Қоғам
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Тәуелсіздік күнін салтанатты жағдайда атап өтті 24.12.2024
Қалыптасқан дәстүр бойынша әскери бөлімдерде мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалып, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Қонаев, Талдықорған және Алматы гарнизондарындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде Тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған салтанатты митингілер өтті. Жауынгерлік дайындықта үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында Тараздан келген Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасының мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Бақытжан Әділхан да бар. Оның айтуынша, тәуелсіздікке апаратын жол оңай болған жоқ, бірақ халықтың бірлігінің арқасында ел өз бетінше дамуға мүмкіндік алды.Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау қаласында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің сержанттары Тәуелсіздік күніне арналған челленджді іске қосты. Олар эстафетаны "Шығыс" ӨңҚ әскери қызметшілеріне тапсырып, символдық жағдайда 16 шақырымға жүгірді.Осы арқылы жауынгерлер тамаша дене шынықтыру дайындығы мен әскери ұжымдардың бірлігін көрсетті.– Еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын қорғап қана қоймай, табандылық пен патриотизмнің үлгісін көрсететін Отан қорғаушыларымызды мақтан тұтамыз, - деп атап өтті "Батыс" өңірлік қолбасшылығының сержанты 1-сыныпты сержант Бағдат Байсеріков.Ал Алматы халықаралық әуежайында әскери оркестр мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары патриоттық флешмоб өткізді. Әскери музыканттар "Алматы" шеруін, "Қазақтай ел қайда?!", "Азия дауысы" композициясы мен "Адай" күйін орындады. Әскери қызметшілердің өнеріне жолаушылар мен әуежай қызметкерлері қошеметпен қол соқты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/903462
Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады 24.12.2024
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Астанадағы концерттен оралған қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегеновамен халықаралық әуежайда кездесті.16 желтоқсанда мерейлі 95 жасқа келген Бибігүл Төлегенованы әскери қызметшілер мен курсанттар әскери оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. Осылайша, олар шығармашылығы Қазақстан тарихы мен мәдениетінен орын алған ұлы әншіге терең құрмет көрсетті.– Сіздерге көрсетіп жатқан сый-құрметтеріңіз бен құттықтауларыңыз үшін шын жүректен ризамын. Өнер шығармашылық жолы ғана емес, Отанға, елге қызмет ету. Ыстық ықыластарыңыз маған қатты әсер етті, шын жүректен алғыс айтамын, – деді Бибігүл Ахметқызы курсанттар мен қатысушыларға сөйлеген сөзінде. Өз кезегінде курсанттар қазақтың бұлбұл әншісімен кездесу маңызды оқиға болғанын атап өтті. – Бибігүл Ахметқызын мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Осындай ұлы тұлғамен кездесу бізді жігерлендіреді. Отанға қызмет ету – еліміздің рухани құндылықтарын қорғау ғана емес, сақтау және дамыту екенін түсінеміз, – деп деді әскери жоғары оқу орнының 2 курс курсанты Ерасыл Әскербеков. Бибігүл Төлегеновамен кездесу – ұрпақтар арасындағы байланыстың жарқын көрінісі. Бұл мәдениет пен өнердің болашақ Отан қорғаушылар үшін және бүкіл халық үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/903468
Алматыда Қорғаныс министрі танымал армия спортшыларын марапаттады 24.12.2024
Биыл армия спортшылары Ғұсман Қырғызбаев, Ислам Сәтбаев, Демеу Жадыраев және Нариман Құрбанов елімізді әлемге әйгілі етті. Парижде өткен Олимпиададағы жеті медальдың төртеуін Армия орталық спорт клубының өкілдері еншілеген болатын.Генерал-полковник Руслан Жақсылықов CISM халықаралық әскери-спорттық ұйымымен байланыстың қайта жандануын оң бағалап, келесі жылы ол басқармадан бізге бір орын берілетінін мәлімдеді.– Екі жыл қатарынан әскери қызметшілеріміз республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңіске жетті. Келесі жылы АОСК шеңберінде біз осы спорт түрінен әлем чемпионатын өткіземіз. Оған қоса, Жоғарғы Бас қолбасшы әскери спорт колледжін құру туралы шешімімізді қолдады. Бұл Қарулы күштер үшін де, мемлекетіміз үшін де спортты дамытудың тағы бір қадамы. Жастардың лайықты білім алуы және болашақта спортта жоғары жетістіктерге жетіп, өз әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасаймыз, – деп атап өтті министр.