Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы 27.12.2024
Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылады.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға орынбасары Сеилжан Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған.Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады.Осы мақсатта «Қолдау» жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды.Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Өтініш беруші өтініштің статусы мен уәкілетті органның шешімін осы жүйеде көре алатындығына назар аударғым келеді. Сондай-ақ бас тарту себебін және ол бойынша тиісті органдар ұсынған ақпаратты көреді. Бұл болашақта оның деректерді түзету үшін, сол немесе басқа органға хабарласу үшін өте ыңғайлы.Сонымен қатар, Qoldau жүйесінде кез келген адам нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы статистикалық деректерді көре алады.Екінші рәсім: сот банкроттығы, азаматтар 1600 АЕК – тен астам және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады.Алайда, Сіздердің назарыңызды аударғым келеді, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залал, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға жатпайтынына.Үшінші рәсім, бұл сотта қарыздарды бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.Бұл процедураның артықшылығы - одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды. Заңда көзделген рәсімдерді қолданылған күннен бастап: - қарыздар бойынша өсімпұлдарды және сыйақыларды есептеу тоқтатылады; - кредиторларға борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады; - кредиторларға борышкердің банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға тыйым салынады және басқа да салдарлар. 2023 жылдың 3 наурызынан бастап статистика: Соттан тыс банкроттық рәсіміне; - 131,3 мың өтініш түсті; - 6,6 мың өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралуда; - 8,4 мың азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде; - 1,9 мың азаматқа қатысты рәсім тоқтатылды; - 215 өтініш берушімен қайтарылып алынды; - 17,9 мың азамат банкрот деп танылды, сомасы 40,9 млрд.теңге; – 96 мың өтініш бойынша бас тартылды. Банкроттық рәсімінің бас тарту себептері критерийлеріне сәйкес келмеу болып табылады, атап айтқанда: - 69 мың өтініш (немесе 77%) 12 айлық төлем қабілетсіздігі болмауына байланысты (бөліп төлеу төлемдер болды); - 42 мың өтініш (немесе 47%) – соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауы; - 39 мың өтініш (немесе 44%) мүліктің болуы; - 28 мың өтініш (немесе 32%) кредитормен реттеу рәсімін растайтын құжаттың болмауы; - 8,9 мың өтініш (немесе 10 %) 1 600 АЕК көлеміндегі қарыз шегінен асып кетті. Көріп отырғанымыздай, азаматтар негізгі критерийлерді біле тұра, әлі де өтініш беріп, нәтижесінде бас тартулар алып жатады. Соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген. - 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізілуде (кредиторлар тізіміне енгізілген қарыз сомасы – 8 млрд.теңге) - Сот банкроттығы барысында 45 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 13,6 млрд.теңгеге жуық қарыз кешірілді. - 1 азамат 10 млн.теңге сомасымен төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде, 2 азамат бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары әзірлену үстінде. Жалпы екі банкроттық рәсім бойынша 17,8 мың адам банкрот деп танылып, олар бойынша 54,5 млрд.тенге жуық қарыз кешірілді. Айта кету керек, Заңда ұсынылған рәсімдер өзекті, бірақ кейбір кедергілерге байланысты жеке борышкерлер оларды қолдана алмады. 19 маусым күні Президент «Кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, оның аясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуде. Түзетулер келесіні қарастырған:Енді өтініш берген кезде азаматқа кредитормен борышты реттеу туралы құжатты қосымша ұсынудың қажеті жоқ. Барлық қаржы ұйымдары жүргізілген реттеу туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға жіберуге міндетті.Азамат өтінішті толтыру кезінде кредиторлар алдындағы борыштың нақты сомасын, сондай-ақ кредитордың атауын көрсетудің қажеті жоқ деген норма мақұлданды, бұл мәліметтер кредиттік бюролар базасынан алынады.Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға болатын қаржы ұйымдарының тізімі кеңейтілді. Жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарымен қатар барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияларынан айырылған, не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, тарату сатысындағы ұйымдар, сондай-ақ қарыз банктік шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі, қарыз шарттарына және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттарға өзге де ұйымдар да кіретін норманы қабылдады.Енді, өтеу ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем болып есептеледі (ұсақ түсімдер есепке алынбайды), сондай-ақ өтеудің болмау мерзімі, егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, коллекторлық агенттікке талапты бергенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелінетін болады.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмау фактісі алынып тасталды, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс жерге кетуіне тыйым алынып тасталды.Аталған өзгерістерден басқа, түзетулер:- қаржы басқарушыларының да қызметіне қатысты. Атап айтқанда, енді уәкілетті орган оны тағайындап қана қоймай, қызметте бұзушылықтар анықталған жағдайда шеттете алатын болады.