Enbekshi QazaQ
Жаңалықтар Қосымша
Республика күніне орай Қарулы күштерде Мемлекеттік Ту көтерілді 23.11.2026
Республика күніне орай еліміздің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Мемлекеттік Туды көтеруге арналған салтанатты рәсімі өтті.Көк байрағымызды көкке көтеру – ел тәуелсіздігін ұлықтап, ұлттық бірлікті дәріптейтін маңызды рәсім. Мемлекеттік Ту – егемендігіміздің айқын белгісі, халқымыздың ортақ мақтанышы мен ұлттық рухының нышаны.Мерекеге орай қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілер қолбасшылық атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.Әскери қызметшілер «Менің Қазақстаным» челленджіне белсене қатысып, «Қыран елім – Қазақстаным» патриоттық акциясына да өз үлестерін қосты.Әскери бөлімдерде өткен мерекелік іс-шаралар Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел бірлігін нығайтуға және тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Бұл – туған жерге адал қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған әскери қызметшілердің елдік мұраттарға деген беріктігінің көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1317497?lang=ru
Жапонияда Республика күніне орай 35 шақырымдық жаяу шеру өтті 23.11.2026
Токио, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстанның Республика күнін атап өту құрметіне Жапония астанасында 35 шақырымдық жаяу шеру ұйымдастырылды. Таңдалған қашықтықтың символдық мәні зор - ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының 35 жылдық жолын білдіреді.Шеру бағыты Токио тұрғындары арасында серуендеуге және табиғат аясында демалуға арналған танымал орындардың бірі – Тама өзенінің көрікті жағалауы бойымен өтті.Хонханэда саябағынан Инаги-Охаши көпіріне дейінгі жаяу шеру түскі ас пен кофе-брейкке бөлінген үзілістерді қоса алғанда, 7 сағат 34 минутқа созылды.ҚР-дың Токиодағы Елшілігі ұйымдастырған патриоттық акцияға Күншығыс еліндегі қазақтар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ бастамаға қолдау білдірген жапон азаматтары қатысты.ҚР-дың Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Республика күніне арналған ресми және хаттамалық іс-шаралармен қатар, Елшілік қазақстандық дипломатияның қоғамдық қырын көрсететін жаяу шеруді ұйымдастырғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай акция алғаш рет өткізіліп отырған жоқ және біртіндеп Жапонияда тұратын қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды.Қазақстандықтар мен Жапония азаматтарының бірлесіп қатысуы екі ел арасындағы достық байланыстарды және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ортақ ұмтылысты айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1317482?lang=ru
Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің, тәуелсіздігі мен халық бірлігінің символы 23.11.2026
Конституциялық Сотта Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы маңызды тарихи кезең болған Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл құжат дербес мемлекеттіліктің қалыптасуына негіз қалап, еліміздің одан әрі даму бағытын айқындады. Бүгінде Республика күні егемендік, құқық үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау қағидаттарына адалдықтың символына айналды.Салтанатты жиында конституциялық сот төрелігін дамытуға және конституциялық құндылықтарды орнықтыруға үлес қосқан судьялардың, ғылыми қауымдастық өкілдері мен Сот Аппараты қызметкерлерінің кәсіби еңбегі атап өтілді.Конституциялық сот төрелігін дамытуға қосқан үлесі үшін Конституциялық Сотта бұрын қызмет атқарған судьялар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сондай-ақ ұлттық құқықты дамытуға және заңнаманы жетілдіруге қосқан үлесі үшін ғылыми қауымдастық өкілдері мемлекеттік наградаларға ие болды.Конституциялық Сот Аппаратының бірқатар қызметкері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.Сонымен қатар мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкердің ант беру рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1317483?lang=ru
Таллиннде Қазақстанның басты ұлттық мерекесі — Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 23.11.2026
