Қоғам
Атырау облысында ветеринария және балық шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды 24.12.2024
Атырау облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қазіргі уақытта толықтай қайта жаңғыртылып жатқан «Сев Каспий Фиш» ЖШС-нің Шортанбай балық зауытына барды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, зауытты жаңғыртуға 12 млрд теңге қажет. Жоба инвестордың жеке қаражаты мен өңірлік даму корпорациясы арқылы алынған қарыз қаражат есебінен қаржыландырылуда.Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін зауытта жылына 10 мың тонна балық өңделіп, 5 мың тонна дайын өнім шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар жылына 5 миллион консерв және 1000 тонна кептірілген өнім өндіру көзделген.Сондай-ақ, вице-министр «Жайық-Каспий» облыстық инспекциясының Құрманғазы аудандық бөлімшесіне арналған жаңа ғимараттың ашылуына қатысты. Модульдік ғимарат заманауи стандарттарға толықтай сай жабдықталған.Бірлік ауылында вице-министр халықпен және балық шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында саланың өзекті мәселелері мен ұсыныстары талқыланып, сұрақ-жауап алмасу болды.Бұдан бөлек, вице-министр облыстағы ветеринария ұйымдарының мамандарымен кездесу өткізді. Жиын барысында Аманғали Бердалин Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында ветеринарлық және сою пункттерін, сондай-ақ мал қорымдарын салу бойынша индикативтер белгіленгенін еске салды.Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр нақты тапсырмалар берді. Олардың ішінде: азық-түлік қауіпсіздігін қатаң бақылауды күшейту, ВСЭ модуліне уақытылы қосылуды қамтамасыз ету және белгіленген индикативтердің бекітілген мерзімдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз ету бар. Вице-министр тек кешенді көзқарас қана өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздік деңгейін тиімді арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/907027
Заң және тәртіп: Астанада балалар қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтті 24.12.2024
Астанадағы №108 мектепте «Білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиынға Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Хасенова, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының заңгер-медиаторы Ботагөз Көпжасарова және 400-ге жуық педагог пен ата-ана қатысты.Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелерінде ата-аналар мен ұстаздардың құқықтық және педагогикалық мәдениетін арттыру.Есіл ауданы ПД КҚПҚ ювеналды полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Ақмарал Тажбағамбетова «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», педагог-психолог, медиатор Майра Сүлейменова «Балалар қауіпсіздігі», Астана қаласы Қалалық психикалық денсаулық орталығының психологы Шынар Жүнісова «Салауатты өмір салты туралы», «Құқық» қоғамдық қорының заңгері Нұрай Шортаева «Бала мен ата-ана», Астана қаласы психологиялық қолдау орталығының психологы Әлия Карменова «Психологиялық қолдау орталығы туралы», сондай-ақ "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы филиалы бастығы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы жасөспірім балалардың құқығын қорғау комиссиясының мүшесі Бекдайыр Күзембай «Әкелердің отбасындағы рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.Сонымен қоса ата-аналар жиналысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың белгілі бір түрлері үшін ата-аналардың жауапкершілігі және т. б. мәселелер көтерілді.«Мұндай іс-шаралар өте маңызды. Балаларына жақсы тәлім-тәрбие беретін ата-аналардың көп болғанын қалаймыз және соған тілектеспіз», - деді "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906227
Игі істер марафоны: Елордада еріктілер тұрғындарға бауырсақ пен ыстық шай ұсынды 24.12.2024
