақпа» («gateway») рөлін атқаруға айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша мажар тарапы екі ел компаниялары арасында іскерлік кездесулер өткізу және тікелей байланыстар орнату үшін платформа ұсынуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ өзара экспортты одан әрі кеңейту мақсатында Мажарстанның Экспортты ілгерілету агенттігі – «HEPA» мен экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор «QazTrade» арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Тараптар өзара экспортты ілгерілету жөніндегі арнайы Жұмыс тобын құру, сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстанның өндіруші компаниялары арасындағы сауда ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.Қазақстан экономиканы әртараптандыруға, сондай-ақ қосылған құны жоғары өнімді қоса алғанда, шикізаттық емес экспортты кеңейтуге бағытталған саясатты дәйекті түрде іске асырып келеді. Осыған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуға, инновацияларды енгізуге, өндірістік үдерістерді цифрландыруға және отандық компаниялардың экспорттық бағдарлануын арттыруға басымдық берілуде. Қаржылық, институционалдық және дипломатиялық құралдарды қамтитын экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруда.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1156886?lang=kk
"Ауылдың көрнекті адамдары"тақырыбындағы жобаларды қорғау 06.02.2026
2026 жылдың 4 ақпанында «Ауыл шаруашылығына қадам» облыстық білім беру мекемесінің оқу-әдістемелік орталығының «Ауыл шаруашылығына қадам» облыстық жобасын іске асыру аясында Осакаров ауданының білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ауылдың ұлы тұлғалары» тақырыбында жобалар қорғауы өткізілді.Жобаға қатысушылар туған өлкесінің өркендеуі мен даңқын арттыруға еңбегі, таланты мен адалдығымен үлес қосқан адамдарға арналған ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарын ұсынды.Әрбір жоба мазмұнының тереңдігімен, ауыл тарихына шынайы қызығушылықпен, еңбек адамдарына деген құрметпен ерекшеленді. Оқушылар ақпаратты өңдеуге, материалдарды талдауға, көпшілік алдында сөйлеуге және өз көзқарастарын білдіруге қабілеттерін көрсетті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!I орын – Стасюк Артём, КММ «№3 жалпы білім беретін мектеп», жетекшісі Сусликова О. В.I орын – Әуесхан Марат, Өнерхан Жахин, КММ «№22 жалпы білім беретін мектеп», жетекшісі Баярбек МусадахимII орын – Круглова Альбина, КММ «№2 жалпы білім беретін мектеп», жетекшісі Сафина А. В.II орын – Кәртай Нұрали, КММ «№11 жалпы білім беретін мектеп», жетекшісі Слямова А. А.III орын – Роурбах Екатерина, КММ «№15 жалпы білім беретін мектеп», жетекшісі Тихомирова И. А.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1156845?lang=kk
Қостанай қалалық электр желісінің жоспарлы жұмыс кестесі 06.02.2026
Жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 2026 жылғы 9–13 ақпан аралығында жеке сектор мен жатын аудандарындағы кейбір тұтынушыларға электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады.2026 жылғы 9 ақпанТП-192 (ТП-дағы жұмыстар)Уақыты: 10:00–18:00Мекемелер: «Балаларға арнайы қызмет көрсету орталығы» ММ, Красносельская көшесі, 20, «Бриз» кафесі, «Успех» ЖК, «Ким» ЖК, «Посейдон» дүкені, «Автозапчасти».Жеке сектор: Левобережная көшесі 1–25, 15/1–15/5, Мичурин көшесі 1–32, 32/1, Красносельская көшесі 1–46, Свобода көшесі 1–48.ТП-110 (ӘЖ-дегі жұмыстар)Уақыты: 10:00–18:00Жатын сектор: Назарбаев даңғылы 164, 166.ТП-102 (ӘЖ-дегі жұмыстар)Уақыты: 10:00–18:00Мекемелер: Назарбаев даңғылы 148, «Сапа+» дүкені, «Алима» дүкені.Жеке сектор: Қозыбаев көшесі 155–177, Пролетарская көшесі 140–150, 1 Мая көшесі 150–196, Назарбаев даңғылы 127–177, 184/2–184/6, 161/1–161/12, 200/1–200/14.КТП-115а (ӘЖ-дегі жұмыстар)Уақыты: 10:00–17:00Онкология (паллиативтік терапия), «Арман» дүкені, «Цветная» дәріханасы, «Қостанай-Су» сорғы станциясы (Кубеев көшесі), «Нуркин» ЖК.