Enbekshi QazaQ

Қоғам

АӨК-ке 595 мың жұмысшы маман жұмылдырылды 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 300 мыңнан астам өндіруші, оның ішінде жұмысшы мамандарының 595 мыңы немесе 55%-ы жұмыс істейтінін хабарлады.Ол отбасылық коэффициентін ескере отырып, салада жұмыс істейтін әрбір маман орта есеппен үш адамды табыспен қамтамасыз ететініне тоқталды. Осылайша, ауыл шаруашылығы 4 млн адамның қаржылық әл-ауқатына тікелей немесе жанама түрде әсер етеді, бұл оны әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі көздерінің біріне айналдырады.«Халықты жұмысшы мамандықтарына тарту үшін фермерлерге басқа салалармен қатар тұрғын үй құнын, жас мамандардың жалақысын және “ұрпақтар келісімшарты” бойынша субсидиялау сияқты мемлекет жүзеге асыратын ынталандыру шаралары қолжетімді. Министрлік тарапынан Аграрлық несие корпорациясы, ҚазАгроҚаржы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісі бойынша түрлі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914514
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы жаңа жұмыс дағдыларын талап етеді – АШМ 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы соңғы жылдары жаңғыртылып, неғұрлым технологиялық және өнімділігі жоғары болғанын атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесі де қатар өсіп келе жатқанын, оны жалақыны көтеру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік төлемдеріне ұлғайтылған коэффициентті қолдану есебінен одан әрі көтеру қажеттігіне тоқталды. Бұдан басқа, ауылда тұрғын үй құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Ұсынылған шаралар ауыл шаруашылығы жұмысшы мамандарының беделін арттыруға және азаматтардың ауылға тұрақтап қалуына мүмкіндік береді. Заманауи ауыл шаруашылығы негізгі кәсіптік-техникалық білімнің болуымен қатар цифрлық жүйелермен және жоғары технологиялық жабдықтармен, соның ішінде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын меңгеруді талап етеді.«Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 9 кәсіби стандарт, сондай-ақ даярлаудың аграрлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, жаңартылатын болады. Бұл мамандарды машинамен сауу, дрондар, астық өңдеу операторлары сияқты заманауи мамандықтарға және жоғары технологияларды қолдануға байланысты басқа да бағыттар бойынша оқытуға мүмкіндік береді», — деп толықтырды Айдарбек Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914689
Қазақстан мен Тәжікстан ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Нурмахмад Ахмадзодамен кездесті. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимыл мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуге сондай-ақ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев қатысты.Келіссөздердің басты тақырыбы астық экспорты көлемін арттыру мәселесі болды.Айта кетейік, Тәжікстан қазақстандық астық үшін дәстүрлі өткізу нарығы болып табылады.ҚТЖ мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан Тәжікстанға шамамен 1,3 млн тонна астық экспорттаған, оның ішінде жаңа егіннің 633 мың тоннасы бар. Жаңа егіннің экспорт көлемі 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өскен.«Біз қарқынды арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуымыз керек. Сондай-ақ, біз ұн жеткізуді жолға қоюды ұсынамыз. Ынтымақтастық үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Тәжікстандық тарапты қант, өсімдік майы, ет жеткізу көлемін ұлғайту мәселелері қызықтырды.Өз кезегінде министр жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Кездесу соңында Айдарбек Сапаров айтылған бастамаларды жүзеге асыру сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің азық-түлік тұрақтылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914713
2 млн га пайдаланылмаған жерді 2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда 09.01.2025
