Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті 06.01.2025
  Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды. Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.   Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.   Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.   Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде. Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда. Бұл жобаларды іске асыру мектептер мен интернаттардағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ бір мектепте апатты ғимарат мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Барлығы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жалпы саны 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.   Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 92 мың оқушы орнына арналған 127 мектеп құрылысы жүргізілді.   Жаңа нысандарды іске қосумен қатар қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді: • 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті; • 967 мектепке арналған 1621 заманауи пәндік кабинет сатып алынды; • заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды; • 10 мыңнан астам білім беру ұйымының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы жақсартылды.   Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Жаңа нысандар құрылысы үш ауысымды 42 мектептің, 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен оқушы орынының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/913143
Білім алушылардың білім сапасын бағалаудың қазақстандық құралы халықаралық аккредитациядан өтті 06.01.2025
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қазақстанның білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу құралы (ББЖМ) халықаралық аккредитациядан өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.   Қазақстанның ұлттық бағалау жүйесі Орталық Азия аймағындағы бағалау бойынша бірлескен жобалардың негізі немесе бір бөлігі бола алады.   ББЖМ мақсаты – білім алушылардың білім сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес бағалау. Ол сауаттылықтың үш бағыты бойынша бағалау жүргізеді: оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. ББЖМ оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, сондай-ақ білім сапасын одан әрі жақсарту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.   «Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығымен (Research Centre for Examination and Certification, RCEC, Нидерланды) екі жылдық ынтымақтастық барысында ББЖМ аккредиттеуінің жеті кезеңі іске асырылды. Бұл кезеңдерге бағалау шеңберін әзірлеу, тест сұрақтарын құру, тестілеуді әзірлеу, тест тапсырмаларын іріктеу, цифрлық платформада тестілеуді басқару, нәтижелерді талдау және бағалау жүйесін құру кіреді. Оның аккредитациядан сәтті өтуі сапа мен сенімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін растайды, сондай-ақ оның нәтижелері объективті, әділ және дәлелді болып табылады», – деп атап өтті Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.   ББЖМ-дың барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық зерттеулерде қолданылатын ғылыми негізделген тәсілдерге толық сәйкес келеді.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/913229
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді 06.01.2025
Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді. Ағымдағы жылы қуаттылығы 500 МВт Екібастұз МАЭС-1 №1 энергоблок пайдалануға берілді, қуаттылығы 65 МВт Атырау ЖЭО № 6 турбоагрегатын және қуаттылығы 43 МВт Жезқазған ЖЭО № 8 қазандық агрегатын ауыстыру жүзеге асырылды, сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 163,35 МВт ЖЭК жобалары сәтті енгізілді. Жоғарыда аталған станцияларды жаңғырту белгіленген электр қуатын арттыруға және парктік ресурсын жаңартуға бағытталған. Өз кезегінде жаңартылатын энергия көздеріненгізу жасыл генерацияның үлесін арттыруға жәнеелді қосымша қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/910810
Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан республикалары арасында жасыл энергияны өндіру және тасымалдау саласындағы серіктестікті кеңейту 06.01.2025
Бүгінде елдердің жүйелік операторлары (Қазақстан Республикасынан - "KEGOC" АҚ, Әзірбайжан Республикасынан - "Азеренержи" ААҚ, Өзбекстан Республикасынан - "Өзбекстанның Ұлттық желілері" АҚ) 2024 жылғы 13 қарашада Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттері басшылары қол қойған жасыл энергияны өндіру және беру жобасы бойынша келісімді іске асыру үшін Құрылтай келісіміне қол қойды. Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан республикалары. "Жасыл дәліз" деп те аталатын бұл жобаны іске асыру Еуропалық Одақтың "Жасыл мәмілесі" сияқты жаңа бастамаларды ескере отырып, сауда мүмкіндіктерін арттырады. Энергетика министрі А. Сәтқалиевтің айтуынша, бұл жоба өңірдің ЖЭК даму әлеуетін іске асыру, халықаралық энергия ресурстарын жеткізу сенімділігін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/911202
