Қоғам
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» облыстық онлайн-семинар 05.04.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул жоспарына сәйкес оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 2025 жылдың 26-27 наурызында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.Семинардың мақсаты - бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, іс-тәжірибелермен бөлісу.Семинарда спикерлер бастауыш сынып оқушыларының математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу сауаттылықтарын дамыту жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.Шара барысында Өскемен қаласының, Зайсан, Үлкен-Нарын, Глубокое, Катон-қарағай аудандарының мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964876?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында экологиялық акция өтті 05.04.2025
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның тапсырмасы бойынша, Жол картасын іске асыру аясында облыстың кәсіпкерлері , тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты. Облыстың бірқатар кәсіпорындары табиғатқа жанашырлық танытып, игі іске қадам басты. Қала мен табиғаттың арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында олар 1205 түп ағаш отырғызып, 50 тонна қоқыс шығарылды. Атап айтсақ, Алатау қаласында орналасқан «ПепсиКо» ЖШС 870 түп ағаш, Қонаев қаласында "Юнипак-Шымкент" ЖШС 30 түп ағаш отырғызды. Бұл іс-шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы да өз үлесін қосты. Әрбір ағаш отырғызу — болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдырудың белгісі. Бұл шара жергілікті тұрғындардың экологиялық сана-сезімін көтеріп, жасыл желекпен қоршалған қалаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/964859?lang=kk
Химия, физика,биология, география мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиадасы 05.04.2025
2025 жылғы 27 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ физика, химия, биология, география мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өткізді.Олимпиаданың мақсаты - зияткерлік олимпиадаларға, конкурстарға және ғылыми жобаларға қатысу үшін дарынды балаларды даярлауды дамытуда дарынды педагогтарды анықтау және қолдау.Олимпиадага ЖМБ пәндері бойынша 47 педагог қатысты.Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы негізінде: «Химия» пәні бойынша:І орын- Лушпай Ирина Антоновна, Өскемен қаласы, «№11 мектеп-лицейі»КММІІ орын - Даденбекова Саулеш Ермековна, Глубокое ауданы, «Опытное поле орта мектебі» КММ;ІІІ орын - Жельдібаева Мадина Аскаровна, Тарбағатай ауданы, «Қ.Билялов атындағы мектеп лицейі»КММ;«Физика» пәні бойынша:І орын- Титова Татьяна Юрьевна, Өскемен қаласы, «№11 мектеп-лицейі»КММ;ІІ орын - Жексенбіұлы Шәкәрім, Глубокое ауданы, «Жоғарғы-Берёзовка орта мектебі»КММ;ІІ орын- Калибаев Жексенбы Кыдырбекович, Зайсан ауданы, «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ; ІІІ орын- Дамұхан Мұқаш, Алтай ауданы, «№9 орта мектебі» КММ; «Биология» пәні бойынша:І орын - Бидахметова Карлыгаш Мараткызы, Зайсан ауданы, «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ;ІІ орын - Алекеева Гульназым Зеренхановна, Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ;ІІІ орын - Боленбаева Маржан Тлеугазыкызы, Өскемен қаласы, «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ;«География» пәні бойынша:І орын- Джарылгасынова Айжан Ержановна, Алтай ауданы, «№9 орта мектебі» КММ;ІІ орын- Теплова Юлия Александровна, Ұлан ауданы, «Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі» КММ;ІІІ орын- Жумекенова Миргуль Төлегеновна, Марқакөл ауданы, «Қалжыр орта мектебі» КММ;Олимпиадаға қатысқан барлық педагогтерге қатысушы сертификаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964854?lang=kk
Қорғаныс министрі Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық барысын тексерді 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатын әскери қызметшілер мен техникалар орналасқан далалық лагерьлерді аралады.Бөлімнің аумағында екі апта ішінде 5000 адамға арналған шатырлы қалашық орналастырылды. Қазіргі уақытта мұнда 186 тұрғынжай шатыры, 11 шаруашылық заттарымен жабдықтау пункті, 12 тұрмыстық қызмет көрсету шатыры, жеті далалық монша, далалық госпиталь, автопарк және техникаға арналған жөндеу-қалпына келтіру пункттері орнатылған.Қорғаныс министрі тұрғын үй, медициналық және техникалық аймақтарды аралап, әскери қызметшілердің тұрғылықты жайларын, оған қоса қару-жарақ пен әскери техниканың күтіп-ұсталуы мен оларға қалай қызмет көрсетілетінін көрді.