Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі кездесті 01.07.2026
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесу өткізді.Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктестері қатарына кіреді. Қазақстан мен Сауд Арабиясы көшбасшыларының өзара қолдауы нәтижесінде сенімді әрі достық қарым-қатынастар орнағаны атап өтілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17%-ға артып, $11,7 млн-ды  құрады. Биылғы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,9 есеге өсіп, $6,1 млн-нан асты. Кейінгі 20 жылда Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстан Республикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $115,3 млн-ды құрады. Биылғы ақпан айында қол қойылған Қазақстан – Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесін құру туралы келісім және инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келісім жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.Тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне, сондай-ақ аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына назар аударылды. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Кездесуге қатысушылар тау-кен металлургия және аса маңызды минералдар саласында екіжақты өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1238321?lang=ru
«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы 01.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын.Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды.Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1238315?lang=ru
Қазақстан Еуропа Кеңесінің № 108 конвенциясы комитетінде бақылаушы мәртебесін алды 01.07.2026
Қазақстан Республикасына Жеке деректерді автоматтандырылған өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы Еуропа Кеңесінің № 108 конвенциясы комитеті жанындағы бақылаушы мәртебесі ресми түрде берілді. Бұл шешім Комитеттің Страсбургте өткен 50-ші жалпы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Іс-шараға ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев қатысты. Бұл алаң цифрландыру жағдайында жеке деректерді қорғау және құпиялылықты қамтамасыз ету тәсілдерін қалыптастыратын негізгі халықаралық институт болып табылатынын атап өткен жөн.«Бақылаушы мәртебесін алу - Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл бізге халықаралық серіктестермен тәжірибе алмасуға және озық әлемдік тәжірибелер негізінде жеке деректерді қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Досжан Мұсалиев.Сессия аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің вице-министрі №108 конвенция комитетінің төрағасы Беатрис де Анкоренамен және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесулер өткізді. Тараптар деректерді қорғау және цифрлық даму саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Бұл орайда, жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке деректерді қорғау құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабында бекітілгенін қоса кеткен жөн. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі цифрлық ортада азаматтардың деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық механизмдер мен құралдарды жүйелі түрде дамытып келеді, ал жаңа бақылаушы мәртебесі Қазақстанға халықаралық бастамаларды талқылауға белсенді қатысуға, Конвенцияға мүше мемлекеттердің тәжірибесін қабылдауға және ұлттық реттеуге заманауи стандарттарды интеграциялауға мүмкіндік береді.Айта кетейік, Еуропа Кеңесінің № 108 конвенциясы - жеке деректерді қорғау саласындағы құпиялылықтың жаһандық стандарттарын айқындайтын алғашқы және жалғыз көпжақты міндеттеуші келісім. Конвенция комитеті цифрлық технологиялар дәуірінде осы нормаларды өзектендіруге жауапты, халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді және қатысушы елдерге ұлттық заңнаманы киберқауіпсіздіктің заманауи сын-қатерлеріне бейімдеуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1238300?lang=ru
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев жас сарбаздармен кездесті 01.07.2026
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде көктемгі шақырылыммен келген жас сарбаздармен тағылымды кездесу өтті. Әскери қызметшілер алдында көрнекті әскери қайраткер, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сөз сөйлеп, әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік, тәртіп пен Әскери антқа адалдық туралы ой бөлісті. Сонымен қатар ол өзінің өмірлік және әскери жолынан сыр шертіп, жас жауынгерлерге ақыл-кеңесін айтты.– Әскери қызмет – қару ұстауды үйрететін орта ғана емес, ең алдымен мінезді шыңдайтын үлкен мектеп. Бүгін сіздер Қазақстанның қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау жолындағы алғашқы қадамдарыңызды жасап отырсыздар. Уақытты тиімді пайдаланып, білім алып, жан-жақты дамуға ұмтылыңыздар. Әскер сіздерді шыңдап, елінің тағдырына бейжай қарамайтын жауапты азамат ретінде қалыптастырады. Мемлекеттің сенімі мен ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар, – деді генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.