Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

2025 жылғы 23 мамырда Новотроицкое ауылында аудандық мәслихат депутаты С.К. Алдабергенов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. 29.05.2025
2025 жылғы 23 мамырда Новотроицкое ауылында аудандық мәслихат депутаты С.К. Алдабергенов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындар Мағнай станциясындағы жолды жөндеу және Аққұдық ауылындағы жолды тегістеу мәселелері бойынша жүгінді.Аталған мәселелер бойынша "Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-не депутаттық сауалдар жолданатын болады.Азаматтарды қабылдау туралы ауыл тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1004190?lang=kk
Жеке кәсіпкерлер Қостанай облысында 2025 жылғы 21 мамырда тіркелді 29.05.2025
 ҚР жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібіҚазақстан Республикасында жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу онлайн жүргізіледі және тегін. Тіркеу процесі әдетте 1 жұмыс күнінен аспайды.Тіркелу қадамдарыЭлектрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуЭЦҚ — онлайн құжаттарға қол қою үшін қажет. Оны egov.kz порталынан немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасынан алуға болады.Тіркелу тәсілін таңдауЖК тіркеу үшін келесі платформалардың бірін пайдалануға болады:e-license.kz порталыegov.kz порталыKaspi.kz мобильді қосымшасыE-Salyq Business мобильді қосымшасыЭлектрондық өтініш формасын толтыруКелесі мәліметтерді көрсету қажет:Аты-жөні және ЖСНТұратын мекенжайҚызмет түрі (ОКЭД бойынша)Салық режимі (мысалы, жеңілдетілген режим)ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қоюҚол қойған соң, мәлімет автоматты түрде салық органына жіберіледі.Тіркеу туралы хабарлама алу1 жұмыс күні ішінде сіздің ЖК тіркелгені туралы растау келеді. Хабарламаны e-license.kz порталынан немесе қолданылған мобильді қосымшадан жүктеп алуға болады.Мобильді қосымшалар арқылы тіркелуKaspi.kz:«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «ЖК тіркеу» тармағын таңдаңыз, әрі қарай нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз.E-Salyq Business:Қосымшаның «ЖК тіркеу» бөлімінде қажетті ақпаратты толтырып, тіркеуге өтініш жіберіңіз.Қосымша ақпаратЖК ретінде тіркелу ҚР азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Армения азаматтарына қолжетімді.Қызмет түрлерін таңдағанда ОКЭД классификаторын пайдаланыңыз.Тіркеуден кейін банкте есепшот ашып, ресми кәсіпкерлік қызметті бастай аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003924?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 29.05.2025
Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан бос қазіргі заманғы және құқықтық мемлекеттің үлгісін құрайды.«Қазақстан-2050» стратегиясы: құрылған елдің саяси бағыты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша елдің бағытын белгілейді және алдағы жылға сыбайлас жемқорлықтың базалық векторларын, сонымен қатар оны құбылыс ретінде жоюды анықтайды.2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы сыбайлас жемқорлық саясатының нәтижелігін арттыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген «нөлдік» төзімділігін құру және оның деңгейін азайту.Осылайша, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департамент (будан әрі - Департамент) жоғарыда көрсетілген стратегия шеңберінде тұрақты негізде қызметкерлермен құқықтық мәдиниетті жоғарлату, қызметтер көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты іске асыру бойынша әнгімелесулер өткізеді.Егер сіз Департамент қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттеріне тап болсаныз, тез арада 53-65-80 Департаменттің сенім телефоны бойынша (қызметтік тергеу бөлімі) немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003929?lang=kk
Отан қорғаушылар саны артты: Ұлттық ұланға Ақтау және Павлодар облыстарынан жас шақырылым келді 29.05.2025
