Жаңалықтар
Люблянада Қазақстан мен Словенияның ұлттық активтерін басқару тәжірибесі талқыланды 01.07.2026
Любляна, 2026 жылғы 8 маусым – Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словенияның активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік холдингінің (slovenski državni holding) Президенті Жига Дебелякпен кездесуде ұлттық экономиканы әртараптандыруға және оның мұнай-газ секторына тәуелділігін төмендетуге бағытталған жүргізіліп жатқан реформаларға ерекше назар аудара отырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Елші ел экономикасының негізгі салалары, соның ішінде көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ инвестициялар тарту және шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Энергетика, көлік, логистика, телекоммуникация және инфрақұрылым салаларындағы ұлттық компанияларды біріктіретін Қазақстанның ірі мемлекеттік инвестициялық холдингі ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ қызметіне ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Ж.Дебеляк қазақстандық тарапты cловенияның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі орталық институты — slovenski državni holding жұмысының құрылымы мен қағидаттарымен таныстырды. Ол холдинг энергетика, қаржы, көлік, инфрақұрылым, туризм және экономиканың басқа да секторлары сияқты салаларды білдіретін 50-ден астам компаниядағы мемлекеттік үлестерді басқаруды жүзеге асыратынын атап өтті. Словениялық әңгімелесуші сондай-ақ холдингті басқарудың корпоративтік моделі, мемлекеттік активтердің тиімділігін арттыру, корпоративтік басқарудың, цифрландырудың және орнықты дамудың заманауи стандарттарын енгізу жөніндегі басымдықтар туралы айтты. Тараптар мемлекеттік активтерді басқару саласында тәжірибе алмасу, корпоративтік басқаруды жетілдіру және Қазақстан мен Словения арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша сараптамалық диалогты жалғастыруға және екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1237850?lang=ru
2026 жылғы 9 маусымда Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ бірлесіп 2026 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаларда(тұжырымдамаларда) көзделген жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша жиналыс өткізді 01.07.2026
Жиналысқа мемлекеттік бағдарламалардың облыстық және қалалық әкімшілері, сондай-ақ, Қарағанды қаласында жобаларды іске асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиналыс барысында жобалардың іске асырылу барысы, жұмыс орындарын құру, жұмыс іздепжүрген адамдарды жұмысқа орналастыру, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелері қаралды, сондай-ақ, проблемалық мәселелер талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша әкімшілерге жобаларды іске асыру барысында жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау, сондай-ақ, жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелерін пысықтау тапсырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1237852?lang=ru
Қазақстан мен Оман азаматтық авиация және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 01.07.2026
Масқат, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанадығындағы Елшісі А.Тұматов Оман Азаматтық авиация басқармасының президенті Найиф бен Али Әл Абримен кездесті.Кездесу барысында тараптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация, әуе көлігі және авиациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Елші авиация саласын жаңғырту, ұшу қауіпсіздігін арттыру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және халықаралық әуе қатынастарын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстанның өңірлік көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін күшейту жөніндегі бастамалар таныстырылды.Өз кезегінде Найиф бен Али Әл Абри Оманның Қазақстанмен авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, екі елдің арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін зор әлеует бар екенін айтты.Тараптар өзара диалогты жалғастыруға, әуе көлігі, тәжірибе алмасу және халықаралық озық тәжірибелерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара дайын екендіктерін растады.Сонымен қатар «Salam Air» әуе компаниясының «Масқат – Алматы – Масқат» бағыты бойынша тікелей рейстерін қайта жаңғыртудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Тараптардың пікірінше, тұрақты әуе қатынасының қайта іске қосылуы іскерлік байланыстардың, туризмнің, гуманитарлық алмасулардың және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік байланысын нығайтуға және Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған бастамаларды бірлесіп ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1237863?lang=ru
Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды 01.07.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 9 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының Штаб-пәтерінде Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы өз жұмысын бастады.Конференция делегаттарына арнап сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтудің, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына толыққанды қатысуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын жаһандық деңгейде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Конференция аясында БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің тоғыз жаңа мүшесін сайлау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үміткері Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауымен ең үздік көрсеткішке ие болып, 2027-2030 жылдарға арналған мерзімге Комитет мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар Комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия өкілдері сайланды.Ләззат Қалтаева – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар танымал сарапшы. Ол көптеген жылдар бойы инклюзивтілік, қолжетімділік және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге белсенді түрде үлес қосып келеді. Әсіресе, мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөліп келеді.Ләззат Қалтаеваның Комитет құрамына сайлануы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін тарихи жетістік. Аталған шарттық органның құрамына алғаш рет Орталық Азия өңірінің өкілі сайланып отыр.Бұл нәтиже Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделін, еліміздің мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы дәйекті мемлекеттік саясатының мойындалғанын, сондай-ақ қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігінің халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланатынын айқын көрсетеді.Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын одан әрі ілгерілетуге және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында нығайтуға бейілдігін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1238566?lang=ru
Ауыл аумағында санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 01.07.2026
Аталған жұмыстар аясында ағаштардың артық және құрғаған бұтақтарын кесу, аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сондай-ақ шөп шабу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл шаралар ауылдың көркін жақсартып, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, ауыл аумағын күтіп ұстау бойынша тиісті іс-шаралар тұрақты түрде атқарылатын болады.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1237878?lang=ru
Тау-кен металлургия саласындағы мәселелер талқыланды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю және компанияның бас директоры Чжун Фэйчаомен кездесті. Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, тау-кен металлургия саласын дамыту перспективалары талқыланды.Аймақ басшысы облыстың минералды шикізат қорының көлемі инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде өңір жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қажетті стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларға бай. Қазақстандағы ванадий қорының 66 пайызы, мырыштың 16 пайызы, қорғасынның 11 пайызы және уранның шамамен 15 пайызы осында шоғырланған.Кездесуде «Шалқия Цинк» АҚ-ның полиметалл кен орнын игеру жобасына ерекше назар аударылды. Бұл кен орны мырыш қоры бойынша әлемдегі ең ірі бестікке кіреді, жалпы қоры 104 млн тонна.Жоба аясында жылына 4 млн тонна кен өндіретін жерасты кеніші іске қосылып, 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы инвестиция көлемі 414,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта жерасты шахтасының құрылысы мен қажетті инженерлік инфрақұрылым нысандары толық аяқталған. Алдағы жылы заманауи тау-кен байыту комбинаты мен қалдық сақтау қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие концентраттарды тұрақты өндіреді. Сонымен қатар, өңірдегі энергетика, логистика және машина жасау салаларының дамуына серпін беретін ірі өндірістік орталықтың біріне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237887?lang=ru
