Жаңалықтар
Сербияда Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері талқыланды 28.05.2025
Белград, 2025 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстан делегациясы мен SCAT әуе компаниясының басшылығы Белградқа келіп, Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді.Сербияның Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевичпен кездесу барысында қазақстандық әуе компаниясының рейстері жүзеге асырылатын мемлекетаралық нормативтік құқықтық актілер талқыланды. Бұл ретте азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Екі ел арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы барлық саладағы қарым-қатынастардың дамуына тың серпін беретіні баса айтылды.Сербияның Air Serbia ұлттық әуе компаниясының басшылығымен кездесу барысында қазақстандық SCAT Airlines әуе тасымалдаушысының өкілдері екі астана арасындағы тікелей рейсті пайдаланудың техникалық жай-күйін және оның келешегін талқылады.Жобаның коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен Сербияның туризм департаменттері мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлінді. Сербия Республикасының Туризм және жастар вице-министрлері В.Ракичпен және А.Вукичевичпен, сондай-ақ, Сербияның Ұлттық туристік агенттіктер қауымдастығының басшылығымен кездесулер Орталық Азия мен Батыс Балқан арасындағы «әуе көпірін» құруға жоғары әлеует пен қызығушылықты растады. Бұл өз кезегінде туризм, бизнес және мәдени саладағы қарым-қатынастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/999216?lang=kk
Алтай ауданының мәслихатының депутаттары тыл ардагерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! 28.05.2025
Тылдағы сіздердің ерлік еңбектеріңіз — Отанға деген шексіз махаббаттың, табандылық пен қайсарлықтың символы. Соғыс жылдарының ауыр күндерінде сіздер күндіз-түні тынбай еңбек етіп, өмір, Жеңіс және болашақ үшін бар күш-жігерлеріңізді сарп еттіңіздер. Елдің Жеңіске жетуіне дәл сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз себеп болды.Сіздер — болашақ ұрпаққа үлгі болар нағыз батырларсыздар. Халқымыздың ұлы тарихына қосқан зор үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, жақындарыңыздың қамқорлығы мен жылулығын, бейбіт аспан мен ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздердің ерліктеріңіз мәңгі ел есінде сақталады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/998774?lang=kk
Спортшылар құрмет төрінде 28.05.2025
Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Сыдықов ауыр атлетикадан Перу мемлекетінің Лима қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Ерасыл Сәулебековті қабылдап, жеңісімен құттықтады.«Биыл аудан спортшылары үшін жемісті де жеңісті жыл болып тұр десек қателеспейміз. Себебі еліміздің көк байрағын желбіретіп шаршы алаңға шыққан спортшыларымыз намысты қолдан бермей, жеңіске жетуде.- Тау көтерген толағай Ерасыл өзінің жастығына қарамай көптеген белестерді бағындырып келеді. Атап айтар болсақ, ол жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы,20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері,Қазақстан Республикасының 9 мәрте рекордшысы.Бұл әрине бір күнде қол жеткізетін жетістік емес. Ерасыл әлемдік додада топ жару үшін жаттығуларда тынбай еңбек етіп, бапкердің айтқан ақыл-кеңестерін екі етпей орындады деп ойлаймын. Спорт бәсекелерінде жеңіске жеткен Ерасыл мен тілеулес ата-анасын аудан халқы атынан құттықтаймын, – деді Шыңғыс Әбділәмитұлы.Қабылдауға Ерасылдың бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айдар Ералиев қатысты.Құрлықтың бәсекеде жеңіске жеткен спортшыны Қазақстан Республикасының "Құрметті спорт қайраткері" Еркін Атабаев та құттықтап, ізгі лебізін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/998790?lang=kk
Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды 28.05.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісінің иегері» Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, Қуаныш Қаражановтың спорт саласының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында салынған спорт кешендерінің пайдалануға берілгендігін айтып, турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.Шарада Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» Еркін Оразбекұлы ізгі тілектерін білдіріп, білікті жаттықтырушы Қуаныш Қаражанұлының өнегелі өміріндегі үлгі болар жетістіктеріне тоқталды.Айта кетейік, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған бұл жарысқа арнайы Қырғызстан мен Өзбекстан Республикаларынан және еліміздің Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан жалпы саны 180-ге жуық жас спортшылар қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/998792?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті 28.05.2025
🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік өтті🌿Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумағын тазарту және көгалдандыру арқылы экологиялық мәдениетті арттыру.Сенбілік барысында орталық саябақ аумағы тазаланып, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.Жалпы саны 400 түп ағаш егілді.Аталған игі іске демеушілік көрсеткен және белсене қатысқан «КМГ Инжиниринг» ЖШС ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз!Сіздердің қолдауларыңыз – туған жер табиғатын қорғауға және жасыл болашақ қалыптастыруға қосылған зор үлес! 💚 #Тазақазақстан @kmg_engineeringТабиғатты аялау мен туған жерге жанашырлық танытқан азаматтардың еңбегі – болашақ ұрпаққа таза және жасыл Қазақстан қалдырудың жарқын үлгісі.📍Батыр ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1111249?lang=kk
14 мамыр күні Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің және Алтай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды: 28.05.2025
«Алтай ауданында туризмді дамыту туралы»;«Алтай қаласында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысы туралы»;«2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқаруға және ортақ мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы».Отырыста «Туризмді дамыту туралы» мәселені даму жоспарын ұсыну арқылы қайта қарау туралы шешім қабылданды. Қалған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/998819?lang=kk
Мәслихат депутаттары Жангурчинов Р.С. және Рубцов С.Н. «Поперечка» шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. 28.05.2025
Тұрғындар үшін негізгі мәселелер – су құбыры желілерін қайта жаңғырту және ұялы байланыс қызметіндегі үзілістер болды.Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан орынға барып, жұмыс барысын тексеріп, Алтай ауданының ТКШ бөлімі басшысы Жуаңғанов К.А. атына депутаттық сауал жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/998826?lang=kk
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа жұмыс кестесі 28.05.2025
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Еңбек ережесінің қағидаларына» сәйкес бекітілгенҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі No 197 бұйрығымен барлық аумақтықКомитеттің бөлімшелері (кезекші посттарды, кеденпосттар, бақылау-өткізу пункттері және басқа мамандандырылғантәулік бойы немесе ауысымдық жұмысты ұйымдастыру қажет бөлімдержұмыс кестесін қоспағанда), келесі жұмыс режимі белгіленеді:Басталуы: 08:30Соңы: 18:00Түскі үзіліс: 13:00 – 14:30 (90 минут)Жұмыс аптасының ұзақтығы: 5 күн (40 сағат).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/998829?lang=kk
Алматы облысында 2025 жылы 76,7 мыңнан астам ағаш отырғызылды 28.05.2025
2025 жылы Алматы облысында көгалдандыру және экологияны жақсарту мақсатында 76 703 түп ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүргізілді.Ең көп ағаш отырғызылған аймақ – Қонаев қаласы. Мұнда 12 446 түп ағаш отырғызылып, жасыл аймақтардың аумағы едәуір кеңейтілді. Екінші орында — Еңбекшіқазақ ауданы (9 429 түп), ал үздік үштікті Ұйғыр ауданы (6 190 түп) түйіндейді.Сонымен қатар, көктемгі экологиялық акцияларға жалпы білім беретін мектеп оқушылары да белсенді атсалысты. Олар 11 237 түп ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.Ағаш егу жұмыстарының аудан бойынша көрсеткіші төмендегідей:• Жамбыл ауданы – 8 800 түп• Іле ауданы – 5 693 түп• Талғар ауданы – 5 660 түп• Қарасай ауданы – 5 477 түп• Балқаш ауданы – 4 670 түп• Райымбек ауданы – 3 311 түп• Кеген ауданы – 2 920 түп• Алатау қаласы – 870 түпБұл көрсеткіштер – өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл белдеулер қалыптастыруға және ауаның сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Көгалдандыру жұмыстары жалғасады және жыл соңына дейін 41 970 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/998845?lang=kk
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдетеді 28.05.2025