2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының қатарын еліміздің түрлі өңірлерінен келген жас жауынгерлер толықтырдуда. 5571 және 5573 әскери бөлімдеріне Маңғыстау және Павлодар облыстарынан әскерге шақырылғандардың алғашқы легі келді.Ақтау қаласының жастары Отан қорғау үшін Алматыдағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің табалдырығын аттады.Бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде қарсы алып, жасаған таңдауларының маңыздылығына тоқталды:— Бүгін ерекше күн. Еліміздің батысынан келген жас жігіттер құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлік құрамына еніп отыр. Әскери қызмет — батылдық пен жауапкершілік жолы. Осы жолдағы қадамдарыңыз өмір мектебінің бастамасы болсын, - деді ол.Көп жастар үшін бұл мегаполисқа және әскери тәртіпке деген алғашқы адым десек те, жас жауынгерлердің қызметке деген құштарлығы жоғары.Солардың бірі, кәмелет жасындағы Аманат Бегениш өз әсерімен бөлісті:— Ес білгелі Ұлттық ұланда қызмет етуді армандадым. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының есімімен аталған әскери бөлімге түскеніме қуаныштымын. Бұл нағыз ер азамат, елжанды Отан қорғаушы болуға берілген мүмкіндік деп білемін.Астанада орналасқан 5573 әскери бөлімі Павлодар облысынан келген шақырылушыларды тобын қабылдады. Әскери өмірге жаңа келген жастар көңілдеріндегі толқынысқа қарамастан, қызметке дайын екендіктерін көрсетті.Әскери бөлім оларды белгіленген тәртіпке сай қарсы алды: болашақ Отан қорғаушыларға тиісті нұсқамалар берілді, медициналық тексеріс жүргізілді, киім-кешекпен қамтамасыз етілді және казармаға орналастырылды. Енді олар саптық, физикалық және атыс дайындығын шыңдайтын, жарғылар мен бөлім дәстүрлерін үйрететін 40 күндік жас жауынгер курсынан өтеді.Айта кету керек, елордалық бригада қолбасшылығы жас толықтырылым әскери бауырластықтың даңқты дәстүрлерін жалғастыра отырып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті абыроймен қамтамасыз ететініне сенім білдірді.Ұлттық ұландағы қызмет — тек батылдық мектебі ғана емес, Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен тұрақтылық күзетіндегі әр азамаи үшін абырой. Ақтау және Павлодар облысынан келген жас толықтырылым осы жауапты жолдағы алғашқы қадамдарын жасады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1003946?lang=kk
ҚР Елшілігінің Малайзиядағы қазақстандық студенттермен тұрақты жұмысы жалғасуда 29.05.2025
ҚР Елшілігінің Малайзияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүйелі түрде жұмыс жүргізу аясында 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан дипломаттарының «INTI International University & College» университетінің студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуге Малайзиядағы қазақ диаспорасының басшылығы мен университет әкімшілігінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында студенттердің оқу және тұру жағдайларына, денсаулық сақтауға, жергілікті заңнаманы сақтауға, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Елдегі медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысына, сондай-ақ консулдық және құқықтық қызметтерді алу тәртібіне ерекше назар аударылды.Елшілік Қазақстаннан келген студенттермен жергілікті жоғары оқу орындарда, сондай-ақ Малайзияда өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шаралар аясында кездесулерді тұрақты түрде өткізеді.  Бұл кездесулер студенттердің жеке қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге, патриотизмді сақтауға, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді ілгерлетуге, сондай-ақ шетелде болғанда олардың құқықтары мен қолжетімді мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1003973?lang=kk
Union COOP компаниясының Атқарушы директоры Мохамед Аль Хашимимен кездесу 29.05.2025
Дубайда Қазақстан өнімдерін Біріккен Араб Әмірліктері нарығына ілгерілету аясында Union COOP компаниясының Атқарушы директоры Мохамед Аль Хашимимен кездесу өтті.Анықтама:Union COOP — 1982 жылы құрылған, БАӘ-дегі ең ірі сауда желілерінің бірі. Компания супермаркеттер мен гипермаркеттер желісін басқарып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын сатуға маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1003984?lang=kk
Қазақстан мен Польша инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 23 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Польша Республикасының ғылыми және бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.Атап айтқанда, Станислав Сташица атындағы Краков тау-металлургия академиясының (AGH) делегациясымен кездесу өтті. Польша тарапы «CompLithium» жобасын таныстырды. Жоба құрамында литий бар қабат суларынан металлды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін инновациялық сүзгі технологиясын пайдалануға бағытталған. Тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлескен зерттеулер жүргізу және технология сәтті сынақтан өткен жағдайда оны коммерцияландыру мүмкіндігін талқылады.Сондай-ақ азық-түлік және балық шаруашылығы салаларында жұмыс істейтін Польша кәсіпорындарының жетекшілерімен келіссөздер өтті.