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2025 жылы 2 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайтын болады.Сондай-ақ, басқа да негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылатын болады.Мемлекет басшысының Бакудегі Климаттық саммитте айтқан бастамаларының жалғасында көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітілетін болады. Бұл климаттың өзгеруімен күресудегі және топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызды қадам.«2024-2030 жылдарға арналған топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі жол картасын іске асыру жалғастырылатын болады. Құжат 2024 жылы бекітілді. Ағымдағы жылы жердің тозуына қарсы күреске баса назар аудара отырып, Жол картасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс - қимыл жоспарларын бекітуге ерекше назар аударылатын болады», - деп хабарлады ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов.Сондай-ақ Комитет заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Парламентте қаралып жатқан «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл топырақты қорғау, олардың сапасы мен құнарлы қабатын сақтау мәселелерін реттеудегі негізгі құжат болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915485
С. Жақыпова Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Еңбек министрлігі жоспарлаған іс-шаралар туралы хабарлады 09.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар кешені туралы айтты.Министр сөз басында жұмысшы мамандықтары қазақстандық еңбек нарығының негізі болып қала беретінін атап өтті. 4,8 миллион адам немесе барлық жұмыс істейтін азаматтың 52%-ның кәсіптік немесе техникалық білімі бар. Бұл 2,3 миллионға жуық адам, олар 2,2 мың жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мұндай мамандарға деген жоғары сұраныс көптеген бос жұмыс орындарымен расталады – өткен жылы 270 мыңнан астам бос жұмыс орнын құрады. Жұмысшы кадрлар көлік, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда көбірек сұранысқа ие.«Актуарлық модельдер негізінде әзірленген болжамдарымыз алдағы жылдары жұмысшы кадрларға деген қажеттілік тек арта түсетінін көрсетеді. Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам деп жоспарлануда, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыскерлерге жартысынан астамы тиесілі, олардың 400 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары болып табылады. Оларға мамандандырылған техниканың жүргізушілері, сантехниктер, дәнекерлеушілер, құрылыс мамандықтары мен техникалық бағыттағы жұмысшылар жатады», – деді Светлана Жақыпова.Оның айтуынша, кадрларды даярлауды, оның ішінде жұмысшы мамандықтарды тиімді жоспарлау мақсатында жобалардың Инновациялық навигаторы әзірленген.«Платформа қазірдің өзінде кадрларға деген қажеттілікті болжауға, сондай-ақ еңбек нарығының сұраныстарын ТжКБ ұйымдарында мамандар даярлаумен үндестіруге мүмкіндік береді.Жұмыс орындарын құру көрсеткіштері, еңбекақы қорының мөлшері, жалақыны уақтылы төлеу және әлеуметтік аударымдар негізінде біз жобалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыра аламыз. Бүгінде 150 мың жұмыс орнын құратын 755 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізілуде», – деді Светлана Жақыпова.Министр талдау барысында әртүрлі өңірдегі еңбек нарығының қажеттіліктері мен колледж студенттерінің (ТжКБ) нақты түлектері арасындағы елеулі алшақтық анықталғанын атап өтті. Ең үлкен алшақтық құрылыс саласында және өнеркәсіпте байқалады. Сонымен қатар, кадр тапшылығының өңірлер бойынша біркелкі бөлінбеуі байқалады.«Біз сондай-ақ Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды аяқтадық және олардан деректер түскеннен кейін кадрларды даярлауды мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын жобалармен үндестіре аламыз», – деп толықтырды Еңбекминінің басшысы.Кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы кәсіптері бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87 % жаңартылды. Еуроодақ елдерінің стандартын қолдана отырып, 12 мыңнан астам дағдыларды қамтитын Электрондық дағдылар банкі құрылды.«Осы жылы тағы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылуда.Біліктілікті тануды бағалау 4 тәуелсіз орталықтың базасында басталды. Биыл біз осындай тағы 5 орталықты, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша 2 орталықты ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.Кәсіби мансапты таңдау және өзінің мансаптық траекториясын басқару үшін «Мансап компасы» жобасы іске асырылуда.Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.Студенттердің практикалық дағдыларды игеруі үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практикадан өту орнын табуға мүмкіндік беретін функционал іске қосылды. Онлайн оқыту платформасында бүгінде 643 курс қолжетімді, 410 мың адам оқытылды.Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тәлімгерлік институтын дамыту, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу және оқушылары мен ТжКБ студенттерін жұмыс іздеу мен жұмысқа орналастыру дағдыларына оқыту көзделген.