Өңірдің туристік әлеуетін дамыту жобалары талқыланды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне арнайы келген танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахымды қабылдады.Кездесуде аймақ басшысы өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тарихи-мәдени мұраларды әлемге таныстырудың маңызын атап өтті.– Ең алдымен, тарихы терең, бірлігі бекем Сыр өңіріне қош келдіңіз! Қызылорда облысы – ежелгі өркениеттердің ізі сақталған киелі мекен. Сыр бойындағы көне қалалар, тарихи ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары Ұлы Жібек жолының мыңжылдық тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар, біздің өңір табиғи ерекшеліктерімен де саяхатшылар үшін ерекше тартымды екені белгілі.Бүгінде еліміздің туристік картасына «Байқоңыр» ғарыш айлағы, «Сығанақ» қалашығы және «Geopark Aral» жобасы енгізілген. Ал өңірлік деңгейдегі туристік нысандар қатарына «Ханқожа» көлі, Қорқыт ата мемориалдық кешені, «Қамыстыбас» көлінің курорттық аймағы, Жаңақорғанның балшық курорттары, «Сауысқандық» шатқалындағы петроглифтер, «Жанкент» қалашығы, «Ақтас» мешіті, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал ишан кесенелері кіреді. Осы тарихи орындарға ерекше қызығушылық танытып, әлем назарына ұсынғаныңыз үшін Сізге ерекше алғысымды білдіремін! – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Өз кезегінде Дастан Мұхамедрахым Сыр жұртшылығының қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта отандық туризмді дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.Кездесу соңында аймақ басшысы құрметті қонаққа қазақы дәстүрге сай сый-сияпат табыстады.Еске салсақ, жақында әлемге танымал тревел-блогерлер Қызылорда қаласына арнайы келіп, қайта жаңғыртылған Президент саябағын аралаған болатын. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенімен танысып, «Байқоңыр» ғарыш айлағында түсірілім жүргізді.Айта кетейік, бүгінде өңір туризмін дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Өткен жылы облысқа 212,3 мың турист келген, оның 199,8 мыңы – ішкі турист, 12,5 мыңы – сыртқы турист. Салаға 54,4 млрд теңге инвестиция тартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237891?lang=ru
Байқоңыр қаласындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі қаралды 01.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті. Кездесуде Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері қаралды.Аймақ басшысы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Байқоңыр» кешенінде маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Жыл басында Байқоңыр қаласында әрқайсысы 50 пәтерлік бес тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жаңғыртылуда. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын, нысанды шілде айында пайдалануға беру жоспарланған.Келесі оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының білім беру стандартымен аралас мектеп ашу мақсатында №7 мектеп ғимаратын облыстық білім басқармасының қарамағына беру жұмыстары жүргізілуде.Кездесуде тараптар алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1237899?lang=ru
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Ұлттық қорғаныс университетінің түлектерімен кездесті 01.07.2026
Астанада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған ұландық офицерлермен кездесті.Биыл еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орнын Ұлттық ұланның 24 офицері табысты аяқтады. Олардың қатарында жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша магистрлік бағдарламаларды меңгерген 19 офицер, Қарулы Күштер Бас штабы академиясы факультетінің екі түлегі және докторантура бағдарламасы бойынша диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап, ғылым докторы дәрежесін иеленген үш офицер бар.Кездесу барысында Бас қолбасшы түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, олардың кәсіби даярлығы құқықтық тәртіп әскерлерінің әлеуетін арттыруға және басқару жүйесін жетілдіруге тың серпін беретінін атап өтті.– Сіздер алдағы уақытта алған білім мен тәжірибені қызмет барысында тиімді қолдануға тиіссіздер. Сол арқылы әскери тәртіпті нығайтуға, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен қызметтік міндеттерді сапалы орындауға өз үлестеріңізді қосады деп үміттенемін, - деді Бас қолбасшы.Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлерді даярлау басқарушылық қабілеттерді дамытуға, стратегиялық ойлауды қалыптастыруға және заманауи қауіп-қатерлер жағдайында тиімді шешім қабылдай алатын әскери басшыларды тәрбиелеуге бағытталған.Бүгінде университет еліміздегі ең ірі ведомствоаралық білім беру және ғылыми орталықтардың бірі саналады. Осы оқу орнының мыңдаған түлегі Қазақстанның күштік құрылымдарында жауапты қызмет атқарып келеді.Кездесу соңында ұландық офицерлер әскери бөлімдер мен құрамаларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және мемлекет мүддесін қорғау жолында қызмет ететіндерін жеткізді.Айта кетейік, жоғары әскери білім мен ғылыми даярлықтан өткен офицерлердің кәсіби әлеуетін арттыру – Ұлттық ұланды дамытудағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1237906?lang=ru