Энергетика министрлігі Отын-энергетикалық кешеннің ахуалдық -талдамалық орталығын таныстырды 06.01.2025
Бүгін ҚР Энергетика министрлігінде «ҚР ОЭКАТО» АҚ базасында құрылған Отын-энергетика кешенінің ахуалдық талдау орталығының таныстырылымы өтті. Орталықтың мақсаты саладағы деректерді жинау және тәуекелдерді басқару, шешімдер қабылдау және мониторингтің диспетчерлік қызметінің функционалымен олардың орындалуын бақылау және талдамалық есептілікті ұсыну болып табылады. Бұл туындайтын сын-қатерлерді жедел және сапалы шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және республика үшін аса маңызды отын-энергетика саласын басқарудың тиімділігін арттырады. "ҚР ОЭКАТО" АҚ төрағасы Берік Әбдиев Energy Tech платформасы ("отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" АЖ (ОЭК БМСУ) базасында іске асырылған бірқатар ақпараттық жүйелерді ұсынды. Ұсынылған өнімдердің тізімі: - Жылыту кезеңінің дайындығы мен өтуін мониторингтеу жүйесі; - Мұнай жеткізуді басқару жүйесі; - Сұйытылған мұнай газын жеткізуді басқару жүйесі; - Ситуациялық-аналитикалық бақылау тақтасы. ҚР Энергетика Вице-министрі Бақытжан Ілияс Министрлік ОЭКАТО -мен бірлесіп жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдана отырып шешімдер енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ол үшін ОЭК-те ЖИ бойынша акселерациялық топ құрылды, оған Министрліктің, ҚР ЦДИАӨМ ЖИ комитетінің және және саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді. Цифрландыру процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады, оларды пысықтау энергетика саласындағы технологиялық процестердің қорғалуы мен орнықтылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/911206
Данияр Қайырханұлы Шәкәрімов Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды 06.01.2025
Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы 1981 жылы 15 ақпанда Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы Р. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін «Қайнар» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Семей қаласының Наркологиялық диспансерінің материалдық тобының бухгалтері болып бастады.2003-2004 жж. - «Алтын төбе» тау-кен өндіру кәсіпорны жабық акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық бөлімінің менеджері.2004-2013 жж. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы.2013-2014 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша посткедендік бақылау департаменті Кедендік инспекция бөлімінің жетекші маманы.2014-2016 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.2016-2018 жж. «KAZTYRE» ЖШС сатып алу жөніндегі маманы.2018-2019 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары.2019-2021 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы.2022 жылдың мамырынан қараша айына дейін Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.2022 - 2023 жж. Семей қаласының әкімінің орынбасары.Тағайындалғанға дейін Семей қаласының мәслихатының төрағасы болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/911277
Аймақ басшысы әлеуметтік нысандардың жұмысын тексерді 06.01.2025
Аягөз ауданына жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бірнеше әлеуметтік маңызға ие нысандардың жұмысын тексерді. «Аягөз Жылу» КММ-нің «Орталық», «Солтүстік», «Мектеп» жылу қазандықтары мен осыдан біраз уақыт бұрын өрт шыққан "«БЭСК» АҚ қарасты қосалқы стансасына барды. Аймақ басшысы аралаған 3 қазандық 2 жарым мыңға жуық абонент, 71 көпқабатты үй, 9 әлеуметтік, 191 коммерциялық нысанға қызмет көрсетеді. Әр қазандықта жауапты адамдармен тілдескен әкім қандай мәселелер бар екенін сұрады. Қазандық басшыларының айтуынша, жылу қажетті деңгейде беріліп отыр. Отын қоры жеткілікті. Жұмыс күшінде тапшылық жоқ. Техникалар сақадай сай. «Ауа-райын дөп басып болжау мүмкін емес. Қыстың аязды күндеріне дайын болуымыз керек. Тұрғындарды тоңдырмай, жылу маусымын ойдағыдай аяқтау жергілікті биліктің міндеті. Аягөздегі жылу менің жіті бақылауымда болады», - деді облыс әкімі. Аягөз қосалқы стансасына да арнайы ат басын бұрған аймақ басшысы мамандардан стансаның бүгінгі жұмыс барысын сұрады. Қазір станса да өрт шалған электр желілерін жаңарту жұмысы жалғасуда. Облыс әкімі энергетиктер мен аудан әкіміне оқыс оқиғаның қайталануына жол бермеу керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/911327
