Қоғам
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады 25.12.2024
Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Қазақстандық спортшылар биыл халықаралық ірі жарыстарда табысты нәтиже көрсетсе, елімізде ірі жарыстар ұйымдастырылды.«Биылғы жылдың басты додасы Париж Олимпиадасы мен Паралимпиада болғаны анық. Біздің құрама тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында дзюдодан бұйырған алғашқы алтын медаль. Гимнастикадан алғаш рет Олимпиада медалін жеңіп алдық. Ол жүлде Нариман Құрбановқа бұйырды. Давид Дегтярев пара-пауэрлифтингтен екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Пара-дзюдошы Ақмарал Науатбек Олимпиада шыңын бағындырды», – деді министр.Сонымен қатар биыл Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ұйымдастырылды. Көшпенділер додасына 89 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен спорт саласында оң өзгерістер басталды. Келесі жылы отандық спортшыларды бірнеше байрақты бәсеке күтіп тұр. 2025 жылдың ақпан айында спортшыларымыз Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысып, қысқы Олимпиада лицензиясы үшін сынға түседі. Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2024 жылы спортшыларымыз жаман нәтиже көрсеткен жоқ, жаңа жылдан одан да үлкен жеңістер күтеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:🔹 Елдос Сметов, Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы»;🔹 Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»;🔹 Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»;🔹Қуанышбек Есекеев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясының президенті»;🔹Еркебұлан Ілиясов, «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президенті – «Үздік спорт меценаты»;🔹Kaz Minerals - «Үздік спорт меценаты»;🔹Ғизат Түсіпаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»;🔹Ерлан Тасболатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»;🔹Дархан Шариғатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы»;🔹Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»;🔹Алматы қаласындағы «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» – «Жылдың үздік спорт ұйымы»;🔹Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы – «Үздік спорттық өңір»;🔹Илья Мизерных – «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы»;🔹Сергей Сергеев – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»;🔹Надежда Ким – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»;🔹Ақмарал Науатбек – «Спортта үздік серпін»;🔹Жандос Айтбайұлы («Хабар» телеарнасы), Қуаныш Нұрданбекұлы («Егемен Қазақстан» газеті), Назерке Сұлтанбек («Sport+» сайты) – Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/908749
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 25.12.2024
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны (МСАК) аяқталып, пайдалануға берілді.Оның ішінде өңірлердің картасында 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік-акушерлік пункт, 115 медициналық пункт пайда болды.Биылғы жылы ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылардың қатарында: 38 нысан салынған Солтүстік Қазақстан облысы, 37 нысан салынған Түркістан облысы, 18 нысан салынған Жамбыл облысы, 19 нысан салынған Қостанай облысы, 24 нысан салынған Ақмола облысы бар.Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдық елді мекендерде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарланған, оған 257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория салу кіреді.Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру мақсатында 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық аурухананың инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ұлттық жоба ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын салу ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің, жүкті әйелдер мен балаларды патронаждаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, диспансерлік науқастарды байқауға, амбулаториялық оңалтуға және медициналық көмектің басқа да түрлеріне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/908725
Жамбыл облысында Президенттік шырша мерекесі өтті 24.12.2024