Инвестициялар, инфрақұрылым, жаңа жұмыс орындары: Серік Жұманғарин Торғай өңірін кешенді дамыту жөнінде кеңес өткізді 01.07.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қаржыландыруға және жүзеге асыруға арналған кеңес өткізді.Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет қаулысымен бекітілді. Аталған Жолдауда Торғай өңірін кешенді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту қажеттігі белгіленген болатын.Үш жылдық жоспар 10 негізгі бағыт бойынша 51 іс-шараны қамтиды. Бұлар өнеркәсіп және көлік, туризм және спорт, агроөнеркәсіптік кешен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жылу және электрмен жабдықтау, су бұру, азаматтық қауіпсіздік.Іс-шаралар өндірістік әлеуетті дамытуға, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жағдай жасауға бағытталған.Жоспарда агроөнеркәсіптік кешенді, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділікті қолдауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Арқалық қаласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Олардың ішінде 6 мың бас ірі қара малға модульдік репродуктор құру, желатин және биоактивті сүйек матрицасын шығаратын зауыт салу, 10 мың бас қой үшін мал шаруашылығы кешенін, 6 мың басқа арналған бордақылау алаңын салу. Бұдан басқа, құрама жем зауытын пайдалануға беру, қуаттылығы жылына 300 млн жұмыртқа шығаратын құс фабрикасын кеңейту және жаңғырту жоспарлануда.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ағымдағы 2026 жылға жалпы сомасы 78,4 млрд теңгеге 33 іс-шараны іске асыру жоспарланғанын хабарлады. Қазіргі уақытта іс жүзінде 39,2 млрд теңге бөлінді.«Біз барлығының жоспарлы мерзімде іске асырылуы үшін қажеттінің бәрін жасаймыз. Осы жылы облыстық бюджеттен 8,8 млрд теңге бөлінді. Бұл негізгі жобаларды толық көлемде қаржыландыруға мүмкіндік берді. Олардың ең бастысы — Арқалық әуежайының құрылысы. Бүгінгі күні қаржыландырумен әуеайлақ инфрақұрылымын қайта жаңарту, жолаушылар терминалын салу және қажетті жабдықтарды сатып алу толық қамтамасыз етілді. Жұмыс қатаң түрде кесте бойынша жүргізілуде. Осы жылғы тамызда нысан пайдалануға беріледі. Әуежайды іске қосу әуе қатынасын қалпына келтіріп қана қоймай, көлік қатынасы, инвестициялық тартымдылықты айтарлықтай арттырып, өңірді дамытудың жаңа кезеңін ашады», — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Сонымен қатар Арқалықта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, бос тұрған ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр, аулаішілік аумақтар мен вокзал маңындағы алаңдар жөнделуде. Қалада университет ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Жезқазған-Арқалық автожолын жөндеу жұмыстары соңғы кезеңге өтті.«Arkalyk QUS» ЖШС құс фабрикасының тең құрылтайшысы Максим Божко кәсіпорынды екі сатылы жаңғырту жобасын таныстырды. Бұл өндіріс көлемін екі есеге – жылына 150 млн-нан 300 млн жұмыртқаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.«Биыл біз 70 млн жұмыртқаға арналған жаңа құс қораларын пайдалануға беруді және өзіміздің құрама жем зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы тағы 80 млн дана құс үйі іске қосылады. Екі кезеңді жүзеге асыру қорытындысы бойынша құс фабрикасының қуаты жылына 300 млн жұмыртқаға жетеді. Қазір бізде шамамен 250-270 адам жұмыс істейді. Штатты 370 қызметкерге дейін көбейте отырып, 100-ден астам қосымша жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар», — деді Максим Божко.Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға облыс әкімдігімен бірлесіп қаражатты уақтылы игеру мәселесін қатаң бақылауда ұстауды және инвесторларға жоспарланған жобаларды нақты іске қосу үшін барлық қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1237952?lang=ru
Челлендж өзіңнен баста 01.07.2026
«Өзіңнен баста!» экологиялық челленджін Ново-Хайрузовка ауылдық округі қабылдады!«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ново-Хайрузовка ауылдық округінің тұрғындары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Өзіңнен баста!» челленджіне қолдау білдіреді.Табиғатты аялау, тазалықты сақтау және туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың ортақ міндеті. Таза ауыл, таза көше, таза табиғат – өзімізден басталады!Біз барша тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, табиғатты қорғауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз.🌱 Тазалық – әрқайсымыздан басталады! 🌎 Табиғатты бірге қорғайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1237966?lang=ru
Минскіде ТМД кеңістігіндегі консулдық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды 30.06.2026
