Жаңалықтар
Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпарат 28.05.2025
Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпарат Президенттік Жастар кадрлық резерві – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін әлеуметтік лифт болып табылатын жария бастамаларының бірі. 2025 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін.Іріктеуге: В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген жоғары білімі және жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады: 1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау; 2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; 3) ситуациялық есептерді шешу; 4) құзыреттілікті бағалау; 5) резервке іріктеу жөніндегі сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу; 6) Ұлттық комиссия отырысында сараптама комиссиясы ұсынған кандидаттарды қарау.Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) білім туралы құжаттың көшірмесі; 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 4) мемлекеттік тілден емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/999028?lang=kk
Жаңа жұмыс кестесі 28.05.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініңЖаңа жұмыс кестесі«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Еңбек ережесінің қағидаларына» сәйкес бекітілгенҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі No 197 бұйрығымен барлық аумақтықКомитеттің бөлімшелері (кезекші посттарды, кеденпосттар, бақылау-өткізу пункттері және басқа мамандандырылғантәулік бойы немесе ауысымдық жұмысты ұйымдастыру қажет бөлімдержұмыс кестесін қоспағанда), келесі жұмыс режимі белгіленеді:Басталуы: 08:30Соңы: 18:00Түскі үзіліс: 13:00 – 14:30 (90 минут)Жұмыс аптасының ұзақтығы: 5 күн (40 сағат).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/999498?lang=kk
Бауржан Түленов жаңа мектеппен және білім жүйесінің жай-күйімен танысты 28.05.2025
Бүгін Абай облысы білім басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Бауржан Алтайұлы Түленов Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол аудан орталығында ашылған "Жайлы мектептің" жұмысымен танысып, білім беру мекемелерін аралады.Жаңа мектептің материалдық-техникалық базасына жоғары баға берген басқарма басшысы оның заманауи инфрақұрылымы оқушылардың сапалы білім алуына мол мүмкіндік беретінін атап өтті. – Бұл мектеп – болашаққа салынған инвестиция. Балаларға сапалы орта қалыптастыру – біздің басты міндетіміз, – деді Бауржан Түленов.Сапар барысында басқарма басшысы аудандағы басқа да білім беру мекемелерін аралап, олардың жағдайымен танысты. Ол білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды нығайту және жүйелі жобаларды іске асыру бағытында нақты ұсыныстарын білдірді. Басқарма басшысын аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұңғат Назаров және Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы Кәдірбеков Медет қарсы алып, жаңа жобалардың жүзеге асу барысын таныстырды.Сонымен қатар, ол білім саласындағы проблемалық мәселелер мен оларды шешуге бағытталған алдағы жобалар туралы баяндады. Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/999035?lang=kk
Алматының Алмалы ауданында биыл 56 аула көріктендіріледі 28.05.2025
Алматыда әкімнің тапсырмасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жөнделіп жатырАлаңның үстіндегі үлкен қалқа, үстел теннисі: Алмалы ауданының аулалары қалай өзгерудеАлматының Алмалы ауданында әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл 56 аула көріктендірілді.Қазіргі таңда Панфилов көшесі, 30; Шагабутдинов көшесі, 30; Төле би көшесі, 160; Қабанбай батыр көшесі, 91 және Шәріпов көшесі, 68 мекенжайларындағы бес ауланың жұмысы аяқталды. Мұнда ойын және спорт алаңдары жаңартылып, резеңке жабын төселді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Шәріпов көшесі, 68 мекенжайында тұрғындардың өтініші бойынша спорт алаңына үлкен қалқа орнатылды.