Қорғаныс ведомствосының басшысы парадқа сапалы дайындық бойынша лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар беріп, әскери тәртіпті сақтаудың, қатысушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етудің, атап айтқанда тұратын жердің және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап өтті.Бүгін парадқа қатысушыларды қабылдауға дайындық 100%-ды құрайды. «Парадқа дайындық басталғалы көп уақыт болды. Әскери бөлімдерде іріктеу жұмыстары мен сабақтар өткізілді. Қазір техника мен жеке құрамды үйлестіру және бірлескен жаттығулар үшін Астанаға жеткізу іске асырылып жатыр», – деді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев. Естеріңізге сала кетсек, 26 наурызда Ақтаудан парадқа қатысушылардың алғашқы легі – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 170-тен астам теңіз жаяу әскері келді. Жақын арада оларға Қарулы күштердің басқа да әскери құрамалары мен бөлімшелері қосылады.Биыл шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді, олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.Парад есептоптарының негізгі құрамын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты саптық шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің лектері де қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/964852?lang=kk
AlmatyFair.ai: Алматыда жасанды интеллект саласындағы көрме басталды 05.04.2025
Бүгін Алматыда жасанды интеллект саласындағы AlmatyFair.ai көрмесі өз жұмысын бастады. Көрме жасанды интеллект (AI) бағытында жетекші ІТ-компаниялар мен стартаптарды, сондай-ақ әлемдік сарапшыларды бір алаңда тоғыстырып, үздік технологияларды экономиканың түрлі салалары мен әлеуметтік өмірде қолдану мүмкіндіктерін талқылайтын маңызды алаң ретінде танылды.Көрме аясында Қазақстанның AI саласындағы негізгі бастамалары ұсынылды. Атап айтқанда, халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы, KazLLM ұлттық тілдік моделін дамыту, 8 мыңнан астам қолданушы тіркелген Ұлттық AI платформасының іске қосылуы және өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі — Tomorrow School-дың жұмысы қамтылды. Сондай-ақ көрме алаңында өңірлік стартап-экожүйені қолдау мақсатында Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бастамасымен құрылған Орталық Азияның ірі технопарктері альянсы — Central Asian Innovation Hubs қызметімен танысуға болады.«Жасанды интеллект бүгінде экономиканы, мемлекеттік басқару жүйесін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын түбегейлі өзгертіп келеді. McKinsey зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай AI-дің жаһандық экономикаға қосар үлесі $20 трлн жетуі мүмкін. Қазақстан бұл үдерісте дайын шешімдерді пайдаланып қана қоймай, өз технологияларын дамытуы қажет. Биыл Ұлттық AI платформасын іске қостық, өңірдегі алғашқы ұлттық тілдік модель — KazLLM-ды құрдық және жасанды интеллект туралы заң қабылдау жұмыстарына кірістік. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанды AI-ге негізделген мемлекетке айналдыруды көздейтін халықаралық alem.ai орталығы құрылып жатыр», — деді Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.Көрме жасанды интеллект технологияларының өнеркәсіп, қаржы, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім беру және қалалық инфрақұрылым салаларына әсерін көрсетеді. AlmatyFair.ai аясында AI болашағы мен ұлттық стратегиялар, мемлекеттік басқарудағы AI, ақылды қалалар, бизнестегі AI мен венчурлік инвестициялар, сондай-ақ цифрлық көшпенділер мен AI-шешімдерінің жаһандық экспансиясына арналған тақырыптық панельдік пікірталастар өтуде.Көрмеде компаниялар жасанды интеллектке қатысты инновациялық жобалары мен заманауи шешімдерін ұсынатын стартаптар аллеясы бой көтерді. Бұл тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату және әлеуетті инвесторлармен кездесуге бірегей мүмкіндік береді. AlmatyFair.ai маңызды оқиғаларының бірі — болашағы зор AI-стартаптар арасындағы AI Startup Showdown питч-баттлы. Мұнда 30 наурызда командалар өз жобаларын таныстырып, 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры мен Кремний алқабында (АҚШ) өтетін Hero Training Program акселераторына қатысу мүмкіндігі үшін жарысқа түседі.