Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада қар күреу жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы тартылды 24.12.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бастап олардың күшімен қаладан миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.19 желтоқсанда күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1200-ге жуық арнайы техника шықты.19 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 639 ауыр жүк рейсімен 8,4 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 92 188 рейспен 1,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905472
«Таза Қазақстан»: елордада әкелер қар күреу челленджін бастады 24.12.2024
Астана мектептерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «100 мектеп – 1000 әке» қар күреу челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының әкелер кеңесінің өкілдері балалары оқитын білім беру мекемесінің қар күреу челленджін іске қосты.«Ұлы Абай айтқандай, «Мықты мемлекет құрғың келсе, отбасын тәрбиелеуден баста». Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. Оның бірлігі әкенің рөліне тікелей байланысты. Біз әкелерді тәрбие процесіне белсенді араласуға тартуға тырысамыз. Оқу орындарындағы тазалық пен тәртіп – бұл әрбір азаматтың жауапкершілігі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.Челленджді эстафета форматында Қазақстанның басқа қалаларына жолдай отырып, ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, акцияға қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және жастардың патриоттық рухын нығайтуғп өз үлестерін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905518
Елордада отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған ерекше байқау өтті 24.12.2024
Астанада «Әже, келін, немере. Ата, бала, немере» атты отбасыаралық байқау өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Ұрпақтар сабақтастығы жобасы аясындағы іс-шараға елорданың бес ауданының ең үздік әулеттері қатысты. Оның мақсаты да сол, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ағайындар арасындағы береке-бірлікті паш ету.Байқауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан бұл бағдарлама отбасы институтын дамытуды көздейді.Байқауға қатысқан барлық отбасы ұлағатты ата, ардақты әже, үлгілі әке, ибалы келін, үкілі қыз, мейірімді бала тақырыбын ашып, өз отбасындағы жетістіктер туралы таныстырды.Есіл ауданынан шыққан ұшқыштар династиясы – Хамзиндер отбасы бір әулетте авиация саласында 28 адамның жұмыс істейтінін мақтанышпен таныта білді. Әулет анасы Марал Хамзина қазақтан шыққан тұңғыш бортсерік қыз болса, бүгінде немере сүйіп отырған ақ жаулықты әже.Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов мұндай байқау балаларды еңбекқорлыққа, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, жалпы адамгершіліктің барлық ережесін үйренуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, оны бағалай білуге тәрбиелейтінін айтты.Байқау соңында өнер көрсеткен барлық отбасыға арнайы сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905519
Астанада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру енгізіліп жатыр 24.12.2024
Астана қаласындағы мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында ваучерлік қаржыландыру жобасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жүйеде ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда «ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады» қағидасы жүзеге асырылады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі.2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшу» тақырыбында қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, түсіндірме жүргізіліп жатыр.Белгіленген кестеге сәйкес, қазіргі уақытта қаланың бес ауданындағы жекеменшік және мемлекеттік балабақшалардың бірінші басшылары оқытылды. Жалпы қатысушылар саны 600 адамды құрайды. Кездесулерге «Қаржы орталығы» АҚ мен «Индиго» ақпараттық жүйесінің өкілдері қатысты.Мектепке дейінгі ұйымдардың бірінші басшылары мен қызметкерлері оқытылған соң ата-аналарға да бұл жүйе түсіндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905616
Астанада бұқаралық спортты дамыту мақсатында скандинавиялық жүріс өтті 24.12.2024
