Ауыл аумағында санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
01.07.2026 01:43:23 159
Аталған жұмыстар аясында ағаштардың артық және құрғаған бұтақтарын кесу, аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сондай-ақ шөп шабу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл шаралар ауылдың көркін жақсартып, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.
Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, ауыл аумағын күтіп ұстау бойынша тиісті іс-шаралар тұрақты түрде атқарылатын болады.
⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1237878?lang=ru