Қорғаныс ведомствосының басшысы АОСК басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойды. Олардың қатарында қазақ күресі, самбо, жауынгерлік самбо және регбиді дамыту да бар. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов бұдан бөлек Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына жүз жыл толуына арналған спорттық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру қажеттігіне де тоқталды.Кездесу соңында Қорғаныс министрі АОСК спортшыларын, команда бастықтарын, жаттықтырушылар мен спорт ротасының әскери қызметшілерін марапаттады. «Ел қорғаны» медалі аға лейтенант Марат Байқамұровқа, Қарулы Күштердің қызметкері Нариман Құрбановқа, ефрейтор Нұрқожа Қайпановқа, кіші сержант Жәмила Бақбергеноваға және капитан Зәмзәгүл Файзолановаға табысталды. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» белгісіне қатардағы жауынгерлер Асан Сәлімов, Абдулла Мусин, Әлімхан Сыздықов, ефрейтор Мейіржан Әшіров және Қарулы Күштердің қызметкері Камиль Куруглиев ие болды. Қарулы Күштердің қызметкері Ангелина Лукас министрдің грамотасын алды, ал атаулы сағаттар – подполковник Атахан Нұридиновке, лейтенант Асан Мәмбетқұловқа, капитан Ғұмар Қырғызбаевқа, Қарулы Күштердің қызметкерлері Камал Гаджимагомедовке пен Нұрым Дүйсеновке берілді.Оқу-әдістемелік жиын аясында Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен жоғары оқу орындарының дене шынықтыру даярлығы және спорт мамандарының қызметінің қорытындысы шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/903582
Абай облысында цифрлық форматта 4,5 мыңнан астам жасөспірім тіркелген 24.12.2024
Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті облыс әкімдігімен және өңірдің әскери прокуратурасымен бірге жергілікті әскери басқару органдарының цифрлық трансформациясы аясында әскери есепке алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өткізді. Отырыс облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаровтың басшылығымен өтті. Өзекті мәселелерді талқылауға оnline режимде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, аудандық және қалалық әкімдіктердің өкілдері де қатысты.Департамент басшысы әскери саланы цифрландыру төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстар және оның оң әсері жайлы баяндады. Оның айтуынша, цифрлық трансформация әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу ережелеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді. Енді азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскери комиссариаттардың немесе ХҚКО-ның табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ, бұл деректер автоматты түрде өзгереді. Әскери қызмет өткермеген, оның ішінде 27 жасқа толған адамдарға әскери билеттер берілмейді. Оның орнына әскери міндетті мәртебесі беріледі, әскери есеп е-Gov порталының жеке кабинетінде көрсетіледі. Жұмысқа орналасу кезінде әскери қызметке қатысты анықтамалар алу үшін әскери комиссариатқа келудің қажеті жоқ. Жұмыс беруші бұл ақпаратты е-Gov ресурсында өзі көре алады. Негізгі өзгерістердің бірі 17 жастағы қазақстандыққа енді жеке ісімен әскери комиссариаттарға барудың қажеті жоқ. Енді тіркеу жүйедегі бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ зейнеткерлікке шыққан кезде әскери қызметті өткергенін растау туралы анықтама алу үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Керек ақпарат зейнетақы төлемдерін есептеу жөніндегі уәкілетті органға беріледі.Тағы бір жаңалық, егер «e-Gov» мәліметтерінде қате болса немесе кей ақпар жоқ болса, азаматтар растайтын құжаттарды қоса бере отырып, деректерді тікелей «e-Gov» порталы арқылы түзетуге өтініш бере алады. Полковник Руслан Омаровтың айтуынша, барлық жергілікті әскери басқару органдары цифрлық құжат айналымына ауыстырылған. Осылайша, аймақта 17 жастағы 4634 жасөспірім тіркелген.Аталмыш жаңа формат ҚР Қорғаныс министрлігі ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарымен интеграциялық өзара іс-әрекетінің арқасында қолжетімді болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/904057
