Қоғам
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АҚТАУДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ 29.12.2024
Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.Пациенттер әртүрлі жарақаттармен, негізінен бірнеше зақымдармен келіп түсті, бұл мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.26 желтоқсан күні таңертең 11 пациент реанимация бөлімшесінде, 13 - травматология бөлімшесінде, 2 - нейрохирургия бөлімшесінде, 1 – хирургия бөлімшесінде ем алды.Пациенттердің жағдайы бойынша: екеуі аса ауыр жағдайда, 11 ауыр жағдайда, 14 – орташа ауырлық дәрежесінде, 2 пациенттің шағымы жоқ, қанағаттанарлық жағдайда.11 пациенттің сегізі өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр және дәрілік седация, тониктер қабылдауда. Келіп түскен кезде барлық зардап шеккендерге қажетті зерттеп-қарау түрлері жүргізілді, жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейіні бойынша емдеуге жатқызылды.Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті.Дәрігерлер ауыр пациенттердің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда, аурухана дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.Бұған дейін хабарланғандай, Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген.Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.Зардап шеккендердің жағдайы және олардың емделу барысы туралы қосымша деректер ақпарат жаңартылған сайын ұсынылатын болады.Ресей тарапымен келіссөздерден, мамандардың консультацияларынан кейін бүгін РФ Апаттар медицинасының бортымен Ақтаудан Мәскеуге 9 пациент, Ресей азаматтары жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/910016
Маңғыстаулықтар Әзірбайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды 29.12.2024
Бүгін, 26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/910395
Қорғаныс министрі отандық кәсіпорындарының басшыларымен даму басымдықтарын талқылады 29.12.2024
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов 2024 жылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуын қорытындылай келе, Қарулы күштерді жарақтандыру саласындағы басымдықтарға тоқталды.Іс-шараға Өнеркәсіп министрлігінің лауазымды тұлғалары мен отандық кәсіпорындар басшылары қатысты.Бронды дөңгелекті машиналар шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг», тренажерларды, имитаторларды, полигон жабдықтарын және «Қалқан-7» – практикалық оқтарын, қосалқы бөлшектерді және әскери мақсаттағы керек-жарақтарды шығаратын «Алматыэнергосервис» серіктестіктерімен өзара тығыз іс-әрекет жасалғаны атап өтілді.Бронды танктің және артиллериялық техниканы жөндеумен айналысатын «ВостокПолимерСнаб» және «ВостокРемСтройМонтаж», қосалқы бөлшектер, құрастырушы және резеңке техникалық бұйымдарды өндіретін «Семей инжиниринг» АҚ-ның зауытаралық кооперациясының сәтті жұмысы да үлге ретінде келтірілді.Қорғаныс министрі өнеркәсіптегілерді ведомствоның ішкі мүмкіндіктерінен хабардар етті. Қарулы күштерде жөндеу-қалпына келтіру әскери бөлімдері құрылмақ. Техникалық бөлімшелер әуе қозғалтқыштарын жөндеуді жүзеге асырады, артиллериялық жүйелер қалпына келтіріледі.– Біз Президенттің қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарына қолдау көрсету туралы тапсырмасын орындаймыз. Өйткені, Қарулы күштер мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайту – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұл ортақ міндетіміз. Дегенмен біз өнімдері сапалы жасалатын өндірушілермен ғана жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді ол.Кездесу соңында Қорғаныс министрі Қарулы күштердің қажеттіліктерін және қазіргі заманғы соғыс қимылдарының үрдістерін ескеру қажеттігін атап өтті. Ол мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарттарын, оларды ұзарту мүмкіндігінен бөлек, уақтылы және сапалы орындау жөніндегі кешенді шараларға ерекше назар аударды. Шығарылатын өнімнің бағасына қатысты Қорғаныс министрі оның құнын төмендету жөнінде шаралар қабылдау керек деді. Шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту және импортты алмастыру мақсатында министр өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/909721