"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы - цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.Мобильді қосымшаның функционалы:- жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;- кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;- қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;- салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуг- жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;- оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);- кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндікбереді. #esalyqbusiness #дгдпообластижетісу #жетісуоблысыбойыншамкд #салық #налогАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/998846?lang=kk
Бесағаш ауылында цифрлық жаңғыру: Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды 28.05.2025
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды. Бұл – базалық станция мен көше шамының қызметін біріктіретін заманауи инженерлік шешім. Болашақта мұндай құрылымдар бейнебақылау жүйесімен де жабдықталуы мүмкін. Жоба Huawei компаниясының бастамасымен, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «КаР-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.Дәстүрлі антенналардан айырмашылығы — көлемді әрі көзге ұрмайтын бұл тірек ықшам әрі функционалды дизайнмен ерекшеленеді. Ол елді мекеннің келбетіне үйлесімді еніп, бірнеше функцияны қатар атқарады: байланыс операторларының жабдықтарын орналастыруға мүмкіндік беріп, көше жарығымен қамтамасыз етеді. Бұл – ауылдық және қалалық инфрақұрылым үшін тиімді шешім.Қос функциялы тіректің басты артықшылықтарының бірі – орнату мерзімінің қысқалығы. Егер стандартты байланыс мұнарасын салу алты айдан астам уақытты алса, бұл құрылым небәрі бір ай ішінде орнатылады. Бұл, әсіресе, мобильді байланысты жақсарту мен бейнебақылау жүйесін енгізу аса қажет өңірлер үшін маңызды.«КаР-Тел» ЖШС-нің техникалық директоры Олег Снимщиковтың айтуынша, бұл жобаның болашағы зор: «Мұндай тіректерді бүкіл Алматы облысына енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде байланыс сапасын арттырып, өңірдің цифрлық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады», — деді ол.Қос функциялы тірек тек байланыс үшін емес, қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыру арқылы түнгі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта мұндай құрылымдарға бейнебақылау камераларын орнату арқылы жергілікті билік көшелердегі жағдайды бақылап, қоғамдық қауіпсіздікті арттыра алады. Осылайша, тірек — ақылды әрі көпфункционалды қоғамдық кеңістіктің бір бөлігіне айналады.Ауылдық жерлерде жеке инфрақұрылым тартуға мүмкіндік бола бермейтін жағдайда мұндай шешімдер аса өзекті. Кешенді тәсіл ресурстарды үнемдеуге және заманауи технологияларды ең қажет жерлерге енгізуге септігін тигізеді.Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы атап өтті: «Біз әрқашан технологияларды адамдарға жақындатуға тырысамыз. Көшені жарықтандырып, байланыс сигналын күшейтетін тірек – бұл футуризм емес, жайлы әрі заманауи өмір сүру салтына жасалған нақты қадам. Ең бастысы – бұл қадам Бесағаш секілді ауылдардан басталуы біз үшін маңызды».Қазіргі таңда осындай тірек Алматы қаласында да орнатылып жатыр — іске қосу мамыр айына жоспарланған. Бұл жоба тек ауылдық емес, мегаполис жағдайында да қолдануға болатынын көрсетеді.Сонымен қатар, бұл пилоттық жоба мемлекет пен бизнес арасындағы жаңа форматтағы серіктестікке жол ашады. Мұндай бастамалар технологиялық дамуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және жергілікті қауымдастықтарды дамытуға ықпал етеді.Бесағаш ауылындағы жоба – заманауи технологиялық шешімдерді жылдам, сапалы және қоршаған ортаның эстетикасын ескере отырып іске асыруға болатындығын дәлелдейтін мемлекеттік және жеке сектордың бірлескен жұмысының жарқын мысалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/998864?lang=kk
Жеңіс күніне өткізілген іс-шаралар 28.05.2025
Ново-Хайрузовка ауылдық округінде Жеңіс күніне орай келесі іс-шаралар өткізілді:Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:Соғыс батырларын еске алуға арналған оқушылар, оқытушылар мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты жиын. Ауылдық округ әкімі Р. К. Нұрмолдин құттықтау сөз сөйледі.Қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою.Соғыс жылдарындағы әндер мен соғыс туралы өлеңдерді қамтитын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы.Округ тұрғындары қатысқан "шам жағу" акциясы."Біз есімізде, біз мақтанамыз"тақырыбындағы суреттер мен плакаттар көрмесі.Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы деректі фильмдерді көру және талқылау.Бұл іс-шаралар патриотизмге, өз елінің тарихын құрметтеуге және халқымыздың ұлы подігін еске алуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/998865?lang=kk
Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу 28.05.2025
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Президенттік жастар кадр резерві – дарынды, бастамашыл, кәсіби білікті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды жоба. Осыған байланысты, ел мүддесіне қызмет етемін деген белсенді жас азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға шақырамыз. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Құжаттарды қабылдау – 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/998906?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КРЕАТИВТІ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ 28.05.2025
Шымкент қаласында креативті индустрияны дамытуға бағытталған маңызды оқиға – «Shymkent Creative HUB» орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов арнайы қатысып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр және оның басты мақсаты – шығармашылықпен айналысатын азаматтар мен кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру. Мұнда талантты жандар өз идеяларын жүзеге асырып, бірегей өнімдер жасап, оларды нарыққа ұсынуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, түрлі бағыттағы жобалар қолға алынып, шеберлік сабақтары мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмақ.Орталық аумағында дизайнерлер, суретшілер, қолөнер шеберлері және отандық «Сақ» киностудиясы жұмыс істейді. Жақын арада жас мамандар мен студенттер үшін арнайы шеберлік сағаттары, шығармашылық кештер мен фестивальдер өткізу жоспарланған.«Shymkent Creative HUB» – бұл жай ғана креативті кеңістік емес, сонымен қатар Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары үшін шабыт пен жаңашылдықтың жаңа мекені болмақ.Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/998914?lang=kk
«Жас сақшы» полиция сыныбы оқушыларының полиция полковнигімен кездесуі. 28.05.2025
Бастаушы ауылдық округі бойынша 2025 жылғы 19 мамырда Шығыс Қазақстан облысы көші-қон полициясы қызметі департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ринат Айдарбекұлы Абай атындағы орта мектептің "Жас гвардия" полиция сыныбының оқушыларымен кездесу өткізді. Мақсаты: демалыс кезінде оқұшылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Ринат Айдарбекұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға кітап сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/998920?lang=kk
2025 жылғы 19 мамырда Белоглинка ауылында аудандық мәслихат депутаты М.Б. Танылов азаматтарды жеке қабылдады. 28.05.2025
2025 жылғы 19 мамырда Белоглинка ауылында аудандық мәслихат депутаты М.Б. Танылов азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғын Абай көшесін жөндеу мәселесіне жүгінді.Жеке қабылдау барысында қажетті түсініктемелер берілді.Азаматтарды қабылдау туралы ауыл тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/998983?lang=kk
Қонаев қаласының Кешенді даму жоспарына қатысты жоспарлы кеңес өтті 28.05.2025
Қонаев қаласында Алматы облысы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы жетекшілік еткен жоспарлы жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында қаланың Кешенді даму жоспарын (КДЖ) іске асыру мәселелері, соның ішінде жылу, су және энергиямен қамту салаларындағы жобалардың орындалу барысы талқыланды.Кеңес барысында инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын және жаңғыртылуын мерзімінде аяқтау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ведомствоаралық үйлесімділіктің маңыздылығы мен туындаған мәселелерді дер кезінде шешу қажеттілігі атап өтілді.Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандар мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. КДЖ-ны жүзеге асыру Қонаев қаласының тұрғындары үшін өмір сүру сапасын арттырып, өңірдің әкімшілік орталығы ретінде тұрақты дамуына мүмкіндік беретіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/998988?lang=kk
Архангельское селосындағы жеке қабылдау 28.05.2025