Елордалық еріктілер аязға қарамастан тоңған астаналықтарға бауырсақ пен ыстық шай ұсынды. Мұндай акциялар жыл сайын ауа райының суытқан уақыттан басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қоғамдық көлік күтіп тұрған жолаушыларға, көшедегі сауда шатырларында сауда жасайтын тұрғындарға және автобус жүргізушілеріне бауырсақ пен ыстық шай үлестіріп, алғысына бөленді.Ұйымдастырушылардың пікірінше, суық күнде бауырсақ пен ыстық шай таратудың өзі адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырады.«Қазіргідей суық күнде елордамызда волонтерлердің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл іс-шара тұрғындар мен қонақтар үшін нағыз жылулық көзіне айналды. Ыстық шай мен жылы лебіздер адамдардың жүрегін жылытып, көңіл күйін көтерді. Бұл іс-шара қарым-қатынас пен өзара көмек көрсетуге үндейді, сондай-ақ қоғамда бірлік пен достықты нығайтуға қызмет етеді. Акцияға қатысқан әр адам өзара мейірім мен қамқорлықтың атмосферасын сезіне алады», - деді «Астана жастары» волонтері Мерей Қалел.Айта кету керек, мұндай акция қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906278
Елордадағы «Теміржол» ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр 24.12.2024
«Теміржол» деген атауымен белгілі елордадағы ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары Жеңіс даңғылы, 58 бойынша №3 көпсалалы қалалық аурухананың хирургиялық блогында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бүгінгі таңда шатырды, қасбетті, инженерлік желілерді жөндеу, терезелер мен есіктерді ауыстыру, желдеткіш орнату жұмыстары аяқталды. Жоспарда лифттерді ауыстыру және әрлеу жұмыстары бар. Хирургиялық блокты жөндеуді аяқтау 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.Содан кейін 2025 жылы терапевтік және қосалқы ғимараттарға – гаражға, ас блогына және кір жуатын орынға күрделі жөндеу жүргізіледі.Айта кетейік, нысанның өзі 1959 жылы пайдалануға берілген, салынған сәттен бастап ғимараттардың ешқайсысында күрделі жөндеу жүргізілмеген. Аурухананың үш ғимараты бұзылмақ, өйткені олар апаттық нысандар қатарына кіреді. Екі ғимарат 2025 жылдың соңына дейін жаңартылып, барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталады.«Әкімдіктің қолдауының арқасында біз ең көне ауруханамыздың жекелеген ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдағы жылдары оң жағалаудағы Халыққа қызмет көрсететін 300 төсектік заманауи көпсалалы аурухананың құрылысы басталады. Бұл үшін ауданы 7,61 гектар учаске бөлінген. Құрылыс «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен жоспарланған», - деді елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова алдағы жоспарларымен бөлісті.Айта кету керек, №3 көпсалалы қалалық аурухана – Сарыарқа, Байқоңыр және Нұра аудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін қаланың ең көне медициналық мекемелерінің бірі. Тәулігіне қабылдау бөлімшесіне өтініштердің орташа саны 350-ге, жарақат пунктіне-күніне 100-ге дейін жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906292
Астанадан бір түнде 16 мың текше метр қар шығарылды 24.12.2024
Күн сайын елордада қар тазалау жұмыстарында 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Қаланың коммуналдық қызметтері боран мен аязға қарамастан тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 19-ынан 20 желтоқсанға қараған түнде қар полигондарына 1297 ауыр жүк рейсімен 16 мың текше метр қар шығарылды.20 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қала көшелерінен қар мен мұзды тазалауға 2,6 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1 400-ден астам арнайы техника шықты.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 94 713 рейс арқылы 1,2 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906381
Астанада 700-ден астам автобус желіге шықты 24.12.2024
Астананың қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңарды. Бұл жаңа автобустардың арқасында мүмкін болды. Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам автобус шықты. ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қоғамдық көлік пен жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтып берді.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын арттыру, жайлылық пен қолжетімділікті жақсарту арқылы қоғамдық көлікті пайдалану үлесін арттыру.Биыл жалпы ұзындығы 60 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Әл-Фараби даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көпірдің құрылысы аяқталды, бұл Мәңгілік Ел даңғылындағы көлік ағынының азаюына әсер етті, сол сияқты оң және сол жағалаулар арасындағы жылдам қозғалысқа септігін тигізді. Сондай-ақ, жыл сайын қалаға жаңа автобустар жеткізіп, қоғамдық көлік паркін жақсарту бойынша жұмыс істейміз», - деді Астана әкімі.Мысалы, биыл желіге 300-ден астам автобус шықты. Екі жыл ішінде автобус паркі 706 жаңа автобуспен толықты. Осылайша, қаланың автопаркі 45%-ға жаңартылды.2025 жылы қоғамдық көлік паркін тағы 300 бірлікке ұлғайту жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906448
