Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жаңа жыл қарсаңында СҚО-да балабақша ашылды 04.01.2025
Бүгін  Петропавлдағы «Береке» ықшам ауданында жаңа балабақша ашылды. Оның ашылуына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ардагерлер, ата-аналар, депутаттар қатысты.  Бұл аудан тұрғындары үшін қуанышты күн. Осы күнге дейін ауданда балабақшаның жетіспеушілігінен барлық балалар қамтылмады. Ата-аналар бүлдіршіндерді орталыққа апаруға мәжбүр еді, бұл қолайсыздық туғызды.  "Енді бұл мәселе шешілді, балақайлар үйдің жанындағы заманауи балабақшаға барады. Жаңа балабақшада балалардың жайлы болуына барлық жағдайлар жасалған. Ғимаратта лифт орнатылған, тіпті балалардың аяқ киімі мен биялайын кептіретін аппарат та бар", - деп атап өтті өңір басшысы. Айта кету керек, облыста соңғы рет бюджет есебінен балабақша 8 жыл бұрын салынған еді. Бұл биыл ашылған екінші балабақша. Қазан айында «Бірлік» жаңа шағын ауданында демеушілердің қаржысына балабақша салынды. «Жас Өркенде» Үкіметтің арнайы мемлекеттік қор есебінен жаңа балабақша салынады. Жаңа нысандардың ашылуы 600 баланы қосымша қамтымақ. Қазір 2-6 жастағыларды қамту - 96%, мақсат— жаңа нысандарды салу және балабақшаларды кеңейту арқылы бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/912177
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту 04.01.2025
Алматы қаласы әкімдігінің жұмысында әлеуметтік-бағдарлы бағыт басымдыққа ие. 2024 жылы мегаполисте әлеуметтік салаға 741,2 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Алдағы жылы 851,9 млрд теңге қарастырылған, бұл бүкіл қала бюджетінің шығыстарының шамамен 40 пайызын құрайды. Осылайша, әлеуметтік саланы қаржыландыру 2025 жылы 15 пайызға артады.   Білім беру инфрақұрылымын дамыту: Бұл шаралар қаланың әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. 2024 жылы Алматыда 11,7 мың оқушы орны бар 18 жаңа білім беру объектісі пайдалануға берілді. Бұл қабылданған шаралар келесі оқу жылында орын тапшылығын 3-4 мың орынға дейін азайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орындық тағы 15 мектептің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, қалада «Алматы мектептері» стандарты енгізілді. Бұл стандарт аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылып, мектеп автобустарының саны 200-ге дейін артты. Бұл автобустардың көмегімен 15,3 мың оқушы мектептерге қауіпсіз жеткізіледі. 2025 жылы автобустардың саны тағы 100 бірлікке артпақ. Қала мектептерінің инфрақұрылымын жаңғырту мен дамытуға көп көңіл бөлінуде. Биыл олар үшін 89 мектепте 168 жаңа модификацияланған кабинеттер сатып алынды. Бұл мектептердің 86,3 пайызын заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға мүмкіндік берді. Биыл Алматыда қаладағы 43 мектепті бір ауысымда оқытуға көшіру бойынша бірегей бастама көтерілді. Ұзақ мерзімді перспективада 2027 жылдың соңына дейін мектептердің кемінде 40%-ын бір ауысымда оқытуға көшіру жоспарлануда, бұл шамамен 95 мектепті құрайды. Бұл бос уақытта сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бір ауысыммен оқытуға көшу екі ауысым жағдайында балалар мен мұғалімдерге түсетін салмақты жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай үш-алты жас аралығындағы балалардың 97 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамту туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында қалада бес балабақшаның құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.   Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту: 2024 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ға ұлғайды, ал инфрақұрылымды жаңғырту басты назарда болды. Жыл ішінде Алматы қаласының мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті. Осы стандарт аясында 4 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және 1 емхана салынды және 32 нысанды салу және жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 2024 жылы Қазақстанда алғаш рет балалар арасында мүгедектікті азайтуға бағытталған ерте араласу орталығы құрылды. Сонымен қатар, Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы ашылып, балалардың денсаулығын қорғау жұмыстары күшейтілді.   Денсаулық сақтау саласында жаңа технологиялар мен тәсілдер енгізілуде. 2024 жылы Қазақстанда алғаш рет «Ұрық хирургиясы» пилоттық жобасы іске қосылды. Енді Алматыда жылына 150-ге дейін жатырішілік ота жасау мүмкіндігі бар.   Сонымен қатар, орфандық аурулары бар пациенттерді қолдау көлемі артты. 