Таллинн, 2026 жылғы 24 қазан — Таллиннде Қазақстанның басты ұлттық мерекесі — Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекені «Лира» ұлттық-мәдени қоғамдарының халықаралық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды.Іс-шара жергілікті қауымдастық өкілдерін, Эстонияның қоғам қайраткерлерін, сондай-ақ осы елде аккредиттелген шетелдік дипломаттарды бір арнаға тоғыстырды. Бұл мереке мәдениетаралық диалог пен халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.Кеш бағдарламасы ұлттық мәдениеттің ажырамас элементтеріне толы болды:Қонақтарды шексіз қазақ даласының атмосферасына бөлеген дәстүрлі әндер мен күйлер;Қазақ мәдениетінің нәзіктігін, байлығы мен ерекше колоритін паш еткен ұлттық билер;Барлық қатысушылар шығыстың қонақжайлылығы мен дәстүрлі тағамдарынан дәм татқан мерекелік кең дастарқан.Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданған күнін айшықтайтын Республика күні дәстүрлі түрде 25 қазанда атап өтіледі. Таллиннде өткен сенбілік кеш мәдени дәстүрлердің арақашықтыққа қарамастан адамдарды біріктіретінін, жүректерге жылулық сыйлап, өзара сыйластықты арттыратынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1317486?lang=ru
«Shymkent AI Forum – 2026»: білім мен технологияны жалғастырған меморандумдар 23.11.2026
20 қараша 2026 жылы өткізілген «Shymkent AI Forum – 2026» аясында цифрлық даму бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Форум барысында жеке компаниялар мен жоғары оқу орындары арасында бірқатар меморандумға қол қойылды. Бұл келісімдер елдегі білім жүйесі мен технология саласының бірлескен даму жолындағы жаңа бетбұрыстың белгісі болды.Аталған іс-шара аясында Tomorrow School мен жоғары оқу орындары арасында да өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар жасалды. Бұл жобалардың жүзеге асырылуына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің өкілі де тікелей қатысты. Атап айтқанда, Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрдәулет Хангелді форумда болып, тиісті келісім құжаттарына қол қойды. Осы арқылы университет цифрлық білім беру бағытындағы серіктестік желісін ресми түрде кеңейтті.Қол қойылған меморандумдардың мақсаты — білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу. Ең алдымен, студенттердің IT және жасанды интеллект бағытында білімін жетілдіруіне жағдай жасалмақ. Бүгінгі таңда технологиялық даму қарқыны мен еңбек нарығының талаптары өсіп жатқан кезеңде осындай серіктестік студент жастар үшін ерекше маңызға ие. Жоғары оқу орны мен жеке сектордың бірлесіп жұмыс істеуі — білім берудегі теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жоюдың тиімді жолы.Меморандумдардың тағы бір маңызды тұсы — студенттерге заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік беру. Аудиторияда алынған теориялық білімді нақты жобаларда қолдана білу — болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарты. Осы тұрғыдан алғанда, жасалған келісімдер тек ресми құжат ретінде ғана емес, студенттердің кәсіби болашағына тікелей ықпал ететін нақты серіктестік ретінде де қабылдануда.Сонымен қатар, аталған ынтымақтастық студенттердің түрлі жобалар мен стартаптарға қатысуына жол ашады. Жасанды интеллект пен IT саласы — инновация мен кәсіпкерлік рухының ең белсенді дамып жатқан аясы. Осы ортаға ертерек енген жастар болашақта нарықтың бағытын өздері қалыптастыра алатын деңгейге жетуі мүмкін. Студенттердің кәсіби ортаға ертерек араласуы тек олардың жеке дамуына емес, тұтас салаға да оң ықпал ететіні белгілі. «Shymkent AI Forum – 2026» дәл осындай мүмкіндіктің есігін ашты.Жобаның басты мақсаттарының бірі — жастардың цифрлық саладағы әлеуетін қолдау. Бүгінгі таңда цифрлық сауаттылық пен технологиялық дағды тек бір мамандықтың ғана емес, жалпы кез келген салада жұмыс жасайтын адамның міндетті құзыреттілігіне айналуда. Дәл осы себепті білім мен бизнестің, технология мен практиканың байланысын күшейту форумның назарынан тыс қалмады. Осы байланыстың нығаюы арқылы жоғары оқу орындары мен жеке компаниялар бірлесе отырып, жаңа буын мамандарды дайындауға өз үлестерін қосуды мақсат тұтады.«Shymkent AI Forum – 2026» аясында жасалған меморандумдар жаңа серіктестіктің бастауы болды. Tomorrow School мен университеттер арасындағы бұл келісімдер цифрлық білім беру экожүйесінің қалыптасуына негіз болуы тиіс. Жеке сектор мен академиялық орта бірлесе жұмыс жасағанда ғана студенттер нақты нарықтық тәжірибені, ал компаниялар білімді де тәжірибелі кадрларды ала алатыны айқын. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың осы бастамаға қосылуы — университеттің заман талаптарына сай икемді даму стратегиясын ұстанып отырғанының айғағы.Форум барысында жасалған келісімдер сала үшін де, студент жастар үшін де жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Технология мен практиканың байланысы нығайған сайын Қазақстанның цифрлық экономикасы жаңа серпінге ие болатыны сөзсіз. Жасанды интеллект пен IT бағытындағы бірлескен жобалар студенттерге тек білім мен дағды ғана емес, кәсіби бағдар мен нақты мансаптық перспектива да сыйлайды.