«Polryb sp. z o.o.» компаниясының президенті Лукаш Парфиановичпен келіссөздер барысында балық шаруашылығы саласындағы қазақ-поляк ынтымақтастығының келешегі талқыланды. Польша тарапы форель өсірудің бірегей технологиясын беру және балық шаруашылығы саласындағы мамандарды оқыту бойынша қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді.«Мощиброди ет комбинаты» компаниясының президенті Кшиштоф Борковски Қазақстанда күркетауық өсіру және қайта өңдеу саласында қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Кездесу барысында Польша құс шаруашылығы өнімдерінің Қазақстан нарығына шығуына кедергі келтіретін бірқатар мәселелер қаралды.Польша тамақ өнеркәсібі саласындағы ғылыми-техникалық қауымдастығының Бас кеңесінің төрағасы Марек Мажец Қазақстанның азық-түлік өнімдерін Еуропалық Одақ, соның ішінде Польша нарығына шығару үшін сертификаттау саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенін, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген заманауи шешімдерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті.«Trans Rach» компаниясының бас директоры Марта Лагодамен логистика саласындағы мәселелер, соның ішінде «Орта дәліз» инфрақұрылымын дамыту және жүктерді жеткізу уақытын қысқарту үшін электрондық кезек жүйесін құру мәселелері талқыланды.Польша-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Петр Гузовскиймен кездесу барысында Польша инвесторларының Қазақстандағы жобаларын іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер, соның ішінде кадрларды даярлау мәселелері қаралды. Сондай-ақ алдағы инвестициялар үшін жағдайды жақсарту, бизнес-процестерді оңтайландыру және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту маңыздылығы айтылды.Кездесулер қорытындысы бойынша екі ел үшін басым салаларда бірлескен ғылыми және инвестициялық бастамаларды дамыту мақсатында диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1003974?lang=kk
Астанада Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің 25 жылдығы атап өтілді 29.05.2025
Атаулы күнге орай Ұлттық әскери-патриоттық орталықта салтанатты іс-шара өтті.Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, әскери-техникалық мектептер, оқытушылар, Қарулы күштердің ардагерлері мен курсанттар қатысты.Жиналғандарды Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев маңызды күнмен құттықтады. Ол негізгі миссияся жұмылдыру ресурсын толықтыру үшін әскерге шақырылушылар мен әскери дайындалған резервті сапалы дайындау болып табылатын мекеменің тарихы бай екенін атап өтті.Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бұдан басқа жұмысшы мамандықтар жылы әскери-техникалық мектептердің қорғаныс қабілеті мен мемлекеттің тиімді дамуына қажетті мамандарды сапалы даярлаудың рөлі мен жауапкершілігі едәуір артқанын алға тартты.Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептері Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Мекемелер атқыш, мерген, граната лақтырушы, барлаушы, ҰҰА операторы, "B, C, C1" санатындағы жүргізуші, МТЛБ механик-жүргізушісі, радиотелеграфист сияқты әскери-есептік мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау бағдарламаларының кең спектрін іске асырады. Уақыт талаптарын ескере отырып, мамандықтар тізімі үнемі кеңейіп отырады.– Біздің мекеме қорғаныс және азаматтық бейіндегі мамандарды даярлау жүйесіндегі маңызды буыны, кәсібиліктің, патриотизмнің және Отанға адалдықтың тірегі болды. Біз жүріп өткен жол – беріктіктің, тұрақтылықтың және ынтымақтастықтың жоғары сапасының дәлелі. Ширек ғасыр – біз оқыған, оқытқан, жетілдірген және кәсіби мәдениетті қалыптастырған, лайықты азаматтардың жаңа буынын, мемлекетіміздің қорғаушыларын тәрбиелеп шығарған уақыт, – деді өз сөзінде ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің бас директоры генерал-майор Әділбек Алдабергенов.Әскери-техникалық мектептің 25 жылдығына орай бірқатар әскери қызметшілер, мамандар мен ардагерлер "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен, Қорғаныс министрі мен Әскери-техникалық мектептің бас директорының атынан грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003995?lang=kk
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру: оқыту семинарлары және түсіндіру жұмыстары 29.05.2025
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облыстық филиалының қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізді.Семинарлардың басты тақырыбы – мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бизнес-процестердегі регламенттік іс-қимылдарды сақтау болды.Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды:Қостанай облысында тіркеуде тұрған қызмет алушылар үшін Қазақстан Республикасының резиденттігін растау;Салықтар мен бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу және қайтару;Салық есептілігін қабылдау.ХҚКО ақпараттық стендтерінде өтініштердің толтырылған үлгілері орналастырылып, құжаттарды дұрыс және ыңғайлы рәсімдеу үшін қадамдық нұсқаулықтар мен чек-парақтар әзірленді.Жүргізілген жұмыс азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113601?lang=kk