- қаржы басқарушысының өз сыйақысын алудағы құқықтарын қорғайтын түзетулер көзделген (банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелерінің тізбесі жаңа тармақпен толықтырылды: рәсімді жүргізген қаржы басқарушысының сыйақысы оның толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төленбеген жағдай қосылды);- соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануүшін жұбайының келісімінің қажеттілігі орнатылды; - соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы кредиторды ескерту қажеттілігі алынып тасталды.Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударыңыз: Сот және соттан тыс банкроттықты қолданатындар:банктерден және микроқаржы ұйымдарынан бес жыл бойы несие ала алмайды (ломбардтардан шағын несие алудан басқа);жеті жылдан кейін ғана банкроттық туралы қайта өтініш беру;олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жылдан кейін тексеріледі.Банкроттықтың салдары бар екенін әркім түсінуі керек!Төлем қабілеттілігі қалпына келтірілгенде мұндай салдарлар болмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/883474
«Таза Қазақстан»: Атырауда «Экология – табиғат жүрегі» атты дөңгелек үстел өтті 27.12.2024
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен іс-шарада өңірдің экологиялық жағдайы талқыланып, қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге қатысты түрлі ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Дөңгелек үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансия Есенаманова, облыстық полиция департаментінің қызметерлері, еріктілер мен студенттер қатысты.-Әр адам табиғатқа өзінің экологиялық ізін қалдырады. Сондықтан қоршаған ортаға зиян келтірмей, тұтынған заттарымызды қоқысты қайта өңдейтін мекемелерге тапсырып, айналамызға да пайдалы өмір сүруіміз керек. Біздің унисерситетіміз осы тақырыпқа сәйкес, қолданбалы экология, экоаналитика, қалдықтарды басқару бағытында білім береді. Студенттер түрлі ғылыми жобалармен айналысады. Атап айтсақ, күкірттен бетон жасау, темекі қалдығынан тас төстеніш және биопластиктен биотері жасау сынды жобалар бар. Мұның бәрі өз нәтижесін беруде, - деді М.Есенаманова.Жиынға қатысқан 30-ға жуық адам QR код арқылы тест орындап, өздерінің экологияға қанша пайыз зиян тигізетінін білді.-Ұжым болып сенбіліктерге жиі қатысамыз. Атыраудың экологиялық жағдайы барлығымыз үшін маңызды. Әр адам тазалықты сақтап, айналамыздың жақсаруына үлес қоса алады, - деді қала тұрғыны Айзат Ғабитқызы.Анықтама үшін: «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы бері Атырау облысында 27 сенбілік өтіп, оған 85973 адам мен 1522 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1763 тонна қоқыс шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/908870
Азаматтық қорғау саласындағы оқыту 27.12.2024
Биылғы жылдың басынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығының, сондай-ақ ТЖ департаменттерінің базасында әртүрлі санаттағы 16 мыңға жуық адамды оқытты. Ел өңірлерінде 5 972 930 азаматты қамтыған 90 мыңнан астам оқу-жаттығу мен жаттығу өткізілді. Тоқсан сайын өткізілетін сейсмикалық жаттығулардың арқасында барынша көп адамды қамтуға қол жеткізілді. Сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейлерде мектеп парламенттерінің «Жас төтенше жағдайлар министрлерімен» жұмыс белсенді жүргізілуде. Осы жұмыс аясында оқушыларды күнделікті өмірге сәйкес келетін өмірлік қауіпсіздік мәселелерін шешуге дайындау іс-шаралары ұйымдастырылады. Алматы және Шымкент қалаларында «Білім беру ұйымдарының төтенше жағдайларға дайындығы» бағдарламасы бойынша білім беру мекемелерінің басшыларын оқыту бойынша пилоттық жоба басталды. Оқыту барысында оқытушылар жер сілкінісі, өрт, сел ағындары және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі практикалық іс-қимылдарды игерді. Осы пилоттық жобалардың оң тәжірибесі 2025 жылы еліміздің барлық өңірлеріне таратылатын болады. Сонымен қатар Алматыда ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның аясында «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам» және дабыл чемоданын жинау туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Жұмыстар 9 мың көпқабатты үйді және жалпы саны 817 мың адамды құрайтын 27 мың жеке үйді қамтыды. Зардап шеккендерді қабылдау пункттері туралы ақпаратты қамтитын 23,5 мың QR-код тақтайшасы орнатылды. «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде халықтың жалпы саны 90 мың адамнан тұратын 2 134 көпқабатты тұрғын үй қамтылып, жадынамалар таратылып, QR-кодтары бар қосымша тақтайшалар орнатылды. Сонымен қатар өңірлерде 4 млн. дана үгіт материалының дайындалып, таратылды, билбордтарда 2 016 ақпараттық материал орналастырылды және 16 784 ақпараттық-анықтамалық стенд орнатылды. Әлеуметтік объектілердің персоналын даярлау үшін тыңдаушылар тізбесіне мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері енгізілді. ТЖМ «Кедергісіз KZ» мүгедектігі бар адамдар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойды. «Жалпы министрліктің азаматтарды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, сондай-ақ білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдарда тұрақты жаттығулар оң нәтиже береді. Оқушылар мен оқытушылар арасында қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылық артып, дағдарыс жағдайындағы іс - қимылдар бойынша кәсіби білім жақсарды», - деп ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/910020
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ СКРИНИНГТЕР 2,5 МИЛЛИОН АДАМДЫ ҚАМТЫДЫ: АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ ӨСУДЕ 27.12.2024