«Спорт алаңының көркейтілгеніне қуаныштымын, үлкен қалқа орнатылды, бұл ашық ауада спортпен айналысатындарға ыңғайлы. Күн сәулесі мен жаңбырдан жақсы қорғаныс. Мен үстел теннисін жиі ойнаймын немесе көшедегі жаттығу құрылғыларында жаттығамын. Енді бәрі жақын, жаттығу жасағанда ыңғайлы, жақсы болды. Біздің аулалар белсенді демалыс пен араласуға арналған орынға айналып жатқанына қуаныштымыз», – деді аудан тұрғыны Медет Ахметов.2025 жылы «ХҚБ» бағдарламасы аясында аудан бойынша барлығы 45 жоба жүзеге асырылады. Көркейту жұмыстары биыл сәуір мен қазан айлары аралығында жүргізіледі.Қауіпсіз әрі тиімді тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында 7 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл үйлердің шатыры, қасбеті және инженерлік желілері жаңартылады. Сонымен қатар, 5 көпқабатты үйде жеделсаты жабдықтары ауыстырылады.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 11 көпқабатты тұрғын үйде 18 жеделсаты жабдығы жаңартылып, 7 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Сондай-ақ, 2024 жылы аудан бойынша «ХҚБ» аясында 52 жоба іске асырылып, қосымша 23 аула аумағында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.Жалпы, соңғы үш жылда Алматыда 938 жоба жүзеге асырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/999058?lang=kk
«Педагогикалық еңбек ардагерлерінің өскелең ұрпаққа білім мен құндылықтарды жеткізудегі рөлі» 28.05.2025
КГУ «Қара-Мұрзин негізгі мектебінде» «Педагогикалық еңбек ардагерлерінің өскелең ұрпаққа білім мен құндылықтарды жеткізудегі рөлі» тақырыбында аудандық семинар өтті.Іс-шараға педагогикалық еңбек ардагерлері және аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары қатысты. Семинар барысында педагог-ардагерлердің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, тәжірибе бөлісудегі және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар мұндай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының сапасын арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/999060?lang=kk
Көпбалалы ананы "Алтын алқа" наградасымен марапаттау 28.05.2025
Бақбақты ауылының тұрғыны Шмидт Ирина Леонидовнаға 7 (жеті) бала туған және тәрбиелегені үшін “Алтын алқа” наградасы табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/999067?lang=kk
Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті ріктеу басталады 28.05.2025
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;Экономикалық және қаржылық саясат;Цифрландыру;Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;Сыртқы саясат және инвестициялар.Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек.Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді.Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;Ситуациялық тапсырмаларды шешу;Құзыреттерді бағалау;Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/1000267?lang=kk
Үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді 28.05.2025
Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сегіз сағаттық жұмыс уақытының режимі белгіленген. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті жүргізуге уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері болып табылады. Мониторинг жұмыстары мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу Қағидаларының талабына сәйкес, кіруді басқару және бақылау жүйесінің «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылуы бойынша қашықтықтан және бару арқылы жүзеге асырылады. 2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша аумақтық департаментпен мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның ғимаратының «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру мәселелерін анықтауға қатысты талдау жұмыстары жүргізілді. Аумақтық департаментпен, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің 2025 жылға арналған жоспар бекітілген.