Қоғам
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда! 14.01.2025
2025 жылғы 13 қаңтарда Өскемен қаласы орта мектептерінің бірінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаментері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен мектеп басшылығы мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы түсіндірілді.Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Білім беру мекеменің басшылары біқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917119
ШҚО әкімі археологтармен кездесті 14.01.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев археологтар Нұрбол Баймұханов және Дмитрий Воякинмен жүздесті.Кездесу барысында алдағы зерттеу перспективалары талқыға салынды. Атап айтқанда, спутниктік суреттер арқылы Қара Ертіс жағасында және Зайсанда орта ғасыр тарихынан сыр шертетін ескерткіштердің бар екені белгілі болды. Бұған дейін түркі әлемінің тарихындағы бұл кезең зерттелмеген. Ол халықаралық қауымдастық тарапынан зор қызығушылық тудыруда.Ермек Көшербаевтың айтуынша, тың деректерді зерттеп, қоғам назарына ұсынғысы келетін археологтардың ғылыми жобалары мұқият зерттелетін болады. Сонымен қатар бұл бастамаға Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ғалымдары мен мамандары тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917198
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самат Қасенов ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 14.01.2025
Ол - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін “Тарих және география” мамандығы бойынша бітірген.2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер басқармасында жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917329
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самат Қасенов ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 14.01.2025
Ол - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін “Тарих және география” мамандығы бойынша бітірген.2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер басқармасында жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917330
Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде 14.01.2025
- Теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды- Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық немесе литріне 8,89 граммға дейін азайды- Жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жетті- Балық түрлерінің саны артты және бекіре тұқымдас балықтарды өсіру үшін қолайлы жағдай жасалды- Сырдария өзенінің су өткізу қабілеті секундына 700 м3-ге дейін ұлғайды- Арал теңізінің солтүстік бөлігі географиялық және климат түзуші объект ретінде сақталды- 870 шаршы шақырымға жуық теңіздің тартылған табанын су басып, тұз шөгінділерінің көтерілуін азайттыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/917303
Су сөздігі. «Мұздық» 14.01.2025
Мұздық - бұл негізінен биіктікте жылдар бойы жинақталған қардан пайда болатын мұз массасы.Мұздықтар Қазақстанның ирригациясы мен гидроэнергетикасын дамыту үшін өте маңызды, олар өзендерді қоректендіреді және тұщы судың негізгі көздерінің бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/917310
ТЖМ-ның төрт аяқты құтқарушылары: іздеуде және құтқаруда адал көмекшілер 14.01.2025
Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ қатарында 61 аттестатталған қызметтік ит қызмет етеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар ТЖМ аумақтық бөлімшелердің жедел-құтқару жасақтарында, Республикалық жедел-құтқару жасағында және әскери бөлімдерінде маңызды рөл атқарады. Олар тәжірибелі ит өңдеушілердің жетекшілігімен жұмыс істейді және іздеу-құтқару жұмыстарына, соның ішінде үйінділер мен көшкіндер астындағы адамдарды іздеуге белсенді қатысады. Қызметтік иттерді ыңғайлы орналастыру және үйрету үшін жасақтарда арнайы қоршаулар мен жаттығу алаңдары құрылды. Сондай-ақ өткен жылы құтқарушылардың иелігінде «Toyota Hilux» базасында жаңа заманауи кинологиялық қызмет көліктері келіп түсті, онда барлық жағдай жасалған. Кинологиялық есептоптардың дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру үшін жылына екі рет сертификаттық сынақтар өткізіледі, бұл кәсіби дағдыларды жетілдіруге және іздеу-құтқару жұмыстарында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. ТЖМ-де әртүрлі тұқымдас иттер қызмет көрсетелі, атап айтқанда лабрадор ретривері, неміс овчаркасы, бельгиялық овчарка, бордер-колли, ақ швейцариялық овчарка және голден ретривер. Бұл тұқымдар керемет иіс сезуімен және қиын жағдайларда жұмыс істеу қабілетімен танымал. 