Қоғам
СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУМЕН ҚАМТУ 12,7%-ҒА ӨСТІ 14.12.2024
Жыл басынан бері республика бойынша 2 млн-ға жуық диспансерлік науқас емхана мамандарының динамикалық бақылауымен қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға жоғары.Емдеу шеңберінде олар 11,6 млн-нан астам консультациялық-диагностикалық қызмет алды, бұл өткен жылғы деңгейден 8,8%-ға жоғары.Бұл көрсеткіштер амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің қолжетімділігінің жақсаруын білдіреді.Тұрақты диспансерлеу созылмалы аурулары бар пациенттерде асқынулардың дамуын болдырмауға және пациенттің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке емдеу тәсілін таңдауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/902373
БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МӘМС ЕСЕБІНЕН 1 МЛН-НАН АСТАМ ҚЫМБАТ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕН ӨТТІ 14.12.2024
Жыл басынан бері қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің есебінен көрсетілген компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) сияқты 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті.МРТ және КТ – бұл әртүрлі аурулар мен патологияларды ерте сатысында анықтауға, сондай-ақ ағзалар мен тіндердің жағдайын бағалауға көмектесетін маңызды диагностикалық әдістер.Осы қызметтер көрсетілген 500 мың пациенттің 45 мыңы онкологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда зерттеуден өтті.Ағымдағы жылы зерттеулердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2 мыңға өсті.Медициналық көрсеткіштер мен сақтандыру мәртебесі болған жағдайда, жоғарыда аталған диагностикалық әдістер пациенттерге тегін қолжетімді.МӘМС жүйесі ел азаматтарына қымбат медициналық қызметтерге қол жеткізуге, пациенттерге қаржылық жүктемені азайтуға және сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/902414
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА «КӘСІБІНІҢ ҮЗДІГІ» БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 14.12.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында «Кәсібінің үздігі» бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Конкурс медициналық мамандықтардың беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды көрсету мақсатында ұйымдастырылған.«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің қоғамдағы дәрігер мәртебесінің маңыздылығын үнемі атап өтеді. Мемлекет сіздің жұмысыңызды түсінеді және бағалайды. Биыл медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге, заңгерлік және қаржылық жағынан қорғауға бағытталған маңызды заңға қол қойылды», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.«Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының бастамасымен біздің үш дәрігерімізге адамдардың өмірін сақтап қалу және отандық медицинаны дамыту ісіндегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді. Бүгін біз сондай - ақ «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының жеңімпаздарын, біздің ең лайықты дәрігерлерімізді, ғалымдарымызды, провизорларымызды, мейіргерлерімізді, менеджерлерімізді және саланың дамуына елеулі үлес қосқандардың барлығын бірінші рет атап өтеміз, жоғары кәсіби қасиеттерді, тектілік пен жанқиярлықты көрсеттік», - деп атап өтті ведомство басшысы.Жыл сайынғы «Кәсібінің үздігі» байқауы — бұл үздіктердің үздіктерін бөліп көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар барлық медицина қызметкерлері үшін кәсіби өсуге шабыт. 16 номинацияның жеңімпаздары лайықты танылып қана қоймай, 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.«2025 жылды біліктілікті арттыру жылы деп жариялаймыз. Бұл біздің дәрігерлерімізге, оқытушыларымызға және жас мамандарға қосымша білім мен құзыреттілік, тәжірибе мен қолдау алуға бағытталған маңызды қадам. Өздеріңнің баға жетпес тәжірибеңді бере, олардың кәсіби өсуіне көмектесе отырып, сіздердің әрқайсыларыңызды жас әріптестеріңізге тәлімгер болуға шақырамын», - деді министр конкурстың жеңімпаздарына.Түрлі бейіндегі және қызметтердегі медицина қызметкерлері 16 номинация бойынша марапатталды: «Стационардың үздік дәрігері», «Жедел жәрдемнің үздік дәрігері», « Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері", «Ауылдың үздік дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Стационардың үздік мейіргері», «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері», «Үздік ауылдық мейіргер», «Үздік фельдшер», «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Медициналық колледждің үздік оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Денсаулық сақтау саласынык үздік менеджері», «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы», «Үздік провизор».2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Қабылданған заңға сәйкес ауылдық жерлерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтар бойынша дәрігерлер 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн. теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады.Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шеңберінде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК немесе 9,2 млн.теңгеден аспайтын сомада бюджеттік кредит мөлшері ұлғайтылды.Медицина қызметкерлерінің балалары үшін жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі ұйымдарда басым тәртіппен орын беруді көздейді.Қызметтік міндеттерін орындау нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедектігі белгіленген медицина қызметкерлерінің балаларын конкурстан тыс жоғары оқу орындарына қабылдау.Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет биыл Мемлекет басшысы 1000 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы ынталандыру төлемімен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері) құрметті атағын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/902989