Минск, 2026 жылғы 9 маусым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXXIII отырысы өтті.Отырыс жұмысына Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, және ТМД Атқарушы комитетінің, сондай-ақ Армения мен Тәжікстан өкілдері бейнеконференция форматында қатысты. Кеңес отырысына бақылаушы ретінде Әзербайжан мен Түрікменстан өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Болат Каткенов басқарды.Іс-шараға қатысушылар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларын орындаудың жекелеген мәселелерін талқылады, 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жасасқан басқа да конвенцияларды, оның ішінде екіжақты консулдық конвенцияларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.Тараптар конвенциялардың тиісті ережелері шеңберінде өздері берген құжаттарды өзара тану мәселелері бойынша уәкілетті органдары арасында тиісті ақпарат алмасу қажеттілігін мойындады. Қазіргі заманғы байланыс арналарын пайдалана отырып, соның ішінде ТМД мемлекеттерінің ішкі істер органдары арасындағы тікелей ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында уақытша болатындарға, білім алушыларға және еңбек қызметін жүзеге асыратындарға қолдау көрсету және көмек көрсету мәселелеріне бөлек назар аударылды.Отырыстың қорытындысы бойынша делегация басшылары Хаттамаға қол қойып, келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Сонымен қатар консулдық қатынастардың барлық бағыты бойынша ақпаратты тұрақты түрде алмасуды жалғастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1237789?lang=ru
Қазақстан инвестициялар мен азық-түлік қауіпсіздігі саласында Кувейтпен стратегиялық әріптестікті дамытуға басымдық береді 30.06.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Экономикалық мәселелер және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі Абдалазиз Әл-Марзуқпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны ел экономикасының қазіргі жай-күйі, оның тұрақты өсу қарқыны және инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған реформалар туралы хабардар етті.Кувейт инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту мәселелеріне, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобаларды іске асыруға, бірлескен кәсіпорындар құруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға және орнықты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.Қазақстанның Кувейт пен Парсы шығанағының өзге мемлекеттерін сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етудегі сенімді серіктес ретіндегі рөлі атап өтілді. Тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті.«Alatau City» жобасын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы халықаралық инвесторлардың елеулі қызығушылығын тудырып отырған бұл жоба кувейттік бизнес үшін де практикалық қызығушылыққа ие екеніне сенім білдіріп, оның бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің атынан Мемлекеттік министрге Қазақстанға сапармен келуге арналған шақыру хатын табыс етті.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.Кувейт Мемлекетінің Экономикалық мәселелер және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі Kuwait Investment Authority (KIA) Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. KIA – Кувейт мемлекетінің ұлттық әл-ауқат қоры және басқаруындағы активтерінің жалпы көлемі шамамен 1 триллион АҚШ долларын құрайтын әлемдегі ең ірі мемлекеттік инвестициялық қорлардың бірі. Сонымен қатар, министр Kuwait Direct Investment Promotion Authority (KDIPA) Директорлар кеңесін басқарады. KDIPA – тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, стратегиялық инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге және Кувейттің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жауапты мемлекеттік орган.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1237795?lang=ru
Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасынының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі – АҚШ-тың Үндістандағы Елшісі Серджио Гормен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылап, экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға, инновациялар мен жасанды интеллект, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Сондай-ақ көлік, логистика және аса маңызды минералдар салаларындағы ынтымақтастық перспективалары жеке қарастырылды.Е.Көшербаев Қазақстанда ауқымды конституциялық реформалар мен ұлттық экономиканы жаңғырту бағдарламалары дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Астана Вашингтонды инвестициялар тарту, технологиялық жаңғыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету салаларындағы негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Осы тұрғыда тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында 2025 жылғы қарашада Ақ үйде өткен кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын жан-жақты талқылады.ҚР СІМ басшысы сондай-ақ алдағы «С5+1» аса маңызды минералдар жөніндегі диалогына (Critical Minerals Dialogue) жоғары деңгейде қатысатыны үшін америкалық тарапқа алғыс білдірді. Бұдан бөлек, тараптар АҚШ пен Орталық Азия елдерінің бизнес-делегациялары қатысатын жоспарланған дөңгелек үстелдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге қосымша серпін берудегі маңызын атап өтті.Өз кезегінде С.Гор қазақ тарапына қонақжайлығы үшін алғыс айтып, екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша белсенді диалог пен практикалық өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығын растады.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1238650?lang=ru