2024 жылы кинологиялық есептоптар 100-ден астам іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты. Құтқарушылар құрамында 2023 жылы Түркия мен Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарына белсенді қатысқан ТЖМ кинологиялық қызметіне ерекше назар аударған жөн. Сонымен қатар Шығыс Қазақстандағы кинологиялық қызметті атап өтеміз. Мұнда жедел-құтқару жасағының құрамында ТЖД қызметкерлерімен бес лабрадор мен ақ швейцариялық овчарка қызмет көрсетеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар өңірде көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді және құтқарушылардың сеніміне ие. «Біздің иттер іздеу жұмыстарында шешуші рөл атқарады, өйткені олардың өткір иіс сезу қабілеті адам кіре алмайтын жерлерде адамдарды табуға мүмкіндік береді. Құтқарушылардың нәзік сезімдері ондаған аспаптарды алмастырады және іздеу процесін едәуір жылдамдатады», - деп Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметінің басшысы Наталья Дрожжина атап өтті. Лабрадорлар әсіресе құтқарушылар арасында танымал, өйткені олар мейірімді табиғатымен және әртүрлі жұмыс жағдайларына тез бейімделу қабілетімен белгілі. ТЖД жасағының бас құтқарушы-кинологы Марина Цуканованың айтуынша қызметтік иттерді күтуге көп көңіл бөлінеді. Әрбір жануар кәсіби құтқарушылар сияқты арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілген, бұл оларға барлық ауа-райында жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жылу мен жайлылықты қамтамасыз етеді. Осылайша ТЖМ қызметтік иттері – бұл нағыз батырлар, олар адамға деген адалдығы мен сүйіспеншілігіне қарамастан, қиын жағдайда әрқашан қасында болып, адам өмірін сақтап қалуға көмектесу үшін арнайы дайындықтан өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/917671
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 70,9 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ 14.01.2025
Түркістан облысында ортақ жайылым жерді қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жайылым жерді қайтару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.– Мемлекет басшысы ортақ жайылымдарды ел игілігіне қайтару міндетін жүктегені белгілі. Аудан, қала әкімдері жауапты басқарма мен департаментпен бірігіп, осы бағыттағы жұмысты жандандырыңыздар. Мақсатсыз пайдаланылып жатқан жерді қайтару ісі жүйелі түрде жүргізілсін. Космомониторинг нәтижелерін де назарға алып, сараптаған жөн. Мониторинг, зерделеу, халыққа түсіндіру жұмыстары тоқтамауы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Жиында Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер телімдерін қайтару бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітілген. 2024 жылға облыс бойынша 60,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Есепті мерзімде 70,9 мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.Өңірде 2023 жылдың басында жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құраған болатын. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жайылым тапшылығы төмендеп, 2024 жылы 608 мың гектарды құрады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917408
«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» республикалық шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда 14.01.2025
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбында пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрында жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.Марапаттау рәсімі және іріктелген туындылар көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында өтеді.Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 919 035, 919 036 (ішкі: 366, 643) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.Байқау мен ережелер туралы толық ақпаратты Министрліктің сайтынан біле аласыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/917320
№46 бағытқа жаңа автобус-гармошкалар шығады 14.01.2025
14 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары №46 бағытта қатынайтын жаңа автобус-гармошкаларды пайдалана алады. Бұл заманауи көліктер жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін сатып алынды. Qala Trans ЖШС эксплуатация бастығы Әлібек Асаманов азаматтардан қоғамдық көлікте тазалық сақтауды және автобустардың мүлкін ұқыпты ұстауды сұрады.«Барлық жолаушылардан осы автобустарға ұқыпты қарап, орындықтардың артына сурет салмай, автобустарда түкірмей, ақпараттық жапсырмаларды жұлып алмауды сұраймыз. Бұл автобустар тұрғындарымыздың ыңғайлы және жайлы жүруі үшін сатып алынды. Азаматтарды қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қаламыздағы көлікті бірге ыңғайлы әрі заманауи етіп жасайық», - деді Ә. Асаманов.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917219
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсады 14.01.2025
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсады. Мұндай деректерді электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралған Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев келтірді.Атап айтқанда, ведомство басшысы 2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда көлемі бес есеге ұлғайғанын хабарлады. Алайда, бұл әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. Десе де, жастар санының көптігін, финтехтің дамуын, интернеттің қолжетімділігін және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуын ескере келгенде, Қазақстанда интернет-сауданы дамытудың жоғары әлеуеті бар.2029 жылға қарай электрондық сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін Үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады. Ол электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді, еліміздің барлық өңірлерінде электрондық сауданы оқыту курстарын іске қосуды, кәсіпкерлер үшін электрондық саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917195
Электрондық сауданың дамуы Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады - «Қазпочта» АҚ 14.01.2025
