Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН МЕН ИНДОНЕЗИЯ ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУДІ ЖОСПАРЛАУДА 29.05.2025
Джакарта, 2025 жылғы 22-23 мамыр – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Индонезия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге қол қою жөніндегі төртінші келіссөздер раунды өтті. Келіссөздерге екі елдің сыртқы істер, инвестиция, әділет және қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.Екі күндік келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Келісім жобасының барлық негізгі тармақтары бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізді.Тараптар Келісімнің жүзеге асырылуы екіжақты инвестицияларды жандандыруға, инвесторларға қосымша кепілдіктер беруге әрі Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға берік құқықтық негіз қалыптастырады деген сенімдерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1003718?lang=kk
Астанада сарбаз аналарының ІІ республикалық форумы өтті 29.05.2025
Форумға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, басқа да күш құрылымдарының өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.Іс-шара барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, медициналық қамтамасыз ету, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ армия мен әскери қызметшілердің және әскерге шақырылушылардың отбасылары арасындағы өзара қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.— Біз әскери мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, біршама оң нәтижелерге жеткіздік. Аналар кез-келген уақытта әскери бөлімге келіп, ұлдарын тексере алады, демалыс күндері сарбаздармен сөйлесе алады. Ұзақ уақыт бойы аз-аздан, үздіксіз жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Бірлескен әрекет өз жемісі мен нәтижесін берді деп санаймын, - дейді "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина.Форум қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар дайындалып, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1003719?lang=kk
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті 29.05.2025
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің (UNDOF) қолбасшысы генерал-майор Анита Асма жеке құрамның кезекті ротациясынан кейін Голан жоталарында қызмет атқарып жатқан қазақстандық бітімгерлік контингент орналасқан ауданға барды.Сапар барысында ол қазақстандық әскери қызметшілердің қызметті ұйымдастыру тәртібімен танысып, инфрақұрылым нысандарын, инженерлік техниканы, жедел басқару құралдарын қарап шықты. Сондай-ақ миссияның жауапкершілік аймағындағы БҰҰ-ның бақылау бекеттерінде болды. Генерал-майор Анита Асма ұлттық бітімгерлік контингенттің жеке құрамымен кездесіп, әскери қызметшілермен әңгімелесті. Кездесу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ атысты тоқтату режимін сақтау мен бөліну аймағын бақылау жөніндегі міндеттерді одан әрі орындау мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1248574?lang=ru
Тарихи жад мәселелері Қазақстан мен Жапонияның гуманитарлық күн тәртібінде 29.05.2025
Токио, 2025 жылғы 23 мамыр – ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев КСРО-ға күштеп жер аударылған жапондықтарды қолдау орталығының басшысы Аримицу Кэнмен кездесті.А.Кен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақстанға мәжбүрлі жұмыстарға жіберілген жапон сарбаздарының сүйектерін репатриациялауды жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті. 58 900 жапон сарбазы Қазақстан аумағына жер аударылып, олардың 50 000-ға жуығы кейіннен Жапонияға оралды.Ол осы уақытқа дейін 188 жапон әскеридің сүйегі отанына қайтарылғанын айтып, қайтыс болу мән-жайын зерттеуге, жерлеу орындарын іздеуге және сот-медициналық сараптамалар жүргізуге көмектескені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді. А.Кен Қазақстан аумағындағы еңбек лагерлерінде қаза тапқандардың төмен пайызын (2,5%) атап өтті.Елші Е.Баударбек-Қожатаев Қазақстанның жерлеу орындарына және жапондық жер аударылғандар туралы тарихи жадты сақтау мәселесіне ұқыпты қарайтынына сұхбаттасушының назарын аударып, Қазақстан сарапшылар мен жер аударылғандардың туыстарынан тұратын 30-дан астам делегацияны, сондай-ақ 4 ірі үкіметтік миссияны қабылдағанын атап өтті. Қаза тапқан жапондық жер аударылғандарға арналған Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Кентау қалаларында мемориалдық ескерткіштер орнатылғаны атап өтілді.Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына орай тараптар ағымдағы жылғы шілдеде Қазақстандағы жапон әскери тұтқындарының тағдырына арналған іс-шаралар топтамасын: тарихи-деректі көрме мен дәрісті, сондай-ақ кездесуге қатысқан режиссер Шиндзю Саноның қазақстандық-жапондық «Кішкентай самурай» мен «Ақтастағы Ахико» атты фильмдерінің көрсетілімін өткізу мәселесін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1003723?lang=kk
