Жаңалықтар
ПАРИЖДЕ ЭДЫҰ БОЛАТ КОМИТЕТІНІҢ 85-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ 15.04.2025
Қазақстан делегациясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов бастап барды. Делегация құрамында ҚР ИДМ Тау-кен металлургиялық өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы Нұрмұхамед Аюпов және ҚР ИДМ Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті жан-жақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Еркебұлан Боранбаева болды.Сессия жұмысы басталғанша Болат комитетінің «Құрылымдық өзгерістерді жеңілдету» семинары өтті. Семинарға үкіметтің, өнеркәсіп және кәсіподақ өкілдері, сондай-ақ академиялық орта сарапшылары қатысты. Олар болат құю секторындағы құрылымдық өзгерістерге ықпал ететін саясатты талқылады. Семинар мақсаты - металлургиялық зауыттардың жабылуының түрлі әлеуметтік салдарларын тереңірек түсіну. Қатысушылар ресурстарды неғұрлым тиімді өндірістік бірліктер үшін қайта бөлуді қамтамасыз ету мақсатында қайта құрылымдаудың әлеуметтік салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда, тиімсіз болат өндірушілерін жабуға көмектесетін саясатты талқылады.Сессияда ЭЫДҰ-ның Экономикалық департаменті әлемдік экономика мен болат нарығының ағымдағы жағдайына шолу жасады. Соңғы деректерге сүйенсек, 2015 жылдан бастап алғаш рет әлемдік болат өндірісі өсім көрсете алады. Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылатын жаңа ірі инвестициялық жобаларды қосқанда, 2019-2021 жылдар кезеңінде өндіріс көлемі 1,6% -ға өседі. ЭЫДҰ мәліметі бойынша, 2017 жылы әлемдегі болат өндірісі 2,250 млн. тоннаны құрады, қазіргі жағдаймен есептегенде 2018 жылы өндіру көлемі шамамен 2300 млн. тоннаға жетуі тиіс. Әлемде болат өндірісі үшін артық өндірістік қуат саладағы басты мәселе болып қала береді.Бұдан бөлек, әлемдік экономика даму перспективалары, халықаралық болат нарығындағы жағдай және басқа да тақырыптар талқыланды. ЭЫДҰ болат комитетінің 85-ші сессиясының материалдары http://www.oecd.org/sti/ сайтында орналастырылған.Фото ашық ақпарат көзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23409?lang=kk
🚨Назар аударыңыз, алаяқтар күшейе түсті! 🚨 15.04.2025
🚨Назар аударыңыз, алаяқтар күшейе түсті! 🚨Сізге ұялы байланыс операторы ретінде қоңырау шалып, SIM картаның жақын арада бұғатталатыны туралы хабарлайды. Әрекетті ұзарту үшін олар сіздің телефоныңызға келетін смс-кодты сұрайды.❗Оған сенбеңіз! ❗Бұл алаяқтық! Осылайша, олар сіздің құрылғыңызға және мобильді банкингке қол жеткізе алады.‼️ Ешқашан SMS-те алынған кодтарды ешкімге бермеңіз және бейтаныс абоненттер сізге ұсынатын әрекеттерді орындамаңыз!Сақ болыңыз және деректеріңізді қорғаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973237?lang=kk
☄️ Қарағандыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды жабыстырған қыздар ұсталды 15.04.2025
☄️ Қарағандыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды жабыстырған қыздар ұсталдыПолиция 14 және 15 жастағы екі қызды ұстады, олардың қолынан шамамен 60 парақша тәркіленді. Олар бұл жұмысты хабарландыру арқылы тапқан және әр парақша үшін 70 теңге төленетіні айтылған.Мектепте мұндай қауіптер туралы ескертілгеніне қарамастан, қыздар жарнаманың зиянсыз екеніне сендіргенін айтты.Толығырақ сайтта.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973236?lang=kk
🔷Бүгін Мұхаметқали Ринат Зәкиұлын жаңа жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтадым. 15.04.2025
🔷Бүгін Мұхаметқали Ринат Зәкиұлын жаңа жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтадым. Шын жүректен сәттілік, табыс және еліміздің игілігі жолындағы жемісті жұмыс тілеймін!🔷Сондай-ақ оның Қостанай облысының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысымды білдірдім. Оның кәсібилігі мен жауапкершілігі әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды жүзеге асырып, өңіріміздің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.🔷Мемлекет басшысы атап өткендей, «Орталық – өңір – орталық» ротация механизмі өңір тұрғындарының сұраныстары мен үміттерін ескеруге, сондай-ақ ел көлемінде үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді. Қостанай облысындағы жұмыс Ринат Зәкиұлы үшін кәсіби қалыптасуындағы құнды кезеңге айналды. Мұнда ол өңірдің ерекшелігін терең зерттеп, тұрғындармен өзара әрекеттесу тәжірибесін арттырып, олардың сұраныстарын жақсы түсіне білді. Маңызды жобаларды сәтті жүзеге асырумен толықтырылған осы білімдер оның кәсіби қасиеттерін дамытуға ғана емес, сонымен бірге республикалық деңгейдегі жаңа міндеттерге дайындалуына мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973234?lang=kk
🔅 ІІМ жылды қорытындылады: 2025 жылы басты назарда профилактика 15.04.2025
🔅 ІІМ жылды қорытындылады: 2025 жылы басты назарда профилактикаТолық ақпарат сайтта.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973231?lang=kk
📱 "Мобильді телефондар мен аксессуарлар сатқан": халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Новосибирскіде ұсталды 15.04.2025
📱 "Мобильді телефондар мен аксессуарлар сатқан": халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Новосибирскіде ұсталдыАқпарат сайтта.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973230?lang=kk