КТП – әскери бөлім (ТП-дағы жұмыстар)Уақыты: 10:00–17:00Челябинская көшесі 47 (әскери комендатура).2026 жылғы 10 ақпанТП-429 (ТП-дағы жұмыстар)Уақыты: 10:00–18:00Мекемелер: Облыстық орыс драма театры, Баймағамбетов көшесі 185, «Пума», «Тополек», «Торты», «Подиум», «Взгляд» шаштаразы, «Раузет» дүкені.Жатын сектор: Әл-Фараби даңғылы 91, 93, 97, Баймағамбетов көшесі 189.2026 жылғы 11 ақпанТП-455а (ТП-дағы жұмыстар)Уақыты: 10:00–18:00Мекемелер: «Мандарин» СҮ, «Вельт» ЖШС, «Лик» шаштаразы, «Зоомир» дүкені.Жатын сектор: С. Нұрмағамбетов көшесі 56, 58, 60, Майлин көшесі 57, 57а, 59.ТП-251 (ӘЖ-дегі жұмыстар)Уақыты: 2026 жылғы 11–13 ақпан, 10:00–18:00Мекемелер: «Тумар» ЖШС, Челябинская көшесі 3.Жеке сектор: Зеленая көшесі 5, 24–26, Спортивная көшесі 18, 20, 20/1, 20/2, 29, Штабная көшесі 1–10, 3/1, 3/2, 4/1, 4/2, 9/1, Челябинская көшесі 2–10, 8/1, 8/2, Рудненская көшесі 2–19, Водяная көшесі 1/1, 2–4, 3/2, 7/1, 7/2.КТП «Экос-Ан» (ТП-дағы жұмыстар)Уақыты: 10:00–17:00«Экос-Ан» ЖШС, Киевская көшесі 21.2026 жылғы 12 ақпанТП-КК (Шақшақ, Жәнібек көшелері) (ӘЖ-дегі жұмыстар)Уақыты: 10:00–17:00№40 КК, «Еңбек-Қостанай» ЖШС, «Агропромтрейд» ЖШС, Стецюк ЖК, КТП химсклад.КТП ПарутинУақыты: 10:00–17:00ЖК Парутин А.Ю., Дорожников көшесі 9.2026 жылғы 13 ақпанКТП «Әйгерім» (ТП-дағы жұмыстар)Уақыты: 10:00–17:00«LKW-TRANS» ЖШС, Шақшақ, Жәнібек көшесі 56/5.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1156798?lang=kk
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен онлайн-кездесу 06.02.2026
2026 жылғы 6 ақпанда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 30-дан астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері, атап айтқанда: «Ауданның білім беру ұйымдарында жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы» мәселелер қаралды. Барлық сұрақтарға толық және ашық жауаптар берілді. Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1156809?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Заречный шағынауданындағы өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялады 06.02.2026
2026 жылғы 5 ақпанда сағат 20:30 шамасында Алатау қаласының Заречный шағынауданында, №20 көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.Осы уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – аға лейтенант Ербол Арыстанов, сержант Бауыржан Жайдарин және ефрейтор Нұржан Бекболатов қызметтен кейін үйлеріне қайтып бара жатқан. Олар пәтерден қою түтін шығып жатқанын байқап, дереу 101 және 103 қызметтеріне хабар берген, содан кейін тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.Әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, подъезден шамамен 20 баланы, бірнеше әйелді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қауіпсіз жерге шығарған. Әсіресе бесінші қабаттағы жағдай ерекше қауіпті болды. Онда сыртынан құлыпталып қалған пәтерде үш кәмелетке толмаған бала болған. Қатты түтін мен көмірқышқыл газынан улану қаупіне қарамастан, әскери қызметшілер жоғарғы қабатқа көтеріліп, таза ауаның келуін қамтамасыз етіп, есікті бұзып, балаларды аман алып шықты.- Екінші қабаттағы пәтердің терезесінен жалын мен қою қара түтін шыққанын көріп, ең алдымен тұрғындарға көмектесуге тырыстық. Олардың арасында кішкентай балалар мен қарт адамдар көп болды. Подъезд қатты түтінге толып, тыныс алу мен бағдар алу қиынға соқты, сондықтан олар өздігінен ғимараттан шыға алмады, – деді аға лейтенант Ербол Арыстанов.Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті сөндіруге дереу кірісті. Облыстық ТЖД өрт сөндірушілерінің күшімен өрт толықтай ауыздықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында көптеген адамдардың өмірі сақталып қалды. Олардың кәсіби дайындығы мен азаматтық жауапкершілігі Ұлттық ұланға тән жоғары рух пен ерліктің айқын үлгісі болып табылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1156819?lang=kk
Алматы облысы сапалы өсім көрсетіп, дамудан көшбасшылар қатарына енді 06.02.2026