Ғылыми-педагогикалық сараптама саласындағы сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды 14.12.2024
Республикалық ғылыми-тәжірибелік білім мазмұнын сараптау орталығы 17-30 желтоқсан аралығында оқу бағдарламалары, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау үшін мамандарды іріктеу конкурсын жариялайды. Қатысуға педагог-зерттеуші немесе одан жоғары біліктілігі бар кандидаттар шақырылады. Мақсаты — білім беру саласында оқу материалдарының сапасын бағалау және талдау үшін кәсіби мамандарды тарту. Сарапшылар базасына қабылдану үшін қажетті іс-шаралар:• E-EXPERT.GOV.KZ порталы арқылы қажетті құжаттар мен өтінішті тапсыру;• Тестілеу — кәсіби құзыреттерді тексеру кезеңдері;• Сұхбат — кәсіби тәжірибені, мотивациямен білім беру процесін түсінуді анықтау үшін жеке әңгімелесу;• Эссе жазу — ойды нақты әрі дәйекті түрде білдіру және өз пікірін дұрыс дәлелдеу дағдыларын көрсету. Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер оқудан өтеді. Курстардың ұзақтығы 360 сағатты құрайды. Бағдарлама оқу материалдарының сапасын бағалауға қатысты құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқу барысында үміткерлер сараптамалық шешім әзірлеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар 5 жыл мерзімге жарамды сертификат алады. Сондай-ақ, қатысушылар білім беру материалдарын сараптауға әрі бағалауға белсене қатысып, кәсіби біліктілігін арттырады және мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Өтінім беру үшін E-EXPERT.GOV.KZ сайтынан толық мәлімет алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/902803
Қазақстан мен Орталық Азиядағы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» науқанының жабылуы 14.12.2024
Астана, 2024 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан мен Орталық Азиядағы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» адвокаттық науқанының жабылуына арналған мәдени іс-шарада құттықтау сөз сөйледі.Іс-шараны «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия альянсымен бірлесіп ұйымдастырды.Ж. Әбдрашов Орталық Азия елдерінде Еуроодақ пен БҰҰ-ның «Күн шуағы» бірлескен бастамасының табысты іске асырылуын, гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия альянсын құруды, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 60-тан астам ел қолдаған тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою туралы қарарын қабылдауды атап өтті. Танымал қазақ дипломаты Мадина Жарбосынованың Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің (CEDAW) құрамына сайлау да маңызды меже болды. Сонымен қатар Қазақстан «Бейжің+30» өңірлік шолуының тең төрағасы болды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарын орындау бойынша жол картасын ұсынды. Сондай-ақ Қазақстанның әйел бітімгерлері халықаралық аренада да табысты қызмет етеді.СІМ Өкілдік басшысы Қазақстанның гендерлік зорлық-зомбылықпен күресуге және әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға бейілді екендігіне сендірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901180
Мәскеуде ҰҚШҰ СІМК жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті 14.12.2024
Мәскеу, 2024 жылғы 11 желтоқсан – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Хатшылығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен ҰҚШҰ СІМК жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.Кездесудің қатысушылары Ауғанстандағы әскери-саяси жағдай бойынша пікір алмасып, оның аумағындағы террористік топтардан төнетін қауіп-қатерлердің сақтауын атап өтті.Іс-шараға ҰҚШҰ Бас хатшы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Самат Ордабаев, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша өңірлік орталығының, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқару комитетінің, Қызыл Крест Халықаралық комитетінің, ТМД Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі Үйлестіру қызметінің, ТМД Терроризмге қарсы орталығының өкілдері де қатысты.Жиын соңында Т. Қалиев жұмыс тобының отырысын қорытындылап, 2025 жылы төрағалық ету кезеңінде Қырғыз Республикасына табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901193
Астанада туристік индустрияны дамыту бойынша акселерация кеңесі өтті 14.12.2024