Еңбекминінің басшысы жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды күшейту үшін ведомство әлеуметтік әріптестермен бірлесіп іске асыратын шаралар туралы да айтты.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы цифрлық мониторинг арқылы өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру, кәсіпорындарға тәуекел класын бере отырып, кәсіптік тәуекелдерді интегралды бағалауды енгізу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға және мамандандырылған ұйымдарға жауапты адамдарды оқытуға және олардың білімін тексеруге қойылатын талаптарды күшейту.«Сонымен қатар біз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз», – деп қосты Светлана Жақыпова.Еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің штат кестесін орналастыруын, еңбек және ұжымдық шарттар жасасу рәсімдерін электрондық форматқа ауыстыруды көздейтін еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерін енгізу жоспарлануда.Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастық шеңберінде заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды көздейтін лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылатын болады.«Өткен жылы біз халықаралық стандарттарды ескере отырып, ең төмен жалақы мөлшерін белгілеу әдістемесін бекіттік. Биыл Халықаралық еңбек ұйымының «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы» № 131 Конвенциясын ратификациялауды жоспарлап отырмыз.Айтылған шараларды іске асыру үшін ХЕҰ-ның жобалық кеңсесі құрылады, оның жұмыс бағыттары айқындалып қойған», – деп хабарлады Светлана Жақыпова.Сөз соңында ведмство басшысы соңғы жылдары Министрлік азаматтарды және еңбек саласындағы бизнесті қолдаудың дамыған жүйесін құрғанын атап өтті. Ол көптеген онлайн қызметтерді біріктіреді және жұмыс іздеуден және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, кәсіби дағдыларды дамытуға, оның ішінде жұмысшы мамандықтарына дейінгі көптеген міндеттерді шешеді.«Жұмысшы мамандықтары саласындағы аса маңызды жобалардың бірі Кәсіпорынның цифрлық картасы болып табылады. Бұл бізге нақты уақыт режимінде кәсіпорындардағы тәуекелдерді алдын ала анықтауға және алдын алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Модельде қаржылық, әлеуметтік және еңбек сияқты 60-тан астам көрсеткіш бойынша мәліметтер қолданылады. Бұл бізге жоғары тәуекелге байланысты жұмыс мамандықтарына ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.Кәсіпорынның цифрлық картасын бұрын құрылған Отбасының цифрлық картасымен үйлестіру жаңа мүмкіндіктер ашады. Жұмыс беруші кәсіпорындағы жұмыскерлердің әлеуметтік әл-ауқатын ескере отырып, тәуекелдерді автоматты түрде анықтай алады. Мысалы, егер жұмысшы баспанаға мұқтаж болса, оның отбасы көпбалалы немесе онда мүгедектігі бар адам мәртебесі берілген мүшесі болса, жұмыс беруші мұны біліп, тиісті қолдау көрсете алады.Бизнес үшін Кәсіпорынның цифрлық картасы – бұл жұмыскерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға арналған құрал», – деп түйіндеді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/914292
2024 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша 97 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды 09.01.2025
2024 жылы мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 96,9 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрады. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды.Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.Сырттай куәландыруға көшу:- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/915018
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді 09.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық.Бұйрықтың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:- қандастар үшін: Павлодар облысы – 1 056 адам, Ақмола облысы – 285 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам, Абай облысы – 244 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам, Қостанай облысы – 150 адам, Атырау облысы – 100 адам, Батыс Қазақстан облысы – 30 адам;- қоныс аударушылар үшін: Павлодар облысы – 3 050 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 2 969 адам, Қостанай облысы – 535 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам, Абай облысы – 255 адам, Ұлытау облысы – 125 адам, Қарағанды облысы – 38 адам.Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:- көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;- 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;- 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;- тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/914194