Алматы облысының әкімі Шанхай қаласындағы YTO Express штаб-пәтеріне барды 29.05.2025
Қытайға жасаған ресми сапары аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың ең ірі логистикалық компанияларының бірі – YTO Express Co. штаб-пәтеріне барды. Сапар барысында компанияның негізін қалаушы әрі Директорлар кеңесінің төрағасы Ю Вэйцзяомен кездесу өтті.YTO Express – Қытайдың экспресс жеткізу нарығындағы «үлкен бестікке» кіретін көшбасшы компаниялардың бірі және халықаралық логистикалық желіні белсенді түрде дамытып келеді. Компания әуе, теңіз және құрлық арқылы тасымалдау қызметін көрсетіп, зияткерлік сұрыптау орталықтарын басқарады және логистика саласына арналған IT-шешімдер ұсынады. Бүгінде YTO әлем бойынша 5 100-ден астам филиалға, 133 логистикалық хабқа және 80 000 терминалға иелік етеді.Әкім осындай жаһандық операторлармен әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтті, әсіресе Алматы облысын «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту тұрғысынан. Бүгінде Алматы облысы YTO компаниясының жаһандық логистикалық стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болып отыр. Бұл қатарда Дубай, Сидней және Лос-Анджелес сияқты ірі қалалар да бар.Тараптар YTO компаниясының Алматы облысындағы қатысуын кеңейту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және инновациялық логистикалық шешімдерді дамыту мәселелерін талқылады.Сапар өңірге жоғары технологиялық инвестицияларды тарту мен экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003823?lang=kk
Алматы облысынан барған делегация фотоэлектрлік компоненттерді өндіру бойынша жетекші компаниялардың бірі — Astronergy кәсіпорнына барды. 29.05.2025
Қытайға жасалған іскерлік сапар аясында Алматы облысынан барған делегация фотоэлектрлік компоненттерді әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Astronergy компаниясының өндірістік қуаттарын аралады.Сапардың мақсаты — күн энергетикасы саласындағы озық технологиялармен танысу және жаңартылатын энергия көздері бағытындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылау болды. Қазақстандық делегация өндіріс үдерісінің жоғары деңгейде автоматтандырылуын, өнім сапасын бақылаудағы инновациялық тәсілдерді және кәсіпорын ауқымын жоғары бағалады.Astronergy компаниясы жоғары тиімділікке ие күн панельдерін өндіруге маманданған және «жасыл» технологиялар саласындағы жаңа шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеді. Өндірістік желілер бойынша экскурсия барысында Алматы облысының өкілдеріне өндіріс технологиялары, өнімді сынақтан өткізу кезеңдері және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берілді.Сапар қорытындысы бойынша тараптар болашақта ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде Қазақстан аумағында технологияларды жергіліктендіру және жаңартылатын энергетиканы дамыту саласындағы тәжірибе алмасу бағытында өзара қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003824?lang=kk
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ханчжоу қаласында қытайлық инвесторлармен кездесу өткізді 29.05.2025
Алматы облысы делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың жетекші компанияларының өкілдерімен кездесті. Бұл кездесу халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды кезеңіне айналды.Кездесуге Zhuhai Shixi Technology Co., Ltd, Wanjia Hotel Group Co., Ltd, және AT Partner Company сияқты жоғары технологиялар мен туризм саласындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытқан ірі компаниялардың өкілдері қатысты.Келіссөздер барысында Алматы облысының табиғи жауһары саналатын Көлсай аймағында аспалы жолдар салу жобасына ерекше назар аударылды. Кездесу нәтижесінде инфрақұрылымды дамыту және экологиялық туризм салаларындағы ынтымақтастықты көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Мұнай-газ секторына инвестиция тарту мәселесі бойынша негізгі әріптес ретінде Jinxiang Investment Group компаниясы танылып, оны директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Сян Мяо таныстырды. Сондай-ақ кездесуге қазақстандық «Слава Мұнай» ЖШС өкілдері де қатысты.