Астанада «Айбын» жастар сайысына іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аталды 29.05.2025
68665 әскери бөлімінде жарыстар өтіп, нәтижесінде Ақтөбе қаласында өтетін XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатындар анықталды.Жас патриоттар белтемірге (ұлдарда) тартылу, ішті қатайту (қыздар), әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын ішінара құрастырып-бөлшектеу, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию және Smart Sarbaz зияткерлік ойындары сияқты пәндерде бағын сынады.– Үш күндік далалық жиын барысында «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Астананың намысын қорғайтын үздік үш команданы анықтадық. Биыл бұл сайыс Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр, – деді «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.Жарыс қорытындысына келсек, бірінші орынды «Сарайшық» ауданының «Ақсұңқар» командасы, екінші орынды – «Сарыарқа-2» ауданының командасы, үшінші орынды – «Үміт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жеңіп алды.Бұдан өзге іріктеу турына 7 команда құрамында 150 ұл-қыз қатысқанын айта кетелік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003732?lang=kk
Сарбаздар аналарына тосын сый жасалды 29.05.2025
Астана қаласында Екінші республикалық сарбаз аналар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, өзге де күштік құрылымдардың өкілдері, Парламент депутаттары және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.Форум аясында Отан алдындағы азаматтық борышын үздік атқарып жүрген сарбаздардың аналарына құрмет көрсетілді. Құқықтық тәртіп әскерінде қызмет атқаратын сарбаздардың аналарына марапатты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов табыстады.Сахнада аналарды тағы бір жағымды тосын сый күтіп тұрды. Олар елдің әртүрлі аймақтарында қызмет ететін ұлдарымен кездесті. Әскери қызметшілер іс-шараға алдын-ала келіп, күтпеген жерден аналарымен қауышу үшін сахнаға көтерілді. Айта кетейік, сарбаздар ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы құқығымен грамоталармен марапатталып, 10 күндік демалыс алды. Кейбір аналар қуаныштың көз жасын жасыра алмады.– Мен Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде қызмет атқарамын. Бүгінгі шараны ұйымдастырушылар мен әскер басшылығына шексіз ризашылығымды білдіремін, – деді қатардағы жауынгер Владимир Анисимов.Тағы бір үлгілі сарбаз – қатардағы Әділ Байпақов та өз алғысын жеткізді:– Анамды көргеніме қуаныштымын. Бұл – мен үшін ең бақытты сәттердің бірі. Қызметімді жоғары бағалаған басшылыққа алғысымды айтамын, – деп атап өтті ол.Мерекелік шара Ұлттық ұланның ән-би ансамблі және басқа да күштік құрылымдардың әскери өнерпаздарының ұйымдастыруымен өткен концертпен жалғасты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1003766?lang=kk
Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі ДЗМҰ Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды 29.05.2025
Женева, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Тангқа өзінің сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында Қ. Төребаев Қазақстанның ДЗМҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілігін білдіріп, елдің зияткерлік меншік саласындағы белсенді қатысуын, соның ішінде білім беру бастамалары мен әлеуетті арттыру бағдарламаларын ерекше атап өтті.Сондай-ақ Тараптар ДЗМҰ Бас директорының Астана қаласына жоспарланған ресми сапарын талқылады. Сұхбаттастар бұл сапар стратегиялық серіктестікті, әсіресе кадр даярлау және зияткерлік меншік саласындағы арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңіне айналады деп сенім білдірді.Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және инновацияны, білім беруді және орнықты дамуды қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға өзара ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1003768?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан кедендік ынтымақтастықты нығайтады: алдын ала ақпарат алмасу туралы Хаттамаға қол қойылды 29.05.2025
