Қоғам
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰНЫ 28 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ҮШ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА 24.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүруде. Осыған байланысты Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов тиісті бөлім басшыларымен бірге Қытай елінде іссапарда болды.Іссапар барысында Үрімші және Санжы қаласындағы индустриалды аймақтың басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізіп, кәсіпкерлік нысандарды аралады.Ол жерде, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеумен көш бастап тұрған кәсіпорындарының жұмысын бақылап, тәжірибе алмасты.Нәтижесінде жоғарыдағы тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеумен айналысып жүрген ірі кәсіпкерлер Донг Уонг пен Зну Мингпен іскерлік байланыс орнату бойынша екі жақты келісімшарт түзіліп, алдағы уақытта ауданда құны 28 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді.Бұл жобалар іске асқан жағдайда аймақта 410 адамға жаңа жұмыс орны ашылып, аудандық бюджетке 400 млн.теңгеден астам салық түседі деп жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905795
ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 24.12.2024
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудің тиімді жолдары: жаңа инновациялық әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.Келелі кеңеске Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері және аудан, қалалардағы аралас мектеп мұғалімдері, аудан, қалалардағы тіл оқыту орталықтарында қазақ тілін үйрететін оқытушылар және этнос жастары қатысты.Басқосуда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Дайындық орталығы қазақ, орыс тілдері бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақбота Мырзаханова, облыстық білім басқармасы оқу бөлімінің бас маманы Зүбайра Алтаева өңірде этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттау және дәріптеу бағытында сөз қозғап, тілді үйренудің тиімді жолдарын түсіндірді.Сала мамандары жиында барлық салада іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу арқылы грамматикалық сауаттылықты арттыруға жол ашылатындығын атап өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Гүлмира Исатайдың айтуынша, өңірдің барлық аудан, қалаларында Мәдениет басқармасына қарасты тіл орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы осы курстарға 4 мыңға жуық адам қамтылды.Жиында атап өтілгендей, қазіргі таңда Түркістан облысындағы Ассамблея құрылымдарының ұйытқы болуымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінде «Достық үйінде» жексенбілік мектеп ашылған. Жалпы қазіргі таңда облыстағы этнос өкілдерінің 92 пайызы қазақ тілін жетік біледі.Іс-шарада сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева: «Мемлекеттік тілді меңгеру – Отанға, елге деген құрметтің белгісі әрі барлығымызды біріктіре түседі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз», деді. Сондықтан мемлекеттік тілді үйрену, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосу – азаматтық парыз» дей келе, этнос өкілдерін мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, күнделікті қатынас құралы ретінде қолдануға шақырды.«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905798
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ 24.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл облыс әкімінің басшылығымен облыс бойынша 47 ауыл «көгілдір отынмен» қамтылды. Даму жоспары аясында жыл басынан бері Бәйдібек ауданында 15 елді мекен табиғи газға қол жеткізіп отыр.Оның ішінде Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылына газ берілді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, облыс әкіміөңір басшысының құттықтауын жеткізді.– Биыл облысымыз үшін де, оның ішінде бәйдібектіктер үшін де жемісті жыл болды деуге толық негіз бар. Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында 50 ауылдың 36-сында «көгілдір отын» қолжетімді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» дейді халық даналығы. Қуанышты күндеріңіз көп болсын, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілейік, – деді облыс әкімінің орынбасары.Айта кетейік, облыс бойынша 2024 жылдың қорытындысымен 564 елді мекен (69,9 %) немесе 1 млн 834 мыңға жуық тұрғын (85,5 %) табиғи газбен қамтылатын болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905800
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 24.12.2024
Түркістан облысы, Төлеби ауданында жеке кәсіпкер жалғыз басты анаға 4 бөлмелі баспана сыйлады. Демеушілік есебінен салынған тұрғын үй қажетті сантехникамен жабдықталып, сыртқы қоршауы тұрғызылған. Тұрғын үй заманауи үлгіде толық әрленген.Баспаналы болған отбасының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров барып, демеушілік жасаған азаматқа алғысын жеткізді. Мектеп жасындағы ұлына планшет сыйға тартты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905806