Энергетика саласы да маңызды тақырыптардың бірі болды. Жасыл энергетиканы дамыту перспективалары Ronghao Energy (басшысы Эрик Гао) және Zhongtai Group компанияларының қатысуымен талқыланды.Кездесу аясында зияткерлік жүйелер, технологиялар және өнеркәсіптік автоматтандыру салаларында ұсыныстармен алмасу өтті. Іс-шараға Jiangsu Slenline Intelligent Systems, Leng Dengke, Gaosong және Helong Explosion компанияларының өкілдері қатысты. Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ерекше қызығушылық білдірген компаниялардың бірі – Қытайда жаңғақ пен снек өнімдерінің ірі дистрибьюторы болып саналатын Three Squirrels Co., Ltd. Компания атынан Пан Даовэй (Pan Daowei) сөз сөйледі.Алматы облысы шетелдік инвестициялар үшін ашық екенін және  шетелдік серіктестерге қолайлы жағдайлар, әрі тиімді рәсімдер және жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде кешенді қолдау көрсетуге дайын екенін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003825?lang=kk
Тіл мен архив саласы бойынша білім берудегі ЖИ: республикалық сессияның қорытындылары 29.05.2025
Тіл мен архив саласы бойынша білім берудегі ЖИ: республикалық сессияның қорытындыларыАбылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тілдік және архивтік бейіндегі мамандарды даярлаудағы жасанды интеллект» атты Республикалық стратегиялық сессия отырысы өтті.Отырысқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Г.Көбенова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архивтер, құжаттама және баспа ісі комитеті төрағасының орынбасары А.Дюсекова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы К.Сеитова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Жобалық басқару орталығының жетекшісі С.Кенжебаева, Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) атқарушы директоры Е.Абсалямов, сондай-ақ Ұлттық және мемлекеттік маңызы бар мұрағаттардың және Қазақстан Республикасы ЖОО өкілдерінің 80-нен астам өкілдері қатысты.Қатысушыларға алғы сөзімен ректордың м.а. Д.Құнанбаева Қазақстан Республикасының Үкімет Аппаратына және жетекшілік ететін министрліктерге Университеттің тілдік және архивтік бейіндегі мамандарды даярлаудағы мәселелерді шешуге арналған пікірталас алаңына айналуына мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ еліміздегі жетекші шет тілдері университеттерінің бірі ретінде Қазақстан мен әлемдік экономиканың сұранысына сай білікті кадрлар даярлауға жауапты екенін атап өтті.Жалпы баяндамашылар мұрағат қызметінде жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне, электронды мұрағаттар тек сақтау қоймасы емес, құжаттарды талдаудың толыққанды интеллектуалды жүйесі болуын қамтамасыз ету үшін қандай қадамдар жасалып жатқанын, бүгінгі күні электронды құжат айналымы жүйесінде ұсынылған қосымшаларды ауқымды енгізу үшін қандай қадамдар қажет екенін, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік және ағылшын тіліне оқу құжаттарын сапалы аударуды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті.Республикалық стратегиялық сессия отырысының қорытындысы бойынша айтылған тақырып бойынша негізгі шешімдер, даму бағыттары мен бірінші кезектегі шаралар жазылған қорытынды құжат ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1003835?lang=kk
Астанада Cardiff University Kazakhstan ашық есік күні өтті 29.05.2025
Астанада Cardiff University Kazakhstan ашық есік күні өттіБүгін, 25 мамырда, Астанада Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті.Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Лич, Cardiff University бас операциялық директоры Паула Сандерсон, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Анна Морган және университеттің өзге де өкілдері қатысты.Өз сөзінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан аумағында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша министрлік белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Осы бағыттағы маңызды нәтижелердің бірі – Кардифф университетімен ынтымақтастық орнату болды. Бұл университет – Ұлыбританиядағы беделді Russell Group құрамына кіретін, QS World University Rankings және Times Higher Education секілді әлемдік рейтингтерде тұрақты жоғары орын алатын оқу орны.