Астанада 170 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды 24.12.2024
Биыл Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізілді. ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тартымды орындар қай жерде ашылғаны туралы айтты.«Биыл абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Мысалы, Тәуелсіздік сарайының алдындағы «Қазақ Елі» алаңында жалпы ауданы 13 га аумақта кешенді абаттандыру жүргізілді, Жүргенов көшесінде жасыл бульвар ашылды, бұл көше шағын ауданның негізгі көшелерінің бірі болып саналады. Сондай-ақ, Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінің жағалауы абаттандырылды. Өткен жылы Ш.Құдайбердіұлы даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін жұмыс жүргізілді. Биыл Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейін жұмыс жүргізілді.«Жастар» саябағы айтарлықтай өзгерді. Мұнда мынандай өзгерістер болды: сорғы жолы, коньки паркі, жаңа ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, саябақ аумағында «Сана» заманауи спорт кешені жұмыс істейді, онда белсенді өмір салты үшін барлық қажетті жағдай жасалған», - деп атап өтті елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.Биыл қаланың вокзал маңы мен оған іргелес Біржан сал және Гете көшелері абаттандырылды. Вокзал маңындағы көшелердің жалпы ұзындығы 1,5 км құрады. Қаланың тарихи көшелерін қайта жаңарту жобасы аясында жалпы абаттандыру алаңы 17 мың шаршы метрден асты.Сонымен қатар, Ұлытау аллеясы, Мәңгілік ел даңғылы, Тәуелсіздік, Тұран даңғылдары, Мыңжылдық аллеясының бөлігі, Керуен және Хан Шатыр СОО жанындағы гүлзарлар, Агроқалашық елді мекені, Жеңіс даңғылы, Жағалау шағын ауданы, Уәлиханов көшесі және т.б. абаттандырылып, көгалдандырылды.Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударылады. Биыл қалада «жасыл белдеу» аумағында 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызылды. Қаланы көгалдандыру жарғысы қабылданды. Енді бірде-бір құрылыс салушы салғанын нысанын дендрожоспарсыз және оның айналасындағы жасыл кеңістіктерге күтім жасау бойынша үш жылдық міндеттемесіз тапсыра алмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906445
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды 24.12.2024
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды. Оқу жылының басында 18 мектеп салынып, ашылды. Олардың бір бөлігі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.«Қала тұрғындарының өсуін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға қажеттілік артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, біз әлеуметтік нысандардың құрылыс көлемін едәуір арттырдық. Мәселен, жаңа оқу жылында 18 мектеп салынды. Олардың 11-і Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді», – деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарда да салынып жатыр. Мысалы, желтоқсан айында Үркер тұрғын алабында жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа мектеп толып кету мәселесін шешеді. Балалар жаңа мектепте үшінші тоқсаннан бастап оқиды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.Астанада осы жылдың соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алдағы жылдарға да дайындық жүріп жатыр. Мысалы, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906439
Астананы сумен, жылумен және су бұрумен қамтамасыз ету жұмысы қалай жүріп жатыр 24.12.2024