№ 8 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаты Владимир Бубенко Қызылжар ауданының Архангельское селосында кезекті жеке қабылдау өткізді. Бұл іс-шара ауыл тұрғындары үшін оларды толғандыратын мәселелерді тікелей талқылауға және өзекті сұрақтарға жауап алуға маңызды мүмкіндік болды.Депутаттың қабылдауына тұрғындар түрлі сауалдармен келді. Ең өзекті мәселелердің бірі жайылымдық жерлерді кеңейту болды, бұл жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды. Ауыл тұрғындары жайылымдардың жеткіліксіз болуына алаңдаушылық білдірді, бұл олардың экономикалық әл-ауқатына тікелей әсер етеді.Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар жаңа ауылдық клуб салу мәселесін көтерді. Бос уақыт пен қарым-қатынастың заманауи орталығына деген қажеттілік барған сайын өзекті бола түсуде. Бұл сондай-ақ халық арасындағы әлеуметтік белсенділік пен ұйымшылдық деңгейін арттыру қажеттілігімен байланысты.Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы пошта қызметін ұйымдастыру болды. Ауыл тұрғындары қазіргі әлем жағдайында сапалы пошта байланысына қол жеткізу сыртқы әлеммен байланысты сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті, бұл әсіресе ауылдық елді мекендерде тұратын аға буын адамдар үшін өзекті.Сонымен қатар, жергілікті мектепті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Кейбір бейіндік пәндер мамандарының жетіспеушілігіне байланысты мектеп басқа мектептердің мамандарын шақырады. Ауыл тұрғындары мұғалімдердің ауылда тұру қажеттілігіне назар аударды, бұл оқыту сапасын арттырып қана қоймай, жалпы қоғамдастықтың дамуына ықпал етуі мүмкін.Қабылдау барысында депутат пен ауыл тұрғындары арасында сындарлы диалог өтті, оған ауылдық округ әкімі де қатысты. Бұл өзекті мәселелерді талқылауға және оларды шешудің нақты қадамдарын жасауға ашық атмосфера құруға мүмкіндік берді. Кездесуде көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынды. Мәселелерді одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік мекемелерге депутаттық сауалдар жіберілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/998995?lang=kk
«Тәжен» өткізу пункті 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін уақытша жабық 28.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен келісім бойынша «Тәжен» өткізу пункті арқылы жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі автокөлік құралдарына қозғалыс уақытша тоқтатылғанын еске салады.Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу пунктінде жүргізіліп жатқан құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарын жеделдету мақсатында қабылданды. Қазіргі уақытта нысанда ауқымды жұмыстар жүргізілуде: металл конструкцияларды орнату, инженерлік желілерді тарту, ғимараттарға күрделі жөндеу жасау.Қосымша ретінде, мамыр мен тамыз айлары аралығында «НК КазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ «Тәжен» (Қазақстан) және «Даут Ата» (Өзбекстан) өткізу пункттері арасындағы бейтарап аймақта автожол құрылысын жүргізетін болады. Ұқсас жұмыстар Өзбекстан тарапынан да жүргізілуі жоспарланып отыр.Құрылыс жұмыстарының жалғасуына байланысты Қазақстан Республикасы Өзбекстан тарапына шекарадан өтуге қойылған шектеуді тағы 4 айға — 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзарту жөнінде ресми түрде ұсыныс білдірді. Өзбекстан бұл бастаманы қолдады.Азаматтардан сапарларын және маршруттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/998724?lang=kk
Шымкентте 80 әскери міндетті Отанға адал болуға ант берді 28.05.2025
«Ақтас» оқу-жаттығу полигонында алғаш рет он күндік әскери жиынға барған және бұрын Отан алдындағы борышын өткермеген әскери міндеттілердің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Ержан Мейірманов, аумақтық қорғаныс бригадасының қолбасшылығы, қалалық әкімдік өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. – Бүгін бәрің үшін маңызды әрі жауапты күн. Әскери міндеттілер жиынында Әскери ант бердіңдер. Бұл жай ғана заңды факт емес, сонымен қатар жоғары азаматтық борышты көрсететін моральдық міндеттеме. Осындай жиын сендердің кәсіби дағдыларыңды жетілдіруге, оған қоса аумақтық қорғаныс негіздерін нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов.Салтанатты рәсім барысында әскери міндеттілер әскери борышын лайықты орындауға, мемлекеттің, халықтың және оның заңды сайланған Президентінің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын қорғауға ант берді.Естеріңізге сала кетсек, әскери міндеттілермен он күндік жиын аясында Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Оның барысында республикалық маңызы бар қаланың әскери және мемлекеттік объектілерін жауынгерлік үйлестіру, күзету мен қорғауды ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/998739?lang=kk