Қоғам
Мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 05.04.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 14 сәуірден бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру рәсімін біріздендіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өткізіледі.Осыған байланысты, 2026 жылғы 14 сәуірге дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар (нормативтік құқықтық актілерде, жұмыс процестерінде, салықтық және кедендік әкімшілендіруде, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және т.б.) туындаған проблемалық мәселелерді a.dzhagaparova@kgd.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.Сұрақтар туындаған жағдайда 53-53-51 телефоны бойынша хабарласу қажет.Павлодар облысы бойынша МКД адами ресурстар басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1190139?lang=kk
Қазақстанның Пхукеттегі Консулдығының ашылуы 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Пхукеттегі Консулдығының ресми сайтына қош келдіңіз!Қазақстан Республикасының Пхукеттегі Консулдығының ашылғанын қуана хабарлаймыз. Бұл еліміздің әсем аралдағы алғашқы дипломатиялық өкілдігі.Біздің басты мақсатымыз – Таиландта тұратын және саяхаттайтын Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ екі ел арасындағы достық және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал ету.Біздің сайттан консулдық қызметтер, виза мәселелері, құқықтық қолдау туралы өзекті ақпаратты, сондай-ақ Консулдық қызметіне қатысты жаңалықтар мен оқиғаларды таба аласыз.Біз әрқашан ынтымақтастыққа және көмектесуге дайынбыз!📞 Байланыс нөмірі – +66 95 790 7723📧 Электрондық пошта – phuket@mfa.kz, kazconsul.phuket@gmail.com.Құрметпен,Қазақстан Республикасының Пхукеттегі КонсулдығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-phuket/press/news/details/969116?lang=kk
Жалағаш ауылында шахматтан жасөспірімдер арасында жарыс өтті. 05.04.2025
Бүгін Жалағаш ауылында еңбек ардагері, меценат Рысбек Тұңғатаровты еске алу мақсатында шахматтан жасөспірімдер арасында жарыс өтті.Жарысқа аудандағы 52 жасөспірім шахматшылар қатысты. Жеңімпаздар жоғары сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969114?lang=kk
Жолдарды жөндеу 05.04.2025
Жолдарды жөндеу-көктемгі абаттандыру жұмыстарының бір бағыты. Ауданның магистральдық және қосалқы жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. “Таза Қазақстан” бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында Райымбек даңғылы, Масаншы көшесі бойынша шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Жаяу жүргіншілер аймақтары - Әйтеке би, Гоголь, Мәметов және басқа да көшелердегі тротуарлар жөнделуде. Таза және жайлы қалалық орта-біздің ортақ мақсатымыз. Бірге біз өз қаламызды жақсырақ және жайлы етеміз.#АлматыНашОбщийДом#НасМногоГородОдин #АлматыБіздіңОртақҮйіміз#ТазаҚазақстан#ҚалаБіреуХалықТіреу#АлматыБіздіңОртақҮйіміз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/969109?lang=kk
Білім-жаңа өмірдің бастауы 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің "№48 және №50 мекеме" аумақтарында орналасқан Петропавл кәсіптік колледжі көптеген жылдар бойы сотталғандарды оқытып қана қоймай, сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім, мемлекеттік үлгідегі диплом алуға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.№ 48 мекемеде колледж тас қалаушыларды, ағаш ұсталарын, сантехник- слесарларды және электр-газ дәнекерлеушілерді оқытады, ал әйелдер колониясында тігіншілер, сән дизайнерлері және плитка қаптаушылары дайындалады. Оқу орнында оқу мерзімі 10 айды құрайды және барлығында сияқты 1 қыркүйек күні басталады. Маусым айының соңында түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады.Петропавл кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері Қуанышбай Исенов 2018 жылдан бастап №48 мекемеде жұмыс істейді. 1988 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді, Еңбек Қызыл Ту Орденінің игері болып табылады. Бүгін мекеме мен колледждің басшылығы мен жеке құрамы Қуанышбай Исеновті лайықты зейнет демалысында шығарып салды.«Біздің кәсіби колледжіміз сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуды ұсынады, олардың арасында "электр газбен дәнекерлеуші" мамандығы ерекше танымал. Бүгінгі күнге дейін мен "электр газбен дәнекерлеуші және дәнекерлеу жабдықтарының арнайы технологиясы" теориялық курсы бойынша сабақ бердім. Сонымен қатар, практикалық сабақтар өткіздім: дәнекерлеу технологияларын игеру, әртүрлі металдармен жұмыс, дәнекерлеу қосылыстарын орындау. Оқыту практикалық дайындыққа қажетті барлық заттармен жабдықталған оқу сыныптары мен шеберханаларда жүргізіледі. Менің №5 тобымда 25 дәнекерлеуші оқиды. Олардың кейбіреулері дәнекерлеу өндірісімен таныс, бірақ арнайы білімі жоқ. Әрине, дәнекерлеу ісімен алғаш танысқандар да бар»,- деді Қуанышбай Исенов.Мұғалім түзеу мекемелерінде электр газбен дәнекерлеуді оқыту сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың маңызды қадамы деп санайды. Алынған білім мен дағдылар бостыланнан кейін жаңа өмірге мүмкіндік береді, қылмыс қайталану деңгейін төмендетеді және қоғамға сәтті интеграциялануға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/969087?lang=kk