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ІТ-индустрияның экспорттық әлеуетін арттыру және трансшекаралық технологиялар трансферін ілгерілетуге бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қояды. Атап айтқанда, қазақстандық ІТ-шешімдерді Қытай нарығына шығару мақсатында Growth Vision Pro компаниясымен және екі гипермасштабты дата-орталық салу бойынша GK Hyperscale Ltd ұйымымен меморандумдар жасалады. Сондай-ақ Astana Hub, IT Park Uzbekistan және Growth Vision Pro стартап-экожүйелерді дамыту, инвестиция тарту және Қазақстан мен Өзбекстан стартаптары мен ІТ-компанияларының Қытай нарығына шығуын қолдау мақсатында ынтымақтастық келісімін рәсімдейді. Бұдан бөлек, Astana Hub пен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазақстанның білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, инновациялық технологияларды енгізу және STEM бағыттарын дамыту бойынша меморандумға қол қояды.AlmatyFair.ai көрмесін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырады. Көрменің бас демеушісі – Kaspi.kz, ал ресми серіктестері – Freedom Bank пен Halyk Bank.Көрме Алматыдағы ірі алаңдардың бірі — «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді. Бағдарлама мен толық ақпарат AlmatyFair.ai сайтында қолжетімді, ал көрмеге қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/964764?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/964827?lang=kk
Талдықорғанда 90-2000 жылғы хит әндер атты концерті өтті! 05.04.2025
Жетісу облысының Данеш Рақышев атындағы филармониясында Талдықорғандықтардың көптеген өтініштері бойынша “Big band” үрлемелі аспаптар оркестрінің 90-2000 жылғы хит әндер атты концерті өтті!Филармонияның ең жарқын ұжымдарының бірі – үрлемелі аспаптар оркестрі – біздің облыста толық ұжымды, репертуарға бай, өзіндік даңқты дәстүрі бар ұжым.Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Данияр Жақиянов.Концертте: оркестр танымал Қазақ және шетелдік шығармалар: “Перекресток”, “Жаулап алды махаббат”, “Ханшайым”, “Can take my eyes if you”, “Я люблю тебя”, “Кеш мені”, “Simple the best” және тағы басқа танымал әндерін кавер нұсқада орындады.Концерт алғашқы дыбыстардан-ақ көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оркестр жарқын, эмоционалды, жақсы презентация және энергиямен шырқалып, мерекелік атмосфераны тудырды.Бұл концерттің солистері: Бауыржан Кенжебаев, Гүлбану Лахаева, Жігер Арап, Асхат Мадиев, Гүлсім Малисова, Жандос Мусалимов, Ақниет Сейфулла, Ақбота Сабыржанова, Дана Максимова, Римма Ахметова, Алмагүл Батталиева, Дмитрий Мыцык. Концерттік бағдарлама көрерменді әр түрлілігімен таң қалдырды. Келесі естен кетпес кештерді жіберіп алмаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964824?lang=kk
Астана қаласының Есіл ауданы мен Эллинико-Аргируполи муниципалитеті ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауды жоспарлады 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 28 наурыз – Астана қаласының Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбек-ұлы бастаған делегация Грек Республикасына жұмыс сапарымен барып, Эллинико-Аргируполи муниципалитетінің басшылығымен бірқатар кездесулер, сондай-ақ мәдени және іскерлік іс-шараларға қатысты. Бұл сапар 2024 жылғы қазан айында Эллинико-Аргируполи мэрінің Астанаға жасаған сапары барысында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асты.Сапар бағдарламасы аясында қазақстандық делегация Политехникалық университет қаһармандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, сондай-ақ грек муниципалитетінің мэрі Яннис Константатоспен нақты келіссөздер жүргізді.Тараптар бірлескен жұмыстың алдын ала нәтижелерін қорытындылап, серіктестікті дамытудың нақты қадамдарын айқындады. Қалалық орта, «ақылды» инфрақұрылым және экологиялық жобалар саласындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық делегация «Experience Park Elliniko» кешеніне және бұрынғы Эллиникон әуежайы аумағындағы нысандарға барды, онда «Эллинико Жаңа қала» атты ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастама «ақылды қала» технологияларын енгізу және бірлескен инновациялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау алаңы ретінде қарастырылуда.Қалалық дамуға қатысты мәселелерден бөлек, тараптар туризм, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстандық делегациясы Ставрос Ниархос қоры орталығына барып, грек іскерлік және қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Кездесулер мен іс-шаралардың қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік негіз болатынына сенім білдірді. Тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға және аумақтардың тұрақты дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілетуге келісті.Ынтымақтастық туралы меморандум аясында экономика, экология, білім және цифрлық технологиялар салаларында бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл Астана мен Афина арасындағы серіктестік қатынастарды муниципалдық деңгейде нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/964823?lang=kk
