Жаңалықтар
Өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды 28.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Пара штатының жер мәселелері жөніндегі парламентінің делегациясын қошеметтеді. Кездесу, Бразилияның астанасында болып жатқан Бразилияның муниципалитеттері мен қалаларының конгресі аясында Пара штаты Итупиранга өңірінің мэрі Вагно де Силва Годой мырзаның бастамасымен өтті.Кездесу күн тәртібіне Қазақстанның Пара штатымен экономика, сауда, ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салаларындағы өңірлік ынтымақтастығын кеңейту мәселелері енді. Пара штатының астанасы – Белен қаласында қарашада өтетін БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясының (СОР30) қарсаңында өңіраралық кооперацияны кеңейту мүмкіндіктері аса қызығушылық тудырды. Бразилияның федералды құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы және Рио-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.) тәрізді Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасында серіктестік байланыстар орнатылған. Биылғы жылы Бразилияның Санта-Катарина штаты мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда.Анықтамалық: Пара штаты Бразилияның солтүстігінде орналасқан. Параның экономикасы ауыл және мал шаруашылығы мен тау-кен өндірісіне негізделген. Штатта жаңғақтар, кофе, маниок, жүгері, джут, күріш, темекі мен қара бұрыш өсіріледі және өндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1000315?lang=kk
Президенттік жастар кадрлық резерві: төртінші іріктеу басталды 28.05.2025
Қазақстанда Президенттік жастар кадрлық резервіне төртінші іріктеу басталды. Бұл — талантты, бастамашыл және жаңашыл ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталған ауқымды бастама. Іріктеу 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өтеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Айқымбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.Жоба 2019 жылы іске қосылған сәттен бастап оған 60 мыңнан астам азамат қатысты. Солардың ішінде 400 адам Резервке қабылданып, олардың 80%-ы бүгінде мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдарда қызмет атқаруда.Төртінші іріктеудің ерекшелігі — салалық бағыттар бойынша пропорционалды тәсіл енгізіледі. Бұл әр сала мамандарының тең ұсынылуына мүмкіндік береді.Кандидаттарға қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды:* жасы 35-тен аспауы тиіс;* жоғары білім;* кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;* қазақ тілін B1 деңгейінен төмен емес меңгеруі қажет.Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусының мүшелері мен жастар резервіне бұрын кірген азаматтар іріктеуге қатыса алмайды.Іріктеу кезеңдері:1. Құжаттарды қабылдау (1–30 маусым) — онлайн;2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (2–3, 9–10 тамыз);3. Ситуациялық тапсырмаларды шешу(16–17 тамыз) — бағыт бойынша эссе жазу;4. Құзыреттерді бағалау (22 тамыз – 3 қазан) — Мемлекеттік басқару академиясындағы ассессмент-орталық пен HR мамандарымен сұхбат;5. Сараптамалық комиссиямен әңгімелесу (8–15 қазан);6. Ұлттық комиссия отырысы — 50 үздік кандидаттың Резервке қабылдануы туралы соңғы шешім (25 қазанға дейін).Президенттік резерв — бұл жай ғана кадрлық тізім емес, бұл — шынайы мансаптық өсу мүмкіндігі мен мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға қатысу. Жаңа іріктеу — өзіңізді көрсетуге және ел болашағын қалыптастыратын команданың мүшесі болуға берілген бірегей мүмкіндік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1000325?lang=kk
"Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» 28.05.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикаға қарсы күреске бағытталған 2 ауқымды акцияның іске қосылғанын еске салады.1. "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті "Amian"мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті.2. "Бәйге" жаңа акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін-мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз.Сатып алыңыз-сканерлеңіз — жеңіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1000337?lang=kk
Валютаны кедендік шекара арқылы өткізу нормалары 28.05.2025
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралар туралы" ҚР Президентінің 14.03.2022 жылғы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Кодексінің 343-бабы 1-тармағы 7-тармақшасына (бұдан әрі-ҚР Кодексі) сәйкес – егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 130 Шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы жолаушылар кедендік декларациясын кеден органына берген күні қолданылып жүрген валюта бағамы бойынша 100 мың АҚШ долларына баламалы сомадан асатын бір уақытта әкелу немесе әкету кезінде қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растау үшін құжаттарды ұсыну талап етіледі.ШҚО бойынша МКД "Ауежай Өскемен" кеден бекетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1048978?lang=kk
Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландық шеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды 28.05.2025
TikTok пен Instagram желілерінде кеңінен тараған видеода сарбаздың кішкентай баланың бас киімін дұрыстап, әскери сәлемді қалай дұрыс беру керектігін үйреткен сәті бейнеленген. Бейнежазба жүз мыңнан астам қаралым жинап, әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.Видеодағы басты кейіпкер — 24 жастағы Әлішер Жәукешев. Ол — Астана қаласында орналасқан 5573 әскери бөлімінің атқыш-сарбазы. Ақтөбе қаласының тумасы қазіргі таңда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қатарында қызмет атқаруда.Бұл әсерлі оқиға Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру кезінде орын алды. Сарбаз Жәукешев сап түзеп тұрған сәтте жанына кішкентай бала келіп, әскери сәлем бермек болады. Алайда ол мұны сол қолымен және бас киімсіз орындаған. Баланың әпкесі дереу оған бас киім кигізеді. Ал бұл сәтте ұландық немқұрайлы қарамай баланың бас киімін дұрыстап, әскери сәлемді оң қолмен қалай дұрыс беру керектігін көрсетті.Әскери қызметшінің бұл қылығы көпшіліктің назарынан тыс қалған жоқ. Желі қолданушылары сарбаздың сабырлылығына, елгезектігіне және мейірімділігіне тәнті болып, оны нағыз ұландыққа тән деп бағалап жатыр.«Керемет, қарапайымдылық адамды көрікті етеді», «Нағыз Отан қорғаушысының үлгісі! Мейірімді,кішіге- ізет, үлкенге - құрмет көрсетіп тұр. Ер азаматты дәл осылай тәрбиелеу керек! Бұл сәт бала үшін өмір бойы есте қалары анық!» — деп бөлісуде желі қолданушылары.Әлішердің өзі тосыннан келген танымалдылыққа байыппен қарайды:— Әскери борышты өтеу мен Отанға қызмет ету ешқашан кеш емес, — дейді ол. — Егер менің әрекетім біреудің жанын жадыратып, мақтаныш сезімін тудырса, мен үшін бұл — үлкен мәртебе.Ол өзіне патрульдік қызметтің ерекше ұнағанын жасырмайды. Қызмет барысында елордаға деген сүйіспеншілігі одан сайын арта түскен:— Елордаға екінші рет ғашық болдым. Қаланың көшелерін күзетіп, адамдарға көмек көрсету — менің қоғамға пайдамды тигізуге мүмкіндік берді. Бұл — нағыз мақтаныш сезімі, — дейді Әлішер.Әлішер Жәукешевтің оқиғасы — әскердегі қызмет тек тәртіп пен міндет қана емес, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет пен Отанға деген шынайы сүйіспеншілік екенін дәлелдейтін жарқын мысал. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1000376?lang=kk
Судъяларға арналған жеке онлайн-біліктілікті арттыру курстары 28.05.2025
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы судья кадрларын даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған Кеңес Төрағасының өкімімен бекітілген Академияны дамыту Тұжырымдамасын іске асыруды жалғастыруда.2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 130 судья, оның ішінде облыстық, аудандық және мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары, сондай-ақ сот төрағалары біліктілігін арттырудан өтті.Курстардың білім беру бағдарламалары Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов белгілеген стратегиялық бағыттарды ескере отырып жаңартылған. Халықаралық стандарттарды интеграциялауға, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ заңнама мен сот практикасындағы өзгерістерге бейімделуге ерекше назар аударылды.Академияда алғаш рет судьялардың кәсіби сұраныстарын ескере отырып, жеке онлайн-біліктілікті арттыру курстары енгізілді. Оларға еліміздің барлық өңірлерінен 150-ден астам сот жүйесінің өкілдері қатысты.Тыңдаушылар курстар бағдарламасының жоғары деңгейін және олардың практикалық құндылығын атап өтті. Алынған білім мен дағдылар сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, кәсіби қызметте қолданысын табуда.Сот төрелігі академиясы сот төрелігі саласындағы қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен халықаралық стандарттарға жауап беретін оқытудың заманауи тәсілдерін енгізуді жалғастыратын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1000377?lang=kk
