Қазақстан Республикасының Құрылтай сайлауы туралы
31.07.2026 19:12:50 261
Құрметті отандастар!
2026 жылғы 23 тамызда Париж қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі жанындағы №410 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.
Франциядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №410 учаскесінде 18 жасқа толған және француз қалаларында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.
№410 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне strasbour@mfa.kz электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.
Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +33 3 88 69 75 13 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің мекенжайы: 59 rue Pierre Charron, 75008 Paris.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1267015?lang=ru