Enbekshi QazaQ

Қоғам

Есік көлі бөгетінің реконструкциясы 05.04.2025
2025 жылы Есік көлінде бөгеттің ауқымды реконструкциясы басталады. Жобаға 23,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылып, гидротехникалық құрылымның қауіпсіздігін арттырумен қатар, өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Құрылыс жұмыстары барысында 180 жаңа жұмыс орны ашылады.Реконструкция 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Осы кезеңде бөгетті кешенді сараптамадан өткізу, жобалық құжаттаманы әзірлеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастау көзделген. Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізіледі.“Хабель” ЖШС-нің бас директоры жобаның аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңыздылығын атап өтті: “Есік – біз үшін жай ғана көл емес, өміріміздің мәні. Біздің мақсатымыз – Есік көлін бүкіл Қазақстанның көрнекті орнына айналдыру. Табиғатқа, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне,  жалпы биосфераға ұқыпты және саналы көзқарас – біздің негізгі ұстанымымыз.”Реконструкцияның алғашқы кезеңі бес жылға жоспарланған және келесі жұмыстарды қамтиды:•Бөгетті нығайту және оның сенімділігін арттыру.•Туристік инфрақұрылымды дамыту – жылжымалы тамақтану орындарын орналастыру, байланыс мұнараларын орнату, модульдік үйлер салу.Барлық жұмыстар мемлекеттік органдардың қатаң бақылауымен жүзеге асырылады. Құрылыс және пайдалану стандарттарының сақталуын уәкілетті органдар қадағалайды. Сонымен қатар, жеке инвестор тартатын мердігерлік ұйымдар құрылыс және бөгеттерді пайдалану саласындағы заңнамалық талаптарға сәйкес болуы тиіс.Есік көліндегі бөгетті реконструкциялау – гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, туристік саланы дамыту үшін де маңызды қадам. Жоба нысанның сенімділігін арттырып қана қоймай, өңірге туристерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңартылған инфрақұрылым аймақтың тартымдылығын арттырып, оның экономикалық өсіміне серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/969363?lang=kk
«HungExpo Budapest» Мажарстан көрме орталығының басшылығымен кездесу туралы 05.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 1 сәуір – ҚР Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «HungExpo Budapest» Бас директоры Габор Ганчермен кездесті. Кездесуге «HungExpo Budapest» бизнесті дамыту жөніндегі директоры Клара Тихани де қатысты.Сұхбаттасу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Осы тұрғыда көрмелерді өткізу және оларға қатысу, оларды көрмеден кейін пайдалану тәжірибесімен алмасу мақсатында «QazExpoCongress» қазақ көрме кешенімен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бұған қоса, екі елдің экономикалық жетістіктері мен мәдени құндылықтарын көрсету үшін «HungExpo Budapest» көрмесіне түрлі салалардағы қазақ компаниялардың қатысуы талқыланды.Анықтама: «Hungexpo Budapest» компаниясы 1921 жылы құрылған Мажарстандағы көрмелер мен конференциялардың жетекші ұйымдастырушысы болып табылады. Көрме орталығының аумағы 36 гектар жерде орналасқан және 3 конференц-зал, конгресс-орталық және 7 көрме павильондарын қамтиды. 2021 жылы аяқталған жандандыру бағдарламасы «HungExpo» павильондарын жөндеуге және жаңа көрме павильондары мен конгресс-орталық салуға әкелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/969360?lang=kk
Қазақстан Мажарстанда құрметті консулдық институт аясын кеңейтуде 05.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның Веспрем, Ваш және Фейер облыстарын қамтитын Веспрем қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығының ресми ашылуына қатысты.Салтанатты рәсімге Веспрем қаласы мен Веспрем, Ваш және Фейер облыстарының іскерлік, қоғамдық топтары мен сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысты.Іс-шараны аша отырып, Елші Абзал Сапарбекұлы Мажарстан – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық әріптесі және бүгінгі берік саяси ынтымақтастық пен тығыз экономикалық байланыс – соның айқын дәлелі екенін баса айтты.Сонымен қатар, Қазақстан дипломаты қазақ-мажар ортақ тарихи бауырлас түбінің ерекшелігін ескере отырып, Құрметті консулдықтың алдында Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғау, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, Веспрем, Ваш және Фейер обаластарында Елшіліктің консулдық қызметтеріне қолғабыс көрсету мәселелері маңызды екенін атап өтті.