Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жұмысшы мамандықтары жылы: Астана колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды 16.01.2025
Астанада жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру үшін қала колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Astana Polytechnic жоғары колледжі директорының орынбасары Майра Сембинаның айтуынша, оқу орны елордада «Жұмысшы мамандықтары жылын» жүзеге асыру үшін алты басым бағытты қамтитын 40-тан астам іс-шараны жоспарлап отыр.Олардың ішінде ең маңыздысы – биыл мамыр айында өтетін Polytech Generation 2025 халықаралық фестивалі.«Бұл жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және техникалық мамандықтардың оң имиджін қалыптастыруға арналған бірінші халықаралық фестиваль болмақ. Біз тек Қазақстаннан ғана емес, әлемдік жетекші орта арнаулы оқу орындарынан да политехникалық колледждер қатысады деп күтіп отырмыз», - деді Майра Сембина.Жыл басынан бері колледж студенттері келешегі зор жобаларды әзірлеуге белсенділік танытып келеді.Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен Павлодарда өткен хакатонға қатысушылар – Саят Жүнісов, Асанәлі Бабаев және Әділ Алтынбек генеративті нейрондық желілерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттерді анықтау жобасын ұсынды.«Егер транзакция бір қалада және бірнеше минуттан кейін алыс орналасқан басқа қалада болса, бұл аномалия ретінде қарастырылады. Тиісінше, аномалия алаяқтық әрекеттің белгісі болып саналады», - деп атап өтті Саят.Жігіттер алдағы уақытта қазақстандықтардың интернет-алаяқтық тәуекелдері туралы хабардарлығын арттыру және мұндай қауіптердің санын азайту мақсатында өз жобасын белсенді түрде дамытуды жоспарлап отыр.Astana Polytechnic колледжінің студенттері «Жұмысшы мамандықтары жылы» бастамасын оң қабылдады.«2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болатынын білгенде қатты қуандық. Жұмысшылардың еңбегі жоғары бағаланатыны да қуантады. Бұл жұмысшы мамандардың беделін көтеріп қана қоймай, олардың ел экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді. Біз колледж студенттерінің техникалық мамандықтарды дамытуда маңызды рөл атқаратынын мақтан тұтамыз», - деді Әділ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918036
Қызметкерлерді ынталандыру және ашық процестер: астаналық соттар қалай жұмыс істейді 16.01.2025
2024 жылы елорда соттарында Орталықтандырылған мұрағат құрылып, оған 1949 жылғы материалдарды қоса алғанда, 103 мыңнан астам қылмыстық және азаматтық істер сақтауға жіберілді. Осы және өзге де өткен жылдың қорытындылары, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары туралы Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Бұл өзгерістер судьялар мен қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып қана қоймай, елордалық соттарға жүгінген азаматтардың жайлылығын қамтамасыз етті. Біз 2025 жылы инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді Елдос Жұмақсанов.Өткен жылдың мамыр айында елорда соттарында Орталықтандырылған мұрағат құрылды. 1949 жылғы материалдарды қосқанда 103 мыңнан астам қылмыстық және азаматтық істер сақтауға берілді. Мұрағат жұмысының тиімділігін арттыру үшін құжаттарды алғашқы және қайталама ғылыми-техникалық өңдеу жүргізілді.2024 жылы Астана соттары 27 мыңнан астам атқару парағын шығарды.«Сот шешімдерінің орындалуын жақсарту – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Негізсіз бас тартуларды тексеру қорытындысы бойынша 10 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Біз бұл жұмысты одан әрі жетілдіретін боламыз», - деді Жұмақсанов.2025 жылы департамент екінші жартыжылдықта қолданысқа енгізілетін «Төрелік 2.0» жаңа автоматтандырылған жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл платформа сот процестерін жетілдіріп, азаматтар үшін ашық әрі ыңғайлы етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918166
Заң және тәртіп: Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды 16.01.2025
