Жаңалықтар
ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ ӨШІРІЛУІ 30.06.2026
КТП-О42 (ӘЖ жұмыстар) Тепличная көш. 22 мекенжайындағы «1+1» дүкені. Жеке сектор: Тепличная көш. 11-31, Гольдаде көш. 1-7, 19, 5а, 2/1-2/6, 34-39, Геологическая көш. 63-69, 101.27-31 шілде 2026 ж 10:00-18:00КТП-DS Corporation (Трансформаторлық кіші станциядағы жөндеу жұмыстары) Ш.Ш. Жәнібек батыр көш. 50а мекенжайындағы «DS Corporation» ЖШС.27 шілде 2026 ж 10:00-13:00КТП-DS Corporation (Трансформаторлық кіші станциядағы жөндеу жұмыстары) РП-27-ден қосылған «DS Corporation» ЖШС.27 шілде 2026 ж 14:00-17:00РП-1 (Әуе желілеріндегі жөндеу жұмыстары) «Лента» дүкені, ЖК Сапбеков, ЖК Сейтенов, ЖК Ахчин Г, ЖК Ахметова, Қайырбеков көш. 420 б мекенжайындағы құрылыс алаңы – «Сара КЗ» ЖШС.27,28 шілде 2026 ж 10:00-18:00@qostanai.ikomekАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1264096?lang=ru
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні 30.06.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1231814?lang=ru
Алматы облысында 602 мыңнан астам баланың денсаулығы бақылауда 30.06.2026
Алматы облысында 602 мыңнан астам баланың денсаулығы тұрақты бақылауда. Бұл туралы Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған брифингте Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.Оның айтуынша, өңірде ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы 4 айында әйелдерді прегравидарлық дайындықпен қамту көрсеткіші 46,7%-ға жетіп, жоспарланған межеден асты.Қазіргі таңда облыста 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді. Сонымен қатар, шала туған нәрестелерге сапалы көмек көрсету, жүкті әйелдер мен балаларға патронаждық бақылау жүргізу, ерте араласу орталықтарының жұмысын күшейту бағытында жүйелі шаралар қолға алынған.«Балалардың денсаулығы — ел болашағының берік негізі. Сондықтан біз профилактикаға, ерте диагностикаға және сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуына ерекше мән береміз», — деді Лейла Серікбаева.Брифинг барысында балалар арасында жиі кездесетін аурулар құрылымы, иммунопрофилактика, стоматологиялық көмекті дамыту және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы да айтылды.Сондай-ақ 25 мамыр мен 5 маусым аралығында облыста «Шекарасыз медицина», «Қауіпсіз жаз» акциялары, ашық есік күндері және шалғай ауылдарға жылжымалы медициналық кешендердің шығуы ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1231852?lang=ru
Атырауда алғаш рет таңдай жырығы бар балаға күрделі пластикалық ота жасалды 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Атырау облыстық балалар ауруханасына Алматы қаласындағы Medical Park орталығынан жоғары санатты бет-жақ хирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмағанов арнайы шақырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.Маманның қатысуымен өңір дәрігерлеріне арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылып, туа біткен бет-жақ ақаулары бар балаларға күрделі операциялар жасау тәсілдері көрсетілді.Алғашқы операция бүгін 1 жас 9 айлық балаға жасалды. Дәрігерлер ота сәтті өткенін айтып, мұндай тәжірибе алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.-Қазір облыста бет-жақ сүйектерінде түрлі ауытқуы бар 300-ге жуық бала есепте тұр. Соның ішінде таңдай жырығы диагнозы қойылған балаларға дер кезінде ота жасау олардың дұрыс тамақтануы мен сөйлеу қабілетінің қалыптасуына оң әсер етеді.28-30 мамыр аралығында өтетін шеберлік сабағы аясында жалпы саны 12 операция жасау жоспарланған. Күніне төрт ота жасалады. Сонымен қатар, 28-29 мамыр күндері профессор Серік Нұрмағанов пациенттерді қабылдап, кеңес береді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.Айта кетейік, бұл бастама Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында былтыр басталып, дәстүрлі жобаға айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1231859?lang=ru