Таразда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кешке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, балаларды құттықтады.Аталған шараға 200 бала жиналды, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары, ерекше білім беруді қажет ететін балалар бар.Барлық қатысушыларға жаңа жылдық базарлықтар, құттықтау хаттары, Мемлекет басшысының атынан 120 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.Шара барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады.Сондай-ақ шыршаға қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Олар «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында, үстел теннисі және көркем гимнастика орталығында болып, облыстық драма театрында жаңа жылдық театрландырылған қойылымды тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/908687
Үкімет бітімгерлік қызмет саласындағы заң жобасын Парламент Мәжілісіне қарауға ұсынады 24.12.2024
ҚР Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады.Келісімді ратификациялау UNDOF миссиясында Қазақстан Республикасының бітімгерлік контингентін өрістету жөніндегі қаржылық мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді.«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰҰ-ға Қазақстан Республикасының бітімгерлік операцияға жұмсаған шығындарын толық немесе ішінара өтеу тәртібімен бөлінетін қаражат Республикалық бюджеттің кірісіне түседі.ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің бітімгерлік миссияларға қатысуын ынталандыру және сапалы қызмет өткеруін қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ-ның персонал үшін төлемдерін (ай сайын 1 448 АҚШ долларынан) әскери қызметшілердің өздері тікелей жүзеге асыруы орынды.Сондықтан келісімде Қорғаныс министрлігі персоналға және Қаржы министрлігіне төлемдер үшін негізгі жабдықтар мен өзін-өзі қамтамасыз ету құралдары үшін екі банктік шот қарастырылған.Қорғаныс Үкіметі қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15368169 сілтемеге кіріп, танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/908667
Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті 24.12.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.Жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді.Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді.«Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің ерліктерін еске алуға бағытталған. Бірлескен бастамалар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін», – деді Аида Балаева.Кездесу барысында тараптар кинематография және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ музей ісі мен театр өнері бойынша шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/908682
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр 24.12.2024
Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда. Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады.Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған.Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азиядағы волонтерлік қызметке алғашқы шолуы жасалды.Сонымен қатар, форумға қатысушылар 2024 жылды қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты талқылады.Айта кетейік, 2025 жылғы ТМД-ның жастар астанасы ретінде Әзірбайжанның ең көне қалаларының бірі – Габала таңдалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/908714
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 24.12.2024
Ағымды жылдың 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Курчатов қаласы аумағында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізілетінін хабарлаймын.Акцияның мақсаты отбасылық құндылықтар мен оның қоғамдағы рөлін насихаттау, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1057958?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ “ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІ” ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Шымкентте ардагерлер мен қарияларға арналған «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді. Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қабылдауы мен көшпелі кездесулерінде шахматқа арналған арнайы орын салып беру туралы өтінішін білдірген болатын. Халықтың пікірін ескерген мегаполис басшысы жайлы ортаны дамыту басқармасына нақты тапсырма берді.Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Орталық саябақ аумағында шахматшыларға арналған жаңа заманауи ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі, жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен қариялар және БАҚ өкілдері қатысты.Жаңа нысанда бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 шахмат үстелі орнатылды. Бұдан бөлек қариялардың тиімді уақыт өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат толық жылу жүйесімен және электр желісімен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.Айта кетейік, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен салынды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/908677