2024 жылы Астанада қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 238 сайт бұғатталды. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 2024 жылдың есепті кезеңінде ПД бөлімшелері жыл басында есірткіге қатысты 1100-ден астам құқық бұзушылықты қозғады. 405 қылмыстық іс қозғалса, оның 283-і есірткі бизнесіне қатысы бар тұлғаларға қатысты. Заңсыз айналымнан 300 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. «Есірткілердің синтетикалық түрлері» бойынша есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 681 фактісі анықталды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес интернет-ресурстар саласында 31 қылмыстық іс қозғалды. Оның барысында 238 есірткі сайты бұғатталды», - деді ол.Әлия Қибатқызы есірткі қылмысы үшін жауапкершілікке қатысты қылмыстық заңнамадағы өзгерістерді де түсіндірді.Сондай-ақ, Әлия Қибатқызы биылғы мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және құқық қорғау органдарымен бірлесіп алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын, оның ішінде үгіт-насихат жұмыстары, семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық турнирлер, жарыстар, рейдтер өткізіліп жатқанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918224
Крещение рәсімі: Астанада қай орындарда және қашан мұзды суға түсуге болады 16.01.2025
Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулерінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астанада дәстүрлі шомылу қалалық жағажайда (амфитеатр маңында) өтеді, ол үшін төрт ойық дайындалды.18-19 қаңтарда Астанада мерекелік діни рәсімдер, крестпен дәстүрлі шеру және жаппай шомылу жоспарланған.Іс-шара қаланың барлық православие шіркеуінде өтеді: Успен соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуінде (Республика даңғылы, 12), Саров Серафим шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).Суға түсу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден (су маңына жарық орнатылғаннан кейін) 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді.Жаппай шомылу да 19 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-ден 19 қаңтар күні сағат 23:00-ге дейін жалғасады.Діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін Төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметі мен Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Суға түсу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.Елорда тұрғындары мен қонақтарын суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырамыз.Белгіленген шомылу орындарында қауіпсіздік ережелерін есте ұстаған жөн: ойық маңында 3 адамнан аспауы керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет. Суға кірмес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін өзіңізді сүлгімен ысқылап, жылы заттарды киіп, ыстық шай ішуіңіз керек. Суға түсу кезінде денсаулығыңыз нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнындағы кезекші дәрігерлерге жүгініңіз.Оқыс жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар мынаны ескертеді:- жабдықталмаған орындарда құтқарушылар мен дәрігерлердің қатысуынсыз суға түсуге тыйым салынады;- Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Бала жақсы жүзе алса да, суық су мен стрестік жағдай оған кері әсер етуі мүмкін;- Мұзды суға секіріп түсуге болмайды. Жарақат алып қалуыңыз әбден мүмкін;- Ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Мас күйінде мұзды түрлі қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918293
«Таза Қазақстан»: елорда кітапханаларында экологиялық іс-шаралар өтіп жатыр 16.01.2025
2025 жылдың басынан бері Астананың көптеген кітапханаларында заманауи «Таза Қазақстан» бұрыштары ашылды. Бұл бұрыштарда экологиялық ағарту, қоршаған ортаны қорғау, мәдени орындарды сақтау туралы кітаптар, журналдар мен ақпараттық материалдар орналастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Сонымен қатар, бұрышта экологияға арналған кітаптар мен ғылыми басылымдар жинағы бар. Сондай-ақ жас оқырмандармен байқаулар, кездесулер өткізіліп тұрады.«Таза Қазақстан» бұрышы экологиялық саналы қоғамды қалыптастыру үшін білім мен технологияны біріктірудің ерекше үлгісі болды. «Кітапхананы жөндеу – шығармашылықпен айналысатындар үшін де үлкен мереке», - деп атап өтті №15 көпшілік кітапханасының меңгерушісі Сәуле Рахимова.Атап айтқанда, тақырыптық кітап көрмелері: №5 балалар кітапханасында – «Таза Қазақстан – таза болашаққа жол», №8 балалар кітапханасында – «Табиғат әлемін кітаппен ашамыз», зағиптарға және көзі нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада – «Табиғатты қорғау – қасиетті іс», Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында – «Экология – ел тағдыры».Бұл ретте кітапханаларда экология бойынша лекциялар мен шеберлік сабақтары өткізіліп, бірлескен сенбілік, іргелес аумақтарды көгалдандыру, қоқыс шығару жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Іс-шаралардың бәрі қала тұрғындарының экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған.Кітаптар әртүрлі жас топтарына бағытталған және өз бетінше оқуға және отбасылық оқуға арналған кітаптарды қамтиды.Қаланың 22 кітапханасы, мекенжайы, телефондары және жұмыс уақыты туралы толық ақпаратты Instagram желісіндегі @kitap_qala_astana ресми парақшасында білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918231