Өз кезегінде Веспрем, Ваш және Фейер обаластарын қамтитын құрметті консулдық округының басына тағайындалған Габор Шаги, Құрметті консул қызметін атқаруға білдірген сенім үшін алғысын білдіріп, Мажарстан мен Қазақстан арасындағы байланыстар мен өңірлік аралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге, сондай-ақ облыстық  институттарымен өзара әрекеттесумен жаңа мазмұнды толтыруға және жан-жақты дамуына бағытталған барынша зор үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.Құрметті консулдық ашылу салтанатында қонақтардың  назарына қазақ мәдениеті бұрышы мен Қазақстан туралы фотокөрме ұсынылып, домбыраның шебер әуені іс-шараның шарықтау шегіне айналды.Айта кетер, Габор Шаги 2011 жылдан бері стратегиялық және корпоративтік консалтинг, жобалық қаржыландырумен айналысатын «Globalia» ЖШС-тің бас директоры.2022 жылдан бері «Астана» Халықаралық қаржы орталығында тіркелген «Казглобал» ЖШС-тың иесі. «Казглобал» ЖШС Қазақстанға басқа мажар компанияларды тартып, бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/969356?lang=kk
Қазақстан мен Грекия парламентаралық диалогты нығайтуда 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 3 сәуір – Афина қаласында Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин мен Грекия Парламенті Төрағасының дипломатиялық Кеңесшісі Константин Экономидес арасында кездесу өтті.Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, биылғы жылдың маусым айына жоспарланған Грекия Парламенті делегациясының Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына ерекше назар аударылды.Елші Т.Сұлтанғожин Грекия тарапының өкіліне Қазақстанда саяси жаңғыру, демократиялық институттарды нығайту және елдің әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіру бағытындағы жүргізіліп жатқан реформалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.Константин Экономидес Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалап, екіжақты қатынастарды нығайту және тәжірибе алмасу ісінде парламентаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті.Тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі белсенді етуге мүдделі екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/969349?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында Қапшағай жағажайын тазарту бойынша «Таза жағажай» атты тазалық акциясы өтті 05.04.2025
Алматы облысының орталығы - Қонаев қаласының жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Таза жағажай» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.Шаһар ардагерлері ұйымының төрағасы Базарбай Оралбаев «Біздің мақсатымыз - табиғатты таза ұстау және болашақ ұрпаққа мұра ету. Экологияның тазалығы мен қоршаған ортаны күтіп ұстау – әрбір азаматтың негізгі борышына айналуы тиіс. Осы орайда, барша тұрғындар бірлесіп, осындай шараларға белсенді ат салысу қажеттілігін айтып өткен жөн» - деп мәлімдеді.Акция барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, экологиялық тәрбие жұмыстары жүргізілді.Жалпы, аталмыш шараға 200-ден астам адам ат салысып, жағажайды тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/969348?lang=kk
Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы аясында заңсыз қоқыс алаңы жойыла бастады 05.04.2025
Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінде бейберекет төгілген қалдықтардан заңсыз қоқыс алаңы пайда болғанАталған аумақ – 40 мыңнан аса халқы бар елдімекенде, әрі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) бойында орналасқан. Жол бойындағы ашық алаңға жергілікті тұрғындар ұзақ уақыт бойы қоқыс төгіп келген, соның салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіретін заңсыз полигонға айналған.Мәселенің алдын алу үшін «AMANAT» партиясының бастамасымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді. Шараға 70-тен астам адам қатысып, арнайы техника көмегімен 12 тоннадан астам тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды.«Бұл аумақ тоғыз жолдың торабында орналасқан. Күн сайын мыңдаған көлік өтетін ҮАААЖ бойында осындай заңсыз полигонның пайда болуы – бәріміз үшін ұят. Бір ғана жерден 12 тонна қоқыс шықты – бұл жай ғана сенбіліктің мәселесі емес, бұл – сана мен тәртіптің мәселесі. Біз бүгін тазаладық. Бірақ егер әр адам өзінен бастамаса, мұндай жағдай қайталана береді», – деді партия мүшесі Бекжан Сүнбеков.Акция барысында қатысушылар қоқыс тасталған аумақты толық тазалап қана қоймай, оны келешекте таза ұстауға арналған ұсыныстар да айтты. Атап айтқанда, бейнебақылау камераларын орнату, құқық қорғау органдары мен қоғамдық кеңес тарапынан жүйелі қадағалау жүргізу туралы бастама көтерілді. Бұл ұсыныстар партиялық бақылау комиссиясының алдағы отырысында қаралатын болады.Айта кетейік, «AMANAT» партиясының бастамасымен өтіп жатқан «Таза бейсенбі» акциясы апта сайын жалғасады. Игі шара тек тазалықты емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/969346?lang=kk
Алматы облысында ондаған отбасы жаңа баспанаға ие болды 05.04.2025
Алматы облысының Балқаш және Іле аудандарында жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Қоныс иелері қатарында көпбалалы отбасылар, жетім балалар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар.Балқаш ауданының Бақанас ауылында 24 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй салынды. Бұл жоба мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оның құрылысына 638,4 млн теңге бөлінді.Кілт табыстау рәсіміне жергілікті атқарушы орган өкілдері, құрылыс компанияларының басшылары және жаңа пәтер иелері қатысты. Жаңа қоныс иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, баспаналы болу – үлкен қуаныш екенін атап өтті.Осы күні Іле ауданының Өтеген батыр ауылында да жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында әлеуметтік осал топтарға 10 пәтер берілді.Іле ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде тұрғын үй кезегінде 5 443 азамат тұр. Олардың ішінде 1 878-і – көпбалалы отбасылар, 1 993-і – әлеуметтік осал топтардың өкілдері, 807-сі – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 765-і – бюджет саласының қызметкерлері. Жергілікті билік баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.Соңғы екі жылда Алматы облысында 1 500-ден астам пәтер сатып алынып, 36 жалға берілетін тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін тағы 369 пәтер сатып алу және 28 көпқабатты кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.Баспана – тұрақтылық пен әл-ауқаттың негізі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да барлық аудандарда жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/969337?lang=kk
САРЫАҒАШТА ЖИ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ 05.04.2025
⠀    Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Smart Hub Saryagash ЖИ мектебі ашылды. Осыған орай ЖИ мектебінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді⠀    Іс-шара барысында қатысушылар арасында “Жасанды интеллект мемлекеттік сектордағы жұмысты қалай өзгерте алады? Қандай мүмкіндіктер ашады?” деген сұрақтар талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ Цифрлық трансформация жолындағы қадамдар бойынша сөз қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/969311?lang=kk
Бақылау кассалық машинасының чегі мемлекеттік тілде 05.04.2025
Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында барлық ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде мемлекеттік тізімге енгізілген БКМ деректерді тіркеу және беру функциясы бар үлгелерімен қолдана отырып жүргізіледі.Мәселен, "бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес БКМ Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес, оның ішінде қазақ тілінде қазақ тілі әліппиінің айрықша әріптерін пайдалана отырып, бақылау чегінде реквизиттердің мөрін қамтамасыз етуі тиіс.Осы ретте, БКМ мөріне және индикациясына шығарылатын ақпарат мемлекеттік тілде берілуі мүмкін. Мемлекеттік тізімге енгізілген БКМ барлық үлгілері техникалық талаптарға сәйкес келеді және мемлекеттік тілге аудару функциясын орындайды. Онлайн БКМ чектері 2 тілде (мемлекеттік және орыс) берілуі мүмкін.Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында кәсіпкерлерден қызметті Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда баяндалған нормаларына сәйкес жүзеге асыруды сұраймыз және БКМ чегін екі тілде (мемлекеттік және орыс) басып шығаруға толық көшуді қамтамасыз етуді ұсынамыз.