Әуе қорғанысы күштері мен Astana International University ынтымақтастық туралы келісті 24.12.2024
Тараптар білім беру, ғылыми және практикалық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Іс-шараға Astana International University ректоры Серік Ирсалиев, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықов, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің өкілдері қатысты. Меморандум қызметтің түрлі салаларында бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, оларды практикадан өткізуді және тәжірибе алмасуды көздейді. Тараптар бірлескен кездесулер, форумдар мен конференциялар өткізуге ниет білдірді. Семинарлар мен онлайн-вебинарлар шеңберінде қорғаныс ведомствосының психологиялық қызмет мамандары психологияның әртүрлі салаларында өз құзыреттерін ақысыз негізде жақсарта алады. Ынтымақтастық кадрларды даярлау және бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа көкжиегі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/904076
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! 24.12.2024
Құрметті отандастар!Баршаңызды 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекелерінің бірі. Бұл күн ерекше мән-мағынаға ие. Халқымыз үшін елдік пен егемендіктен асқан байлық жоқ.Азаттықтың арқасында Қазақстанда татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім орнады. Тәуелсіздік жылдары жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, мемлекеттігіміз нығая түсті. Шекарамыз бекітіліп, қаржы-экономикалық көрсеткіштеріміз қарқынды дамыды. 16 желтоқсан – ұлтымызды ұйыстыратын, жұртымызды жұмылдыратын, абыройымызды асқақтататын мәртебесі биік мейрам.Осынау мерекеде сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт, қызметте толайым табыс тілеймін!Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, туымыз тұғырлы болсын! Құрметпен, Мәди Такиев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/903396
Активтерді басқару тәсілдері 24.12.2024
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің негізгі міндеті – арнайы мемлекеттік қорды толықтыруға бағытталған активтерді сату.Сондай-ақ, активтерді басқарудың әртүрлі тәсілдері қолданылады, оның ішінде мүлікті жалға беру, сенімгерлік басқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және актив орналасқан елдің заңнамасына сәйкес Басқарушы компания айқындайтын өзге де әдістер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/903992
Қайтарылған активтерді сату тәсілдері 24.12.2024
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС активтерді өткізу үшін бекітілген ережелерді қатаң сақтай отырып, заманауи және ашық әдістерді қолданады.Активтер E-Qazyna веб-порталында аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттық арқылы сатылады. Бұл аукционға қатысқысы келетін кез келген адамға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әділ бәсекелестік жағдайларын жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/903993
Шетпелік 8 отбасыға пәтер кілті табысталып, өнерпаздар мен коммуналдық мекемеге жаңа көлік кілттері берілді 17.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау ауданы мәдениет үйінің өнерпаздарын тасымалдайтын шағын автобус пен коммуналдық мекемеге су таситын көліктің кілттері табысталды.Сонымен қатар, шетпелік 8 отбасыға Қосбұлақ-2 елді мекенінен су жаңа баспана берілді. Жаңа қоныстанушылар арасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, мүгедек бала тәрбиелеушілер, толық емес және көп балалы отбасылар бар.Пәтер кілтін табыстауға арналған салтанатты шараға Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Сегізбай Әнес қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.-Мемлекет басшысының тапсырмасына сай үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Міне бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауданымызда қуанышты жағдай орын алып, тұрғындар жаңа үйдің кілттерін алуда. Биыл Қосбұлақ-2, Жаңаорпадан 52 отбасыға, Сайөтестегі апатты үй тұрғындарынан 12 отбасыға тұрғын үй салынды. Алдағы уақытта Шетпе-1-дегі ғимарат тұрғын үйге лайықталып жөнделген соң тағы 26 отбасыға баспана беріледі, - деді аудан әкімі Ғалымжан Ниязов.Айта кетсек, 7 желтоқсан күні Сайөтес ауылындағы 12 отбасыға баспана берілген болатын. Жыл аяғына дейін тағы 46 пәтер беріледі. Осылайшы, биыл Маңғыстау ауданының 64 тұрғыны жаңа пәтерде жаңажылды қарсы алатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903504