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады 16.01.2025
Астанада биыл 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беруде колледждер базасында жоғары сынып оқушыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында пилоттық жоба іске қосылған. Онда таңертең мектепте сабақ оқитын оқушы түстен кейін қайта кәсіби білім беретін арнайы оқу орынына барып білім алады. Бағдарламаның ерекшелігі жоғарғы сынып оқушысы мектепте білім алумен қатар бір мамандықты игеріп, оқуды бітіргеннен кейін атестатпен қоса диплом алады.Оқу жүктемесінің мөлшері күніне төрт сағаттан аспайды. Білім алу үшін оқу уақытының көлемі кемінде 48 кредитті құрауы тиіс. Оқу мерзімі – 1 жыл 5 ай.Пилоттық жоба аясында елордада үш мемлекеттік колледж таңдап алынды. Бүгінде 156 оқушы «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетіп жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киім дизайны», «Аспазшы» мамандықтарын оқып, практикалық тәжірибеден өтіп жатыр.Биыл мамыр айында жобаның алғашқы білім алушыларына колледж дипломы табысталады.Астана қаласының білім басқармасы, колледж және мектеп әкімшілігі, ата-аналар әр ай сайын балалардың оқу үлгеріміне бақылау жасау мақсатында мониторинг жүргізеді.Айта кетейік, жұмысшы мамандықтар жылына орай пилоттық жобаның ауқымы кеңейтіледі.Биыл қала колледждері 300-ден астам оқушы қабылдап, тігінші, наубайшы, аспаз, шаштараз, флорист, мобильді өндіріс маманы, электр газ салушы мамандықтары оқытылады деп жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918492
Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді 16.01.2025
Астана әкімдігінің бастамасымен Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды. Осылайша, астаналық ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Қазір елордада 6 ардагер тұрады.Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер (ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) (ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген) – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде.Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (Ауғанстандағы әскери қимылдардың ардагерлерінен басқа) (тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуде) – 45 АЕК (176 940 теңге) .«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918518
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 18-19 қаңтарда өтеді 16.01.2025
Астанада 18-19 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918542
«Маңызды әрі қажетті болып қала береді»: Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты 16.01.2025
Қарқынды дамып келе жатқан елордалық кәсіпорын «Астана-Теплотранзит» АҚ заманауи технологиялармен, механизмдермен және жабдықтармен қайта жарақтандыруды, сонымен қатар барлық мамандық бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқытып, аттестациялайды. Бүгінде мұнда 700-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың бірі экскаваторшы Ислам Кажатов өз жұмысы туралы тоқталып, «Жұмысшы мамандықтары жылы» туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жас мамандардың бірі Ислам Қажатов 2,5 жылдан бері экскаваторшы болып еңбек етіп келеді.«Біздің басты міндетіміз – қала тұрғындарының, әсіресе балалар мен қарттардың қыста тоңбауын қамтамасыз етіп, әрбір үйге жылу беру. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін біз келесі маусымға дайындықты бастаймыз. Яғни, жоспарлы жөндеу жүргізіп, инвестициялық бағдарлама бойынша іс-шаралар өткіземіз. Біздің реттеушілер құбырларды ауыстыру қажет жерлерді тексереді және сол учаскелерде ақауларды жою жұмысы жүргізіледі. Апаттық жағдайдағы үзілістер мен кемшін тұстарын жоюмен де айналысамыз», — деді Ислам Қажатов.Айтуынша, үлкен техника оны бала кезінен қызықтырып келген.«Кішкентай кезімнен әкеммен бірге әртүрлі көлікке отырдым, содан бері үлкен техникаға деген қызығушылығым арта бастады. Есейген сайын көліктерге көбірек назарым ауып, оны жүргізуді үйрендім. Жас ұлғайған сайын тәжірибе келеді, мамандыққа деген қызығушылық артады», - деп атап өтті астаналық.