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер 05.04.2025
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті»Қасым - Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде.Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология, физика және STEМ бойынша заманауи пәндік кабинеттер ашылды. Бір ғана 2024 жылдың қорытындысын алып қарар болсақ, 967 мектепте 1621 пәндік кабинет жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, 2029 жылға қарай еліміздің мектептерінде кемінде 7000 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған.Білім беру сапасын арттырудың тағы бір маңызды факторы - цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа көшірілді, ал мектептердің 95,2%-да жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Білім беру платформалары енгізілуде, жасанды интеллект элементтері оқу процесіне интеграциялануда. Осы шаралардың барлығы оқушыларды болашақтың сын-қатерлеріне дайындауға және олардың бойында ерте жастан цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika/press/news/details/964797?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда 05.04.2025
Алматы, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар қазақ-еуропалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін егжей-тегжейлі талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.Сұхбаттастар Самарқандта өтетін «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінің маңызын атап өтіп, өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын құптады.Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді, сондай-ақ көлік және логистика, маңызды шикізат, жасыл энергетика, цифрландыру, климаттың өзгеруі және тағы басқа салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту тұрғысынан М.Нұртілеу Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін практикалық шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.ҚР СІМ басшысы ЕО Жоғары өкілінің назарын Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақ визалық режимді жеңілдету туралы келісімге қатысты Астана мен Брюссель арасындағы келіссөздерді жылдам бастаудың екі тарап үшін маңызды екеніне аударды.Өз тарапынан К.Каллас ЕО-ның Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бейілді екеніне сендірді. Ол Ашхабадта өткен «Орталық Азия – Еуропалық одақ» министрлік кездесуінің нәтижелері еуропалық тараппен жоғары бағаланып, бұл үдерісті ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.Кездесу соңында сұхбаттастар сындарлы диалогты жалғастыруға екіжақты қызығушылық танытты.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылғы тауар айналымы 49,7 млрд АҚШ долларын құрады (+16,9%), оның ішінде Қазақстанның ЕО-ға экспорты – 38,6 млрд доллар, импорты – 11,1 млрд доллар. 2005 жылдан 2024 жылғы 9 айға дейінгі кезеңде ЕО елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 200,7 млрд долларды құрады. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/964799?lang=kk
ЮНЕСКО Хатшылығына адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген тоғызқұмалақ ойынының тақтасы табысталды 05.04.2025
Париж, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен осы халықаралық ұйымның Париждегі бас пәтерінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов пен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенция хатшылығының басшысы Фумико Охинатаның кездесуі өтті.Федерация президенті 2020 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның бастамасымен «Тоғызқұмалақ / тогуз коргоол / мангала / гөчүрме дәстүрлі зияткерлік және стратегиялық ойыны» номинациясының Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілуіне қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО Хатшылығына алғысын білдірді.Көне ойынның тарихы мен қазіргі таңдағы маңызы туралы айта келе, ол тоғызқұмалақ халқымыздың мәдени мұрасының маңызды бөлігі екенін, оның даналығы мен рухани құндылықтарын айшықтайтынын атап өтті.Кездесу барысында Ә. Байменов Хатшылыққа тоғызқұмалақ тақтасыр сыйға тартып, сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде стратосфераға жіберілген тұздықты табыс етті.Федерация президенті ЮНЕСКО қызметкерлерін ойын ережелерімен таныстырып, олармен бірге бір партия ойнады, бұл жанды мұра халықтар мен мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға жағымды ықпал ететінің бір айғағы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/964771?lang=kk