Астана әкімдігі инфрақұрылымдық нысандарды салу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл нысандар қаланы үздіксіз жылумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп мәлім етті Жеңіс Қасымбек.«Соңғы екі жылда Астана жылыту маусымын алғаш рет жылу профицитімен өткізіп жатыр. 2023 жылы «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жаңа газ жылу станцияларының іске қосылуының арқасында ЖЭО-3 бірінші кезегінің жылу қуаты 30%-ға ұлғайды. Бұл қаланың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі уақытта ауаның орташа температурасы -10-15 градус болған кезде жылу генерациясының профициті сағатына 1200 Гкал құрайды.Бұдан басқа, «Телман» газ жылу станциясының құрылысы жүріп жатыр, келесі жылы «Оңтүстік-Батыс» МТҚ құрылысын бастаймыз, бұл қаланы 2035 жылға дейін жеткілікті жылумен қамтамасыз етеді», - деді Астана әкімі.Сондай-ақ, Астана әкімдігі 2023 жылы үшінші сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Ол қалаға тәулігіне 100 мың текше метрден астам су жіберуге мүмкіндік жасады, сондай-ақ Астана су қоймасынан екінші су құбырының құрылысы аяқталды.Келесі жылы Нұра жер асты сулары кен орнынан су құбырын салуға, сондай-ақ Телман сорғы станциясын кеңейтуге кірісу жоспарланып отыр. Ұзақ мерзімді шаралар аясында Сәтбаев атындағы арнадан жаңа су құбыры жобаланып отыр. Осы жобаларды іске асыру 2035 жылға дейін қаланы тұрақты сумен қамтамасыз етеді.Су бұру проблемасын шешу үшін 2025 жылы өнімділігі тәулігіне 188 мың текше метр КОС-2 құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, сенімді су бұру ісін қамтамасыз ету мақсатында екі тұрғын алапта және Индустриялық парк ауданында жалпы қосымша қуаты тәулігіне шамамен 85 мың текше метр болатын үш жергілікті тазарту құрылысының жобалары әзірленіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906435
Елорданың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді 24.12.2024
Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл – таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік.Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.Қатысу шарттары:• Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.* Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906973
«Таза Қазақстан»: Елорданың жас тұрғындарына экология туралы жаңа жылдық қойылым ұсынылды 24.12.2024
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Әдемі ертегі» балалар жаңа жылдық қойылымы көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Спектакльді 2200-ге жуық көрермен тамашалады. көрермендер.«Әдемі ертегі» - бұл жай ғана қызықты жаңажылдық шоу ғана емес, сонымен қатар маңызды тәрбиелік іс-шара. балалардың назарын экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару.«Біз елорданың жас тұрғындарына арналған «Әдемі ертедегі» жаңа жылдық қойылымының көрсетілімін өткіздік, оның мақсаты экологиялық мәселелерді көрсету болды. Бұл тақырыпты қозғауымыз кездейсоқ емес еді, өйткені биылғы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады. Біз көрермендердің өздерін осы акцияның бір бөлігі ретінде сезінуін қаладық. Спектакль өте жарқын және әдемі, оның кейіпкерлері Қазақстан аумағында тұратын жануарлардың бейнесі. Ойын форматында кішкентай көрермендер Жаңа жылды құтқарып, теңізден қоқыстарды «алып тастауға» көмектесті. Осылайша балалар еліміздің экологиялық әртүрлілігімен танысады. Айта кетерлігі, қойылым қазақ және орыс тілдерінде қойылды. Менің ойымша, елімізде экологиялық мәселелерді кеңінен насихаттау маңызды, өйткені азаматтардың хабардар болуы – кез келген бастаманың жартысы», - дейді шараны ұйымдастырушы Дана Дәуітова.Спектакль екі күнге созылды. Бірінші күні оған халықтың әлеуметтік осал топтары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Екінші күні шараға қайырымдылық ұйымдарының, қоғамдық қорлардың қамқоршылары, сондай-ақ көп балалы отбасы балалары қатысты.«Ұйымдастырушыларға тамаша жаңа жылдық қойылым үшін алғыс айтамын. Жарқын костюмдер, көңілді әндер мен билер балалардың көңілінен шықты. Іс-шараның атмосферасы мерекеге толы болды, ал қойылымның өзі жағымды зарядқа толы болды. Барлық қатысушылар, балалар да, ересектер де көптеген жағымды эмоциялар мен шынайы сиқыр сезімін алғанына сенімдімін», - деді ата-аналардың бірі өз әсерімен бөлісті.Шоуды Астана әкімдігінің мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу басқармасы ұйымдастырды. .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906977