KazAID және БҰҰ ЕҚБ басым бағыттардағы ынтымақтастықты талқылады 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 1 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі басқарма төрағасының м.а. Ж. Асановтың БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Қазақстандағы Бағдарламалық кеңсесінің басшысы М. Сариевамен кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында KazAID-тің басым географиялық және секторлық бағыттары, басқа да даму агенттіктерімен бірлескен бағдарламалары мен іс-шаралары туралы ақпарат ұсынылды. БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері ұйымның Орталық Азия мен Қазақстандағы қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ KazAID және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының арасында пенитенциарлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында іске асырылған бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.Орталық Азиядағы дамуға ресми көмектің (ДРК) жалғыз операторы бола отырып, KazAID серіктес елдерде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесуге өзінің бейілділігін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1231860?lang=ru
Астана делегациясы Қытайда өткен BRICS PartNIR Forum 2026 форумына қатысты 30.06.2026
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов бастаған Астаналық делегация Қытайдың Сямын қаласында өткен BRICS PartNIR Forum 2026 «Advancing the Network of Partner Cities on New Industrial Revolution» форумына қатысты.Делегация құрамына елорданың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, сондай-ақ «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы өкілдері де кірді.«Advancing the Network of Partner Cities on New Industrial Revolution» панельдік сессиясы аясында отандық мамандар Астананың даму перспективалары мен инвестициялық тартымдылығы туралы баяндама жасады.Сондай-ақ жетекші қытайлық кәсіпорындардың өнімдері қойылған көрмені аралап, заманауи технологиялық және өнеркәсіптік шешімдермен танысты.Форум барысында «Golden Dragon» брендіне тиесілі жолаушылар автобустарын шығаратын зауытқа да барды. Делегация өкілдері шасси құрастырудан бастап дайын автобусты шығаруға дейінгі өндірістің толық циклімен танысты.Аталған зауыт Қытайдың автомобиль өнеркәсібіндегі жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады және жолаушылар автобустарын Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам еліне экспорттайды.Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында саммит аясында «Beijing Gongxin International» және «Zijin Gold International Company Limited» компанияларының өкілдерімен B2B форматындағы кездесулер өтті. Келіссөздер барысында жаңа өнеркәсіптік революция серіктес қалалары желісін дамыту, өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Қазақстан астанасына инвестиция тарту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1231869?lang=ru
Астанада Алтын Орданың тарихи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтті 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 19 мамыр – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті.19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістердің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты зерделеу мақсатында отандық және шетелдік жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.Симпозиумның мақсаты – Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді пәнаралық талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу саласындағы елдің ғылыми әлеуетін көрсету және оның Еуразиядағы қазіргі интеграциялық үдерістер үшін маңызын айқындау.Симпозиум аясында Алтын Орданың дала өркениетінің моделі ретіндегі мұрасына арналған тақырыптық көрме де ұйымдастырылды. Экспозицияға археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған.Көрменің құрылымы бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерді қамтиды: мемлекет және билік, дала сәні мен киім үлгілері, әскери іс, дала және қала өркениеттерінің өзара ықпалдастығы, мәдениет, ғылым және өнер. Ерекше назар 70 археологиялық және сәулет ескерткішін қамтитын интерактивті картаға аударылған. Оның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация ұсынылған.Симпозиумда сондай-ақ ЮНЕСКО-ның мәдениет жөніндегі Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Элунду Лазар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азуле, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содносамбуу Дэмбэрэл, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов, сондай-ақ Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев құттықтау сөз сөйледі.Симпозиум барысында Алтын Орданың этносаяси тарихы, оның мұрасының қазіргі заманғы маңызы, болашақ зерттеу бағыттары, материалдық және рухани мәдени мұра, жазба және ауызша дереккөздер, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттік ықпалдастық мәселелеріне ерекше назар аударылады.