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 4 сәуірінде жұмыс істемейді 05.04.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қытайдағы Цинмин мерекесіне байланысты «Алакөл» және «Нұр жолы» өткізу бекеттері 2025 жылдың 3 сәуірі сағат 20:00-ден 2025 жылдың 5 сәуірі сағат 08:00-ге дейін жұмыс істемейтінін хабарлайды."Алтынкөл-жол", "Теміржол", "Қорғас ШХЫО" өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/969069?lang=kk
Аудан көлемінде жұмыс уақытын таңғы сағат 8-ге ауыстыру жоспарлануда. 05.04.2025
Аудан көлемінде жұмыс уақытын таңғы сағат 8-ге ауыстыру жоспарлануда, бұл өзгеріс қызметкерлер тарапынан оң бағаланып отыр деп есептейміз, енді 5 күндік жұмыс істейтін мекемелер жұмыс уақыты сағат 8-ден басталып кешкі 17:30 да аяқталады , түскі үзіліс 12:00 ден 13:30 аралығында болады , қызметкерлердің тиімді әрі сапалы жұмыс істеуі үшін жасалған бұл өзгеріс жақсы нәтиже береді деген үміттеміз, сонымен қатар бұл жұмыс уақытысы денсаулыққа да пайдалы себебі ерте басталатын жұмыс, жұмыс уақытымен үзіліс арасындағы мемлекеттік қызметкерлердің жақсы көңіл күйін және еңбек өнімділігін арттырады ал кешке үйлеріне қайтып үй шаруасымен айналысуғада қолайлы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969068?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 05.04.2025
Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мекемелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда, "Тобыл" МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шеңберінде 2025 жылғы 15 маусымда Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ғимаратында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1241403?lang=ru
Баспасөз релизі 05.04.2025
Елордада ҚАЖ қызметкерлеріне кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету, азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді болдырмаудың өзекті мәселелеріне арналған тренинг өткізілді. Біздің қызметкерлердің білім деңгейін арттыру пенитенциарлық жүйедегі басым бағыт болып табылады. Мұндай іс-шаралар адам құқықтары мен сот төрелігі саласындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Тренингтің мақсаты:Кінәсіздік презумпциясы және азаптаулардан бас тарту саласындағы халықаралық стандарттар бойынша білімді өзектендіру.Оқыту процестеріне кінәсіздік презумпциясы және азаптаулардың алдын алу тұжырымдамаларын практикалық енгізу арқылы жаттықтырушылар жұмысының тиімділігін арттыру.ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық оқу орындары мен мекемелерінде тренингтер әзірлеу және өткізу үшін жаттықтырушылардың құзыреттерін дамыту. Тренингтің міндеттері:Қатысушыларды кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз етудің және азаптаулардан қорғаудың халықаралық тәжірибесімен таныстыру.Қазақстанда нормативтік-құқықтық регламенттеуді зерделеу.Кінәсіздік презумпциясы және азаптаудан бас тарту тұрғысында адам құқықтарын сақтауға қатысты сот практикасынан нақты кейстерді талдау.Құрылымды әзірлеу және тренингтерді жоспарлау бойынша білімді жаңарту. Сапалық білімді беру үшін спикерлер ретінде Алматы қалалық сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты Светлана Яковлева, Түркістан облысы аудандық сотының төрағасы Сапархан Омаров, сондай-ақ, ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Садыбеков шақырылды. Тренинг қатысушыларға адам құқықтары, сот төрелігі және азаптаудың алдын - алу мәселелерінде өз білімдерін тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және практикалық тиімділігін арттыруға бірегей мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/969043?lang=kk
Болгария астанасында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілді 05.04.2025
София, 2025 жылғы 2 сәуір - Болгария астанасында Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы музыканттарының концерті өтті.Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев қонақтарды қарсы алып, Наурыздың тарихы туралы айтып, оның бейбітшілікті, достық пен келісімді бейнелейтін ұлттық мәдениеттегі аса маңызды мереке ретіндегі терең мәнін атап өтті. «Қазақконцерт» МАКҰ музыканттарының орындауындағы концерт ұмытылмас әсер қалдырды. Халық аспаптары домбыра, қобыз және жетігінде орындалған шығармалар еліктірер әуендерді жандандырып, нағыз көктем мерекесінің атмосферасын қалыптастырды.