Жаңалықтар
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар байқауының аудандық кезеңі 29.05.2025
2025 жылдың 21 мамыр күні жылдық жоспарға сәйкес ауданымызда 8-11 сынып оқушыларына арналған Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар байқауының аудандық кезеңі болып өтті.Аудандық кезеңге 17 оқушы жобаларын қорғады.Оның ішінде:8 оқушы – І орын иеленді;5 оқушы – ІІ орын иеленді;2 оқушы – ІІІ орын иеленді;Облыстық кезеңге 8 оқушы жобаларымен жолданады.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/documents/details/846178?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1002087?lang=kk
Республикалық «Зерде» 2-7 сыныпоқушыларыныңғылымижобалары мен шығармашылықжұмыстарыбайқауыныңаудандық (қалалық) кезеңі 29.05.2025
2025 жылдың 20 мамыр күні Республикалық «Зерде» 2-7 сынып оқушыларының ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының аудандық (қалалық) кезеңі болып өтті.Аудандық кезеңге 45 оқушы 35 жобамен қатысты.Оның ішінде:12 секция бойынша:10 оқушы – І орын иеленді;10 оқушы – ІІ орын иеленді;13 оқушы – ІІІ орын иеленді;Облыстық кезеңге І орын иеленген 10 оқушы жолданады.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/documents/details/846189?lang=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1002111?lang=kk
Қазақстанның Халықаралық электрбайланыс одағымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 29.05.2025
Женева, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ХЭО арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Қ. Төребаев Қазақстан 1993 жылы ХЭО-ға мүше болған сәттен бастап ұйымның телекоммуникациялар, радиобайланыс және даму сияқты үш секторының жұмысына белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан ХЭО ұйымдастыратын Дүниежүзілік телекоммуникацияны дамыту конференциясы (WTDC), Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы (WRC) және Дүниежүзілік телекоммуникацияны стандарттау ассамблеясы (WTSA) сияқты жаһандық және өңірлік конференцияларға тұрақты қатысады.Кездесуде Қазақстанның жетістіктеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «KazSat» ұлттық геостационарлық спутниктік жүйесі ХЭО шеңберінде тіркеліп, үйлестірілген. Сонымен қатар, 2023 жылы 5G жиіліктерін лицензиялау бойынша табысты өткізілген тендер нәтижесінде шамамен 330 млн АҚШ доллары көлемінде кіріс түсіп, елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосылды.ҚР Тұрақты өкілі Қазақстанның GovStack бастамасына бейілділігін атап өтті. Осы бастама аясында 2023 жылғы қарашада ХЭО-мен бірлескен декларацияға қол қойылды. 2024 жылғы тамызда ХЭО, Еуразиялық даму банкі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі үшжақты гранттық келісім жасалды. Жоба Орталық Азия мен Кавказ елдері арасында цифрлық мемлекеттік қызметтерді стандарттау және үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында өңірлік платформа құруды көздейді.ХЭО Бас хатшысы Қазақстандағы цифрландыру деңгейіне жоғары баға беріп, елдің тек өңір үшін ғана емес, көптеген дамыған мемлекеттер үшін де үлгі бола алатынын атап өтті. Осыған орай ол Қазақстан тәжірибесін ХЭО алаңында, соның ішінде 2025 жылғы 7–11 шілде аралығында Женевада өтетін WSIS+20 жоғары деңгейдегі форумында ілгерілету мүмкіндігін ұсынды. Бұл форумға Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев бастаған делегация қатысады.Кездесу соңында қазақстандық тарап Бас хатшыны 2025 жылғы 2–4 қазанда Астанада өтетін «Generative Nation» ұранымен ұйымдастырылатын Digital Bridge форумына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан алдағы уақытта ХЭО-ның өңірлік іс-шаралары мен техникалық тренингтерін өткізуге мүдделі екенін растады. Тараптар цифрлық трансформация, жиіліктерді үйлестіру және АКТ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1002114?lang=kk
«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту 29.05.2025
Саран қаласы мен Ақтас кентінде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 90 және одан да көп күн несиелер бойынша мерзімі өткен адамдар үшін «Қарызсыз қоғам»бағдарламасы бойынша қаржылықсауаттылыққаоқытубасталады.Оқыту барысында жоба заңгерлері 90+ күн кешіктірілген азаматтарға тегін заң көмегін көрсетеді. Оқуға 7-68-04, 7-90-77, 7-42-56, 8 (702) 266-89-13 телефондары арқылы, немесе Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 мекен-жайы бойынша жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1002197?lang=kk