Айта кетейік, 2024 жылғы 14 тамызда қазақстандық делегация алғаш рет Кардифф университетіне барып, оның қорытындысы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Qualified Centre of Education» қоғамдық қоры және Cardiff University арасында Астанада филиал ашу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Кейін 2024 жылғы 20 қарашада Кардифф университеті делегациясының Қазақстанға жауапты сапары барысында тараптар егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізуге бағытталған екіжақты келісім жасасты. Ал 2025 жылғы 25 ақпанда Кардифф университетінің өкілдері қайта келіп, академиялық бағдарламаларды нақтылап, ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.2025 жылғы қыркүйекте Астанада Cardiff University Kazakhstan толыққанды білім беру кампусы ашылады. Кампус 2000-нан астам студентке арналған. Бұл – Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орнының жоғары академиялық рейтингке ие алғашқы филиалы болмақ. Бағдарламалар тікелей негізгі университеттің басқаруымен жүзеге асырылады. Жаңа кампус академиялық артықшылықтың, ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобалардың орталығына айналады. Мұнда Cardiff University жетекші оқытушылары мен Қазақстан мен шет елдерден келетін талантты студенттер шоғырланатын болады.Филиал 2025 жылдан бастап STEM бағыттары (ғылым, технология, инженерия, математика) мен бизнеске басымдық берілетін Foundation (дайындық) бағдарламасымен жұмысын бастайды. 2026 жылдан бастап келесі салалар бойынша бакалавриат бағдарламалары іске қосылады: компьютерлік ғылымдар, бизнес басқару, азаматтық құрылыс, геология және пайдалы қазбаларды барлау.Оқу ұзақтығы – 4 жыл: 1 жыл Foundation, одан кейін 3 жыл бакалавриат. Барлық сабақтар толықтай ағылшын тілінде өтеді, дәрістер мен практикалық сабақтарды Cardiff University академиялық құрамы жүргізеді. Астана кампусы академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етеді және басқа қалалар мен шет елдерден келген студенттер үшін жайлы жатақханамен қамтамасыз етіледі.Foundation бағдарламасына қабылдау талаптары:✔ IELTS академиялық тесті – кемінде 5.5 (әр компоненттен – кемінде 5.0);✔ Аттестаттың орташа балы (GPA) – 5.0 жүйесі бойынша кемінде 4.0, математика пәнінен – кемінде 4;✔ ҰБТ – кемінде 50 балл (мемлекеттік грантқа түсушілер үшін).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1003854?lang=kk
Қазақстанның туристік әлеуеті Прагада таныстырылды 29.05.2025
Прага, 2025 жылғы 23 мамыр – Чехия астанасында Қазақстан Республикасының Елшілігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен Қазақстанның туристік әлеуетін таныстыруға, сондай-ақ қазақстандық және чех туристік сала өкілдері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға арналған «Welcome to Kazakhstan» атты бизнес-семинар өтті.Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, екі елдің мемлекеттік құрылымдары, туристік агенттіктері мен кәсіби бірлестіктері өкілдерінің басын қосты. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Осыған орай, қазақстандық дипломат чех туроператорларын бұл бағытты чех нарығында дамытудың әлеуетін қарастыруға шақырды.Семинар барысында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Садуақасов Қазақстанның заманауи туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Оның ішінде мәдени, экологиялық, шытырман оқиғалы және этнотуризм бағыттарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясының Еуропадағы бас өкілі Виктор Войцеховский тікелей әуе рейстерінің артықшылықтары мен елімізге Чехиядан келетін туристер үшін логистикалық қолжетімділігі туралы баяндады.Raft Service, Gvidon Tour, Khan Turan Travel, Empire Travel Qazaqstan және басқа да қазақстандық туристік компаниялар өз қызметтерін таныстырды. B2B-кездесулер барысында қатысушылар өзара тиімді әріптестік орнату және жаңа бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады.Семинар қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған түскі аспен қорытындыланды. Екі елдің туристік сала өкілдері Қазақстанды чех нарығында ілгерілету бойынша ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1003862?lang=kk
Орталық Азия мен Қытайдың кеден қызметтері басшыларының екінші кездесуі Алматыда өтті 29.05.2025
       2025 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның кеден қызметтері басшыларының «Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембаев төрағалық етті.      Қатысушылар кеден рәсімдерін цифрландыру, өткізу пункттерін басқару, кадрлар даярлау және тәжірибе алмасу сияқты негізгі ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Ерекше назар шекара маңындағы саудада «Ақылды» кеден және «Бірыңғай терезе» механизмін енгізу сияқты бірлескен жобаларды іске асыруға аударылды.      Кездесу аясында инвазивті емес тексеру, интеллектуалды бейне тану және кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Тараптар сондай-ақ үшінші кездесуді 2027 жылы Қырғыз Республикасында өткізуге келісті.      Кездесу соңында қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты, қауіпсіз әрі инновациялық кедендік орта құруға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1003886?lang=kk