Онкологиялық скринингтердің ауқымды бағдарламасы шеңберінде алдын ала деректер бойынша халықтың нысаналы тобының 2,5 миллионнан астам адамы зерттеліп-қаралды.Ұлттық онкологиялық ауруларды ерте анықтау бағдарламасының шеңберінде жүргізілген скринингтік зерттеулер обырды ерте диагностикалау мен профилактикалауда жоғары тиімділікті көрсетеді.Скрининг жүргізу кезеңінде мынадай нәтижелер анықталды:* 218,8 мың адамда обырға дейінгі аурулар анықталды.* 2,1 мыңнан астам адамға қатерлі ісік диагнозы қойылды.Обырдың жекелеген түрлері бойынша скринингке ерекше назар аударылады:Сүт безі обыры40-70 жастағы әйелдерді зерттеп-қарау шеңберінде 830 мыңнан астам әйел қамтылды. 158 мың жағдайда обырға дейінгі аурулар анықталды. Оның ішінде 1,5 мың әйелде сүт безі обыры диагнозы расталды.Жатыр мойны обыры700 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды. 53 мың жағдайда обырға дейінгі аурулар анықталды, оның 359-ында жатыр мойны обыры расталды.Колоректалдық обырСкрининг 50-70 жас аралығындағы 900 мыңнан астам ерлер мен әйелдерді қамтыды. Обырға дейінгі 7826 жағдай анықталды, оның 356-сында обыр анықталды.Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 2025 жылдан бастап барлық онкоскринингтер ТМККК пакетінде қолжетімді болады. Сондай ақ 2025 жылдан бастап сақтандырылушылар үшін алғаш рет мыналар енгізілетін болады:- Ми қан айналымының жедел бұзылуын ерте диагностикалау және профилактикалау үшін брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі;- жүрек тамырларының зақымдануын ерте диагностикалауға және миокард инфарктісін профилактикалауға арналған амбулаториялық коронарография.Тұрақты скринингтік зерттеп-қараулар онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндігін айтарлықтай арттырады, бұл емдеуді ерте кезеңдерде бастауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сәтті қалпына келтіру мүмкіндігін арттырады және асқыну қаупін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/910264
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНА 22 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ 27.12.2024
Шымкентте қалалық станция, жедел медициналық жәрдем қосалқы станциялары, емханалар мен ауруханалар 22 бірлік санитариялық автокөліктің кілтін алды.Қала тұрғындары мен қонақтарына шұғыл медициналық көмекті барлығы 106 бригада көрсетеді, оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшерлік бригада жедел медициналық жәрдем станциясының 4 филиалы мен 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді.Амбулаториялық деңгейдегі шақырулардың төртінші санатына 58 қалалық емхана қызмет көрсетеді, онда биыл фельдшерлік бригадалар саны артты.Төртінші санаттағы шақыртуларды қамтамасыз ету үшін осы ұйымдарда 26 бригада жұмыс істейді, 2025 жылы жедел жәрдем қызметіне тағы 25 автомобиль ұсыну жоспарлануда.Бүгінгі таңда ресми статистика бойынша үшінші мегаполистің халық саны 1 244 415 адамды құрайды. Жыл сайын қала тұрғындарының демографиялық өсуі орта есеппен 40 мың адамды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/910364
Қанат Бозымбаев «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының ұшағынан зардап шеккен жолаушыларға барды 27.12.2024
Премьер-министрдің орынбасары басшылық ететін Үкіметтік комиссия Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына келді.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың мәліметінше, ұшақ апаты болған жерде 22 жедел жәрдем бригадасы және 6 АМО (Апаттар медицина орталығы) бригадасы жұмыс істеді. Облыстық көпсалалы ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық, сондай-ақ 10 реанимациялық төсек-орын дайындалды.Жалпы, ауруханаларға 29 зардап шеккен адам жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына 27 адам түсті. Олардың 13-і Әзірбайжан азаматтары, 9-ы Ресей, 3-еуі Қырғызстан азаматтары. Үш адамның жеке басы анықталуда.Облыстық балалар ауруханасында екі кәмелетке толмаған бала жатыр.Барлық науқастар толық көлемде медициналық көмек алуда.Қанат Бозымбаев жауапты тұлғаларға сапалы емдеу мен тиісті күтімді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ Ақтауға елдің жетекші ғылыми медициналық орталықтарынан реаниматологтар, травматологтар, хирургтер, комбустиологтар және басқа да жоғары білікті мамандар тобы келгенін хабарлады.Одан кейін Қанат Бозымбаев Әзірбайжаннан келген үкіметтік делегациямен кездесті. Вице-премьер Төтенше жағдайлар министрі Камаледдин Гейдаровпен және цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәби оғлы Нәбиовпен келіссөздер жүргізді.Әзірбайжан үкіметтік делегациясының өкілдері көрсетілген көмек үшін Қазақстан халқына алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909764
Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды 27.12.2024
Күні кеше Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлер мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты.Ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды.Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетілуде.Сондай-ақ Ақтауда Вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілендігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909816
Маңғыстау тұрғындары Әзірбайжан халқына көңіл айтты 27.12.2024