2024 жыл қорытындылары: этносаралық қатынастарды дамыту 24.12.2024
2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022–2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын сәтті іске асырды. Осы жұмыстар аясында 9 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 700 мыңнан астам адам қамтылды.Жылдың маңызды оқиғаларының бірі – 25 сәуірде Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясы. Бұл шараға 1500-ден астам адам, соның ішінде ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.Ақпараттық салада да маңызды жобалар жүзеге асырылып, 6 деректі фильм түсірілді. Мысалы, «Отандастар», «Бірлік бесігі», «Шаңырақ» бағдарламасы сияқты көп сериялы деректі фильмдер жарық көрді.Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар қалаларында ҚХА Журналистер клубының отырыстары өтті. Онда этносаралық қақтығыстардың алдын алу, «араздық тілін» анықтау және алдын алу, этносаралық саладағы фактчекинг әдістері талқыланды.Білім беру саласында еліміздің төрт жоғары оқу орнында «Этносаяси сауаттылық» пәні енгізілді. «Этносаясаттану» және «Этножурналистика» бағыттары бойынша бағдарламалары бар жоғары оқу орындарының санын арттыру жұмыстары жүргізілуде.Еліміздің жастарына арналған «Бірлік» халықаралық жастар лагері және ҚХА-ның «Тіл мектебі» ұйымдастырылды.Сонымен қатар, «Бір ел» және «Бейбітшілік пен келісім жолымен» жобалары жүзеге асырылды.22 қарашада Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жоба қазақстандық бірегейлікті дамытуға және халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған. Мақсаты – мектеп оқушылары мен түрлі этнос жастары арасында мемлекеттік тіл арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, 5 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/906914
Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті 24.12.2024
Астанада Отбасын қолдау орталықтары мен қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар қызметі бойынша 2024 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 65 Отбасын қолдау орталығы (ОҚО) жұмыс істейді. Орталықтар қазақстандықтарға түрлі мәселелерді шешуге көмек көрсету үшін құрылған. ОҚО психологиялық, заңгерлік, ақпараттық кеңес береді, жұмысқа орналасуға және біліктілікті арттыруға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына бір айға дейін уақытша баспана ұсынады.2024 жылдың сәуір айында әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Заңның қабылдануы отбасы институтын нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда маңызды қадам болды.Заңның жаңа редакциясы ОҚО қызметіне де өзгерістер енгізді – Отбасын қолдау орталықтарының бірыңғай желісі құрылып, отбасы мәселелерін шешуде кейс-менеджмент енгізілді.Орталықтар көмекке жүгінгендердің жағдайын кешенді түрде бағалап, әр отбасының жағдайына байланысты жеке жоспар әзірлеп, оны жүзеге асыруда.Жаңа тәсілде алдын алу шараларына баса назар аударылды. Қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау үшін Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің мамандарынан мобильдік жұмыс топтары құрылды.Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының жеделдігі мен ыңғайлылығы үшін әлеуметтік қызметтерді ұсынудың интеграцияланған моделі ретінде мобильді қосымша әзірленді. Қазіргі уақытта мобильді қосымша сынақтан өтуде.Заң күшіне енген сәттен бастап Орталықтардың саны 33-тен 65-ке дейін өсті. 2025-2027 жылдары олардың санын 208-ге жеткізу жоспарланып отыр.Жыл басынан бері орталық мамандары 400 мыңнан астам кеңес берді.Орталықтардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мобильдік топтардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерде көшпелі оқыту семинар-тренингтері өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/906931
ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ 24.12.2024
