‼️ Құрметті Қазақстан Республикасы азаматтары,
Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне және қалыптасқан жағдайдың дамуына байланысты Қазақстан Елшілігі сабыр сақтауға және жоғары қырағылық танытуға шақырады.
Қазіргі уақытта Катардың ресми органдары халық үшін төтенше шаралар енгізілгені туралы жариялаған жоқ. Елдегі жағдай тұрақты және құзыретті органдардың бақылауында.
Жеке қауіпсіздік мақсатында төмендегілерді ұсынамыз:
• мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
• жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және жоғары қырағылық таныту;
• жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын мұқият қадағалау;
• сақтық шарасы ретінде ауыз су, азық-түлік және қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын алдын ала қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшілігі жағдайды бақылауды жалғастыруда және қажет болған жағдайда азаматтарды ықтимал өзгерістер туралы жедел түрде хабардар етеді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда Елшілікке келесі «жедел желі» нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
+974 5064 9955
+974 5100 0733
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Катар Мемлекетіндегі Елшілігі
_____________
‼️Уважаемые граждане Республики Казахстан,
В связи с ростом напряженности в регионе Ближнего Востока и развитием текущей обстановки Посольство Республики Казахстан рекомендует сохранять спокойствие и проявлять повышенную бдительность.
На данный момент официальные власти Государства Катар не объявляли о введении чрезвычайных мер для населения. Ситуация в стране остается стабильной и находится под контролем компетентных органов.
В целях личной безопасности рекомендуем:
по возможности ограничить посещение мест массового скопления людей;
соблюдать меры личной безопасности и проявлять повышенную бдительность;
внимательно отслеживать сообщения местных властей и официальных источников информации;
заблаговременно обеспечить наличие достаточного запаса питьевой воды, продуктов питания и необходимых медикаментов в качестве меры предосторожности;
держать мобильные телефоны заряженными и иметь при себе необходимые средства связи.
Посольство Республики Казахстан в Государстве Катар продолжает мониторинг ситуации и при необходимости оперативно проинформирует граждан о возможных изменениях.
В случае экстренной ситуации вы можете связаться с Посольством по телефонам горячей линии:
+974 5064 9955
+974 5100 0733
С уважением,
Посольство Республики Казахстан
в Государстве Катар