Алматы облысы өздігінен өсім көрсеткен өңірлердің алғашқы тобына кірді. Бұл — өңірлердің бюджеттік өсім сапасы бойынша жарияланған жаңа рейтингтің басты қорытындысы деуге болады. 2026 жылғы жағдайда, яғни республикалық бюджеттен берілетін трансферттер айтарлықтай қысқарып, Ұлттық қордан мақсатты қаржыландыру болмаған кезде, өңірдің өз кірістерін өзі қалыптастыру қабілеті тұрақтылықтың негізгі өлшеміне айналып отыр.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері негізінде әзірленген жаңартылған рейтинг өңірлік бюджеттер қандай факторлардың есебінен өсіп жатыр — салық түсімдері арқылы ма, әлде орталықтың көмегімен бе? деген сұраққа жауап береді.Осы тұрғыдан алғанда Алматы облысының ұстанымы айрықша сенімді көрінеді. 2023 жылдан бері салық түсімдерінің өсімі 153,5 пайызды құрап, елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Ал трансферттердің өсімі әлдеқайда төмен — 89,1 пайыз. Дәл осы салықтар мен трансферттер арасындағы айырма өсім сапасының негізгі индикаторы саналады. Өңір бюджетін сыртқы қолдауды арттыру арқылы емес, өз экономикалық базасын күшейту есебінен нығайтып отыр.Аталған үрдісті табыстар құрылымындағы трансферттердің үлесі де толықтыра түседі — 33,5 пайыз. Бұл көрсеткіш тек көшбасшы өңірлер арасында ғана емес, жалпы республика бойынша да ең үздіктердің бірі. Салыстыру үшін айтсақ, Ақтөбе облысында трансферттердің үлесі кірістің 54,4 пайызын, Қарағанды облысында — 48,2 пайызын, Қостанай облысында шамамен 60 пайызын құрайды. Өздігінен өсім көрсеткен өңірлердің өз ішінде де Алматы облысы қаржылық тұрғыдан ең тұрақтылардың бірі болып отыр.Айта кету керек, Алматы облысының салықтық базасы Астана мен Алматы сияқты мегаполистермен салыстыруға келмейді. Алайда қозғалыс траекториясының өзі — трансферттерге тәуелділіктің біртіндеп азаюы мен салық түсімдерінің жоғары қарқынмен өсуі — оны анағұрлым жетілген бюджеттік модельдерге жақындата түсуде.Сыртқы қолдау көлемі қысқарған жағдайда, тек кірістері өскен өңірлер емес, өз салықтық базасын ұлғайта алатын және дамуын тұрақты бюджеттік қайта бөлумен байланыстырмайтын аймақтар ұтады. Бүгінде Алматы облысы салықтардың қарқынды өсімі мен трансферттердің азаюы және олардың кірістердегі салыстырмалы түрде аз үлесі арқылы өз дамуының жаңа сапалы кезеңіне өткенін дәлелдеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156673?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жаяу жүргінші жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 06.02.2026
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жаяу жүргінші жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1156675?lang=kk
Қазақстан делегациясы ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығына қатысты 06.02.2026
Париж қ. 2026 ж. 5 ақпан – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымның (ЭЫДҰ) Париждегі бас пәтерінде Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдерінен, ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттерден, сондай-ақ мүдделі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың өкілдерін қоса алғанда 200-ден астам делегаттың қатысуымен кезекті «Еуразия апталығы» өтті. «ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы» – 2008 жылы бастамашылық еткен Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (ЕБҚБ) аясында өңір елдері мен Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты түрде өтетін кездесуі. Іс-шара Еуразия елдері мен ЭЫДҰ арасындағы өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне және оның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. «ЭЫДҰ Еуразия апталығына» қатысқан Қазақстан делегациясы құрамына ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығының, Экономикалық зерттеулер институтының және Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің қызметкерлері кірді. Іс-шараның ашылу сессиясында Орталық Азия бастамасының ЕБҚБ шеңберіндегі өңірлік тең төрағасы ретінде сөйлеген сөзінде Қазақстан делегациясы ЭЫДҰ-ның сапалы талдамасы мен нақты ұсынымдары елімізде және өңірде экономиканың бірқатар негізгі салалары мен мемлекеттік басқару жүйесінде реформаларды әзірлеу және іске асыруда маңызды рөл атқарып, Ұйымның жоғары стандарттары ұлттық заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан ЭЫДҰ-ның өңіріміздегі елдермен – сауда рәсімдерін жеңілдету және көлік байланыстылығын нығайту салаларын қоса алғанда жүйелі ынтымақтастығын қолдайды. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Еуразия апталығының қатысушыларын 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етіп, ЭЫДҰ-ға оның мазмұнды күн тәртібін әзірлеудегі серіктестігі үшін алғыс білдірді. ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі А. Бижанова Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және Азиядағы стратегиялық инфрақұрылым бағдарламасына (SIPA) арналған сессияларда сөз сөйледі. Өз баяндамаларында ол Транскаспий дәлізіндегі институционалдық кедергілерді жою бойынша Қазақстанның басымдықтарын атап өтті. Цифрландырудың, келісілген инфрақұрылымдық шешімдердің және сауда рәсімдерін үйлестірудің рөлі атап өтілді. Экологиялық тұрақтылық қағидаттарын ескере отырып, «көміртегі күн тәртібіне» және көлік және сауда инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда сауда-саттықты кеңейту және тұрақты жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциялау тетігі ретінде өңір елдерінің SIPA шеңберіндегі ынтымақтастығының құндылығы атап өтілді. Делегация аса маңызды шикізат материалдарына арналған сессияға белсенді қатысты. ҚР Қаржы вице-министрі Е. Біржанов Қазақстанда пайдалы қазбалардың бағасын төмендету, зиянды салықтық жеңілдіктер беру, трансферттік баға белгілеу сияқты тәуекелдерге қарсы іс-қимыл жүйесі қалай жолға қойылғаны туралы айтып, жаңа Салық кодексінің бірқатар нормалары осы саладағы инвесторлар үшін тиімді жағдайлар жасауға бағытталғаны атап өтті. Өз кезегінде, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Еуропалық одақтағы өкілі Сайран Байжаханов жауапты бизнес жүргізу саласындағы ЭЫДҰ стандарттарын, атап айтқанда тау-кен өндіру секторында қолдану жөніндегі талқылау барысында Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті. Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов Еуразия елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігі мәселелеріне арналған сессияда отандық тәжірибені таныстырып, нарықтық бұрмалауларды шектеу және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін қолданылатын реттеушілік және басқарушылық тетіктерге тоқталды. Бұл ретте, ол осы саладағы реформаларды іске асыруда Қазақстанға және өңірдің басқа да елдеріне ЭЫДҰ тарапынан көрсетіліп отырған бағалы қолдауды атап өтті.Сонымен қатар, Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров халықаралық сауда рәсімдерін жетілдіру, экспортты әртараптандыру және инвестиция тарту тұрғысынан Қазақстанның тәжірибесін таныстырды. Іс-шара аясында ҚР делегациясының ЭЫДҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің және іс-шараға қатысқан басқа делегациялармен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1156687?lang=kk
Грекия Парламентінде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды 06.02.2026
Афина, 2026 жылғы 6 ақпан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Парламентінің Ұлттық қорғаныс және сыртқы істер жөніндегі Тұрақты комитетінің Төрайымы, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы Грекия делегациясының басшысы Дора Бакоянниспен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, ЕКПА және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы шеңберіндегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Бұл ретте 2025 жылғы маусымда «Қазақстан-Грекия» парламенттік достық тобы делегациясының Астанаға жасаған сапарының қорытындыларына да назар аударылды.