Үкімет отырысында «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электрондық коммерцияның қарқынды өсуі Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер терезесін ашатынын айтты.Ол бұл өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытуға және Қазақстанның Орталық Азияның логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.«Бұл жердегі Қазпоштаның негізгі рөлі – электрондық коммерция нарығы үшін сенімді инфрақұрылымды қамтамасыз ету», — деп атап өтті Әсел Жанасова.Спикер 2029 жылға қарай бір адамға шаққандағы сәлемдемелер саны дамыған елдер деңгейіне – қазіргі бес сәлемдемеден жылына 27 сәлемдемеге дейін көбейетінін айтты. Бұл жергілікті ойыншылардың да, трансшекаралық сауданың да өсуіне ықпал етеді, оның үлесі 19%-ға жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917382
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам қызметкердің құқықтарын қорғады 14.01.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорнында 4,5 млрд теңге сомасына 18,8 мың қызметкер алдындағы жалақы бойынша берешекті анықтады. Сонымен қатар, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 8,1 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындау үшін міндетті 251 ұйғарым берілді және 51 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,7 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,7 млрд теңге төленді.Бұдан басқа, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері тұр.2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 577 тексеру жүргізді, оның барысында 8 122 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 6 219; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 835; халықты жұмыспен қамту бойынша – 68.Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/916432
Қазақстан мен Кипр арасында кезекті саяси консультациялар өтті 14.01.2025
Астана, 2025 жылғы 13 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың екінші отырысы аясында Қазақстан-Кипр қарым-қатынастарының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Кипр Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тұрақты хатшысы Андреас Какуристің төрағалығымен өткен іс-шараның негізгі тақырыптары саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің негізгі аспектілері бойынша пікір алмасу болды.Р. Василенко Қазақстан Кипрді Еуропалық одақтағы маңызды және сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екіжақты және көпжақты бағыттағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірілді.Өз кезегінде Кипр делегациясының басшысы екі елдің сыртқы істер министрліктері басшыларының тұрақты кездесулерінің, оның ішінде қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы мен желтоқсанда ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің басқосуы аясындағы кездесулердің маңыздылығын атап өтті. А. Какуристің пікірінше, жақында Қазақстанда Кипр Елшілігінің ашылғаны Никосия мен Астана арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Кездесу соңында тараптар бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мақсатында алдағы байланыстар кестесін мақұлдады.Сол күні Кипр делегациясы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевпен өткен кездесуде халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі жағдай туралы пікір алмасты.Тараптар халықаралық құқық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өңірдегі қақтығыстарды тек бейбіт жолмен шешу қажеттігі туралы келісті.Анықтама: 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Кипр арасындағы тауар айналымы 7,1 млн АҚШ долларын (экспорт – 6,1 млн, импорт – 1 млн) құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес көрсеткішінен 5 есеге жоғары. 2005 жылдан бері Кипрден Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 4,8 млрд доллардан асты. Қазақстанда кипрлік капиталдың қатысуымен 370-тен астам компания тіркелген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/917042
ТУРИНДЕГІ УНИВЕРСИАДАДА ЕЛІМІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ КӨТЕРІЛДІ 14.01.2025
ТУРИНДЕГІ УНИВЕРСИАДАДА ЕЛІМІЗДІҢМЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ КӨТЕРІЛДІБүгін ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы студенттік ойындарының спортшылар қалашығында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада ашылуына орай қазақстандық спортшыларға үндеу жолдап, қолдау көрсетті. Әлемнің түрлі елдерінен 2000-ға жуық студент-спортшы қатысатын осы беделді жарыста Қазақстанның намысын ұлттық және жастар құрамаларын 103 спортшы қорғайды.Министрдің айтуынша, жастардың жан-жақты дамуына, соның ішінде спортпен белсенді айналысуына жағдай жасау – министрліктің негізгі міндеттерінің бірі. Саясат Нұрбек сондай-ақ талантты студенттерге республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін ұсынуға ерекше назар аударды.«Президент спортты дамытуға ерекше мән беріп отыр. Бұл – тек спорт саласын ғана емес, жалпы халықтың денсаулығын нығайтуға, өмір сапасын жақсартуға бағытталған стратегиялық ұстаным. Мемлекет басшысының бұл бастамасы спортты дамыту мен дене шынықтыруды халық арасында кеңінен насихаттау қажеттілігін айқындайды», – деді министр.Саясат Нұрбек өз сөзінде спортшыларға жеңіс тілеп, оларды сәттілікке жетелейтінін айтып, барлық қазақстандықтар олардың жетістіктерін асыға күтіп отырғанын атап өтті.Сондай-ақ сайыс алдында қазақстандық делегацияны бастап барған ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов ұлттық құрама өкілдерімен кездесіп, соңғы дайындық жұмыстарын пысықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/917031
