Жаңалықтар
Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары қол жетімді 09.02.2026
📌Құрметті салық төлеушілер!🔰Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 6-ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:1. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем есебінің нысаны (701.01-СЕН);2. Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның нысаны (910.00-нысан).СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.‼️Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.Бұл ретте, 2025 жылғы 2 жартыжылдықтағы салық есептілігін ұсынуы Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де қолжетімді болып қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1157269?lang=kk
"Ұлттық қор – балаларға": 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер 09.02.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің ең маңызды әлеуметтік жобаларының бірі "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске асырылуда.Бағдарлама жас қазақстандықтардың ересек өмірді табысты бастауы үшін қажет бастапқы жинақтарын қалыптастыруға бағытталған. Жинақтарды тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе білім алу үшін пайдалануға немесе зейнетақы жинақтары ретінде болашаққа сақтап қалуға болады.Жыл сайын кәмелетке толмаған балаларға олардың БЖЗҚ-дағы шоттарына Ұлттық қордан нысаналы талаптар түріндегі қаржы, сондай-ақ инвестициялық кіріс есептеледі. Балалар кәмелетке толған кезде жинақталған талаптар олардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтар түрінде есептеледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушы 6 918 656 әр қазақстандық балаға 130,71 АҚШ доллары мөлшерінде кезекті сома есептелді.Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын Ұлттық қордың[1] инвестициялық кірісінің 50% Қазақстан азаматы саналатын барлық балалар арасында теңдей бөлінеді. Балалар туралы деректер алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынады. Сонымен қатар бағдарламаға қатысатын кәмелетке толмаған балалардың бұған дейін қалыптасқан талап сомаларына жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.Бағдарламаға үшінші жыл қатысып келе жатқан балаларға алдыңғы екі жыл үшін 9,95 АҚШ доллары мөлшерінде қосымша инвестициялық кіріс есептелді. Бағдарламаға екінші жыл қатысып отырған балаларға өткен жыл үшін қосымша 3,84 АҚШ доллары көлемінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балалардың барлық нысаналы жинақтарының жиынтық мөлшері (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық табысты қоса алғанда) келесі сомаларды құрады: үшінші жыл қатысатын баланікі 370 доллар 56 цент;екінші жыл қатысатын баланікі 263 доллар 93 цент;бірінші жыл қатысқан баланікі 130 доллар 71 цент. Инвестициялық кірісті ескере отырып нысаналы талаптардың бір қатысушыға жинақталған сомасы (АҚШ долларымен)Баланың нысаналы талаптарға қатыса бастаған жылыНысаналы талаптарды (НТ)және нысаналы талаптарға инвестициялық кіріс (НТ-ға ИК) есептелген жыл Бір қатысушыға шаққандағы жинақталған сома202420252026НТНТ-ға ИКНТНТ-ға ИКНТ2023100,523,04129,386,91130,71370,562024хх129,383,84130,71263,932025хххх130,71130,71 Естеріңізге сала кетейік, 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан алынған сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтері құрамында қалып, инвестицияланады. Инвестициялауды жалғастырудың арқасында жыл сайын әр баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық кіріс есебінен қосымша өсіп отырады. Бағдарлама басталғаннан бері Ұлттық қордан барлық балаға есептелген қаражат мөлшері шамамен 2,5 млрд АҚШ долларын құрады. 2026 жылы 356 613 Қазақстан азаматы 18 жасқа толады және олар өздерінің нысаналы жинақтарын пайдалану құқығына ие болады. Естеріңізге сала кетейік, балалар кәмелетке толатын жылы олардың нысаналы талаптары нысаналы жинақтарға айналып, жыл басында автоматты түрде БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына АҚШ долларымен есептеледі. 