2024 жылы 3 753 пациент үшін 9,2 млрд теңге сомасына 45 түрлі нозология бойынша дәрі-дәрмек қамтамасыз етілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыруды 10%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.   Жедел медициналық көмек қызметі де жетілдірілуде. Соңғы екі жылда автопарк 37%-ға жаңартылды оның ішінде 2023 жылы 55 жедел жәрдем машинасы сатып алынды, ал 2024 жылы 48 жаңа машина пайдалануға берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде денсаулық сақтау саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді соның ішінде ана өлімі 48,2%-ға төмендесе, нәресте өлімі 5,4%-ға азайды, ал қатерлі ісіктерден болатын өлім 16%-ға төмендеді. Алматы қаласында білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шаралар қаланың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909936
Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады 04.01.2025
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын және орта бизнес өкілдері арасында қасбеттер мен оларға іргелес аумақтарды үздік жаңа жылдық безендіруге арналған байқаудың басталғанын жариялайды. Қатысуға дүкендердің, қоғамдық тамақтану орындарының, қызмет көрсету саласы нысандарының иелері мен Алматының басқа да шағын және орта бизнес өкілдері шақырылады. Өткізу мерзімі: 26 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін. Байқау қорытындысы 2025 жылдың 14 қаңтарында шығарылады. Байқаудың комиссия құрамына Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен сарапшылар кіреді. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталады: Азық-түлік дүкенін үздік безендіру – 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде; Азық-түлік емес дүкенді үздік безендіру – 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде; Қоғамдық тамақтану саласындағы нысанды үздік безендіру – 1 млн. теңге мөлшерінде жүлде; Қызмет көрсету саласындағы нысанның үздік безендірілуі – 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде. Бас жүлде иегері 2 млн. теңге көлемінде сыйлық алады. Бизнес нысандарын үздік жаңа жылдық безендіруге арналған байқау ақшалай сыйлық алу мүмкіндігі ғана емес, бұл жаңа жылдық маусымда қаланы жарқын, жайлы әрі тартымды ету мүмкіндігі. Кәсіпкерлердің атсалысуы Алматы тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Байқауға қатысу үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына өтінім беру қажет. Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады info@almaty.upp.kz осы жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Өтінімге байқауға қатысушыға және оның байқауға ұсынылатын нысанына мінездеме, байқауға қатысушының «Дербес деректер туралы» ҚР Заңына сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісімі қоса беріледі. Толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 747 671 59 96.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/910319
Алматыда 2025 жылдан бастап велосипедтерді жалға алу қызметі жаңартылып, заманауи технологиялармен жабдықталады 04.01.2025
2016 жылдан бері мегаполисте велоинфрақұрылымды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сол жылы пилоттық режимде 270 велосипед пен 50 станция пайдалануға берілді. Ал 2017 жылы тағы 1460 велосипед пен 150 станция қосылды.Бұрын бұл жобаны «Velocity.kz» қоғамдық қоры жүзеге асырса, 2020 жылы бұл құқық «Арман Аймағы» қоғамдық қорына берілген болатын. 2018-2020 жылдар аралығында жоба Алматы қаласының Спорт басқармасының қаржыландыруымен іске асырылды. Кейіннен велокөлікті жалға беру жобасы Қалалық мобильділік басқармасының қарауына өтті.2025 жылы Алматы әкімдігі велосипедтерді жалға алу жобасын қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жұмысты «Алматы паркинг» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады. Аталған мекеме мегаполисте тұрақтарды ұйымдастыру бағдарламасымен де айналысады.Ұйымның директоры Владимир Нидің айтуынша, қалалық әкімдік велосипед жалға алуды барынша ыңғайлы етуге баса мән беруде.«Қала ерекшеліктерін зерттей отырып, біз бұрынғы қателіктерді ескердік. 2016 жылдан бері велокөліктер жаңартылған жоқ. Ал қазір заман өзгерді. Бұрын тек механикалық велосипедтер болса, қазір олар электр қозғалтқыштармен жабдықталады», – деді Владимир Ни.Жоба аясында Еуропа, Ресей, Жапония, Корея және Қытай елдерінің тәжірибелері зерттелді.