Қазақстан және Қырғызстан одақтастық қатынастарын дамытуын жалғастырып, стратегиялық диалогты нығайтуда 14.01.2025
Астана, 2025 жылғы 10 қаңтар – Қазақстан тарапының шақыруымен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Астанаға алғашқы ресми сапарын жасады.Келіссөздер барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басымды бағыттарын талқылады. Достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттарына негізделген одақтастықты тереңдетуге өзара бейілділік расталды.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейіне көтерілгеніне назар аударды. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартқа қол қойылып, екі ел арасындағы достық байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған бірқатар экономикалық және мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізілді.«Қырғызстан біз үшін тек сенімді одақтас қана емес, сонымен қатар жақын көрші және бауырлас халық. Бізді ғасырлар бойы қалыптасқан достық байланыстар, ортақ рухани құндылықтар және біртұтас түркі тамырлар біріктіреді», – деді М.Нұртілеу.Өз кезегінде Ж.Кулубаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар бүгінгі таңда жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, тереңдетілген одақтастық сипатқа ие болғанын растады.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада өткен Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 6-шы отырысында қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын жан-жақты талқылады. Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жәрдемдесуді жалғастыруға уағдаласты.Тараптар экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстан Қырғызстанның ең ірі сауда серіктесінің «үштігіне» кіреді. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде 1,5 млрд АҚШ долларынан асып отыр. Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында министрлер өзара сауда көлемін 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге жәрдемдесу жөнінде уағдаласты. Осы орайда тараптар қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешенін іске қосудың, екіжақты тауар айналымының номенклатурасын кеңейтудің, бизнес-форумдар мен сауда миссияларын тұрақты түрде өткізудің, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Екі елдің кәсіпкерлік ортасы үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды. Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1,3 млрд доллардан астам инвестиция салды.Министрлер энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Осы бағыттарда өзара тиімді әріптестікті дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Бөлек тармақ ретінде екі мемлекет арасындағы берік және ұзақ мерзімді қатынастардың негізі болып табылатын мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қаралды.Өткен жылы Қазақстанда Қырғызстанның Мәдениет күндері және бірқатар ірі шаралар, оның ішінде бірлескен концерттер, кино күндері, жастар мен ақсақалдар форумдары үлкен табыспен өткізілді. Биыл қазақ-қырғыз киносының өзара күндерін және кезекті 3-ші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу жоспарлануда.Қазақстан тарапы «KazAID» агенттігінің Орталық Азия елдерінің жас дипломаттарына арналған білім беру курстарын өткізуді, сондай-ақ студенттермен академиялық алмасуларды және медициналық жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруды жалғастыратынын хабарлады. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Қырғызстанды аталған бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырды.Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар БҰҰ, ШЫҰ, ТМҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК сияқты көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету барысында өзара қолдау көрсетуге бейілділіктерін растады.СІМ басшылары Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігер, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері мен Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Осы тұрғыда тараптар сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді, оның ішінде Сыртқы істер министрлері кеңесі және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасы аясында өзара әрекеттесуді жалғастыруға уағдаласты.Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Ж.Кулубаев ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/916369
Аустрияның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 14.01.2025