18 жасқа толған күннен бастап олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға өз бетінше пайдалана алады немесе зейнетақы жинақтары ретінде болашаққа сақтап қалуға құқылы. Балаларды есепке алудың дұрыстығы мен толықтығы Бағдарламаға қатысатын балалардың толық тізімін қалыптастыру кезінде БЖЗҚ "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы алынған мынадай мәліметтерді ескереді:туғаннан ҚР азаматы болып есептелетін балалар;ҚР азаматтығын туғаннан кейін қабылдаған балалар, азаматтықты қабылдаған күні көрсетілген;ҚР азаматтығын жоғалтқан немесе одан шыққан балалар;қайтыс болған балалар туралы, қайтыс болған күні не қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні көрсетілген;"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы балалар туралы басқа да мәліметтердің өзектендірілгені туралы.2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушылардың санын айқындау кезінде сонымен қатар бұған дейін тізімге енгізілмеген, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы толық емес немесе өзектілігін жоғалтқан деректер анықталған жағдайларды қоса алғандағы балалар да ескерілді. Оларға өткізіп алған кезеңдегі қаражат инвестициялық кіріс есебімен бірге толық көлемде есептеледі. Ақпаратқа қол жеткізу 18 жасқа толмаған баланың Бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты ата-аналары мен заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz. сайты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.Кәмелетке толған қатысушылар enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде, БЖЗҚ мобильді қосымшасында және электрондық үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында өз бетінше тексере алады.Жинақтарын пайдалану туралы шешім қабылдағаннан кейін, жастар АҚШ долларында банктік шот ашу және төлемге онлайн өтініш беру үшін уәкілетті операторға жүгінуі керек. Өтінішті интернет-ресурс немесе уәкілетті операторлардың бірінің мобильді қосымшасы арқылы беруге болады: "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында), "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру ақысын төлеу мақсатында). "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы болашақ ұрпақтың өмірлік мақсаттарына жету үшін қаржылық қорын құруға ықпал ететін ұзақмерзімді стратегия.Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылар, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады. Тақырып бойынша бейнетүсініктеме – БЖЗҚ ЕНПФ YouTube арнасында. [1] есепті жылдың алдындағы 18 жыл үшін орташаланған инвестициялық кірісАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1166919?lang=kk
KazAID және JICA денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық әлеуеті 09.02.2026
KazAID және JICA денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық әлеуеті2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің медицина мамандарының, соның ішінде JICA-ның асқазан обырының ерте кезеңін эндоскопиялық диагностикалау және емдеу бағдарламасы түлектерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі өкілдері қатысты.Кездесу барысында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының, сондай-ақ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы оқу эндоскопиялық орталықтың қызметі таныстырылды.2026 жылға жоспарланған эндоскопистерге арналған халықаралық семинарды өткізу мәселелері талқыланды. Аталған іс-шара Орталық Азия елдерінің мамандары арасында тәжірибе алмасуды күшейтуге және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталмақ.Сонымен қатар асқазан обырының ерте диагностикасы мен емдеу саласындағы жапондық және қазақстандық тәжірибе бөлісу мәселесіне ерекше назар аударылды.Тараптар медициналық құзыреттерді дамытуға, өңір елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін нығайтуға және эндоскопиялық диагностика мен емдеудің заманауи әдістерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1157216?lang=kk
Қазақстанның Қорғаныс министрі Қытай Елшісімен кездесті 09.02.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесуі өтті. Кездесуге Қытай тарапынан ҚХР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасындағы әскери атташе аппаратының өкілдері де қатысты. Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалы бағыттары жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ әскери білім беру, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1157161?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттары 09.02.2026
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1157141?lang=kk