Қазақстан мен Польша СІМ басшылары екіжақты серіктестікті тереңдету бағытын растады 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 23 мамыр – Польша астанасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен келіссөздер жүргізді.Варшавадағы іс-шара 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында екі елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде өтті.Сұхбаттастар саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыруға деген өзара көзқарасты тағы да растады.ҚР СІМ басшысы Польша Қазақстанның Орталық Шығыс Еуропа мен Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. «Дипломатиялық қатынастардың 33 жылы ішінде Астана мен Варшава саяси диалогты, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуда, халықаралық ұйымдардың алаңдарында сындарлы өзара іс-қимылды жолға қоюда, сондай-ақ өзара тиімді негізде сауда-инвестициялық жобаларды іске асыруда», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Өз кезегінде поляк министрі екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ниетін білдірді. «Польша Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар Астанамен саяси диалогты нығайтуға да мүдделі», – деді Р.Сикорский.Польша тарапы Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында визалық режимді жеңілдету бастамасына берік қолдау білдіріп, Астана мен Брюссель арасындағы тиісті келіссөздердің тезірек басталуына жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.Министрлер Қазақстан мен Польшаның көлік, энергетика, фармацевтика, білім беру, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру сияқты салалардағы ынтымақтастығын тереңдету үшін қолда бар кең әлеуетке назар аударды. Осы тұрғыда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-поляк үкіметаралық комиссиясының үйлестіруші рөлі аталып өтті, оның 10-шы отырысы ағымдағы жылдың күзінде жоспарланып отыр.Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық өзара байланыста Транскаспий халықаралық көлік бағдарының өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып, қазақ тарапы поляк іскерлік қауымдастығын жаңа сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді ашу мақсатында бірлескен логистикалық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестіріп», көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейілділіктерін растады.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрліктері арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1004772?lang=kk
Гаагада Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық аспектілері талқыланды 29.05.2025
2025 жылғы 22 мамыр – Нидерланд Корольдігінің Гаага қаласында Legal & Business Insights: Dutch-Kazakh Business Relations атты бизнес іс-шарасы өтті. Оны халықаралық BUREN заң фирмасы Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – екі ел арасындағы құқықтық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау болды. Іс-шара аясында Нидерландта шығатын Tulip іскерлік журналының кезекті шығарылымы таныстырылды.Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде екіжақты серіктестікті әртараптандырудың маңыздылығын атап өтіп, кәсіби диалогқа жаңа алаң ұсынғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ол Қазақстанның жаһандық ресурстар мен нарықтар үшін бәсекелестік жағдайында шетелдік инвесторлар, оның ішінде нидерландтық компаниялар үшін қолайлы бизнес ортасын құруға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отырғанын жеткізді. Кәсіпкерлер Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі геоэкономикалық маңызын және стратегиялық ресурстар жеткізушісі ретіндегі рөлін ескере отырып, жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырылды.Қазақстан мен Нидерландтың заң, инвестиция және бизнес өкілдері еліміздің құқықтық реттеу жүйесі мен инвесторлардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін жан-жақты талқылады. Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық аспектілері, инвестицияларды қорғау, салық салу, трансшекаралық мәмілелерді құқықтық сүйемелдеу және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері көтерілді.