2025 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Қытай кеден қызметтері басшыларының Екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кеден қызметінің төрағасы Хуршед Каримзода арасында екіжақты келіссөздер өтті. Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Келіссөздердің басты нәтижесі — алдын ала кедендік ақпарат алмасу туралы Хаттамаға және ақпарат алмасудың Техникалық шарттарына қол қойылды. Бұл құжаттар деректер форматын, байланыс арналарын және ақпараттық қауіпсіздік шараларын айқындайды. Аталған құжатты іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын арттырып, тәуекелдерді алдын ала талдауға және тауарлар қозғалысын кідіріссіз бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан тарапы Тәжікстан Республикасы Кеден қызметімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде тұрақты жұмыс кеңестері мен көшпелі жиындар өткізуге дайын екенін білдірді. Мұндай тәсіл туындайтын мәселелерге жедел әрекет етуге, өзара түсіністікті нығайтуға және тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға бейілді екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1003791?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан кедендік ынтымақтастықты нығайтады: маңызды келісімдерге қол қойылды 29.05.2025
Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Қытай кеден қызметтері басшыларының кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембаев пен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлонов арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік жүктемесін азайту мақсатында электронды кезек жүйелерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үш негізгі құжатқа қол қойылды: Қазақстан–Өзбекстан шекарасы арқылы құбыр көлігімен және электр беру желілері арқылы тасымалданатын энергия ресурстарын есепке алу аспаптарына қол жеткізу тәртібі; 2017 жылғы 23 ақпанда екі елдің қаржы және кеден органдары арасында қол қойылған ақпараттық өзара іс-қимылдың Техникалық шарттарына қосымша; 2025–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Кеден комитеті арасындағы ынтымақтастық жоспары. Қол қойылған құжаттар шекарадағы рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, техникалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және кедендік процестерді цифрландыруға бағытталған. Қазақстан тарапы Өзбекстан Республикасы Кеден комитетімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде тұрақты жұмыс кеңестері мен көшпелі кездесулер өткізу арқылы дайын екенін білдірді. Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1003800?lang=kk
Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады 29.05.2025
Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат қағуға бір табан жақын тұр. Үкілеген үмітті арқалағандардың 1433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үмітті. Ал, 1513 оқушы «Үздік аттестат» иегері атануға құлық танытуда. 11 жылдық тәлім мен тәрбие, білім мен білік , бағы мен бабы қатар сыналар тұста алыс емес. Түлектер жылдағыдай ҰБТ тапсырады. Биыл 14 123 бала тестілеуден өтеді. Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы биылғы 2024-2025 оқу жылы жемісті болғанын алға тартуда. Оның айтуынша, оқушылар 17 халықаралық, 150-ге жуық республикалық білім бәйгелерінің тұғырынан көрінген. Сонымен қатар, Республика бойынша 25 оқушы 1 орын, 30 оқушы 2 орын, 75 оқушы 3 орыннан көрінген. Бірер күнде барлық білім ұяларында соңғы қоңырау соғылады. Алайда, білім саласындағы жұмыстар аяқталмақ емес. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да білім саласының бір бағыты. Спикер, жазғы демалыс кезеңінде 30 лагерь жұмыс жасайтынын айтты. Облыс оқушыларының 92%-ы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда. «Жекелеген санаттағы 2017 оқушысы мен тәрбиеленушілердің жазғы демалысын ұйымдастыруға 282,3 млн. теңге бөлінді»,-деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева. Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қорынан 165,6 млн. теңгеге, барлығы 1400 жолдама беріледі. Балалар «Тау-Жанашар» «Альтаир» «Облыстық балалар сауықтыру лагері» сынды орындарда жазғы демалыстарын тиімді өткізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003467?lang=kk