Кездесу барысында әскери бөлім командирі полковник Жандар Әшірбеков те жас сарбаздарға ізгі тілегін білдіріп, олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады.- Әскери ұжым – үлкен отбасы. Бүгіннен бастап сіздер Ұлттық ұлан сапына қосылдыңыздар. Біз әрбір әскери қызметшінің жан-жақты дамуына, әскери мамандықтарды меңгеруіне және қызметті қауіпсіз өткеруіне барлық қажетті жағдайды жасап келеміз. Тәртіпті берік ұстанып, Әскери антқа адал болыңыздар. Сонда бұл кезең өмірлеріңіздегі үлкен тәжірибе мектебіне айналады, – деп атап өтті әскери бөлім командирі.Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жас сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Әсіресе генералдың жауынгерлік жолы мен өмірлік тәжірибесіне қатысты әңгімелері әскери қызметшілерге ерекше әсер қалдырды. Кездесу туралы әсерімен жас сарбаз Олжас Өтепберген де бөлісті.– Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды болды. Генералдың өмір жолы мен айтқан ақыл-кеңестері бізге үлкен мотивация берді. Оның әскери қызмет туралы әрбір сөзі әр сарбаздың жүрегінен орын алды деп ойлаймын. Біз өзімізге артылған сенімді ақтап, Отанымызға адал қызмет ету үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деді жас жауынгер.Айта кетейік, мұндай кездесулер жас сарбаздардың патриоттық рухын нығайтып, әскери қызметтің мәні мен маңызын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Ардагер генералдың өмірлік тәжірибесі мен тағылымды өсиеттері жас жауынгерлердің жадында ұзақ сақталары сөзсіз. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1238285?lang=ru
«Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы диалог кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 01.07.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы әкімшілік соттарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған «Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогтың кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, адвокаттар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, ғалымдар мен құқық саласының мамандары қатысты.Аймақ басшысы бес жыл бұрын қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа стандарттарын қалыптастырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы: «Әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқындайтын сынақ болды. Оның нәтижесі сотқа деген сенімнің арта түскенін көрсетті. Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді», – деді.Бұл мемлекеттік органдардың жұмыс мәдениетін өзгертіп, қабылданатын шешімдердің сапасы мен заңдылығына қойылатын талаптарды күшейтті. Азаматтардың сотқа деген сенімі – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі. Осы ретте өңіріміздегі сот қауымдастығы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келеді.Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз еліміздегі құқық үстемдігін нығайту ісінде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да Президентіміздің Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру жолындағы ортақ жұмысымыз жалғаса беретініне сенімдімін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті экономика және құқық институтының директоры, PhD докторы Айнұр Исаева сөз сөйледі.Аймақта әкімшілік әділет институтының тиімділігі нақты нәтижелерімен көрініс тапты. Кейінгі бес жылда облыс соттарына 6 мыңға жуық әкімшілік талап қою арызы түсіп, 5 мыңнан астамына тиісті шешім қабылданған.Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтерген маңызды бастамалардың бірі «е-Өтініш» бірыңғай платформасы. Аталған жүйе азаматтардың өтініштерін ашық әрі тиімді қарауға, өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналды.2021 жылдан бері өңірдің мемлекеттік органдарына 220 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа мәдениеті қалыптасып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі арта түскенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1238281?lang=ru
Қаланы тұрақты жылумен қамтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда 01.07.2026
Қалада алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Арнайы іс-сапар барысында жылу энергетикасы нысандары араланып, атқарылып жатқан жөндеу науқанының барысы қадалды.Биыл қаланың жылу жүйесін дамытуға өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп қаражат — 5,7 млрд теңге бөлінді. Бұл ауқымды инвестиция магистральдық жылу желілерін қайта жаңғыртуға, ЖЭО жабдықтарын жаңартуға, қазандықтарды жөндеуге және кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын іске асыруға жұмсалуда.Қазіргі уақытта Дощанов, Тәуелсіздік және Шақшақ Жәнібек батыр көшелеріндегі жылу магистральдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, ЖЭО, ЖЭО-2 және №3 қазандықта дайындық шаралары үздіксіз жүргізілуде. Ал ЖЭО-ның негізгі бу құбырын қайта жаңғырту жұмыстары қазірдің өзінде аяқталуға жақын. Барлық нысандардағы жұмыс бекітілген жоспарға сай әрі сапалы атқарылуда.Бұдан бөлек, жылу жүйесін басқару ісі де заман талабына сай өзгеріп келеді. Жаңартылған диспетчерлік қызмет жұмысына жылу энергетикасы нысандарын бақылау мен басқаруды жеңілдететін заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде. Бұл қаланың тыныс-тіршілігін автоматты түрде қадағалауға мүмкіндік береді.Өткен жылдың жаз мезгілінде жүргізілген тиімді профилактикалық жұмыстардың арқасында қысқы маусым тұрақты өтіп, жылумен қамту нысандарында ешқандай апатты жағдайлар тіркелмеген болатын. Биыл да осы оң тәжірибені негізге ала отырып, алдағы қыста қала тұрғындарын жылумен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету басты міндет болып қала бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1238257?lang=ru