Концерттен кейін қабылдау өтіп, онда қонақтар Наурыз үшін дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік ала отырып, олардың әрқайсысы қазақ қонақжайлылығының мәнін жеткізе алатын шеберлікпен және сүйіспеншілікпен орындалды. Қазақтың аспаздық әртүрлілігі кешке ерекше жылулық пен қуаныш атмосферасын қосты.Іс-шараға Болгария Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшылары, Халық Жиналысының (Парламенттің) депутаттары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылары, шығармашылық зиялы қауым, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.Бұл кеш ұлттық музыка сұлулығының және мәдени мұрамыздың бірегейлігінің жарқын үлгісі болды. Айта кетейік, Наурыз мерекесі болгарлық «Първа пролет» мерекесімен сәйкес келіп, ұқсас мағынаға ие және көктемнің басталуын бейнелейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/969035?lang=kk
Құрметті ақжаулықты аналар, ақпейілді аналар мен ару қыздар. Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 05.04.2025
Құрметті ақжаулықты аналар, ақпейілді аналар мен ару қыздар. Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сабыр мен төзімнен жаралған, əрбір шаңыраққа нəр берген , бар қиындықты төзіммен көтере білген , əр əулеттің абыройын асқақтатқан , ағайынның ынтымағын арттырған , өмірге ұлды да қызды да əкелген , отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын , шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең етіп ұстап отырған аяулы да ардақты АНАЛАР МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН !!! Көктемнің шуақты күнімен қатар келген аналар мерекесі құтты болсын!!! Ана өмірдің бұлағы. Ана баланың шырағы. Әрбір үйдің шырағы мен жарығы сөнбесін! Аналарымыз аман болсын! Келе жатқан мерекелеріңізбен!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969030?lang=kk
Қамқор 05.04.2025
«Қамқор» жобасы аясында тәлімгерлер Копперова А.С. ,Ягудина А.Р. ұйымдастыруымен орман күзетінің қызметкерлері Воротников В.Н.,Галкин А.А., еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Керімхан Ә. өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және жас түлектермен бірге құстарға үйшік жасады. Құстар үшін бұл келесі қаһарлы қыста үлкен көмек болса, ал жас түлектер үшін бұл-алтын ұя мектептерінде қалдырып кететін ізі, баға жетпес естелігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/969024?lang=kk
Су тасқынына қарсы жұмыстар 05.04.2025
Мариногор ауылдық округіне қарасты Мариногорка ауылында ауыл орталығынан өтетін өзен арнасы кеңейтілді. Көктемгі еріген кезде таудан аққан су әдетте өзен арнасына жетпей, ауыл тұрғындарына тасқын қаупін туғызды. Биыл коммуналдық қызметтің техникалары өзен арнасын толығымен тазартып, кеңейтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1107025?lang=kk
МӘМС бойынша қажетті дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады? 05.04.2025
Тегін дәрі-дәрмек белгілі бір аурулар кезінде беріледі. (Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар жекелеген санаттағы азаматтарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген).Пациент өз емханасына барып, диагнозын растау үшін тиісті тексерулерден өту керек. Ары қарай пациент диспансерлік есепке алынған болса, ол рецепт бойынша жеке куәлігін көрсетіп, емхана жанындағы дәріханадан тегін дәрілер алады.Кей жағдайда қажетті дәрі-дәрмектер болмай қалады. Бұл жағдайда, «СК-Фармация» байланыс орталығына 1439 нөмірі арқылы жүгінген жөн.Бұдан бөлек, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyryBot, Қордың msqory.kz/ru/ ресми сайты арқылы өтініш қалдыруға болады.МӘМС туралы толық ақпарат @msqory_abai аккаунтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/968988?lang=kk
Қазақстан мен Әзербайжан әскери қызметшілері ақпаратты техникалық қорғау мәселелерін талқылады 05.04.2025
Ақпаратты қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл саласындағы әскери мамандардың кездесуі ҚР Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында өтті.Әскери қызметшілер техникалық барлауды анықтау мен оған қарсы іс-қимылдың заманауи жүйелерін қолдану тәжірибесін, сондай-ақ ақпарат алудың тиімді әдістерін бөлісті.– Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруға озық технологиялар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құпияларды қорғау әдістерін жетілдіруге бағытталған халықаралық ынтымақтастық көмектеседі, – деп ҚР Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Тимур Сәдуақасов кәсіби байланысты нығайтудың маңыздылығын айтты.Тараптар бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді, тәжірибе алмасуды және ақпаратты техникалық барлаудан қорғауды қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді әзірлеумен қоса ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968975?lang=kk
Алтай қаласының технологиялық колледжі базасында Жұмысшы мамандығы жылына арналған айтулы оқиға – «Мамандығым-мақтанышым» WORDSHOP диалогтық алаңы, жұмысшы-шеберханасы алаңы өтті. 05.04.2025