Ұлытау облысының Дастан Рыспеков кеніш астына түсіп, қызметкерлермен кездесті. Әрі қарай келіссөздер учаскелердің бригадирлерімен өтті. Сондай-ақ кездесуге облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Облыс әкімі өңірдің жылумен жабдықтау объектілері үшін өндірісті тоқтатудың ауыр зардаптары туралы түсіндіріп, мәселені келісу іс-шаралары арқылы шешу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, өңір басшысы Жезқазған және Сәтбаев қалалары тұрғындарының Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылығын жеткізді. Ұлытау облысының әкімі барлық кеншіні наразылық акцияларын тоқтатуға және жұмысқа кірісуге шақырды. Келіссөздер жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/906395
Coursera Qazaqstan студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға қалай көмектеседі 24.12.2024
Coursera Qazaqstan студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға қалай көмектеседіАбай университетінің «7M01513 – Биология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Тлеулес Тахатбек Coursera Qazaqstan платформасы ұсынған «Стратегиялық көшбасшылық және менеджмент» бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтады.Бағдарлама аясында магистрант басқару дағдыларын дамытуға, ұйымды жобалауға, корпоративтік стратегияны, көшбасшылықты және тиімді команда мәдениетін қалыптастыруға бағытталған негізгі курстарды меңгерді.Оқуын сәтті аяқтаған Тлеулес Тахатбек «Стратегиялық көшбасшылық және менеджмент» бағдарламасы бойынша диплом алып, Coursera Qazaqstan жобасы аясында оқуын аяқтаған Жаратылыстану және география факультетінің алғашқы магистранты атанды.Coursera Qazaqstan – қазақстандық студенттер мен мамандарға қазақ тіліндегі әлемдік деңгейдегі курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін инновациялық платформа. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, бұл ел азаматтарына озық білім беру ресурстарын пайдалануға және халықаралық деңгейде өз құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.Абай университетінің студенттері бұл платформаның мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдаланып, білімдерін толықтырып, университеттің еліміздегі жетекші оқу орны ретіндегі мәртебесін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/906330
Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді 24.12.2024
Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы суармалы су берілді. Бұл Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары.Еске салсақ, 26 сәуірде Бішкек қаласында Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Қырғыз Республикалары комиссиясының 33-ші отырысы өтті. Отырыс шеңберінде 2024 жылғы суару кезеңіне арналған Шу және Талас өзендерінің мемлекетаралық көздері бойынша су алу кестесі бекітілді.Нәтижесінде, Талас өзені арқылы Қазақстанға болжанған 380 млн текше метр судың орнына іс жүзінде 418 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,2 млн текше метрге артық. Шу өзенімен бекітілген кестеге сәйкес 165,3 млн текше метр су алынды, бұл былтырмен салыстырғанда 29,7 млн текше метрге көп.«Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының шаруалары сұраныстарына сай суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 90,1 мың га егіс алқабын суаруға 533,3 млн текше метр су берілді»,- деді Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директоры Қайрат Аманов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/906654
Халал өнімдері мен қызметін аккредиттеу мәселесі ислам форумында талқыланды 24.12.2024
ҰАО Халал IFHAB аккредиттеу органдары Ислам форумы Бас Ассамблеясының 2-ші отырысына онлайн-форматта қатысты. IFHAB-тың негізгі мақсаты әлемдік тәжірибедегі шариғат қағидаттары мен техникалық талаптарға сәйкес Халал өнімдері мен қызметтерін аккредиттеудің ашық жүйесін іске асыру болып табылады.Кездесуде Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі 27 органы бас қосты.Қатысушылардың алдында IFHAB Бас Хатшысы Dabr Al Abdullatif сөз сөйлеп, IFHAB-тың жаңа мүшелеріне Әзірбайжанның (AzAK) және Алжирдің (ALGERAC) сәттілік тіледі. Сондай-ақ IFHAB Хатшылығының 2024 жылғы қызметі туралы ағымдағы ақпаратты ұсынды.