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 29.12.2024
Жылумен және электрмен жабдықтау саласындағы жетістіктер. Қала тұрғындарын үздіксіз жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында 2024 жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 20 км жылу желісі, сондай-ақ, 220 км-ден астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылды. Бұл шаралар энергияның үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік берді.Жаңғырту жұмыстары тек желілермен шектелмей, қазандықтарды да қамтыды. 2024 жылы 85 қазандық қайта жаңартылып, олардың өнімділігі арттырылды. Бұл жылыту маусымының тұрақты өтуіне және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға оң әсер етті.2025 жылы бұл салада жоспарланған жұмыстар одан да кең көлемде жүзеге асырылмақ. Қалада 40 км жылу желісін және 240 км электр желісін жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар, 21 қазандық қайта жаңартылып, олардың заманауи талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелерінің бірі – желілердің тозуын төмендету. 2024-2025 жылдары орындалған іс-шаралар нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8%-ға азайып, 54,1%-ды құрайтын болады. Электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 2025 жылдың соңына қарай 1,7%-ға төмендеп, 63,3%-ды құрайды.Су жүйесін жаңғырту және дамыту – қаланың маңызды басымдықтарының бірі. 2024 жылы Алматыда 220 км жаңа су құбыры желісі салынды. Бұл қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 30 км қолданыстағы желілер жаңғыртылып, олардың тиімділігі мен ұзақ мерзімділігі артты.2025 жылы жоспарланған жұмыстар көлемі одан да ауқымды. Қаланы дамыту жоспары аясында 347 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және жаңғырту көзделіп отыр. Бұл шаралар қаланың барлық аудандарын сумен қамтамасыз етуді жақсартып, инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Алматы қаласының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сумен жабдықтау, жылу және электрмен қамтамасыз ету желілерінің жаңғыртылуы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Жоспарланған іс-шаралар қала инфрақұрылымының ұзақ мерзімді сенімділігін қамтамасыз етіп, Алматыны тұрақты даму жолына бағыттайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909338
Алматыда құрылыс нысандарын бақылау күшейтіледі - сарапшының пікірі 29.12.2024
Алматыда құрылыс нысандарын инспекциялаудың жаңа тәртібін қабылдау туралы өз пікірімен құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлмира Байғабулова бөлісті.«Мен үшінші жыл бойы құрылыс процесін бақылауды қайтару қажеттілігі туралы айтып отырмын, менің ойымша, құрылыс-монтаж жұмыстарын инспекциялау ережелері толыққанды мемлекеттік бақылау алғашқы қадам болып табылады. Бұл құжаттар біздің қауіпсіздігімізге тікелей байланысты. Инспекциялаудың нақты ережелері тұрғындарды сапасыз жүргізілген жұмыстардан, ал адал құрылыс салушыларды негізсіз талаптардан қорғауға тиіс», - деп есептейді сарапшы.Естеріңізге сала кетейік, Алматы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында құрылыс-монтаж жұмыстарының тірек және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі бекітілді.Қазіргі уақытта құқықтық акт Әділет департаментінде тіркелуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909487
Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі жылды қорытындылады 29.12.2024
Астанада «Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК бас директоры отставкадағы генерал-майор Әділбек Алдабергеновтің басшылығымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Оған қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, әскери-техникалық мектеп филиалдарының директорлары, орынбасарлары мен мамандары қатысты.Әскери-техникалық мектеп пен филиалдардың қызметі туралы отставкадағы генерал-майор Әділбек Алдабергенов және оның әскери-патриоттық жұмыс, қаржы-экономикалық қызмет және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлары баяндама жасады.