Студенттер және түлектермен кездесу жастар арасында еңбексүйгіштік, кәсіпқойлық қағидаттарын және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.Алтай ауданында Алтай технологиялық колледжі, Серебрянск, ауылшаруашылық колледждерінде студенттер жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады. Кездесу барысында колледждердің оқытушылары жұмыс тәжірибелерін қорытындылап, жұмысшы мамандарын даярлаудағы жетістіктерімен бөлісті.Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Аскарова өз сөзінде Мемлекет басшысы айтқандай қажырлы еңбек пен кәсіпқойлық құндылықтарын қоғамда кеңінен насихаттаудың маңыздылығын, тәуелділіктен аулақ болу қажеттілігін атап өтті. Бүгінгі мектеп түлектерін сұранысқа ие болу үшін қандай мамандық таңдау керектігін мұқият ойластыруға шақырды. Жұмысшы мамандықтарын танымал ету, олардың тартымдылығын арттыру мақсатындағы іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады, деді Жанна Аскаровна.Бүгінде мемлекет кәсіби білім беруді дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлуде. Мансап орталықтары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жастар мен ересектерге жұмысшы мамандықтарын тегін меңгеруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда.Мансап ортылығының директоры Б.Бекбусинов ауданда осы бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.Осындай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының тек кәсіп емес, өңір экономикасы мен дамуының іргетасы екенін дәлелдейді.Аудан колледждері еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды дайындау жұмыстарын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/968970?lang=kk
Жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 05.04.2025
Маңғыстау облысы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсете отырып, ұсыныстарды osr.osr@bk.ru электрондық мекенжайына қабылдау жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1192490?lang=kk
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалар кітап апталығы бастауын алды 05.04.2025
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалар кітап апталығы бастауын алды, бұл дегенiмiз, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған танымдық және мерекелiк iс-шаралар бiр жұма бойы өткiзiледi. Халықаралық балалар кiтап апталығы 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестiң шешiмiмен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннiң туған күнiне орай атап өтiледi.2025 жылдың 2 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен №12 жалпы білім беретін мектеп бірлесе отыра, аталмыш білім ордасының қабырғасында Халықаралық балалар кітабы күніне орай кітап апталығының ашылу салтанатын өткізді. Оған бастауыш сынып оқушылары қатысты. Балалар қазақ әдебиетінің белгілі ақындарының өлеңдерін жатқа айтып, әннен шашу шашты. Балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Оқушылар өздерінің білім көкжиектерін көрсетіп, кітапханашылар дайындап келген викториналық сұрақтарға дұрыс және тез жауап берді. Бұл күні ешбір бала сыйлықсыз қалмады. Ашылу салтанатына «Гормолзавод» ЖШС демеушілік көрсетіп, оқушыларға балмұздақтар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/968954?lang=kk
«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» операторы хабарлайды! 05.04.2025
«Шығармашылық» бағыты бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты әлеуетті жеткізушілердің жаңа өтінімдері artsport.edu.kz ақпараттық жүйесінде 2025 жылғы 7 сәуірге сағат 11-00-ден 12-00-ге дейін қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1205177?lang=kk
Алматы облысы бойынша Шекара қызметі Департаментінде ұсыныс қаралды 05.04.2025
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Алматы облысы бойынша Шекара қызметі Департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыныс қаралды.Жиналысқа Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Бахытов Дамир Берікұлы, Шекара қызметі Департаменті бастығының бірінші орынбасары Алиев Айдос Абдивахабұлы, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің АМІЖ тергеушісі Еркін Нұрлан Елжасұлы және Шекара қызметі Департаментінің жеке құрамы қатысты.Қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқықбұзушылықтарға ықпал еткен себептерді жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.Атап айтқанда, жұмысқа үміткерлерді іріктеу, олардың құжаттарын қабылдау және медициналық комиссиядан өту кезінде қызметкерлердің жұмысын ведомстволық бақылауды енгізу, сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізу ұсынылды.Жиналыс соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қызметкерлердің қызметін ведомстволық бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/968918?lang=kk