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТУДА 09.01.2025
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТУДАҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімге қол қою туралы» қаулы қабылдады.ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ЮНЕСКО аясындағы өңірлік гляциологиялық орталығының қызметі қайта жаңартылады. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 12 сәуірде Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің отырысында: «2020 жылы Алматыда ЮНЕСКО шешімімен құрылған өңірлік гляциологиялық орталық климаттық өзгерістерді зерттеуге үлкен үлесін қосып отыр. Біздің ғалымдар тек мұздықтардың еруін зерттеп қана қоймай, сел тасқындары мен мұздықтар көлдерінің жарылуынан болатын қауіптерді төмендету жолдарын іздеуде. Гляциологиялық орталықтың әлеуетін толыққанды пайдалану қажет. Орталықты ғимаратымен қамтамасыз етілуі Үкімет тарапынан шешіліп жатыр. Енді ерекше назар аударатын мәселе – Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы Гляциологиялық орталықтың қызметі жөніндегі келісімнің мерзімі биыл аяқталатындықтан, оны ұзарту туралы мәселе», - деп тапсырма берді.ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы 2020 жылы құрылып, әлемдегі ЮНЕСКО аясындағы жалғыз гляциологиялық орталық.Келісімге сәйкес Орталық гляциология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және Орталық Азиядағы мұздықтардың, қар мен мәңгілік мұздың жағдайын бақылауға қатысатын түрлі ұйымдар арасында ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Халықаралық гидрологиялық бағдарламаның мақсаттарына сәйкес гляциология мәселелері бойынша аймақтық зерттеу бағдарламаларын енгізу және дамыту міндеттерін шешеді.Орталық ЮНЕСКО бағдарламаларын жүзеге асыруға көмектеседі, мүше мемлекеттердің әлеуетін, техникалық сараптамасын және тәжірибесін бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ аймақтық желілер құруға қолдау көрсетіп, ресурс орталығы ретінде қызмет атқарады.Орталықтың міндеті – тау криосферасының динамикасын бақылаудан (оның негізгі компоненттері – қар жамылғысы, мұздықтар, жер асты мұздары) бастап Орталықтың қызметі мен ықтимал қауіптер туралы халықты және шешім қабылдаушыларды ақпараттандыру, сондай-ақ су қауіпсіздігі мәселелерінің гляциологиялық аспектілерін әзірлеу.Келісімге қол қою Гляциологиялық орталыққа Қазақстан үшін аса маңызды тау мұздықтарының жүйелерінің жедел мониторингін жүргізуді, трансшекаралық бассейндердегі мұздықтардың алаңдары мен көлемдерін бағалауды, олардың өзгеру тенденцияларын анықтауды жалғастыруға мүмкіндік береді, бұл елдің және өңірлік су ресурстарын басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады және елдің су қауіпсіздігімен тікелей байланысты.Келісімде сондай-ақ Орталықты басқарудың корпоративтік принциптері және Орталықтың қызметін қамтамасыз ету мәселелері көрсетілген, бұл Орталықтың тиімді ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін жүзеге асыруға және ЮНЕСКО, Халықаралық су ұйымы және басқа да ұйымдардың іс-шараларына белсене қатысуға мүмкіндік береді.Ерекше атап өту керек, Келісімге Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы» деп жариялаған 2025 жылы қол қойылады, және оған қол қою Қазақстан мен Орталыққа мұздықтарды сақтау жылында маңызды іс-шараларды, 2025-2034 жылдары «Криосфера ғылымдарын қолдауға арналған іс-әрекеттер онжылдығын», сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда БҰҰ қамқорлығымен өңірлік климаттық саммиттін сәтті өткізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/915493
Қазақстан ТЖМ Ресейдегі ЖКО салдарынан зардап шеккен азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастырды 08.01.2025