Жоспармен қамтылған 34 мемлекеттік органдарға 2025 жылы бару арқылы мониторинг жүргізілетіндігі ескертіліп, хат жолданды. 2025 жылдың алғашқы 3 айының қорытындысы бойынша аталған бағытта аумақтық департаментпен 20 мониторинг жұмыстары жүргізілген. Олардың арасында бару арқылы жүргізілген мониторингпен қамтылған 6 (оның ішінде – 1 бақылау бағытында жүргізілген тексеру кезіндегі мониторинг) мемлекеттік орган болса, қашықтықтан жүргізілген мониторингпен қамтылған мемлекеттік органдардың саны – 14.Ескертпелерге қарамастан, бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде 4 құқықбұзушылық анықталды. Осыған орай, 4 мемлекеттік қызметшіге құқықтарын қалпына келтіру бағытында 8 сағат тынығу сағаттары берілді. Жүргізілген мониторинг нәтижелерінде 45 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді. Құқықтарын қалпына келтіру бағытында 45 мемлекеттік қызметшіге 496 сағат тынығу сағаттары белгіленді.Алдағы уақытта аумақтық департаментпен мониторинг жұмыстары және бару арқылы жүргізілмеген мемлекеттік органдарда қашықтықтан мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/999078?lang=kk
«Қостанай-2» ауданындағы су басу мәселесін шешу: нөсер кәрізі құрылысы жалғасуда 28.05.2025
Қала әкімі «Қостанай-2» ауданында көшпелі кеңес өткізіп, нөсер жауыннан кейін аулаларында жаңбыр суы жиналған тұрғындармен кездесті.Еске сала кетейік, өткен жылы бұл ауданда көше мен тұрғын үйлерді жыл сайын су басу мәселесін шешуге бағытталған ауқымды жоба басталған болатын. Жоба аясында су бұру жүйесі ұйымдастырылып, 12,8 шақырым нөсер кәрізі салынды. Бұл шаралар өз тиімділігін көрсетті: биылғы су тасқыны кезеңінде тұрғындар тарапынан шағым түскен жоқ, ал өткен жылдың ақпан–наурыз айларында 240-тан астам өтініш тіркелген еді.2025 жылы нөсер кәрізінің тағы 5,8 шақырымын салу жоспарланған. Алайда сәуір және мамыр айларындағы ұзаққа созылған жауын-шашын қосымша проблемалық учаскелерді анықтады. Осыған байланысты бұл аумақтарды да ағымдағы жоспарға енгізіп, тағы 5 шақырым кәріз желісін салу туралы шешім қабылданды.«Қостанай Су» коммуналдық кәсіпорнына жұмыстарды жедел бастап, оларды осы жылдың 1 қазанына дейін аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/999080?lang=kk
Дарынды оқушыларды қолдау, сүйемелдеу және олардың қабілетін шыңдаудағы тиімді тәжірибе “бойынша адандық деңгейде өткен” Workshop” * іс- шара өтті. 28.05.2025
2025 жылдың 16 мамыр күні «Борас ота мектеп-бақшасы» КММ базасында білімнің биік шыңдарын бағындырып, түрлі байқауларда жеңіске жетіп жүрген ауданымыздың 5, 6,7-сынып оқушыларына арналған* Дарынды оқушыларды қолдау, сүйемелдеу және олардың қабілетін шыңдаудағы тиімді тәжірибе “бойынша адандық деңгейде өткен” Workshop” * іс- шара өтті.⚡Дарынды оқушылармен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.⚡ Іс-шараға104 оқушы қатысып, барлық оқушылар белсенділік танытты.Workshop спикерлері: математика пәні мұғалімі Нурсолтанова Гульниса Кадырбековна «Семеновка орта мектебі»КММ, Досымханов Максут Медетович «Канонерка орта мектебі»КММ , Сапаров Тимур Ерсаинұлы «Борас отра мектеп-бақшасы» КММ, география пәні мұғалімі Сыздыкова Булдиршин «Беген орта мектебі» КММ, Кутерова Альмира Кабкеновна «Семиярка орта мектебі» КММ, билогия пәні мұғалімі Сыздыков Жанболат Жомартович «Беген орта мектебі» КММ, Даулетбаева Айгерим Жастлековна «Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі»КММ, тарих пәні мұғалімі Безрукова Наталья Ивановна «Борас отра мектеп-бақшасы» КММ, қазақ тілі пәні мұғалімі Агибаева бибижан Рымбековна «Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі»КММ, орыс тілі пәні мұғалімі Сатемирова Алия Бакпеновна «Сосновка орта мектебі» КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі Уалиева Салтанат Арнуровна «Борас отра мектеп-бақшасы» КММ, психолог Кайруллина Ольга Александровна «Борас отра мектеп-бақшасы» КММ.⚡Болашақта ауданымыздың дарынды оқушылары өз жетістіктерімен қуанта берсінАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/999102?lang=kk