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы 17.12.2024
Құрметті отандастар!Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903505
Тұрғындардың өтініші жауапсыз қалмайды 17.12.2024
12 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Ақтау тұрғындарымен кездесуінде 9 шағын аудан №18 үйдің тұрғыны шатырдан пәтеріне су ағатынын айтып, оны жөндеп беруді сұраған болатын.Тұрғынның өтінішіне сәйкес, бүгін, 16 желтоқсан күні қала әкімі Әбілқайыр Байпақов аталған үйге барып, жағдаймен танысты. Осы тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме өкілі шатырды жөндеу жұмыстарын 19 желтоқсан күні аяқтайтынын жеткізді.- Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы халықпен кездесуде, жеке қабылдауда айтылған тұрғындар сауалы мен өтініштерін жауапсыз қалдырмауды тапсырған болатын. Қазір әр өтініш бойынша мәселені зерделеп, мүмкіндігінше оң шешілуіне жұмыстанып жатырмыз. 19 желтоқсан күні осы үйге келіп жасалған жұмыстардың орындалысын қараймыз. Барлық мәселе өз бақылауымда болады., - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903506
Ақтау әкімі халықпен кездесуде көтерілген мәселе ізімен 10-шы шағын ауданға барды 17.12.2024
Бүгін, 16 желтоқсан күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 10-шағын аудандағы «Ботаникалық бақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, көлік тұрағын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.12 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен өткен тұрғындармен кездесуде 10-шағын аудандағы «Ботаникалық бақ» ТҮК тұрғыны үй маңына кірме жол мен көлік тұрағын салып беруді сұраған болатын. Тұрғындар кірме жол және көлік тұрағын салу бойынша арнайы жобаны да жасақтаған. Қала әкімі аталған кешеннің тұрғындарымен кездесіп, көлік тұрағы мен кірме жолды ұйымдастыруды мамандармен бірлесіп қарастыру қажеттігін айтты.-Алдымен аталған жерге көлік тұрағы мен кірме жол ұйымдастыруды мамандармен бірлесіп зерделеуіміз қажет. Бәлкім тек кірме жолды немесе барлығын көлік тұрағы қылмай, бір аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізген жөн болар. Барлық мәселелерді арнайы жиналыста тұрғындармен және жауапты мамандармен бірге талқылау қажет, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903507
Алматы облысы өнеркәсіп, сауда және экспортта рекордтық өсім көрсетті 17.12.2024
Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, өңірдің өткен жылдағы экономикалық табыстарымен бөлісіп, болашақтағы негізгі стратегиялық мақсаттарды айқындап берді. Оның айтуынша, басты міндет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау болды. 11 айдың өзінде экономиканың қысқа мерзімді өсу қарқынына 109,1% қол жеткізілді, бұл негізгі салаларды дамытудың оң серпінін көрсетеді. Сұлтанғазиев облыс өнеркәсібі 6,9%-ға өскенін, бұл орташа республикалық 2,7%-дан айтарлықтай асып түсетінін және бұл көрсеткіш бойынша облыстың республикада бесінші орынға шығуына мүмкіндік бергенін атап өтті. Сауда 13,2 пайызға, құрылыс 20,6 пайызға, көлік қызметі 21 пайызға өсіп, облысты бұл көрсеткіш бойынша төртінші орынға шығарды. «Біз экспортта үлкен әлеуетті көріп отырмыз, бүгінде біздің облыс 63 елге өнім жеткізеді, экспорттың 90 пайызы бір жыл ішінде 565 миллион доллардан 581 миллион долларға дейін өсті, бұл біздің кәсіпорындардың халықаралық нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін растайды. .», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902546
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім – 22,5% 17.12.2024