5 қаңтарға қараған түні Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына Ресей ТЖМ-нен "Самара-Большая Черниговка" федералды автожолының 101 км болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат түсті. Апат салдарынан Қазақстанның жеті азаматы зардап шекті. Зардап шеккендерді Ресейге тасымалдау үшін Батыс Қазақстан ТЖ департаментінің құтқарушылары мен психологтарын, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметкерлерін қамтитын жиынтық колонна жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендердің Большая Глушица ауылының, Новокуйбышевск және Самара қалаларының медициналық мекемелеріне жатқызылғаны анықталды. Бұл мекемелерде Қазақстан ТЖМ психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Қайтар жолда зардап шеккендердің барлығы отандық мамандардың тұрақты бақылауында болды. Бүгін таңертең зардап шеккендермен бірге жиынтық колонна Қазақстанға аман-есен келді, онда пациенттер Орал қаласындағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға тапсырылды. Барлығы жеті науқас, оның ішінде екі бала жеткізілді. Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам қаза тапты, олардың мәйіттері де Қазақстанға жеткізілді. Бұл операцияға Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Орал қаласынан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, азаматтарға жолда сақтық пен мұқият болу маңыздылығын еске салады. Көлік жүргізу кезінде абай болыңыз, қауіпсіздікті сақтаңыз және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/914105
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ 08.01.2025
Халықтың әл-ауқатының арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Дегенмен, әл-ауқатты арттыру дегенді түрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың көлемінің артуымен есептеуге болмайды. Бұл халықтың тұрақты және табысы мол жұмыспен қамтылуы, нарыққа қажетті кәсіпті игеріп, кәсіп бастауы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының азаюынан байқалады. Ал, ол бағытта мемлекетімізде жыл сайын түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып, нәтижелі жұмыс жүргізіліп келеді.Бүгінде табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары қолға алынып отыр. Мәселен, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері енгізілмек. Яғни, биыл жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығару үшін кешенді қолдау көрсетуге бағытталған АӘК беріледі.АӘК мыналарды көздейді:- шартсыз және шартты негізде тоқсан сайын берілетін ақшалай төлем. Еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасылар шартсыз көмек, ал құрамында жұмысқа орналаса алатын кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасылар шартты көмек алады;- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату және келесі 6 айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады;- табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа толған балаларының әрқайсысына 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі.Шымкентте 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,8 мың отбасындағы 45,9 мың адамға 5,4 млрд теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Ал, АӘК алушылардың мектепке дейінгі жастағы 16,3 мың баласына 625,3 млн теңге көлемінде қосымша төлем беріледі.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы АӘК беру тетігі ашықтықты, әділдікті, еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қайта қаралды. Нәтижесінде 2023 жылы 12,7 мың отбасы немесе 65,9 мың адамға 6,3 млрд. теңге АӘК төленді. Ал, 2024 жылы АӘК алушылар саны 45,9 мың адамды немесе 8,8 мың отбасын құрады. Оларға мемлекет қазынасынан 5,4 млрд. теңге төленді. Бұдан біз АӘК алушылар саны жыл сайын төмендеп келе жатқанын байқаймыз.Шымкенттегі АӘК алушыларды аудандар бойынша зерделер болсақ, Абай ауданында – 31%, Әл-Фараби ауданында – 20%, Қаратау ауданында – 18,5%, Тұранда – 17% және Еңбекші ауданы тұрғындарының 13 пайызы АӘК алатыны анықталып отыр.Әлеуметтік мәртебесіне қарай АӘК алушылардың басым бөлігі балалар. Олардың үлесі 31 мың адамды, яғни 67,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ, өтініш берген сәтте көмек алушылар қатарында жұмысы бар азаматтар – 16,8%, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар – 11,1%, студенттер – 2,6%, жұмыссыздар – 0,12% және басқа санаттағы адамдар – 0,9 пайыз екені анықталды.Мемлекеттің АӘК тағайындаудағы басты мақсаты – халықты еңбекке ынталандыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы табысы аз отбасыларды кедейлік жағдайынан шығару.Шымкент қаласы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы табысы аз отбасыларға кешенді қолдау көрсету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде сол жылдың соңында АӘК алушылар қатарынан 19 мың адам кедейлік жағдайынан шықты. Ал, 2024 жылдың қорытындысына сәйкес, кедейлік жағдайынан шыққандар саны 13,5 мың адамды құрап отыр.