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін арттырудың маңыздылығына тоқталып, 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Ислам Кажатов бұл бастаманың өзектілігі туралы пікірімен бөлісті.«Мен өскелең ұрпаққа техникалық білімді таңдап, арнайы техниканы басқаруды үйрену туралы кеңес бергім келеді. Бұл – қаланың өмірлік маңызды функцияларын үздіксіз қамтамасыз ету үшін маңызды жұмыс орындары. Оның үстіне, олар ылғи да өзекті болып қала береді. Уақыт өтіп, жұмыс күшінің қатары толығуды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың бізден қалыспай, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруі маңызды», - деп баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918551
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 16.01.2025
1) Айтыңызшы, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер бойынша 2025 жылы өзгерістер бола ма? Еңбек сіңірген демалысқа 2025 жылға дейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 қаңтардан бастап 5% ұлғаяды. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Әдістемеге сай, зейнетке шығатын азаматтарға ай сайын берілетін төлем былай есептеледі: төлем ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы төлем зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 46 228 теңге). Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. 2) Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының 2025 жылға арналған мөлшерлемесі қандай? 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қолданысқа енгізілген өзгерістерге сай, әрбір жұмыс беруші қызметкерлердің кірістерінен төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 01 қаңтардан бастап туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарна төлеуге міндеттелді. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді. ЖМЗЖ есептелетін сома тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) кем болмауы және оның 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды. 3) Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме? Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бірінші төлем түскен кезде автоматты түрде ашылатын және жұмыскерлердің меншігі болып табылмайтын шартты жинақтаушы шоттарға аударылады. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болмайды. Жүйеден шыққан (ҚР азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған) адамдар үшін төленген жарналар қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады. 4) Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға болатын қолжетімді соманы қалай тексеруге болады? Міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) жүзеге асыру, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен сенімгерлік басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы туралы ақпаратты мынадай тәсілдермен алуға болады:БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте;БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте;kz веб-порталы мен eGov mobile ұялы қосымшасында.Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында орналастырылған. 5) Салымшы өзінің зейнетақы жинағының жай-күйін қалай қадағалай алады?БЖЗҚ-да шот ашқан кезде шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі болып, әдетте, enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алу әдісі айқындалады. Бұл мүмкіндік шоттары бұрын ашылған тұлғаларға да берілген. Алғаш рет жүгінген кезде қарапайым тіркелу рәсімінен өту жеткілікті.Сондай-ақ, салымшылар шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ала алады.Егер салымшылар (алушылар) бұрын ақпарат алудың "электрондық пошта арқылы" немесе "пошта байланысы қызметтері арқылы" тәсілдерін таңдаған болса, онда бұл тәсілдер шот иелері оларды өз бетінше (жеке кабинет немесе БЖЗҚ кеңсесі арқылы) өзгертпейінше әрекет ететін болады. Бұл ретте Сіз өз шоттарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде өзекті электрондық мекенжайыңыз немесе тұрғылықты мекенжайыңыз көрсетілген жағдайда ғана аласыз.Заңнамаға сәйкес, электрондық немесе тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген жағдайда, бұл туралы БЖЗҚ-ға 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлау қажет. Жаңа электрондық немесе тұрғылықты мекенжайыңыз туралы хабарламаған жағдайда, бұрынғы мекенжайыңыз бойынша жіберілген хабарлама (үзінді көшірмесі бар конверт) БЖЗҚ-ға қайтарылады және болашақта Қор салымшы (алушы) жаңа мекенжайы туралы хабардар еткен сәтке дейін ақпарат беруді (жеткізуді) жүзеге асырмайды.Электрондық мекенжайыңызды немесе тұрғылықты мекенжайыңызды қоса алғанда, өз деректемелеріңізді БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте де өзектендіруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/917864