Аудан әкімі бірқатар нысандарды аралады 09.02.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентінде орналасқан бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.Аудан басшысы алдымен теміржол вокзалы ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қарап, құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімнің сақталуына назар аударды.Одан кейін, «Ботагөз» сауда үйіне барып, азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізді. Жауапты сала басшыларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ халық тұтынатын бірінші қажеттіліктегі өнімдердің бағасы мен сапасына тұрақты бақылау орнату тапсырылды.Сонымен қатар, аудан әкімі «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландырылған «Фариза» кондитерлік шағын цехының жұмысымен танысты. Кәсіпкер шығарылатын өнім түрлері және алдағы жоспарлар жөнінде мәлімдеді.Сапар соңында, Жосалы кентіндегі №183 орта мектепке барып, білім беру ұйымындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудан басшысы оқу ғимаратының жай-күйін, материалдық-техникалық базасын, оқу кабинеттерінің жабдықталуын және білім алушыларға жасалып отырған жағдайды қарап шықты.Айта кетейік, Ү.К. Томанов атындағы №183 орта мектебі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Қызылорда облысы» жобасы аясында жалпы құны 45,9 млн теңгені құрайтын заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталды. Жоба шеңберінде физика, химия және биология пәндеріне арналған оқу кабинеттері толық жаңартылып, заманауи зертханалық құралдармен қамтылды.Жаңартылған кабинеттерде зертханалық және практикалық жұмыстарды сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік жасалып, оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттауға, сондай-ақ олимпиадалық есептерді тиімді әдістермен шешуге қолайлы жағдайлар жасалды.Аудан әкімі білім сапасын арттыру, оқу орнын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1157128?lang=kk
Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған әдеби іс шара өтті 09.02.2026
Брюссель, 2026 жылғы 8 ақпан - Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби іс шара өтті.Іс шара поэзия бойынша ашық сабақ форматында ұйымдастырылып, Бельгияда қазақ тілі мен мәдениетін үйреніп жүрген балалар мен ересектертер белсенді қатысты. Бағдарлама аясында ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде орындалды, оның поэзиясының көптілді әрі халықаралық ортада да сұранысқа ие екені көрініс тапты.Жылы әрі еркін атмосферада қатысушылар поэзияның ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы рухани байланыс құралы ретіндегі рөлі туралы пікір алмасты.Бельгияда қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде өткен шарада, Мұқағали Мақатаевтың поэтикалық мұрасы бүгінгі көпмәдениетті ортада да өзектілігін сақтап отырғанын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1157092?lang=kk
Қазақстанның конституциялық реформалары Румыния Парламентінде талқыланды 08.02.2026
2026 жылдың 5 ақпанда ҚР Румыниядағы Елшісі Е.Әли Румыния Парламентінің Сенаторы, «Қазақстан-Румыния парламентаралық достастық» тобының төрағасы К.Никулеску-Цыгырлашпен ҚР Конституциясының жаңа жобасына және жалпы конституциялық реформаға қатысты кездесу өткізді.К.Никулеску-Цыгырлаш Конституцияның жаңа жобасы мен жалпы конституциялық реформаны мемлекет институттарын жаңғыртудың маңызды құралы ретінде бағалады. Оның пікірінше, қазіргі саяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайында негізгі заң қоғамның жаңа қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, ал реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, құқықтық айқындықты арттыруға бағытталуы керек.К. Цыгырлаштың ойы бойынша Румыния үшін мұндай реформаның басты пайдасы, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту. Сенатор конституциялық нормаларды нақтылау сот тәуелсіздігін нығайтуға, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және негізгі құқықтар мен бостандықтарды қазіргі заман талаптарына сай қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1157074?lang=kk
Қазақстанның цифрлық жетістіктері Digital Cooperation Organization алаңында ұсынылды 08.02.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 8 ақпан – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясымен бірлесіп Digital Cooperation Organization (DCO) ұйымының 5-ші Бас ассамблеясы мен Халықаралық цифрлық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты.Digital Cooperation Organization ұйымы 16 мемлекет-қатысушыны біріктіреді және цифрлық экономиканы дамыту мен технологиялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша негізгі халықаралық платформалардың бірі болып табылады. Іс-шараларға ұйымға мүше мемлекеттердің ақпараттық технологиялар мен цифрландыру салаларына жетекшілік ететін министрлері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.