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПРЕЗИДЕНТТІК ШЫРША ӨТТІ 24.12.2024
Шымкент қаласында дәстүрге айналған Президенттік жаңа жылдық шырша мерекесі ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. Шараға қала мектептерінен 9 бен 13 жас аралығындағы 300 бала қатысты. Балалар қатарында белсенділігімен және оқу үлгерімімен ерекшеленген оқушылар, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балалар болды. Мереке Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға арнаған құттықтауымен басталды. Президенттің жылы лебізін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеткізді. Әкім өз сөзінде балаларға жарқын болашақ пен көтеріңкі көңіл күй тіледі.«Сүйікті балақайлар, сіздер – біздің болашағымызсыздар. Әрқайсыңыздың армандарыңыз орындалып, алда жарқын жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін,» – деп атап өтті Ғабит Әбдімәжитұлы. Мерекелік кеш барысында Шымкент циркі, Шанин театры, қуыршақ театры мен өзбек театрының өнерпаздары балаларға ерекше әсер қалдырған түрлі қойылымдар көрсетті. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, шығармашылық өнердің ғажайып сәттерін тамашалады. Шырша тойының сәнін келтірген әсем безендірілген шырша мен балаларға таратылған сыйлықтар олардың мерекелік көңіл күйін арттыра түсті. Балғындардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық бұл кештің ерекше екенін көрсетті.Президенттік жаңа жылдық шырша – балалардың армандарына қанат бітірген игі шара болды.Еліміздің барлық қаласында бір мезетте өтіп жатқан шараның бас сыйлығы әр балаға Президент атынан 120000 теңгелік сертификат болды. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл мереке балалардың жүрегіне қуаныш сыйлап, олар үшін ұмытылмас естелікке айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/908704
Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындары бойынша рейдтер басталды 24.12.2024
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындарын рейдтік тексеру басталды. Рейдтер пиротехниканың заңсыз саудасын болдырмау, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген ережелерді сақтау мақсатында 23 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Әмен мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Астана қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттері рейдтер ұйымдастырды. Рейдтер пиротехникалық өнімдер сатылатын базарларды, дүкендерді және сауда павильондарын қамтиды.Жыл басынан бері Астанада барлығы 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 13,3 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 11,8 млн теңге өндірілді.«Біз елорда тұрғындарын пиротехниканы пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Бұл жағымсыз жағдайларды болдырмауға және мерекелік көңіл күйді сақтауға көмектеседі», - деді Азамат Әмен.Пиротехниканы пайдалану кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін сарапшылар өнімдерді тек сертификаттары бар мамандандырылған дүкендерден сатып алуды, жарамдылық мерзімін тексеруді, ғимараттар мен ағаштардан кемінде 50 метр қашықтықта отшашуларды іске қосуды, оларды желді ауа райында пайдаланбауды ұсынады. Сарапшылар жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан зардап шеккендердің саны едәуір артқанын атап өтті. Тек 2023 жылы елордада пиротехникамен байланысты бірнеше ондаған жарақат пен өрт тіркелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/908726
Алматыда биіктігі 6 метрден асатын қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды 24.12.2024