NU ғалымдары микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі 05.04.2025
NU ғалымдары микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледіЖаңа ультра икемді өткізгіш полимерлер «ақылды» білезіктерден медициналық сенсорларға дейін шағын электронды құрылғылардың жұмысын күрт жақсарта алады.NU ғалымдары көп функциялы үш өлшемді полимерлерді синтездеудің инновациялық әдісін тапты. Зерттеушілер енді әртүрлі кеуекті композитті материалдарды шығара алады. Сонымен қатар бұл жоғары тиімді энергия сақтау құрылғыларын, сенсорларды және басқа да озық технологияларды жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.Топ жетекшісі, профессор Нұршат Нұражы атап өткендей, алынған жаңа материал миниатюралық және тиімді энергия сақтау құрылғыларын құрудың болашағын ашады: «Микроэнергияны сақтау құрылғыларының дамуы киілетін электрониканың болашағы үшін өте маңызды. Біздің полимерлер дәстүрлі материалдардан асып түседі және шағын энергияны сақтау қолданбалары үшін ауқымды, үнемді шешім ұсынады. Олар дәл Қазақстанда өндірілуі де мүмкін».Жаңа материалды смарт білезіктер, биосенсорлар және икемділік пен деформацияға төзімділікті қажет ететін басқа да құрылғылар сияқты киілетін гаджеттерде қолдануға болады. Ол өзінің қасиеттерін жоғалтпай иілуге және бұралуға төтеп береді.Зерттеуші Гүлдана Жігербаева болашақ материалдың қасиеттерін атап өтті:«Материалдық инженер ретінде мен ақылды материалдарды, яғни болашақтың материалдарын өндірудің масштабталатын әдістерін әзірлеуге тырысамын. Жаңа технологияның басты артықшылығы – оның әмбебаптығы мен қарапайымдылығы. Кеуекті полимерлерді синтездеудің қолданыстағы әдістерінен айырмашылығы – бұл тәсіл қосымша әдістерді, айқастырғыш агенттерді немесе диэлектриктерді қолдануды қажет етпейді. Бұл процесті айтарлықтай жеңілдетеді және оның құнын төмендетеді. Біз қазірдің өзінде икемді энергия сақтау құрылғыларын, газ датчиктерін және сутегі өндіру жүйелерін жасау кезінде осы әзірлемелерімізді қолданып жатырмыз. Осылайша платформаның тиімділігін дәлелденген. Синтездің ауқымдылығы материалдарды өндірісте қолдануға жол ашады».Қазақстандық ғалымдар тобының полимерлік нанокомпозиттер саласындағы зерттеулері болашақтың тиімді икемді энергия сақтау құрылғылары мен материалдарын құру жолындағы маңызды қадам болғаны сөзсіз. Қазір ғалымдар жаңа синтездеу жолын басқа композиттік полимерлер жасау үшін пайдалануда. Бұл полимерлер сутегі өндірісінде, суды тазартуда, сезімтал сенсорларды жасауда және жаңартылатын энергия мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа жобаларда қолданылады. Жұмыстың нәтижелері Nature Portfolio құрамына кіретін Scientific Reports беделді ғылыми журналында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/964753?lang=kk
KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады 05.04.2025
KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады2025 жылғы 27 наурыз, Астана - KazAID кеңсесінде Кавказ бен Орталық Азиядағы шегірткеге қарсы күрес бағдарламасы бойынша өңірлік миссия шеңберінде келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшыларымен кездесу өтті.Талқылау барысында өзекті сын-қатерлер, шегірткеге қарсы күрестің басым қажеттіліктері, сондай-ақ хабардарлықты арттыру және серіктестіктерді кеңейту мәселелері қозғалды.KazAID азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған өңірлік бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын.Кездесу ФАО-ның Қазақстаннан, Римнен және өңірлік кеңседен келген жетекші мамандарының қатысуымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/964751?lang=kk
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді 05.04.2025
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне негізделген қаржыландырудың жаңа форматына көшті. Бұл АӘҚ алуға мұқтаж азаматтарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-kamysty/press/news/details/966788?lang=kk