Алмас Таныбекұлы Тастенбеков Жаңасемей ауданының әкімі болып тағайындалды 06.01.2025
Алмас Таныбекұлы Тастенбеков 1989 жылы 15 шілдеде Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Абай облысының Өңірлік кадрлық резервінің мүшесі.Семей қаласындағы Семей геологиялық барлау колледжін «Техник-геофизик», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша оқып, экономика және бизнес магистрі дәрежесін алған. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «тарих» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы «Тюменьпромгеофизика Қазақстан-Ресейлік сервистік компаниясы» ЖШС каротажшысы болып бастады.2010-2011 жж. Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратының жұмылдыру дайындығы жөніндегі инспекторы. 2011-2012 жж. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2012-2013 жж. Бесқарағай ауданы әкімінің көмекшісі. 2014-2015 жж. Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен. 2015-2017 жж. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.2017-2022 жж. Бесқарағай ауданының Глуховка ауылдық округінің әкімі. 2022 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/911587
Руслан Ерланұлы Базарбаев Абай облысы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды 06.01.2025
Руслан Ерланұлы Базарбаев 1989 жылы 1 шілдесінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесімен, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі академиялық дәрежесімен, Қазақ қатынас жолдары университетін «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша оқып, қызмет көрсету саласының бакалавры академиялық дәрежесімен тәмамдады. Еңбек жолын Астана қаласы бойынша Салық департаменті арнаулы салық режимдері басқармасының арнаулы салық режимдері бөлімінің бас маманы болып бастады. 2010-2012 жж. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасының мониторинг және техникалық бақылау бөлімінің бас маманы. 2012-2013 жж. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасының құқықтық режимді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы. 2013-2015 жж. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасының құқықтық режимді әкімшілендіру бөлімінің басшысы. 2015-2017 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Қазтехнология» АҚ заң департаментінің бас менеджері. 2018 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті инвестициялық іс - шаралар басқармасының бас сарапшысы. 2018-2019 жж. Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы. 2019-2021 жж. Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің индустриялық саясат секторының бас консультанты. 2019-2022 жж. Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бөлімінің бас инспекторы. 2022-2024 жж. Абай облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары. Тағайындалғанға дейін Жаңасемей ауданының әкімі болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/911617
Абай облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 06.01.2025
2024-2025 оқу жылының басында Абай олысы 32 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (бұдан әрі-ТжКБ). Оқушылардың жалпы саны 21 452 мың адамды құрады, оның ішінде 10 537 мың адам немесе 49,1% – әйелдер. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 2,1% азайды . Білім алушылардың жалпы санының 65,9% негізгі орта білім негізінде, 27,7% жалпы орта білім негізінде, 6,4% ТжКБ базасында білім алады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 14 760  мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 68,8% құрайды, ақылы білім беру қызметтерін 6 692 мың адам немесе білім алушылардың 31,2% алады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1 679 оқытушы және 155 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,1% және 39,4% құрайды.   Әдіснамалық түсініктемелер Статистикалық бюллетеньге ведомстволық тиесілі және барлық меншік нысандарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымның материалдық-техникалық қоры, контингенті, желіс және оқытушылар құрамы туралы деректер қосылған. Колледждер - жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары. Оқу орындарына қабылдау – қабылдаудың бекітілген ережелеріне сәйкес осы оқу орынға оқуға қабылданған тұлғалар саны. Қабылданғандар санына оқуға қайта қабылданған тұлғалар қосылмайды. Оқу орындарын бітірушілер – оқу орнында оқу курсын толығымен бітірген және сәйкес білімін (мамандығын) алған тұлғалар саны. Барлық деректер білім алу нысаны, оқу орнының меншік нысаны, сондай-ақ оқу үдерісінің қаржыландыру көздері бойынша топтастырылған.   www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика   Орындаушы әлеуметтік және демография статистикасы бөлім басшысы: С.А. Кондратьева Тел. +7 7222 36-25-49 Адрес: 180000, Cемей қаласы Мәңгілік ел көшесі, 25     © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/911989