Чектегі деректерді жаңғырту мен өзектендірудің туындаған мәселелері бойынша бақылау-кассалық машиналарға техникалық қызмет көрсету орталықтарына немесе онлайн-БКМ пайдалану орны бойынша Фискалдық деректер операторларының байланыс орталықтарына жүгіну қажет.ШҚО-ның барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары салық төлеушілер арасында базарларда, қоғамдық орындарда, сауда үйлерінде мемлекеттік тілде бақылау-кассалық машиналармен чектер беру тәртібі туралы жадынамалар тарата отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/969305?lang=kk
Қостанай облысында KIA автозауытын салу – машина жасау саласындағы ең ірі инвестициялық жоба 05.04.2025
Қостанай облысында еліміздің өнеркәсіп тарихындағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі – KIA автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, шетелдік тікелей инвестицияларды тартуға және машина жасау саласын дамытуға бағытталған.Ресми делегацияның сапарыҚұрылыс барысымен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және KIA компаниясының ресми өкілдері танысты. Делегация құрамында:Со Догён – KIA Corporation (Корея) компаниясының вице-президенті, өндірістік технологиялар орталығының директорыИм Джэ У – KIA компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша президентіКим Дэ Ки – «KIA Qazaqstan» ЖШС-нің бас директорыСапар барысында делегация зауыт құрылысының барысымен, құрал-жабдықтарды монтажтау жұмыстарымен және өндірісті іске қосуға дайындық шараларымен танысты.Жобаның негізгі көрсеткіштеріЖобаның жалпы құны – 200 млн АҚШ долларыИнвестициялардың 80%-ы – тікелей шетелдік капиталӨндірістік корпустың ауданы – 100 000 шаршы метрЖобалық қуаттылығы – жылына 70 000 автокөлікЖұмыс орындарының саны – 1 500Бұл – KIA компаниясының Кореядан тыс жердегі алғашқы зауыты. Кәсіпорын 68 өнеркәсіптік роботпен жабдықталып, өндірістің жоғары деңгейде автоматтандырылуын және өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Құрылыс алаңында Оңтүстік Корея мен Қытайдан келген 80 шетелдік маман жұмыс істеуде.Құрылыс барысыБүгінгі таңда:Негізгі өндірістік корпус толығымен салындыШатыр жабылып, сэндвич-панельдер орнатылдыКорея мен Қытайдан жеткізілген жабдықтардың бір бөлігі орнатылдыДәнекерлеу және бояу цехтарында монтаж жұмыстары жүріп жатырГаз, су, жарық, кәріз және байланыс желілері секілді сыртқы инженерлік инфрақұрылым аяқталдыТеміржол жолдары мен автомобиль жолдарының құрылысы жалғасуда (екі учаскеге асфальт төселген)Пилоттық автокөлік жинау – 2025 жылдың шілде айына,Сериялық өндіріс – 2025 жылдың қазан айына жоспарланған.Кадр дайындау және ілеспе жобаларЖобаның табысты жүзеге асырылуы үшін білікті кадрларды даярлау – басты басымдық. Қостанай облысының колледждері мен жоғары оқу орындарында машина жасау саласы бойынша 5 негізгі бағытта жаңа мамандықтар ашылып жатыр:Машина жасау технологиясыАвтоматтандыру және басқаруМашиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсетуҚара металлургияТокарь ісіОқу орындарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, студенттер тәжірибеден нақты өндіріс алаңдарында өтуде.Сонымен қатар, қазіргі уақытта «TEHNOPARK KZ» ЖШС-нің Локализациялау орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл орталық автокомпоненттерді өндіретін болады және оның өнімдері отандық автозауыттардың, соның ішінде KIA зауытының қажеттіліктеріне бағытталады.Келешекке бағытАталған жоба Қостанай облысын Қазақстанның машина жасау орталығы ретінде дамытуға тың серпін беріп отыр. Бұл – тек инвестиция мен технология ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары, заманауи өндірістік дағдылар және экономиканың тұрақты өсуінің негізі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/969258?lang=kk
2025 жылғы су тасқыны: барлық қатерлер жойылды 05.04.2025