Қазақстанның конституциялық реформалары Варшавада талқыланды 30.06.2026
Варшава, 2026 жылғы 8 маусым – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі Польша баспасөз агенттігінің (PAP) алаңында «Қазақстандағы конституциялық реформалар: мемлекетті дамыту және жаңғырту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстанның жаңа Конституциясын, сондай-ақ елдің саяси және институционалдық дамуының келешегін талқылауға арналды.Іс-шараға Польшаның саяси, сараптамалық, академиялық және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты.Кіріспе сөзінде Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілі конституциялық реформаның тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси дамуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болғанын және Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жаңа кезеңге жол ашқанын атап өтті.Жалпыхалықтық референдумда қолдау тапқан жаңартылған Конституция кең қоғамдық диалогтың және мемлекеттің институционалдық моделін жан-жақты жаңғыртудың нәтижесі екені атап өтілді.Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуге, жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен дербес деректердің қорғалуына, сондай-ақ азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын кеңейтуге ерекше назар аударылды.Талқылау аясында қатысушылар конституциялық реформалардың демократиялық институттарды нығайтудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және цифрлық дәуір талаптарына сай мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызына тоқталды.Польша сарапшылық қауымдастығының өкілдері мемлекеттік құрылыс, конституциялық даму және демократиялық жаңғыру мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы халықаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті.Іс-шара қорытындысында пікір алмасу ұйымдастырылып, Қазақстан мен Польшаның сарапшылық және академиялық орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1237744?lang=ru
NU Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығын нығайту бастамасын іске қосты 30.06.2026
NU Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығын нығайту бастамасын іске қостыNazarbayev University (NU) Women Leadership Development Programme (WLDP) бағдарламасының іске қосылғанын хабарлайды. Бұл – Қазақстандағы әйелдердің көшбасшылық әлеуетін күшейтуге және қоғамның негізгі секторларында тұрақты көшбасшылар пулын қалыптастыруға бағытталған Executive Education деңгейіндегі жаңа бастама.Бағдарлама жоғары білім мен ғылым, мемлекеттік басқару мен саясат, бизнес пен кәсіпкерлік салаларында, сондай-ақ адами капитал мен көшбасшылықты дамытуға бағытталған үкіметтік емес және өңірлік ұйымдарда жұмыс істейтін әйел көшбасшылар мен жас мамандарға арналған.NU Президенті Вакар Ахмад әйелдердің техникалық және ғылыми академиялық салалардағы өкілдігін арттыруға қатысты қазіргі сын-қатерлерді атап өтті.«Біз – техникалық университетпіз, сондықтан физика, химия, математика, инженерия сияқты салаларда әйел профессорларды тарту өте қиын. Біздің үмітіміз – студенттеріміз магистратура мен докторантураны аяқтағаннан кейін университетке қайта оралып, оқытушы ретінде жұмыс істеуі. Соңғы уақытта кейбір университеттер тек әйел үміткерлерге арналған профессорлық позицияларды жариялап жатқанын көрдім. Біз мұндай тәсілді сынап көруге дайынбыз. Бұл – тек бастамасы».NU Вице-президенті Гүлмира Қанай бағдарлама нәтижелеріне тоқталды:«Бұл NU-дағы әйел қызметкерлер үшін мансаптық өсу мүмкіндігі болып табылады. Бизнес және мемлекеттік саясат салаларынан қатысушылар үшін бұл бастама халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, нетворкинг пен институционалдық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе Ұлттық Құрылтайдың алдағы сайлау циклі аясында өзекті, өйткені азаматтық қатысу мен көшбасшылықтың жаңа мүмкіндіктері қалыптасып жатыр».