KazAID - Астанадағы ІІІ Халықаралық архившілер конгресінің ұйымдастырушыларының бірі 01.07.2026
Астана, 2026 жылғы 8 маусым – Елордада ҚР Президенті архивінің бастамасымен ұйымдастырылған «Digital Archive EXPO» (DA-EXPO) ІІІ Халықаралық архившілер конгресі басталды. «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі - әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам сарапшы, ғалым және IT-индустрия өкілдерінің басық қосқан ауқымды форумның ұйымдастырушыларының бірі.Конгрестің басты тақырыбы — архив ісіне өтпелі технологиялар мен жасанды интеллектіні (AI) кіріктіру. Қатысушылар процестерді автоматтандыруды, инновациялық архивтік экожүйелерді орнықтыруды және цифрлық деректер массивтерін ұзақ мерзімді сақтауды талқылауда. Форум аясында архив саласына арналған озық IT-шешімдердің интерактивті көрмесі ұйымдастырылған.KazAID осындай ғылыми-практикалық және технологиялық платформаларды қызу қолдайды. Агенттіктің конгресті ұйымдастыруға қатысуы — ынтымақтастықты одан әрі нығайту, серіктес елдер арасындағы институционалдық байланыстарды кеңейту және ақпаратты басқару мен ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы озық тәжірибемен тиімді алмасуды қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.БАҚ үшін байланыстар: a.kopisheva@kazaid.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1238228?lang=ru
Олжас Бектенов Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті 01.07.2026
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесу өткізді.Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктестері қатарына кіреді. Қазақстан мен Сауд Арабиясы көшбасшыларының өзара қолдауы нәтижесінде сенімді әрі достық қарым-қатынастар орнағаны атап өтілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17%-ға артып, $11,7 млн-ды  құрады. Биылғы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,9 есеге өсіп, $6,1 млн-нан асты. Кейінгі 20 жылда Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстан Республикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $115,3 млн-ды құрады. Биылғы ақпан айында қол қойылған Қазақстан – Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесін құру туралы келісім және инвестицияларды өзара ынталандыру мен қорғау туралы келісім жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.Тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне, сондай-ақ аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына назар аударылды. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Кездесуге қатысушылар тау-кен металлургия және аса маңызды минералдар саласында екіжақты өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1238216?lang=ru
«Мөлдір бұлақ» командасы «Менің отаным - Қазақстан» облыстық слетін бағындырды! 01.07.2026
09 июня юные туристы и исследователи из КГУ «Опорная школа им. К. Сатпаева» отправились на областной слёт и вернулись не с пустыми руками!Команда «Мөлдір бұлақ» из 9 ребят доказала: наша малая Родина богата талантами. Вот как это было:1. 🎬 «Моя малая Родина» - серебро за самый креативный ролик! Исабекова Адия, 9 класс Адия показала через камеру всю красоту родного края и взяла 2 место! Её видео тронуло жюри искренностью и любовью к малой Родине.2. 🗺️ «Лучший экспедиционный проект» Акбердиев Жибек Жибек представила исследовательский проект, который впечатлил экспертов своим масштабом и практической значимостью.3. 🏔️ «Туристская полоса препятствий» - испытание на силу и командный дух! Команда в составе: Аубакир Сүлеймен, Хавдрасалұлы Аманжол, Балташева Рабия, Берікұлы Әбілмансұр Ребята прошли трассу на скорость, ловкость и взаимовыручку. Настоящие туристы!4. 🧭 «Спортивное ориентирование» - кто быстрее найдёт путь? Серғазы Нұрәли и Миземхаан Сұңқар С картой и компасом наперегонки со временем. Чёткая работа и хладнокровие!5. 🎸 «Туристские песни» - вечер у костра без костра Ильичев Руслан Руслан зажёг публику живым исполнением на гитаре. Атмосфера настоящего похода!Итог: Все 9 участников команды «Мөлдір бұлақ» получили сертификаты и памятные призы. Гордимся каждым! 💙Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1238173?lang=ru
Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Каспий теңізі акваториясында штурмандық жорық өткізді 01.07.2026
