Қоғам
Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік сыйлықтар 06.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері және отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет өкілдері әлеуметтік мекемеде тұратын балалармен кездесті.
Әскери-теңіз күштері материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының әскери қызметшілері Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. Онда 4 жастан 17 жасқа дейінгі 41 бала тәрбиеленеді.
Батальон командирі майор Нұржан Жүсіпов балалар мен мекеме ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға мол бақыт, мықты денсаулық және табыс тіледі.
- Біз сіздерге қонаққа келгенімізге өте қуаныштымыз. Біздің қарым-қатынасымыз нығая түседі деп үміттенемін. Менің ойымша, сіздер де бізбен бірге болып, теңіз қызметі қалай ұйымдастырылғанын білуге қызығушылық танытасыздар", - деді ол.
Әскерилер балаларға сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға концерт ұйымдастырды. Әлеуметтік мекеме қызметкерлері әскери қызметшілерге ата-ана жылуын аңсайтын балаларға көңіл бөлгені және қамқорлығы үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912691
Қорғаныс министрінің Жаңа жылмен құттықтауы 06.01.2025
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!Қадірлі отандастар!Сіздерді келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы болды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі басты міндеттерді атап өтті.Біз экономикада жаңа биіктерге жеттік, халықаралық аренадағы позициямызды нығайтып, күшті әрі гүлденген мемлекет құруды жалғастырдық. Ең бастысы, біз ұлт ретінде бірлікті, бір-бірімізді құрметтеуді және әрбір азаматтың өмірін жақсартуға ұмтылып, алға жылжыдық.Біз әрбір адам өзін сенімді сезінетін, жеке және кәсіби өсу үшін барлық жағдайлар жасалатын, сондай-ақ адамға қамқорлық басты басымдық болып қалатын Қазақстанды құруға бел буған болашаққа сеніммен қараймыз.Өткен жыл Қарулы күштер үшін жауапкершілікке, қиын сынақтарға және үлкен жетістіктерге толы болды. Біздің әскери қызметшілер жауынгерлік кезекшілік атқарып, түрлі оқу-жаттығуларға, авиацияның ұшуларына қатысты. Олар көктемгі су тасқыны салдарын жоюға тартылды. Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында және БҰҰ-ның басқа да миссияларында міндеттерін сәтті орындауда.Осы салтанатты сәтте барлық әскери қызметшілерге және олардың отбасыларына, сондай-ақ Қарулы күштердің азаматтық персоналына қызметке адалдығы үшін, бастан өткерген кез келген қиындыққа шыдамдылығы мен төзімділігі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлестеріңіз – болашағымыздың негізі.Алдағы жыл Қазақстанның барлық азаматтары үшін бірліктің, күш-жігер мен амандықтың жылы болсын. Қарулы күштеріміздің әлеуеті артып, күн сайын жаңа жетістіктерге жете берсін!Жаңа жыл құтты болсын, құрметті әскери қызметшілер, бітімгерлер және отандастар! Баршаңызға зор денсаулық, амандық және ашық аспан тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912702
Түркістан облысында әскери қызметшілер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады 06.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтарда Ұлы Отан соғысының ардагері Зәкір Мұсаев 100 жасқа толды.
Майдангерді жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, Amanat партиясы облыстық филиалының өкілдері, Қарулы күштердің, Ауған және басқа да жергілікті соғыстардың ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері құттықтады.
Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев мерейтой иесіне Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хаты мен естелік сыйлықтарды табыс етті
– Бүгінгі бейбіт күн үшін ардагерлерге қарыздармыз. Олардың ерлігі бейбіт өмірдің іргетасы болды, – деп атап өтті подполковник Ж.Күлдербаев.
Зәкір Мұсаевтың өмірі әскери борышқа адалдықтың үлгісі. Ол 1925 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылды. Әпкесі Ангир екеуін анасы жалғыз тәрбиелеп өсірді.
1943 жылы 18 жасында Зәкір Мұсаев әскер қатарына шақырылды. Ол Петропавлда 44-ші полкте қызмет етіп, сол жылдың қыркүйегінде өз еркімен майданға аттанды. Соғыс екі рет жарақат алды. Ардагердің майдандағы еңбегі бағаланып, Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және 13 жауынгерлік медальмен марапатталды.