Облысымыздағы үздік спортшылар марапатталды 06.01.2025
Абай облысында «Жыл үздігі – 2024» олимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты - республикалық және халықаралық сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, спорттың дамуына елеулі үлес қосқан спортшыларымыздың еңбегін бағалау. «Сіздердің жеңістеріңіз - үлкен еңбектің, табандылық пен ерік-жігердің нәтижесі. Сіздер облысымыздың ғана емес, Қазақстанның мақтанышысыздар. Біз биыл спортты дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Жерлес спортшыларымыздың әлемдік аренада танылып жатқаны үлкен қуаныш. Алдағы уақытта да биіктерден көрініп, еліміздің даңқын асыра бересіздер деп сенемін. Сіздерге Жаңа жылда табыс тілеймін», - деді облыс әкімі. Бүгінгі таңда Абай облысында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 40% құрайды. Өңірде 72 спорт түрі белсенді дамуда. Ал ведомстволық бағынысты мекемелерде 15 259 спортшы тұрақты түрде жаттығуда. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында облыстың 453 спортшысы өнер көрсетеді. 2024 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 2892 медаль жеңіп алды. Руслан Ерембаев пен Кенжекан Баймұратов бочча спорт түрінен «ҚР спорт шебері» атағына ие болды. Шарада үздік спортшылар ақшалай сертификат, естелік сыйлық және Алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/912101
Ұлағатты ұстазды мерейлі мерейтойымен құттықтады 06.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ұлағатты ұстаз, «Қазақстанның Еңбек Ері» Алма Шүкежанованы 75 жас мерейтойымен құттықтап, Президенттің құттықтау хатын табыстады. «Халқымыз ұлағатты ұстазды ерекше қадірлейді. Осы беделді қызметті абыройлы атқарып, өскелең ұрпақтың сана-сезіміне білім мен тәрбие, жүректеріне ізгілік нұрын құя білдіңіз. Жарты ғасырдан астам ерен еңбегіңіз айрықша бағаланып, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктеріңіз үшін ең жоғары мемлекеттік наградаға ие болуыңыз — зор құрмет», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында. Алма Шүкежанова – Семейдегі №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі. Педагогика саласында үздіксіз 52 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз. «Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің еңбек жолыңыз, әлі күнге дейін шәкірт тәрбиелеп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүргеніңіз кейінгі буынға үлгі-өнеге», — деді облыс әкімі өз құттықтауында. Ұлағатты ұстазға 2023 жылы Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ең жоғары марапаты – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі және «Отан» ордені табысталған болатын. Алма Сайдахметқызы – ұлттық құрылтай мүшесі. Ол жас ұрпаққа сапалы білім берудегі қажырлы еңбегімен ғана емес, қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға қосқан үлесімен де танымал. Ұстаздың өмірлік жолы – білім мен еңбекке деген шынайы құрметтің жарқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/912720
Аймақ басшысы ғасыр жасаған ананы құттықтады 06.01.2025
Жерлесіміз Бижамал Қаржаубаева биыл 103 жасқа толып отыр. Ғасырдан артық жасы бар кейуананы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы барып құттықтап, қал-жағдайын біліп қайтты. Ақ жаулықты әжеміз 1922 жылдың 1 каңтарында Жарма ауданының Бөке ауылында дүниеге келген. Жастығын өз қатарластары сияқты «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» ұранымен тыл еңбегіне арнаған. Соғыстан кейінгі жылдары ауыл тұрмысының жақсаруына атсалысқан. 1970 жылдары ауылдық кеңесте хатшы, 1981-1985 жылдары интернатта шаруашылық меңгерушісі болып еңбек еткен. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазіргі уақытта 4 немере, 8 шебере сүйіп отырған қазыналы қария. Облыс әкімі әженің қал-жағдайын біліп, ғибратты әңгімесін тыңдады. Қарияның өмір жолы жастарға өнеге екенін тілге тиек етіп, мықты денсаулық тілеп, сыйлығын табыс етті. «Қарты бар үйдің қазынасы бар. Өзіңіздей өмірден көргені мен түйгені мол үлкендеріміз біз үшін темірқазық іспеттес. Ел-жұрт, ұрпақ үшін жасаған еңбектеріңіз ұмытылмайды. Сіздерге қарап бой түзейміз», - деді аймақ басшысы. Бижамал әже облыс әкімінің арнайы құттықтауына алғысын айтып, аналық ақ батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/912780