Форум аясында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын пәнаралық зерттеуге, археологиялық жаңалықтарға, тарихи жады мен бірегейлікті қалыптастыру мәселелеріне арналған мамандандырылған ғылыми секциялар өтеді.Халықаралық форумның маңызды қорытындыларының бірі – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу бастамаларын біріктіруге және түрлі елдердің ғылыми орталықтары мен сарапшылық қауымдастықтары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған Алтын Орда мұрасы жөніндегі Астана декларациясының қабылдануы болды.Қазақстанда халықаралық симпозиумның өтуі елдің Орталық Азия тарихы мен мұрасын зерттейтін жетекші орталықтардың бірі ретіндегі халықаралық беделін одан әрі нығайтуға, ғылыми диалогты кеңейтуге және еуразиялық өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарған тарихи үдерістерді объективті зерделеуге ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1231939?lang=ru
Тараз қаласының прокуратурасы ұйымдастырған азаматтарды қабылдау өтті 30.06.2026
2026 жылғы 21 мамыр күні Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында азаматтарды қабылдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Тараз қаласының прокуратурасы бастамасымен, Жамбыл облысының прокуратурасы басшылығының қатысуымен өтті.Қабылдау Қайрат Рысқұлбеков саябағы аумағында ұйымдастырылып, оған бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Аталған шараға Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бас маман Сатенов Абылхан Александрович қатысып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Қабылдау барысында тұрғындар экологиялық мәселелер, табиғатты пайдалану, жасыл аймақтарды күтіп ұстау және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы сауалдарын қойып, тиісті түсіндіру жұмыстарын алды. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері назарға алынып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.Іс-шараның негізгі мақсаты — халықпен ашық байланыс орнату, азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдау және құқықтық көмек көрсету. Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1231955?lang=ru
ТАРАЗДА МЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ МЕН «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамыр күні Тараз қаласында құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сағат 10:00-де Достық үйінде медиаторлар форумы өтсе, сағат 15:00-де «Mart» сауда-ойын-сауық орталығында «Халық заңгері» акциясы өткізілді.Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ қоғамда медиация институтын кеңінен насихаттау болып табылады.Медиаторлар форумына медиаторлар, заңгерлер, нотариустар, сот орындаушылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың мамандары және Тараз қаласының тұрғындары қатысты. Форумның ашылуында «Заңды сыйлау – өзіңді сыйлау» республикалық жобасының ұлттық сарапшысы, «Ұлттық медиаторлар палатасы» РҚБ басқарма төрайымы С.Ю. Романовская сөз сөйлеп, медиаторлардың қоғамдағы рөлі, дауларды сотқа жеткізбей шешудің маңызы және медиация институтының тиімділігі жөнінде атап өтті.Сондай-ақ «Жамбыл облысының ҮЕҰ қауымдастығы» ЗТБ төрайымы А.О. Заурбекова сөз алып, өңірдегі медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарына тоқталып, азаматтар арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешуде медиацияның маңызын ерекше атап өтті.Форум барысында қатысушылар «Жамбыл облысының үздік медиаторы – 2026» байқауы туралы ақпаратпен танысып, өңірде медиация саласын дамытуға бағытталған бастамалар жөнінде мәлімет алды.Бүгінгі таңда медиация институтының қоғамдағы рөлі артып келеді. Медиаторлар азаматтық, еңбек және өзге де дауларды сотқа жеткізбей шешуге ықпал етіп, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосуда.Осы күні өткен «Халық заңгері» акциясы аясында тұрғындарға мемлекеттік органдардың өкілдері тарапынан тегін құқықтық кеңестер берілді. Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық көмек алды.Аталған шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Абылхан Александрович Сатенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, экология, табиғатты пайдалану, жасыл аймақтарды күтіп ұстау және қоршаған ортаны қорғау салаларына қатысты сұрақтарға заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешудің құқықтық жолдары түсіндірілді.Өткізілген іс-шаралар өңір тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланысты нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1231959?lang=ru
Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады 30.06.2026