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев инвестиция өңірдің экономикалық дамуының негізгі факторына айналғанын ерекше атап өтті. 2024 жылы облыс экономикасына 780 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға көп, ал республикалық орташа өсім небәрі 3,1 пайызды құрады. BAKAD бойындағы ірі жобаларға ерекше назар аударылады, оның ішінде $200 млн-ға Lay's чипсы өндіретін зауыт құрылысы, Focus Logistics және Ozon компанияларының $151 млн-ға «А» класты қоймаларын құру, сондай-ақ $200 млн. Строитель-98 логистикалық кешені $100 млн. Темекі өнімдерін өндіруге 204 миллион доллар инвестиция салатын кореялық KT&G сияқты халықаралық компаниялардан қомақты инвестиция құйылып жатқанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, «Алтын таға» ұлттық жобасы аясында 1200 жұмыс орны ашылып, 120 млн доллар тартылатын темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт салынады. «Бұл жобалар біздің өңірлік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономиканы нығайтуға деген ұмтылысты растайды», - деді Сұлтанғазиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902555
Қонаев жаңа экономикалық деңгейге көтерілді: ірі инвестициялар, жаңа тұрғын үй кешендері және туризмнің белсенді өсуі 17.12.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Кешенді жоспарды жүзеге асырудың арқасында Қонаев қаласы соңғы үш жылда қарқынды дамуды көрсетті. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл қайта құрулар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және тартымды инвестициялық орта құруға бағытталған. «Біздің қаламыз көз алдымызда өзгеруде: біз инфрақұрылымды жаңғыртып қана қоймай, облыс үшін жаңа сапа стандарттарын белгілеп жатырмыз», - деп атап өтті әкім. Есепті кезеңде 48 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жаңартылды, 61 шақырым инженерлік-жол инфрақұрылымы қайта жаңғыртылды, 41 аула абаттандырылды, қоғамдық саябақтар мен спорт алаңдары жасалды. 133 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру айтарлықтай жетістік болды. Оның ішінде жеке құрылыс салушылар салған Aristocrat, Sun City және NJ Towers сияқты заманауи тұрғын үй кешендері. 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Жаңарту орталық саябаққа, Қапшағай су қоймасының жағажай аймақтарына да әсер етті. Бұл жобалар туристік ағынның 6,5%-ға артуына әкелді. Qonaev International Baloon Fest және Oceanman байқауы сияқты ірі халықаралық іс-шараларды өткізу, қаланың туристік орын ретіндегі мәртебесін нығайтты. Инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Қала бюджеті 4 есеге – 2021 жылғы 9,2 миллиард теңгеден биыл 37 миллиард теңгеге дейін өсті. Жеке инвестиция есебінен жеті нысан іске қосылып, 612 жұмыс орны ашылды. Негізгі жобаларға Ospanova Development балық өңдеу кешені, Run Planet Organic алма өңдеу және шырын өндіру зауыты және 2,2 МВт Qazaq Smart Energo шағын су электр станциясы кіреді. Марат Сұлтанғазиев: «Жеке инвестициялар қаланың экономикалық өсімінің драйверіне айналуда», - деді. – Біз Қонаевты бизнеске ғана емес, өмірге де тартымды ететіндей жағдай жасаймыз. Туризм болашағы зор салалардың бірі болып қала береді. 2025 жылы әлемдік деңгейдегі екі – 4 және 5 жұлдызды қонақүйлердің құрылысы басталады. Бұл халықаралық стандарттарға сай келуге және жаңа қонақтарды тартуға мүмкіндік береді. Қаланы дамыту 187 іс-шараны қамтитын Кешенді жоспар аясында жүзеге асырылуда, оның 148-і бюджет қаражаты есебінен, 39-ы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік және жеке капиталдың бұл симбиозы қала өмірінің барлық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. «Мұндай даму қарқыны Қонаев қаласының гүлденуіне және оның облыстың экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі рөлін арттырудың кепілі болатынына сенімдіміз», - деп түйіндеді сөзін Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902557
Алатау – жаңа ұрпақ қаласы: табысты даму үшін инновациялар мен инвестициялар 17.12.2024
2024 жылдың басынан бері Қазақстан картасында жаңа Алатау қаласы пайда болды. Оны құру президенттің 9 қаңтарда қол қойған жарлығының арқасында мүмкін болды. Мамыр айында бас жоспар бекітіліп, қазан айында шекаралар белгіленіп, Алатауды заманауи мегаполиске айналдыру жолындағы ауқымды жұмыстары басталды. Жобаға Орталық Азиядағы ең ірі «Алатау» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру ерекше назар аударды. Инновациялық жобалар 96 мың гектар аумақта жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл жоба аймақты Қытайдың Хайна мен Шэньчжэньннен кейінгі әлемдегі арнай экономикалық аймақ ретінде үшінші орынға шығарады. Қаланың даму стратегияларын әзірлеу үшін Сингапур мен Қытайдан жетекші сарапшылар тартылады. Бұл елдер қала құрылысы, инфрақұрылым