«Еуропалық велосипедтер сапалы болғанымен, олардың қосалқы бөлшектері өте қымбат, көбісі Қытайда шығарылады. Қазіргі велокөліктер антивандалдық қорғаныстармен жабдықталған, бұл олардың пайдалану мерзімін арттырады. Олардың рамалары берік, тежегіш механизмдері мен пластик батареялары жоғары төзімділікке ие. Бұл велобайктарды әртүрлі климаттық жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді», – деп атап өтті маман.Жоба жетекшісі Самат Ағабек қазіргі уақытта екі түрлі велобайк тестілеуден өтіп жатқанын айтты. Оның бірі – азиялық дене бітіміне, ал екіншісі – еуропалық дене бітіміне арналған.«Алты ай бойы біз велобайктарды сынақтан өткізіп, қала тұрғындарына пайдалануға бердік. Біз оларды сервистік орталықтарға техникалық тексеріс үшін апарып, қаншалықты ыңғайлы және оңай жөнделетінін, бөлшектерін табу мүмкіндігін бағаладық. Қазір конкурсқа арналған техникалық сипаттама дайындап жатырмыз», – деді Самат Агабек.Алғашқы кезеңде 2000 велосипед сатып алу жоспарлануда. Егер бұл көліктер алматылықтар арасында сұранысқа ие болса, олардың саны арттырылады.«Велобайктар қала өмірінің бір бөлігіне айналып, микромобильді көлік жүйесін толықтырады деп сенеміз. Бұл экологияға да өз үлесін қосады», – деді Владимир Ни.Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру көзделген.«Қала балансында болатын арнайы қосымша әзірленуде. Велобайктар GPS құрылғыларымен жабдықталады. Бұл олардың нақты уақыт режимінде қозғалысын бақылауға және ұрлықтан қорғауға мүмкіндік береді. Қала әкімдігі микромобильді көлік құралдарына арналған тұрақ ережелерін әзірлеуде. Сол ережелер бекітілгеннен кейін тұрақтар картасын жоспарлаймыз», – деді жоба жетекшісі.Велобайктар негізінен қала орталығында орналастырылады. Таулы аймақтарға шығу мүмкіндігі болмайды. Бұл шектеу барлық жалға алу жүйелері үшін қолданылады.«Алматыда күн сайын 1500-ге жуық адам велосипедті пайдаланады. Электрлі велосипедтер қолданысқа енгізілген соң, олардың танымалдылығы артады деп ойлаймыз. Себебі олар қауіпсіз әрі ыңғайлы», – деп қорытындылады Самат Агабек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/911120
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды 04.01.2025
Алматыда Аяз Атаның ұлттық стильде безендірілген мерекелік киіз үйлері пайда болды. Олар қаланың үш көрнекті жерінде: Астана және Абай атындағы алаңдарда және Арбатта орнатылған. Аяз Ата қонақтарды қарсы алатын киіз үйлердің есігі келушілер үшін күн сайын сағат 15:00-ден 21:00-ге дейін ашық болады. Қала тұрғындары мен қонақтары 31 желтоқсанға дейін жаңа жылдың басты кейіпкерімен суретке түсіп, қуаныш пен ғажайыптар атмосферасына ене алады. 31 желтоқсанда киіз үйлер Астана алаңында түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады, ал 2025 жылдың басталу сәтінде мұнда жаңа жылдық концерттен кейін отшашу болады. Жаңа жылға дейінгі қалған күндерде киіз үйлердің жанында түрлі шығармашылық шеберханалар, қызықты ойындар, безендірілген сахналарда жанды қойылымдар және сүйікті жаңа жылдық кейіпкерлермен кездесулер өтеді. Шеберлер мен қолөнершілер бүкіл отбасы үшін шеберлік сабақтарын өткізеді, онда қонақтар өз қолдарымен ерекше жаңа жылдық ойыншықтар жасай алады. Ағаш шырша ойыншықтарын безендіру, кружкаларды жарқын суреттермен және сәндік элементтермен безендіру, музыкалық қораптар жасау және жаңа жылдық тақырыпта гипс фигураларын жандандыру мүмкін болады. Бұл сабақтар барлығына өздерін нағыз шебер ретінде сезінуге және мерекенің бір бөлігін өздерімен бірге алып кетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/911156
Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ 04.01.2025
Алматы еліміздің жетекші туристік орталығының бірі ретінде позициясын нығайтып келеді. 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қалада 366 орналастыру орны жұмыс істеп, нөмірлік қоры 11,4 мың болды. Біржолғы қабылдау сыйымдылығы 22,3 мың орыннан асты, ал көрсетілген қызмет көлемі 27,6%-ға өсіп, 70,2 миллиард теңгеге жетті. Сонымен қатар, қонақ үйлер қызметінен түскен салық түсімі 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында екі есе өсіп, 9,8 миллиард теңгеге жетті.Биыл жеке инвестициялардың арқасында Алматыда 35 жаңа орналастыру орны ашылды, оның ішінде 20 қонақ үй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 шағын қонақ үй бар. Жалпы 836 нөмір пайдалануға берілді.