Астана, 2024 жылғы 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның қолдауымен туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша акселерация өткізді. Мемлекет пен бизнес өкілдерінің арасында өткен сындарлы диалог барысында шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жерлерін пайдалану үшін ай сайынғы төлемдерді төмендету, несиелендіру мерзімдерін ұзарту және мемлекеттік қолдау шаралары, инфрақұрылым мен коммуникацияларға қолжетімділік талқыланды.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өзінің құттықтау сөзінде Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің болжамдары бойынша туризм индустриясының жаһандық экономикаға қосқан үлесі 2024 жылы рекордтық көрсеткішке – 11,1 трлн АҚШ долларына жететінін атап өтті. Осы тұрғыда 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тарту міндетін іске асыру аясында экономиканың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның туристік секторының әлеуетін тиімді ашудың маңыздылығы артып отыр. Тәсілдер мен реттеу стандарттарын жетілдіру саланы жаңғыртуға ғана емес, инвестиция ағынының артуына да ықпал етеді.«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Әлихан Байдусенов «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-пен бірге туризм саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту бойынша жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.Сонымен қатар іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің, қаржы институттарының, квазимемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдері, оның ішінде «PANA ASIA» ЖШС, «TÖR’RE» компаниялар тобы, «Қасқасу Резорт» ЖШС, «Vista lagom» ЖШС және басқалар қатысты.Талқылау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарды талдау және қажет болған жағдайда оларды ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялар жөніндегі штаб отырысында талқылауға енгізу жоспарлануда.Акселерациялық кездесулердің мақсаты – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін кедергілерді анықтау және жою, елдегі инвестициялық ахуал мен бизнес жағдайын жақсарту. Бұл тәжірибе тиімді шешімдерді анықтау үшін мемлекеттік органдар мен жеке бизнес арасында өнімді диалог құруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901354
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды 14.12.2024
Қостанай, 2024 жылғы 9 желтоқсан – Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесу өткізіп, бірқатар өндірістік нысандарды аралады.Облыс әкімімен өткен кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және машина жасау сияқты негізгі салаларда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Инвестициялық қызметті қолдау мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту, соның ішінде логистикалық маршруттарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар делегация Рудный қаласында орналасқан «Соколов-Сарыбай кен-өндірістік бірлестігі» АҚ-ның Соколов кенішіне және байыту фабрикасына барып, темір кенін өндіру, темір рудасының түйіршіктері мен концентраттарын шығару процестерімен танысты. Компанияның өндірісті дамыту және инвестициялық жоспарлары туралы ақпарат берілді.Сапар барысында Ә.Қуантыров 78 млрд теңгеге салынған «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына және 90 млрд теңге көлемінде инвестицияланған «TEHNOPARK KZ» ЖШС автомобиль кузовтарын шығаратын зауытқа барды. Бұл екі жоба да өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін маңызды болып табылады.Делегация сондай-ақ 90 млрд теңгеге салынатын «KIA» автомобиль зауытының құрылыс барысымен танысты. Жоспарға сәйкес зауыт 2025 жылы пайдалануға беріліп, жылына 70 мың автокөлік шығаратын болады. Инвесторлар зауыттың мультипликативтік әсері туралы айтып, бірқатар корей компанияларының Қостанай облысында автокөлікке қажетті қосалқы бөлшектер шығару өндірісін ашу жоспары бар екенін атап өтті. Бұл жобаны іске асыру үшін «KIA» компаниясы ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшартқа қол қойды.Әрі қарай Ә.Қуантыров пен А.Қожанов құны 20,7 млн доллар құрайтын «Баян Сұлу» АҚ-ның бисквит шығаратын жаңа цехының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл цех 2026 жылы іске қосылады. Сондай-ақ делегация сүт өнімдері мен балмұздақ өндіретін зауытқа және «МИЛХ» ЖШС-тың ірімшік шығаратын цехының құрылыс алаңына барды. Компания басшылығы өндірістік нысандарды кеңейту жоспарлары туралы мәлімет берді.Сонымен қатар «Qostanai Grain Industry» ЖШС-пен өткен кездесуде компания басшылары жалпы құны 70 млрд теңге болатын астықты терең өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаның таныстырылымын өткізді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 415 мың тонна астықты құрайды. Жобаны 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Осы жобаны жүзеге асыру аясында компания ҚР Үкіметімен инвестициялық келісімге қол қоюға өтінім беруді жоспарлап отыр.Қостанай облысы экономиканы нығайту, салаларды әртараптандыру және жұмыс орындарын ашуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және халықаралық инвесторларды белсенді түрде тартып келеді. Қазіргі уақытта өңірдің инвестициялық пулында жалпы құны 2,2 трлн теңгені құрайтын 38 жоба бар. Бұл жобалар фосфор тыңайтқыштарын, құрылыс материалдарын және азық-түлік тауарларын өндіруді қамтиды. Іске қосылған жобалар 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901732