Бірлік жолындағы 30 жыл: Қарағанды облысында ҚХА жетістіктері туралы айтылды 29.05.2025
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Мерейтойлық жылы 50 мыңға жуық адамның қатысуымен бір жарым мыңға тарта іс-шара өтті. Олардың ішінде патриоттық, экологиялық және қайырымдылық акциялары бар. Достық үйінде өткен «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» облыстық ҚХА XXVIII сессиясында бірегей қоғамдық институттың жетістіктері мен маңызды жобалары туралы айтылды.– Біздің сессия Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтуде – бұл еліміз үшін тарихи кезең. Бүгінде ассамблея жалпыұлттық келісім мен бірлікті нығайтудың мызғымас өзегіне айналды. Және де Қарағанды облысының ҚХА бұған өз үлесін қосуда, мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. – Бүгінгі таңда Достық үйінде 24 облыстық этномәдени бірлестік пен өңірдегі ҚХА барлық құрылымдары орналасқан. Жалпы, Қарағанды облысының ҚХА басшылығымен 220-дан астам құрылым жұмыс істейді, олардың жұмысы маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған.Аймақ басшысы аналар мен ақсақалдар кеңесінің жұмысының тиімділігін және олардың отбасы институтын нығайтуға және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Мысалы, қарағандылық қоғам қайраткерлерінің бастамасымен қолға алынған «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы қазір бүкіл ел бойынша енгізілуде.ҚХА жобаларына жастар да белсенді тартылады. Жас ғалымдар клубы құрылды.ҚХА өкілдері қиын жағдайларда ғана емес, дарынды жастарды қолдап, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ этномедиация кеңесі де пайда әкеледі. ҚХА мемлекеттік тілді дәріптеуге, еңбексүйгіштік пен кәсібилік құндылықтарын ілгерілетуге үлес қосады.ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер «Таза Қазақстан» республикалық акциясын белсенді қолдады. Олар экологиялық сенбіліктер өткізіп, туған өлкелерін көгалдандыруға қатысады.ҚХА есебінде басқа да игі істер мен маңызды бастамалар көп.Бұл сессияда да жаңа идеялар болды. ҚХА мүшесі Вадим Басин Qarmet компаниясының Достық үйін ашуды ұсынды. Ермағанбет Бөлекпаев бұл идеяны қолдап, ел Президентінің қоғамдық келісім инфрақұрылымын кеңейтуді тапсырғанын еске салды. Облыс әкімі өзге қалалар мен аудандарда Достық үйлерін ашу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.Облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобының қызметі туралы Иван Георгиади айтып берді.– Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» бірегей қоғамдық жоба бастау алды. Бұл жай ғана бастама емес, бұл уақыт талабына жүйелі жауап. Бұл тұрақты болашаққа бірге жету үшін өкілетті билікті, мемлекеттік органдар мен ҚХА-ны біріктіретін көпір, – деп атап өтті ол. – «Бірлік» депутаттық тобы 15 адамды біріктірді, олардың 7-і ҚХА мүшелері. Біз адамдардың немен өмір сүретінін білеміз. Ассамблея – тек диалог алаңы ғана емес. Онда түрлі этностардың тағдыры өрілген. Мен өзім грек тұрғысынан рух жағынан қазақстандық ретінде мәдениетте өскенмін, онда ана тілін, дәстүрді құрметтеу – абстракция емес, тәрбиенің негізі. Біздің күшіміз алуан түрлілікте, біз Қазақстанды бірге құрып жатырмыз, біз – біртұтаспыз!Қыркүйек айында Қарағанды облысы республикалық аналар кеңесін қабылдайды. Дайындық жақын арада басталады.Облыста ҚХА-ның өңірдің қоғамдық ұйымдарымен және институттарымен өзара іс-қимыл жасау картасы әзірленеді.ҚХА белсенділері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды. «Парасат» орденімен ҚХА мүшесі, «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық қоғамының құрметті мүшесі Виктор Кист марапатталды.Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары мен алғыс хаттарды табыс етті.Суретті түсірген: Жангелді Әбдіғалым Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1003474?lang=kk
Алматы облысында аграрлық секторды дамыту мәселелері талқыланды 29.05.2025