Финляндия әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысады 29.05.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 22 мамыр - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимовтың Финляндияның Евангелиялық-лютерандық шіркеуінің басшысы Тапио Лууомамен кездесуі өтті.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан дінаралық диалог саясатымен, 2025 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезімен таныстырды, сондай-ақ Т.Лууомға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М. Әшімбаевтың атынан ресми шақыру тапсырды.Евангелиялық-лютерандық шіркеудің басшысы шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның толеранттылықты нығайтуға және діндердің бейбіт қатар өмір сүру идеясын ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалай отырып, алдағы Съезге қатысатынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1002198?lang=kk
Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті 29.05.2025
Астанада Қазақстанның халық әртісі, дара музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған кеш өтті. Іс-шараны ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның ән-би ансамблі ұйымдастырды.Бұл кеш тек музыкалық бағдарлама болумен шектелмеді, ол жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызды бөлігіне айналды. Зал іші сағыныш пен алғысқа толы ерекше естеліктерге бөленді. Әрбір орындау көрермен жүрегінен орын тапты. Кейбірі көзіне жас алды. Аяғынан тік тұрып қошемет көрсеткендер де аз болмады.Ансамбльдің сүйемелдеуімен «Отан Ана», «Сағым дүние», «Джулия» секілді танымал әндер шырқалды. Әскери өнерпаздардың орындауында бұл туындылар жаңа сипатқа ие болып, әсерлі, нәзік әрі шабытты естілді. Орындаудың шынайылығы мен эмоционалдық қуаты Батырхан шығармашылығының қарапайым ән ғана емес, халықтың мәдени жадындағы құнды мұра екенін тағы бір мәрте еске салды.Кешке «Big Band» музыкалық тобының солистері мен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары — Бауыржан Тұрғұмбаев, Нұрсұлтан Қарабалиев, Бауыржан Мақаев, Бауыржан Алтынбеков, Асхат Әмірғали, Денис Яковлев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ерасыл Бозаев және басқа да талантты орындаушылар қатысты.Бұл кеш тек музыкалық бағдарлама емес, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызды бөлігі болды. Ол Батырхан Шүкеновтің мәдени мұрасының, отандық эстрада мен азаматтық-патриоттық өнерге қосқан үлесінің маңызын айқын көрсетті.Көрермендердің пікірінше, еске алу кеші жоғары деңгейде өтті. Өнерпаздар шынайы, кәсіби өнерін көрсетті және жүректерге жылы әсер қалдырды. Ұйымдастырушылар Батырханның болмысы мен шығармашылығына деген құрмет пен сүйіспеншілікті жеткізе білді. Оның музыкасы әлі де шабыт беріп, ұрпақтарды біріктіріп отыр.Ұландықтар әскери мәдениеттің де адамның жан дүниесі мен ұлттық жадыны жеткізудегі нәзік әрі әсерлі тәсіл бола алатынын дәлелдеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1002215?lang=kk
Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында болашақ офицерлердің көшбасшылық курсы өтуде 29.05.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу полигонында түрлі мамандықтағы екі жүз курсантқа арналған «Сардар» командирлік даярлық курсы ұйымдастырылды.Бағдарлама көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, бағыныстылар үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және ұрыс қимылдарына жақын жағдайларда жедел шешімдер қабылдау дағдыларын пысықтауға бағытталған. – «Сардар» курсының негізгі мақсаты – білімді бекіту, жалпы әскери ұрысты жүргізудің жаңа тәсілдерімен таныстыру және бөлімшені тиімді басқаруды үйрету, – деп атап өтті Құрлық әскерлері әскери институты бастығының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Нұрлан Айтжанов.Курс тактикалық, атыс, инженерлік және дене шынықтыру сабақтарын қарастырады. Төртінші курс курсанттары жергілікті жерлерде практикалық тапсырмаларды, оның ішінде түнгі марштар, барлау операциялары және бөлім құрамындағы іс-әрекеттер бар.– Оқытушылардың тәжірибесі, олардың білімі мен кеңестері бізге кәсіби дағдыларды жетілдіруге және командирлік қызметке дайындалуға көмектеседі, – деді курсант Ерназар Елесов. Оқыту барысында моральдық-психологиялық тұрақтылықты дамытуға және жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде командирлік дағдыларды жетілдіруге ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1002257?lang=kk
«Шаңырақ шуағы» 29.05.2025