🔹️ «Дроптар» арқылы жасалатын алаяқтық: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырады 15.04.2025
🔹️ «Дроптар» арқылы жасалатын алаяқтық: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырадыАқпарат сайтта.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973226?lang=kk
🔹️ Алматыда екі ер адамнан 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді 15.04.2025
🔹️ Алматыда екі ер адамнан 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркілендіАқпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973217?lang=kk
🤝 Ел полициясы қазақстандықтарға қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін алғыс білдіре отырып, жол қозғалысында және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті сақтау қажеттігін ескертеді. 15.04.2025
🤝 Ел полициясы қазақстандықтарға қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін алғыс білдіре отырып, жол қозғалысында және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті сақтау қажеттігін ескертеді.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және #ЗАҢМЕНТӘРТІП қағидасын қадағалау жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973216?lang=kk
🔹️ Елордалық полиция биылғы ең үлкен пәтер ұрлығы туралы айтты 15.04.2025
🔹️ Елордалық полиция биылғы ең үлкен пәтер ұрлығы туралы айттыАқпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973214?lang=kk
🔹️ Шәйнектегі есірткі: такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектесті 15.04.2025
🔹️ Шәйнектегі есірткі: такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектестіТүркістан облысы полиция департаменті қылмысты ашуға септігін тигізген қоңырау туралы айтып берді.Ақпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973210?lang=kk
Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов 15.04.2025
Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы көлемі 19,4%-ға, құрылыс – 14,1%-ға, жеке инвестициялар – 10,7%-ға, сауда – 9,9%-ға, көлік – 5,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,1%-ға өсті. Орташа жалақы 13,3%-ға өсіп, 329 131 теңгені құрады. Ал 2 жыл ішінде ол 1,4 есе өсті. 17 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық 4,6%-ға дейін төмендеді. ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, кедейлік шегінен төмен тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санын 3964-тен 2356-ға дейін азайтуға қол жеткізілді. Нәтижесінде, АӘК алатын отбасылар санының төмендеу қарқыны бойынша облыс ҚР бойынша екінші орында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973206?lang=kk
📲 Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді: 2000-нан астам sim-карта тәркіленді 15.04.2025
📲 Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді: 2000-нан астам sim-карта тәркілендіАқпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973203?lang=kk
🔸Елордалық полицей концерттік билеттерді сатудың алаяқтық схемасын анықтады 15.04.2025
🔸Елордалық полицей концерттік билеттерді сатудың алаяқтық схемасын анықтадыЖалған билеттер алып, Орда тобының кешіне кіре алмай, алданған астаналықтар полицияға жүгінді. Жәбірленушілер алданғандарын концертке кіре алмаған сәтте ғана білді.Толығырақ сайтта#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973197?lang=kk
🔸Үш жолаушы қос азаматтығы үшін айыппұл арқалап елден шығарылды 15.04.2025
🔸Үш жолаушы қос азаматтығы үшін айыппұл арқалап елден шығарылдыМәскеу-Қарағанды әуе рейсі ұшып келгеннен кейін қала әуежайында үш шетелдік азамат ұсталды.Толығырақ сайттаЖыл басынан бері полицейлер ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3629 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, оның 1077-сі сот шешімі бойынша елден шығарылды. Сонымен қатар, қос азаматтығы бар 412 тұлға анықталып, олар бойынша да тиісті шаралар қабылданды.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973195?lang=kk
🤝 Мүгедектер арбасына таңылған ер адам 5 жылдан астам уақыт бойы полицейлерге қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесіп келеді 15.04.2025
🤝 Мүгедектер арбасына таңылған ер адам 5 жылдан астам уақыт бойы полицейлерге қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесіп келеді15 жыл бұрын Есболат Балабаев жол апатына ұшырап, мүгедектер арбасына таңылды. Күрделі оңалту кезеңінен кейін ол полицейлерге ЖКО-ның алдын алу шараларына көмектесе бастады. Оның мақсаты — өз тәжірибесі арқылы басқаларды осындай тағдырдан сақтандыру.Толығырақ сайтта.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973194?lang=kk
ҚХА-ң даму тұжырымдамасы мен қоғамдық жобаларының іске асырылуы мен орындалуы туралы баяндама оқыды 15.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Елтану» және «Бірлігіміз әралуандықта» жобалары негізінде «Дагестан» этномәдени бірлестігінің төрағасы мен «Возрождение» немістер этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары, этномедиация орталығының жетекшісі Ақтөбе құрылыс техникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, ҚХА-ң даму тұжырымдамасы мен қоғамдық жобаларының іске асырылуы мен орындалуы туралы баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/973188?lang=kk
Мұрат Қабенұлын еске алу би фестивалі 15.04.2025