«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының кәмелетке толған қатысушыларына 4,2 млн АҚШ долларын аударды 06.01.2025
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздің барлық балаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап «БЖЗҚ» АҚ шамамен 4,2 млн АҚШ долларына 41 799 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,3 млн-ға жуық АҚШ долларына 22 623 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 1,9 млн-нан астам АҚШ долларына 19 176 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, қаржының пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.   Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (2,2 млн-нан астам АҚШ долларына 21 979 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – шамамен 21,6 мың АҚШ долларына 215 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу - шамамен 17,7 мың АҚШ долларына 176 өтініш. Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (1,6 млн-ға  жуық АҚШ долларына 15 885 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (248,6 мыңға жуық АҚШ долларына 2 477 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (70,4 мыңнан астам АҚШ долларына 702 өтініш орындалды) төлем жасау.  Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.   Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% мөлшері жылына бір рет, 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балаларға теңдей бөлінеді. 2024 жылғы ақпан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ға барлық балалар үшін алғашқы нысаналы талаптар есептелді. Сондай-ақ, 18 жасқа 2024 жылы толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептеліп, төлемдер жүзеге асырыла бастады.   kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/912934
Отандастарымыздың зейнетақы активтері 11 айда 4,25 трлн теңгеден асты 06.01.2025
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,13 трлн теңгеге (11 айдағы өсім 4,25 трлн теңге немесе 23,8%) жетті. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 4,75 трлн теңгеге (немесе 27,4%) өсті. Қазақстандықтардың жинақтарының 96,07% мөлшері МЗЖ есебінен қалыптасқан, оның көлемі 01.12.2024ж. шамамен 21,24 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 26,4%, жыл басынан бері – 22,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 642,76 млрд теңгеге жетіп, бір жылдағы өсім – 16,2%, ал жыл басынан бері 13,1% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 48,9%, жыл басынан бері - 43,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,59 млрд теңге. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 11 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары 218,79 млрд теңгеден асты. Кіріс ағындары Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы 11 айда салымшылардың жеке және шартты шоттарына түскен зейнетақы жарналары  2,49 трлн теңгеден асты (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 29,4% немесе 567,35 млрд теңгеге артық). Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.12.2024 жылға дейін 2,18 трлн теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 104,3 млрд астам теңге (өсім 20,6%), ЕЗЖ бойынша – 2,8 млрд теңге (өсім 35,3%) жиналды.  ЖМЗЖ  көлемі – 204,12 млрд теңге. БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.12.2024 ж. дейін  2,78 трлн теңге болды. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,53 трлн теңгеге (немесе 123%) өсті.   Төлемдер мен аударымдар 2024 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 1,13 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есе көп. 497,98 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 185,42 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 32,8% жоғары. Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,35 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 37,49 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – шамамен 2,77 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 9,18 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 339,66 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 826 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды.      ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,07 млн. бірлік (жыл басынан бергі өсім - 4,74 млн бірлік немесе 38,5%, бір жылдағы өсім – 38,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 желтоқсанына  12,48 млн бірліктен асты. Оның ішінде: 11,14 млн - МЗЖ бойынша, 711,35 мың - МКЗЖ бойынша, 436,47 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар. Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,58 млн бірліктен асты.    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/912943