22 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Отбасында өмір сүру бақыты» республикалық шаралар жоспары аясында «Шаңырақ шуағы» атты мерекелік мәдени шара өтті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақ пен олардың ата-аналарында тұрақты және гүлденген қоғамның негізі ретінде отбасы құндылықтарын қалыптастыру. Отбасының ұрпақтар арасындағы сүйіспеншілік, өзара түсіністік пен құрмет пен шыдамдылықтың қайнар көзі екендігіне ерекше назар аударылды.Оқырмандарға «Ұрпақтардың әдеби телекөпірі» фотогалереясы мен кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеде отбасы туралы көркем әдебиеттер және мерзімді басылымдар, сондай-ақ отбасылық сәттерді бейнелейтін фотосуреттер ұсынылды.Бағдарламаның негізгі бөлігі балалар, ата-аналар және аға буын өкілдері қатысқан музыкалық ойын-сауық мерекесі форматында өтті. Ашық аспан астында отбасылық байланыстарды нығайтуға, балалар мен ересектер арасындағы жағымды қарым-қатынасты дамытуға бағытталған ойындар, конкурстар мен эстафеталар ұйымдастырылды.Балаларға аталар мен әжелер дәстүрі бойынша бата беріп, өскелең ұрпаққа ізгі тілектер айтқан ерекше әсерлі сәт болды.Сондай-ақ, психологтың «Чудо-детки» дамыту студиясында балалар және ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында тәрбие мәселелері, отбасындағы эмоционалды жақындықтың рөлі және балалармен өзара іс-қимылдың тиімді әдістері талқыланды.Мәдени шара жылы атмосферада өтті, қатысушыларға қарым-қатынас қуанышын сыйлады, отбасылық байланыстарды нығайтты және қатысушыларға әр адамның өміріндегі отбасылық құндылықтардың маңыздылығын еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1002261?lang=kk
Бір жарым мыңға жуық қарағандылық спорттық акробатикамен айналысады 28.05.2025
Жақында Мәскеуде гимнастиканың осы өте әдемі түрінен халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста біздің тамаша жас жұбымыз Байбакушева Дилара мен Жеңіс Диас сәтті өнер көрсетті. Дуэт алтын медаль жеңіп алды. Дарынды балалар тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, Ресей мен Беларуссияның ең мықты акробаттарын артта қалдырды. Қола жүлделерді: әйелдер жұбы Кардапольцева Софья-Манкенова Малика, аралас жұптар Мацымоха Илларион және Котова Алиса, Антоненко Радмила және Андриевский Денис жеңіп алды. Бұл Қарағанды гимнастика мектебінің тамаша нәтижесі!Ал, қазір біздің әйгілі, атақты, тәжірибелі дуэтіміз Даниэль Диль мен Вадим Шуляр әлемдік біріншіліктердің шыңын бағындырса, жас спортшылар халықаралық турнирлерге шығуда, кішкентай акробаттар атажұртында жарысуда. Гимнастикадан БЖСМ-де облыс чемпионаты өтті, оған 60 ұл мен қыз қатысты. Жарыс ерлер, аралас, әйелдер жұптары мен топтар арасында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. Бұл олардың әлемдік деңгейдегі медальдарға жасаған алғашқы қадамдары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1001934?lang=kk
Мессенджерлердегі алаяқтар: жақындарыңызды қалай қорғауға болады 28.05.2025
Заманауи мессенджерлер қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар интернет-алаяқтар үшін танымал алаңға айналды. Олар WhatsApp, Telegram және басқа да қосымшаларды пайдаланып, алдау арқылы аккаунттарға қол жеткізуге, ақша немесе жеке ақпаратты иемденуге тырысады.Көп жағдайда қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, туыстар немесе таныстар ретінде таныстырады. Алаяқтар фишингтік сілтемелер таратады, видео көру арқылы «тиімді» қосымша табыс ұсынып, зиянды файлдар жібереді және құпия мәліметтерді алу үшін жалған чаттар құрады.Тәуекелге мектеп оқушылары, студенттер және егде жастағы адамдар ұшырайды. Сондықтан сақ болып, жақындарды қауіптер туралы ескерту өте маңызды.Нені білу маңызды?ешқашан интернеттегі қосымша жұмыс, тауарлар немесе қызметтер үшін «кепіл» ретінде ақша жібермеңіз;күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз, тіпті олар «таныс адамнан» келсе де – оның аккаунты бұзылған болуы мүмкін;мессенджерге қосылған құрылғылардың тізімін тексеріңіз және қосымша сеанстардан, сондай-ақ, мысалы интернет-кафе сияқты үшінші тарап құрылғыларындағы аккаунттардан үнемі шығып отырыңыз;екі факторлы аутентификация мен күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;SMS кодтары мен құпия сөздерді бөгде адамдарға, тіпті олар өздерін банктің немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырса да бермеңіз;туыстарыңызға, әсіресе қарттарға мемлекеттік органдардың өкілдері мессенджер арқылы ақша аударуды немесе «жеке басын растауды» сұрап қоңырау шалмайтынын, сондай-ақ ешқандай нұсқау бермейтінін және оларды орындауды талап етпейтінін түсіндіріңіз.Егер сіз немесе жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса – бірден полицияға хабарласқан абзал. Уақытылы әрекет ету алаяқтарды тоқтатуға және қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1001936?lang=kk