Алматыда көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы аясында қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды. Сәтбаев көшесінде 22 апатты ағаштың орнына биіктігі 6 метрден асатын 36 тянь-шань шыршасы отырғызылды.Жергілікті питомниктердің көшеттері қаланың климаттық жағдайына сәйкес келеді, төзімділігі жоғары және агрессивті қалалық ортаға тез бейімделе алады.Ескі ағаштарды ауыстыру қажетті шара болды. Еске салсақ, көшпелі кеңес барысында ғылыми қызметкерлердің, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев көшесіндегі ағаштардың жағдайы бағаланды. Учаскеде ескі шыршалар өседі, олар зерттеу нәтижелері бойынша апатты деп танылып, қала тұрғындары мен қоршаған ортаға қауіпті. Сондықтан жаңаларына ауыстырылды.Биіктігі 4-тен 6 метрге дейінгі ірі көшеттерді пайдалану ағаштардың тіршілігін жақсартуға, жетілген ландшафт жасауға және қала көшелері мен саябақтарының эстетикалық келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғалымдардың ұсыныстары бойынша қыста қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу жердің жабық кесегімен жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908702
Ертегі кейіпкерлері мен сиқырлы сандық. Алматыда Президенттік шырша қалай өтті 24.12.2024
Алматыда дәстүрлі «Таңғажайып Жаңа Жыл» атты Президенттік жаңа жылдық шырша өтіп, 400 бала қатысты. Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар да болды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қонақтарды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады. Ертегі кейіпкерлері – Олаф пен жаңа жылдық Бұғы мерекелік атмосфераны орнатты. Олар балалармен бірге қызықты саяхатқа аттанып, квесттерден өтіп, жұмбақтарды шешті. Басты мақсат - құпия сандықтың сиқырлы кілттерін табу еді. Барлық құпияны ашып, сандықты ашқан соң балалар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры артистерінің орындауындағы «Щелкунчик» ертегілік қойылымына тап болды. Бұл қойылым мерекенің шарықтау шегі еді.«Бүгін біз сиқырлы ғажайыптың бір бөлігіне айналдық, бұл көңіл-күйді аниматорлар мен қызықты тапсырмалар бар байқаулар сыйлады. Әсіресе, маған сиқырлы сандықты ашу үшін кілт іздеген қатты ұнады. Сандықты ашып, оның ішін көру үшін бірігіп, жұмбақтарды тез шешуіміз керек болды. Бұл өте қызықты ойын болды, кей тапсырма қиынға соқты, бірақ біз бәрін бірге шештік. Бұл күн менде ұмытылмас әсер қалдырды», – деді №17 мектеп-интернатының оқушысы Талшын Құдұсова.Мерекелік бағдарлама аясында Аяз Ата мен Ақшақардың дәстүрлі байқаулары өтті. Ал кеш соңында балаларға танымал артист SADRADDIN «Песня» атты жаңа жылдық әнін орындап берді.«Маған ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды, барлық жерде ғажайып атмосфера сезілді! Біз үшін жылдамдықты, тапқырлықты және батылдықты сынайтын қызықты ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Әсіресе, маған ән айтып, сиқырлы кейіпкерді оятып, оны билеуге мәжбүрлейтін раунд ерекше ұнады. Сәл қиындау, бірақ өте қызықты болды. Уақытымды керемет өткіздім, тіпті өзімді ертегі кейіпкеріндей сезіндім», – деді №6 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Арай Байбасарова.Мереке қонақтары Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908705
Алматыда қала маңында тағы екі жаңа бағыт іске қосылады 24.12.2024
Алматыда мегаполистің агломерациямен көліктік байланысын арттыру аясында қалалық мобилділік басқармасы 25 желтоқсаннан бастап тағы 2 қала маңындағы қоғамдық көлік бағытын іске қосады.Мәселен, №256 маршрут «Мәдениет және демалыс саябағы – Ақтас кенті» қатынасымен және №249 маршрут «Төлеби/Яссауи» автостанциясы» - Шамалған кенті» қатынасымен «FOTON» маркалы сыйымдылығы жоғары автобустармен қызмет көрсетілетін болады. Тасымалдаушы «ECOBUS SERVICE» ЖШС, жоспарлы шығу-жылжымалы құрамның 7 бірлігі.Жол жүру құны қалалық маршруттардағыдай 120 теңгені құрайды. Барлық автобустар Onay электронды билет жүйесімен жабдықталған.Айта кету керек, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау Ережелеріне сәйкес бұл маршруттар тасымалдаушыларға қызмет көрсету конкурстары өткізілгенге дейін берілген және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Қорытындысы бойынша қозғалыс сызбаларына жолаушылар ағыны мен халықтың қажеттілігін ескере отырып өзгерістер енгізілетін болады.Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы троллейбус паркі 112 троллейбус сатып алу есебінен 100% жаңартылды. Сондай-ақ әкімдік 600 газ автобусы мен 100 электробус сатып алды. Жыл басынан бері ҚМБ 18 қала маңындағы және 3 қалалық маршрут ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908707