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Алматы облысындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып, өңірдің диқандарымен кездесті. Сапар аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.Министрдің сапары Жамбыл ауданындағы «Олжас» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан басталды. 2013 жылы құрылған шаруашылықтың жалпы жер көлемі – 2600 гектар, оның 1500 гектары суармалы алқаптар. Алайда су тапшылығына байланысты қазір тек 600 гектар жер өңделуде. Мұнда бидай, арпа, жүгері және 60 гектар жерге егілген жоңышқа өсіріледі. Қожалық барлық қажетті техникамен жабдықталған, 20 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1 миллиард теңгені құрайды.— Бізде су жетіспейді. Су болмаса, егіс көлемін ұлғайту мен өнімділікті арттыру мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Су ресурстары министрлігі бұл мәселені бірлесіп шешеді деп үміттенеміз, — деді шаруашылық басшысы Хамза Бабалықов.Министр көктемгі дала жұмыстарының елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен болашақ өнім көлеміне тікелей әсер ететінін атап өтті. 2025 жылы Қазақстанда егіс алқаптарының жалпы көлемі 23,7 млн гектарға жетпек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық. Алматы облысында 436,8 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр.Егісті әртараптандыру жалғасуда: майлы дақылдарға 3,3 млн гектар, мал азығы дақылдарына тағы 3,3 млн гектар бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 127 мың гектарға көп.Мемлекеттік қолдау көлемі де артып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен несиелеу көлемі 2025 жылы рекордтық 700 млрд теңгеге жетеді. Бүгінгі таңда 491,5 млрд теңгеге 7 мыңнан астам өтінім қабылданып, 440 млрд теңгеге өтінімдер қаржыландырылған. Алматы облысынан 12,6 млрд теңге көлемінде 302 өтінім түскен, оның 174-і мақұлданған. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу бойынша тек 2,9 млрд теңгеге 142 өтінім берілген, бұл салада ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.Облыстағы ауыл шаруашылығы техникасының 60%-дан астамы тозған. Өткен жылы жаңа техника сатып алуға 120 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 200 млрд теңгеге дейін өседі. «ҚазАгроҚаржы» арқылы шаруалар жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға техника алу мүмкіндігіне ие.Жаңа өзгерістердің бірі – көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған тікелей жеңілдетілген несиелеу тетігінің енді мал шаруашылығына да қолданылуы. Алғашқы кезеңде ірі және ұсақ мал бордақылау алаңдары мен құс фабрикаларын қолдауға 50 млрд теңге бөлінеді.Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандары мен Қонаев және Алатау қалаларынан келген аграршылармен өткен кездесуде қаржыландыру, ресурспен қамтамасыз ету, «Кең дала 2» бағдарламасының жүзеге асуы сияқты мәселелер талқыланды. Шаруалар бұл бағдарламаның оңтүстік өңір ерекшеліктерін ескермейтінін айтты. Мысалы, бір гектар картопқа 495 мың теңге бөлінсе, тұқымының өзі 750 мың теңгеге дейін жетеді.«Атамекен» ҰКП АӨК департаментінің директоры Нұрлан Нұрбеков бағдарламаның ескіргенін және өңір жағдайына бейімдеу қажет екенін атап өтті. Министр Айдарбек Сапаров жауапты құрылымдарға бір ай ішінде бағдарламаның параметрлерін қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды.Қаржы құралдары және микронесиелеу департаменті директорының орынбасары Олжас Тлебалдин гектарға берілетін орташа несие көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2024 жылы өңірдегі өңделетін жер көлемі 424 мың гектарға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артқан. Көктемгі егіс жұмыстары барлық аудандарда аяқталған, тек Кеген мен Райымбек аудандарында ауа райының әсерінен шамамен екі апта кеш басталған.Министрдің жұмыс сапары ауыл шаруашылығын тиімді дамыту тек мемлекет пен шаруалардың тығыз ынтымақтастығы негізінде мүмкін екенін көрсетті. Осындай кездесулер жергілікті жерлердегі нақты мәселелерді тыңдап, аграршылардың қажеттіліктеріне сай шешімдер қабылдауға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003482?lang=kk
Орман өрттері бойынша ірі ауқымды оқу-жаттығу: Жетісу облысындағы дайындық 29.05.2025