Қазақстан мен Чехия Пржевальский жылқыларын қазақ даласына қайтару бойынша ынтымақтастықты жалғастыруда 28.05.2025
Прага, 2025 жылғы 21 мамыр – Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Прагада өткен «Жабайы жылқыларды қайтару – 2025» атты баспасөз конференциясына қатысты. Іс-шара Пржевальский жылқыларын Қазақстанға қайта қоныстандыру жөніндегі бірегей халықаралық жобаны іске асыруға арналды.Баспасөз конференциясы аясында қатысушыларға жобаның негізгі кезеңдеріне шолу ұсынылып, 2024 жылы сәтті жүзеге асқан алғашқы тасымал нәтижелері мен 2025 жылғы 2 маусымға жоспарланған сегіз жылқыны жеткізу бойынша келесі кезең таныстырылды.Сондай-ақ шара барысында жылқыларды алғашқы тасымалдауға дайындық және оны жүзеге асыру барысы туралы «Алтын далаға оралу» атты деректі фильм көрсетілді.Өз сөзінде Елші Дүйсенбаев жобаның серіктестері – Прага хайуанаттар бағының директоры М.Бобекке, Хортобадь ұлттық паркіне (Мажарстан), сондай-ақ Чех Республикасының Үкіметіне жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдірді. «Аталған жоба тек елдеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтумен шектелмей, бүкіл Жер бетіндегі биологиялық әртүрлілікті қалпына келтіру үшін де аса құнды», – деп атап өтті Елші.Пржевальский жылқыларын Қазақстанға қайта қоныстандыру жобасы табиғатты қорғау және жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісіне айналды. 2024 жылы Қазақстанға Прага және Берлин хайуанаттар бағынан жеті Пржевальский жылқысы жеткізілді. Осы кезең ішінде жануарлар жаңа ортаға бейімделіп, қысты аман өткеріп, бүгінде жабайы табиғатқа жіберуге дайындық үстінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1001966?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің алқасы: ведомство басшысы әскерлерді дамытудың басым міндеттерін айқындады 28.05.2025
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Онда 2024-2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы оқу кезеңіне арналған қызметтің басым бағыттары айқындалды.Алқа жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың басшылық құрамы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, сондай-ақ әскери оқу орындарының бастықтары қатысты.Қорғаныс ведомствосының басшысы геосаяси жағдайдағы өзгерістерге назар аударды. Қазіргі заманғы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдауды ескере отырып, ол қазақстандық армияны даярлаудағы басымдықтарды белгіледі.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жай-күйі туралы, Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың Қарулы күштердегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы баяндамалары тыңдалды.Қорғаныс министрінің орынбасарлары жұмылдыру резервін дайындау, әскери міндеттілердің жиынын жоспарлау, резервтегі қызмет жүйесін дамыту, әскери бөлімдерде қатаң жарғылық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударды.Әскерлерді даярлау деңгейін, кадрлық әлеуетті, тылдық және техникалық қамтамасыз етуді арттырудың жекелеген мәселелері талқыланды.Алқа отырысын қорытындылаған Қорғаныс министрі командалық құрамға бірқатар басым міндеттер қойды. Олардың қатарында тактикалық барлау міндеттерін пысықтай отырып, ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларын даярлау, жауынгерлік және арнайы даярлық бойынша практикалық сабақтарды ұйымдастыру, инженерлік-саперлік бөлімшелерді даярлау, қауіпсіздік шараларын күшейту, қарумен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды сақтау және т. б. тапсырмалар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1001993?lang=kk
Қазақстан мен Таиланд цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 28.05.2025