– Әскерге шақырылушыларды, елдің жұмылдыру ресурсын толықтыру үшін әскери оқытылған резервті, сондай-ақ Қарулы күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін айқындайтын лауазымдарды толықтыру үшін механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін сапалы дайындау – әскери-техникалық мектептер қызметінің маңызды басымдығы, – деп атап өтті Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Нұрмаханбек Дүйсебаев. Бұл мекемелерге әскери-патриоттық тәрбие беру тұрғысынан да маңызды рөл беріліп отыр. Жұмыстың осы бағыты туралы Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебі бас директорының орынбасары –Әскери-патриоттық тәрбие орталығының басшысы отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов айтып берді. Ол алдағы жылы еліміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетінін еске салды. Сондықтан да әскери-техникалық мектептер Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарға белсене кіріскеніне тоқталды. – Бүгінде әскери-техникалық мектептерге жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру орталықтарының рөлі берілді. Біз жастардың бойына Отанды қорғау туралы түсінік қалыптастырамыз. Олардың елі мен жері үшін пайдалы болуға деген ұмтылысын дамытамыз. Бұл мемлекеттің қорғаныс қабілетінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, – деді М. Нағұманов.2024 жылдың қорытындысы бойынша үздік филиалдар грамоталармен және ауыспалы вымпелдермен марапатталды. Бірінші орынды әскери-техникалық мектептің Семей филиалы, екінші орынды Қарағанды, үшінші орынды Ақтөбе филиалы иеленді.2000 жылдан бері Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі 90 мыңға жуық әскери-техникалық маман дайындағанын айта кету керек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/909398
Алматы облысы ПД бастығы «Аманат» партиясында азаматтарды қабылдады 29.12.2024
23 желтоқсан күні Алматы облысы полиция департаментінің бастығы «Аманат» партиясының аймақтық филиалында азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді.Кездесу құқық қорғау органдарының ашықтыққа және қоғаммен диалог орнатуға деген ұмтылысының тағы бір дәлелі болды.Іс-шараның басты мақсаты – аймақ тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу болды. Азаматтар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ полиция қызметінің басқа да салаларына қатысты түрлі сұрақтармен жүгінді.– Полиция бастығы әрбір өтініш берушіні мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ерекше назар талап ететін күрделі жағдайларға аударып, барлық өтініштер жеке бақылауға алынды, – деп атап өтті полиция өкілдері. Мұндай кездесулер мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтып, билік пен халық арасындағы тұрақты диалогты қалыптастыруға ықпал етеді. Ашықтық пен азаматтарды тыңдауға деген дайындық өзара түсіністік орнатуға көмектесіп, қауіпсіз әрі әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/908922
Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия штаб отырысын өткізді 28.12.2024
Премьер-министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің есептерін тыңдады.Төтенше жағдайды реттеу үшін Қазақстан Үкіметі барлық қажетті шараларды қабылдайды.Вице-премьер құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тапсырма берді.Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Маңғыстау облысына келген қайтыс болған шетелдік азаматтардың жақындарына да қажетті көмек беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909768
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр 28.12.2024
Елорда тұрғындары 25 желтоқсан күні Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр.25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған, қаза тапқандар бар.Астаналықтар Әзербайжан халқымен бірге қайғырып, қаза тапқандарды еске алу үшін Қазақстандағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/909325
Қостанай облысында жаңа аудан әкімдері тағайындалды 28.12.2024
Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы өкімімен және Сарыкөл ауданы мәслихатының келісімімен Сарыкөл ауданының әкімі болып Марат Лесбекұлы Шымырбеков тағайындалды.Марат Лесбекұлы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. Шымкент университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша және Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін Златоуст ауылдық округінің әкімі және Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы өкімімен және Қостанай ауданы мәслихатының келісімімен Қостанай ауданының әкімі болып Олжас Жомартұлы Нұрғалиев тағайындалды.Олжас Жомартұлы 1986 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Заманауи гуманитарлық академияны және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие. Бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы өкімімен және Жангелдин ауданы мәслихатының келісімімен Жангелдин ауданының әкімі болып Дінмұхамбет Серікұлы Бидашев тағайындалды.Дінмұхамбет Серікұлы 1981 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Барлық тағайындалған әкімдер мемлекеттік басқару саласында үлкен тәжірибеге және тиімді басшылық жасауға қажетті практикалық білімдерге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/909507
АҚТАУҒА ЖЕТЕКШІ МАМАНДАР БРИГАДАСЫМЕН САНИТАРИЯЛЫҚ АВИАЦИЯ БОРТЫ КЕЛДІ 28.12.2024
Астанадан Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы келіп қонды.Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.Қазіргі уақытта Маңғыстау көпбейінді ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілген, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бар. Ол зақым алған және жарақаттанған пациенттерді қарап-тексереді, келген мамандарды тарта отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.Ақтау әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді.Ауруханаға жеткізілген 27 ауыр пациенттің 11-і реанимацияға жатқызылды.Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, оларға операция жасау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/909590
Мәжіліс Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң қабылдады 28.12.2024
ҚР Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыста екінші оқылымда «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын қабылдады.Заңды әзірлеуге Түркістан қаласын Түркі мемлекеттері ұйымының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, сондай-ақ қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.Заң жобасының негізгі новеллалары Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру, ұлттық қолөнер шеберлері үшін бюджеттен шығындардың бір бөлігін өтеу және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу болып табылады.Түркістан қаласының мәслихаты қала құрылысы регламентін, қаланың дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, Түркістан аумағында рәміздерді пайдалану тәртібін және т. б. бекітетін болады.Қала әкімдігіне 3 бағыт бойынша 27 құзырет берілетін болады. Біріншісі қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.Екіншісі-кесененің айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану.Үшінші бағыт туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік жағынан тартымды орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағытталған.Бұдан басқа, ілеспе заң жобасы әзірленді. Оның шеңберінде Жер кодексіне, «ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «ҚР-дағы туристік қызмет туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/909088
Ұшақ апатына қатысты 28.12.2024
25 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де, Ақтау қаласының аумағына Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ құлады.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай оқиға орнына барып, облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Апат орнында ТЖД, ДВД, жергілікті әкімдік құтқару жұмыстарына қажетті жағдайдың барлығын жасауда.Қазақстан ТЖМ-нің 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмыс істеуде. Оқиға орнына келген құтқарушылар әуе кемесінің өртеніп жатқанын анықтап, өртті сөндіру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша аман қалғандар бар.Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша 28 адам аман қалған. Оның 26 облыстық ауруханаға жеткізілді, 2 бала балалар ауруханасына жатқызылды.Айта кетейік, апатқа ұшыраған бортта 62 адам және 5 экипаж болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909346
Білім беру саласындағы айтулы оқиғалар 28.12.2024