Бүгін, 26 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев пен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Әзербайжан Республикасының Ақтаудағы бас консулдығына барып, ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға гүл шоқтарын қойды.Аймақ басшылары бауырлас халықтың қайғысын бөлісіп, апаттан қаза тапқандардың туыстарын сабырлы болуға шақырды және әзірбайжан халқына амандық тіледі.Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Әзербайжан халқына қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.Сондай-ақ, консулдық ғимаратына Ассамблея мүшелері мен түрлі сала өкілдері, жұртшылық өкілдері, жастар мен Ақтау тұрғындары бауырлас Халықпен қайғы-қасіретті бөлісу үшін ағылуда.Айта кету керек, ел Үкіметі қаза тапқандар мен зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/910168
Каспий теңізіне "Баку - Грозный"рейсінің ұшақ апатының құрбандары туралы естелік - гүл шоқтары түсті 27.12.2024
Ақтау, Құрық және Баутино порттарындағы Каспий суларына 2024 жылғы 25 желтоқсанда ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу және қайғыру белгісі ретінде аза тұту гүл шоқтары түсті.Теңізшілер бұл жалпы трагедия, барлығына ортақ ауырсыну екендігімен ынтымақтасты.- Бұл қимыл-осы қорқынышты ұшақ апатынан қаза тапқандардың барлығына құрмет пен қайғы. Бұл соңғы жылдардағы ең қайғылы оқиғалардың бірі, ондаған адам қайтыс болды, олардың арасында балалар да бар. Қайтыс болғандардың жақындарының сезімдері түсінікті, біз сіздермен біргеміз. Біз сіздің қайғыңызды бөлісеміз және сізбен бірге қайғырамыз, - деп атап өтті акция қатысушылары.Рәсімдердің бірі Әзірбайжан Республикасының Құрық портындағы "Zarifa Aliyeva" паромында өтті, онда кәсіпорын қызметкерлері, аудан әкімдігі және БАҚ өкілдері жиналды. "Құрық Порт" ЖШС директоры Серік Ахметов ұшақ апатын бүкіл өңірге әсер еткен қайғылы оқиға деп атады. Ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға шыдамдылық тіледі.Осындай іс-шара Баутино портында өтті, онда ондаған адам жиналды. Олар бір минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алып, аймақ тұрғындары, оның ішінде теңізшілер де зардап шеккендерге кез келген уақытта барлық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Хабарланғандай, 25 желтоқсан күні таңертең Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзірбайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. Олардың 29-ы аман қалды. Сол күні ақтауға премьер - Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия ұшып кетті. Ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/910396
Десанттық-шутрмалық әскерлерде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс қорытындыланды 27.12.2024
Алматыда әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет басшылары 2024 жылдың қорытындысын талқылап, алдағы кезеңге арналған жоспарды бекітті.Отырыста Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмақеев жас десантшылармен жеке жұмыс жүргізуде тәрбие құрылымдарына көмек көрсету қажеттігіне назар аударды.- Отан отбасынан, туыстары мен жақындарынан, үйден, ауладан, ауданнан және облыстан басталады. Жас ұрпақ үшін біздің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтеріміз дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттаушылар және жолсеріктер болып табылады, – деп атап өтті генерал-майор Алмаз Жұмақеев.Қазіргі уақытта ДШВ-да 2500-ден астам әскери қызметшілер отбасы бар. Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі басшысы Қарулы Күштердің қызметшісі Адалят Насырова атап өткендей, әскерилердің туыстары жиі көшуге, ұзақ іссапарларға және түрлі күнделікті жағдайларды шешуге бөтен емес.– Сонымен қатар, біздің назарымызда 400-ден астам көпбалалы және 1100 жас десантшылар отбасы тұр. Біз денсаулығында проблемалары бар балаларды тәрбиелейтіндерге көмектесуге тырысамыз. Әріптестердің отбасыларындағы моральдық-психологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған әлеуметтік әл – ауқат мониторингін және іс-шараларды жүргіземіз, - деп түсіндірді Адалят Насырова.Биылғы жылы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында десантшылар отбасыларынан 163 бала демалды. Осы орталықта демалған балалар үшін 35-ші гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасында Ашық есік күндері ұйымдастырылды.Жыл қорытындысын шығарудың креативті форматын да атап өтеміз. Іс-шара өткен жаңадан ашылған "Жас десантшы" орталығының сахнасында "визит карточкасы" және "көркемдік шеберлік"номинациялары бойынша қойылымдар көрсетілді.Ең түрлі-түсті және есте қаларлық үшінші өнертапқыштық шеберлік байқауы болды, онда командирлердің ең жақсы көмекшілері мен олардың балалары өз қолдарымен жасалған киімдерді көрсетті.Жыл қорытындысы бойынша қызметтердің ерекше көзге түскен басшылары Қорғаныс министрлігі мен Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.Іс-шара соңында қолбасшы генерал-майор Алмаз Жұмақеев "Жас десантшы"шығармашылық орталығының ашылуына елеулі демеушілік көрсеткен қазақстандықтарға алғысын білдірді.Қолбасшылық ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге және іргелес аумақты абаттандыруға жәрдемдескендердің барлығына алғысын білдіреді. Бұдан былай жас десантшылар орталығы Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтердің бүкіл ұжымы үшін өзіндік штабқа айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/910082
Астанада қар күреу жұмысына 2 600-ге жуық жол жұмысшы мен 1,5 мың бірлік техника шықты 27.12.2024
Соңғы бірнеше күнде Астанада толассыз қар жауды. Қала тұрғындарының жайлы қозғалысын қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген ауысымды режимде қар күреу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.25 желтоқсанға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 3 626 рейспен 46 мың текше метр қар шығарды.25 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 599 жол жұмысшы және 1 579 арнайы техника жұмылдырылды.Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға қаладан 126 797 рейс арқылы 1,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908994