Бангкок, 2025 жылғы 22 мамыр – Таиланд Корольдігінің Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Таиланд Корольдігінің Цифрлық экономика және қоғам министрлігі арасында цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтті.Рәсімге Қазақстанның Елшісі Арман Исетов пен Таиландтың Премьер-Министрінің орынбасары – Цифрлық экономика және қоғам министрі Прасит Чантаравонгтонг қатысты.Құжатқа қол қойылуы жоғары технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Рәсім барысында Елші А. Исетов цифрландыру кез келген ел экономикасының негізгі элементі екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық даму – бұл жай ғана үрдіс емес, бұл – экономикалық тұрақтылыққа, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке және азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін стратегиялық басымдық.Қол қойылған құжат аясында Қазақстан мен Таиландтың бірлескен күш-жігері ақпараттық технологияларды қолданудағы озық тәжірибе алмасу, электрондық денсаулық сақтау, қашықтан оқыту және цифрлық мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында кең мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, IT-парктер, академиялар және инновациялық орталықтар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.Аталған құжат екі елдің инновациялар, білім және технологиялар негізіндегі орнықты цифрлық болашақ құруға деген ұстанымын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1001995?lang=kk
Қазақстан Аустрияның федералды жерлерімен байланыс кеңейтуде 28.05.2025
Вена, 2025 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрияның экономикалық дамыған аймақтарының бірі – Каринтия федералды жеріне жұмыс сапарымен барды.М.Тілеуберді федералды жерінің басшысы Петер Кайзермен келіссөздер жүргізді, оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы талқыланды. Қазақстан мен Аустрия өңірлері арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тараптар 2016 жылы қол қойылған Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия федералдық жері арасындағы ниеттер туралы Хаттаманы іске асыру бойынша бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласты.Каринтия Экономикалық палатасының вице-президенті Отмар Петшнигпен кездесу барысында ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары, соның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, өнеркәсіп және туризм, айқындалды. Аустриялық тарап Қазақстан үкіметінің халықаралық сауда саласында және елімізде қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөнідегі қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады.Сонымен қатар, ҚР Елшісі жергілікті іскер топтармен бөлек кездесулер өткізді және «Glaunach GmbH» өнеркәсіптік шуылды тұмшалағыш өндіруге мамандандырылған компанияның және машина жасауға арналған синтетикалық металл сульфидтерін өндірумен айналысатын «Tribotecc» компаниясының кәсіпорындарына барды. Каринтия кәсіпкерлері қазақстандық инвестициялық жобаларға қызығушылық танытып, Қазақстанмен іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1002008?lang=kk
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА 28.05.2025
1. Жалпы ақпаратҰлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласыӨткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жылҚатысушылардың келу күні: 18 маусым Қайту күні: 21 маусым Байқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру. 2. ҚатысушыларБайқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:Қазақстан мен шет мемлекеттердегі 8–11(12) сынып оқушылары;Облыстық/аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары;Әр команда 5 оқушыдан (әр номинация бойынша 1) және 1 жетекшіден тұрады. 3. НоминацияларБайқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:«Абайдың асыл мұрасы» – Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.«Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу.«Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Шәкәрім және олардың шәкірттерінің әндері мен күйлерін орындау.«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Қатысушының авторлық өлеңін оқу.«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай бейнесін көркем шығармалар арқылы талдау. 4. Шығындар мен ұйымдастыру мәселелеріҚатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады. 5. Танымдық-мәдени бағдарламаБайқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:Сырт Қасқабұлаққа — Абайдың туған жеріне сапар;Абай мен Шәкәрім кесенелеріне зиярат;Абай мен Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайларына (Бөрлі ауылында) бару;Семей қаласы бойынша шолу экскурсиясы – қазақ зиялыларының рухани астанасы саналатын өңірді таныстыру. 6. Қосымша ақпаратБайқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kzБайланыс мекенжайы:Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинетТел.: +7 (7172) 57 65 63E-mail: info@daryn.kz Конкурстың ұйымдастыру комитеті«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1002010?lang=kk