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жыл қорытындысын шығаруда. Айта кету керек, мәдениет пен өнер саласындағы кадрларды дамытуға бағытталған жүйелі іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1637 орын бөлінді.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына студенттерді сапалы қабылдау мақсатында, кейбір қолданыстағы білім беру бағдарламалары топтары бөлініп, нәтижесінде 12 жаңа топ құрылды (аспаптық орындаушылық, вокалдық өнер, дәстүрлі музыкалық өнер, эстрадалық өнер, кино және теледидар режиссурасы, сахналық өнер мен цирк режиссурасы, анимация режиссурасы, операторлық және фотоөнер, медиаөнер және цифрлық технологиялар, сценография, сәндік өнер, сондай-ақ сән дизайны).Биыл білім беру саласында ауқымды іс-шаралар мен маңызды оқиғалар өтті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітова есімі берілді. Бұл шешім қазақ мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан ерекше тұлғаны мойындау ғана емес, сонымен қатар ұлттық болмысты нығайтудағы маңызды қадам болды.Еліміздің музыкалық өнері үшін ерекше маңызды оқиға – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өзінің 80 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Сексен жыл ішінде консерватория мәдени орталыққа айналып, Қазақстанды әлемдік аренада танытқан көптеген өнер қайраткерлерін тәрбиеледі. Оның түлектері арасында Қазақстанның халық әртістері, еңбек сіңірген қайраткерлер және көрнекті музыканттар бар.Сонымен қатар, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты да мерейтойын тойлады. Мерейтойлық іс-шара мерекелік концертпен атап өтілді.Жыл бойы білім беру процесінің маңызды бөлігі түрлі байқаулар мен фестивальдер болды. Олар жас таланттарға платформа ұсынып, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етті.Айтулы іс-шаралардың бірі — Күләш Байсейітова атындағы музыка мектеп-интернатында өткен Қазақстан жас орындаушыларының XII Республикалық конкурсы. Оған 187 жас талант қатысып, олардың 162-сі лауреат атанды.Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореография училищесінің 90 жылдығына арналған «ӨРЛЕУ» VI Халықаралық фестивалінің өткізілуі хореография өнеріне көпшілік назарын аударды. Фестивальге тоғыз елден өнерпаздар қатысты.Жас таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған байқаулар да үлкен маңызға ие болды. Атап айтқанда, колледждер арасындағы Республикалық байқау, жас шығармашыл жастарға арналған «Шабыт» Халықаралық байқауы, Ахмет Жұбанов атындағы орындаушылардың Халықаралық байқауы және «Astana Merey» ХХ Халықаралық байқауы өткізілді.Айрықша атап өтуге лайық іс-шаралардың бірі — жас пианистерге арналған II Республикалық «Astana Piano Passion» байқауы. Бұл шара жас дарындарға өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп, Қазақстанның мәдени кеңістігін жаңа есімдермен байытты.Жыл бойы мәдениет саласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары шетелде өткен халықаралық байқауларда, соның ішінде Австрия, Қытай, Италия, АҚШ, Чехия және Ресейде бірнеше рет жеңіске жетіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/909148
Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді 27.12.2024
2024 жылғы 23 желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1 станциясының №1 энергоблогы толық қуатта 72 сағат бойы сәтті жұмыс істеп, пайдалануға енгізілді. 500 МВт қуаттылықтағы жаңа энергоблок еліміздің энергетикалық қуаттарын айтарлықтай арттырып, экономика мен халықты тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.Энергоблокты салу жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды кезең болды. Екібастұз ГРЭС-1, елдің жетекші энергетикалық орталықтарының бірінде орналасқан, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және индустриалдық дамуын қолдауда стратегиялық рөлін атқаруды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/909838
Алматы қаласында Қазақ КСР-нің тұңғыш Энергетика және электрлендіру министрі Т.И. Батуровқа арналған мемориалдық тақта орнатылды 27.12.2024