Бас Ассамблеяның отырысында IFHAB Жарғысы бекітіліп, комитеттердің төрағалары тағайындалды. Атап айтқанда: MRA комитетінің төрағасы (Өзара тану туралы келісім) Lana Marashdeh (Иорданияның аккредиттеу жүйесі - JAS-AU); Бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация комитетінің төрағасы Naif Alobilan (Сауд аккредиттеу орталығы - SAAC); техникалық комитетінің төрағасы Erdem Basdemirci (Халал аккредиттеу агенттігі - ҰАК). Анықтама:Халал IFHAB аккредиттеу органдарының Ислам форумы Ислам ынтымақтастығы ұйымына (OIC) мүше мемлекеттерде Халалдың сапалы инфрақұрылымын бір мезгілде қалыптастыру кезінде шариғат пен техникалық талаптарға сәйкес халал өнімдері мен қызметтері үшін айқын және ашық жүйені енгізуге жәрдемдеседі. Ислам елдері үшін стандарттар және метрология институтымен (SMIIC) ықпалдасу жолымен IFHAB форумы OIC/SMIIC мүше мемлекеттер арасында озық тәжірибені тұрақты дамыту және зерделеу жұмысын жүргізеді. Форум түрлі мүдделі тараптардың: аккредиттеу органдарының, сәйкестікті бағалау органдарының, заң шығарушылардың, тұтынушылардың өкілдігін қамтамасыз етеді және Халал саласындағы өзара сауда мен білімді дамытуды кеңейтуге жаңа мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/906670
Биылғы оқу жылының басынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында 100 мыңнан астам оқушы орны қолданысқа берілді 24.12.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылында әрқайсысы 1500 орындық жаңа форматтағы екі мектеп, ал Түркістан облысында 2000 оқушыға арналған 1 жайлы мектеп ашылды. Жобаның негізгі бағыты – функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құру болып табылады. Бұл мектептерде:- бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған;- заманауи техникалық шешімдерді енгізу арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтілген;- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған;- заманауи пәндік кабинеттермен, зертханалармен жабдықталған. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 17 мың оқушы орнына арналған 7 мектеп салынды. Оқу жылының басынан бері елімізде 100 мыңнан астам орындық 41 жайлы мектеп пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/906479
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Рудный қаласына барды 24.12.2024
Бауыржан Омарбеков қайта құруды қажет ететін бірнеше көппәтерлі үйлерді аралап, сорғы және сүзгі станцияларында болды. Бұл жерде оларды жаңарту жоспарлары және жұмыстарды орындау үшін қажетті қаржыландыру талқыланды.Атап айтқанда, вице-министр Рудныйда үй кезегінде тұрған адамдарға бос тұрған ғимараттарды көппәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жөндеп беру секілді табысты тәжірибесімен танысты. Бұл жобалар инвесторлар мен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды.Осылайша, 2023 жылы Рудныйда 4 бос ғимарат қайта жаңартылып, нәтижесінде 228 пәтер пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы тағы 7 көпқабатты үйді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/906998
Қостанай облысында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы белсенді іске асырылуда 24.12.2024
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, Заречное ауылында болды.Сапар барысында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылда салынған нысандарға ерекше назар аударылды. Олардың ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтуға және емдеуге арналған спорт кешені мен жабық манеж бар. 1,16 млрд теңге сомасында іске асырылған бұл жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға маңызды үлес болды.Жалпы, ағымдағы жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды салуға, күрделі және орташа жөндеуге Қостанай облысына 9,8 млрд теңге бөлінді.Содан кейін Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков "Ауыл аманаты"жобасы шеңберінде жүзеге асырылған тігін цехының қызметімен танысты. Тобыл қаласындағы бұл жоба құны 8,5 млн теңгені құрады.Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Бауыржан Омарбеков Тобыл қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өзекті мәселелер көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/907003