Тәжірибені тарату 28.05.2025
2024 жылдың желтоқсан айының соңында«№ 9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстықорталық)» КММ химия және биология пәнінің мұғалімі Кондратова Тамара Сергеевна «Химия. Врата учености» (7 сынып, 34 сағат) факультативтік курсының авторлық бағдарламасын Қарағанды облысының оқу-әдістемелік білім беру орталығында қорғады.Мұғалімнің авторлық бағдарламасының авторлық ниеті ең алдымен мұғалімнің білім алушылардың өмірлік мәселелерді шешу үшін нақты дағдылары мен әмбебап оқу әрекеттерін дамыту қажеттілігі мен білім алушылардың жаңа және белгісізге назар аудару арқылы өмір бойы оқуға дайын болу үшін зерттелетін пән шеңберінде оқу әрекеттерін ынталандырудың болмауы арасындағы қайшылықты шешуден тұрады.Бағдарламаның жаңалығы әлемдік ғылымды дамыту контекстіндегі тарихи фактілерге және өз зерттеулерін іске асыру модуліне сүйенетін тақырыптарды мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес пән бойынша тереңдетіп оқыту модульдерін біріктіру және оларды өз зерттеу жобасына іске асыру болып табылады.Педагог тәжірибесінің көрсетілімі Қарағанды облысының үш ауданында 2025 жылғы 26 наурыздағы кестеге сәйкес Саран қаласында өтті, алаңды № 13 жалпы орта білім беретін мектеп ұсынды; 2025 жылғы 28 наурызда Бұқар Жырау ауданында жалпы білім беретін мектеп базасында. С. Мұқанова және 2025 жылғы 1 сәуірде Нұра ауданында жалпы білім беретін мектеп базасында. А. БөкейханаПедагогтар оқытудың инновациялық әдістері саласында жаңа білім мен дағдыларға ие болды, бұл олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді; білім беру сапасын жақсартуға мүдделі мамандар қауымдастығын құруға ықпал ететін тәжірибе және әдістемелік әдістермен алмасу мүмкіндігіне ие болды.Мастер-класстар сериясының нәтижесінде қатысушылар авторлық бағдарламаны жазу ең алдымен жаңа білім беру кеңістігін құрудың қажетті құрамдас бөлігі, оқу орнының жақын болашағы болжанатын, стратегиялық қадамдар анықталатын, даму сызықтары пайда болатын шарт деген қорытындыға келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999120?lang=kk
Осакаров ауданының орта мектептері арасында I Жазғы спартакиада өткізу туралы 28.05.2025
2025 жылғы 17 мамырда Осакаровка кентінде Осакаров ауданының білім бөлімімен бірлесіп Осакаров ауданының орта мектептері арасында "Біз есірткіге қарсымыз"ұранымен I - ші жазғы Спартакиада өттіСпартакиадаға Осакаровка кенті, Молодежный кенті, Құндызды, Маржанкөл ауылы, Есіл ауылы, Пионерское, батпақ, Сарыөзек, Тельман ауылдары қатысты.Спартакиада 7-8 сыныптар арасында Тоғызқұмалақ, Асық ату, Бес асық, шахмат, дойбы, Волейбол (ұлдар мен қыздар арасында), Баскетбол (ұлдар мен қыздар арасында), жеңіл атлетика (ұлдар мен қыздар арасында), шағын футбол, үстел теннисі, қазақ күресі, Еркін күрес, Бокс.Спартакиада "Біз есірткіге қарсымыз" ұранымен өтті, оқушылар көптен бері өз таңдауын жасады, олар есірткіге қарсы!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999134?lang=kk
"Болашаққа жолдама" форумы 28.05.2025