Алматы қаласында 26 желтоқсанда Қазақ КСР-нің тұңғыш Энергетика және электрлендіру министрі Тимофей Иванович Батуров ұзақ жылдар тұрған Жамбыл көшесі, 67-үйде оның рухына арнап мемориалдық тақта орнатылды.Тақтаны салтанатты орнату рәсіміне отбасы мүшелері, Қазақстан Энергетиктері ардагерлер кеңесінің, АлЭС және АЖК ұжымдарының, жұртшылықтың, БАҚ өкілдері қатысты.Мемориалдық тақтаны орнатуға арналған салтанатты шараны Қазақстан Электр энергетикасы қауымдастығының ардагер энергетиктер Кеңесінің Төрағасы С.С. Нұрпейісов ашты. Ол, Тимофей Иванович Батуров КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1962 жылғы 6 қарашадағы Жарлығымен Қазақ КСР-нің тұңғыш Энергетика және электрлендіру Министрі қызметіне тағайындалғанын еске салды. Бұл қызметте 1980 жылдың қазан айында 72 жасында зейнеткерлікке шыққанға дейін 18 жыл еңбек етті.Өндірістік тәжірибесі мол Министр Тимофей Иванович Батуровтың есімі кәсіби ортада және өндірісте ең құрметті тұлғалардың қатарында болды. Қазақ энергетиктерінің аға буыны әлі күнге дейін «Батуров мектебі» деген анықтаманы қолданады, бұл «бизнеске жауапкершілікпен қарау және біз бәріміз адамбыз және айналамыздағыларға мұқият және қамқор болуымыз керек» деген шындықты түсінуді білдіреді. Тимофей Ивановичке тән қасиет – қабілетті мамандарды тартуға деген ұмтылысы мен қабілеті болды.Тимофей Иванович Батуров 1909 жылы 3 наурызда Красноярск облысы, Нижне-Ингаш ауданы, Соколовское селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1924 жылдан Канск қаласындағы орта мектепте оқып, оны 1929 жылы бітірді. 1936 жылы Новочеркасск индустриалды институтының энергетика факультетін бітіріп, инженер-электрик мамандығы бойынша диплом алды. Ал сол жылдың мамыр айында Риддер «Алтайполиметалл» зауытына жұмысқа жіберіліп, сол жерде бригадир, кейін жылу электр орталығында аға инженер болып қызмет атқарды. Осылайша тағдыр Баутрованы Қазақстанмен байланыстырды.1937 жылдың тамыз айынан 1945 жылдың наурыз айына дейін «Алтайполиметалл» комбинатында бас энергетик болып жұмыс істеді. Одан кейін Германияға қысқа мерзімді іссапар болып, 1945 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін арнайы бөлшектеу бөлімінің бас энергетикі болып жұмыс істеді. 1950 жылдың қыркүйегіне дейін «Алтайэнергоға» оралып, бас инженер, одан кейін 1962 жылға дейін – Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалғанға дейін – осы кәсіпорынның басқарушысы қызметін атқарды.Оның жетістіктерінің тізімі өте үлкен. Бірақ салынған нысандардың ең дәл есебі оның жарияланған естеліктерінде («Казахстанская правда», 2009 ж. 3 наурыз): «Мен инженерлік-техникалық басшылық қызметте жұмыс істеген жылдары 24 жаңа электр станциясы салынды: қуаттылығы 1200 МВт Жамбыл МАЭС, қуаттылығы 2400 МВт Ермаковский МАЭС, жобалық қуаттылығы 4 000 МВт Екібастұз 1-МАЭС, Бұқтырма ГЭС, Өскемен ГЭС, Қапшағай ГЭС, Павлодар 3-ЖЭО, Қарағанды 3-ЖЭО және 2-ГЭС, Өскемен, Лениногор, Согрин, Гурьев ЖЭС, Алма-Ата 2-ЖЭО, Целиноград 2-ЖЭО ...Екібастұз 2-МАЭС және Оңтүстік Қазақстан МАЭС, Шүлбі ГЭС – 700 МВт – Ертіс каскадының үшінші кезегінің құрылысы басталды. 13 жылу электр орталығы айтарлықтай кеңейтілді, оның ішінде Алматы 1-ЖЭО.Сондай-ақ, Алтайдан Оралға дейін жалпы ұзындығы 1600 шақырымды құрайтын 400 мың шақырымға жуық электр желілері, соның ішінде жүйе құраушы және жүйеаралық электр беру желілерін қоса алғанда Рудный 500 кВ кернеулі ендік магистральдық желі салынды...».Тимофей Батуров зейнеткерлікке шыққанда жұмысын жалғастырды - ол КСРО Энергетика министрлігінің электр станциялары мен желілерін пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының Қазақстан бойынша аймақтық бөлімінің бастығы болды. Тимофей Иванович бірнеше рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат болып, одан кейін шақырылған алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.