Елорданың Байқоңыр ауданындағы Ататүрк саябағында ерекше спорт түрі – скандинавиялық жүріс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бұл шараның мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға Байқоңыр ауданының ардагерлер қауымы бастаған барлығы 50-ге жуық адам қатысты.«Бүгін ерекше спорт түріне қатысып отырмыз. Ауданымыздың зейнеткерлеріне ешқандай ауа райы кедергі емес. Қариялар ерекше қуанышты. Таза ауада мұндай шараның өткені біздің денсаулығымызға да өте пайдалы. Тағы болса қатысуға дайынбыз. Ардагерлер атынан алғыс айтамыз» - деді іс-шараға қатысушы, Байқоңыр ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Намазшамов.Алдағы уақытта да аталған спорт түрін жыл сайын тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905771
Астанада энергетика саласының үздік қызметкерлері марапатталды 24.12.2024
Энергетика күніне орайластырылған салтанатты іс-шара елорданы тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін мамандар еңбегінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Астана әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев марапаттау рәсімін ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол энергетика - қала шаруашылығының жүрегі, ал энергетика - елорданың әрбір үйінде жайлылықты қамтамасыз ететін адамдар екенін атап өтті."Сіздер жылумен және электрмен тұрақты қамтамасыз ете отырып, қаланың дамуына баға жетпес үлес қосасыздар. Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен кәсібилігіңіздің арқасында тұрғындар жылу мен жарықпен қамтылады, ал әлеуметтік нысандар үзіліссіз жұмыс істейді. Сіздердің жұмыстарыңыз бен адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан абыроймен бағалансын, ал энергияларңыз ешқашан таусылмасын", - деп атап өтті Ерсін Өтебаев.Елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов құттықтап, ол сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін энергетика саласының маңыздылығын атап өтті."Энергетика - елорда мен бүкіл елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Сіздің жұмысыңыз жоғары жауапкершілікті, еңбекқорлықты және үздіксіз біліктілікті арттыруды талап етеді. Сіз тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өндірістік нысандарды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін күндіз-түні жұмыс істейсіздер. Сіздердің еңбектеріңіз экономиканың барлық саласының тұрақты жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Сіздерге қаланың және бүкіл елдің игілігі үшін жұмыс істейтін мамандыққа берілгендіктеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді ол.Энергетиктер жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы және осы іске адал қызмет еткен жылдары үшін алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.Айта кетейік, қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған жобалар елорданың тұрақты жұмыс істеуінің негізі болып саналады. "Оңтүстік-Шығыс", "Тұран" және ЖЭО-3 газ жылу станциялары сияқты жылу энергетикасының жаңа нысандарын пайдалануға беру қалаға жылу профицитіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. "Тұран" МТК екінші кезегінің аяқталуы және алдағы жылдары "Тельман" жаңа станциясының іске қосылуы белсенді тұрғын үй құрылысы бар аудандарды сенімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бұл жобалар Астананың тұрақты дамуына, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдайларды қолдауға маңызды үлес қосады.Ресми бөлім аяқталғаннан кейін елорданың жетекші шығармашылық ұжымдары сахнаға шығып, іс-шараға қатысушыларды музыкалық нөмірлермен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905914
«Заң және тәртіп»: Астанада қойылымдар байқауы қорытындыланды 24.12.2024
Елордадағы Сарыарқа ауданында «Заң және балалар: Қатесіз болашақ» қойылымдар байқауының финалы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Оған ауданның 27 мектебі қатысты. Финалға шыққан үздік бес команда құқық, әділдік және қатесіз болашақ тақырыптарын қамтыған өздерінің ерекше қойылымдарын ұсынды. Осылайша, олар қойылым арқылы қатарластарын заңдылықты сақтауға, адал азамат болуға шақырды.«Байқаудың мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, шығармашылық әлеуетін ашу және дамыту, заңға құрмет сезімін қалыптастыру. Бұл қойылымдар оқушыларға заңдылық пен заңның үстемділігін сақтау маңыздылығын түсінуге көмектеседі», - деді Сарыарқа аудандық прокурорының орынбасары Дарын Дүйсенғалиев.Финалға өткен қойылымдардың ұзақтығы 10-15 минутты құрады. Әрбір қойылым мазмұнды сюжетімен және эмоциялық тереңдігімен ерекшеленді.