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні: Ұлттық ұланның шығармашылық ұжымдары 28.05.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланындағы әскери қызметтің қатаң талабы мен тәртібінің артында музыкаға, биге және шабытқа толы шығармашылық әлем жатыр. Мұнда тек құқықтық тәртіп сақшылары ғана емес, сонымен қатар өнер арқылы жауынгерлік рухты көтеріп жүрген кәсіби музыканттар, әртістер мен хореографтар да қызмет етеді.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблі 1992 жылы құрылып, еліміздің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Оның құрамында Ғайни Жұмашева, Жұлдыз Жәбелова, Бауыржан Тұрғымбаев, Ерасыл Бозаев, Бауыржан Мақаев сияқты Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Халықаралық байқаулардың лауреаттары бар.Бүгінде Ансамбль қазақстандық патриоттық композицияларды, заманауи аранжировка өңделген халық әндері мен күйлерін, жарқын хореографиялық этюдтерді, сондай-ақ әлемдік хиттардың каверларын орындайды. Репертуарда тек әскери және фольклорлық музыка ғана емес, сондай-ақ жастар стилі, әлем халықтарының билері де бар. Бұл туындылар әскер мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайта отырып, көрермендердің назарын баурайды.Айта кетейік, 21 мамыр күні кешке шығармашылық ұжым қазақстандық әнші Батырхан Шүкеновті еске алу кешін өткізеді. Бұл күні әскери өнерпаздар елорда тұрғындары мен қонақтарына әншінің рухына құрмет көрсете отырып, терең эмоционалды, лирикаға толы музыкалық кеш сыйлайды.Ұлттық ұланның Үлгілік-көрсетімді оркестрі — әскери-оркестрлік қызметке өмірін арнаған нағыз хас шеберлерді топтастырған елдің жетекші музыкалық ұжымы болып табылады. Алғашқы жылдардан бастап оркестр Жоғарғы Бас Қолбасшының қатысуымен өтетін мемлекеттік рәсімдерді қоса алғанда, ауқымды іс-шараларға белсенді қатысады.Ұлттық ұланның әскери музыканттары Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстыруда. Олар бірнеше рет "Амур толқындары", "Казань фанфары", "Астана самалы", "Бейбітшілік трубасы", "Виват, Санкт-Петербург!” және басқа да халықаралық үрмелі оркестрлер фестивальдерінде өнер көрсетті.Ұжымның репертуары саптық шерулерден бастап классика мен эстрада шығармаларына дейін кең ауқымды қамтиды. Плац-концерттер мен дефиле сияқты қойылымдардың жарқын үлгісі — оркестрдің концерттерін ерекше шоуға айналдырады.Ұжым тарихындағы айрықша оқиға реиінде— Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруді айтуға болады. Үлгілік-көрсетімді оркестр парадта алғаш рет Ұлттық ұлан композиторларының "Шаттық", "Генерал Шәкір Жексенбаев", "Елдің қорғаны" және "Батыр" авторлық шығармаларын жоғары деңгейде орындап шықты.Бүгінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарында 420-дан астам шығармашылық маман қызмет етеді. Олар тек әскери әртістер ғана емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікті, талант пен Отанға деген адалдықты қамтыған мәдени майданның батыл қорғаушылары. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1000387?lang=kk
MBRSG атқарушы директоры Али бин Себаа әл-Марримен кездесу 28.05.2025
Мохаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің (Дубай қ.) атқарушы директоры доктор Али бин Себаа әл-Марримен кездесу өтті.Кездесу барысында білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1000391?lang=kk
Қазақстандықтар телефондарының IMEI арқылы верификация статусын тексере алады 28.05.2025
Қазақстандықтар енді өздерінің мобильді құрылғыларының верификация статусын eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы тексере алады. Жаңа сервис Идентификациялық кодтар дерекқоры арқылы (ИКД) IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін анықтауға, сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік береді.IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл әрбір ұялы байланыс құрылғысына берілетін бірегей 15 таңбалы нөмір. Ол құрылғының өндірушісі, моделі және жасалған елі туралы ақпаратты қамтиды.Сервистің көмегімен пайдаланушылар өз құрылғыларының IMEI статусын тексере алады. Егер IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды. Егер код базада табылмаса, жүйе тексеріс жүргізіп, келесі ақпаратты көрсетеді: IMEI сәтті верификацияланған және Қазақстан Республикасында қолдануға болады немесе IMEI верификацияланбаған.eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану үшін пайдаланушы:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту керек;басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисін таңдау қажет;жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру керек;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу қажет.www.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтына өту;«Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисіне сілтеме немесе баннер арқылы кіру;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:imei.rfs.gov.kz сайтына өту;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.Бұдан бөлек, пайдаланушыларға ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Ол арқылы өз ЖСН-ына қанша мобильді нөмір тіркелгенін білуге болады. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1000848?lang=kk