және ақылды қаланы басқару технологияларындағы озық жетістіктерімен танымал. Жобаны жедел және сапалы басқару үшін ҚР Үкіметі жанынан Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы жобалық кеңсе құрылды. Бұл органға Алатауды абаттандыруға атсалысқан барлық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және инвестицияның дер кезінде тартылуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қаланың болашағына деген болжамымен бөлісті: – «Алатау» – өңіріміздің дамуының жаңа парағын ашатын жоба. Біз қала тұрғындарына ыңғайлы көлік желісін, дамыған инфрақұрылымды және жоғары технологиялық басқару шешімдерін қоса алғанда, заманауи өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Алатаудың дамуы тек экономикалық өсуді ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуды білдіреді. Жаңа жұмыс орындары, инвестиция ағыны және заманауи тұрғын үй мен коммерциялық нысандардың құрылысы, аймақтың дамуына қуатты серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902571
Алматы облысы 86 мың га жерін қайтарып, ауыл шаруашылығы саласындағы тұғырын нығайтты 17.12.2024
Алматы облысы Қазақстанның аграрлық секторында сенімді түрде жетекші орынды иеленіп келеді, деп атап өтті облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі сөйлеген сөзінде ол, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау және мал шаруашылығын дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару - жай ғана міндет емес, бұл өңірдің стратегиялық басымдығы», - деді Сұлтанғазиев Астанада журналистерге берген сұхбатында. Бұл салада қазірдің өзінде елеулі шаралар қолға алынған. Анықталған 399 мың гектар пайдаланылмай жатқан жердің 86 мыңы қайтарылды, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің бекітілген жоспарының 123 пайызын құрайды. Бұл жұмыс, әкімнің айтуынша, өңірдің әлеуетін толық пайдалануға және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алматы облысы өзге өңірлер фонында өз ұстанымын нығайтуды жалғастыруда. Құс басы бойынша бірінші, қой мен ешкі саны бойынша үшінші, ірі қара мал саны бойынша төртінші орында сенімді. Облыста құс етін өндіру 114,3 мың тоннаға жетіп, республикадағы жалпы көлемнің үштен бірін құрайды. Сондай-ақ, облыс агроөнеркәсіп кешенін дамытуды жалғастырып, сүт және жұмыртқа өндіру бойынша алдыңғы қатарда. Өңірде сүт өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың ішінде 5200 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу өнімділікті арттырып, сүт сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Сүт өңдеуді қолдау – облыстың болашағына инвестиция», - деді әкім. «Біз кәсіпорындардың толық жүктелуіне жағдай жасап жатырмыз, бұл өнім көлемінің ұлғаюына және олардың сапасының жақсаруына әкеледі». Жерді қайтару және мал шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстардың арқасында Алматы облысы ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да өз орнын нығайтып келеді. Әкім облыстың экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге, сол арқылы ұзақ мерзімді перспективаға ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ниетті екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902580
Алматы облысы 86 мың га жерін қайтарып, ауыл шаруашылығы саласындағы тұғырын нығайтты 17.12.2024
Алматы облысы Қазақстанның аграрлық секторында сенімді түрде жетекші орынды иеленіп келеді, деп атап өтті облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі сөйлеген сөзінде ол, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау және мал шаруашылығын дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару - жай ғана міндет емес, бұл өңірдің стратегиялық басымдығы», - деді Сұлтанғазиев Астанада журналистерге берген сұхбатында. Бұл салада қазірдің өзінде елеулі шаралар қолға алынған. Анықталған 399 мың гектар пайдаланылмай жатқан жердің 86 мыңы қайтарылды, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің бекітілген жоспарының 123 пайызын құрайды. Бұл жұмыс, әкімнің айтуынша, өңірдің әлеуетін толық пайдалануға және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алматы облысы өзге өңірлер фонында өз ұстанымын нығайтуды жалғастыруда. Құс басы бойынша бірінші, қой мен ешкі саны бойынша үшінші, ірі қара