 Әскери теңізшілер Каспий теңізінің орталық бөлігінде кемелерді басқару және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты бірқатар оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін орындады.Жорыққа қатысушылар вахталық ауысымдар құрамында әрекет етіп, штурмандық вахтаны өз бетінше атқару дағдыларын жетілдірді.– Іс-шаралар кәсіби шеберлікті, кеме жүргізу дағдыларын және штурмандық қызметті ұйымдастыру деңгейін арттыруға бағытталды. Мамандар вахталық офицер ретінде іс-қимылдарды пысықтап, штурмандық вахтаны атқаруға дайындықтан өтті, – деп нақтылады «Орал» зымыран-артиллериялық кемесінің штурмандық жауынгерлік бөлімінің командирі аға лейтенант Асылбек Оразбаев.Теңіз аймағының ерекшелігін зерделеуге, навигация әдістерін тәжірибеде қолдануға, бағытты белгілеу мен қалыптасқан жағдайға қарай кеменің бағытын түзету дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылды.Тәжірибелік дайындық қызметтік-жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада өткізілді. Бұл әскери қызметшілерге штурмандық қызметті ұйымдастыруда қосымша тәжірибе жинақтауға, жағдайды жедел бағалауға және дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін нығайтуға мүмкіндік берді.Штурмандық жорық аяқталғаннан кейін офицерлер даярлықтың негізгі бағыттары бойынша сынақ тапсырып, жоғары деңгейдегі білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.Штурмандық даярлық әскери-теңіз мамандарының жауынгерлік машығының негізгі элементтерінің бірі саналады. Ол жеке құрамның жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтап, теңіз шебін қорғау міндеттерін тиімді орындауға және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1238132?lang=ru
Жаңа Құрылыс кодексі 01.07.2026
2026 жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысы Құрылыс кодексіне қол қойды. Бұл кодекс құрылыс нысандарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ құрылыс рәсімдерін жеңілдетіп, ашық етуге бағытталған. Кодексті қабылдау мемлекет, бизнес және азаматтар үшін заманауи талаптар мен технологияларды ескере отырып, түсінікті жұмыс жағдайларын қалыптастыруды көздейді.Жаңа Құрылыс кодексі - құрылыс саласында тәртіп орнатуға, қауіпсіздікті арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды құжат.Кодекс реформаларды кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді. Кепілдік міндеттемелер күшейтіліп, цифрлық технологиялар кеңінен енгізіледі. Сонымен бірге жобалау, сараптама және құрылыс барысын бақылау жүйелері жаңғыртылады.Материалдарға сәйкес Құрылыс кодексіне енгізілетін негізгі жаңашылдықтар көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1238032?lang=ru
Орталық Азия мен Скандинавия тұрақты ынтымақтастық жолында 01.07.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 9 маусым - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Скандинавия-Орталық Азия тұрақты бизнесін дамыту жөніндегі қауымдастықтың («SCABA») Бас хатшысы Илкка Ряйсяненмен кездесті.«SCABA» - Орталық Азия мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы берік іскерлік байланыстарды орнатуға бағытталған бизнес-бағдарланған ұйым.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Солтүстік Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің бірқатар өзекті бағыттарын талқылады.Қазақстандық дипломат әңгімелесушіні елде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы хабардар етті. Қазақстанның Орталық Азияда бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өңірлік орталық ретіндегі әлеуетіне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1238048?lang=ru
Ақжайық ауданының Үштөбе ауылында 60 орындық мектептің құрылысы басталды 01.07.2026
1970 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтпеген. Күні бүгін нысанның тозуы байқалып, қазіргі техникалық жағдайы толықтай заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Соның салдарынан білім беру үдерісі жайсыз әрі қауіпсіздігі төмен ортада жүзеге асырылып отырЖаңа мектептіңЖер аумағы: 1,2 гаҒимарат ауданы: ~1600 м2Мектеп ішінде:Оқу сыныптарыЕңбек кабинеттері (ұлдарға және қыздар арналған)Кітапхана және оқу залы96 орынға арналған акт залыАсханаМедициналық кабинетӘкімшілік кабинеттерСпорт залыАумақ және алаңдар:Комбинацияланған ойын алаңыБастауыш сыныптарға арналған ойын алаңдарыМини-орталыққа арналған алаңДемалыс аймағыСалтанатты жиын алаңыБаскетбол және волейбол алаңдарыЖаңа мектеп оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуға мүмкіндік беретін болады. Заманауи талаптарға сай салынатын білім ордасы балалардың дамуына, сапалы білім алуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңа мектепті алдағы оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1238074?lang=ru
📌 Қазақстан Республикасындағы кеден өкілі туралы. 01.07.2026