Талқылау барысында ауыл шаруашылығы, су ресурстары мен экология, фармацевтика және медицина технологиялары, логистика, сондай-ақ сирек кездесетін және сирек жер металдарын өндіру мен өңдеу сияқты өзара мүдделі негізгі салалар қозғалды. Өз кезегінде сарапшылар Нидерландтағы бизнес жүргізудің түрлі қырларын талқылап, бұл нарықтың қазақстандық кәсіпкерлер үшін де тартымдылығын атап өтті.Қатысушылар осындай кәсіби алаңдардың жаһандық экономика қарқынды өзгеріп жатқан жағдайда тәжірибе алмасу, сенімді нығайту және нақты шешімдер қабылдау үшін маңызды екенін атап өтті.Бұл іс-шара Қазақстан мен Нидерланд арасындағы тұрақты, құқықтық және ұзақ мерзімді экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадамға айналды. Қазақстан Республикасының Елшілігі кәсіби деңгейде ұйымдастырылған іс-шара үшін BUREN заң фирмасына және мазмұнды әрі сындарлы диалог жүргізген барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1003653?lang=kk
Қазақстанның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ комиссиясының отырысына қатысуы туралы 29.05.2025
Вена, 2025 жылғы 19-23 мамыр – Қазақстан делегациясы Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 34-ші сессиясының жұмысына белсенді қатысты.Сессияның жалпы пікірталастарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанның қылмыспен және терроризммен күрес жөніндегі халықаралық келісімдерге, оның ішінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына және оларға қатысты хаттамаларға, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық 19 халықаралық-құқықтық құжатқа берік ұстанымын ерекше атап өтті.Сөз барысында «Жусан» және «Руссафа» операциялары аясында қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды – әйелдер мен балаларды қосқанда, жалпы саны 754 адамды – репатриациялау және реинтеграциялау бойынша Қазақстанның табысты тәжірибесіне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ Станислав Василенко ұлттық пенитенциарлық жүйені реформалау туралы айта келе, Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) белсенді қолдауымен Қазақстанның түрме жүйесі соңғы он жылда халықаралық стандарттарға сай дәйекті түрде жетілдіріле түскенін атап өтті.Сонымен қатар Комиссия жұмысы аясында қазақстандық делегация БҰҰ ЕҚБ Терроризмге қарсы күрес департаментінің басшысы Роберто Арбитриомен кездесіп, онда түрлі бағдарламалар, соның ішінде қылмыстық сот төрелігі жүйесін оңалту және жетілдіру және киберқылмыс жобалары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004303?lang=kk
Қазақстан діни бостандық саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуды күшейтуде 29.05.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Ержан Ашықбаев Ержан Ашықбаев бірқатар америкалық үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде «LYN Community» ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған «International Religious Freedom Builders Forum» форумына қатысты. Іс-шараға АҚШ Әкімшілігі, діни конфессиялар, азаматтық қоғам және сарапшылар қауымдастық өкілдері кеңінен қатысты.Өз сөзінде Елші Қазақстанның адам құқықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын қорғауға деген берік ұстанымын атап өтті. Ол «әртүрліліктегі бірлік» қағидаты Қазақстан ұлттық бірегейлігінің ажырамас бөлігі болып саналатынын айтып, конфессияаралық және этносаралық келісімді қалыптастыру мен нығайтудағы елдің бірегей тәжірибесіне ерекше назар аударды.Атап айтқанда, Елші Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен Қазақстан халқы ассамблеясының мәдениеттерді жақындастыру мен диалогты ілгерілетуге бағытталған танылған алаңдар ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол осы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін VIII Съезге дайындық барысымен бөлісті.Форум барысында сөз сөйлеген «LYN Community» ұйымының Президенті Уэйд Кьюсак Қазақстан оның ұйымымен ресми әріптестік орнатқан алғашқы ел болғанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан діни бостандықты дамытуда тұрақты ілгерілеу көрсетіп, бұл салада нақты қадамдарға бағытталғандығымен ерекшеленеді.Іс-шара аясында ҚР Елшілігінде қатысушылармен кездесу кездесу өтіп, конфессияаралық келісімді нығайту мен өзара тәжірибе алмасу бағытындағы ықтимал ынтымақтастық тетіктері талқыланды.Қатысушылардың ерекше назарын «Діни бостандық және бизнес қорының» Президенті Брайан Гримнің сөзі аударды. Ол Қазақстанмен көпжылдық байланыстары туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, елде өмір сүрген кәсіби әрі жеке тәжірибесін айтып өтті. Ол көптеген жылдар бойы Қазақстанда сезінген өзара құрмет пен мейірімділік ахуалын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1003693?lang=kk