Алматы облысында экологиялық туризмді дамыту және жасыл аймақтардың көлемін ұлғайту бағытында бірнеше ірі экопарк жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа нысандарға тартылатын инвестиция көлемі 22 млрд теңгеден асады.Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы көлемі 69 мың гектардан асатын 20-дан астам экопарк жұмыс істейді. Алдағы жылдары олардың қатары жаңа демалыс және рекреациялық аймақтармен толықпақ.Ірі жобалардың бірі – аумағы 10 гектар болатын «Барыс» экопаркі. Жобаның құны шамамен 1,5 млрд теңгені құрайды. Болашақта парк аумағында 7 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен тағы екі ірі жоба іске асырылуда. Аумағы 5,5 гектар болатын «Tal Resort» экопаркінің құны шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңін 2026 жылдың соңында аяқтау, ал нысанды толық пайдалануға беруді 2027 жылға жоспарланған.Сондай-ақ құны 5 млрд теңге болатын «Aykan Resort» экопаркінің құрылысы да жүргізілуде. Жобаның жалпы аумағы 8,5 гектарды құрайды. Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру көзделген.Бұдан бөлек, 2027–2028 жылдары облыста тағы екі жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, «Көшпенділер» экопаркіне шамамен 700 млн теңге, ал «Орталық саябақ» жобасына шамамен 10 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.Алматы облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының мәліметінше, аталған жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып, жасыл аймақтарды кеңейтуге және халық үшін қолайлы демалыс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1231982?lang=ru
ЖОЛ ҚАЗЫЛМАЙДЫ: КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЗАМАНАУИ ӘДІСПЕН ЖАҢАРТЫЛУДА 30.06.2026
ЖОЛ ҚАЗЫЛМАЙДЫ: КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЗАМАНАУИ ӘДІСПЕН ЖАҢАРТЫЛУДАШымкентте инженерлік инфрақұрылым көшені қазбай-ақ, заманауи технология арқылы жаңартылуда. Бүгінде тозығы жеткен кәріз желілерін жаңарту барысында шетелдік Hebei HUANSHUI Pipe Industry Co., Ltd. компаниясының кеңінен қолданылып жүрген спиральді бұрау технологиясы пайдаланылуда. Бұл әдіс жол жабынын бұзбай және қалалық инфрақұрылымға зиян келтірмей ескі құбырларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Технологияның мәні – арнайы жабдықтың көмегімен қолданыстағы тозған құбырдың ішінен жаңа полимерлі құбыр қалыптастыру. Ол спиральді бұрау әдісі арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде инженерлік желілердің ұзақ жылдар бойы сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін берік әрі төзімді құрылым пайда болады. Технологияның басты артықшылығы – жұмысты ауқымды жер қазбай-ақ жүргізу мүмкіндігінде. Бұл жол жабынын сақтауға, көлік қозғалысын шектемеуге және қала тұрғындарына келетін қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс мерзімі едәуір қысқарып, абаттандыруды қалпына келтіру мен жер қазуға кететін шығын төмендейді. Қазіргі таңда «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мамандары технологияны қытайлық серіктестерден меңгеріп, іс жүзінде қолданып жатыр. Жергілікті мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және кәріз желілерін қайта жаңартудың заманауи әдістерін енгізу тұрақты жүргізіліп отырады. Алдағы уақытта бұл технологияны Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңарту барысында кезең-кезеңімен кеңінен қолдану жоспарлануда. Заманауи траншеясыз әдісті пайдалану кәріз желілерінің сенімділігін арттырып, пайдалану шығындарын азайтуға және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1232011?lang=ru
Үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша чемпионаттың қорытындысы шығарылды 30.06.2026
2026 жылғы 22 мамырда Қарағанды қаласында, «А. Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ базасында үш өлшемді компьютерлік модельдеу бойынша чемпионат өтті. Іс-шара «Болашақ инженерлері» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша түрлі санаттардағы жеңімпаздар анықталды:• Модельдеу (10-13 жас):ІІІ орынды Харитониди Николай иеленді («№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі — Ю.В. Федоров).Арнайы номинациялар:«Жас инженер» – Кожин Артем («Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығы» КҚКМ, жетекшісі — А.В. Пак),«Болашақ инженер» – Дулат Нұрдәулет («№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі — Ю.В. Федоров).• Модельдеу (14-17 жас):ІІІ орын Насонова Дарьяға берілді («№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі — А.В. Пак).ІІІ орынды Сафин Максим иеленді («№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі — Ю.В. Федоров).• Прототиптеу (10-17 жас):ІІ орынды Райкова Яна мен Ленганг Давид құрамындағы «№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ оқушылар командасы иеленді (жетекшісі — А.В. Пак).Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1232036?lang=ru