Тоғызыншы сынып оқушысы елордалық мектеп оқушыларына каратэден жаттықтырушы болды 27.12.2024
Елорданың №76 лицейінің 9 сынып оқушысы Бекдияр Құдайберген өз мектебінің оқушылары үшін каратэден жаттықтырушы болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бекдияр жаттығуды "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткізеді. Оның өзі каратэде әсерлі нәтижелерге қол жеткізді: Азия чемпионатын екі рет, Қазақстан чемпионатын алты рет жеңіп алды, каратэден спорт шебері және дзюдодан спорт шеберіне үміткер. Келесі мақсат – әлем чемпионатын бағындыру."Мен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында спорттағы тәжірибеммен бөліскім келеді. Ерікті ретінде мен каратэден 4 және 5 сынып оқушыларын тегін оқытамын", - деді Бекдияр.Оның негізгі мақсаты-белсенді өмір салты мен оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау. Ол үшін балалардың спортпен шұғылдануға және дене белсенділігін арттыруға мүмкіндігі болуы маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/909097
Ақтөбеде облыстық әжелер форумы өтті 27.12.2024
Қалалық мәдениет сарайында «Аялы әже» облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысты.Шараға 300-ге жуық қатысушы, оның ішінде еңбек ардагерлері, өңірдің әжелер кеңесінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, іскер әйелдер одағы мен жазушылар одағының өкілдері, мәдениет және білім қызметкерлері, сондай-ақ жастар қатысты.Форум ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және отбасылық тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды оқиғаға айналды. Айта кету керек, шара Түркістан облысынан бастау алып, еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып келеді. Ақтөбе өңірі Қостанай облысынан эстафетаны қабылдап, Батыс Қазақстан облысына тапсырды. Эстафетаны қабылдау үшін БҚО делегаттары өңірімізге келді.Жолдас Батырхан өз сөзінде жастарды тәрбиелеудегі аға буын рөлінің маңыздылығын атап өтті.«Қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиеcі мен ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін асыл әжелердің орны мен рөлі әрқашанда ерекше болған. «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» дегендей, ата мен әже – ел тұлғаларын өсіретін ұлттық мектеп деп айтуға болады. Бұл форумның маңызы өте зор. Өйткені, әжелер ұлтымыздың ұйтқысы, жастарға халқымыздың құндылықтарын, салт-дәстүрін, тәрбиесін жеткізетін үлкен институт. Сондықтан да әжелерді ұлықтасақ, құрмет көрсетсек, соларға еліктесек, болашақта ақ жаулықты аналарымыздың жолын жалғай аламыз», - деді әкімнің орынбасары құттықтау сөзінде.Форумда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шангутов пен қалалық әжелер бірлестігінің төрағасы Батима Кенжебаева сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жастарды шабыттандыратынын алға тартты.Форум аясында өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан, ұрпақ тәрбиесіне және ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсенді қатысқан әйелдерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Олардың еңбегі мен қамқорлығы барлығына үлгі.Ресми бөлім аяқталғаннан кейін іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/909581
Ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша ақпарат 27.12.2024
Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж.т., туылған жері: Алматы қ., Астана қаласының тұрғыны.Жұмағат Эльдар 23.08.2013 ж.т., Астана қ. тұрғыны.Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж.т., туылған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/909635
МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ 27.12.2024
МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫМагистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.Білім беру гранттары магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 2,3 мың адам қатысты.Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram-арналарында танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/909595
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру 27.12.2024
2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, апат салдарынан қираған инфрақұрылым ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын қажет етті. Алайда, мемлекеттік құрылымдар, гуманитарлық ұйымдар мен жеке сектор арасындағы нақты үйлестіру мен үйлестірілген жұмыс нәтижесінде Үкімет апаттың салдарын барынша азайтып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсете алды. Азаматтарға қандай көмек көрсетілдіҮкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Өңірлерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Мәселен, 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді. Биыл төтенше жағдай жарияланған су басқан аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек төлеу отбасылардың материалдық жағдайын жергілікті комиссияның тексеруінсіз автоматты түрде ІІІ тоқсанға ұзартылды. Мұндай шешім нәтижесінде 3,6 мың отбасына 655,7 млн теңге көлеміндегі АӘК төлемі тағайындалды.Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде комиссиялар азаматтардың жалғыз баспанасы болған 19 359 су басқан үй мен саяжай құрылыстарын тексерді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынды. Жөндеу жұмыстары 9 156 үйде 100% аяқталды. Бұл мақсаттарға барлығы 54,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге халық үшін 2 680 жеке тұрғын үй салынды.