Дубай қ. іскер әйелдер кеңесінің өкілімен Надин Халабимен кездесу 28.05.2025
Дубай іскер әйелдер кеңесінің бизнес пен операцияларды дамыту жетекшісі Надин Халабиге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан 2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматыда өтетін "BeWOMAN ASIA" Орталық Азия Форумына шақыру хаты табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1000397?lang=kk
Аз қамтылған отбасыларды қолдау және әлеуметтік тұрақтылықты арттыру құралы ретінде атаулы әлеуметтік көмек 28.05.2025
Қостанай облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау жұмыстары жалғасуда. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – кедейлік шегінен төмен тұратын адамдарға тағайындалады.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста 1 440 отбасы немесе 6 365 адам АӘК алуда, олардың ішінде 4 140-ы — 18 жасқа дейінгі балалар. Жалпы төлем сомасы 282,5 млн теңгені құрады.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 26,5%-ға азайған. Бұл көптеген отбасылардың табысын арттырып, жұмысқа орналасуы нәтижесінде қаржылық жағдайларын жақсартуына байланысты.Еңбекке жарамды АӘК алушылардың ішінен 253 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды – бұл жұмысқа мұқтаждардың 100%-ын құрайды.АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша ай сайынғы төлем тағайындалған. 2025 жылы мұндай төлем 1 837 балаға төленіп, жалпы сомасы 34,5 млн теңгені құрады.Жыл басынан бері Қазақстанда FSM Social атты мобильді қосымша енгізілді. Ол учаскелік комиссияларға отбасылардың өмір сүру жағдайын объективті бағалауға көмектеседі. Қосымша тұрмыстық жағдайларды фотоға түсіріп, геолокацияны тіркеп, формалды тәсілді болдырмайды.Мамандар FSM Social-дың басты артықшылықтары ретінде нақты геолокациямен тексеру, шешім қабылдау процесінің жеңілдеуі, көмектің айқындылығы мен атаулы болуын атап өтеді.Жаңашылдықтың арқасында деректер жинаудың дәлдігі арттырылып, әлеуметтік көмекті әділ тағайындау күшейтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1000434?lang=kk
Исламабад адвокаттар қауымдастығы мен Астана адвокаттар алқасы арасындағы ынтымақтастық 28.05.2025
Исламабад, 2025 ж. 20 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Исламабад қаласының Жоғарғы Сотының адвокаттар қауымдастығымен кездесті.Кездесу барысында қауымдастық басшылығы ұйым қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, Қазақстан астанасынан ұқсас ұйымдармен ынтымақтастық орнату бойынша ұсыныстарымен бөлісті.Өз тарапынан Елші осы жылы өткен іс-шаралар туралы, атап айтқанда Құрлық әскерлері штабының басшысы, генерал Асим Мунирдің Астанаға сапары, Исламабадтағы Үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысының және Карачидегі бизнес-форумның негізгі қорытындылары туралы айтып, екі жақтың да көпжоспарлы ынтымақтастықты арттыруға деген қызығушылығының өсіп келе жатқанын атап өтті.Бұл тұрғыда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру үшін құқықтық негіздерді дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның қолданыстағы құқықтық жүйелерін зерттеу және тәжірибе алмасу қажеттілігі ерекше атап өтілді.Өз тарапынан қауымдастық басшылығы мен мүшелері айтылған ұсыныстарды қолдап, тәжірибе алмасу және Қазақстанның заңнамалық базасын зерделеу, ҚР заң ұйымдарымен және университеттерімен ынтымақтастықты жолға қою үшін Астанаға келуге ниет білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша жақын арада Исламабад қаласы Жоғарғы Сотының адвокаттар қауымдастығы мен Астана адвокаттар алқасы арасында онлайн-форматта келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1000436?lang=kk
Жұмыс кеңесі 28.05.2025
2025 жылдың 20 мамырында әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында 2025 жылдың 1 маусымында басталатын Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеудің басталуы туралы ақпарат жеткізілді. Президенттік жастар кадрлық резерві білікті, бастамашыл және перспективалы жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған мемлекеттік жоба болып табылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1000046?lang=kk
Қазақстандықтар телефондарының верификация статусын IMEI арқылы тексере алады 28.05.2025