Бұл туралы бүгін жедел штаб отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүргізілген мұқият дайындықтың арқасында өңір су тасқыны жағдайына тиімді әрекет етіп, 89 ауылдық елді мекен мен 3 қалада халық пен инфрақұрылым үшін қауіптің алдын алды.Биыл су тасқынына қарсы іс-шараларға 7,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Бұл қорғаныс құрылыстарын айтарлықтай нығайтуға, сондай-ақ қажетті техника мен материалдарды сатып алуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, техниканы сатып алуға 860 миллион теңге бағытталды.Негізгі бағыттардың бірі – инженерлік нысандарды орнату және жөндеу болды. 2025 жылы 57 шақырым қорғаныс білігі салынды, 168 су өткізу құбыры орнатылды және 20 шақырым жаңа нөсерлі кәріз жүргізілді. Сонымен қатар, 27 гидротехникалық нысан жөнделді. Барлық қорғаныс құрылыстары өз функцияларын толық орындады.Барлық шараларды сәтті іске асыруға 3 мыңнан астам адам және 800 техника бірлігі тартылды. Ауқымды қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1,2 миллион м³-тан астам қар шығарылды, бұл нөсерлік және дренаждық жүйелерге түсетін жүктемені тиімді азайтуға мүмкіндік берді. Ең осал учаскелерден 250 мың м³-тан астам су сорылып алынды, бұл да маңызды рөл атқарды.Ерекше назар Қарасу ауданында салынған 30 шақырымдық бұру арнасына аударылды. Бұл арна 2024 жылдың қазан айында аяқталып, су тасқыны қаупінің алдын алуға елеулі үлес қосты. Арна көлдердің қосылып, артық аумақтарды су басуының алдын алды. Қазіргі уақытта арна арқылы өтетін су көлемі секундына 12,2 текше метрді құрайды, бұл су деңгейін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Күніне арна арқылы өтетін су көлемі – шамамен 1,1 миллион м³, ал осы уақытқа дейін 700 миллион текше метрден астам су өткізілді.Сонымен қатар, Алабота көлі тасыған аймақтың айналасында ұзындығы 15 шақырым болатын 110 кВт жаңа электр беру желісі тартылды. Облыстың оңтүстік өңірлерінде де электр желілері қалпына келтіріліп, осал аудандарда да тұрақты энергиямен қамту қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда, Амангелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қаласында 693 электр бағанасы қалпына келтірілді.Нәтижелер: су тасқынына қарсы шаралардың табысыАтқарылған жұмыстардың нәтижесінде су тасқыны кезеңі ешқандай су басусыз, шығынсыз және зардапсыз өтті. Қорғаныс құрылыстары, сатып алынған техника және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы облыс тұрғындарының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етті.Сонымен қатар, сәтті дайындыққа еріктілер, әскери қызметшілер және жергілікті тұрғындар үлкен үлес қосты. Осы күштердің арқасында қауіптер барынша азайтылып, су тасқыны жағдайымен тиімді күрес жүргізілді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов дайындық пен өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан барлық тұрғындарға, еріктілерге және қызметтерге алғысын білдірді.«Сіздердің белсенділігіңіз бен қатысуларыңыз бізге осы су тасқыны кезеңінен шығынсыз және зардапсыз өтуге көмектесті. Сіздердің қолдауларыңыз — біз үшін өте маңызды. Дәл осы еңбектеріңіздің арқасында өңір қорғалды», — деді ол.Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстың арқасында елді мекендерге төнетін барлық қатерлер жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/969251?lang=kk
Назар аударыңыздар! 05.04.2025
2025 жылғы 29 қарашада Қостанай қаласында қала және аудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді!Сіздерді жаңа піскен көкөністер, жемістер, ет, бал, сүт өнімдері және тағы басқа тауарлар күтеді.Өтетін орны: «Сити Центр» орталық алаңы. Басталуы: сағат 9:00-де.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1112372?lang=kk
Гессен федералдық жері Германияның көлік және қаржы орталығы ретінде Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастыққа көпір салуда 05.04.2025
Майндағы Франкфурт, 2025 жылғы 2 сәуір – Германияның көлік және қаржы орталығы болып табылатын Гессен федералдық жері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытуда маңызды байланыстырушы рөл атқарады. Мұны Германияға келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегацияның қатысуымен Майндағы Франкфурт қаласында өткен «Kazakhstan Investment Day 2025» атты ауқымды форум растады.Іс-шараға ресми тұлғалар, іскерлік топтар мен сарапшылар қауымдастығының 200-ге жуық өкілі қатысты. Форумның тең ұйымдастырушылары ретінде Герман экономикасының Шығыс комитеті (ВКГЭ) және AKA-Bank болды.