Цифрлық экономиканың болашағына арналған тақырыптық панель аясында Елші Е. Елекеев Қазақстанның цифрлық трансформация нәтижелерін таныстырды. БҰҰ-ның 2024 жылғы электрондық үкіметті дамыту индексіне сәйкес Қазақстан әлемнің 193 мемлекеті арасында 24-орынды иеленіп, электрондық үкіметтің дамуы өте жоғары елдер тобына кіреді, ал онлайн қызметтер көрсеткіші бойынша әлемде 10-орында тұр.Сөз сөйлеу барысында Қазақстанның цифрландыруға экономикалық инфрақұрылымның негізгі элементі және бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралы ретінде қарайтын стратегиялық тәсілі атап өтілді. Платформалық электрондық үкіметті дамыту, проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізу және азаматтар мен бизнес үшін цифрлық шешімдерді кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан жеделдетілген цифрлық трансформацияның үш жылдық кешенді бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Бағдарлама жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту, деректерді өңдеу орталықтарын салу, есептеу қуаттарын кеңейту және кадрлар даярлауды қамтиды.Қазақстан Республикасы электрондық үкімет, жасанды интеллект, цифрлық сервистер және киберқауіпсіздік салаларында Digital Cooperation Organization ұйымына мүше елдермен практикалық тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.Өткен іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Digital Cooperation Organization ұйымына қосылу мәселесі де талқыланды. Осылайша, қазақстандық делегацияның DCO іс-шараларына қатысуы цифрландыру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға және ұлттық технологиялық даму тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1157075?lang=kk
Ақабаның индустриялық аймақтары: қазақстандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер 08.02.2026
Амман, 2026 жылғы 8 ақпан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай PBI Aqaba Industrial Estate LLP компаниясының Бас атқарушы директоры Әдел И Ян ханыммен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы үрдістері мен перспективалары талқыланды. Тараптар арнайы (еркін) экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері, сондай-ақ қазақстандық бизнестің қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.Елші иордандық әріптестермен практикалық ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық компаниялардың Таяу Шығыс пен шектес өңірлердің нарықтарына шығуы үшін Ақабаның индустриялық аймақтарының әлеуетін пайдалануға мүдделілігін атап өтті.PBI Aqaba Industrial Estate өкілдері компанияның қызметі, инвесторларды сүйемелдеу тәсілдері және Орталық Азия компанияларымен өзара іс-қимылды дамытуға дайындығы туралы хабардар етті.Бизнес өкілдерінің танысу сапарлары мен кездесулерін ұйымдастырумен қатар іскерлік байланыстарды дәйекті түрде арттыру мәселелеріне және әрі қарай өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарына ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық және өнеркәсіптік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамытуға бағытталған тұрақты байланыстар мен тығыз өзара іс-қимылды қолдауға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1157076?lang=kk
Қазақстан мен Kuwait Fund for Arab Economic Development инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастықты қайта жандандырады 08.02.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 8 ақпан – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwait Fund for Arab Economic Development Бас директорының м.а. Уалид Әл-Бахармен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Kuwait Fund for Arab Economic Development (KFAED) арасындағы ынтымақтастықты қайта жандандыру және нығайту перспективаларын, сондай-ақ басым инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін техникалық көмек құралдарын тарту мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша Қордың 2026 жылы Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету мақсатында 5 млн АҚШ долларына дейін қаражат бөлуге дайын екендігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Аталған қолдау технико-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ бейінді мамандарды даярлау мен оқытуға бағытталады, бұл жобаларды сапалы дайындауға және оларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.KFAED үшін өзекті басым бағыттар ретінде энергетикалық инфрақұрылымды, соның ішінде қосалқы станцияларды жаңғырту, тазарту құрылыстарын салу және жаңарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын салу және дамыту айқындалды.