Мәселен, 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 12 926 азамат жұмысқа жарамды екені, оның ішінде 7 738 азаматтың өтініш берген кезде жұмысы бар екені анықталған. Оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында 480 адам нәтижелі жұмыспен қамту шараларына қатысқан. Атап айтсақ, 308 азамат тұрақты жұмыс орындарына, 48 азамат қоғамдық жұмыстарға, 18 маман «Жастар практикасына», 17 маман әлеуметтік жұмыс орындарына, 43-і кәсіпкерлік бастамаларды ілгерілету бойынша, ал 46 азамат біліктілігін арттыру шарасына қатысқан.2023 жылы Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) іске қосылды, ол 84 параметр негізінде еліміздегі отбасылардың әл-ауқатының деңгейін анықтайды. ОЦК деректері негізінде мемлекеттік органдар мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдай алады.Биыл әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің көрсеткіштері бойынша ОЦК-даD және E санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту бойынша әкімдердің KPI енгізілді. Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп отбасыларды дағдарыс және мүшкіл санаттардан неғұрлым қолайлы санаттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдауда. 2024 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша аталған контингенттің саны 17,9 %-ға азайды.Биыл, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп ОЦК деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есеп жүргізді. Оның нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалады.2025 жылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытындылар шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру жүзеге асырылмақ. Бұл комиссиялар үшін FSM Social мобильді қосымшасы жасалды. Оның артықшылығы:- геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);- жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;- зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.Мобильді қосымша пилоттық режимде Алматы облысының Қонаев қаласында сыналды. 2025 жылғы қаңтардан бастап FSM Social қосымшасын республика көлемінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін олардың келісімін ала отырып, сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған.АӘК тағайындау кезінде екінші деңгейдегі банктерден азаматтардың кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер алу алгоритмі жүзеге асырылады.Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасындағы барлық кәмелетке толған адамдарға жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, оған олар бір жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты жинау өтініш берушіден және оның отбасы мүшелерінен мемлекеттік органдар мен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы жиынтық түрде келісім алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Егер банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының мөлшері кедейлік шегінен аспаса, онда АӘК қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.2025 жылы Шымкент қаласында 24721 жаңа жұмыс орны ашылып, қаланың өндірістік-экономикалық ахуалымен қатар әлеуметтік жағдайында да үлкен өзгерістер орын алады деп күтілуде. Ең бастысы, мемлекеттік бағдарламалар негізінде «Екі қолға – бір күрек» алуға құштар, жұмыстан қорықпайтын азаматтар барда халықтың әлеуеті жақсара түсеріне сенім мол.Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.АсыловАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/914146
Қазақстан және Өзбекстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 08.01.2025
Астана, 2025 жылғы 7 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды талқылады. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты нығайтуға қолғабыс көрсетуге өзара дайындығын растады.Сондай-ақ ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/914141