мал саны бойынша төртінші орында сенімді. Облыста құс етін өндіру 114,3 мың тоннаға жетіп, республикадағы жалпы көлемнің үштен бірін құрайды. Сондай-ақ, облыс агроөнеркәсіп кешенін дамытуды жалғастырып, сүт және жұмыртқа өндіру бойынша алдыңғы қатарда. Өңірде сүт өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың ішінде 5200 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу өнімділікті арттырып, сүт сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. «Сүт өңдеуді қолдау – облыстың болашағына инвестиция», - деді әкім. «Біз кәсіпорындардың толық жүктелуіне жағдай жасап жатырмыз, бұл өнім көлемінің ұлғаюына және олардың сапасының жақсаруына әкеледі». Жерді қайтару және мал шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстардың арқасында Алматы облысы ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да өз орнын нығайтып келеді. Әкім облыстың экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге, сол арқылы ұзақ мерзімді перспективаға ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ниетті екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902602
63 елге экспорт: Алматы облысы өзінің халықаралық ықпалын арттыруда 17.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің өткен жылдағы елеулі экономикалық табыстары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмасын орындау басты міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың 11 айында облыс қысқа мерзімді экономикалық көрсеткішке 109,1% қол жеткізді, бұл негізгі салаларды дамытудың тұрақты серпінін көрсетеді.Марат Сұлтанғазиев өңірде өнеркәсіп өндірісі 6,9 пайызға артқанын, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,7 пайызға асып түсетінін атап өтті. Бұл облыстың республика бойынша бесінші орын алуына мүмкіндік берді. Басқа салаларда да айтарлықтай өсім байқалады: сауда – 13,2%-ға, құрылыс – 20,6%-ға, көлік қызметі – 21%-ға өсті.Әкім экспорттық әлеуетке баса назар аударды. Бүгінде Алматы облысы әлемнің 63 еліне өнім экспорттайды, экспорттың 90 пайызын өңделген тауарлар құрайды. Экспорт көлемі бір жылда 565-тен 581 миллион долларға дейін өсті. «Бұл біздің кәсіпорындардың халықаралық нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді», - деп атап өтті Сұлтанғазиев. Алматы облысы жаңа экономикалық биіктерге сенімді түрде қадам басып келеді, бұл өңірдің бүкіл елдегі позициясын нығайтуға ықпал етеді. «Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды». Алматы облысы қомақты инвестициялар мен ірі халықаралық жобаларды жүзеге асырудың арқасында экономикалық өсудің жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бір жыл ішінде облыс экономикасына 780 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға артық екенін айтты. Бұл көрсеткіш республикалық орташа инвестиция өсімі 3,1%-дан айтарлықтай асып түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902611
Алматы облысында үш ауысымды мектептер мәселесі шешілуде: биыл 26 жаңа білім ошағы ашылады 17.12.2024
Алматы облысында биыл 37,6 мың бала бірінші сыныпқа барды. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер мәселесі өзекті күйінде қалып отыр: облыста мұндай 37 білім ошағы бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев мәлім етті. – Осы мәселені шешу үшін «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы аясында биыл 24,9 мың орындық 26 мектептің құрылысы басталды. Жыл басынан бері 9 мың орындық 9 мектеп, оның ішінде Болат Өтемұратов қоры қаржыландырған екі мектеп пен Еңбекшіқазақ ауданында «Алтын адам» серіктестігінің жеке инвестициясымен салынған бір жарым мың орындық мектеп ашылды, деді Алматы облысының әкімі. Ол жыл соңына дейін 6,3 мың орындық тағы бес оқу орнын пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. Соңғы үш жылда білім саласына 965 миллиард теңге бөлінді. 78 мектеп жаңартылды, оның 62-сі күрделі жөндеуден өтті. Былтырдан бері 143 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Қабылданған шаралардың арқасында білім сапасының деңгейі 66,4 пайыздан 67,9 пайызға көтерілді, деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде сабаққа қатысуды тіркеудің QR-код жүйесін енгізу 800 миллион бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/902618