Қазақ Елшісі Қордың техникалық көмек құралдарын тарту инфрақұрылымдық жобаларды дайындау сапасын арттыруға, оларды іске асыру мерзімдерін жеделдетуге және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Өз кезегінде Kuwait Fund for Arab Economic Development басшылығы Қазақстанмен ынтымақтастықты қайта жандандыруға және оны одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қазақстаннан ресми делегацияны Кувейтте қабылдап, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары мен нақты бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылауға дайын екендігін растады.Тараптар алдағы кезеңде Қор қолдауымен іске асырылуы мүмкін жобалардың тізбесін айқындау мақсатында профильдік ведомстволар арқылы тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.Kuwait Fund for Arab Economic Development Азия, Африка және басқа да өңірлердегі жобаларға қаржылық және техникалық қолдау көрсететін жетекші өңірлік даму институттарының бірі болып табылады. Қор 1961 жылы құрылған және инфрақұрылым, энергетика, көлік және әлеуметтік-экономикалық даму салаларындағы бастамаларды қолдауға маманданған. Қызметі барысында мақұлданған қаржыландыру көлемі ондаған миллиард АҚШ долларынан асып, жобалар әлемнің 100-ден астам елінде жүзеге асырылуда. Қор жыл сайын басым даму жобаларын қолдау үшін жеңілдетілген несиелер мен техникалық көмекке елеулі қаражат бөледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1157077?lang=kk
Жаңа Конституциямыздағы жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі, бағдар болатынына сенімді айта аламыз– Ерлан Қарин 08.02.2026
Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.Оның айтуынша, кейбір азаматтар әлеуметтік желі арқылы «Әуреге түскенше, өзге елдің Конституциясын көшіріп ала салу керек қой» деген де пікірлерін жолдап жатыр.«Соңғы уақытта цифрландыру, цифрлық технология секілді мүлде жаңа бағыттардың дамып, өркендеуіне байланысты көптеген мемлекеттер тиісті нормаларды конституциялық-құқықтық жүйеге енгізуді ойластыруда. Біздің ел алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Конституцияға енгізіп отыр. Яғни, жаңа мәтіндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алады», – деп атап өтті Ерлан Қарин.Мемлекеттік кеңесші Конституцияның 21-бабының 1 және 2 тармақтарында жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік берілетінін айтты.«Яғни, цифрлық кеңістікте жеке деректерді қорғауды адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде тұңғыш рет Конституцияда белгілеп отырған елдердің біріміз. Бұл – жаңа Конституцияның болашаққа бағытталғандығының тағы бір дәлелі», – деп нақтылап өтті ол.Ерлан Қариннің айтуынша, аймақтың құқықтық жүйесіндегі үлкен жаңашылдық – әйгілі Миранда ережесінің конституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтық тұрғыдан қорғалуын арттырып, құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа талаптар қояды.Сонымен қатар, жаңа саяси институттардың енгізілуі – Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, жалпы айналамыздағы үлкен кеңістік үшін де саяси жаңашылдық болып саналады. Ерлан Қарин бұл тұрғыда бір палаталы парламент, вице-президент институты, «Халық кеңесі» жоғары консультативтік органы, Конституциялық соттың енгізілуі – көптеген елдердің саяси жүйесімен салыстырғанда, үлкен саяси инновациялық қадам екенін атап өтті.«Президент ұсынған конституциялық өзгерістерді тек қана жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру бастамасы да – біздің аймақ үшін маңызды шешімдердің бірі. Көптеген лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты бір реттік мерзім белгілеу де – Ата Заң жобасындағы маңызды жаңашылдықтың бірі», – деп түсіндірді Мемлекеттік Кеңесші.Сондай-ақ, Мемлекеттік Кеңесші атап өткендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, қоршаған ортаны – табиғатты аялау, волонтерлік, ата-аналарға жауапкершілік секілді қоғамдық дамуда пайда болып отырған жаңа талаптар, құндылықтар жаңа Ата Заңда қамтылды. Бұл да жаңа Конституцияның қоғамның қазіргі жағдайына, даму деңгейіне сәйкес екенін көрсетеді.«Жаңа Ата Заңдағы бірқатар саяси және институционалдық жаңашылдықтар аймақтағы және әлемдік конституциялық тәжірибеде сирек кездеседі. Түйіндеп айтқанда, басқа елдердің Конституциясын көшіру, қайталау – біздің жолымыз емес. Керісінше, келешекте Қазақстан жаңа Конституция арқылы өзге елдерге өзіндік үлгі, бағдар болмақ» – деп қорытындылады сөзін Ерлан Қарин.