ТҮРКІСТАН: «ОРДА» ПОЛИГОНЫНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАУДА 24.12.2024
Басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес арнайы операциялар күштері әскери бөлімінің қызметшілері Түркістан облысындағы «Орда» таулы оқу полигонында тәжірибелік сабақтарға кірісті. Барлық сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіліп, функционалдық міндеттерді, сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді қолдану тәртібін зерделеуге бағытталған.«Орда» полигоны – күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды пысықтау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынатын заманауи оқу орталығы. Елдің әскери элитасы саналатын бөлімнің әскери қызметшілері әртүрлі салаларда өз дағдыларын осы полигонда жетілдіруде. Дайындықтың негізгі бағыттары – қару-жарақты иелену, таулы даярлық, автомобиль және бронды танк техникасын басқару, радиотехникалық барлау жүргізу, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға қарсы күрес жүргізу.Полигондағы практикалық дайындық таулы маршруттардан өтуге үйретуді, альпинистік жабдықты пайдалануды, сондай-ақ жету қиын жерлерде зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтауды қамтиды. Сарбаздар биіктікте және бағдарлау қиын орындарда атысу, су тосқауылдарын еңсеру және ұзақ қашықтыққа марш жасау сияқты практикалық жаттығуларды орындап, өз машықтарын жетілдіруде.Практикалық сабақтар барысында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану тәртібін зерттеуге ерекше назар аударылады. Барлық сабақтар жауынгерлік даярлық талаптарына сәйкес жүргізіледі, бұл алған білімнің әскери қызметшілердің алдында тұрған нақты міндеттерге жоғары дәрежеде орындауын қамтамасыз етеді.Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен бақылау сабақтары өткізіледі. Бұл сынақтар әскери қызметкерлердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және жауынгерлік жағдайға мүмкіндігінше жақын жағдайда тиімді жұмыс істеу қабілетін тексеріп қана қоймай, шеберліктерін шыңдайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905809
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН БІРЕГЕЙ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ 24.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалди өңірде тағы бір зауыттың құрылысын бастау жөнінде келіссөз жүргізді. Ол инвестормен кездесіп, жаңа жобаның жүзеге асу барысын жан-жақты талқылады. Түркістан облысындағы индустриалды аймақта сиыр сүйектерінен түрлі өнімдер шығаратын өндіріс кешенін салу жоспарлануда. Бірегей жоба пайдаланылмаған ірі қара малдың сүйектерін озық биотехнологияларды қолдана отырып өңдеп, жоғары экономикалық құнды өнімге айналдыруды көздейді.Жоба мал қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар аймақ үшін экономикалық өсудің жаңа көзіне айналады. . Жаңа өндірістің іске қосылуы облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартады. Ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық Ұлы Жібек жолы құрылғаннан бері дамып келе жатқан екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізеді.Кездесу барысында Дархан Сатыбалди экономиканың келешегімен таныстырды. өңірдің дамуы және өңірдің қазіргі инвестициялық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Аймақ басшысы өңірдегі қолайлы бизнес-климатты да ерекше атап өтті. Оның айтуынша, аймақта инвесторлардың жұмысын жеңілдету үшін барлық жағдай жасалған.- Мемлекет басшысы екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, қытайлықтарды жан-жақты қолдайтыны белгілі. «Бір белдеу» бағдарламасы. «Бір жол» мегажобасы. Тарихы терең, болашағы жарқын Түркістан өңірінде кәсіп ашу – ұтымды шешім. Біздің бүгінгі мақсатымыз – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеру. Ауыл шаруашылығы Түркістан облысы экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Біз бұл саланы дамыту үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді Дархан Амангелдіұлы ҚХР өңірлерімен екіжақты аймақаралық байланысты нығайту мақсатында Түркістан облысында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. Облыс орталығында өткен халықаралық форумда 300 миллиард теңгеге келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде облыста дрондар мен бейнекамералар, медициналық құрал-жабдықтар, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, азық-түлік және басқа да тауарлар шығаратын кәсіпорындар ашылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905812
Олжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды 24.12.2024