Филармония ғимараты жаңғыртылады 16.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияға барып, өнер ұжымының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 80 жылдық тарихы бар филармония 2020 жылдан бері бұрынғы «Еңлік-Кебек» кинотеатрының ғимаратында орналасқан. Алайда, кинотеатрды 2019 жылға дейін сенімгерлік басқаруға алған серіктестік ешқандай жөндеу жүргізбеген.Филармония өз қарамағына алысымен ғимараттың шатыры, кіші залы, су желісіне ағымдағы жөндеу жүргізген. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған жылу жүйесі іске қосылды. Ғимаратта 259 адамға арналған үлкен, 180 адамға арналған кіші зал бар.Ғимараттың іші-сыртын аралаған аймақ басшысы филармония директорының өтінішін тыңдады. Филармония директоры өнер ұжымының әртістеріне жеке дайындық залы керектігін айтты.«Бұл қаламыздағы өзіндік архитектуралық үлгісі бар тарихи ғимараттардың бірі. Біз оның негізгі қалпын сақтай отырып, көптің көңілінен шығатындай жаңғырту жұмысын жүргізгеніміз дұрыс. Сонымен қатар, ауласын абаттандыруды да ұмытпағанымыз жөн. Ал, мекеме ауласына қосымша жаңа ғимарат салу мәселесін жан-жақты ойластырып, шешуіміз қажет», -деді облыс әкімі.Аймақ басшысы осы мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/918337
Семей әуежайы амбулаториялық лифтке ие болды 16.01.2025
Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін амбулаториялық лифт сатып алынды.«Амбулаториялық лифт жай ғана құрал емес, кешенді техника. Мұндай техника еліміздің басқа қалаларында қолданыста бар. Бірақ олар шетелде шығарылған. Ал, біздегі амбу-лифт отандық өнім. «STAHLBAU» ЖШС құрастырған техника облыстық әкімдіктің қолдауымен сатып алынды. Бүгін алғаш рет «Алматы-Семей» бағытындағы жолаушылар үшін сынақтан өткізіп көрдік. Енді күнделікті жұмыс істейтін болады», - дейді әуежай директоры Ғазизбек Саматов.Амбулаториялық лифт – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әуе кемесінің бортына отырғызуға және түсіруге арналған. ҚР заңнамасының талаптары және халықаралық стандарт бойынша барлық әуежайларда міндетті түрде осындай мамандандырылған арнайы техника болуы тиіс.Өткен жылдың соңында әуежай облыс әкімдігінің қолдауымен 110 адамды тасымалдауға арналған заманауи автобусқа қол жеткізген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/918340
Қазақстан мен Италия кәсіпкерлері биыл Астанада өтетін бизнес-форумда бас қосады 16.01.2025
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен қазақ-италия сауда қауымдастығының президенті Марко Береттаның екі жақты кездесуі өтті. Астанадағы бұл кездесу қазақ министрінің 2024 жылы қазан айында Италияда өткен сауда-экономикалық миссиясының жалғасы болып табылады.Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты сауда көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Италия, сондай-ақ басқа да елдер арасындағы экспорттық-импорттық жеткізілімдер тізбегін бір жолға қою қажеттілігі айтылды.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 18,2 млрд, АҚШ долларын құрады. Осы кезеңде Қазақстаннан Италияға экспорт 27,3% -ға өсіп, 17 млрд АҚШ долларын құрады.Министр Арман Шаққалиев авиатасымалының сенімді логистиканы қамтамасыз етудегі негізгі рөлін атап өтті. Қазақстан өзінің стратегиялық географиялық орналасуының және әуежай инфрақұрылымының серпінді дамуының арқасында жүктерді тиімді жеткізу мүмкіндіктерін ұсына алады. Бүгінде Қазақстанға жүк рейстерін итальяндық «Neos» авиакарго-компаниясы жеткізіп жатыр.Сондай-ақ кездесуде «Ansaldo» итальяндық өнеркәсіптік компаниясының Қазақстан аумағында электр турбиналары өндірісін орналастыруға мүдделі екендігі айтылды. Бұл жоба Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуда және Италиямен экономикалық серіктестікті тереңдетуде маңызды қадам болуы мүмкін.Кездесу соңында биылға жоспарланып отырған Қазақстан-Италия бизнес-форумын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Форумға екі елдің 100-ге жуық компаниясы мен 200-ден астам бизнес өкілі қатысады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/918639
Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыруда 15.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы еліміздің су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыруды бастады. Сондай-ақ, 201 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.Атап айтқанда, 700 мың гектардан астам суармалы жерді қалпына келтіру және жақсарту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 7000 шақырым канал салу және реконструкциялау жұмысы жүргізілуде.«Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай жүргізілуде. Бұдан бөлек, аталған құжаттарда өнімсіз шығындарды азайту және қосымша су көлемін жинау бойынша да көптеген іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, 2024 жылы Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Түркістан облысындағы Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылысы, сондай-ақ Қапшағай және Киров су қоймаларын реконструкциялау басталды»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/918080
Коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды 15.01.2025
Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті ҚР АШМ ЖҚҚК тексеру барысында ауданы 2,8895 га жер учаскесінің пайдаланылмағаны анықталды. Бұл учаске Орал қаласында орналасып, акционерлік қоғамға ғимарат салу үшін бөлінген болатын.Тексеру нәтижесінде жер пайдаланушыға бір жыл ішінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда, нұсқамада көрсетілген талаптар орындалған жоқ.Департамент тарапынан ӘҚБтК 462-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот шешімімен жер пайдаланушыға айыппұл салынып, учаске мемлекеттік меншікке қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/918577
1,8 млн дана балық шабағы Атырау облысында құтқарылды 15.01.2025
Атырау облысындағы Бақсай каналында балық шабақтарының жиналу фактісі анықталды.2025 жылғы 15 қаңтар сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 1,8 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Тірі шабақтар аталған каналдан 55 шақырым жерде орналасқан Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқару жұмыстарына 60 адам қатысуда, олардың қатарында әкімдік өкілдері, әскери қызметшілер, еріктілер және балық шаруашылығы субъектілері бар. Сондай-ақ, 12 бірлік техника жұмылдырылған.Құтқару кезінде балықтардың мұзданудың салдарынан суда еріген оттегінің төмен болуына байланысты жартылай әлсіреген күйде болғаны анықталды. Жайық өзеніне жіберілгеннен кейін балықтардың қалпына келуі және белсенділігі байқалады.Сонымен қатар, өлген шабақтарды жинау жұмыстары қатар жүргізілуде.Жағдай ерекше бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/918611
Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай? 15.01.2025
2024 жылдан бастап Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда ваучерлік қаржыландыру Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында жүзеге асуда. Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жобасы белгіленген талаптарға сай болған жағдайда барлық мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде жаңадан ашылған ұйымдарға да мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мүмкіндік береді. Негізгі артықшылықтары: ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті ынталандырады. Жүйе, ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, мұнда «ақша ұйымға емес, балаға беріледі». Жаңа жүйе балабақшаға кезекке тұру процедурасын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар мұндағы түрлі заңсыз факторларды жояды. Ваучерлік қаржыландыру қағидаттарының бірі — серпінді бәсекелестік құру және тиісінше қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылатынын атап өткен жөн. 2025 жылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/917959
ТҮРКІСТАН: «ҰСТАЗ» ФИЛЬМІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ 15.01.2025
Бүгін түркістандық педагогтар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Ұстаз» фильмін тамашалады. Кинотуындының өңірдегі таныстырылымында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, фильм директоры Думан Алтынбекұлы, продюсері Әбіл Әділбек пен басты рөлді сомдаған актерлері сөз сөйлеп, ұлағатты ұстаздардың қоғамдағы беделі жоғары екенін алға тартты.– Бүгінгі таңда жаңа заманның талабы да күшейіп, әлем елдерімен бәсекелестікке қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Мақтанатын да тұстарымыз жоқ емес. «Ұстаз» фильмі осы ұлы мамандықтың қиындығы мен қызығы мол әр сәтіне терең үңілдіреді. Ұстаз есімінің ең ұлағатты, ең қадірлі мамандық екенін бүгінгі «Ұстаз» фильмі тағы да дәлелдеп өткендей. Шәкірт алдындағы аса жауапкершілік пен оларға білім мен тәрбие беру жолындағы маңызды қадамдардан тұратын мұғалім қызметін айна-қатесіз сипаттаған фильм облыстың барлық аудандарындағы педагогтарға көрсетілуде, – деді Ертай Кенжебекұлы.