Қазақстан мен Өзбекстанның Сырдария өзеніндегі су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөніндегі келіссөздері туралы 07.01.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің суын есепке алуды автоматтандыру үшін техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде келісімге келді.Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің бассейнінде автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 учаскені анықтаған болатын. Олардың 5-і еліміздің аумағында, тағы 5 учаске Өзбекстан аумағында.Бүгінгі таңда тараптар халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізуде. Жоба бойынша жалпы техникалық тапсырманы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) әзірлейді.«Бүгінгі таңда автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын алғашқы 10 учаске анықталғанын атап өтеміз. Жалпы, біз барлық негізгі су бекеттерін автоматтандыруды және су есебінің толық ашықтығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені біз қырғыз және тәжік әріптестерімізбен де келіссөздер барысында белсенді түрде алға тартудамыз»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/914124
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы 07.01.2025
Құрметті отандастар!Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!Рождество мерекесі құтты болсын!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914109
Туризм және спорт министрінің жемқорлықты жоюдағы e-sport жобасының маңызы туралы авторлық мақаласы «Айқын» газетінде жарияланды 07.01.2025
Туризм және спорт министрінің жемқорлықты жоюдағы e-sport жобасының маңызы туралы авторлық мақаласы «Айқын» газетінде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914110
Алматы қалалық спорт басқармасының басшылығына үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия отырысы өтті 07.01.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Алматы қалалық Спорт басқармасының басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатуралары қарастырылды.Комиссия отырысында Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Дархан Нұрханұлы, Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан Нұрланұлы және Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың кандидатуралары жан-жақты талқыланды. Комиссия мүшелері әр кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, өңір спортының даму перспективаларына қатысты көзқарасын және спорт менеджменті саласындағы біліктілігін бағалады.Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914112
Jibek Joly туристік пойызы кезекті сапарын аяқтады 07.01.2025
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Jibek Joly туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағытындағы екінші сапарын сәтті аяқтады. Бес күнге жалғасқан саяхат барысында 100-ден астам жолаушы Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қалаларды аралап, аймақтың бай тарихымен танысты.Бұл жолғы теміржол саяхатының басты ерекшелігі – туристік пойыздың бағытына Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген.Атап айтқанда, саяхатшылар Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін аралап, Ташкентте Хазрати Имам тарихи кешені, Барақхан медресесі, Әбу-Бәкір Қаффали Шаши кесенесі мен Төле би мазары сияқты тарихи орындарға барды. Сонымен қатар Ташкенттегі Magic City тақырыптық саябағы да туристер үшін қызықты әрі көңілді демалыс орнына айналды.Ал Самарқандта жолаушылар Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және атақты Регистан алаңын аралап, Шердор, Тіллә-қари және Ұлықбек медреселерінің ежелгі білім ошақтарымен танысты. Самарқандтың сәулет өнері мен мәдениетінің тарихы саяхатшыларға ерекше әсер қалдырды. Туристік пойыздың соңғы аялдамасы Шымкент қаласында болды. Мұнда туристер қаланың негізгі көрікті жерлері мен тарихи орындарына барды.Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кірді.Халықаралық турды ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы және Kazakh Tourism ҰК АҚ ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты – екі ел арасындағы туризмді дамыту, тарихи және мәдени мұралармен танысу арқылы халықтар арасындағы достықты нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914114
Анастасия Городко - Алматыдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 07.01.2025
Отандасымыз Анастасия Городко Шымбұлақта өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында 2-орын алды. Ол таңдаулы 6 спортшы арасындағы суперфиналда 70.79 балл алды.Алтын медаль былтыр қола жүлдегер атанған жапониялық Юма Тагучидің еншісінде (72.43 балл). Үздік үштікті тағы бір жапон Мисе Куриа түйіндеді (66.63).Еске сала кетейік, Анастасия 2022 және 2024 жылы Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласы қабылдаған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында алтыннан алқа таққан. Сонымен қатар параллель могулда 2 рет күміс жүлдеге ие болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914116