Бүгін Жетісу облысында табиғи өрттерге ден қою бойынша азаматтық қорғау күштерінің дайындығын арттыру мақсатында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының кезеңі өтті.Оқу-жаттығу барысында орман алқабындағы шартты өртті* оқшаулау және сөндіру іс-қимылдары пысықталды. Әуе және жерүсті техникасы, жедел қызметтердің жеке құрамы жұмылдырылды. Негізгі назар ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, медицина қызметі және ерікті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылға аударылды.Іс-шара ТЖМ бақылауымен өтіп, 2025 жылғы өрт қауіпті маусымға кешенді дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.*Ескерту: оқу-жаттығу барысында ашық от пайдаланылған жоқ – түтін эффектісі үшін қоршаған ортаға зиянсыз арнайы кәсіби түтін шашкалары қолданылды. Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1003486?lang=kk
10 простых шагов при землетрясении: памятка для населения 29.05.2025
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам: халыққа арналған жадынама Жер сілкінісі — кенеттен болатын табиғи құбылыс. Осындай жағдайларда дұрыс әрекет ету — өміріңізді сақтап қалудың басты кепілі. ✅ Жер сілкінісі кезінде не істеу керек:1.Сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз.2.Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты қолданбаңыз.3.Терезе, жиһаз, люстрадан алыста болыңыз.4.Қауіпсіз жерге тығылыңыз: жоғарғы қабаттарда — негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына, берік үстел астына.5.Төменгі қабаттарда — ғимараттан дереу шығыңыз, көпқабатты үйлерде — дүмпу тоқтаған соң шығыңыз.6.Қажет болса, су, газ, электр қуатын өшіріңіз.7.Алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін алыңыз.8.Электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан аулақ болыңыз.9.Қайталама дүмпуге дайын болыңыз.10.Қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз. Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1003506?lang=kk
Астанада сарбаздар аналарының II республикалық форумы өтті: диалог, сенім, іс-әрекет 29.05.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Аналар күніне орай сарбаздар аналарының II республикалық форумы өтті. «Әскердегі азаматтың қызметіндегі ана даналығы» ұранымен өткен бұл шара армия, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды.Форумға Парламент Мәжілісінің депутаттары, атқарушы биліктің, бейінді министрліктер мен ведомстволардың, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің және оның өңірлік филиалдарының мүшелері қатысты.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов өз сөзінде әскери қызметшілердің отбасыларын армияның қоғамдық өміріне белсенді тарту және әскерге шақырылушылардың моральдық және патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы ананың рөлі арқылы халықтың әскери қызметке деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Дөңгелек үстел барысында Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери прокуратура, Денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Мерзімді қызмет өткеру шарттары, әскери қызметшілерді заттай мүлікпен және тамақпен қамтамасыз ету, әскерге шақырудың ашықтығы, отбасылармен өзара қарым-қатынас, моральдық-психологиялық қолдау, сарбаздарды құқықтық қорғау және мерзімді қызметтегілер үшін білім беру мүмкіндіктері мәселелері талқыланды.«Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина әскери бөлімдердің басшылығымен диалог құрудың және әскердегі қызметтің қауіпсіз, әлеуметтік тұрғыда қорғалған және беделді болуға жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтіп, сонда жастар армияға өз еркімен барады, ал олардың туыстары командирлерге сенім артады деді.Форумда ұйымдастырылған жауынгерлік дайындықта үздік нәтижелерге қол жеткізген ұлдардың аналарымен кездесулері тосынсый болды. Жас жауынгерлерге 10 күндік демалыс беріліп, ынталандырылды. Осындай лайықты ұлдар тәрбиелеген аналарға ведомстволар мен сарбаздар аналары комитеті басшыларының атынан грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.Форум қорытындысы бойынша ұсыныстардың ресми хаттамасы орындаушыларды, мерзімдерін және күтілетін нәтижелерді нақты белгілей отырып, толтырылды, бұл барлық тартылған тараптардың одан әрі бірлескен іс-әрекетінің жол картасы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003569?lang=kk