Белгілі журналист Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген фильмнің сценарийін марқұмның жары Гүлмира Зербай жазған. Туындыда өз ауылына қайтып ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалды. Жас маман балалардың білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі тәсіл қолданады. Оқушыларды арман-мақсатқа жетуіне шабыттандырады.Айта кетейік, фильмнің мақсаты – қоғамдағы педагог мәртебесін көтеру. Толықметражды кино бір айға жуық уақыт ішінде Жетісу облысында түсірілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918325
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ 15.01.2025
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, газбен қамту жұмысы қарқынды. Бұл ретте Сайрам ауданында да жүйелі іс атқарылуда. Қазіргі таңда аудандағы 42 елді мекеннің 37-сі табиғи газбен қамтылған. Ақарыс және Оймауыт елді мекендерінің табиғи газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Бұл елді мекендер Құтарыс пен Қызалжар елді мекендерінің құбырына тәуелді болуына байланысты құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қосылады. Өткен жылы аудандағы елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау саласы бойынша облыстық бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, Көлкент, Құтарыс және Қызылжар елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Аталған ауылдардағы құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда аудан бойынша газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Айта кетейік, барлық елді мекендерге газ тарататын 3 дана газ таратушы станция бар. Нақтырақ айтсақ, Ақбұлақ ауылында орналасқан «Самсоновка», Жібек жолы ауылында орналасқан «Свердлов», Нұржанқорған ауылында орналасқан №20 «Жаңақоғам» газ тарату станциялары бар.Сонымен қатар ауыз сумен қамтуда да ілкімді іс бар. Елді мекендерге тұрақты ауыз су беру үшін өткен жылы Сайрам ауданындағы 14 нысанға аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда нысандардың құрылысы аяқталған. Облыстық бюджет есебінен Жібек жолы ауылының ауыз су құрылысы аяқталса, 2 нысан құрылысы биылға өтпелі. Жібек жолы ауылындағы су құбыры желісін күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүзеге асуда.Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су тұрақты берілуде. Сондай-ақ Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Биыл Арыс ауылдық округіне қарасты Нұржанқорған және Қожақорған ауылдарында ауыз су құбырларын салу жұмыстары аяқталмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918334
ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салыну жоспарланған. Осы ретте Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен жиын өтті. Оған тұрғын үй саласына жауапты басшылар, бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. Мәжілісте өңір халқын тұрғын үймен қамту, ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру, әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтарды пәтермен қамту, тұрғын үй мәселелерін шешу, оның ішінде жалдау ақысын субсидиялау тетіктерін енгізу, заңдағы жаңа өзгерістерді жүзеге асу барысы қаралып, қазіргі жай-күйі талқыланды.– Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Жаңа заңға сәйкес, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Президент тұрғын үй салуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағытта жоба әзірлеңіздер, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.Өткен жылы 1 174 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ал биыл жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 578 арендалық пәтер және 2 078 ипотекалық пәтер беру жоспарлануда. Жалпы Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 7 567 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылған. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысын белсенді жүргізу және инвесторлар тарту керектігі айтылды. Жиналыста көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, орындалу барысы басшылық назарында болады. Мемлекет тарапынан жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсету жалғасады.Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Жаңа Заңға сәйкес, осы жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігіне ие бола алады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918603