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесулер өткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымдық міндеттерді шешу барысы талқыланды. Сондай-ақ бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне де назар аударылды. Сөз сөйлеушілердің айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесін Қостанай облысының тұрғындары бұрын да көтерген, өйткені 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеді. Осылайша, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім күнделікті тұрмыстық процестерді жеңілдетті. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар бірыңғай уақыт белдеуін қолдап сөз сөйледі. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғындармен әңгімелесу барысында табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсері ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды, бұл табиғи уақытқа сәйкес өмір сүрудің ең пайдалы екенін растады. Осы жұмыстың және басқа да ғылыми зерттеулердің негізінде 2022 жылы 80-нен астам елдің ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері қол қойған Барселона декларациясы қабылданды. Премьер-министр Қостанай облысының тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға осы маңызды шешімді түсініп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.«Шешім Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл зерттеуде ғалымдар табиғи уақытта өмір сүрген кезде адам үшін ең жақсы және пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылуда. Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 болып табылады. Бұрын өздеріңіз білетіндей, біз басқа UТC+6 белдеуінде болдық. Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ зауыт ұжымымен кездесу барысында Мемлекет басшысы жариялаған алдағы Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында еңбек жағдайлары және өзге де қолдау шаралары мәселелері көтерілді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905797
Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Ақтөбе өңірінің әлеуетімен танысты 24.12.2024
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті.Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі екі елдің тату көршілік қатынастары мен тығыз өзара іс-қимыл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді байланыстардың белсенді дамуына ықпал ететінін алға тартты.Айтып өткен жөн, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қазірдің өзінде белсенді дамуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында Ақтөбе облысының Өзбекстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 40 млн АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспорты бидай, ұн, күнбағыс майы және мұнай өнімдері сияқты позицияларды қосқанда 29,3 миллион АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде импорт 10,7 млн долларды құрады, ондағы негізгі тауарлар – жеміс-көкөніс өнімдері, тұрмыстық техника, жаңғақтар, кептірілген жемістер, киім және тоқыма.«Әрқашан орнатылған ынтымақтастықтың одан әрі дамып жатқанына қуаныштымыз. Біз маусымнан тыс уақытта қоймаларда тұрақты көлемді қамтамасыз етуде тауарларды уақытылы жеткізуді ұйымдастыру үшін сіздердің бизнестеріңізбен жұмыс істеуге дайынбыз.Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы айтқым келеді. Көптеген қазақстандық Ташкент пен Самарқанды туристік бағыт ретінде қарастырады, сондай-ақ медициналық туризм аясында емделуге де барады.Бұл тұрғыда Ақтөбе мен Ташкент арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселесін шешу қажет. Бұған қажеттілік зор, өйткені қазір рейстер Түркістан арқылы жүзеге асырылуда», - деп атап өтті елшімен кездесу барысында өңір басшысы.Әкім өңірдің қолайлы географиялық жағдайы мен дамыған көлік инфрақұрылымы, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі Өзбекстанмен сауда байланыстарын кеңейтуде қосымша мүмкіндіктер туғызатынын тілге тиек етті.Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы әуе қатынасын дамыту перспективалы бағыт екенін сөз қылды. Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесу қатысушыларына өз елінің туристік әлеуетін таныстырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Біздің елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынастар қалыптасты. Бүгін Ақтөбеде Өзбекстанның туристік әлеуетін алғаш рет таныстырып отырмыз, бұл көшбасшыларымыздың күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. 15 жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді, қазір екі ел арасында ешқандай шектеулер жоқ.Сіз басқаратын өңірмен ынтымақтастықты дамыту өте қызықты. Біз мәдениетаралық мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға әзірміз. Екі өңір аумақтық жақындығы өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады», - деді Б.Ибрагимов.Елші Өзбекстанның Ақтөбе облысымен тоқыма өнімдерін, құрылыс және әрлеу материалдарын жеткізу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігіне назар аударды. Өзбек делегациясы бұл мәселені ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесуде де талқылаған.Кездесу соңында Асхат Шахаров меймандарды Ақтөбе облысы нәтижелі өзара іс-қимылға дайын екендігіне және екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына әсер ететін зор әлеует барына сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905813