Қоғам Қосымша
Республика күніне орай Қарулы күштерде Мемлекеттік Ту көтерілді 23.11.2026
Республика күніне орай еліміздің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Мемлекеттік Туды көтеруге арналған салтанатты рәсімі өтті.Көк байрағымызды көкке көтеру – ел тәуелсіздігін ұлықтап, ұлттық бірлікті дәріптейтін маңызды рәсім. Мемлекеттік Ту – егемендігіміздің айқын белгісі, халқымыздың ортақ мақтанышы мен ұлттық рухының нышаны.Мерекеге орай қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілер қолбасшылық атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.Әскери қызметшілер «Менің Қазақстаным» челленджіне белсене қатысып, «Қыран елім – Қазақстаным» патриоттық акциясына да өз үлестерін қосты.Әскери бөлімдерде өткен мерекелік іс-шаралар Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел бірлігін нығайтуға және тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Бұл – туған жерге адал қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған әскери қызметшілердің елдік мұраттарға деген беріктігінің көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1317497?lang=ru
Жапонияда Республика күніне орай 35 шақырымдық жаяу шеру өтті 23.11.2026
Токио, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстанның Республика күнін атап өту құрметіне Жапония астанасында 35 шақырымдық жаяу шеру ұйымдастырылды. Таңдалған қашықтықтың символдық мәні зор - ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының 35 жылдық жолын білдіреді.Шеру бағыты Токио тұрғындары арасында серуендеуге және табиғат аясында демалуға арналған танымал орындардың бірі – Тама өзенінің көрікті жағалауы бойымен өтті.Хонханэда саябағынан Инаги-Охаши көпіріне дейінгі жаяу шеру түскі ас пен кофе-брейкке бөлінген үзілістерді қоса алғанда, 7 сағат 34 минутқа созылды.ҚР-дың Токиодағы Елшілігі ұйымдастырған патриоттық акцияға Күншығыс еліндегі қазақтар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ бастамаға қолдау білдірген жапон азаматтары қатысты.ҚР-дың Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Республика күніне арналған ресми және хаттамалық іс-шаралармен қатар, Елшілік қазақстандық дипломатияның қоғамдық қырын көрсететін жаяу шеруді ұйымдастырғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай акция алғаш рет өткізіліп отырған жоқ және біртіндеп Жапонияда тұратын қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды.Қазақстандықтар мен Жапония азаматтарының бірлесіп қатысуы екі ел арасындағы достық байланыстарды және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ортақ ұмтылысты айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1317482?lang=ru
Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің, тәуелсіздігі мен халық бірлігінің символы 23.11.2026
Конституциялық Сотта Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы маңызды тарихи кезең болған Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл құжат дербес мемлекеттіліктің қалыптасуына негіз қалап, еліміздің одан әрі даму бағытын айқындады. Бүгінде Республика күні егемендік, құқық үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау қағидаттарына адалдықтың символына айналды.Салтанатты жиында конституциялық сот төрелігін дамытуға және конституциялық құндылықтарды орнықтыруға үлес қосқан судьялардың, ғылыми қауымдастық өкілдері мен Сот Аппараты қызметкерлерінің кәсіби еңбегі атап өтілді.Конституциялық сот төрелігін дамытуға қосқан үлесі үшін Конституциялық Сотта бұрын қызмет атқарған судьялар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сондай-ақ ұлттық құқықты дамытуға және заңнаманы жетілдіруге қосқан үлесі үшін ғылыми қауымдастық өкілдері мемлекеттік наградаларға ие болды.Конституциялық Сот Аппаратының бірқатар қызметкері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.Сонымен қатар мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкердің ант беру рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1317483?lang=ru
Таллиннде Қазақстанның басты ұлттық мерекесі — Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 23.11.2026
Таллинн, 2026 жылғы 24 қазан Таллиннде Қазақстанның басты ұлттық мерекесі Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекені Лира ұлттық-мәдени қоғамдарының халықаралық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды.Іс-шара жергілікті қауымдастық өкілдерін, Эстонияның қоғам қайраткерлерін, сондай-ақ осы елде аккредиттелген шетелдік дипломаттарды бір арнаға тоғыстырды. Бұл мереке мәдениетаралық диалог пен халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.Кеш бағдарламасы ұлттық мәдениеттің ажырамас элементтеріне толы болды:Қонақтарды шексіз қазақ даласының атмосферасына бөлеген дәстүрлі әндер мен күйлер;Қазақ мәдениетінің нәзіктігін, байлығы мен ерекше колоритін паш еткен ұлттық билер;Барлық қатысушылар шығыстың қонақжайлылығы мен дәстүрлі тағамдарынан дәм татқан мерекелік кең дастарқан.Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданған күнін айшықтайтын Республика күні дәстүрлі түрде 25 қазанда атап өтіледі. Таллиннде өткен сенбілік кеш мәдени дәстүрлердің арақашықтыққа қарамастан адамдарды біріктіретінін, жүректерге жылулық сыйлап, өзара сыйластықты арттыратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1317486?lang=ru