24 апреля 2025 года Учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области подведены итоги областного этапа форума «Болашаққа жолдама»Форум проведен с целью демонстрации передового опыта педагогов и повышения эффективности профориентационной работы в школах. В форуме приняли участие учащиеся, педагоги организаций образования Осакаровского района.По итогам областного этапа конкурсов определены победители :Конкурс «Лучший профориентатор»3-е место: Муханбетжанова Кулшат Рыспековна КГУ «Опорная школа (рц) №12 »Конкурс «Лучший бизнес стартап проект учащихся»1 место: Ручкина Ульяна ученица КГУ «Общеобразовательная школа№13», руководитель Прокопьева Наталия СергеевнаТворческий конкурс «ACTIVCREATIVE» в области креативных индустрий «Креативное мышление»Номинация «Комиксы»2 место: Жантупова Меруерт Оразгалымовна КГУ «Общеобразовательная школа №11»,3 место: Ульрих Людмила Сергеевна, Дутбаева Жанар Кулмухамбетовна КГУ «Опорная школа им Ә Бөкейхана (рц)»Номинация «Цифровые образовательные и развивающие платформы»3 место: Аксенова Олга Сергеевна КГУ «Общеобразовательная школа №13» Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999159?lang=kk
УСҚ иелері мен Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. қатысуымен дөңгелек үстел өтті 28.05.2025
2025 жылғы 16 мамырда Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц-залында УСҚ (уақытша сақтау қоймалары) иелері мен Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – УАҚ қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды, атап айтқанда:- Тауарларды сақтау бойынша сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету;- УСҚ иелері тарапынан кеден заңнамасының сақталуы, оның ішінде заңсыз тауар айналымының алдын алу және сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;- Департамент басшысынын орынбасары мен УАҚ иелері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, соның ішінде цифрландыру, бақылау процестерін автоматтандыру және әкімшілік кедергілерді азайту ұсыныстары. Кездесу барысында қатысушылар практикалық мәселелерді талқылап, түйткілді жайттарды атап өтіп, оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді. Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. барлық логистикалық тізбек қатысушыларының ашық және адал жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ведомствоның адал кәсіпкерлермен ашық диалог орнатуға және қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/999162?lang=kk
"Қанған-туған жер" облыстық байқауы 28.05.2025
16 мая 2025 года в городе Караганде в КГУ «Общеобразовательная школа имени Григория Потанина» с целью выявления одаренных учащихся, развития научно-исследовательской, краеведческой,этнографической деятельности школьников, формирования патриотизма, чувства гордости за культурное наследие и традиции казахского народа проведен областной этап историко-краеведческого конкурса «Қанатын жайған-туған жер»В номинации «Макет города,поселение и архитектурное сооружение созданное в разные исторические периоды» учащиеся 7 класса КГУ «Опорная школа (рц) № 12» Дмитриева Виктория и Попандопуло Семела заняли 3 место,руководитель учитель истории Естифеева Елена Викторовна.Поздравляем победителей!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999166?lang=kk
"Kazakhmys Coal" ЖШС жастар бөліміне экскурсия 28.05.2025
«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қолдауымен жұмысшы мамандықтары жылын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында,кәсіптік бағдар беру мақсатында Молодежный кентінің жоғары сынып оқушалары 2025 жылдың 14 мамырында «Kazakhmys Coal» ЖШС-ның «Молодежный» разрезіне экскурсия ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/999184?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД жұмысының жаңа режимі 28.05.2025
Құрметті салық төлеушілер! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылғы 20 мамырдан бастап жаңа жұмыс режимі туралы хабарлайды.ҚР ҚМ 2025 жылғы 25 сәуірдегі №197 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес Комитеттің барлық аумақтық бөлімшелері (кезекші бекеттерді, кеден бекеттерін, бақылау өткізу пункттерін және тәулік бойы не ауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастыру талап етілетін өзге де мамандандырылған бөлімшелерді қоспағанда) үшін мынадай жұмыс режимі белгіленеді: - жұмыстың басталуы: 8 сағат 30 минутта; - жұмыстың аяқталуы: сағат 18.00-де; - түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30 минутқа дейін. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/999196?lang=kk
Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль жеңіп алды 28.05.2025
Екатеринбург қаласында өткен «Весна Победы» атты Бүкілресейлік конкур жарыстары өз мәресіне жетті. «Арғымақ» ат спортық-сауықтыру кешенінің шабандоздары Астананың намысын абыроймен қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.Қатысушылар 70-тен 130 см-ге дейінгі биіктіктегі кедергілерді, соның ішінде классикалық маршруттар мен кедергіден секіру кезеңдерін сәтті еңсерді.Спортшылар жоғары дайындық деңгейін танытып, қызу бәсекеде барлығы 23 жүлде жеңіп алды: 12 алтын, 7 күміс, 4 қола.Хасенов Азамат «Мунфери» тұлпарымен 1 орын -2 медаль2 орын -1 медаль«Асуан» 1 орын-1 медаль,2 орын-2 медаль«Изи» 1орын – 1 медаль2 орын-1 медальСулейменқұлов Жалғасбек «Лебедь» тұлпарымен 1 орын- 3 медаль«Форвард» 2 орын -2 медаль3 орын-1 медальМанар Әлішер «Артист» тұлпарымен1 орын – 4 медаль,2 орын-1 медальБайгужина Сафина «Сармат» тұлпарымен 1 орын -1 медаль,3 орын-2 медальХасенова Анель «Русская звезда» тұлпарымен 3 орын-1 медаль.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/999205?lang=kk
ШҚО прокурорлары ҚАЖ мекемелерінде өндірісті дамытуға кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде 28.05.2025
2024 жылдың маусым айында Бас прокуратураның бастамасымен заңнамалық актілерге толықтырулар енгізілді. Өзгертулерге сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды еңбекке тартатын кәсіпкерлер «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін алып, гранттар, субсидиялар, салықтық жеңілдіктер және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады. Жаңашылдықтар облыс прокуратурасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлерге жан-жақты түсіндірілді. Кейін прокурорлардың қолдауымен «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін иеленген кәсіпкердің бірі 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Аталған қаражатты ол мектепке дейінгі ұйымдарға арналған сотталғандардың қолымен дайындалатын балаларды дамытушы ойыншықтарын жасау өндірісін дамытуға бағыттады. ШҚО прокуратурасы ҚАЖ мекемелеріне бизнес-субъектілерді тарту жұмыстарын жалғастыруда және қадағалау органы құқықтық мәселелер бойынша қолдау көрсетуге ашық екенін хабарлайды.#АдалАзамат#Әділдік Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/999209?lang=kk
Хорватия мүфтиі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына қатысады 28.05.2025
Загреб, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватиядағы Ислам қоғамдастығының Рухани басқармасының басшысы, Мүфти Азиз Хасановичпен кездесті.Кездесу барысында Елші А.Хасановичке Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне қатысуға ресми шақыруды табыстап, конфессияаралық диалогты нығайтуға, діни төзімділік пен әртүрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған қазақстандық бастамаларды тұрақты түрде қолдап келе жатқан Хорватия Ислам қоғамдастығына алғыс білдірді.Өз кезегінде, Мүфти Хасанович Қазақстан басшылығының рухани және діни құндылықтарды дамытуға бағытталған ұстанымдарын қолдайтынын білдіріп, 2023–2033 жылдарға арналған Съезді дамыту тұжырымдамасының өзектілігі мен дер кезінде қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол толеранттылыққа, бейбітшілік пен көпконфессиялы қоғамдағы барлық азаматтардың құқықтарын құрметтеуге негізделген Қазақстанның зайырлы дәстүрлері елдің баға жетпес байлығы болып табылатынын ерекше атап өтті.А.Хасанович Хорватия Ислам қоғамдастығы делегациясының Съезд жұмысына қатысатынын растап, бұл халықаралық алаңның әртүрлі діндер мен мәдениеттер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/999212?lang=kk