Сонымен қатар, қалада глэмпингтер мен хостелдер сияқты жаңа орналастыру форматтары пайда болды. Жаңа шешімдердің қатарында капсулалық қонақ үйлер бар, олар шағын әрі заманауи тұру жағдайын ұсынады. Сонымен бірге туристердің әртүрлі қажеттілігін ескеретін әртүрлі орналастыру форматтары да енгізілуде.Қазіргі уақытта қонақ үйлерді салу бойынша 30 жаңа жоба бақылауда. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 336,3 миллиард теңге. Бұл жобалар аясында 4 415 нөмір салу жоспарланған:1 125 нөмірі бар 7 нысан құрылыс сатысында (68,3 млрд теңге);3 290 нөмірі бар 23 нысан жобалау сатысында (268 млрд теңге).Инвесторлар қонақ үй салуға қызығушылық танытып, тұрғын үй емес, қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға екпін беріп отыр. Бұл Алматының туристік әлеуетінің артуымен және қала қонақтарын жайлы орналастыру үшін нөмірлік қорды көбейту қажеттілігімен байланысты.Барлық жобаны жүзеге асыру 2027 жылға жоспарланған. Бұл қаладағы нөмірлік қорды едәуір ұлғайтуға, туристік қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымның дамуының арқасында Алматы туристерді одан әрі тартып, халықаралық қонақжайлылық орталығы ретіндегі позициясын нығайта береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/911631
Аяз Ата рөліндегі жас альпинистердің Алматыдағы кішкентай пациенттер үшін ерекше құттықтауы 04.01.2025
Алматыда жаңа жылдық күндер, әсіресе 2-ші балалар клиникалық ауруханасының кішкентай пациенттері үшін ғажайыптарға толы. Қалыптасқан дәстүр бойынша "Киров" әскери-патриоттық клубының Аяз ата-альпинистері балаларды өздерінің шығармашылық тәсілдерімен таң қалдырады. Клуб тәрбиеленушілері шатырдан тікелей палаталардың терезелеріне түсіп, балаларға күткен мерекені сыйлады.Балаларды осындай ерекше тәсілмен құттықтау идеясы 2017 жылы басталды, содан бері іс-шара жыл сайын алғашқы әскери дайындық оқытушы Бақытжан Перимбетовтың басшылығымен және Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен өткізіледі. Бұл жолы қысқы сиқыршы ересек емес болып шықты-Аяз Ата рөлін 110-шы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Пархат Зиинкал орындады. Ол бірінші рет емес, қаншама рет өзінің взводымен бірге 4000 метрге дейінгі шыңдарды бағындырған. .Аяз Атаның терезе арқылы пайда болуы балалар мен ересектердің көңілінен шықты. Әскери-патриоттық клубтың балалары сыйлықтарды қуана табыс етті, ал балалар өз кезегінде оларды өлеңдерімен және әндерімен қуантты.Айта кету керек, "Киров" клубы 8 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейді және оның тәрбиеленушілері қала тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтау үшін көпқабатты үйлердің төбесінен түсіп, мегаполис тұрғындарын бірнеше рет қуантты.Жас альпинистер қуанышты тек сөзбен ғана емес, сонымен қатар ерекше әрекеттермен де беруге болатындығын дәлелдеді. Олардың бастамасының арқасында ауруханада жаңа жылды қарсы алуға мәжбүр болған балалар жаңа жылдық сиқырды сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912692
Домбыраның үні мен Жаңа жыл рухы: «Ұлытау» тобы Алматыда конуерт өткізді 04.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында әйгілі «Ұлытау» этно-рок тобы Астана алаңында өнер көрсетіп, Алматының мыңдаған тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Олардың домбырадағы виртуоздық ойыны рок дыбысымен үйлесіп, көрермендерге әсерлі кеш сыйлады. Мерекелік шара «Алатау» дәстүрлі өнер театры әртістерінің дәстүрлі және заманауи бағыттағы әндерімен басталып, көрермендерге ұлттық мәдениеттің байлығын пан етті. Сахнада танымал музыкалық топтар мен солистер де өнер көрсетті. Көрермендерді жарқын би нөмірлері, заманауи хиттер мен әртістердің шын жүректен құттықтаулары қуантты. Алаңдағы жарқыраған шырша, гирляндалармен өрілген ағаштар және түрлі фотоаймақтар нағыз ертегідегідей Жаңа жылдық көңіл-күй тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912693
Fire show, иллюзионистер, жонглерлер, эквилибристтер мен сайқымазақтар алматылықтарға жаңа жылдық керемет қойылым сыйлады 04.01.2025