Форум аясында «Қазақстан – мүмкіндіктер нарығы: инвестициялар және қаржыландыру мүмкіндіктері» және «Шикізат жеткізу және жаңа нарықтарды игеру үшін логистика» тақырыптарында пікірталастар өтті.Спикерлер неміс бизнесі Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жоғары қызығушылық танытып отырғанын және жергілікті нарықтағы өз қатысуын арттыруға дайын екенін атап өтті.Германияның Deutsche Bank, Commerzbank, KfW, Франкфурт қор биржасы сияқты жетекші қаржы институттары шоғырланған Гессен федералдық жері бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестер мен инвесторларды іздеуде маңызды алаң бола алады.Франкфурттағы сапар аясында Р. Скляр Гессеннің Халықаралық ынтымақтастық, Еуропа және дебюрократизация істері жөніндегі министрі Манфред Пентцпен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында М. Пентц Гессен үкіметінің таяу айларда Қазақстанға экономикалық делегацияны жіберу туралы қабылдаған шешімі туралы баяндады. Сапардың мақсаты – перспективалы және өзара тиімді жобаларға инвестиция салудағы нақты қадамдарды анықтау.Тараптар Қазақстан мен Гессен арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасып, оның әрі қарай даму перспективаларын талқылады.Сонымен қатар, Р. Скляр Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ВКГЭ басқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.Анықтама ретінде: Гессен – Германиядағы ең экономикалық дамыған федералдық жерлердің бірі. 2024 жылы оның ЖІӨ көлемі 370 миллиард еуроны құрап, бұл Германияның жалпы экономикалық әлеуетінің шамамен 9%-на тең. Гессен арқылы Германияның басты су артериясы – Рейн өзені өтеді, ал Франкфурт әуежайы – Еуропадағы ең ірі және ең жүктелген әуежайлардың бірі болып табылады. Рейн-Майн өңірі, әсіресе Рур ауданынан кейінгі ең жоғары өнеркәсіптік дамыған аймақ атауына ие және химия-фармацевтика өнеркәсібі мен автомобиль жасау саласының үлесі жоғары. Дереккөз: Қазақстан Республикасының Германия Федертивтік Республикасындағы Елшілігі https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/968319?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/969248?lang=kk
Пәкістандық бизнес Қазақстанмен іскерлік байланыстарды арттыруға мүдделі 05.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафиннің Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Мехмуд Ул Хасан Аван мырзамен кездесуі өтті.Кездесу барысында іскерлік байланыстарды одан әрі арттыру, екіжақты сауданы әртараптандыру, сондай-ақ Іскерлік кеңес платформасында екі елдің бизнес топтарының экономикалық мүдделерін ілгерілету мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылы бизнес-шараларды бірлесіп өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/969203?lang=kk
Аудан әкімі Жалағаш ауылында салынатын спорттық сауықтыру кешенінің жер телімін көрді 05.04.2025
Аудан әкімі Жалағаш ауылында салынатын спорттық сауықтыру кешенінің жер телімін көрдіАудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Жалағаш ауылынан салынатын спорттық сауықтыру кешенінің жер телімін көріп, мердігергемен құрылыс жұмыстары жөнінде ақылдасты.Жалағаш ауылынан салынатын спорттық сауықтыру кешенін салуға 1 га жер теліміне мемлекеттік акт алынды.Ғимарат А.Құнанбаев көшесі мен Ө.Жаңбырбаев көшесінің қилысында орналасқан.Спорттық сауықтыру кешені 50 орындық.Спорттық сауықтыру кешенінде екі алаң және спорттық бөлімдер бар.Ғимараттың құрылыс жұмыстары сәуір айында басталып, осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969179?lang=kk
Алматы қ. Францияның Елшісімен кездесу 05.04.2025
2025 жылы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен жұмыс кездесуін өткізді. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өкілдік Басшысы жоғары деңгейдегі сапарлардың, сондай-ақ астанада өткізуге жоспарланған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/969176?lang=kk
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесі 05.04.2025
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесі Жалағаш ауылдық округі бойынша тойланудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969158?lang=kk
