Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН ҮКІМЕТ – ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ НАҚТЫ ІСКЕ АСУДА 18.04.2025
      Түркістан облысында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының №2 отырысы өтті.       Кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының “Халық үніне құлақ асатын үкімет” қағидасы негізге алынды.      2024 жылы облыста жергілікті атқарушы органдар тарапынан 26 миллионнан астам қызмет көрсетіліп, оның 96%-ы электронды түрде ұсынылды.      Цифрлық қызметтер – халыққа ыңғайлы, қолжетімді және ашық мемлекеттік басқарудың кепілі.      Қызмет сапасын арттыру мақсатында қоғамдық мониторинг нәтижелері таныстырылды.                       Мониторинг:      * 15 жергілікті атқарушы орган көрсететін қызметтерді қамтыды.      * 3 негізгі салаға — білім, әлеуметтік қорғау және жер қатынастарына бағытталды.      Бұл бастама – халықтың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттырып, кері байланысты нақты шешімдерге айналдырудың айқын мысалы.      Басты мақсат – халықпен кері байланыс орнату арқылы сапалы, ашық әрі тиімді мемлекеттік қызметті қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/978673?lang=kk
Астанада ҚР Қорғаныс министрінің Қытай елшісімен кездесуі өтті 18.04.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинмен хаттамалық кездесу өткізді. Тараптар әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады.Кездесу барысында бітімгерлік қызмет, кадрлар дайындау, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Қорғаныс министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл деңгейін атап өтіп, қарым-қатынастарды әрі қарай нығайтуға дайын екенін білдірді.Кездесу нәтижесінде тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың оң серпін алғанын тілге тиек етіп, конструктивизм мен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/978669?lang=kk
Елдегі басты аграрлық өңір көктемгі егіс науқанына дайын 18.04.2025
 Ақмола облысының диқандары көктемгі егіс жұмыстарына белсенді түрде дайындалуда. Қоймаларда – егістікке арналған бидай тұқымы мен өсімдіктерді қорғау құралдары мен жаңа техника сатып алынды, сондай-ақ өткен жылғы қарыздық міндеттемелер орындалды.Басты мақсат – мол өнім алып, түрлі тәуекелдерге жан-жақты дайын болу. Бұл Көкшетауда өткен агро­кеңесте көтерілген негізгі мәселе болды. Аталған іс-шараға өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 600-ден астам өкілі, ғылыми-зерттеу институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Жиынды ашқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті зор екенін, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және аграрлық секторды дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады. Ол аграршыларға өнімділік пен тиімділікті арттыру үшін барлық қолжетімді тетіктерді пайдалануға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/978663?lang=kk
Көкшетауда ауыл шаруашылығы көрмесі өтті 18.04.2025
Көкшетауда отандық ауыл шаруашылығы техникасын, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын заманауи құралдарды өндіретін жетекші компанияларды біріктірген ірі ауыл шаруашылығы көрмесі өтті.Іс-шара агроөнеркәсіп кешенінің кең ауқымды өнімдерін қамтыды: инновациялық дрондар мен жоғары өнімді егіс кешендерінен бастап, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен төзімділігін арттыруға бағытталған заманауи агрохимикаттар мен тыңайтқыштарға дейін таныстырылды. Көрмеге барлығы 30-ға жуық компания қатысты.Көрмені Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов тамашалады. Іс-шара барысында олар ұсынылған жаңалықтармен танысып, агроөндірісті дамытуда озық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/978643?lang=kk
Студенттермен кездесу 18.04.2025
2025 жылдың 15 сәуірінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында студенттер мен оқытушылармен кездесу өткізді, онда "Жеке тұлғалардың банкроттығы"тақырыбындағы сұрақтар жарияланды.Кездесу аясында Департаменттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері, олардың артықшылықтары туралы айтып, осы тақырып бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.Сөз соңында С. Аманжолов атындағы ШКУ өкілдері спикерге өз алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/978638?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығына: Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі 80 шақырымдық марафонды ардагерлерге арнады 18.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 1Астана1 өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімі 1-ші мотоатқыштар ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Тимур Ержанов 80 шақырымға жүгірді. Ол бұл жүгірісті майданда қаза тапқан батырлар мен бүгінде көзі тірі ардагерлерге арнап отыр. Спортшының сөресі Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Шешенқара кентінде басталып, өз әскери бөлімінде мәреге жетті.Тимурды бөлім қолбасшылығы, әріптестер мен жас жасарбаздықтар құрметпен қарсы алды.– Осы қашықтықты жүгіру арқылы жігерлі мінезіңізді, жауынгерлік рух пен төзімділігіңізді көрсеттіңіз. Біздің қатарымызда Сіз сияқты сарбаздарға үлгі болатын нағыз патриоттар бар екенін мақтан тұтамыз, – деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Бралинов.7 сағат 21 минут 11 секундқа созылған жүгіріс кезінде марафоншыға әр 10 шақырым сайын ауысып отырған әріптестері қолдау көрсетті. Әйтсе де Тимур Ержанов негізгі қашықтықты тек өз күшіне сүйене отырып еңсеріп шықты.– Мен жүгірумен көптен айналысамын. Марафондарға да жиі қатысып тұрамын. Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай символдық қашықтықты жүгіруге бел будым. Сол арқылы майданда қаза тапқандар мен ардагерлерге құрмет көрсеткім келді. Бөлім басшылығына қолдауы үшін командаға рахмет айтамын, – деді Т. Ержанов.Әскери қызметші мәре сызығында таңқаларлықтай сергек көрінді. Ол 80 шақырым өзіне аса күш түсірмегенін айтады. Жақын арада Ержан Жаңаарқа ауылынан Қарағандыға дейін 200 шақырым жүгіруді жоспарлап отыр.Марафоншыны қолдауға оның туыстары да келді. Тимур жұбайы Жанармен бірге Айару, Амина және Рассул есімді үш бала тәрбиелеп отыр.3-сынып сержанты Тимур Ержановтың бастамасы тек спорттық жетістік емес. Бұл еліміздің өткен тарихына деген ерекше құрмет, әрі нағыз батылдықтың үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/978623?lang=kk
Ардагерлерге қамқорлық 18.04.2025
Алмалы аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкерлері Жеңіс күніне 100 күн қалуына орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы аясында үйде әлеуметтік қызмет алушы, тыл еңбеккері Донаева Советхан апаның үйіне барып, тазалық жұмыстарына көмектесті.Акцияның мақсаты – ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық танытып, қайырымдылықтың маңызын арттыруға үлес қосу. Осындай игі шаралар арқылы біз аға буын өкілдеріне деген құрметімізді білдіреміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/978619?lang=kk