Алматыда мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары үшін ауқымды мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Астана алаңы мен Абай атындағы алаңда, Арбатта және Тұңғыш Президент саябағында виртуоз жонглерлер, эквилибрист шеберлері, иллюзионистер, көңілді клоундар, сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақар өнер көрсетті. Олар көрермендерге нағыз жаңа жылдық атмосфера сыйлады. Алматы циркінің өнерпаздары көрермендерді fire show-мен таң қалдырды: артистер лапылдап жанған құралдармен жонглерлік етіп, түрлі трюктер көрсету арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Эквилибрист болса биіктігі алты метрге дейінгі құрылымды орната отырып, бас айналатын биіктікте аса күрделі трюктерді орындап, көрермендерді таң қалдырды. Азия және Қазақстан Республикасының чемпионы, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаевтың өнері де әсерлі болды. Оның ауыр заттармен жонглерлік етуі, қолмен шегелер қағуы және жылытқышты шар сияқты үрлеуі сынды алып-күш иесінің шоуы кештің ең жарқын сәттерінің біріне айналды. Мерекелік бағдарламада үйретілген иттердің өнері, сайқымазақтардың қатысуымен қойылған ойын-сауық нөмірлері, иллюзионистердің сиқырлы көріністері мен интерактивті байқаулар болды. Аяз Ата мен Ақшақар барлық қатысушыға мерекелік көңіл-күй сыйлап, би ұйымдастырып, ойындар өткізіп, Алматы халқын келе жатқан 2025 жылмен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912695
ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ 04.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында Шымкентте бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ елдімекеніндегі 2000 орындық жайлы мектептің ашылуына қатысты.№149 Жалпы білім беретін орта мектепте интерактивті тақталар орнатылған 80 оқу кабинеті, асхана, бірнеше лингафондық компьютерлік сыныптар, зертханалық жұмыстарға арналған кабинеттер, кітапхана, шеберханалар, коворкинг-орталық қарастырылған. Спорттық инфрақұрылымға төрт зал және ашық ойындар мен ашық алаңдар кіреді. Сондай-ақ, қосымша сабақтар өткізу үшін кабинеттер де бар.Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталғанШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/909536
ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ 04.01.2025
Қаратау ауданында жайлы мектептің ашылуы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында орналасқан №143 орта мектепті аралады. Білім беру мекемесі 1200 орынға лайықталып, заманауи жабдықтармен жабдықталған.   Ауданы шамамен 13 мың шаршы метр ғимаратта оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Екі спорт залы, медициналық пункт, үш шеберхана, коворкинг-алаңдар, кітапхана, мәжіліс залдары бар.   Қала әкімі білім басқармасы мен мектеп басшылығына оқыту үдерісін ұйымдастыруға және оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды.   Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/909543
ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ 04.01.2025
Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.   Мегаполис басшысы өз сөзінде өндірісті іске қосу қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің экологиялық зардаптарын азайтатынын атап өтті.   «Елімізде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді, кәсіпорындар саны жыл сайын артып отыр. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда», - деді Ғ.Сыздықбеков.   Жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бірінші кезең жүзеге асырылғаннан бүгінгі күнге дейін зауыт жылына 4600 тоннадан астам мыс-күміс концентратын өндірді. Қондырғының іске қосылуы кәсіпорынға өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жыл сайын 20 мың тоннадан астам мырыш оксидін шығаруға мүмкіндік береді.   Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/910371
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 183 ОТБАСЫҒА АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛЫП, ҚОНЫС ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ 04.01.2025
Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын үйдің лентасын қиды. Айтулы мереке қарсаңында пайдалануға берілген баспаналар Асар-2 және Тұран шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Integra Construction KZ» ЖШС және «Алтын Констракшн» ЖШС мердігер мекемелері жүргізген. Жаңа қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы азаматтар бар. Елімізде құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталған. Соның ішінде әркімнің баспанамен қамтылуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы. Айта кету керек, 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 597 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 136, көпбалалы отбасылар – 288, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 173) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 2023 жылдан өтпелі болған 280 арендалық пәтер биыл қоныстандырылды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылы 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үйлерге (оның ішінде 2023 жылдан өтпелі 1 041 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үй) келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға Отбасы банк арқылы қолданысқа табысталды. Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 519 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. ​Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/912003
Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды 04.01.2025
Қордай ауданында аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, ПД бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков ашылу салтанатына қатысып, бөліністің техникалық жабдықталуымен танысты. Олар жаңа нысан полицияның жұмысын жақсартуға оң әсер ететініне сенім білдірді.​ Ғимаратта азаматтарды қабылдау үшін қажетті барлық заманауи жабдықтар қарастырылған, қызметкерлерге тиімді қызмет ету үшін жағдайлар жасалған.​ Қордай ауданы – Қырғыз Республикасымен шекаралас облысымыздың ең тығыз қоныстанған ауданы (155 мыңнан астам тұрғыны бар). 157 полиция қызметкері тыныштықты күзетіп, қордайлықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Полицейлер үшін жаңа ғимаратта 150 адамға арналған үш қабатты әкімшілік ғимарат салынды. Қызметтік кабинеттер бейнебақылау камераларымен, интернет, компьютерлік техникамен жабдықталған, бір мезгілде бірнеше адамға қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Демалыс бөлмелері, ас үй, асхана, кітапхана қарастырылған. ​Полицейлердің спорттық дайындығына көп көңіл бөлінеді. Спорт кешенінен басқа, атыс алаңы мен қару-жарақ бөлмесі де бар. Салтанатты ашылу кезінде полиция бөліміне 78 жастағы жергілікті тұрғын келіп шашу шашып қазақтың ұлттық дәстүрін жасай отырып, батасын берді, жаңа жылда бейбіт аспан мен көркейе беруді тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/912415
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өткізді 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Іс-шараға қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, туристік сала өкілдері, спортшылар және өңір тұрғындары қатысты.Кездесу барысында Ержан Еркінбаев министрліктің туризм саласындағы негізгі бастамалары мен жоспарлары туралы баяндады. Әсіресе, жиында туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Солтүстік Қазақстан облысы туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. «Көкшетау» ұлттық паркіне кіретін Имантау-Шалқар курорттық аймағы өңірдің негізгі туристік бағыттарының бірі саналады. Мұнда қазірдің өзінде 36 демалыс орны жұмыс істейді, оның 10-ы саяхатшыларға жыл бойы қызмет көрсетеді. Инфрақұрылым мен экотуризмді дамытуға басымдық береміз», – деді Ержан Еркінбаев. Биыл өңірге 115 мыңнан астам турист келген, оның ішінде 6 мыңға жуығы шетелдіктер. Туристік инфрақұрылымды жақсарту және саяхатшылар санын арттыру мақсатында 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аяқталған жобалардың қатарында демалыс базаларын жаңғырту, демалыс аймақтарын салу және курорттық аймақтағы жолдарды қайта жаңарту бар. Қазіргі уақытта 18 инфрақұрылымдық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Аймақта экотуризм де белсенді дамуда: өңірде заманауи глэмпингтер, визит-орталықтар салу және жаңа туристік маршруттарды құру жоспарлануда. Мұндай жобалар туристерді тартуға және табиғатқа тигізетін әсерді азайтуға да ықпал етеді. Бұл ұлттық парк үшін аса маңызды.2024 жылы өңірдегі туристік қызмет көрсету көлемі 1,8 миллиард теңгені құрады. Сала тұрақты дамып келеді. Ел бойынша орналастыру орындарының кірісі 2024 жылдың тоғыз айында 27%-ға артып, 224 миллиард теңгеге жеткен. «Солтүстік Қазақстан облысында спортпен 225 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл өңір халқының 42,9%-ын құрайды. Сондай-ақ 50 мыңнан астам бала тегін спорт секциясымен қамтылған», – деді Ержан Еркінбаев. Кейінгі екі жылда өңірде 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 4 жабық хоккей айдыны салынды. Сондай-ақ «Қарасай» стадионын жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Петропавлдағы «Динамо» стадионы жаңғыртылып, жаңа жасанды алаң төселді. Облыста бассейндер, хоккей айдындары мен спорт кешендерінің құрылысы жалғасуда.Есеп беру кездесуінен кейін Ержан Еркінбаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/909632