Абай облысында 249 мың адам спортпен шұғылданады: Ербол Мырзабосынов өңірде есеп беру кездесуін өткізді 24.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.Қазіргі таңда елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны 510 мың адамға өсіп, 8 миллионға жетті. Бұл – ел халқының 40,4%-ы. Ауылдық жерлерде 3 миллион адам спортпен айналысады. Ал Абай облысында бұл көрсеткіш 41,8%-ға, яғни 249 мың адамға тең. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің саны 24 мыңнан (12,8%) асады.«Модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы жергілікті жерлерде, соның ішінде ауылдарда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. Абай өңіріндегі Ақсуат, Қайнар, Шүлбі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Үржар ауданында балалар спорт мектебінің жүзу бассейні пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен Семей қаласында «Әлем» спорт кешені мен BURA жекпе-жек залы салынды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Таскескен ауылында спорт модулінің құрылысы аяқталды», - деді Ербол Мырзабосынов.Министрлік «Дене шынықтыру және спорт мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Мәжіліс бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында Министрлік пилоттық режимде негізгі 3 модульді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен әдіскерлер туралы бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың «электронды күнтізбесі» және объектілердің тізілімі.Министр еліміздің бірегей табиғаты мен бай мәдени мұрасын, туристік мүмкіндігін толық пайдалану керек екенін айтты. Жалпы, облыста туристік бағытта ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Ibis Elimai Semey Hotel 4 жұлдызды қонақ үй кешенінің, Silkway қонақ үйінің, туристік объектілердің, этноауыл туристік кешенінің, Eastwood Resort қонақ үйінің құрылысы жүріп жатыр.Алакөл көлінің курорттық аймағы бағытында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жоспарланған.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.Биыл 31 мамырда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Ойын автоматтары мен лотерея терминалдарын әкелуді лицензиялау, заңсыз құмар ойындардың жарнамасын шектеу шаралары, лудомандар мен олардың жақындарына онлайн-қолдау көрсету енгізіледі. Құмар ойындарға және бәс тігуге үнемі қатысатын азаматтардың санын 350 мыңнан 200 мың адамға дейін азайту жоспарлануда.Құмар ойындардан өзін шектеу қызметін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі таңда 170 мыңнан астам адам eGov mobile қосымшасы арқылы құмар ойындарға өз еркімен қатысуын шектеді. Бұған дейін азаматтар 6 айдан 12 айға дейін шектей алатын еді. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды.Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/905320
Ербол Мырзабосынов Абай ауданындағы спорт нысандарын аралап, жаттықтырушылармен кездесу өткізді 24.12.2024
Абай облысына жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Министр өңірдің спорт инфрақұрылымын жақсарту және дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды көрді.Ербол Мырзабосынов ең алдымен 2020 жылы пайдалануға берілген «Арена» мәдени-спорт кешеніне барды. Бұл кешенде балаларға баскетбол, футбол, теннис, су поло және жүзу сияқты спорт түрлерімен еркін айналысуға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда заманауи жабдықтар, кең әрі ыңғайлы алаңдар бар, бұл балалардың спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік береді.Сондай-ақ өңірдегі жаттықтырушылармен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, жергілікті мамандардың жұмыс шарттары мен мәселелерін назарға алды.Министр жаттықтырушылармен кездесуде олимпиадалық резервті даярлау мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл мәселе Қазақстанда жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауға кедергі келтіруде. Министр мәселені шешу үшін болашақта арнайы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру қажеттігін айтты.Бұдан бөлек, ол жаттықтырушылардың біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталып, оларды үздіксіз білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Спорттық медицина саласына да көп көңіл бөлінуі керектігін, оның спортшылардың денсаулығын сақтау және тиімді жаттығу процесін ұйымдастыру үшін маңызды рөл атқаратынын жеткізді.Бұдан әрі министр Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласындағы №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Мұнда балалар бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, велоспорт, таэквондо (WT, I.T.F), спорттық және жауынгерлік самбо, сондай-ақ волейбол секілді спорт түрлерімен айналысады.«Қазіргі таңда Абай облысында жазғы және қысқы олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық та арта түсуде. Қыркүйек айында елордамызда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткенін жақсы білесіздер. Абай облысының спортшылары 3 алтын және 2 күміс медальді еншіледі. Келесі жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі – Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындары. Бүгінде спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Соның ішінде Абай облысынан 4 спортшы, атап айтқанда биатлоннан – 2, шаңғы жарысынан 2 спортшы қатысады», - деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/905671