«Біз қазірден бастап тұлға ретінде қалыптасып жатырмыз. Бүгіннен әр бала «Қайда?», «Не істеп жүрмін?» деген сияқты сұрақтардың жауаптарын біліп жүруі керек. Біз байқауда қойған көрінісімізде қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғадық», - деді қатысушы Жанерке Қуандықова.I орын Жансүгіров атындағы №58 гимназиясына бұйырды. Бұл команда көрерменді терең ой салатын әрі шебер қойылған сахналық өнерімен баурап алды. II орын Есенберлин атындағы №67 лицейге, ІІІ орын Қайырбеков атындағы №2 гимназия оқушыларына берілді.Одан бөлек, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық мәселелерді терең ашқаны үшін» №6 гимназия оқушылары, «Ең үздік сценарий» Сәтпаев атындағы №61 лицей марапатталды.«Қойылым біздің болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбие береді. Ол мәнді де мағыналы болды. Осылайша, балалардың жарқын болашағына қадам жасалды деп есептеймін. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын», - деді «Жастар» театрының директоры Ғани Каримов.Сонымен қатар финалда «Ең үздік актер/актриса», «Екінші пландағы үздік рөл», «Көрермен көзайымы», «Үздік костюм», «Актерлік шеберлігі үшін», «Үздік сценарий», «Заңдылық тақырыбына айқын көзқарас», Үздік қосалқы рөл», «Құқықтық тақырыптағы үздік комедиялық қойылым», «Жасөспірімдер қылмысы мәселесін терең ашқаны үшін» секілді номинациялар бойынша марапаттар табыс етілді.Айта кетейік, байқау Астана қаласы прокуратурасының, аудан әкімдігінің, сондай-ақ Білім және Мәдениет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушыларды іріктеу 6-25 қараша аралығында өтті. Қазылар алқасының құрамына мәдениет өкілдері, полиция, прокуратура және аудан әкімдігінің өкілдері кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905954
Астанада құрылысы ұзаққа созылған кезекті екі тұрғын үй кешені аяқталды 24.12.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті үйлер аяқталып, пәтер кілті табыс етілгенін жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің мәселесін шештік. Олар – «Территория комфорта-1» (екінші кезек) және «Жағалау 4» полигон 3 көппәтерлі тұрғын үй кешендері. Екі үй де басынан бастап қайта салынды.Мәселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 жыл бұрын басталған. Үйді техникалық тексеру кезінде нысанның апатты жағдайда екені анықталды. Апатты тұрғын үй кешенінің блоктарын толықтай бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Осыған дейін 1-кезектің құрылысы аяқталған болатын. Ол кезде 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған.Биыл екінші кезектің құрылысын аяқтадық. Осылайша, 20 жылға созылған ең проблемалы тұрғын үй кешенінің тарихы аяқталды.Ал «Жағалау 4» полигон 3 құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Жосықсыз әрекет салдарынан мердігерлер ауысып, үйдің аяқталу мерзімі өзгерді. Тұрғындардың жалпы жиналысында үлескерлерді жаңа «Е16, Е17, Е32» ТК-ға көшіру туралы шешім қабылданған. Осылайша, үлескерлер көптен күткен баспаналарының кілтін алды. Аумақты абаттандыру көктемде жалғасады.Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Соңғы жылдары құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешенін аяқтадық. Көптен күткен пәтер кілтін 15,5 мыңнан аса үлескер отбасы алды.Қалған бірнеше үйді жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905966
Соғым FEST және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: демалыс күндері қалай қуантады 24.12.2024
Астанада 21-22 желтоқсанда Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын кезекті Соғым FEST өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО тұрағында өтеді.Сондай-ақ сауда-ойын-сауық орталығында осы күндері қала тұрғындарының сүйікті қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді, джемдерді және т.б. сатып ала алады.Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Соғым FEST - әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905977
Бостандық ауданы: көркейтудің жаңа көкжиегі – жаяу жүргіншілер аймақтары, балалар алаңдары, техникалық тротуарлар және жасыл аллеялар 24.12.2024