Кеден өкілі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген және декларациялаушының немесе басқа да мүдделі тұлғалардың атынан әрі олардың тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.🤝 Кеден өкілі өз қызметін клиентпен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады және оның мүдделерін кеден органдарында қорғайды.🎯 Кеден өкілінің негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кәсіби қызмет көрсету, тауарларды кедендік ресімдеуді дұрыс ұйымдастыру, кеден заңнамасының талаптарын сақтау және кедендік бақылау рәсімдерін жеделдетуге жәрдемдесу.📋 Кеден өкілінің негізгі функциялары:✅ кедендік декларацияларды дайындау және тапсыру;✅ клиенттің атынан кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасау;✅ кеден заңнамасы мәселелері бойынша кеңес беру;✅ кедендік ресімдеуге қажетті құжаттарды тексеру;✅ тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша кодтарын анықтау;✅ кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу;✅ импорт, экспорт және транзит кезінде кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.⚖️ Кеден өкілі өз қызметін жүзеге асыру барысында қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы.📑 Сонымен қатар, ол ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен кеден заңнамасы талаптарының сақталуына жауап береді.📦 Осылайша, кеден өкілі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден органдары арасындағы кәсіби делдал болып табылады және тауарларды кедендік ресімдеудің заңдылығын, тиімділігін және жеделдігін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1238102?lang=ru
2026 жылғы 2 маусымда БҚО құрылыс басқармасының басшысы Ақжайық шағынауданындағы жаңа тұрғын кварталдардың құрылыс алаңдарына жұмыс сапарымен барып, көшпелі кеңес өткізді 01.07.2026
2026 жылғы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Ақжайық шағынауданындағы жаңа тұрғын кварталдардың құрылыс алаңдарына жұмыс сапарымен барып, көшпелі кеңес өткізді.Қадағалау барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы бағаланып, мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау өкілдеріне нысандарды белгіленген мерзімде және сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.Құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқыны тұрақты бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1238106?lang=ru
Қазақстанның ОСК делегациясы Арменияда өткен сайлауды халықаралық байқауға қатысты 01.07.2026
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Армения Республикасының Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауын халықаралық байқауға қатысты.Сондай-ақ халықаралық байқаушылар қатарында ОСК мүшелері Азамат Айманақұмов пен Ләззат Сүйіндік, Қостанай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Инженерлік-техникалық орталығы» РМК өкілдері болды.Арменияға келгеннен кейін халықаралық байқаушылар үшін парламенттік сайлауды өткізуге дайындық шаралары мен оның негізгі аспектілері бойынша таныстырылым ұйымдастырылды.Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен екіжақты кездесу өткізілді. Ол сайлау науқанының барысы, қолданылып жатқан технологиялық шешімдер және электоралдық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы айтып берді.Тараптар сайлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша кәсіби ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді.Сайлау күні Қазақстан ОСК өкілдері Ереван қаласындағы № 9/11, 9/12, 9/19, 9/28, 9/29, 9/35, 9/36, 9/41, 9/43, 9/44, 9/46, 9/49, 9/50, 9/60  сайлау учаскелерінде болып, сайлау комиссияларының жұмысымен және дауыс берушілер үшін жасалған жағдайлармен танысты. Сондай-ақ делегация делегация сайлау учаскелеріндегі дауыс берудің аяқталуын ұйымдастыру және бюллетеньдерді санау рәсімдерін байқауға қатысты.Көру қабілеті бұзылған тұлғалардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін оларға сайлау бюллетеньдеріне арналған Брайль шрифтісі бар трафареттер ұсынылды.Дауыс беру барысы мен алдын-ала қорытындылар Армения ОСК-ның Ақпарат орталығында қолжетімді болды.Байқау қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және ұлттық заңнамада белгіленген рәсімдердің сақталғанын атап өтті. Сайлаушыларды анықтайтын технологиялар пайдаланылды.Армения, АҚШ, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Эстония Орталық сайлау органдары делегацияларымен кездесулер барысында Нұрлан Әбдіров Қазақстанда өткен республикалық референдумның қорытындылары, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері және сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.Сондай-ақ Ортсайлауком басшысы әріптестерін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауын халықаралық байқауға қатысуға шақырды.Анықтама үшінАрмения Республикасы - парламенттік республика. Ұлттық Жиналыс - елдің бір палаталы парламенті, оның депутаттары бес жыл мерзімге пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланады. Парламентке өту үшін саяси партия сайлаушылардың кемінде 4 пайыз дауысын жинауы тиіс. Екі партиядан тұратын блок үшін 8 пайыздық өту шегі белгіленген, ал үш және одан да көп партиялардың бірлестіктері үшін - 10 пайыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1237970?lang=ru