Абай облысы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті 24.12.2024
Семейде облыс әкімінің 150 оқушыға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Шараға облысымыздағы мамандандырылған мектеп-интернаттар мен жетім балаларға арналған мекемелерден оқушылар қатысты.Облыс әкімінің шыршасына 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты. Сонымен қатар, оқу, спорт, шығармашылықта немесе қоғамдық істе жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды.«Жаңа жыл – бұл жаңа арман, жаңа үміт, жаңа бастамалар кезеңі. Жаңа жылды бәріміз қуанышты көңіл-күймен қарсы аламыз. Абай елінің жас өрендері талантты, ақылды, еңбекқор, ел мақтанышына айналар азамат болып өседі деп сенемін. Жаңа жыл қуанышты күндер мен ғажайып сәттерге толы болсын», - деді облыс әкімі.Әр балаға арнайы сыйлық – 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат, сондай-ақ тәттілер мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/908740
Абай облысында үздік энергетиктер марапатталды 24.12.2024
Энергетиктер күніне орай Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сала қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері мен облысты дамытудағы үлестерін атап өтті. Шарада өз еңбектерімен көзге түскен энергетиктер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.«Баршаңызды кәсіби мереке – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Облыстың өркендеуі мен әлеуметтік тұрақтылығына қажыр-қайратын арнаған сала мамандары қашан да жоғары құрметке ие. Адал еңбектеріңіз бен өңіріміздің болашағын жарқын етуге қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», - деді облыс әкімі.Табысты еңбектері үшін бір топ сала қызметкерлеріне ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдары, «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төс белгілері, сондай-ақ Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді.ІІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталғандар:ДЖАНАКАНОВ Куватбек Адасбаевич - «Теплокоммунэнерго» МКК, 1-ЖЭО отын беру цехының бастығы;РАХИМЖАНОВ Ермек Нургалиевич - «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» ШЖҚ МКК, Жылумен жабдықтау учаскесінің №3 қазандығының 3-разрядты машинисі;ХАМЗИН Бейсембай Жумагазыевич - «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» ШЖҚ МКК, Жылумен жабдықтау учаскесінің №3 қазандығының 3-разрядты аға машинисі;«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:КАТКОВ Владимир Александрович - «Теплокоммунэнерго» МКК, ЖЭО-1 отын берудің аға машинисі;ШАЛЕЕВ Олег Геннадьевич - «Теплокоммунэнерго» МКК, «103 және 103 А» қазандығының бастығы;«Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандар:КАКИБАЕВ Жандос Абдрахманович - «Теплокоммунэнерго» МКК, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;ТЕМИРГАЛИН Ерик Бекенович – «Аягөз жылу»МКК, бас инженері;«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен марапатталғандар:ДЕНИСЕНКО Андрей Федорович – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент энергоцехінің ауыз сумен жабдықтау учаскесінің шебері;НУРЛАНОВ Айдын Мукатайович – «Курчатов көп салалы пайдалану кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық техникалық директоры;КУАНДЫКОВ Кенжегазы Калдыбаевич – зейнеткер;АКАНОВ Габдил-Малик Сапарович – «Аканов» жеке кәсіпкер, басшы«Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталғандар:ПРАЙС Оксана Андреевна – «Теплокоммунэнерго» МКК, канцелярия және кадр қызметі бөлімнің бастығы;ТОЛСТУНОВ Федор Иванович – «Теплокоммунэнерго» МКК, шағын қазандықтар учаскесінің бастығы;МУРАШЕВ Евгений Сергеевич – «Теплокоммунэнерго» МКК, Апаттық-диспетчерлік қызметінің бастығы;ФОМИНЫХ Игорь Геннадьевич – «Абай облысы Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы» МКК, жол шебері;ШУЛЬЦ Светлана Анатольевна – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент энергоцехінің техникалық сумен жабдықтау және кәріз учаскесінің сорғы қондырғыларының машинисіБОНДАРЕВА Галина Анатольевна – «Востокэнерго» ЖШС, Жезкент кентінің желілер учаскесінің қосалқы станцияларына және қосалқы станцияларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтерБАЙМУРАТОВ Кайрат Бекешевич – «Энерго-Инвест» ЖШС, қосалқы станцияға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;АҚМОЛДИН Мұрат Төлеубайұлы – «Востокэнерго» ЖШС, ЭБЖ және ҚС жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бастығы;Энергетика Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды:МӘНЗАЛ Біржан Қайржанұлы – «Риза» КМК директорының міндетін атқарушыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/908741