«Эйр Астана» Германияға жаңа бағыт ашады 24.12.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.Осылайша, 2025 жылдың 1 маусымынан бастапқазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет(сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.Қазіргі уақытта әуе компаниясы ФранкфуртқаАстана мен Оралдан ұшады. Алматыдан әуерейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік жәнемәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпалетеді.Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер A321LR типті ұшақтарда орындалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/905659
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі М.Қ. Қалиақпаров «Қазақстан – көлік және логистика нарығының жаһандық қатысушысы» форумына қатысты 24.12.2024
Астана қаласында «Қазақстан – көлік және логистика нарығының жаһандық қатысушысы» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараға 200-ден астам қатысушы жиналды, олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдері бар.Форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров сөз сөйлеп, Қазақстанның жаһандық көлік дәліздеріндегі негізгі рөлін атап өтіп, инфрақұрылымды одан әрі дамыту, инновациялық шешімдерді енгізу және логистиканы цифрландырудың маңыздылығына тоқталды.Форум көлік және логистика саласындағы жаңа тәсілдерді талқылау, тәжірибе алмасу және әріптестік қатынастарды нығайту алаңы болып табылады. Қатысушылар инфрақұрылымды жаңғырту, транзиттік бағыттардың тиімділігін арттыру және озық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/905684
Қазақстанда «Пиротехника» акциясы басталды 24.12.2024
Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасы бойынша Ішкі істер министрлігімен, әкімдіктермен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп 2024 жылғы 14 желтоқсаннан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанда жаңа жылдық мерекелер кезеңінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Акцияның мақсаты – пиротехниканы пайдалану ережелері бұзушылықтарының алдын алу, халықтың ықтимал қауіптер туралы хабардарлығын арттыру және жаңа жылдық мерекелер мен салюттер сияқты бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Іс-шара аясында өртке қарсы қызмет және әкімшілік полиция комитеттерінің басшыларымен бірлесіп дайындалған кешенді жоспар бекітілді. «Іс-шараның алғашқы күндерінде 590 бірлескен рейд жүргізілді, оның барысында азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ, жарықтандыруды, электр гирляндаларын және әшекейлерді қауіпсіз пайдалануға ерекше назар аударылады. Бұқаралық іс-шаралар жоспарланған объектілердің иелеріне үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салу туралы еске саламыз», - деп Ерлан Төрегелдиев, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда, оның ішінде салют орындарында 1 100 профилактикалық іс-шара өткізілді. Қауіпсіздікті оқыту шеңберінде ұйым қызметкерлерінің, педагогтардың, студенттер мен балалардың қатысуымен 1 256 эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды. ТЖМ пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады. Пиротехниканы ғимараттардан, автотұрақтардан 50 метр қашықтықта іске қосуға болады. Оларды кәмелетке толмағандарға өз бетінше пайдалануына тыйым салынады. Үйде отшашуды қолдануға мүлдем жол берілмейді. Сондай-ақ, салюттерді қолмен, балкондармен және лоджиялардан ұшыру қауіпті. Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды тиісті сертификаттың бар екеніне көз жеткізіп, мамандандырылған павильондарда сатып алу қажет екендігіне назар аударамыз. Ең алдымен, қаптаманың тұтастығын және жарамдылық мерзімін тексеру керек. Пиротехникалық өнімдер дұрыс пайдаланылмаса, әсіресе тұрғын үйлердің жанында және ашық жерлерде қауіпті болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/905701
2024 жылы елімізде 600 мектеп асханасы модернизациядан өтті 24.12.2024
2024 жылдың қорытындысы бойынша 600 білім беру ұйымында асханалар модернизациядан өтті. Бұл мектептерде 200 мыңнан астам бала білім алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі. Модернизация балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту, оқу процесінің сапасын арттыру арқылы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. «Мемлекет жыл сайын мектептерді модернизациялауға қаражат бөліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектепті негізгі жеті бағыт бойынша модернизациялау жүргізілуде. Оның ішінде мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәндік кабинеттер сатып алынуда, жиһаздары, кітапханалар жаңартылуда, қауіпсіздік жағдайлары жақсартылуда», - деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. Сонымен