Биыл Үкімет резервінен 42,5 млрд теңге бөлінді. Оның 400 млн теңгесі зардап шеккен отбасыларға Қостанай облысының Арқалық қаласынан 31 пәтер сатып алуға бағытталды. 1,4 млрд теңге – Қостанай облысының Арқалық қаласындағы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы «Қостанайюжэлектросервис» КМК электр желілерін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 1,1 млрд теңге – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары вольтты электр желілерін күрделі жөндеуге; 22,7 млрд теңге – Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалды.Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында білім беру нысандарын салуға және жөндеу жұмыстарына – 7,5 млрд теңге; Солтүстік Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылым жобасын іске асыруға – 2,9 млрд теңге, атап айтқанда, Универсальная көшесі бойында «РТЖ» ААҚ темір жолдары арқылы өтетін автожол өткелін салуға бөлінді. 600 млн теңге – Ақмола облысында 7 сумен жабдықтау нысанын жөндеуге, 5,9 млрд теңге – Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге бағытталды.ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін 12,1 млрд теңге бөлінді. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне толық төлем жасау мақсатында «Демеу» корпоративтік қорынан Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына 2,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталды. Аталған қаражат есебінен ШОБ субъектілерінің 40 өтініші бойынша шығын өтелді. Жалпы, өңірлік комиссиялар 14,6 млрд теңгеге 734 кәсіпкерлік өтінімді мақұлдады. Мал шығыны үшін мемлекет тарапынан көрсетілген көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.Апаттан құтқару жұмыстарына 63 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылдыСу тасқыны нәтижесінде еліміздің көп бөлігі табиғи апатқа ұшырады, оның ауқымын болжау мүмкін емес еді. Жүзден астам елді мекеннің тыныс-тіршілігіне нұқсан келді. Ең қиын жағдай республиканың батыс аймақтарында және солтүстік бөлігінде болды, онда су тасқыны екі кезеңде өтті.Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен Жедел және өңірлік штабтар жұмыс істеді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.Ауқымды апатты жою және азаматтарды құтқару үшін күштер мен құралдарды тасымалдау бойынша жедел шешімдер қабылданды. Басты міндет азаматтардың қаза болуына жол бермеу болды. Осыған байланысты, бастапқы кезеңде халықты төтенше жағдайлар аймақтарынан жер үсті және әуе тәсілімен кідіріссіз эвакуациялау жүргізілді.Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне жайғастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді.Су басқан аймақтарға құқық тәртібін қамтамасыз ету және санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша күштер жіберілді.Көлік қатынасынсыз қалған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін алғаш рет қалқыма көпірлер қолданылды.Қосымша арнайы инженерлік техника мен тіршілікті қамтамасыз ету заттарына броньды алып тастау жасалды. Бір мезгілде тәулік бойы су тасқынына қарсы және инженерлік жұмыстар жүргізілді.Барлығы 35 млн м3 астам су сорылды, мың шақырымға жуық уақытша қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, 7,5 мың шақырымға жуық арықтар мен каналдар тазартылды, 8 млн астам қапшықтар төселді.Жалпы, апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен бей-жай қарамайтын азаматтар жұмылдырылды.Күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 63 мыңнан астам адамды, шамамен 7 мың техниканы, 1 мыңнан астам су айдау құрылғыларын, 418 жүзу құралдарын және 38 әуе кемелерін құрады.Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейлерін үйлестіру мен өзара іс-қимылдың арқасында апаттың ауқымының таралуына жол берілмеді және бес жүзден астам елді мекен су тасқынынан қорғалды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖМ жанынан бақылау функциялары берілген Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды.Су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналдыЖалпы, су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинауға мүмкіндік берді. Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады.Бұл ретте республиканың су шаруашылығы құрылыстары ең жоғары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызып жіберуді қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшылық туындаған су нысандарына (көлтабандар, су басқан шалғындар, көлдер) жіберуге мүмкіндік берді. Мәселен, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, осылайша су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы толтыру қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ су тасқыны экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, тасқын суды көптен бері су бармаған жерлерге бағыттады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су жетті.Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Соның арқасында, су жолын қадағалау тарихында алғаш рет Сарысу өзені арқылы су Қызылорда облысының көл жүйелеріне жетті.Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су, оның ішінде 3,3 млрд м3 су тасқыны кезінде жіберілді, Каспий теңізіне – 7,4 млрд м3.2024 жылдың қыркүйек айының басында жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығына 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпте 3,7 млрд м3 су пайдаланылды.