Президент шыршасы: Атырауда 300 бала шырша тойына қатысты 24.12.2024
Салтанат сарайында ұйымдастырылған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты дәстүрлі шараға қала және аудандардан келген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғаларда ерлік көрсеткен барлығы 300 бала қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жаңа жылдық шыршаға арнайы шақыртумен келген балаларға Мемлекет басшысының атынан құттықтау хат, арнайы сертификат пен тәттілер табыс етті.- Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жарқын мереке өзіңді шаттыққа бөлесін! Әрдайым жаңашылдыққа, жасампаздыққа ұмтыл! Білімпаз, озат әрі зерек болып, жақындарыңды қуанта бер! Арманың асқақ, қиылың ұшқыр болсын! Саған зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін!-делінген құттықтау хатта.Президент шыршасына қатысқандардың арасында республикалық олимпиаданың жүлдегері №3 Білім-инновация лицейінің 8 сынып оқушысы Гаухар Нұрлан да бар.- Бүгін осындай кең көлемде ұйымдастырылған әдемі кештің арнайы қонағы ретінде қатысып отырмын. Ерекше атмосферада шат-шадыман көңіл-күйде тойлап жатырмыз. Енді халықаралық білім бәйгелерінде Қазақстанымның атын асқақтатып, абыройын оздырып, еліне адал қызмет етер ұланы болғым келеді. Сол мақсатқа жетеріме сенемін,-деді Г.Нұрлан.Кеште балаларға арналған түрлі-түсті шоу-қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, концерт қойылды. Бұдан бөлек, Жаңа жыл қарсаңында атыраулық балалар үшін бірқатар шырша тойы өткізіледі.Бұдан бөлек, қала маңындағы және шалғай елді мекендердегі мектептердің директорларына балаларды тасымалдау үшін 21 автобустың кілті табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/908709
Ақмола облысындағы Президенттік шырша: мерекелік іс-шараға 200 бала қатысты 24.12.2024
Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық іс-шаралар өтті.Көкшетауда облыстың басты шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды. Мерекеге облыстың қалалары мен аудандарынан 200-ге жуық бала шақырылды.Алдағы Жаңа жылмен балаларды облыс әкімінің м.а. Елдос Рамазанов құттықтады, ол жас ұрпақты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, балалардың әрқайсысының табысты дамуына үміт білдірді. «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жас ұрпақ Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқарады және прогрестің қозғаушы күшіне айналады. Біз ересектер сіздің мақсаттарыңызға жету үшін барлық жағдай жасаймыз», - деді Елдос Рамазанов.Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылынан келген 12 жасар Арқат Шарапов оқу үздігі, көптеген олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы болып табылады. Ол осы деңгейдегі жаңа жылдық іс-шараға алғаш рет қатысты.«Біз уақытты өте қызықты өткіземіз. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген балалармен достасып үлгердім. Батырдың костюмін анам дайындады. Маған өте ұнайды. Мен үшін шырша өте маңызды, менің жадымда мәңгі қалады. Бізге осындай қуаныш сыйлағаныңыз үшін көп рахмет», - деді жас қатысушы.Бағдарлама аясында шыршаны жағу рәсімі, шыршаны айналып билеу және Төстік, Көк бөрі сияқты ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары өтті. Балалар костюмдер байқауына қатысып, өлең айтты.Мереке соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық сыйлықтар, 120 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар және тәтті жиынтықтар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908662