Мемлекетке сіңірген еңбегі және республиканың электр энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Тимофей Иванович, Ленин, Октябрь Революциясы, екі Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен, үш бірдей Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген энергетикі, Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО-ның Құрметті энергетигі атағы берілді,. Ең баға жетпес наградалардың бірі – 1973 жылы «Алма-Ата қаласын селден қорғау жөніндегі Медеу трактіндегі апатты қалпына келтіру жұмыстарын шебер және жедел жүргізгені, жоғары ұйымшылдық пен адалдық танытқаны үшін» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы. Бұл куәлік қаланы осы лай көшкінінен және болашақтағы селдерден қорғап, инженерлік талантын, мамандық білімін және жеке батылдық танытқан азаматқа алматылықтардың алғысымен «нұрланды». Тимофей Иванович Батуровқа Алматы қаласының Құрметті азаматы атағы беріліп, оның есімі Жамбыл МАЭС-ке берілуі де ғажап емес.2001 жылы 13 қаңтарда өзінің сүйікті қаласы Алматыда дүниеден өтті. Бірақ жаңа мыңжылдықта да оның мектебінен шыққан энергетиктер ұрпағы, оның басшылығымен салынған нысандар тәуелсіз Қазақстанның халқына да, экономикасына да қызмет етіп келеді.Құттықтау сөзімен Қазақ КСР Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары, республикаға еңбек сіңірген энергетик, Қазақстан ардагер энергетиктер Кеңесінің мүшесі Төлеқай Хамитұлы Мұсағалиев Қазақ КСР Энергетика министрлігіндегі қызметі, Тимофей Иванович Батуровтың жетекшілігімен энергетика саласының ірі басшысы және дарынды ұйымдастырушысы ретінде оның жоғары адами қасиеттері мен кәсіби шеберлігі туралы туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/910051
Көкшетауда бір мезгілде 8 жаңа жылдық шырша жағылды 27.12.2024
Көкшетау қаласының тұрғындары ғажайып жағдайға - бір мезгілде сегіз шыршаның жануына куә болды. Шыршалар «Абылай хан» алаңында, «Достар», «Болашақ сарайы» мәдениет сарайлары аумақтарында, Застанционный, Бірлік және Привокзальный шағын аудандарында, Станционный кентінде және Красный Яр ауылында жарқырап жанды.Іс-шара мереке мен қуаныш атмосферасын құрған театрландырылған қойылымнан басталды. Қала тұрғындары сиқыр мен жаңа жылдық рухқа толы керемет шоуды тамашалады.«Әрбір шырша - жарықтың, үміттің және жаңа бастамалардың символы. Бұл жаңа жыл сіздің жүрегіңізді жылылық, үйлеріңізге қуаныш әкелсін», - деді іс-шараға қатысушылардың бірі.Шарықтау шегінде шыршалар бір уақытта жаңа жылдық әуендердің дыбыстарына жанып, айналасындағылардың бәріне нұрын септі. Осыдан кейін тұрғындар кештің нағыз інжу-маржанына айналған әсерлі отшашуды тамашалай алды.Айта кетейік, алғаш рет «Тәуелсіздік» алаңында, Привокзальный маңы және Центральный шағын аудандарында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жабдықталған мұз айдындары пайда болды, бұл қала тұрғындары үшін қосымша сыйлық болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908862
ЖЫЛЫОЙДА ТЕРІАРҚЫЛЫ КОРОНАРЛЫҚ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 27.12.2024
Теріарқылы коронарлық араласу (ТКА) — жүрекке қан жеткізетін коронарлық артерияларды ашу немесе қалпына келтіру үшін тері арқылы жасалатын хирургиялық әдіс. Бұл әдіс жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.Орталықта 34 ота жасалынды. Оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентирование) қойылып, 19 науқасқа коронография жасалды. Бұл орталықта бір профессор, бір интервенционный кардиолог,кардио реаниматолог, төрт ортабуын қызметкері жұмыс істейді.Жылыойда ашылған орталықтың басты ерекшелігі — осы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандарда да тұрғындарға ұсыну.Орталықтың ашылуы жүрек ауруларының алдын алу мен емдеуді жеңілдетіп, уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі хирургиялық араласуларды жергілікті жерде жүргізу аурудың асқынуын болдырмауға, науқастарды көшіру кезінде болатын қауіптерді азайтуға септігін тигізеді.Орталық заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда ангиограф, дефибриллятор, кардиомонитор және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/910354
Үкімет комиссиясы Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады 27.12.2024
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, ТЖ орнына жіберіледі. Бұдан Әрі Қанат Бозымбаевауруханада зардап шеккендерге барады, шетелдік әріптестерімен кездеседі, сондай-ақ штаб отырысын өткізеді.Барлық қызметтер-ТЖ, криминалист-сарапшылар, прокуратура органдары шұғыл режимде жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909761