Бағдарлама сондай-ақ секторлар арасындағы мансаптық мобильділікті қолдауға бағытталған, оның ішінде бизнес саласынан мемлекеттік саясатқа ауысу және қатысушылардың кәсіби траекторияларының өзгеруі қарастырылады.NU провосты Рехан Садик инженерлік білім беру саласындағы тәжірибесіне сүйене отырып, Канадада инженерия саласындағы әйелдердің үлесі шамамен 17% екенін, ал NU-да азаматтық құрылыс саласында бұл көрсеткіш шамамен 52% екенін атап өтті. Ол бұл әртүрлі контексттердегі гендерлік теңсіздік деңгейлеріндегі айтарлықтай айырмашылықты көрсететінін айтты. Қазақстандық қоғамдық даму институтының төрайымы Жұлдызай Искакова Қазақстанда әйелдер шағын және орта бизнестің шамамен 48%-ын, ал жеке кәсіпкерліктің шамамен 55%-ын құрайтынын, алайда саяси көшбасшылықта олардың үлесі төмен екенін, Парламенттегі өкілдік шамамен 17–18% деңгейінде екенін атап өтті. Ол Қазақстан өңірлік деңгейде салыстырмалы түрде жоғары позицияда екенін, бірақ жаһандық деңгейде 92-орынға түскенін, бұл басқа елдердің жылдам ілгерілеуімен байланысты екенін айтты. Сонымен қатар саяси өкілдік әлі де негізгі құрылымдық мәселе болып қала беретінін атап өтті.WLDP бағдарламасы адам капиталының дамуына ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырылады және қатысушылардың көшбасшылық, стратегиялық басқару, шешім қабылдау, келіссөз жүргізу және ұйымдық трансформация салаларындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған.Бағдарлама NU Білім беру жоғары мектебі, Мемлекеттік саясат жоғары мектебі және Бизнес жоғары мектебі тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен серіктестікте әзірленген.Іріктеу негізінде 80-нен астам қатысушы қатысады. Оқу аралас оқыту (blended learning) форматында өтеді және 120 академиялық сағатты қамтиды. Бағдарлама академиялық оқытуды, қолданбалы көшбасшылықты дамыту элементтерін, менторлық қолдауды, сектораралық нетворкингті және қорытынды жобасын біріктіреді. Бағдарлама 2026 жылғы 6–8 маусымда басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1237748?lang=ru
Сеулде Қазақстан-Корея саудасын кеңейту мәселелері талқыланды 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея импорттаушылар қауымдастығының (KOIMA) төрағасы Юн Ён Мимен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу барысында орта және жоғары деңгейде өңделген қазақстандық экспорттық өнімдерді Корея Республикасының нарығына ілгерілету, халықаралық сауданы қолдау саласындағы бейінді институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ қазақстандық өндірушілер мен кореялық импорттаушылар арасында тікелей байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Екі тарап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына алдағы сапарына және кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған іскерлік іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға, бірлескен бастамаларды іске асыру және екіжақты диалогты жалғастыруға ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1237771?lang=ru
Жаңа 500 теңге: «Сақ стилі» сериясындағы банкнотаның қорғаныш элементтері туралы 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әйгілі «Сақ стилі» сериясынан номиналы 500 теңгелік жаңа банкнотаны айналымға шығарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1237718?lang=ru
Қазақстан халқының негізгі табыс көзі – еңбек нарығы 30.06.2026
Қазақстандықтардың ақшалай табысының шамамен үштен екісі жалдамалы еңбек есебінен қалыптасады. Мұндай тұжырым Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысында айтылды. Кеңес жұмысына экономика және қаржы саласынан 30-дан аса сарапшы қатысты. Сарапшыларға Экономикалық зерттеулер институты әзірлеген экономикалық өсім мен халықтың нақты табысының өзара байланысын талдау, сондай-ақ алдағы төрт жылға арналған халық табысын арттырудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылды.Экономикалық зерттеулер институтының деректеріне сәйкес, 2000 жылдан бері нақты ЖІӨ, жалақы және халықтың ақшалай табысының оң өсу қарқыны байқалады. Сонымен қатар жалдамалы еңбектен түскен қаржы азаматтардың әл-ауқатын қалыптастыратын негізгі табыс көзі болып отыр. 2025 жылы оның үлесі халықтың барлық ақшалай кірісінің шамамен үштен екісіне жетті.Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Біржан Бәткеев атап өткендей, жүргізілген талдау азаматтардың әл-ауқатын жақсарту экономикалық өсімді халықтың табысына берудің негізгі арналарын күшейтуді талап ететінін көрсетеді. Басымдықтар қатарында сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру мен жалақының өсуі бар.Талдау сонымен қатар маңызды салалық және аймақтық айырмашылықты анықтады. Жалақы деңгейін қоса алғанда, бірқатар көрсеткіш бойынша 2025 жылы тау-кен өнеркәсібі, қаржы және сақтандыру қызметі, ақпарат және байланыс, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көшбасшы салалар арасында ерекшеленеді.Сонымен қатар халықтың табысы тұрғысынан көшбасшы секторлар ғана емес, олардың тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашуы, қосылған құн тізбегін қалыптастыруы және экономиканың басқа секторларына серпін беруі ерекше маңызға ие. Сондықтан кірісті арттырудың басымдықтары салалық өсу қарқынын ғана емес, сонымен қатар жұмыспен қамту ауқымын да ескеруі керек. Әл-ауқаттың өсуі үшін жұмыспен қамту және өнімділік әлеуетін біріктіретін секторлар ерекше маңызды.