Қазақстандықтар енді өздерінің мобильді құрылғыларының верификация статусын eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы тексере алады. Жаңа сервис Идентификациялық кодтар дерекқоры арқылы (ИКД) IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін анықтауға, сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік береді.IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл әрбір ұялы байланыс құрылғысына берілетін бірегей 15 таңбалы нөмір. Ол құрылғының өндірушісі, моделі және жасалған елі туралы ақпаратты қамтиды.Сервистің көмегімен пайдаланушылар өз құрылғыларының IMEI статусын тексере алады. Егер IMEI-код тіркелген құрылғылар базасында бар болса, жүйе оның желіде тіркелгені туралы хабарлайды. Егер код базада табылмаса, жүйе тексеріс жүргізіп, келесі ақпаратты көрсетеді: IMEI сәтті верификацияланған және Қазақстан Республикасында қолдануға болады немесе IMEI верификацияланбаған.eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану үшін пайдаланушы:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту керек;басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисін таңдау қажет;жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру керек;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу қажет.www.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайтына өту;«Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисіне сілтеме немесе баннер арқылы кіру;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:rfs.gov.kz сайтына өту;тексерудің қолжетімді әдістерінің бірін таңдап, нәтижемен танысу.Бұдан бөлек, пайдаланушыларға ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Ол арқылы өз ЖСН-ына қанша мобильді нөмір тіркелгенін білуге болады. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1000060?lang=kk
🔸Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтты. 28.05.2025
🔹Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6️⃣ негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.🔸Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5️⃣ жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.🔹Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6️⃣ кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.🔸Құжаттарды қабылдау 2️⃣0️⃣2️⃣5️⃣ жылдың 1️⃣➖3️⃣0️⃣ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.🔹Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 5️⃣0️⃣ кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1000075?lang=kk
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы 28.05.2025
Оқушылардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Zoom платформасы арқылы кең көлемді онлайн жиналыс өткізілді. Жиналысқа Осакаров ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Асташова С.Ф., аудандағы 31 мектеп директоры, сондай-ақ мектеп асханаларының жалға алушылары қатысты.Кездесу барысында жазғы кезеңде мектептер мен асханаларда санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, тазалық пен қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану, балалардың денсаулығына зиян келтіретін жағдайларға жол бермеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, тамақтану сапасын арттыру, тағам өнімдерін сақтау шарттары, асхана қызметкерлерінің медициналық тексерістен өту тәртібі сынды маңызды жайттарға ерекше көңіл бөлінді.Жиын қорытындысы бойынша барлық білім беру ұйымдарына жазғы демалыс барысында балалардың денсаулығын қорғау бағытында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1000076?lang=kk
Аудан әкімі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жұмысымен танысты 28.05.2025
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барып, оның қазіргі жұмыс барысымен танысты.Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Тереңөзек кенті аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынғанын атап, мұның қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды тиімді басқаруға мүмкіндік беріп жатқанына тоқталды. Бұл нысанның экологиялық ахуалды жақсартуға септігі мол екенін атап көрсетті.Бүгінде полигон толықтай техникалық құрылғылармен жабдықталып, мұнда қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жарату процесі іске асырылуда. Аудан орталығында күнделікті жинақталған қалдықтар сұрыпталып, оларды қайта өңдеуге мүмкіндіктер жасалуда. Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында 7 адам жұмыспен қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1000116?lang=kk
«PepsiCo» Қазақстандағы зауытқа инвестиция көлемін арттырады: кәсіпорын қуаттылығы үш есеге ұлғаяды 28.05.2025