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді 29.05.2025
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының, кент, ауылдық округтердің сондай ақ, бөлімдер мен мекеме, кәсіпорын жастарымен кездесіп, Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдерінің талаптарына түсіндірме жүргізді.Департамент басшысы Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін айта келе, жобаның негізгі мақсаты - дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту екендігін атап өтті. Кездесу соңында аталған іріктеуге қызығушылық танытқан жастардың сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ш.Сыдықов қорытындылап, ел мүддесіне қызмет етемін деген белсенді жас азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға шақырды.Айта кетейік, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1003582?lang=kk
Гвардейск гарнизонына әскерге алынғандар танк сынағынан өтті 29.05.2025
Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдеріне көктемде әскерге шақырылған 800-ге жуық сарбаз жас жауынгер курсын аяқтады. Дайындық мамандандырылған оқу орындарында жүргізілді және атыс негіздері, тактикалық медицина, жергілікті бағдарлау, РХБ қорғау және психологиялық дайындық сынды көптеген пәндерді қамтыды.Жас жауынгер курсының негізгі элементтерінің бірі жүріп келе жатқан танктің астында окопта жату. Бұл сынақ психологиялық тұрақтылықты дамытуға, тапсырманы орындау техникасын түсінуге және әріптестеріне сенуге арналған жаттығу. Окопта жатып, жауынгерлер ауыр танкті үстінен өткізіп, содан кейін оны шартты түрде граната лақтырып, жойды.– Сарбаздар тәртіпті, төзімділікті және оқуға деген ұмтылысты көрсетті. Бұл қасиеттер кәсіби әскери дағдыларды одан әрі шыңдай түсуге негіз болады, – деп атап өтті гарнизон бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Тазабеков.Тәжірибелі офицерлер мен нұсқаушылардың жетекшілігімен әскерге шақырылушылар алғаш рет штаттық атыс қаруы – АК-74 Калашников автоматынан жауынгерлік атыстарды орындады. Алдымен әр әскери қызметші тексеру үшін үш оқ атып, содан кейін он оқты сынақ жүзінде атты.– Бірінші атудан кейін бұл енді теория емес, нақты тәжірибе екенін түсіндім. Аздап толқыдым, бірақ содан кейін бірден сенімділік пайда болды. Нұсқаушылардың қолдауы бізді жігерлендіре түсті, – деп бөлісті қатардағы жауынгер Ерасыл Жанболатұлы.Жас жауынгер курсы сарбаздың жаңа мәртебесін және жауынгерлік оқудың келесі кезеңіне өткенін білдіретін Әскери ант беру рәсімімен аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003284?lang=kk
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Үлкен Нарын ауданы мәслихатының қызметкерлері сенбілік өткізді 29.05.2025
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Үлкен Нарын ауданы мәслихатының қызметкерлері сенбілік өткізді. Сенбілік барысында қызметкерлер үй маңындағы аумақты тазалықта ұстау туралы хабарламалар тараттыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1003317?lang=kk
Сыртқы кондиционер қондырғыларын орналастыру: нені білу маңызды 29.05.2025
Жазғы маусымның басталуына байланысты көптеген азаматтар кондиционерлерді орнату туралы ойланады. Естеріңізге сала кетейік, кондиционерлердің сыртқы блоктарын, әсіресе көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін орнату нормативтік құқықтық актілермен реттеледі және белгіленген ережелерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.Заңнамалық талаптарҚР ЕЖ 4.02-101-2012 «Жылыту, желдету және ауаны баптау» 4.3-тармағына сәйкес, тиісті жүйелер сәулет-жоспарлау тапсырмасына және құрылыс нормаларына сәйкес бекітілген жобалық құжаттама бойынша орнатылады. Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерде кондиционерлердің сыртқы блоктарын орналастыру жобада көзделуі тиіс. Құрылыс салушылар тауашаларды, себеттерді немесе сәндік қораптарды жабдықтауға міндетті. «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) беру кезінде қасбеттердің сәулеттік шешімін ескере отырып, осы талаптарды көрсетеді.Қайталама тұрғын үй қорыҚазірдің өзінде салынған объектілер үшін меншік иелері Қостанай облысының аумақтарын абаттандыру қағидаларының (мәслихаттың 15.03.2017 ж. № 130 шешімі), қалаларды кешенді салу стандартының (ҚР ҚжӨМ ТҮКШ ж ҚК 30.06.2022 № 134-НҚ бұйрығы) ережелерін, сондай-ақ МИБ, ПИТК /басқарушы компанияның ықтимал ішкі ережелерін ескеруі қажет. Сонымен қатар, көпқабатты үйдің қасбеті ортақ мүлік болып табылады және оны өзгерту көптеген меншік иелерімен келісуді талап етеді.