Астана, 2025 жылғы 13 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Андреа Бахерден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Сұхбат барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады және 2024 жылы екі елдің өзара іс-қимылының қорытындыларын шығарып, алдағы іс-шаралар кестесін мақұлдады.Жоғары және аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты құптай отырып, тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Аустрия Президенті Александр Ван дер Белленмен 2022 жылы кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, сондай-ақ 2024 жылы өткен Қазақстан мен Аустрияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының бірқатар келіссөздерінің іске асырылу барысын талқылады.Министрдің орынбасары Қазақстан Аустриямен қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуға маңызды мән беріп отырғанын және өзара тиімді сауда-инвестициялық әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Осыған байланысты Экономикалық, ауыл шаруашылық, экологиялық, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) және Іскерлік кеңестің екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы және өзара іс-қимылдың жаңа перспективалық салаларын айқындаудағы орталық рөлі аталып өтті.ҮАК тең төрағасы ретінде Р. Василенко осы жылдың көктемінде Астана қаласында комиссияның кезекті отырысын өткізуге мүдделілігін растады, сондай-ақ Қазақстанда аустриялық компаниялар, инвесторлар, қаржы институттар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанына және шетелдік капитал мен технологияларды тартатын түрлі жобаларға, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамытуына қатысу мүмкіндігіне бөлек тоқтады.Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында Министрдің орынбасары Аустрия Елшісіне Қазақстанда табысты қызмет тіледі.Анықтама: 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Аустриямен тауар айналымы 332,6 млн АҚШ долларын (экспорт – 9,7 млн, импорт – 322,9 млн) құрады. 2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында тауар айналымы 257,4 млн АҚШ долларын (экспорт – 4,1 млн, импорт – 253,3 млн) құрады. 2005 жылдан бері Аустрияның Қазақстанға тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 3 млрд долларды құрады. Қазақстанда аустриялық капиталдың қатысуымен 180-ден астам кәсіпорын тіркелген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/916912
КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ 14.01.2025
«Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық өскелең ұрпағының да болашағын қамдай алмақ» дейді дана халқымыз. Бүгін қаламыздың төрінде көрнекті қоғам қайраткері, еліміздің мақтанышы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Ғасырда бір туатын арда азаматты ұлықтауға Димекеңнің көзін көрген қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен қала тұрғындары жиналды. Тіпті оңтүстік өңірдің шалғай аудандарынан да тау тұлғаның ізгілікті істері мен шарапатын көрген қариялар да ортадан табылды.Шара барысында ширек ғасыр ел басқарған тұлға жайлы жылы естеліктер мен лебіздер төгілді.-Ол кісінің жарқын бейнесі, қажымас қайраты ұрпақ жадында мәңгі сақталарына сенімдіміз. Дінмұмамед Қонаев ел үшін өлшеусіз еңбек еткен ерен тұлға десек, артық айтпағанымыз болар. Дінмұхаммед Ахметұлы билік тізгінін ұстаған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Осы еңбегінің өзі үлкен ерлік. Халқына адал қызмет еткен қайраткер деп айта аламын. Дара тұлғаның ізгі жолы жастарға үлгі болып, жастар арасында насихатталуы керек, - деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып Бахадыр Нарымбетов. Салтанатты шарадан кейін қазақ халқының ардақты перзенті Дінмұхамед Қонаевтың рухына тағзым етіліп, құран бағышталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/916750
ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР МЕН НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ 14.01.2025
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Қаратау ауданында орналасқан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасы мен оқу корпусының жұмысымен танысты. Колледж басшылығы білікті маман даярлау мен ауыл шаруашылығы саласында инновациялық жобаларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.Әкім оқу орнының әлеуетімен танысу барысында түлектерді жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға Шымкентте шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларға отандық ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын енгізу мәселесін қарастыруды және қамтамасыз етуді тапсырды.Сондай-ақ, “Dala Fruit” ЖШС-нің қызметімен танысты. Компания жоғары технологияларды пайдалана отырып, алма өсіру, сақтау және сатумен айналысады. Сондай-ақ бақ шаруашылығы саласындағы әлемдік озық тәжірибені қолданады. Бұл тәжірибе Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін үлгі бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/916763
ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 14.01.2025
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Ажар Сағандықова этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жастардың ұлттық кодты жоғалтпау мәселесі басты назарда болды. Төрағалар ұлттық құндылықтарды сақтау, әр этностың дәстүрлерін насихаттау және жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Олар қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы білімді арттыру, сондай-ақ түрлі этностар арасындағы түсіністік пен бірлікті нығайту қажеттігін атап өтті.Келесі әңгіме барысында ұлтаралық байланыс пен татулық мәселелері де көтерілді. Төрағалар Қазақстандағы этносаралық келісімнің маңызына тоқталып, елімізде тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне құрметпен қарауы керектігін айтты.Сонымен қатар, жұмыс істейтін азаматтардың жалақысын көтеру мәселесі де қозғалды. Олар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұсыныстарын білдірді.Кездесу соңында депутат этномәдени бірлестіктерінің жұмысын қолдайтынын, ұлттық келісімді сақтау жолында бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/916768