Спорт және спорт инфрақұрылымын дамыту: Серік Жарасбаев елорда тұрғындарымен кездесті 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Астана тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиында балалар мен бұқаралық спорттың дамуына, спорт инфрақұрылымын жақсартуға және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға баса назар аударылды.Серік Жарасбаев биыл спортпен айналысатын азаматтардың үлесі 41,5%-ға (8,4 млн-нан астам адам) жеткенін атап өтті. Бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Сондай-ақ биыл елордада шахматтың рапид және блиц түрінен, самбодан және асық атудан әлем чемпионаттары, сондай-ақ теннистен Дэвис кубогі сияқты матчтарды қоса есептегенде 640-тан астам спорттық іс-шара өткізілді. Бұқаралық жүгіру мен велошеруілерге 56 мыңнан астам адам қатысты.2024 жылы елордада «Сана» отбасылық спорт орталығы және Kodakan Spirit дзюдо орталығы ашылды. Ал келесі жылы «Железнодорожный» және «Ильинка» тұрғын алаптарында дене шынықтыру және сауықтыру кешеніндерінің құрылысын аяқтау жоспарланған.Елордада ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін инклюзивті орта құруға ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, алдағы уақытта Нұра ауданында ерекше жандар үшін «Бочча» орталығы салынса, Қ.Мұнайтпасов атындағы Орталық стадионды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны 845,9 мыңға жетті. Биыл елордада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 112 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.Серік Жарасбаев спорт саласындағы болашақ реформалар, соның ішінде жан басына шаққандағы балалар спорт мектептерін қаржыландыру моделін әзірлеу туралы айтты. Пилоттық жоба 2025 жылы басталып, 2026 жылы бүкіл ел бойынша енгізілетінін жеткізді.Сонымен қатар спорт саласын цифрландыру жұмысы белсенді жүргізілуде. Спортшылар, жаттықтырушылар, спорт нысандары мен жарыстар туралы деректерді біріктіретін E-Sport платформасы пилоттық режимде іске қосылады. 2025 жылдың ақпанында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Сары құрлық додасына 139 қазақстандық спортшы, оның ішінде елорданың 37 өкілі қатысады.Кездесу соңында Серік Жарасбаев елорда тұрғындарына жиынға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, спортты дамытудағы бірлескен күш-жігердің маңызын атап өтті. Жиын сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910356
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізді 04.01.2025
Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Рудный қаласында Қостанай облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиында заңсыз ойын бизнесімен күрес, лудоманияның алдын алу, сондай-ақ өңірдегі спорт пен туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Мирас Төлебаев кездесуде лудомания жүйелі көзқарас пен шараларды талап ететін күрделі әлеуметтік проблема екенін атап өтті. 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында мемлекет заңсыз құмар ойындарға қарсы күресті күшейтіп, жарнаманы шектеу, операторларды бақылауды қатаңдату және азаматтардың белгілі бір санаттары үшін ойындарға қатысуға тыйым салу шараларын енгізуде. «Жыл басынан бері eGov қосымшасы арқылы 170 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді. Бұл шаралар тәуелділікті азайтуға және ең осал топтарды қорғауға көмектеседі», – деп атап өтті министрдің орынбасары. Сондай-ақ ол өңір халқына жуырда ойын бизнесін реттеуді күшейтетін заңға қол қойылғанын жеткізді. Атап айтқанда, заңға мемлекеттік және әскери қызметкерлердің, борышкерлер тізіліміне енгізілген тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салынып, интернет-казино ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік енгізілді. Мемлекет халықты лудоманияның қауіптері туралы ақпараттандыруды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыруда және ойын тәуелділігімен бетпе-бет келгендер үшін білім беру бағдарламалары мен қолдау жүйелерін енгізуде. Кездесу барысында министрдің орынбасары туризм саласындағы жетістіктерге де тоқталды. Оның айтуынша, өңірде туристік инфрақұрылымды жақсарту, инвесторларды тарту және ішкі туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл облысқа келген ішкі туристер саны 25%-ға өскен. «Біз заманауи туристік нысандарды салып, көлік инфрақұрылымын жақсарта отырып, Қазақстан бойынша саяхатты жайлы әрі қолжетімді етуге тырысамыз», - деді Мирас Төлебаев. Өңір халқымен кездесуде спорт саласы туралы да сөз қозғалды. Бүгінде Қостанай облысында 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 