Соғыстан кейін Зәкір Мұсаев 1950 жылға дейін Дрездендегі НКВД ғимаратында күзет бөлімінде қызмет етті. Туған жеріне оралып, алдымен Калинин атындағы колхозда, содан кейін партияның XXIII съезі атындағы кеңшардың Иқан мақта станциясында есепші болып жұмыс істеді.
Зәкір Мұсаев 1985 жылы зейнетке шықты. Ол жұбайымен бірге төрт қыз, бір ұлын тәрбиелеп өсірді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан он ардагер қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912713
Қарулы күштердің сарбаздарын командирлер мен ата-аналар Жаңа жылмен құттықтады 06.01.2025
Жаңа жылдық мереке әскери бөлімдердің әдеттегі тәртібіне біраз ерекшеліктер енгізді. Күн тәртібіне сай 22:00-де ұйқыға жататын мерзімді қызмет сарбаздарына бұл күні жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шаралар Құрлық әскерлерінің, Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде өтті.
Ақтау гарнизонында әскери теңізшілерді Бас штаб бастығы – Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Жаңа жылмен құттықтады. Ол жеке құрамға адал қызметі және Каспий теңізі акваториясының қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
– Теңіздегі қызмет батылдықты, табандылықты және адалдықты талап етеді. Сіздер бұл маңызды миссияны лайықты орындап, теңіздегі шекарамызды қорғап және қазақстандықтардың бейбіт өмірін қорғауда жүрсіздер. Жаңа жыл баршаңызға денсаулық, бақыт және сәттілік әкелсін. Абыройлы қызмет және қайсар рухтың беріктігін тілеймін, – деді ол.
Жауынгерлік бекетте кезекшілік атқарғандар да назардан тыс қалмады. Олар қолбасшылық атынан құттықтаулар мен естелік сыйлықтар алды.
Әскери қызметшілер Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын ерекше ықыласпен тыңдады.
Әскери бөлімдердің командирлері жаңа жылды достық қолдауды сезініп, кіршіксіз әзіл және жаңа жылдық көңілді атмосферада өткізуге тырысты. Мерекелік дастархан, Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы, байқаулар мен викториналар, көркемөнерпаздардың өнер көрсетуі – осының бәрі жаңа жылдық көңіл-күйге ерекше әр берді.
Сарбаздарға да мереке кезінде туыстарымен бейне байланыс арқылы сөйлесіп, жаңалықтарымен бөлісіп, жақындарына жүрекжарды тілектерін арнауға мүмкіндік берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912740
Әскер сапындағы сарбаздар жаңа жылды қарсы алды 06.01.2025
Жаңа жылдың бірінші күні сарбаздар Бақтияр Мұратқалиұлы мен Ертай Айболат туған күндерін атап өтті.
Мейрамның алғашқы күнін олар әдеттегі әскери тамақтан ерекшеленетін мерекелік таңғы астан бастады. Әрі қарай, күні бойы басқа да сарбаздар мен командирлері туған күн иелеріне ерекше ілтипат білдірді.
Бригада командирінің орынбасары Бақтияр Мұратқалиұлы мен Ертай Айболатты сап түзеген бүкіл бригада алдында салтанатты түрде құттықтады. Командир олардың әрқайсысының әскери ұжым өміріне қосқан үлесін атап өтіп, мұндай сәттер армиядағы риясыз достық пен бірліктің күшін бейнелейтінін атап өтті.
Мерзімді әскери қызметін бірге өтеп жатқан жауынгер достары мерекелік көңіл-күйдің көркін келтіріп гитараның сүйемелдеуімен ән шашу айтып, жауынгерлік рухты бір көтеріп тастады.
Туыстары мен жақындарының құттықтаулары Бақтияр мен Ертай үшін осы ерекше күннің маңызды бөлігіне айналды. Бейне қоңырау арқылы олар ата-аналарын, бауырларын, достарын көріп, денсаулық, сәттілік және үйге аман-есен оралу тілеген арнайы құттықтауларын естіді.