Бостандық ауданында тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асырылған нысандарға арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қатысып, журналистерді көркейту жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.Баспасөз туры барысында қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген бес негізгі нысанға барды:Алғашқы нысан Орбита-4 шағын ауданындағы (№6 және №7 үйлер арасындағы) жаяу жүргіншілер аймағы болды. Мұнда кеспе тас төсеу, асфальт және резеңке жабын салу, габиондар орнату, көше жарықтандыру жүйесі мен перголаларды орнату, тренажер, воркаут және балалар алаңдарын салу, сондай-ақ автосуару жүйесі мен бақша қоршауларын орнатып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Жергілікті тұрғындар жаңа алаңды көркейткені үшін алғыс білдірді. «Бастама көтерген тұрғындарға көп рақмет. Бұл біздің соңғы жобамыз емес, жұмыс жалғасады, көркейту үшін аумақтарды іздеп жатырмыз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Екінші жоба Орбита-3 шағын ауданындағы 52-үйдің жанындағы жаяу жүргіншілер аймағы еді. Мұнда кеспе тас, геотекстиль және асфальт жабындары төселді, көшенің жарықтандыру жүйесі мен перголалар орнатылды, балалар алаңы мен орындықтар қойылды.Турға қатысушылар Жандосов көшесі, 34а мекенжайындағы балалар алаңына да ат басын бұрды.Бұл жерде футбол алаңы жаңартылып, стритбол алаңы салынды, екі пергола, тренажер, воркаут және балалар алаңы орнатылды. Асфальт жабыны ауыстырылып, алты орындық пен алты қоқыс жәшігі қойылды.Сондай-ақ, тұрғындар шахмат үстелі мен 250 метрлік көгал қоршауы үшін ерекше ризашылық білдірді.Келесі нүкте әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы техникалық тротуарларды көркейту еді.Техникалық тротуарлар магистральды көшелерде орналасып, жердің сырғып кетуіне жол бермейді және қарды сапалы тазартуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл тротуарлар су бұру мәселесін шешіп, нөсер жауын кезінде тротуарлардың су басуына жол бермейді. Алматының құбылмалы климатында бұл аса маңызды.Баспасөз турының соңғы аялдамасы Абай даңғылының бойындағы (Тұрғыт Озал мен Мұқанов көшелерінің аралығы) бөлінген жасыл аймақты көркейту жұмыстары жүргізілген нысан болды.Аумағы 5,2 га болатын бұл аймақта соңғы рет көркейту жұмыстары 15 жыл бұрын жүргізілген.Бұл жерде 120 жарық бағанын жаңарту, 110 орындық пен қоқыс жәшігін ауыстыру, 7020 м асфальт жабындысын алып тастап, 8000 м² кеспе тас төсеу, 10 шақырымдық суару жүйесін салу, жасыл желектерді санитарлық мақсатта кесу және көгалдандыру (1000 м қына ағаш, 2500 гүлдейтін бұта, 41 000 м² көгал) сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.«Бұл жобалар тұрғындардың ұсынысы мен идеясының арқасында жүзеге асты. Біз ауданымыздағы өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Алматыда қалалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалар қарқынды түрде дамып келеді. Бұл үдерісте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен әр тұрғын ауданын жақсарту жұмыстарына тікелей қатыса алады. Бұл өз кезегінде қаланы өмір сүруге қолайлы әрі жайлы етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906098
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы бөгеттерге, су өткізетін құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде 24.12.2024
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы бөгеттерге, су өткізетін құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Шідерті лиманды суару жүйесінде төрт гидротехникалық құрылыстың бөгеттері жөнделді. Сондай-ақ, балшықтан, қамыс және бұталардан тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/905268
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 274 мың гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз етті 24.12.2024
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай қаласында өңірдің шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.Кездесуде Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазбек Бедебаев өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Биыл шаруалар сұранысы бойынша суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етілді. Суару маусымы тұрақты өтіп, филиал облыстың 274 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті.2024 жылы филиал ұзындығы 640 шақырым болатын 278 арнаны механикалық әдіспен тазартты.«Суару арналары үнемі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, шаруаларға су үнемдейтін технологияларды енгізгендері үшін субсидия беріледі. Су үнемдейтін технологияларға көшкен дихандарға субсидиядан бөлек жеке тариф көзделген. Бұл шаруалар үшін өте тиімді», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Өз кезегінде шаруалар толғандырған сұрақтарын қойып, суармалы сумен жабдықтауға қатысты өзгерістер бойынша ақпарат алды.Кездесуден кейін Су ресурстары және ирригация вице-министрі мен облыс әкімінің орынбасары азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/905408
СКРИНИНГТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ГИПЕРТЕНЗИЯ, ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ ГЛАУКОМАНЫҢ 120 МЫҢ ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ 24.12.2024
Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.Скринингтердің барысында мыналар анықталды:* Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.* 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.* Глаукоманың 5 мың жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.Скринингтік жүйеде не өзгерді?Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.- қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.Бұл тәсілдер:- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;- скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде: артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет) жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет) қант диабеті (2 жылда 1 рет) глаукома (2 жылда 1 рет) жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет) сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет) колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет) вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/906006
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысының халқымен кездесу өткізеді 24.12.2024
2024 жылғы 20 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ұлытау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 10:00-де Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы 1, Ұлытау облысы әкімдігі ғимаратында өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905963
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысының халқымен кездесу өткізеді 24.12.2024
2024 жылғы 20 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Отырыс сағат 10.00-де Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 72, Ақтау қаласы әкімдігінде өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905985
БҚО-да қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы іске қосылды 24.12.2024
«Терра Ақжайық» ЖШС Батыс Қазақстан облысында бір мезгілде қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңын іске қосты.2024 жылдың қаңтарында Австралияның сарапшылары кешенге келді, олардың сараптамалық ұсыныстары негізінде шаруашылықта кешенді қалпына келтіру және 15 мың басқа кеңейту жұмыстары жүргізілді.Қараша айынан бастап кешенде шаруашылықтардан бұқашықтарды қабылдау басталды.Жаңа нысанның ашылуы мал шаруашылығын дамытуға және өңірде жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады.Алдағы жылдары инвестор ет өңдеу кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/906003
Жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасы балаларына мемлекет тарапынан оқу құралдарын алуға қаржылай қолдау көрсетіледі 24.12.2024
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамашылық еткен жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген. Заң жобасында бес новелла ұсынылды, оның біреуі жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылар балаларына қатысты. Онда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде қажетті мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделген. «Бұған дейін көмек тек мемлекеттік мектептердің оқушыларына ғана берілетін, ал енді жеке мектептерде оқитын балалар да осындай көмек алатын болады. Бұл мектептің меншік нысанына қарамастан, барлық балалар үшін білім берудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан. Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам бала мемлекеттен киім-кешек, оқу құралдарын сатып алу үшін қаржылай қолдау алды. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін жақсарту мақсатында ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару шараларын енгізген еді. Көмек алу үшін ата-ана алдымен баласының оқитын мекемесіне тиісті өтініш беруі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905973
Түркістан облысында заңсыз тұрмыстық химия өндірісімен айналысқан жерасты цехы әшкереленді 24.12.2024