Балаларды қорғау күні: «Отан отбасынан басталады» шығармашылық байқауының үздіктері анықталды 30.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастамасымен өткен «Отан отбасынан басталады» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.Іс-шара орталықтың фойесінде «Менің әкем қаһарман» тақырыбында балалар салған суреттер көрмесінің ашылуынан басталды. Көрмеге еліміздің әр өңірінен қатысқан балалардың шығармашылық жұмыстары қойылды.Шығармашылық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов құттықтап сөз сөйледі.– Қорғаныс министрінің атынан барша бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтаймын. Бүгін «Отан отбасынан басталады» байқауының үздіктерін марапаттағалы тұрмыз. Таланттар осылайша бала кезден танылады. Сендерге әрі қарай да шығармашылық шабыт пен жетістіктер тілеймін. Сендер елдің болашағысыңдар, – деді Арман Әсенов.Байқау бірнеше жас санаты бойынша өтті. 4 жастан 9 жасқа дейінгі балалар арасында «Менің әкем – қаһарман» тақырыбында салынған суреттер бағаланса, 10-13 жас аралығындағы қатысушылар «Менің Отаным» тақырыбында өлең жазудан бақ сынады. Ал 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында бейнероликтер дайындады.Дүбірлі доданың жеңімпаздары төмендегідей орындарды еншіледі. «Менің әкем қаһарман» байқауы бойынша 4 жастағылар арасында жеңіске жеткен Мадияр Аянұлы (ҚӘ ӘИ, Алматы қ.), 5 жас – Айару Байтас (68665 ә/б Астана қ), 6 жас – Асқар Арлан (21751 ә/б Талдықорған қ.), 7 жас – Айсұлу Хасен (32363 ә/б Қонаев қ.), 8 жас – Ералы Ернұрұлы (18404 ә/б Талдықорған қ.), 9 жас – Айдария Русланқызы (18404 ә/б Талдықорған қ.), «Менің отаным» тақырыбына өлең шығару байқауында 10 жастағы балалар арасында бірінші орын Айдын Нұрмаханға (85395 ә/б Тараз қ.), 11 жастағы Ибрахим Асқарұлына (55765 ә/б Астана қ.), 12-дегі Заңғар Асанға (83205 ә/б Астана қ.), 13 жастағы Жанель Тоқтасынға (ҚӘ ӘИ Алматы қ.) бұйырды. 14 жастан 16 жасқа дейінгі балалар арасында өткен «Ешкімде, еш нәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында түсірген бейнероликтер бойынша жеңіске 16 жастағы Ақмарал Бақыт (68665 ә/б Астана қ.) жетті.– Осы байқауға үш балам қатысты. Екеуі әр жас ерекшеліктеріне қарай «Менің Отаным» тақырыбында өлең жазудан жүлделі орындар алды. Қуаныштымыз. Былтыр бір балам «Балдәурен» сауықтыру орталығында демалып келген. Әскери қызметшілердің балаларына жасалып жатқан шаралар үшін Қорғаныс министрлігіне алғысымды айтамын, – деді қатысушылардың анасы Гүлнұр Кемелова. «Шығармашылық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін аниматорлар шоуы, «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының бүлдіршіндері концерті мен «Алтын адам» мультфильмі балалардың мерекелік көңіл-күйін көтере түсті. Шара соңы тәтті балмұздақ үлестірумен аяқталды.Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға, патриоттық тәрбие беруге және балалардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1232059?lang=ru
«Болашаққа билет» форумы 30.06.2026
В рамках форума «Билет в будущее» с 18 по 20 мая прошли конкурсы по направлениям: «Лучший профориентатор», лучшие видеофильмы «Атлас новых профессий», «Лучший бизнес стартап проекты учащихся», творческий конкурс «ACTIV CREATIVE» в рамках областного проекта в области креативных индустрий «Креативное мышление».Победители конкурса «Лучший профориентатор»:3 место - Бирибаева Елена Николаевна – КГУ «Опорная школа (РЦ) имени Абая»Победители конкурса видеороликов «Атлас новых профессий»:3 место - Асылболатқызы Ақбота, Мереке Айару, ученицы КГУ «Опорная школа (РЦ) им.Алихана Бокейхана» Осакаровского района, руководитель: Мукушева Гульмира Серикпековна.Победители конкурса «Лучший бизнес стартап проекты обучающихся»:2 место. Пискунов Владислав, КГУ «Общеобразовательная школа №13» Осакаровского района.Победители творческого конкурса «ACTIV CREATIVE» в рамках областного проекта в области креативных индустрий «Креативное мышление»:Номинация «Комиксы»:3 место - Жантупова Меруерт Оразгалымовна, учитель русского языка и литературы КГУ «Общеобразовательная школа №11» Осакаровского района. Проект: «Письмо себе».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1232075?lang=ru