Қазақстан Елшісі елде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Аталған реформалар мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Олардың қатарында бір палаталы Парламентке көшу, Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін дәйекті түрде нығайту және азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту бар екені атап өтілді. Сонымен бірге Қазақстанның өзара сенім мен түсіністікті арттырудың, сондай-ақ шетелдік серіктестермен сындарлы диалогты ілгерілетудің маңызды құралы ретінде парламенттік дипломатияны дамытуға айрықша мән беретіні айтылды.Өз кезегінде Д. Бакояннис Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістермен қызығушылықпен танысты және парламенттік қызмет пен институционалдық реформалар мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік білдірді. Сондай-ақ парламенттік құрылымдардың заң үстемдігі, демократия және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын еуразиялық және еуропалық кеңістіктерде нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Бұдан бөлек, сұхбаттастар сауда мен инвестиция, көлік және логистика, энергетика, «жасыл» технологиялар, туризм және цифрландыруды қоса алғанда, басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы грек диаспорасының екі халық арасындағы «тірі достық көпірі» ретіндегі рөлі жеке талқыланып, оның елдің қоғамдық, мәдени және білім беру өміріне қосып отырған үлесі жоғары бағаланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕКПА мен ЕҚЫҰ ПА алаңдарын қоса алғанда, халықаралық парламенттік платформаларда іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси және гуманитарлық диалогты дамытуға бағытталған өзара сапарлар мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесуге ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1156707?lang=kk
ДСҰ-да Казақстанның төрағалығымен Гамбияның Сауда саясатына шолу өтті 06.02.2026
Женева, 2026 жылғы 6 ақпан – 4 және 6 ақпанда Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Сауда саясатын шолу жөніндегі органның төрағасы Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Гамбияның Сауда саясатына шолу өтті.Гамбия делегациясын Сауда, өнеркәсіп, өңірлік интеграция және жұмыспен қамту министрі, мырза Мод К. Сиссе басқарды. Отырыс барысында Гамбия елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, COVID-19 пандемиясынан кейінгі экономиканы қалпына келтіру, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, сондай-ақ сауда және инвестициялық саясат саласындағы реформалар, цифрлық трансформация және сауда рәсімдерін жаңғырту туралы ақпарат ұсынды.Отырыс барысында қызмет көрсету секторының, әсіресе ЖІӨ мен жұмыспен қамтудың едәуір үлесін құрайтын туризм саласының дамуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және агроөңдеу салаларындағы экспорттық әлеуеттің нығаюы атап өтілді. Гамбия сондай-ақ ДСҰ мүшелерін Ұлттық цифрлық экономика жоспарының, электрондық сауда стратегиясының іске асырылуы, сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі шаралар, ASYCUDA World жүйесінің және Ұлттық «бір терезе» тетігінің енгізілуі туралы хабардар етті.ДСҰ мүшелері Гамбияның көпжақты сауда жүйесіне бейілділігін, ДСҰ органдарының жұмысына және реформалар жөніндегі талқылауларға белсенді қатысуын, соның ішінде сауда рәсімдерін жеңілдету, инвестицияларды қолдау, электрондық сауда, ШОБ дамыту және балық ресурстарын тұрақты басқару бағыттарындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Сондай-ақ Гамбияның ДСҰ-дағы Ең аз дамыған елдер (ЕАДЕ) тобының үйлестірушісі ретіндегі маңызды рөлі атап өтілді.Төраға Қайрат Төребаев Гамбия делегациясына және ДСҰ мүшелеріне конструктивті әрі мазмұнды пікір алмасу үшін алғысын білдіріп, Сауда саясатына шолу транспаренттілікті арттырудың, сенімді нығайтудың және орнықты экономикалық өсу мен дамуға бағытталған реформаларды ынталандырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.Қазақстанның төрағалығымен өтетін келесі шолу 2026 жылғы 11 және 13 ақпанда өткізіліп, Папуа – Жаңа Гвинеяның Сауда саясатына шолуына арналатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1156728?lang=kk