Ғимараттардың қасбеттерін күтіп ұстау ғимараттардың қасбеттерін олардың сәулеттік келбетін қоса алғанда, тиісті жағдайда ұстауды көздейді. Кондиционерлерді орнату қасбеттің эстетикасын бұзбауы немесе ғимараттың құрылымдық элементтеріне зақым келтірмеуі керек. Егер кондиционер қасбетке орнатылса, бұл ғимарат иелерімен келісіліп, техникалық нормаларға сәйкес келуі керек.Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы №130 шешімімен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері оларды тиісті күтіп ұстауды, пайдалануды, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың қасбеттерін жөндеу және сырлау жөніндегі жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, ұстауға жататын ғимараттардың қасбеттерінің элементтеріне аспалы металл конструкциялар да кіреді (оның ішінде жалау ұстағыштар, анкерлер, өрт сатылары, желдету жабдықтары).Егер ғимарат сәулет ескерткіші болса, мемлекеттік органдармен келісу қажет болуы мүмкін.Өз бетінше өзгертуге тыйым салу (3-тарау, 40-тармақ) тиісті рұқсатсыз ғимараттардың элементтерін өз бетінше өзгертуге немесе қайта құруға тыйым салады. Кондиционерді келісусіз орнату мүлікке зиян келтіруі мүмкін (мысалы, дұрыс орнатылмағандықтан ағып кету), бұл: бөлшектеу туралы ұйғарым беру, ҚР ӘҚБтК бойынша айыппұл, келтірілген залалдың орнын толтыру.Әкімшілік жауапкершілікҚазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 — бабына сәйкес қасбеттерде жабдықтарды өз бетінше монтаждауды қоса алғанда, абаттандыру қағидаларын бұзу: жеке тұлғалар үшін — 20 АЕК, шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін — 30 АЕК, орта бизнес үшін — 40 АЕК, ірі бизнес үшін-100 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Айыппұлдардан басқа, жабдықты бөлшектеу және қасбетті бұзушының есебінен қалпына келтіру туралы бұйрық берілуі мүмкін.ҰсыныстарКондиционерді заңды түрде орнату үшін үйді басқару органдарының (МИБ, ПИТК және т.б.) келісімін алуды, жергілікті атқарушы органдарда қосымша талаптардың болуын нақтылауды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, конденсатты бөлуді қарастыруды және ғимараттың сыртқы түрінің нашарлауына жол бермеуді ұсынамыз.Кондиционерді орнатқан кезде немесе кондиционері бар қайталама тұрғын үй иелеріне сыртқы блокты сәндік себетпен қосымша жабдықтау ұсынылады. Бұл ғимараттың қасбетін біртұтас эстетикалық көрініске жетелейді және оның архитектуралық тұтастығын сақтайды.Кондиционерлерді орнату мүмкін, бірақ техникалық және эстетикалық талаптарға сай болуы, ғимарат иелерімен және қажет болған жағдайда мемлекеттік органдармен келісілуі, сондай-ақ абаттандыру ережелері мен азаматтардың қауіпсіздігін бұзбауы тиіс. Ережелерді дәл сақтау үшін жергілікті атқарушы органдарда талаптарды нақтылау және климаттық жабдықты орнатуды реттейтін қосымша ережелерді зерделеу ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1003360?lang=kk
Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» 29.05.2025
Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде мынадай акциялар өткізетінін жеткізеді:"Чектіталап ет-жүлденіұтып ал" 2025 жылдың 3сәуіріненбасталып, 2025жылдың31желтоқсанынадейінжалғасады.Осыакцияныөткізубарысындаәрбіразаматсатыпалунемесеақылықызметалу арқылы ақшалайжәнебасқа да бағалысыйлықтардыңиегеріболуғамүмкіндік алады."Бәйге" жаңа акциясы 2025 жылғы 1мамырдан2025жылғы31желтоқсанға дейін өткізіледі.Ол азаматтардың белсенділігін ынталандырады: чектерді неғұрлым көп тіркесеңіз, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді. Акция тоқсан сайын өткізілетін болады:1 кезең: 1 мамырдан II тоқсанның соңына дейін;2 кезең: III тоқсанда;3кезең:IVтоқсанда.Акцияға деректерді тіркеу және/немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері ғана қатысады (онлайн-БКМ). Аталған акцияларға қатысу үшін "Amian"мобильді қосымшасында Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу (сканерлеу) қажет." Мемлекеттік кірістер басқармасы Бейімбет Майлин ауданы бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1003397?lang=kk