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕАМБУЛАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР 08.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында Преамбула мазмұны түбегейлі жаңартылып, мемлекеттіліктің тарихи негіздері мен ел дамуының стратегиялық бағыты айқындалды. Кіріспе бөлімде ұлттық тарихқа құрмет көрсетіле отырып, қазіргі қоғам үшін маңызды қағидаттар мен болашаққа бағытталған басымдықтар жүйеленген.Жаңартылған Преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі құндылығы әрі басты басымдығы ретінде белгіленді. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың өзегін айқындайды. Сонымен бірге қоғамдық тұрақтылықтың негізі саналатын бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттіліктің берік іргетасы ретінде бекітілді.Соңғы жылдары қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлігіне айналған әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты аялау сияқты ұстанымдар да Конституция деңгейінде нақтыланды. Бұдан бөлек, Преамбулада мемлекеттіліктің тарихи жолы мен өркениеттік бастаулары жүйелі түрде көрініс тауып, ел дамуының сабақтастығы айқын көрсетілді.Жаңа Конституцияның мәтіні кең қоғамдық қатысу арқылы әзірленді. Құжатты дайындау барысында Конституциялық комиссия ұсынған түзетулер мен жаңа нормалар жарты жылға жуық уақыт бойы жан-жақты қаралды. Осы кезеңде Конституция жобасы қоғамның түрлі өкілдерінің талқысына ұсынылып, ашық пікір алмасу жүргізілді.Азаматтардан, сарапшылардан, қоғамдық белсенділер мен ұйымдардан ұсыныстар e-Gov және e-Otinish платформалары арқылы қабылданды. Нәтижесінде Конституцияның құрылымы мен мазмұнына қатысты екі мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Түскен пікірлер мен ұсыныстарды сараптау нәтижесінде Негізгі заңның жаңа мәтінінің алғашқы нұсқасы қалыптастырылды. Бұл үдеріс Конституцияның халық сұранысына сай әрі заманауи талаптарға жауап беретін құжат ретінде әзірленгенін көрсетеді.Конституцияның жаңа редакциясында Қазақстан дамуының мызғымас қағидаттары нақты бекітілді. Егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету негізгі басымдықтар ретінде айқындалды.
НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: КЛЮЧЕВЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ПРИОРИТЕТЫ 08.02.2026
В Казахстане представлен первый проект новой редакции Конституции, подготовленный в рамках масштабной конституционной реформы. Документ стал результатом широкой общественной дискуссии с участием граждан, политических партий, общественных и профессиональных организаций, а также экспертного сообщества. Проект новой Конституции предусматривает системное обновление Основного закона страны. В частности, предлагается закрепить Преамбулу, 11 разделов и 95 статей. При этом обновлению подверглось 84 процента текста Конституции, а поправки внесены в 77 статей, что свидетельствует о глубине и комплексности проводимых изменений.В структуре Конституции появились новые разделы, среди которых — «Народный Совет», а также раздел, посвящённый поправкам и дополнениям в Конституцию. Одновременно четыре раздела получили новые наименования. Речь идёт об основах конституционного строя, основных правах, свободах и обязанностях человека и гражданина, институте Курултая, а также о системе правосудия, прокуратуре и механизмах защиты прав человека.Особое внимание в проекте уделено Преамбуле. Впервые в истории страны права и свободы человека провозглашаются основным приоритетом государства. Подчёркивается, что единство и солидарность общества, межэтническое и межконфессиональное согласие являются фундаментом государственности Казахстана.В числе неизменных ценностей новой Конституции закреплены суверенитет и независимость страны, унитарный характер государства, а также его территориальная целостность. Эти положения определены как базовые и не подлежащие пересмотру. Кроме того, на уровне Конституции впервые закрепляются такие принципы, как Справедливость, Закон и Порядок, а также бережное отношение к природе. Эти нормы отражают стремление государства к построению устойчивого, правового и социально ориентированного общества.Проектом также подтверждается светский характер государства. В Конституции чётко разграничиваются религия и государственная власть, утверждается светский характер системы образования и воспитания. Отдельное положение вводится в части института брака.