Т.Рысқұлов ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды 07.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында Т.Рысқұлова ауданына қарасты Қорағаты ауылында 15 орындық фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.Аудан әкімі Ернар Есіркепов мерекелік шараға қатысты. ашылу салтанаты.Дәрігерге дейінгі тексеру және екпе кабинеті, емдеу кабинеті бар.Нысанның құрылысы «Модернизация» ұлттық жобасы аясында жүргізілгенін ескеріңіз. ауылдық денсаулық сақтау» Елбасының тапсырмасына сәйкес.Мереке қарсаңында Жаңатұрмыс ауылында спорт кешені ашылды.Мердігер – «Нұр Тұрсын» ЖШС. Нысан «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған. Жобаның құны 331 миллион теңгені құрайды.Т.Рысқұлов ауданында барлығы 199 спорт нысаны бар. Халықтың 41 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.Сонымен қатар бұл күні Құлан ауылында 4 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.Өткен жылы Т.Рысқұлов ауданында 100 отбасыға мерекелік көмек көрсетілді. пәтер кілттері, 2024 жылы – 140 отбасы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/912776
Нұра ауданында жаңа сүт-тауар фермасы ашылады 07.01.2025
Фото primeminister.kzНұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған заманауи тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталды. Сиырлар көктемде жеткізіледі деп күтілуде, содан кейін кәсіпорын жұмысқа кіріседі.Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов YouTube-тегі «Әкімдік қайда қарап отыр» арнасына ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер, мал шаруашылығының қанықтығы туралы айтты. облыс өз өнімімен.- Қарағанды ​​облысы өнеркәсіптік. Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенін дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. Жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 4%-ды құрайды. 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14-і облыста өндіріледі, алтауы бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтамасыз етілген. Бұл ұн, картоп, сиыр еті, тауық жұмыртқасы және т.б. Сегізінде жеткізілім ішінара – 4-тен 65%-ға дейін. Біз бес түрін импорттаймыз: тұз, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, қант», - деді Бауыржан Асанов.Оның айтуынша, алға қойылған міндеттердің бірі - ішкі нарықты өз сүтімізбен қанықтыру. Шикізат тапшылығынан сүт зауыттары жартылай қуатта. Жаңа сүт фермаларының ашылуы мәселені шешуге септігін тигізеді.«Ауыл Аманаты» жобасы ауыл шаруашылығы кооперациясына мемлекеттік қолдау көрсетеді, деп атап өтті облыс әкімі. 30 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға болады. Бір жыл ішінде облыста 60-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 163 гектарды құрады. Жайылымдық жер тапшылығы мәселесі шешілуде. Облыста суармалы егіншілік те кеңейіп келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913056
Қарағанды ​​облысында кокс өндіретін арнайы зауыт жобалық қуатына шықты 07.01.2025
Қарағанды ​​облысында арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт өткен жылды сәтті аяқтады. Кәсіпорын жобалық қуатына жетіп, 478 мың тонна өнім өндірді, бұл жоспарланғаннан жоғары.Бұл туралы «Шұбаркөл Көмір» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметі хабарлады.«Зауытта өндірілетін арнайы кокс айтарлықтай төмендейді. редуценттер импортына тәуелділік және ERG өндіретін отандық феррохромдағы қазақстандық қамту үлесін арттыру», - делінген хабарламада. компаниясы.Кәсіпорынның сәтті іске қосылуы және оның жобалық қуатына жетуі Қазақстан экономикасын әртараптандыру және көміртегі ресурстарын өңдеу саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жолындағы кезекті қадам болып табылатыны атап өтілді.Еске салайық. Қарағанды ​​облысында арнайы кокс өндірісі 2023 жылы іске қосылды. Инвестициялар 60 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта зауытта 180-нен астам адам жұмыс істейді.Компанияның мәліметінше, көмір химиясына негізделген инновацияларды енгізу жалғасады. Қазір мұнда арнайы кокс, белсендірілген көмір, көмір шайыры мен мұнай, сондай-ақ сұйық гуминді тыңайтқыштар шығарылады. Көмір шайыры мен көмір майын өндіру жоспарда бар. Өндіріс үшін шикізат Шұбаркөл кенішінің «D» маркалы көмірі болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913655