Прокуратура ерекше балалар үшін жағдайды жақсартуға қол жеткізді 05.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғады.Алға ауданында 75 мүмкіндігі шектеулі бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде белгіленген 45 минуттың орнына тек 35 минуттан оқытылған.Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті арасындағы келісім-шарттарда бала екі апта бойы сабаққа келмеген жағдайда келісімді біржақты бұзуға болатындығы жөнінде заңсыз нормалар көзделген.Сонымен қатар, апта сайын сабаққа келе алмайтын балалар үшін қашықтықтан түзету сабақтарын өткізу мүмкіндігі қарастырылмаған.Сондай-ақ, Қарғалы ауданында 13 мүгедектігі бар бала жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілмеген.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 88 мүмкіндігі шектеулі баланың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда. #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/964684?lang=kk
2025 жылғы 27 наурызда Светлое ауылында аудандық мәслихат депутаты И. А. Алтынникова азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. 05.04.2025
2025 жылғы 27 наурызда светло ауылында аудандық мәслихат депутаты И. А. Алтынникова азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.Тұрғындар Светлое - Терентьевка жолына себу және тегістеу мәселесі бойынша жүгінді Аталған мәселе бойынша "Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-не депутаттық сауал жолданатын боладыАзаматтарды қабылдау туралы ауыл тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/964682?lang=kk
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округінде кәсіпкерлік нысандары мен газ құю бекеттерінде санитарлық тазалықты сақтау, айналасын абаттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 05.04.2025
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округінде кәсіпкерлік нысандары мен газ құю бекеттерінде санитарлық тазалықты сақтау, айналасын абаттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/964660?lang=kk
Ауылшаруашылық жәрмеңкесі 05.04.2025
2026 жылғы 14 ақпанда Қостанай қаласында қала мен аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді!Жәрмеңкеде жаңа піскен көкөністер, жемістер, ет, бал, сүт өнімдері және басқа да өнімдер сатылады.Өтетін орны: «Саяхат» базары, Қарбышева көшесі, 131. Басталуы: сағат 9:00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1160626?lang=kk
Көктемдік каникулдық мектеп – 2025 аясында «2025-2026 оқу жылындағы 80 нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау» әдістемелік сағаты 05.04.2025
2025 жылғы 28 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемдік каникулдық мектеп – 2025 аясында ШҚО бойынша «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобаға қатысушы 80 мектеп директорлары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «2025-2026 оқу жылындағы 80 нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау» әдістемелік сағатын өткізді.Іс-шара барысында білім беруді басқару және білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу жөніндегі әдістемелік бөлім басшысы К.Т. Байболова нысаналы мектептердің жеке портретінің бөлімдеріне нақты түсініктеме беріп, толықтырды. 80 нысаналы мектептердің негізгі мәселелері анықталып, шешу жолдары ұсынылды.Әдістемелік сағат соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, 2025-2026 оқу жылына 80 нысаналы мектептің жеке жұмыс жоспарын жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.Іс-шараға 150 педагог қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964638?lang=kk
«Ең жақсы еркек» қойылымын тамашалаңыздар! 05.04.2025
28 наурыз Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Сұлтанәлі Балғабаевтың комедиялық жанрдағы «Ең жақсы еркек» қойылымы көрермен назарына ұсынылады. Автор пьесада қазіргі қоғамдағы өзекті проблеманы астарлы әзілмен жеткізуге тырысқан. Спектакль көпшілік көрерменге арналған. Жеңіл әрі ойнақы. Шығарма шынайы өмірде кездесетін кейбір келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, отбасылық татулықты жоғалтып алмауға, жас қыздардың өмірде көрсе қызарлықпен шалыс баспауына үндейді. Қойылым адамгершілік пен сыйластықты жоғары бағалап, жастарды жеңіл әрі алдамшы сезімге шатастырмай шынайы махаббатын кездестіріп, өмірде өз орнын табуға жәрдемдеседі. Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964628?lang=kk
Халықаралық театрлар күні құтты болсын! 05.04.2025
Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі.Театр – халықтың рухани қазынасы, ұлт байлығы. Тарихты да, махаббатты да, қуаныш пен қайғыны да көрермен қауымына қауыштыратын сиқырлы армандар әлемі.Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры мен Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымдарын төл мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/964582?lang=kk