Өзінің туған Нежинка ауылында Мұрат Кабенович Жұмабеков ойлап тапқан, ұйымдастырған және көптеген жылдар бойы өткізген жыл сайынғы би фестивалі биыл аудандық мәдениет үйінің сахнасында өтті. Бұл мерекені аудандық білім бөлімі мен Өнер мектебі ұйымдастырды. Мұрат Кабеновичтің қызы, Диана Мұратқызы фестиваль қатысушылары мен ұйымдастырушыларына жылы лебіздерімен және тілектерін білдірді. Фестивальге аудан бойынша 140-тан астам қатысушы қатысты. Би нөмірлері үш номинация бойынша ұсынылды: халықтық, заманауи және эстрадалық би. Концерттік бағдарлама 3-5 жас, 6-9 жас, 10-13 жас және 14-16 жас санаттары бойынша өтті. Бұл фестиваль қонақтарға көптеген жарқын және әсерлі билерін сыйлады. Мұрат Кабенович Жұмабеков туралы жарқын естелік оның игі істері мен Мұрат Кабеновичтің есімі берілген би фестивалі болып қала бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/973185?lang=kk
Құрметті кезекте тұрған азаматтар! 15.04.2025
Тұрғын үй орталығы жыл сайын кезек тізімдерін түгендеу және тұрғын үйді кезек тәртібімен беру мәселесін қарау шеңберінде «Халықтың әлеуметтік осал топтары» және «Көп балалы отбасылар» санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтарға тізбеге сәйкес сұратылған құжаттарды ұсынуды сұрайды.Өтініш беру үшін сізде болуы керек:1) ЭЦҚ кілті;2) өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама (анықтама өтінім берген сәтте күніне бір күн, ҚР электрондық үкімет порталынан алынуы тиіс – EGOV.KZ); 3) балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы / отбасы мүшелерінің жеке куәлігі(бар болса);4)неке қию/бұзу/ әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы/ №4 нысан/ қайтыс болу туралы куәлік (бар болса);5) үлесі, тұрғын жылжымайтын мүлкі, жатақханаларда бөлмелері болған кезде меншік құқығының туындағанын растайтын құжаттарды (сатып алу сату/ сыйға тарту/ айырбастау/ жекешелендіру /беру/ мұрагерлік құқығы туралы куәліктің көшірмесі және т. б.) ұсыну қажет;6) өтініш берушінің және кезекте тұрған отбасының құрамында көрсетілген отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болса).Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәсілі:Құжаттар 2025 жылғы 14–30 сәуір аралығында birge.astana.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданады.Ерекше шарттар:Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың қамқоршылары құжаттарды Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының кеңсесіне жеке өзі келіп тапсыруы қажет.Мекенжайы: Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Республика даңғылы, 32 (Тұрғын үй орталығының бірінші қабаты).Назар аударыңыз:Құжаттарды уақтылы тапсырмау немесе олардың болмауы кезек тізімінен шығуға әкеп соғуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/973180?lang=kk
Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңі 15.04.2025
Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2025 жылғы 2 сәуір күні «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында республикалық Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңі өтті.Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңіне 21 оқушы қатысты.Мәшһүр - Жүсіп оқулары қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:І бағыт. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы бойынша: 1 орын. Қадирбекұлы Нұржан. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Карабаева Ф.Ж.2 орын. Ильясов Мейиржан. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Калабаева А.С.3-орын. Жусупова Айша. №7 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Дюсембекова П.Б.3-орын. Еркибаева Асель. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Рамазанова Э.Н.ІІ бағыт. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми-зерттеу жобасын қорғау бойынша: 1 орын. Баикен Асылхан. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Жолшибекова У.Т.2 орын. Есімова Аружан. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Газизова М.Г.3 орын. Исабай Мадина. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Біржікен Э.О.ІІІ бағыт. «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқанын айнасымен» эссе жазу бойынша: 1 орын. Шайзанда Ақбота. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.2 орын. Маратбекқызы Фарида. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Каржасова А.С.3 орын. Исатай Ақнұр. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.IV бағыт. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бойынша: 1 орын. Орманова Аяулым. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Касенов Н.М.2 орын. Уринбасаров Асылбек. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.3 орын. Алтайбай Салима. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Рамазанова Э.Н.V бағыт. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бойынша: 1 орын. Алтайбай Аяулым. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.2 орын. Ергешбай Иврахим. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина А.К.3 орын. Болатов Нурдаулет. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Салимжанова Д.С. 2025 жылғы 15 сәуір күні өткен «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде 1-орынға ие болған оқушылар Шахтинск қаласының намысын қорғау үшін облыстық кезеңге жолдама алды. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/973178?lang=kk