Сонымен қатар әл-ауқат деңгейіне инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және басқа да негізгі қызметтерге қол жеткізу әсер етеді.Талдау нәтижелері негізінде Ұлттық экономика министрлігі халықтың нақты табысын арттырудың кешенді жоспары жобасын әзірледі. Құжат алты бағыт бойынша 58 іс-шараны қамтиды. Олар:- жалақыны көтеру;- сапалы жұмыс орындарын ашу;- адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру;- инфляцияның төмендеуі және нақты табыстың өсуі;- салық және әлеуметтік шаралар;- борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржы тұрақтылығын арттыру.Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Сараптамалық кеңестің қатысушыларына жоспар жобасын таныстырды.Талқылау барысында сарапшылар халықтың табыс деңгейіне сыртқы экономикалық фактор әсер ететінін атап өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбек Құлекеевтің айтуынша, әлемдік экономикадағы сауда қайшылығы, геосаяси тұрақсыздық, экспорттық логистикадағы шектеу және Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің экономикалық белсенділігінің баяулауы айтарлықтай әсер етеді. Бұл факторлар экспорттық кіріске, бюджет кірісіне және елдің жалпы экономикалық динамикасына әсер етеді.«АВЗ» ЖШС директоры Марат Баққұлов еңбек өнімділігін арттыру тәжірибесімен бөлісті.«Біздің зауытта роботтандыру екінші жыл қатарынан жүріп жатыр. Мұның нәтижесінде бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі соңғы екі жылда іс жүзінде екі есеге, 27 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін өсті. Біз біліктілігі төмен еңбекті жоғары біліктілікпен алмастырудамыз: егер бұрын бізде қарапайым слесарьлар жұмыс істесе, қазір олардың орнын инженерлер басқан. Тиісінше жалақы деңгейі де өсуде», — деп атап өтті Марат Баққұлов.Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Құсайынов еңбек өнімділігін арттыру және экономиканы технологиялық жаңғырту қажеттігіне назар аударды.«Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы еңбекақы төлеу қорының үлесі шамамен 32% болса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-60%-ға жетеді. Өнімділіктің өсуінсіз жалақының өсуі сөзсіз инфляцияға әкеледі. Сондықтан агломерацияларды дамыту, жасанды интеллектті енгізу, кәсіпорындарды технологиялық қайта жарақтандыру және экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту қажет», — деп атап өтті Ғалым Құсайынов.Отырысты қорытындылай келе, Серік Жұманғарин сарапшылардың барлық ұсынысы мұқият қаралып, алдағы кезде ескерілетінін атап өтті.«Қазірде елге жаңа өндіріспен бірге заманауи технология келетін кезеңде тұрмыз. Бұл жаңа деңгейде маман даярлауға және сұранысқа ие дағдыларды игеруге мүмкіндік тудырады. Сарапшылар қауымдастығымен бірге біз әрбір қазақстандықтың әл-ауқат деп нені түсінетінін және халықтың табысының өсуіне қандай фактор әсер ететіні туралы ауқымды әңгіме бастадық. Экономикалық зерттеулер институты осы тақырып бойынша зерттеуді бастады. Сіздерді өздеріңіздің зерттеу, ұсыныстарыңызбен, сараптамалық пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамыз. Егер бұл мәселе тек жалақыны көтеру арқылы шешіледі десек, бірде-бір бюджет жеткіліксіз болатыны анық. Тұрақты экономикалық өсу, өндірісті дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту қажет. Сондықтан біз сарапшылармен одан арғы диалог жалғасатынына сенеміз. Сараптамалық кеңестің келесі отырыстарында талқылау үшін жаңа ұсыныс күтеміз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1237715?lang=ru
Мәди Такиев ХВҚ-ның Қазақстан бойынша жаңа миссия басшысымен кездесу өткізді 30.06.2026
Астана қ., ҚР ҚМ, 2026 жылғы 9 маусым. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша жаңа миссия басшысы Амина Ларешпен, аға экономист Дина Хэнмен және басқа да сарапшылармен кездесу өткізді.Мәди Такиев ХВҚ Келісім баптары шеңберіндегі тұрақты миссияларды, мақсатты консультациялар мен техникалық көмекті ұйымдастырып отырғаны үшін алғысын білдірді.Кездесу Цифрлық үкіметті қолдау орталығының алаңында өтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін, мемлекеттік қаржының ағымдағы атқарылуын, сондай-ақ Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағыттарын талқылауға арналды.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және бюджеттік үдерістерді цифрландыру бойынша елімізде іске асырылып жатқан бастамалар туралы таныстырылым жасады. Мемлекеттік қаржы саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған талдамалық құралдарды дамытуға ерекше назар аударылды.ХВҚ миссиясының басшысы мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау және мемлекеттік қаржыны басқару салаларындағы Қазақстанның жетістіктерін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1237693?lang=ru