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау 01.07.2026
📢 НОВО-ХАЙРУЗОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!Мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға түрлі әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді.✅ Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) — табысы төмен отбасыларға берілетін ақшалай көмек.✅ Тұрғын үй көмегі — тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған көмек.✅ Мемлекеттік қолдау — әлеуметтік төлемдер, кеңес беру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жәрдем көрсету.✅ Мұқтаждық деңгейін бағалау — отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау және тиісті қолдау шараларын тағайындау мақсатында жүргізіледі.📞 Анықтама телефоны: 8 (72341) 2-73-37Барлық сұрақтар бойынша «Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1237982?lang=ru
Мемлекеттік рәміздер-елдің мақтанышы! Дөңгелек үстел 01.07.2026
Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы!Ново-Хайрузовка ауылдық клубында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы» атты дөңгелек үстел форматындағы кездесу өтті.Шараны клубтың мәдениет ұйымдастырушысы Жанна Серполовна Сохор мен ауылдық кітапхананың кітапханашысы Светлана Владимировна Козуб бірлесіп ұйымдастырды.Шараға «Девчата» тобының мүшелері (60+ жастағы аналар) мен округ әкімі аппаратының өкілдері қатысты.Кездесу бағдарламасында: ✨ Мемлекеттік рәміздер бойынша зияткерлік викторина және «Верю — не верю» (Сенесіз бе, сенбейсіз бе) ойыны өткізілді.✨ Мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, Қазақстанның бұрын қандай болғаны және қазір қандай деңгейге жеткені туралы жылы жүздесу әңгіме өрбіді.Светлана Владимировнаның жетекшілігімен өткен шығармашылық бөлімде қатысушылар командаларға бөлініп, әдемі паннолар жасады.Кездесу өте тамаша әрі жылы жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1238009?lang=ru
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті өкілдері мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі делегациясының екіжақты кездесуі өтті 01.07.2026
Анықтама үшін: Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Ведомство зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктерін әзірлеуге және енгізуге қатысады, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға және зияткерлік еңбек нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдеседі.Кездесуге корей тарапынан Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігінің Зияткерлік меншік дауларын шешу бюросының Тауар белгілері жөніндегі дауларды шешу бөлімінің директоры Чон Ильнам мырза, сондай-ақ аталған бөлімшенің директор орынбасары Ким Джэён мырза қатысты.Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде институционалдық өзара іс-қимылды дамыту, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.Кездесуге қатысушылар ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, мамандардың біліктілігін арттыруға және зияткерлік меншік саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға бағытталған семинарлар, оқыту бағдарламалары мен сараптамалық консультациялар сияқты бірлескен іс-шаралардың нәтижелеріне оң баға берді.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу, сараптамалық тәжірибе алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруді қоса алғанда, болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға және екі ел арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған жаңа бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және алдағы Меморандумға қол қою екіжақты байланыстарды нығайтуда әрі зияткерлік меншік саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруда маңызды қадам болатынына сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1237836?lang=ru
Қазақстандағы саяси реформалардың барысын серб парламентшілері жоғары бағалады 01.07.2026
Белград, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Ұлттық Скупщинасындағы (Парламент) парламентаралық достық тобының жетекшісі Борислав Антониевичпен және парламент депутаты Александр Чотричпен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси және парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық бар екені атап өтілді.Қазақстан дипломаты депутаттарды елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы хабардар етіп, олардың мақсаты мен негізгі бағыттарын түсіндірді.Б.Антониевич Достық тобы мен Скупщина тарапынан Қазақстанмен дамып келе жатқан диалогқа қолдау көрсетілетінін растады. Ол ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы қарым-қатынастарды дамытуға мүдделілік білдірді.Өз кезегінде А.Чотрич Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформаларды жоғары бағалап, қазақстандық тәжірибенің серб парламентшілері үшін практикалық тұрғыдан қызығушылық тудыратынын атап өтті.Әңгімелесушілер парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси диалогты нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1237849?lang=ru