қатар биылғы жылдың қыркүйегінен бастап 1,7 млн мектеп оқушысы үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында Министрлік 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қарады. Оның ішінде ас мәзірін өңірде шығарылатын отандық өнімді қосып, әзірлеу жөніндегі норма енгізілді. Бракеражды комиссиялар құрылып, оның құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медициналық қызметкерлер кірді. Бракеражды комиссиялар үшін мониторингтік топтардың қызмет тәртібі туралы нормалар заң жүзінде бекітілді. Атап өту керек, Денсаулық министрлігімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыру нормалары қайта қаралып, жаңа тамақтандыру стандарты әзірленді. Ол 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905548
Қазақстан мектептерінің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды 24.12.2024
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептерінің 90%-да кедергісіз орта құрылды, ал балалардың арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуы 80%-ға жетті. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді. «Инклюзивті және кедергісіз білім беру ортасын құру – барлық оқушылар үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Арнайы ұйымдар желісі 496-ға дейін көбейді, одан бөлек 96 балаларды қолдау кабинеті ашылды», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева. Қазіргі уақытта елімізде барлығы 221 ППТК, 105 ПМПК және 1071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905694
12,1 млн га пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлер 2022 жылдан бастап мемлекетке қайтарылды 24.12.2024
Бұл жұмыс ҚР АШМ ЖҚК және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясымен бірлесіп жүргізілді.Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 3,7 млн га аумақта жерді игеруге кірісті.Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлердің 4,8 млн гектары бүгінгі күні қайта бөлінді.Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы республикалық комиссия ретінде қайта құрылды. Оның негізгі міндеті – жерлерді ауыл халқының қажеттіліктері үшін қайта бөлуге және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау.Сондай-ақ, қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес, салық төлеуді, инвестиция тартуды және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесі пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905466
Қазақстандық оқушы Сауд Арабиясында өткен ЮНЕСКО халықаралық конференциясында авторлық ертегілерін таныстырды 24.12.2024
Қарағандылық 11 жасар Платон Нечаев Сауд Арабиясының Жубайл қаласында өткен Оқитын қалалардың 6-шы халықаралық конференциясына (6th International Conference on Learning Cities) қатысты. Бұл алаңда тұрақты даму, климаттың өзгеруі және оқитын қауымдастықтар құру мәселелерін талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар жиналды.Платон Нечаев экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы креативті ойлауды дамытуға ықпал ететін, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыратын «PLATON 5D ойлау» білім беру бағдарламасын таныстыру үшін арнайы шақырылды.Сонымен қатар, қарағандылық оқушы конференцияға арнайы «Уақыттың сиқырлы компасы» деп аталатын жаңа ертегісін ұсынды. Платон Жубайл мен Қарағанды балалары арасында тәжірибе алмасу мақсатында екі қалада достық ағаштарын отырғызуды ұсынды.Айта кетейік, Платон – Қазақстанның ең жас креаторларының бірі. Оның әңгімелері әртүрлі оқиғалар мен кейіпкерлерге, сүйікті қаласы Қарағандының тарихына арналған.Жас қаламгер иллюстрацияларын жасанды интеллект көмегімен өзі жасайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905452
Азаматтық қоғамды дамыту: ҮЕҰ Қазақстандағы әлеуметтік әл-ауқатқа қосқан үлесі 24.12.2024
Мемлекет азаматтық сектормен өзара қарым-қатынасты жобалық әріптестік арқылы нығайтып келеді.Бүгінде ҮЕҰ – әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруда негізгі серіктес.Елімізде жыл сайын ҮЕҰ-мен 2000-нан астам бірлескен әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Олардың саны артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда, жобалардың жалпы саны 41%-ға, гранттық жобалар 33%-ға өсім көрсетті.Халық арасында ерекше сұранысқа ие жобалар келесі салалар бойынша жүзеге асырылуда: әлеуметтік осал топтарды қолдау – 726 жоба, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 290 жоба, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту – 232 жоба, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу – 140 жоба, азаматтардың денсаулығын сақтау – 100 жоба.Бұл жобалар білім беру, инклюзивті қоғам құру, жастардың әлеуетін дамыту саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы:Гранттық жобаларды жүзеге асыру аясында 500-ден астам жұмыс орны құрылды.670 шағын грант арқасында белсенді азаматтар мен шағын ұйымдар өз бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.100 мыңнан астам адам оқу шараларына қатысты, ал 2000-ға жуық ҮЕҰ әдістемелік және кеңестік көмек алды.