2024 жылдың 18 желтоқсанында әділет органдарының қызметкерлері «Белизна» тауар белгісі иесі өкілінің өтініші негізінде тұрмыстық химия өндірісі бойынша заңсыз жерасты цехын анықтады. Аталған цех Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының аумағында Өзбекстан Республикасымен шекарадан 50 км жерде жеке үйде орналасқан.Жоспардан тыс тексеру барысында «К» жеке кәсіпкерінде «Белизна» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Зияткерлік меншік құқықтарын өрескел бұза отырып дайындалған 1500 бірліктен астам жалған өнім (жуу және дезинфекциялау құралдары) тәркіленді. Құқық иесіне келтірілген залал 3 миллион теңгеден асты.Айта кету керек, заңсыз жерасты бизнесі өкілдері көлемі 800 ш.м. асатын үй-жайда жаппай заңсыз өндіріс пен өнімді буып-түюді жүзеге асырып, оны Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің көтерме сауда базарларына жеткізіп отырған. Заңсыз өнімдер бағаның төмендігіне байланысты тез сұранысқа ие болған. Бірақ бір ескертетін жайт оның жасырын қаупі мыңдаған азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретінін айта кеткен жөн.Жалған жуғыш заттар өнімі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін арзан және сапасыз компоненттерден жасалған. Мұндай өнімдерде терінің тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, тыныс алу жолдарының ауруларын және тіпті улануды тудыратын улы заттар мен аллергендер болуы мүмкін.Қазіргі уақытта кінәліні жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда. Іс материалдары Түркістан облысы Әділет департаментінің қарауында.Әділет органдары Азаматтар мен заңды бизнестің мүддесі үшін зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуын анықтау және қорғау жөніндегі жұмыстарын жалғастырады. Заңды бизнесті қолдау өндірушілердің құқықтарын қорғап қана қоймай, тұтынушыларға қауіпсіз және сапалы тауарларға кепілдік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/905699
ҚР Көлік министрлігі Көліктегі оқиғаларды тергеу мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды күшейтеді 24.12.2024
ҚР Көлік министрлігінде Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің (бұдан әрі - Департамент)директоры Н.С. Малаевтың төрағалығымен әуе, теміржол және су көлігіндегі оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Бас көлік прокуратурасының, Ішкі істер министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.Кеңесте тергеп-тексеру жүргізу кезінде олардың рөлі мен іс-қимылын айқындау мақсатында әрбір мемлекеттік органның жұмыс бағытын айқындауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Тараптар себептерді анықтау үшін көліктегі оқиғаны тергеп-тексеру кезінде жедел ден қоюдың, жан-жақты көмек көрсетудің және бейтараптылықтың маңыздылығын атап өтті.Көліктегі оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу мәселелерінде мемлекеттік органдардың тығыз өзара іс-қимылын арттыру шеңберінде тараптар халықаралық стандарттарға сәйкес заңнамаға өзгерістер енгізу, мемлекеттік органдар арасындағы келісімге қол қою, бірлескен технологияларды әзірлеу, сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі жұмысты көздейтін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Департамент әуе, теміржол және су көлігіндегі оқиғаларды тергеп-тексерудің жалғыз мақсаты оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, сондай-ақ болашақта көліктегі оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылатынын атап өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/905794
Еңбекмині Қазақмыс жұмыскерлерін еңбек дауын құқықтық алаңда реттеуге шақырады 24.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі –Еңбекмині) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмыскерлері еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдейді және компания жұмыскерлерін өз жұмыстарын қайта бастауға шақырады және олардың жұмыс берушіге қойылатын талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынады. Осы жылдың 17-18 желтоқсанында «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасының жұмыскерлері жалақыны көтеру талабымен жұмысты тоқтатты. Жұмыскерлердің бұл әрекеттері еңбек заңнамасында көзделгендей талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұза отырып жүргізілді.ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қолданыстағы тәртіп: осы талаптарды жұмыс берушіге ресми жолдауды, оларды жұмыс берушімен қаралуын, ал оны шешу мүмкін болмаған жағдайда татуластыру комиссиясында қарастыруды көздейді.Жұмыскерлердің талаптарын қараудың аталған тәртібі өндірістік процесті тоқтата тұруды көздемейді. Заңнамада белгіленген тәртіпті сақтамау тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Еңбекмині тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысқа қайта кірісуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/905677