Туған күннің Жаңа жылмен сәйкес келуі, жолдастардың, туыстардың құттықтаулары және ерекше достық атмосфера бұл күнді ерекше етті. Сарбаздар мұндай туған күн өмірде бір рет болатынын және бұл олардың жадында мәңгі қалатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912741
Ақтөбеде генерал Жансен Кереевті еске алды 06.01.2025
Жансен Кереев - Кеңес заманында генерал-лейтенант атағына ие болған алғашқы және жалғыз кадрлық қазақ офицері.
Вокзал маңындағы алаңда Ақтөбе облысының атақты тұрғынына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері мен әскери басшының туыстары қатысты.
- Генерал-лейтенант Жансен Кереев өмірінің соңына дейін патриот болып қала берді. Өмірінің 52 жылының оның ішінде 33 жылын Отанынан жырақта өткізді. Ол Забайкалье әскери округінде, Венгрияда, Германияда және Вьетнамда қызмет етіп, 1983 жылы сәуірде қайтыс болды. Бірақ Жансен Кереев қай жерде қызмет етсе де, қазақ даласын әрдайым сүйіспеншілікпен еске алып, жерлестерін қолдады, – деді "Қарулы Күштердің ардагерлері" облыстық филиалының төрағасы Қажымұқан Сатенов.
Жансен Кереев 1930 жылы Ақтөбе облысының Ыргыз ауылында дүниеге келген. Оқуды бітіргеннен кейін Куриль аралдарында Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті. Кейін Благовещенское жаяу әскер мектебін, Фрунзе атындағы әскери академияны, Бас штабтың әскери академиясын, Бас штаб академиясының жоғары академиялық курстарын бітірді.
1953 жылдан 1956 жылға дейін Чита маңындағы взводты басқарды. Германияда, Ленинград әскери округінде қызмет етті, ГДР-дағы 27-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясын басқарды, Германиядағы Кеңес әскерлері тобының 3-ші жалпы армиясының штаб бастығы болды. 1979 жылдан 1982 жылға дейін Еділ әскери округінің штаб бастығы қызметін атқарды.
1982 жылы қаңтарда ол Вьетнамға Вьетнам Халық армиясы штабының аға кеңесшісі және Ұлттық қорғаныс министрлігі Әскери кеңесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
- Жансен ағай адал әрі батыл адам болған, өз елінің нағыз патриоты еді. Оның туған күнін 1980 жылы бірге атап өткеніміз есімде. Бірақ, өкінішке қарай, бірнеше жылдан көз жазып қалдым. Мен бүгін мереке күндеріне қарамастан оның құрметіне келгендердің барлығына ризамын. Бұл біздің отбасымыз үшін өте маңызды, – деді генералдың жиені Амангелді Жоланов.
Іс-шара өмір жолы батылдықтың, адал қызметтің және шынайы патриотизмнің үлгісі болған көрнекті әскери қолбасшыны құрметтеудің жарқын дәлелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912811
Жыл көрсеткіші – 592 офтейк-келісімшарттары 06.01.2025
Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ірі субъектілер сомасы 704 млрд теңге құрайтын 592 ұзақ мерзімді келісімдер мен офтейк-келісімшарттарын жасасқанын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/908896
Жаңа жыл күндері ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді 05.01.2025
Өткен екі тәулік ішінде (1-2 қаңтар) Қазақстан ТЖМ күштері 396 шығу жасады, оның 195-і өрттер мен жану оқиғаларына, 201-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 182 адам, оның ішінде 57 бала құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/912760
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды 05.01.2025
Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің он құтқарушысына Ақтау қаласында орын алған ұшақ апатының салдарын жою кезінде көрсеткен кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай операцияға қатысушыларға наградалар табыс етті. Мәселен өрт сөндіру қызметінің және мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің үш өкілі:Байтөре Олжас Серікбайұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы,Оңғар Серіболат Айтмұханбетұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі,Сәркенов Мәрлен Бегендікұлы — № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Мына қызметкерлер:Аллабергенов Қожабек Сапарұлы — «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары,Бағытов Манас Машрықұлы — Жедел құтқару жасағының құтқарушысы,Естемес Әлішер Нұржанұлы — «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екінші пилоты,Құдабаев Асхат Құдайбергенұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командиріҚұбайдуллаев Заманбек Мұратұлы — Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері,Оразбеков Оспан Жалғасынұлы — Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері «Ерлігі үшін» медалмен марапатталды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологы Есен Жан Байкенқызы «Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімдері мен медициналық мекемелердің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарын алды, олар да адамдарды құтқаруда және қайғылы оқиғаның салдарын жоюда шешуші рөл атқарды. Марапатталғандардың ішінде 68 адам, оның ішінде ТЖ департаментінің 24 қызметкері және облыстың түрлі салаларының 44 өкілі бар. ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың атынан марапаттарды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов табыстады. Бұл марапаттар өз еңбектерімен өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен қорғалуына елеулі үлес қосқан барлық қатысушылардың апатты жоюда көрсеткен жоғары кәсіби біліктілігін, жанқиярлық пен батылдығын мойындау болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/913227
Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды 05.01.2025
Оқу-ағарту министрлігі қысқы демалысты ұйымдастыру үшін өңірлерге «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсыныстар жіберді. Бұл ұсыныстар қауіпсіздік сабақтарын, білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды қамтиды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе мереке күндері оқушылардың отбасымен уақыт өткізуіне ерекше көңіл бөлінеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көшелерде, сырғанақтарда, мұз айдындарында, су қоймалары маңында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде жәрмеңкелер мен жаңажылдық шыршаларда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі де маңызды рөл атқарады. От пен электр құрылғыларын қолдану кезінде, жаңажылдық гирляндалар, шамдар мен бенгал шамдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Еске сала кетейік, осы оқу жылында қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 10 күнге созылады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығында 7 күн қосымша демалыс беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/911447
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 05.01.2025
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. https://www.akorda.kz/en Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/911572
Қарақия ауданының Аппақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді 04.01.2025
Қарақия ауданына қарасты Аппақ елді мекенінде фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Аталған ФАП пункті жергілікті тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған. Ақ халаттылар Аппақ ауылын қамтитын 700 адамға сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункт 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 1460 шаршы метрді құрайды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген медициналық ғимараттың жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнда тек шұғыл көмек көрсетіп қана қоймай жүкті әйелдердің жағдайын бақылайды. Тұрғындарға медициналық кеңес беріп, балаларға және созылмалы сырқаты бар науқастарға тексерулер жүргізеді. Вакциналау және аурудың алдын алу шараларын ұйымдастырады.
Сонымен қатар медициналық зерттеулер қан, несеп және басқа да талдауларды қабылдау қызметі де жұмыс істейді. Медициналық нысан физиотерапия, зарарсыздандыру, қақырықты алу, емшара, акушерлік пункт, егу сынды бірнеше кабинеттермен жабдықталған.
Аппақ елді мекеніндегі жаңа медициналық нысан тұрғындардың денсаулығын жақсарту, уақытылы көмек көрсету және алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша маңызды рөл атқармақ.
Айта кетейік, жыл соңына дейін Маңғыстау ауданына қарасты Қосбұлақ ауылында дәрігерлік амбулатория нысаны мен Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында медициналық пункт ғимараты қолданысқа берілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911533
Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты 04.01.2025
Әзірбайжан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады.
Хатта “Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз” делінген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерлерге алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911534
Ұшақ апатынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туыстарына барлық қолдау шаралары көрсетілуде 04.01.2025
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтарды алып кетуге келген туыстарына Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетілуде.
Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен волонтерлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Туыстарын алып кетуге келген шетел азаматтарын әуежайдан күтіп алып-шығарып салу, қонақ үйге орналастыру және т.б. қолдаулар жасалуда.
Атап айтқанда, өңірлік психологтар мен дәрігерлер облыстық ауруханада қайғырып жүрген жандардың денсаулығын тексеріп, психологиялық көмек беріп жатыр.