Қазақстан Елшісі Бразилия муниципалитеттер мен қалалар конгресінде сөз сөйледі 28.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 21 мамыр – Бразилия муниципалитеттерінің ұлттық конфедерациясы (CNM) және VBH Бразилиялық климаттық институтының шақыруымен Қазақстанның Елшісі Болат Нүсіпов «СОР30-ға жол» атты панельдік сессияға құрметті қонақ ретінде қатысып, «MARCHA-2025» Бразилия муниципалитеттерінің XXVI конгресінде баяндама жасады. Іс-шараға Экология министрі Марина Силва, Интеграция және өңірлік даму министрі Вальдес Гоэс және CNM президенті Пауло Циулкоски қатысты.Елші, өз сөзінде бүгінде Қазақстанда климаттың өзгеру салдарын еңсеру мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған көптеген жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстан өзінің Париж келісімі аясындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын қамтитын ұлттық анықталған үлесін (NDC) жаңартты.Осы орайда, Қазақстан дипломаты, Қазақстан Үкіметі БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан серіктестік су бастамасын атап өтті. Бұл бастама, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға және су ресурстарын басқаруды институционалдық нығайту мен өңірлік ынтымақтастық арқылы дамытуға бағытталған.Осы тұрғыда Елші, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында 2026 жылы елімізде БҰҰ-ның Өңірлік климаттық саммитін өткізу туралы бастама көтергенін қатысушыларға хабарлады. Бұл саммит, климат өзгеруіне қарсы күресте халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге септігін тигізеді.Іс-шараны CNM ұйымдастырды және дәстүрлі түрде шамамен мыңға жуық қатысушыларды – өңір губернаторларын, қалалар мен муниципалитеттердің мэрлерін, жергілікті үкімет хатшылары мен муниципалдық басқару өкілдерін біріктіреді. Конгресс осы жылы 19-22 мамыр аралығында өтуде. Онда федерализация, парламентаризм, қоғамдық қауіпсіздік, экология, денсаулық сақтау және білім беру тәрізді тақырыптар талқыланбақ.Биылғы жылы Конгресс, Бразилияның СОР30 климаттың өзгеруіне қатысты халықаралық конференциясында төрағалық етуі аясында климат өзгеруімен күрес және аймақтардың экологиялық мәселелерін шешу мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1002015?lang=kk
Жетісу ТЖД қызметтік иттері – құтқару ісіндегі сенімді серіктестер 28.05.2025
Талдықорғанда Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы базасында кинологиялық есептер жоспарлы сертификаттау сынақтарынан өтті. Бұл – қызметтік иттер мен олардың жүргізушілерінің төтенше жағдайлар кезінде жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын міндетті рәсім.Сынақтар үш кезеңнен тұрды: командаларды орындау мен кедергілерден өту, орман мен бұталы жерлерде зардап шеккендерді іздеу, сондай-ақ қираған ғимараттар жағдайындағы іздестіру. Барлық есептер тапсырмаларды сәтті орындап, табиғи және техногендік ортада іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысуға ресми түрде рұқсат алды.Азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметтік иттер – жай көмекші ғана емес. Олардың иіс сезу қабілетінің жоғарылығы, төзімділігі мен төтенше жағдайда жылдам әрекет етуі оларды орнын баса алмайтын маманға айналдырады. Кинологиялық есептерді дайындау – бірнеше айлық тынымсыз жаттығулар мен кинолог пен ит арасындағы сенімге негізделген жұмыс.Кәдімгі азамат үшін бұл – ТЖ-ға ден қою жүйесінде әрбір бөлшектің маңыздылығын еске салатын жайт. Әсіресе уақыт санаулы минуттарға байланысты болғанда, дайындалған төрт аяқты құтқарушылар зардап шеккен адамды алғашқы болып тауып, оның өмірін сақтап қала алады. Әрбір сәтті құтқарудың артында нақты үйлесімді жұмыс бар, және онда ит те шешуші рөл атқарады. Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1002037?lang=kk
Сеулде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды 28.05.2025