Бас консул Самарқанд облысындағы "PROM PRO EXPO 2025" көрмесіне қатысты 18.04.2025
2025 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд өңірлік салааралық өнеркәсіптік «PROM PRO EXPO 2025» жәрмеңкесіне және аяқ киім, кілем бұйымдары, жиһаз, құрылыс және әрлеу материалдары, тамақ, тоқыма өнеркәсібі өнімдері, туристік қызметтер, автомобиль өндірісі, фармацевтика, электротехника және т.б. өндіруге маманданған кәсіпорындардың қатысуымен өткен Өнеркәсіпшілер форумына қатысты.Іс–шара аясында жетекші компаниялардың өкілдері-спикерлер отандық кәсіпорындардың жетістіктері мен тәжірибесін таныстырды, сондай-ақ панельдік пікірталастар болып өтті.Өнеркәсіпшілер форумы барысында Бас консул бірқатар кездесулер өткізіп, панельдік пікірталастарға қатысып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, үрдістер мен кеңейту мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ Қазақстанға инвестициялар тартуды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде мемлекеттік қолдау туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/978618?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы түрік бизнес өкілдерімен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады 18.04.2025
Ыстанбұл, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркияның жетекші «Orzax» және «Alarko Holding» компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.Келіссөздер барысында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.М.Нұртілеу Қазақстан Түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтіп, экономиканың басым секторларына тікелей инвестициялар тартуға мүдделі екенін жеткізді.«Orzax» компаниясының бас директоры Юнус Эмре Алимоглу Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығару жобасы туралы мәлімет берді. Ол мемлекет тарапынан көрсетілген уақтылы қолдаудың арқасында жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын атап өтті.«Alarko Holding» басқарма төрағасы Иззет Гарих Шымкент қаласында заманауи жылыжай кешені құрылысының барысы туралы айтып, жобаның табысты іске асырылатынына және компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейтетініне сенім білдірді.Сұхбаттастар инвестициялық серіктестікті нығайтуға өзара бейілділігін растап, перспективалы жаңа бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/978610?lang=kk
Рудный қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы туралы хабарлама 18.04.2025
Отырыс тақырыбы:Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралыНормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау Өтетін күні мен орны: 2025 жылғы 16 cәуір, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95Анықтама телефоны: 8 (71431) 39318, 45637. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/978590?lang=kk
«Е-Архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу туралы өндірістік оқу өткізілді 18.04.2025
«Жетісу облысының мемлекеттік архивінің» мамандары «Е-архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу жөнінде өндірістік оқу өткізді. Оқуға мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарға және ведомствалық архивке жауапты мамандары  қатысты. Оқу барысында «Е-Архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу туралы  слайд көрсетілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өндірістік оқу барысында  қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/978553?lang=kk
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Жер заңнамасының нормаларын қолдану, жерді ұтымды пайдалану және топырақтың тозуына жол бермеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Аграрлық кеңес өткізілді. 18.04.2025
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Жер заңнамасының нормаларын қолдану, жерді ұтымды пайдалану және топырақтың тозуына жол бермеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Аграрлық кеңес өткізілді.Кеңесте Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, "Жерді зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мемлекеттік институты" облыстық филиалының, " Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы"филиалының өкілдері сөз сөйледі.Кеңес барысында шаруалар баяндамашыларға оларды толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды.Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қасымханұлы қорытынды жасап, шаруаларға алдағы егіс науқанына сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/978519?lang=kk
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. 18.04.2025
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.Өтініш, жұмыс уақытынан тыс уақытта немесе мереке күндері келіп түскен жағдайда, қарау мерзімі бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978493?lang=kk
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының. 18.04.2025
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" қағидасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйі болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978488?lang=kk
Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. 18.04.2025
Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. Есепке осы мекеменің қызметкерлері қойылады.Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған тұлғалардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978481?lang=kk
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар 18.04.2025
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен не патронат тәрбиешімен шарт жасалған күннен бастап үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978476?lang=kk
Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын 18.04.2025
Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейін соңғы он екі айдағы жиынтық орташа айлық табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген коэффициенті мүгедектігі бар балаларға қолданылмайдымемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарғажалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар есепке қойылады.Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978466?lang=kk
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж. 18.04.2025
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және:1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978456?lang=kk
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" 18.04.2025
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымша "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978444?lang=kk
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының 18.04.2025
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978436?lang=kk