Әлемдік деңгейдегі жарқын жеңіс 06.01.2025
Семсерлесуден Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында отандастарымыз София Актаева алтын медаль жеңіп алды!  Біздің спортшымыз барлығы 52 атлет сынға түскен жаттығуда топ жарып, тынымсыз еңбек пен жеңіске деген ұмтылыс үлкен нәтижеге жеткізетінін көрсетті. Софияны құттықтай отырып, алда да жарқын жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912831
Жыл қорытындысы: осы жылы әскер спортшылары 463 медаль еншіледі 06.01.2025
2024 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары әлемдік аренада жарқын жетістіктерін көрсетті. Барлығы олар 463 медаль олжалады. 203 алтын, 120 күміс және 140 қола. Биылғы жылы ҚР ҚМ АОСК спортшылары бокс, дзюдо, күрес, атыс, гимнастика, заманауи бессайыс және басқа да спорттың 10 түрінен Қазақстанның атынан Париждегі Олимпиада ойындарына 21 лицензия жеңіп алды.Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы алған жеті медальдың төртеуін армия спортшыларының еншісінде. Әлем чемпионаттарында 49 медаль, Азия чемпионаттарында 32 медаль, Қазақстан чемпионаттарында 245 медаль және халықаралық турнирлерде 133 медаль жеңіп алды.Армия спортшылары халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен және ТМД шеңберінде 20-дан астам маңызды спорттық іс-шараларға қатысты. Олардың қатарында Қытайдағы 7-ші Азиялық CISM отырысы, дзюдо, күрес, тхеквондо және волейболдан CISM әлем чемпионаттары, сондай-ақ Ресейдегі CISM қорғаныс ведомстволарының білім беру ұйымдары арасында өткен турнир де бар. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов CISM халықаралық әскери-спорттық ұйымымен байланыстардың қайта жандануын оң бағалады және келесі жылы оны басқаруда Қазақстан Қарулы күштеріне бір орын берілетінін мәлімдеді.ТМД аясында әскери спорт кешенінің көпсайысы, армиялық қоян-қолтық ұрыстан және атыстан чемпионаттар өтті.Одан бөлек Астанада «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына» қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы ұйымдастырылды және Армия-генералы С.Қ. Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті. Жыл қорытындысы: әскери спортшыларға әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 150-ден астам спорттық атақтар мен разрядтар берілдіХалықаралық аренада Қарулы күштердің атынан ел намысын Қазақстанның еңбек сіңірген 12 спорт шебері, халықаралық дәрежедегі 77 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 70 спорт шебері және спорт шеберіне екі кандидат қорғап жүр.Тек биылғы жылы жоғары көрсеткіштері үшін әскери-спорт түрлерінен 158 спорттық атақтар мен разрядтар берілді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының спорт шебері – 37 және ҚР спорт шеберіне үміткер – 18. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы өткізген чемпионаттарда I разрядты – 42 әскери қызметші; II разрядты – 33 әскери қызметші және III разрядты – 28 әскери қызметші растады.Спорттық жұмыстың қорытындысы бойынша есепті нәтижелері және спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірнеше құрылымдық бөлімшелері мен әскери қызметшілері марапатталды. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спартакиадасында және Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдер орталығында бірінші орын алып, құрылымдық бөлімшелер арасында үздік атанды. Аға сержант Әсілбек Өмірзақұлы Қарабай ҚР ҚК ерлер арасында үздік спортшы, ал сержант Аяжан Болатқызы Әміржанова әйелдер арасында үздік спортшы атанды. Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде АОСК әскери-спорт колледжі ашыладыҚазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі дене шынықтыру және спорт саласындағы жүйелі өзгерістерді енгізуді жалғастырады, әскери қызметшілердің балаларына спорттық дағдыларды дамытуға мүмкіндік бере отырып, оларға арналған жаттығулар да өткізеді.2024 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебін АОСК әскери-спорт колледжі ретінде қайта бағдарлау, сондай-ақ Құрлық әскерлерінің әскери институтында дене шынықтыру және спорт курстарын қайта бастау жоспары әзірленіп, іске асырылмақ. Әскери колледжге түсу кезінде әскери қызметшілердің балаларына, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға және ауылдық жерлерден келген балаларға арналған басымдықтар ескерілетін болады.Ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағдарламасы аясында 2025 жылы Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен тұңғыш рет әлем чемпионаты өтеді.Бұдан бөлек, сегіз гарнизонның спорт кешендерінде және үш оқу-жаттығу орталығында дзюдо, қазақ күресі, самбо, бокс, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да спорт түрлерінен жеті мыңнан астам әскери қызметшінің балалары тегін жаттығатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912377