18 мыңнан астам бала жаттығады. Биыл өңірде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталса, 2025 жылы Рудныйда мамандандырылған спорт мектебін ашу жоспарланған. Бұл бастамалар жастарды спортқа баулуға және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға бағытталған. Кездесу соңында облыс тұрғындары министрдің орынбасарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Іс-шара соңында Мирас Төлебаев жиынға белсенді қатысқаны үшін өңір тұрғындарына алғысын білдірді. «Бірлескен күш-жігермен ғана біз күрделі әлеуметтік мәселелерді шешіп, өңірдің туризм мен спорт саласындағы орнын нығайта аламыз», – деді министрдің орынбасары. Фото: alau.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910720
Өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде e-Sport цифрлық платформасы таныстырылды. Аталған жоба деректер мен жүйені басқаруда ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру және спорт саласын цифрлық трансформациялауға бағытталған. Платформаның негізгі мақсаты – еліміздің барлық аймағындағы спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және әдіскерлер туралы ақпаратты біріктіретін орталықтандырылған мәліметтер базасын құру. Сонымен қатар платформа спортшылар мен жаттықтырушылардың дене шынықтыру және спорт ұйымдарында жұмыс істейтінін және олардың біліктілігін растауға, электронды спорттық іс-шаралар күнтізбесін құруға және өңдеуге, сондай-ақ спорт нысандарын цифрландыруға мүмкіндік береді. Пилоттық кезеңде платформаның негізгі модульдері іске асырылды. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электронды күнтізбесі және нысандардың тізілімі енгізіледі. Қазіргі таңда платформамен жұмыс істеуге 81 спорт федерациясы мен 6 ұйым қосылды, ал деректер базасына 1700-ден астам спортшының мәліметі салынды. «Министрлік 2025 жылы платформаның функционалдығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жарыс хаттамаларын электронды форматта жүргізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және статистикалық деректерді проактивті форматта есепке алу енгізіледі. Бұдан басқа, e-Sport платформасын өндірістік пайдалануға енгізу күтіліп отыр. Бұл спорт саласын цифрландыруды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әсіресе, өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек», – деді Ербол Мырзабосынов. Айта кетейік, e-Sport цифрлық платформасы спорт саласын тиімді басқаруға жаңа мүмкіндіктерді ашып, спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және сапасын көтеру үшін маңызды құралға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911254
Харбин-2025: Қазақстан Ұлттық құрамасының спорттық формасы таныстырылды 04.01.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың IX Қысқы Азия ойындарына арналған ресми спорттық формасын таныстырды. Ақ Азиада 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді.Жаңа форма халықаралық стандарттарға сай әзірленіп, ұлттық талаптар толық ескерілді. Негізгі түстер – қою көк пен ашық көк. Бұл түстер тұрақтылықты, тәуелсіздікті және жаңа белестерге ұмтылысты бейнелейді. Ақ түсті элементтер тазалықты және спорттағы әділдік қағидаттарын айқындайды.Дизайн мемлекеттік рәміздермен: елтаңба және тумен толықтырылған. Сонымен қатар форманың безендірілуінде QAZAQSTAN жазуы, 2025 жылғы IX Қысқы Азия ойындарының логотипі және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы бар.Форма заманауи технологиялармен жасалған жоғары сапалы материалдардан дайындалған. Спортшылардың жайлылығы үшін табиғи термореттеу қасиетіне ие маталар қолданылды. Сыртқы киім табиғи мамықпен жылытып, жеңіл әрі жылуды сақтайтын етіп жасалған. Спорттық костюмдерде суық жағдайларда да жылу сақтайтын жоғары технологиялық флис пайдаланылды.Форма жиынтығына жылы куртка, желден қорғайтын костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімдері, футболка, шорты, бас киімдер, спорттық аяқ киім және әртүрлі аксессуарлар кіреді.IX Қысқы Азия ойындарына Азияның 32 елінен 1147 спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасы аясында 6 спорт түрі және 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығы сарапқа салынады.Жаңа спорттық форманың жасалуы демеушілер қолдауының арқасында жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911258
2024 жылдың жарқын жеңістері 04.01.2025
2024 жылдың жарқын жеңістеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912675