Сондай-ақ, ыстық тамақ пен шәймен қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар, ұшақ апатынан көз жұмған Маңғыстау облысының 3 азаматының отбасына қаржылай көмек беріліп, марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911536
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді 04.01.2025
28 желтоқсан күні сағат 23:30 шамасында Ақтаудан ұшақ апатынан қайғылы қаза тапқан 24 Әзірбайжан азаматының (оның үшеуі экипаж мүшесі) мәйіті үйлеріне жөнелтілді.Осы күндері Мәйіттерді анықтау бойынша қажырлы жұмыстар жүргізіліп, іс-шаралар ДНК сараптамасы мен туыстарының көмегімен де жүргізілді.Еске сала кетейік, 29 адам. 25 желтоқсандағы ұшақ апатынан аман қалып, оларға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордадан келген білікті мамандар. Аман қалған 14 Әзірбайжан азаматына медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.Маңғыстау облысының әкімдігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады. Жергілікті атқарушы билік ұшақ апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911549
Маңғыстаулықтар Қырғыз елінің азаматтарын еліне шығарып салды 04.01.2025
Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат - Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты.
Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.
Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911553
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі тағайындалды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Қанат Құлжановты ұсынды.
Қанат Құлжанов 1979 жылы Жаңаөзен қаласында туған, білімі жоғары.
2001 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталығының бас маманы лауазымынан бастады.
2002-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен, Ақтау қалаларында прокуратура саласында қызмет етті.
2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Хатшылықтың Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымына дейін көтерілді.
2012-2016 жылдар аралығында Байқоңыр қаласының прокуроры, 2016-2018 жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдар аралығында Бас көлік прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы және Бас көлік прокурорының халықаралық байланыстар жөніндегі аға көмекшісі, Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің Ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
2019-2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры және бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатты қолдады.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Қанат Құлжановқа ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911556
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі тағайындалды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін Мұнайлы ауданының әкімі болған Ержан Күмісқалиевтің кандидатурасын ұсынды.
Ержан Күмісқалиев 1983 жылы туған. Білімі жоғары. 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Жаңаөзен қаласында мұғалім болып бастаған.
2007-2008 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының № 3 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.
2008-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері және әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2016-2019 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары болды.
2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2021-2022 жылдары Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылдың сәуір айынан бастап осы күнге дейін Мұнайлы ауданы әкімі қызметін атқарды.
Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдады. Олар Ержан Күмісқалиевтің тәжірибелі басқарушы ретінде білетіндерін айтып, сенім білдірді.
Аймақ басшысы осы күнге дейін Түпқараған ауданының әкімі болған Рахат Елтизаровтың жұмысына алғыс айтып, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911712
Маңғыстаулықтар соңғы ұшақ апатынан зардап шеккендерді үйлеріне қайтарды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының басшылары, дәрігерлер мен құтқарушылар ұшақ апатынан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде 6 күн емделген үш әзірбайжандық азаматты арнайы бортпен еліне шығарып салды.
25 желтоқсаннан бері облыстық көпбейінді емханасының жансақтау бөлімінде жатқан Лейла Омарова, Муслимат Сираджова мен Хафизат Халаеваны бүгін Әзірбайжаннан арнайы келген ұшақтармен еліне алып кетті. Үшеуінің де жағдайының динамикасы нашарлаған жоқ, 1 науқас механикалық вентиляциядан, вазопрессордан және дәрілік седациядан шығарылды. Ал екеуінде вазопрессорлардың дозасы минималды дозаларға дейін төмендетілген. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салды.
Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді емханасында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастар жоқ.
Маңғыстаулық дәрігерлер әуе апатынан жарақат алған 29 азаматтың түгел аман-есен еліне жеткеніне дән риза.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912389
Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылы мыңнан астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады 04.01.2025
2024 жылдың соңғы күні 31 желтоқсанында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік бағытта көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй алу, жұмыссыздық мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтылған өтініштер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Еске салсақ, өңір басшысы жыл басынан бері 36 жеке қабылдау өткізіп, мыңнан астам азаматтың жеке мәселесін тыңдады.
Сонымен қатар, Президент Жарлығы аясында аймақтың барлық ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында құқық қорғау органдары басшыларымен бірге халықпен кездесіп, аудан, қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Өңір басшысы қабылдауға жазылған соңғы тұрғынға дейін мұң-мұқтажын тыңдады.
Қазіргі уақытта айтылған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, мәселелер оң шешімін табуда.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе ХҚКО жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912532