«YDA Holding» Қазақстанда инвестициялық қызметін кеңейтуді жоспарлауда 14.12.2024
Астана, 2024 жылғы 11 желтоқсан – «Kazakh Invest» ҰК» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров түрік «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Хүсейін Арсланмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар компаниялар тобының Қазақстандағы инвестициялық қызметін кеңейту жоспарларын талқылады.Х.Арсланның айтуынша, қазіргі жағдайда Орта дәліздің жоғары әлеуеті мен Транскаспий халықаралық көлік маршрутының маңызы артып келеді, сондай-ақ ол ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті өндірісті дамыту маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты басқарма төрағасы «YDA Holding»-тің Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені мен көлік-логистика саласындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын білдірді.Өз кезегінде Ә.Қуантыров Түркиямен стратегиялық әріптестік деңгейін атап өтіп, «YDA Holding»-пен көпжылдық табысты ынтымақтастық тәжірибесі бар екенін жеткізді. Осыған байланысты Министрдің орынбасары инвестициялар туралы келісім жасасу және жобаны сәтті іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдармен келіссөздер ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.«YDA Holding» – құрылысқа маманданған әртараптандырылған компаниялар тобы. Топтың портфелінде құны 10,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 12 елдегі жобалар бар. Компания Қазақстанда 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін құны 320 млн долларды құрайтын үш жобаны жүзеге асырды: Ақтау және Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ «Астана-Технополис» АЭА-дағы «YDA Industrial Park» көпсалалы өндірісті ашты. Қазіргі уақытта құны шамамен 1,35 млрд доллар құрайтын тағы үш жоба іске асырылу сатысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901899
ТҮРКІСТАН: САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! 14.12.2024
Отандасымыз Сағындық Тоғамбай Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында топ жарды. Ұлттық құрама спортшысы 92 келіде финалда Парвиз Каримовтің (Тәжікстан) осал тұсын тапты. Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері алғашқы және екінші раундта қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осыдан кейін де ауыр соққыларымен Каримовке ес жиғызбады.Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» спортшылары жарады. Ерлер құрамасын сапында 92 келіде Сағындық Тоғамбай топ жарса, әйелдер арасында 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек қола жүлдегер атанды.Жалпы Қазақстан ерлер құрамасының еншісінде 4 алтын медаль бар. Олар: Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Сағындық Тоғамбай (92), Айбек Оралбай (+92). Сонымен бірге 5 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Ал әйелдер құрамасы 5 алтын медальмен топ бастады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901363
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 14.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды белгілі кәсіпкер, «Саутс-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжановпен және ТСС компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесуде тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.Серікжан Сейітжанов өңірде 6 ірі жобаны бастағанын, оның екеуінің құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. ТСС корпорациясымен бірлесе Созақта жүзеге асырылатын жоба арқылы жүздеген жұмыс орны ашылып, аймақтың өзіндік кірісі ұлғаймақ. Фосфорды байытып, өңдейтін зауытқа инфрақұрылым жеткізу мәселесі шешімін тапқан. Су, электр жеткізілген. Мұнда өндірілген өнімнің 80 пайыздайы экспортқа шығарылады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге аймақта қуаты 320 МВт болатын газ электр станциясы салынады.Жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін келісімшарттарға қол қойылған. Фосфор өндіруде экологияға зияны жоқ заманауи технологиялар қолданылады.Дархан Сатыбалды жобаларға қолдау көрсетілетінін, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901514
ТӨЛЕБИДЕ «ТҰҒЫРЫ БИІК – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ 14.12.2024
Бүгін Төлеби ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тұғыры биік –Қазақстан» атты әскери-патриоттық форум өтті. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып қызмет ету маңыздылығын, өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту жөніндегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанымдарын айтып өтті.Сондай-ақ Қазақстан жерін қорғауда ерлігімен есімдері тарих беттеріне жазылған тұлғалар өмірі жайында әңгімеледі. Жастардың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу бағытында еңбек етіп жүрген азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын, ұстаздарға «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін табыс етті.Форум барысында генерал-майор Ақжігіт Исабеков, аудандық маслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ахтаев, білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев сөз алды. Жиында патриоттық әндер шырқалып, Төлеби аудандық Шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл тобының сарбаздары қоян-қолтық күресінің әдіс-тәсілдерін көрсетті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901797