2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»республикалық конкурсы туралы 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады.          Конкурс ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін келесі номинациялар бойынша өткізіледі:1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.2.«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».Халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайында қабылданады: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, Киевская к. 1, 205120 телефоны;3.«Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» .Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны.5.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» РММ «ШҚО бойынша экология департаменті», Потанин көшесі 12, 76-81-98 телефоны.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді (таңдау бойынша бір тілде рұқсат етіледі):1) өтінім;2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады.Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.3) сауалнама.Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі – 2025 жылғы1 тамыз. Толық  ақпаратты www.paryz.kz сайтынан табуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan-ognevka/press/news/details/969155?lang=kk
Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы: құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары 05.04.2025
Қостанай облысының прокуроры Берик Абиловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді , онда мас күйінде қайталанған қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігі мәселелері қаралды .Отырысқа арнайы, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, бейнеконференцбайланыс бойынша аумақтық прокуратуралардың, полицияның, пробация қызметтерінің және әкімдіктің басшылары қатысты. Прокурорлық тексеру нәтижелері талқыланды, қайталама қылмыстар жасаудың негізгі себептері мен шарттары айқындалды  , алкоголь өнімін заңсыз өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға және алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды есепке қою және мәжбүрлеп емдеу жөніндегі денсаулық сақтау ұйымының жұмысына баға берілді .Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге және "Заң мен тәртіп" қағидатын, бұрын сотталғандығы өтелмеген және алынбаған адамдармен бақылау, өзара іс-қимыл және жүргізілетін алдын алу жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді .  Өңірде " Трезвые сёла" халықтық бастамасы бойынша кең ауқымды ақпараттық және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ұсынылды, мысал ретінде облыстың 8 ауылында алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан және сатудан бас тарту тәжірибесі келтірілді.Үйлестіру кеңесі деңгейінде облыстың полиция, Мемлекеттік кірістер департаменттері мен экономикалық тергеу қызметінің алкоголь өнімінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу жөніндегі іс-қимылдары біріктірілген. Тек сауда нүктелері мен дүкендерге ғана емес, сонымен қатар суррогат алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехтарына да назар аударылады. Соңында облыстық қадағалау органының басшысы құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар қысқа мерзімді кезеңде күш-жігерін жұмылдыратын міндеттерді белгіледі.   "Заң мен Тәртіп"Қостанай облысының  прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/969137?lang=kk
,, Мәдениет және салт-дәстүр,,күніне орай шара өтті. 05.04.2025
Бүгін Жалағаш ауылдық округінде,, Мәдениет және салт-дәстүр,,күніне орай шара өтті.Шараға Жалағаш ауылдық округінің Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Мәдениет үйі, ,,Үш Меркі,, әжелер ансамблінің әжелері сонымен бірге С.Бейсенбетұлы атындағы орта мектебінің оқушылары,ұстаздары, балабақша тәрбиешісі,бүлдіршіндері қатысты.Шараның мақсаты жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұлттық құндылықпен бірге ұлттық ойындарды дәріптеу.Өз ұлтының салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.Шара тұсау кесу, бесікке салу,жүн сабау,көрпеге жүн тарту ,ұршық иіруді балаларға әжелер көрсете отырып,насихаттап түсіндірді.Шара ұлттық ойындар арқан тарту,қол күресі,бес тас ойындарымен жалғасып,бүлдіршіндер мен әжелер әнімен жалғасын тапты.Дастархан жайылып,Наурызкөжеден дәм татты.Ұлтымыздың құндылығын ұлықтай берейік!Наурыз мейрамы құтты болсын!лАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/969135?lang=kk