Аяз Ата сыйлықтармен шатырдан түсіп, терезеден кірді 06.01.2025
«Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері 2-ші балалар клиникалық ауруханасында жатқан балаларды ерекше құттықтады.  Жас альпинистер балаларды креативті тәсілмен қуантты. Аяз ата болып киінген клуб тәрбиеленушісі шатырдан түсіп, палатаның терезесінен кірді, мұндай тәсіл балаларды таң қалдырды.  Осылайша, емдеу мекемесінің қабырғасында Жаңа жылды қарсы алатын балаларды құттықтау идеясы 2017 жылы басталған болатын. Содан бері алғашы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бақытжан Перімбетовтың басшылығымен және Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен жас альпинистер мұны жыл сайын жасап келеді.  Бұл жолы қысқы ғажайыпты жасаған 110 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Пархат Зиинкал болды. Алматы тауының талай шыңдарын бағындырып жүрген Пархат пен оның взводының альпинизммен айналысқанына бірінші жыл. Аяз Атаның терезеден кіруі балалар мен ересектердің көңілінен шықты. Әскери-патриоттық клубтың мүшелері балаларға сыйлықтарын таратты, олар да өз кезегінде өлеңдерін, әндерін айтып берді. Мерекені ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған балалар клуб тәрбиеленушілерінің арқасында Жаңа жыл ғажайыбын тамаша көңіл-күймен сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912397
Әскери қызметшілер Ақкөл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылдық ертегімен қуантты 06.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының, Қарулы күштер ардагерлері мен әскери қызметшілердің отбасы өкілдері Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы балалар үйіне барды.  Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мерекелік залда мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған бағдарлама қойылды.      Әскери қызметшілердің бастамасымен әлеуметтік мекеменің жүзден астам тәрбиеленушісі Аяз Ата, Ақшақар және басқа да сүйікті кейіпкерлерімен бірге қысқы ертегіні тамашалады. Балалар жасыл шыршаны айнала ән айтып, би биледі.  Аяз Ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алған балалардың қуанышты жүздерін көрудің өзі бір бақыт. Басты ертегі кейіпкері немересімен бірге бүлдіршіндерге зор денсаулық, керемет көңіл-күй және жаңа жылда сәттілік тіледі.  Мерекелік көңіл-күйде тамаша өткен шара соңы жаңа жылдық ғажайыптан естелік ретінде бірлескен фотоға түсумен аяқталды. Қарулы күштер үшін дәстүрге айналған осындай қайырымдылық акциялар қазір еліміздің бүкіл өңірінде өтіп жатқанын айта кеткен жөн. Мұндай шаралар мемлекет пен қоғамның ерекше назарын қажет ететін балдырғандарға көмек пен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912459
Бас әскери клиникалық госпиталь қызметкерлері мен пациенттерді Жаңа жылмен құттықтады 06.01.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Астана қаласындағы Бас әскери клиникалық госпитальда ем алып жатқан мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесті. Бас әскери клиникалық госпиталь бастығы медицина қызметінің полковнигі Арман Ескендіров әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевты емделушілер контингенті туралы хабардар етті. Әскери мейман неврологиялық және кардиоревматологиялық бөлімшелердегі мерзімді қызмет сарбаздарымен қауышып, оларға Қорғаныс министрінің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Мерзімді қызмет сарбаздары әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевпен өз жоспарларын бөлісті. Армиядан кейін біреуі мамандық бойынша жұмысқа орналасқысы келеді, ал енді бірі грантпен оқуға түскісі келеді. Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы госпиталь басшылығына сарбаздарға Жаңа жыл қарсаңында туыстарымен байланысуға мүмкіндік беруді тапсырды. Әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев мейрам күні кезекшілікке келген госпиталь қызметкерлері мен әскери қызметшілерін мерекемен құттықтады. Қорғаныс ведомствосының әскери-медициналық қызмет жүйесіндегі жетекші клиникада жыл сайын бірнеше мың пациент стационарлық емдеуден өтеді. Онда негізгі медициналық қызметтен бастап күрделі операцияларға дейінгі мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Емдеу орнының пациенттері – курсанттар, мерзімді қызмет сарбаздары, офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912584