Астана, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «PepsiCo» компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Тараптар компанияның Қазақстандағы ағымдағы жобаларының іске асырылу барысын және болашақ инвестициялық жоспарларды талқылады.Кездесу барысында Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін зауыттың құрылыс барысына ерекше назар аударылды. Жобаның бірінші кезеңі аясында 160 млн АҚШ долларына инвестиция қарастырылған. Компания жобаның екінші кезеңін іске қосу арқылы инвестиция көлемін екі есеге арттыру жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Жоба толық іске қосылғанда кәсіпорында 900-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылып, қуаттылығы үш есеге артады. Кәсіпорын жылына 210 000 тоннаға дейін картоп өңдеп, шамамен 70 000 тонна дайын өнім шығаратын болады. Бұл өндірістік алаң «PepsiCo»-ның аймақтағы жабдықтау тізбегінің негізгі бөлігіне айналып, ішкі және Орталық Азия елдеріндегі өсіп жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зауыттың бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде.Д. Манзини бұл жоба «PepsiCo» компаниясының Орталық Азиядағы ең ауқымды жобасы екенін және өңірде алғаш рет осындай ірі инвестициялық бастама қолға алынып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде 15 қазақстандық фермермен картоп жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған, бұл компанияның шикізат базасын жергілікті деңгейде дамытуға бағытталған стратегиясын көрсетеді. Өндірісті іске қосу 2026 жылдың көктеміне жоспарланған.Компания жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру ниетін растады. Бұл кезеңде кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы үш есеге дейін артады. «PepsiCo» стратегиясының маңызды бөлігі – шикізатты толықтай жергілікті фермерлерден алу. Осы мақсатта 2035 жылға дейін чипстік картоптың барлық көлемін Қазақстанда өсіру жоспарланып отыр.Ә. Қуантыров Қазақстан үкіметі трансұлттық компаниялардың агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті: «PepsiCo жобаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін арттыру, келісімшарттық фермерлікті дамыту, жоғары қосылған құны бар экспорттық өнім өндіру – мұның бәрі Қазақстанныңаларын біз еліміздегі өңдеу саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Өңдеу үлесін арттӨз кезегінде Д. Манзини Қазақстан билігінің шетелдік инвесторларға көрсетіп отырған қолдауына тоқталды: «Мұндай ауқымды жобаны қысқа мерзімде нөлден бастап жүзеге асыру тек орталық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр, бұл бізге инвестицияны айтарлықтай арттырып, жобаны кеңейту туралы шешім қабылдауға негіз болды. Жобаны үйлестіру мен туындаған мәселелерді шешуде Kazakh Invest тарапынан көрсетіліп отырған кәсіби қолдауды ерекше атап өткім келеді – бұл қолдау жобаның табысты жүзеге асырылуында шешуші рөл атқарады».Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны тиімді іске асыру және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1000151?lang=kk
СЖТІТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 28.05.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, 2025 жылғы 26 мамырда Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.Ашық талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8 (727) 270-07-34 телефоны арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1000219?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті: күн тәртібінде — өңірлердің есептері, заң талаптары және өңірлік рәміздер мәселесі. 28.05.2025
2025 жылғы 20 мамырда облыс әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлының төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті.Жиын барысында Амангелді, Қарасу аудандары мен Рудный қаласы әкімдерінің есептері тыңдалды. Олар Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау бойынша өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Сонымен қатар, Қостанай облысының полиция департаментінің өкілі «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қолдану тәжірибесіне тоқталып өтті.Отырыс соңында қоғамдық даму және білім басқармаларының басшылары ағымдағы жылы Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған жоспарлы іс-шаралар туралы ақпарат берді.Сонымен қатар, өңірлік нышанды өзгерту мәселесі де талқыланды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңның 27-бабына сәйкес 2024 жылғы 30 қазанда мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Өңірлік рәміздер жобасын әзірлеу қағидалары» бекітілген болатын. Бұл ережелер аймақтық рәміздерді бекіту процедурасын реттейді. Аталған өзгерістерге сәйкес, қазіргі таңда Қостанай облысының өңірлік нышанын қайта қарау мәселесі туындады. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілдАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/1000223?lang=kk