Алматыда жаңа Құрылыс ережелері, Қала құрылысы регламенті және Құрылыс объектілерін тексеру тәртібі бекітілді 27.12.2024
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында қаланың құрылыс саласын реттеуге бағытталған маңызды құжаттар — Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды. Бұл шаралар қауіпсіз, тұрақты және қолайлы қалалық орта құруға, нүктелік құрылысқа тосқауыл қоюға және құрылыс сапасын бақылауға бағытталған.Құрылыс ережелері жаңа нысандарды жобалаумен салу, сондай-ақ бар нысандарды қайта жаңғырту үшін нақты параметрлерді белгілейді. Абай даңғылы мен әл-Фараби даңғылы арасындағы құрылыс үшін биіктік шектеулері енгізілді: барлық типтегі ғимараттардың биіктігі 9 қабаттан және 35 метрден аспауы тиіс. Бірегей нысандар үшін бұл ереже қолданылмайды. Құрылыс барысында тарихи архитектуралық мұраны сақтау және таулы аймақтарда экологиялық талаптарды сақтау ерекше назарға алынған.Қала құрылысы регламенті Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарымен жүзеге асыруға негіз болмақ. Құжатта аумақты зоналау, инфрақұрылым объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар және қалалық орта тұрақтылығының параметрлері қарастырылған. Регламент экологиялық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, сондай-ақ инвесторлар үшін процедураларды жеңілдетуге бағытталған. Әкімшілік тосқауылдарды және тәуекелдерді азайту Алматыны бизнес үшін тартымды етіп, құрылыс саласының дамуын ынталандырады. Жаңа нормалардың енгізілуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және қала құрылысы процестерінің ашықтығын арттыруға көмектеседі.Сессия барысында депутаттар сондай-ақ Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыс жайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін бекітті, оған сәйкес рұқсат беру құжаттамасынсыз, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқусыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу фактілері инспекциялауды жүргізу үшін негіз бола алады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламалар. Осылайша, тәртіп оның бастапқы кезеңінде заңсыз құрылыстың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл ретте объектіде тиісті түрде хабарланған мүдделі тұлғаның болмауы жоспардан тыс тексеру жүргізу нормаларынан айырмашылығы инспекциялау жүргізуге кедергі болып табылмайды. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жалғастырады. Алайда, келесі кезеңде инспекциялау шеңберінде бұзушылықтар анықталған кезде жаңашылдық аудан әкімдігінің хаты негізінде шаралар қабылдау үшін жедел тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, мәслихат Алматыдағы кондоминиумдарды басқару және жалпы мүлікті күтіп ұстау үшін 2025 жылға арналған 1 м² үшін 40 теңге мөлшерінде ең төменгі шығын мөлшерін бекітті. 2010 жылы белгіленген бұрынғы тариф 1 м² үшін 25 теңге болды. Алайда соңғы 14 жылда құрылыс материалдары бағасының өсуі, жұмысшылардың жалақысының артуы және тұрғын үй қызметтерінің сапасына қойылатын талаптардың жақсаруы сияқты экономикалық жағдайлар ескерілді. Жаңа минималды тарифті есептеу үшін бекітілген әдістеме қолданылды, ол инфляцияны ескере отырып, жыл сайын түзетуді қарастырады. Депутаттар жаңартылған минималды тариф тұрғын үй объектілерін тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мегаполис тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Сондай-ақ, Алматыда тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда, бұл стационарлық және амбулаторлық жағдайларда жүзеге асырылуда. Алайда, республикалық бюджеттен алты түрдегі онкологиялық және орфандық ауруларды емдеуге қаржыландыру механизмі жоқ, науқастар санының өсуі және жаңа аурулардың пайда болуы қосымша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қажеттілігін туындатты. Бұл, бұрын науқастар өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болған 5 түрдегі препараттарға қатысты. Осыған орай, сессия барысында депутаттар мәслихат шешіміне өзгерістер енгізіп, Алматыда тіркелген белгілі бір азаматтық топтардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу көлемін кеңейтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909509