Қазақстан Елшісі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Чехия Республикасы Парламентінің Тұрақты делегациясының басшысымен кездесті 30.06.2026
Прага, 2026 жылғы 28 мамыр - Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясындағы Чех Республикасы Парламентінің Тұрақты делегациясының басшысы Михал Ратиборскиймен кездесу өткізді. Сенімге негізделген әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы достық қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы, оның ішінде аталған беделді өңірлік ұйымның Парламенттік Ассамблеясы шеңберіндегі табысты өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Тұрақты делегациясының басым бағыттағы қызметімен танысты. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі мақсаты диалогты дамытуға, өзара түсіністікті нығайтуға және ЕҚЫҰ кеңістігіндегі жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу тетіктерін іздестіруге жәрдемдесу екенін атап өтті. Осы тұрғыда Қ. Әбдірахманов 2010 жылы Астанада өткен, осы ғасырдағы жалғыз ЕҚЫҰ Саммитін шақыру үдерісінде Парламенттік Ассамблеяның ерекше рөл атқарғанына назар аударды.Сонымен қатар Елші ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары қызметін атқарған кезеңде Ұйымға қатысушы мемлекеттердің парламент мүшелерімен қалыптасқан сындарлы әрі нәтижелі өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі жағдайда Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің барлық үш өлшемі бойынша теңгерімді ұстаным қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.Екіжақты қатынастарға қатысты тараптар парламенттік дипломатияны Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстарды кеңейту мен нығайтудың, өзара сенім ахуалын қалыптастырудың және тәжірибе алмасудың маңызды құралы ретінде бағалайтынын атап өтті. Осы ретте Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы парламенттеріндегі достық топтарының қызметіне ерекше мән берілетіні айтылды.Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов чехиялық парламентарийді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар туралы хабардар етіп, сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Чехия Республикасының Премьер-Министрі Андрей Бабиштің Астанаға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.Кездесу жылы әрі сындарлы жағдайда өтті және тараптардың парламентаралық байланыстар шеңберінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында Қазақстан-Чехия ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін тағы да растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1232092?lang=ru
Электромобиль иелерінің назарына 30.06.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 24 ақпандағы №35 шешіміне сәйкес, 2022 жылғы 28 наурыз бен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер енгізілді.Жаңа талаптарға сәйкес, мұндай электромобильдерді Ресей Федерациясының азаматтарына және (немесе) Ресей Федерациясында тұрақты тұратын тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге беруге жол берілмейді.Аталған шектеу көлік құралы еркін айналымға шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде немесе кедендік баждар мен салықтар толық көлемде төленгенге дейін қолданылады. Егер меншік иесі үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін электромобильді сатуды, пайдалануға беруді, сенімхат рәсімдеуді, жалға беруді немесе оған қатысты өзге де құқықтарды жоғарыда аталған тұлғаларға беруді жоспарласа, кедендік баждар мен салықтарды заңнамада белгіленген тәртіппен алдын ала төлеуі қажет. Электромобильдерді сату, пайдалануға беру, сенімхат рәсімдеу, жалға беру және өзге де мәмілелер жасау кезінде аталған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1232105?lang=ru
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың үміті мен сенімі. Олардың бақытты күлкісі мен жарқын келешегі – баршамыз үшін ең қымбат құндылық.Осы мерекелі күні барлық балаға зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ, білім мен өнерде табыс, армандарының орындалуын тілейміз.Әрбір отбасының шаңырағында береке мен бірлік орнап, балалар ата-ана мейірімі мен қамқорлығына бөлене берсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1232106?lang=ru