Сеул, 11 қараша 2025 – Корея Сауда-өнеркәсіп палатасында «K-Global Leap Forwarding – Central Asia Edition» форумы аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараны Корея Республикасының Шағын және орта бизнес және стартаптар министрлігі, Корея Сауда-өнеркәсіп палатасы жәрдемімен Shinhan банкі ұйымдастырды.Форумның мақсаты – Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы бизнес-серіктестікті нығайту, сауда мүмкіндіктерін кеңейту және инновациялық шешімдерді ілгерілету. Іс-шара экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге, тәжірибе алмасуға және бизнес қауымдастықтар арасында тікелей байланыстар орнатуға арналған маңызды алаң болды.Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Қазақстанның қарқынды дамуын және елдің инвестицияға ашық екенін атап өтті. Оның айтуынша, Корея Республикасы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша 2024 жылғы қорытынды бойынша Қазақстандағы үш ірі инвестордың қатарына кіреді. Сондай-ақ ел аумағында корей капиталының қатысуымен 894-тен астам компания, оның ішінде қаржы институттары табысты қызмет жүргізуде.Қазақ дипломаты Қазақстанда цифрлық трансформация саясаты жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын және инновациялар, жасанды интеллект, өнеркәсіп, инфрақұрылым және «ақылды қалалар» салаларында Кореямен серіктестік белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Ол «C5+K» саммиті мен саяси диалог өзара инвестицияларды ұлғайту және экономикалық серіктестікті кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын айтты.Қазақстан-Корея ынтымақтастығының соңғы табысты мысалдарына KIA компаниясының автомобиль құрастыру зауытының іске қосылуы (жаппай өндіріс басталды), Open Healthcare компаниясының Алматыда корей диагностикалық орталығын ашуды қоса алғанда, медицина саласындағы жобалары, сондай-ақ Samsung Electronics компаниясының 2025 жылғы тамыз айында Қазақстанда смарт-телевизорлар мен кір жуғыш машиналар өндірісін іске қосуы жатады. Бұл корей бизнесінің Қазақстанның инвестициялық ахуалына жоғары сенімін көрсетеді.Елші сондай-ақ Корея Республикасы Қазақстанның сауда серіктестері арасында 10-орында тұрғанын, бұл екі ел арасындағы экономикалық өзара іс-қимылдың зор әлеуетін білдіретінін атап өтті.Shinhan банкінің Жаhандық бизнес тобының басшысы Со Сын Хён Корея компаниялары үшін Орталық Азияның аса перспективалы бағыттардың бірі екенін, әсіресе энергетика, инфрақұрылым және цифрлық индустрия салаларында зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.Кореядағы «Kazakh Invest» АҚ өкілі Дәулет Сақтағанов қатысушыларға Қазақстан ұсынатын негізгі инвестициялық мүмкіндіктер мен преференциялар туралы хабарлап, корей компанияларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.Форум Орталық Азия нарықтарына шығу мүмкіндіктеріне арналған тақырыптық сессиялар және консультациялармен аяқталды. Форум қорытындылары бойынша корей компаниялары ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық танытып, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1105121?lang=kk
Қостанай облысында Байланыс қызметкерлері күні аталып өтті 28.05.2025
2025 жылғы Қостанай облысы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіби мереке — Байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Бұл күн инженерлер, техниктер, операторлар, диспетчерлер және елімізде сенімді әрі үздіксіз байланысты қамтамасыз етіп жүрген барлық мамандарды біріктіреді.Қостанай облысында телекоммуникация саласында шамамен 3,5 мыңға жуық адам еңбек етеді. Олардың қажырлы жұмысының арқасында тұрғындарға қашықтықтан байланысу, ақпарат алмасу және маңызды оқиғалармен бөлісу мүмкіндігі туып отыр.Облыс әкімдігі ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев мамандарға адал еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс білдіріп, тұрақты байланысты қамтамасыз ету мен қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап беру жолындағы еңбектерін ерекше атап өтті.Салтанатты жиын барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Алғыс хаттары, облыс әкімінің Құрмет грамоталары және басқарма басшысының алғыс хаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1001791?lang=kk
22 мамыр – «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!» 28.05.2025
ШҚО музей-қорығында «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы аясында 22 мамыр – «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!» «Отбасылық құндылықтар үйлесімділігі» сайыс-ойын бағдарламасы өтті. Оған музей қызметкерлері балаларымен бірге қатысты. Іс-шараға қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, эстафеталарға, күш пен тапқырлық ойындарына қатысып, би биледі. Барлық балаларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Балалар мен ата-аналар іс-шарадан ерекше әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1001847?lang=kk