Сонымен қатар Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының Чкалов және Садовое (Самарқанд су қоймасының төменгі ағысы), Нұра ауданының Байтуған және Тассуат елді мекендеріне жақын Нұра өзенінің учаскелерін санациялау жұмыстары уақтылы орындалды, сондай-ақ Абай ауданының (Жартас су қоймасының төменгі ағысы) елді мекендерінің маңындағы Шерубай-Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 68 км болатын учаскелерін санациялау бойынша жасалған жұмыстар секундына 1,2 мың м3 тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және елді мекендердің су басуына жол бермеді.Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд м3 болатын 42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд м3 болатын 37 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ шамамен 14,5 мың км болатын ирригациялық каналдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда.Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.Биыл екі су қоймасының құрылысы (Бәйдібек ата және Қарақуыс Түркістан облысы) және үш су қоймасын реконструкциясы Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Қапшағай (Түркістан облысы), Киров (БҚО) басталды.580 мыңнан астам тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зардап шеккен нысандарды салуға, реконструкциялауға, қалпына келтіруге және қорғаныс бөгеттерін нығайтуға бағытталған 56 жобаның тізбесі анықталды.ТЖ кезеңінде оқушыларға білім беру процесін ұйымдастыру жұмыстарыҚауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезінде 236 мыңнан астам оқушы оқитын 313 мектеп әкімдіктермен бірлесіп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.Қашықтан оқыту салдарынан пайда болған олқылықтарды толтыру үшін биылғы маусым және тамыз айларында жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды.Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 44 мектепте аралық және қорытынды аттестаттау тоқтатылды, оқушылардың бағалары жылдық көрсеткіштер негізінде қойылды.70 мыңнан астам педагогтың аттестаттаудан өту мерзімдері жазғы кезеңге ауыстырылды. Су басқан өңірлердегі 6 мыңға жуық бала сауықтыру орталықтарында тегін демалыспен қамтылды.Айта кетейік, су тасқыны салдарынан 11 мыңнан астам оқушы білім алатын 40 білім беру нысанына су кірген.Көлік қатынасын қалпына келтіру бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдандыҚазақстандық әуе компаниялары биылғы 11-20 сәуір аралығында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларындағы бағыттар бойынша Атырау қаласынан жалпы сыйымдылығы 14,2 мыңнан астам орындық 76 қосымша рейсті орындады.Сондай-ақ әуе тасымалдаушылармен 1,1 млрд теңге гуманитарлық көмек бөлініп, 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 45 шаюға қарсы поездар құрылып 83 су қоймалары мен бөгеттерге тұрақты мониторинг ұйымдастырылды.Көпірлердің, құбырлардың, дренажды құдықтардың саңылауларын қардан, мұздан және қоқыстан тазарту, таулы және су бұру арықтарын, науалар мен жыраларды ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.Халықты эвакуациялау кезеңінде 30 мың жолаушы, оның ішінде «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша 12,5 мың жолаушы, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Астана, Ақтау қалалары бағытында 5,5 мың жолаушы тасымалданды, сондай-ақ ҚР ТЖМ, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар жеке құрамының 10,5 мың адамы және 1,5 мың бала емдеу-сауықтыру орталықтары мен лагерьлерге барды.1,1 мың бірлік ауыр техниканы тасымалдау үшін 700 бірлік теміржол платформасы тегін негізде бөлінді. Қапшағай стансасынан Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарына қалқыма (құрама) көпірлер жеткізілді.Бұдан басқа, зардап шеккен өңірлерге 10 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек (ауыз су, азық-түлік, матрацтар, гигиена заттары, сондай-ақ апаттан құтқару жұмыстарына арналған қиыршық тас және кесек тас) жеткізілді.Су тасқыны салдарынан республикалық жолдар бойынша 122 учаскедегі жол жиектері мен жол төсемі шайылып кеткен болатын.Қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру толық көлемде қарастырылды және нәтижесінде барлық көлік байланыстары қалпына келтірілді.#Автожолдар #Білім беру #Су тасқыны #ҚұрылысАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/909046
Давид Дегтярев «Үздік» сыйлығының иегері атанды 27.12.2024
Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:Елдос Сметов, Давид Дегтярев (Ақмола облысы) – «Жылдың үздік спортшысы»Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников (Ақмола облысы) – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»Ерлан Тасболатов (Родина ауылдық округі, Ақмола облысы Целиноград ауданы) – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/909334
Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету бойынша маңызды жобалар аяқталды 27.12.2024