Астанада жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беруге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда. 30.06.2026
Астанада жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беруге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда.Акция өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін.2 маусымда елордадағы барлық мемлекеттік кірістер басқармаларында кеңестерді мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жүргізеді.Кеңес беру кестесі:Аптасына екі рет (Сейсенбі, Бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1232111?lang=ru
ҚР Қаржы министрлігі Astana International Exchange биржасында алғашқы тәуелсіз панда-облигациялардың листинг рәсімін өткізді 30.06.2026
Бүгін AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигацияларының дебюттік шығарылымының салтанатты листинг рәсімі өтті.1,9% кірістілікпен 3,4 млрд юань көлемінде панда-облигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асыра отырып, Қазақстан облигацияларды Қытай қор нарығында BBB рейтингі бар елдер арасында және АА рейтингі бар елдер деңгейінде ең төмен мөлшерлеме бойынша орналастыру арқылы рекорд орнатты. Қазақстан үшін халықаралық инвесторлардың Қытай облигацияларының ішкі банкаралық нарығына (China Interbank Bond Market, CIBM) қолжетімділігін қамтамасыз ететін Bond Connect инфрақұрылымын маңызды пайдалануды атап өту қажет. Осы инфрақұрылымға қосылу Қытай капиталын тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, қазақстандық инвесторлардың әлемдегі ең ірі борыштық нарықтардың біріне қолжетімділігін кеңейтеді және Қазақстан мен Қытайдың қаржы нарықтарының одан әрі интеграциялануына ықпал етеді.Қазақстан Республикасының панда-облигацияларды табысты орналастыруы одан әрі ынтымақтастық үшін берік негіз болды және Қазақстан мен Қытайарасындағы өзара іс-қимылдың және ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.Рәсімге Қаржы министрлігінің басшылығы атынан вице-министр Д.М. Кеңбейіл, AIX биржасының басшылығы, China International Capital Corporation, Industrial and Commercial Bank of China, China Construction Bank Astana, «Teniz Capital Investment Banking» AҚ сондай-ақ Қытайдың Lianhe несиелік рейтинг агенттігін қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың басталуының белгісі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1232133?lang=ru
Қызылордалықтар – «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясының иегері 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев халықаралық, республикалық пәндік олимпиада, ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарымен және олардың жетекші ұстаздарымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының білім мен ғылымға ұмтылысты қолдауының арқасында өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Расында, дарынға ие болу, бұл – бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді»,– деген болатын.Дана халқымыз «Білім – таусылмайтын кен» деп бекер айтпаған. Қай заманда болсын, елдің еңсесін тіктеп, болашағын баянды ететін күш – білімді ұрпақ. Сыр өңірінің ғана емес, күллі Қазақстанның мерейін үстем етіп жүрген Өздеріңіздей талапты да талантты жастармен кездесудің мәні зор», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Биыл 29 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанса, 143 оқушы республикалық олимпиада, ғылыми жоба байқауларында үздік нәтиже көрсетті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясын иеленді. Сонымен қатар, екі оқушы жоғары оқу орындарының білім грантын жеңіп алды.Салтанатты жиында 30 жетекші ұстаз облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, шипажайға жолдама алды. Халықаралық және республикалық білім додаларында үздік нәтиже көрсеткен 36 оқушыға облыс әкімінің Алғыс хаты мен планшет табысталды. Оқушылар мен ұстаздар ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.Айта кетейік, кейінгі жылдары Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде білім беру саласында 46 жаңа нысан іске қосылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты мен музыкалық колледждің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.«Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» іске қосылды. Жақында жаңа балалар тынығу лагері пайдалануға беріліп, алғашқы демалушыларды қабылдады. Бүгін Президент саябағындағы Ботаникалық білім беру орталығы ел игілігіне табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232137?lang=ru