Халықтың әртүрлі топтарына көмек көрсету үшін 20 мыңнан астам волонтер дайындалды.1,2 миллионнан астам адам, соның ішінде 15 мың ерекше қажеттіліктері бар адам әлеуметтік көмек алды.120-дан астам мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.4405 ауыл тұрғыны өз аумақтарын басқару процесіне қатысуға белсенді түрде тартылды.Жергілікті қауымдастықтың әртүрлі мәселелерін шешу үшін 36 жаңа бастамашыл топ пен ҮЕҰ құрылды.2024 жылғы басты жаңалықтардың бірі – 5 стратегиялық жобаның жүзеге асырылуы. Бұл жобалар азаматтық қоғамды дамытуға, волонтерлік қызметті қолдауға және әдеби шығармашылықты ілгерілетуге бағытталған.Аталған жобалар шеңберінде стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру үшін Азаматтық қоғамды дамыту орталығы және Ұлттық волонтерлік фронт-кеңсесі ұйымдастырылды.Мұндай жобалардың ерекшелігі – олардың ауқымдылығы мен стратегиялық маңыздылығында. Олар ағымдағы міндеттерді шешумен қатар, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты негіз қалыптастыруға арналған.Сонымен қатар, ҮЕҰ қызметін институционалдық қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы механизмі енгізілген.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы – республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай марапат.Осы уақыт ішінде 486 ҮЕҰ сыйлықақы алды: 2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63, 2019 жылы – 63, 2020 жылы – 38, 2021 жылы – 64, 2022 жылы – 54, 2023 жылы – 79, ал 2024 жылы – 66 ҮЕҰ.Биыл сыйлықақыға үміткер ретінде елдің барлық өңірлерінен 146 өтінім түсті, олардың ішінен 66 ұйым жеңімпаз атанды. Бұл ұйымдардың жобалары түрлі мәселелерді шешуге бағытталған нақты үлестерін көрсетті.Осылайша, ҮЕҰ-ны ынталандыру мен қолдау олардың жұмысын жандандыруға ғана емес, әлеуметтік жауапты қоғамды қалыптастыру арқылы мыңдаған адамдардың өмірін жақсартуға ықпал етеді.Азаматтық қоғамды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды басымдығы болып қала береді. Ауқымды бағдарламаларды іске асыру, қаржыландыру көлемін арттыру және азаматтық бастамаларды қолдау халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, азаматтық қоғам институттарын нығайтуға, олардың әлеуеті мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905529
Қазақстан мен Өзбекстан дезинформация мен жалған жаңалықтарға қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтеді 24.12.2024
18 желтоқсан, бейсенбі күні Ташкентте Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің өкілдері кездесу өткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылға арналған ақпараттық саладағы өзара іс-қимыл жоспарына қол қойды.Құжатқа Өзбекстан Президентінің 8 тамызда Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалар аясында қол қойылды. Сол сапарда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық коммуникациялар саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме мен шешім қабылдаған болатын.Жоспарда медиаконтент алмасуды ұйымдастыру, БАҚ үшін тренингтер мен семинарлар өткізу, баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру, жас журналистерді қолдау және дезинформацияға қарсы бірлескен күрес қарастырылған.Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлескен медиажобаларды интеграциялаудың маңыздылығын және дезинформация мен жалған жаңалықтарға қарсы күрес механизмдерін әзірлеу қажеттілігін атап өтті.Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында БАҚ өкілдері үшін баспасөз турларын ұйымдастыруға келісті.Сонымен қатар, кездесу барысында Өзбекстан Президенті Телерадио кешенінің басқарушы директоры Роберт Мурадян Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық пен контент алмасуды нығайтуға бағытталған қазақстандық Silk Way телеарнасының жоспарлары мен перспективалары туралы айтты.Талқылау қорытындысы бойынша тараптар контент алмасуға дайын екендерін білдірді.Айта кетейік, 17-19 желтоқсан аралығында Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің ақпарат және БАҚ-қа жауапты министрлер мен жоғары лауазымды тұлғаларының VI кеңесіне қатысып жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905637
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 24.12.2024
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жол және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.Іс-шара барысында субъектілермен өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілді. . Отырыста келесі мәселелер талқыланды: Жол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданатын шаралар туралы; Іс-шараның қорытындылары туралы; 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы.Аталған бағыттар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың зерттеу объектілері. қызметі.Отырыстың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Бюджет қаражатын жұмсаудың ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905530