Ақмола облысында ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін салу бойынша жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бірқатар ауылдарда құрылыс жұмыстары аяқталды. Тағы біразы аяқталуға жақын.Атбасар ауданының Магдалиновка және Хрящевка ауылдарында жаңа су құбыры желілерінің құрылысы сәтті аяқталды. Бұл ауылдарда барлығы 402 адам тұрады және бұған дейін орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесі себебінен көптеген қиындықтар туындаған болатын.2021 жылдың желтоқсан айында басталған жоба облыс үшін маңызды болып саналады. Бағдарлама аясында 22,4 шақырым жаңа су құбыры желісі салынды, бұл 1976 жылдан бері пайдаланылып келген 1 шақырым ескі құбырды ауыстырды.Әкімдік өкілдерінің мәліметі бойынша, сумен қамтамасыз ету 2024 жылдың соңына дейін іске қосылатын болады.Тағы бір маңызды жоба Сочинское ауылында жүзеге асырылуда, онда 642 адам тұрады. Бұл ауылда 14,9 шақырым су құбыры желісінің құрылысы жоспарлануда.Құрылыс жұмыстарын «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» ЖШС атқаруда. Бүгінгі таңда нысан толығымен дайын, алайда кейбір тұстары бойынша жұмыстар қалды, олардың аяқталуы тұрғындарға 2024 жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жобаға қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттер есебінен жүргізілді.Ақмола облысындағы су құбыры желілерінің құрылысы – ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі кешенді бағдарламаның бір бөлігі. Мұндай жобалардың іске асырылуы тек су жабдықтау мәселесін шешіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жалпы түрде жақсартуға да ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/909352
ҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ЖЕРДЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНА 29 ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМ ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗЫЛДЫ 27.12.2024
Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімі деңгейінде сұрыптау жүргізіледі.Жеткізілген жағдайы ауыр 27 адамның 11-і реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, операцияға дайындалуда.Жеткізілген 27 адамның жағдайы ауыр 10 адамы реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханаға 2 бала түсті:Көпбейінді облыстық ауруханаға түскендер бойынша ақпарат:№Т.А.Ә.ЖасыАзаматтық1Асанов Ринат03.11.2004 ж.т.Қырғызстан2Османов Т.20.08.1998 ж.т.Қырғызстан3Джумалиев Е.04.07.1988Ресей4Евстегнеева К.30.07.1990Ресей5Байрамзара А.28.03.2004Әзербайжан6Алиев З.05.06.1998Әзербайжан7Жалелов Н.01.09.1992Әзербайжан8Мамедов З.17.08.1988Ресей9Сираков Н.17.03.1953Әзербайжан10Арысбаева М.06.02.1980Ресей11Асадов С.15.08.1967Әзербайжан12Бисекеева Д.1970 ж.т.Ресей13Караев Н.07.06.1988Әзербайжан14Сейдахматова М.1975 ж.т.Ресей15Кадиров Г.28.05.1978Әзербайжан16Разимли А.20.09.1999Әзербайжан17Эдиев У.15.09.1969Ресей18Белгісізаты Азой Ресей19Джапаров Т.26.04.1992Әзербайжан20Дережиев Т.09.01.1959Әзербайжан21Дирбисиков С.12.30.1986Әзербайжан22Папахов С.30.10.1976Ресей23Кафа Ш.26.01.1981Әзербайжан24Белгісіз Лейла1996 ж.т.Әзербайжан25Рахимов С.30.10.1976Ресей26Белгісіз әйел32 жасбелгісіз27Белгісіз әйел40 жасбелгісіз28Арсбаева М.(бала)13.08.2013Германияда тұрадыазаматтығын білмейді29Джерова С.Х.(бала)22.01.2008Әзербайжан Апат орнына 22 жедел жәрдем бригадасы мен 6 АМО (Апаттар медицинасы орталығы) бригадасы және 4 жеделділік санатындағы 2 бригада жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/909180
Талдықорғанда алдағы жылдары бірнеше медицина нысаны салынады 27.12.2024
Талдықорған қаласында алдағы жылы медициналық қызмет сапасының қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін бірқатар денсаулық сақтау нысаны іске қосылады. Атап айтқанда, 200 орынды онкологиялық диспансердің құрылысы басталады. Сол сияқты Оңтүстік-Батыс ауданда салынып бітпеген ғимарат бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхана ретінде қайта жаңғыртылады. Ал Өтенай ауылында 100 адамдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, келесі жылы аяқталады. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының халқымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Келесі жылы Талдықорғанда 200 орынды жаңа онкологиялық диспансердің құрылысы басталады, маусым айында әкімдік, Денсаулық сақтау министрлігі және инвестор – «Қазақмыс» корпорациясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Құны - 30 млрд. теңге. Президенттің қолдауының арқасында қаланың Оңтүстік-Батыс ауданындағы ғимаратқа бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана ретінде қайта жаңғырту жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады. Сондай-ақ көпсалалы облыстық балалар ауруханасының сейсмикалық күшейтуімен бірге қалпына келтіру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар биылғы жылы қаланың медициналық ұйымдары үшін 2,8 млрд. теңге сомасына 97 құрал-жабдық және 4 санитарлық автокөлік сатып алынды, - деп атап өтті Б.Исабаев.Сондай-ақ медицина кадрларының жетіспеушілігі мәселесі де шешілуде. Облыс орталығында 87 дәрігер жетіспейді. Дәрігерлерді тарту үшін биылдан әрбір маманға 5 млн. теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер беріле бастады. Талдықорғанға келген 36 дәрігерге осындай төлемақы берілген.Білім беру саласына келсек, биыл облыс орталығында 2 мемлекеттік және жекеменшік мектеп, 3 жекеменшік балабақша, Ынтымақ ауылындағы мектепте шағын орталық ашылды.Мәдениет және спорт салалары да назардан тыс қалған жоқ. Еркін ауылында мәдениет үйі құрылысының ЖСҚ-сы әзірленді, құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады.Сонымен қатар биыл Талдықорғанда волейбол орталығы, сондай-ақ инвесторлар есебінен салынған «Жетісу» КВК тұрғын үйі және Үстел теннисі орталығы іске қосылды. Орталық стадион жаңғыртудан өтті. Келесі жылы көркем гимнастикамен айналысу үшін жеке ғимарат салу жоспарда бар.Жалпы, қаланың инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарын салуға, реконструкциялауға және жобалау жұмыстарына 2022-2024 жылдары облыстық бюджеттен 101,5 млрд. теңге бөлінген. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, Олжас ҚұрмашевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909399