UAE SWAT CHALLENGE — 2026 жарысының алғашқы күнінде біздің екі команда бірден құрмет тұғырына көтерілді 08.02.2026
Kazakhstan С командасы 1 мин 28 секунтта рекорд жаңартып жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемнің 48 елінен келген 109 команданың ішінде екінші орынғада Kazakhstan D командасы жайғасты. Kazakhstan В Ресейліктерге сәл ғана есе жіберіп, 4 орыннан көрінді. Осы жерде айта кету керек Kazakhstan В командасы 1 мин 26 секунтта мәреге жеткен болатын. Бірақ өкініштісі 10 секунт айып уақыты қосылып көрсеткіштері 1 мин 36 секунтқа өзгерді.Kazakhstan А үздік ондықтан көрінді. Ерлерден асып түскен Tomiris қыздар арасында бірніші, ал жалпы командалар ішінде 22 орында тұр. #SWAT_Challenge ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1157038?lang=kk
«Жасыл дәліз»: инвесторларға мемлекеттік қызметтерге цифрлық форматта жедел қол жеткізу 07.02.2026
«Жасыл дәліз» механизмі Қазақстанда инвестициялық жобаларға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі басым тәртіппен көрсету мақсатында енгізілген. Аталған функционал «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде іске асырылған және инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылында қолданылады. Шешім 2025 жылғы 7 маусымда іске қосылды.Бұл механизм инвестиция көлемін қоса алғанда, белгіленген талаптарға сәйкес келетін инвестициялық жобаларға қолданылады. Қолдану шарттарының толық тізбесі инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын ұйымдастыру ережелерінде көрсетілген.«Жасыл дәліз» механизмі мемлекеттік органдар тарапынан өтінімдерді басым тәртіппен қарау арқылы мемлекеттік қызметтерді қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.Бұл тәсіл «Е-лицензиялау» платформасында цифрлық форматта іске асырылған және инвестициялық ахуалды жақсарту мен инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясат аясында қолданылады.Қазіргі уақытта «Е-лицензиялау» жүйесінде «Жасыл дәліз» механизмі 400-ден астам мемлекеттік қызметке қолданылады. Инвестициялық жобаға «Жасыл дәліз» қатысушысы мәртебесі берілгеннен кейін өтінімдер жеделдетілген әрі басым тәртіппен қаралады, бұл ретте инвестор үшін өтінім беру тәртібі өзгеріссіз қалады. «Жасыл дәліз» тетігін енгізу – қолайлы әрі ыңғайлы инвестициялық ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бұл жобаларды сүйемелдеуді бір арнаға тоғыстыруға және цифрлық мемлекеттік сервистерде «бір терезе» қағидатын орнықтыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда elicense.kz платформасы арқылы осы механизм аясында 4,7 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Айгерім Ерлан.Мемлекеттік органдар үшін жүйеде арнайы визуалды белгі қарастырылған. Өтінімдер тізімінде өтініш берушінің сәйкестендіру кодының жанында «Жасыл дәліз» қатысушысы мәртебесін растайтын белгі көрсетіледі. Бұл мұндай өтінімдерді қарау кезінде оларды жедел айқындауға мүмкіндік береді.Инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП) арқылы жүзеге асырылады. ҰЦИП-ті «Жасыл дәліз» функционалымен қатар қолдану инвестициялық жобаларды толық цифрлық форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бұл қолданыстағы мемлекеттік қызметтер аясында осындай жобалар бойынша өтінімдерді қараудың бірыңғай әрі болжамды тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1157013?lang=kk
Қызмет пен шығармашылық үндестігі: теңіз жаяу әскерінің матросы Қазақстан тарихының батырлары туралы картиналар жасауда 07.02.2026
Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери қызметті шығармашылықпен ұштастырып келеді. Атырау облысынан төрт ай бұрын Әскери-теңіз күштерінің қатарына шақырылған ол қазіргі уақытта механик-жүргізуші лауазымында қызмет атқарады. Бақдәулет Күздібаевтың сурет салуға деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Мектеп және студенттік жылдары ол стендтерді, плакаттар мен қабырға суреттерін безендірген. Әскер қатарына келгеннен кейін өз әуестігі туралы командирлеріне айтып, олардың қолдауына ие болды. Қазіргі уақытта ол қызметтен бос уақытында сурет салады. Матростың айтуынша, басты мақсаты — туған әскери бөлімінде игі із қалдырып, өзінен кейін келетін әскери қызметшілердің ұлттық тарихтың батырларын танып, құрметтеуіне үлес қосу. Қызмет ету барысында Бақдәулет Күздібаев белгілі батырлар мен хандардың бейнесін қамтыған бірқатар ауқымды туындыларды дүниеге әкелді. Сонымен қатар ол аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған жеке туынды да салды. Матрос Бақдәулет Күздібаевтың үлгісі қатаң күн тәртібі, жауынгерлік даярлық пен қарқынды жаттығуларға қарамастан, әскерде шығармашылық пен өзін-өзі дамытуға мүмкіндік бар екенін айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1156980?lang=kk