Алға ауданының Қарабұлақ және Тоқмансай ауылдарында медициналық пункттер ашылды 24.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа нысандар салынды.Қарабұлақ ауылындағы медициналық пункттің заманауи ғимаратында 340 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұнда медбике, санитар және күзетші жұмыс істейді. Нысан күніне 25 келушіге арналған. Медициналық мекемеде қабылдау бөлімі, ем қабылдау, егу, сүзгі және терапия бөлмелері ұйымдастырылған.«Мен зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауылда медбике болып жұмыс істедім. Қазір 70 жастамын. Бүгін жаңа медициналық пункттің ашылғанына куә болғаныма өте қуаныштымын. Мен әрқашан жас мамандарға көмектесуге тырысамын. Оларға мұнда пациенттерді қабылдауға ыңғайлы. Біздің Қарабұлақта егде жастағы тұрғындар көп. Олардың денсаулығы жастардың қолында», - деді Дариға Аметова.Ал Тоқмансай ауылында медициналық пункттің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталды. Бір қабатты ғимаратта 3 қызметкер жұмыс істейді. Медициналық мекемеде күніне 25 келушіге 300 ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/908729
Барлық мәселе ұдайы бақылауда болуы тиіс 24.12.2024
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесінің жұмысы талқыланған Үкімет отырысы өтті.Үкімет отырысынан кейін онда көтерілген мәселелерге орай жиын өткізіліп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.Жиында «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, отбасылардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне ең көп әсер ететін факторларды анықтайтын модульді жүзеге асыру тапсырылды.Айта кетейік, бүгінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық басқармаларға 160 есептік жазба ашылып, ішіндегі кейстер мен дэшбордтарды күнделікті жұмыста пайдалануда. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде Қызылорда облысының 224 187 отбасы немесе 852 944 адам тіркелген. Азаматтарға белсенді қызмет көрсету бағытында әл-ауқат деңгейі, экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық сақтау, білім саласы бойынша тиісті мемлекеттік органдар адрестік жұмыс жүргізуде.Мәжілісте бюджеттің толық игерілуі, мереке күндері коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі қалыпты режимде жұмыс істеуі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының негізсіз өсуін болдырмау, өрт және санитарлық талаптардың қатаң сақталуын, бейберекет саудаға жол берілмеуін қамтамасыз ету қатаң тапсырылды.Айта кету керек, коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде үздіксіз қызмет көрсетуін, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін облыс аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.Қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары алдағы жоспарларды іске асыруға әзірлікті пысықтауы тиіс. Атап айтқанда, бюджеттің игерілуі, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал және өзге де маңызды мәселелер ұдайы бақылауда болуы керек.Сонымен қатар, мәжілісте ауа райының суытуына байланысты «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы сенбілік жұмыстары уақытша тоқтатылып, коммуналдық тазалық мекемелері штатық режимде жұмыс жасау керектігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/908609
35 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮКТІ ӘЙЕЛ «БІР КҮНДІК КЛИНИКАЛАРДА» КЕШЕНДІ ЗЕРТТЕП-ҚАРАУДАН ӨТТІ 24.12.2024
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап 35,4 мыңнан астам жүкті әйел 15 перинаталдық орталықтың базасында жұмыс істейтін «Бір күндік клиникаларда»кешенді зерттеп-қараулардан өтті.«Бір күндік клиникалар» жобасы жүкті әйелдерге претаналдық диагностикадан өтуге және күні бойы емтихан нәтижелерін алуға мүмкіндік береді. Бұл инновациялық технологиялар ұрықта генетикалық ауытқуларды, ағзалардың дамуындағы туа біткен ауытқуларды және басқа да ауыр жағдайларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.35 мыңнан астам жүкті әйел «Бір күндік клиникаларда» зерттеп-қараудан өтті, бұл ретте 527 әйелде ұрықтың денсаулығына жоғары қауіптер анықталды, 587 жағдайда созылмалы патологиялар мен туа біткен ақаулар анықталды, 543 әйел жүктілікті тоқтатуға келісім берді.Жоба сонымен қатар жүктіліктің ерте кезеңдерінде күрделі патологиялар анықталған жағдайда уақтылы араласудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын ұрық хирургиясының бірегей технологиясын енгізді.Бұл жүктіліктің қауіпсіз өтуі және дені сау баланың туылу мүмкіндігін едәуір арттырады. 22 жүкті әйелге жатырішілік операция жасау нәтижесінде әлі тумаған сәбилердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.«Бір күндік клиника» және пренаталдық диагностиканың инновациялық технологиялары ана мен баланың денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады, бұл елдегі жүкті әйелдерге медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/908708