ЕАЭО елдері интернеттегі зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға қарсы келісім жобасын әзірлеуде 07.02.2026
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ақпараттық-телекоммуникациялық «Интернет» желісінде зияткерлік меншік объектілеріне қатысты құқықбұзушылықтарға қарсы күресте ортақ тәсілдер қалыптастыру туралы уағдаласты. Аталған тәсілдерді алдағы айларда мақұлдануы күтіліп отырған Келісім жобасында бекіту жоспарланып отыр.Келісім цифрлық ортада фильмдер, музыка, кітаптар және авторлық құқықтың өзге де объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы іс-қимыл нормаларын қамтиды. Сондай-ақ құжатта контрафактілік контент заңсыз орналастырылған сайттар мен онлайн-ресурстарға қолжетімділікті шектеу мәселелері бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үйлестірілген ұстанымдарын қалыптастыру көзделген.Келісімнің басты мақсаты – құқық иелерінің мүдделерін қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру және ЕАЭО елдері арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай механизмдерін әзірлеу.Атап айтқанда, құқық бұзушылық орын алған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сот шешімі негізінде интернет-ресурстарды бұғаттау мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр. Бұл ретте сайт иелері, ақпараттық делдалдар және цифрлық ортадағы өзге де қатысушылар мұндай контентке қолжетімділікті шектеу бойынша тиісті шаралар қабылдауға міндетті болады.Сонымен қатар ЕАЭО елдерінде зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына байланысты қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстардың ұлттық электрондық тізілімдерін құру көзделуде. Бұл тізілімдер бұғатталған ресурстарды есепке алу және уәкілетті органдар арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын болады.Мұндай тізілімдерді енгізу қабылданатын шаралардың ашықтығын арттырып, заңсыз контентті бұғаттауда бірыңғай ұстанымды қамтамасыз етуге, сондай-ақ цифрлық кеңістікте зияткерлік құқықтарды қорғау саласындағы іс-қимылды үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде.Келісімді іске асыру интернеттегі контрафактілік контенттің таралуын қысқартуға, цифрлық нарық қатысушылары үшін түсінікті әрі болжамды жағдай қалыптастыруға, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде адал бәсекелестіктің дамуына ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1156973?lang=kk
Денисов ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді 07.02.2026
Денисов ауданының орталығында жаңа екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.Жаңа тұрғын үй Чапаев көшесі, 11А мекенжайында орналасқан. Екі қабатты көппәтерлі үй сапалы әрі төзімді құрылыс материалдарымен салынған. Ғимарат заманауи талаптарға сай инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген: су, газ және жылу желілері толық тартылған. Пәтерлер таза әрлеумен пайдалануға берілді.Нәтижесінде 11 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Олардың қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер және мүгедектігі бар азаматтар бар.Пәтерлерді бөлу «Отбасы банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылды. Тұрғын үй мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында салынды және азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.Өңірде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1156968?lang=kk
Цифрлық дәуірдегі құқықтық қорғаныс күшейтілді 07.02.2026
Қазақстанда цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғау конституциялық деңгейде алғаш рет заң жүзінде бекітілді. Негізгі заңға енгізілген бұл норма азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарының сақталуына бағытталған. Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ұстау кезінде «Миранда ережесі» енгізіліп, азаматты бір құқықбұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке қайта тартуға тыйым салынды. Бұдан бөлек, некені ер мен әйелдің одағы ретінде заңды түрде тану арқылы әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекеттің қағидаттарын нығайтып, азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін жаңа цифрлық талаптарға сай қорғауға мүмкіндік береді.