ТҮРКІСТАНДА «KULTOBE» МЕДИА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ 14.12.2024
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан құрылған «Kultobe» медиа студиясы ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, Облыстық мәслихат депутаты Алмас Алтайұлы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Абдіқұлов медиа орталықтың тұсауын кесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі.«Kultobe» медиа студиясы өңірдегі рухани жаһандану, шығармашылық еркіндікті қолдау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға да өз үлесін қосады.Студия арқылы ұлттық ұстанымдарды дәріптеу және насихаттау, дін мен дәстүрге арналған подкастар, танымдық хабарлар, эксклюзивті сұхбаттар, ақпараттық материалдар әзірлеу, қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беру көзделген. Мұнда жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен толықтай қамтылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901804
ТҮРКІСТАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 500-ДЕН АСА ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 14.12.2024
Түркістан қаласында «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға тапсырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барып, баспана кілттерін табыстады.– Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне, баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгін кезекте тұрған 500-ден аса отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алып отыр. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Дархан Амангелдіұлы.«Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы Түркістан қалалық әкімдігінің тапсырысымен жүргізілді. Қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты 508 пәтерлі арендалық тұрғын үй баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестіріледі.Айта кетейік, биыл жыл басынан бері Түркістан қаласында кезекте тұрған 482 отбасына пәтерлер табысталды. Жалпы, жыл қорытындысымен түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902044
ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 14.12.2024
Түркістанда заманауи үлгідегі жаңа «Жастар» саябағы пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын алда келе жатқан еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.– Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге мәлім, осыдан 6 жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Түрлі нысандар бой көтеріп, шын мәніндегі инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті қалаға айналды. Қаланы абаттандыру және қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеуге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Түркістан қаласында жасыл желектер алқабын ұлғайту мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Өздеріңізбен бірге «Жастар» саябағы кешенінің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Бұл жаңа саябақ қалаға қосымша көрік беріп, тұрғындарымыздың демалысын жақсы өткізуге таптырмас орын болары анық. Біз халық игілігіне берілетін нысандарды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.Сондай-ақ шараға қала тұрғындары мен елімізге танымал өнер жұлдыздары – Мадина Сәдуақасова, Ғазизхан Шекербеков, Махмуд Уримбаев өнер көрсетті.Саябақтың жалпы алаңы – 10,5 га. Демалыс аймағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, өзге де ойын алаңдары, сонымен қатар, 2 шақырым жүгіру жолы және веложолдар қарастырылған. Жабық жылыжайда әртүрлі құрлықтан әкелінген өсімдіктердің 70-ке жуық түрі өсіріледі. Олардың ішінде Жерорта теңізі, Латын Америкасы, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия және тағы басқа аймақтардың өсімдіктері бар. Пальма, фикус, тропикалық, шөл, субтропиктік, цитрус өсімдіктерімен қамтылған. Сонымен қоса оқушыларға биология сабақтарын өту мүмкіндігі қарастырылған. Саябақта құстар мен балықтар бар.Айта кетейік, Түркістан қаласында 32 саябақ, 32 сквер мен аллея, 15 жасыл алаң мен аймақ бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902108
ТҮРКІСТАНДА МҰЗ ЕРІТУГЕ АРНАЛҒАН ТҮЙІРШІК ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛМАҚ 14.12.2024
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров түркиялық «KAR-TEM» компаниясының директоры Исмаил Сонмезбен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыс аумағындағы Өндірістік паркте мұзды ерітетін тұз түйіршіктерін өндіретін жаңа кәсіпорын ашу жобасын талқылады.«KAR-TEM» компаниясы жоғары деңгейдегі гибридті кристалға негізделген түйіршіктерді өндіреді. Бұл түйіршіктер кальций және магний хлоридімен байытылған және өте төмен температурада, яғни -30°C-тан -40°C-қа дейін мұзды тез еріту қасиетіне ие. Экологиялық таза және экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылатын бұл өнімдер қыста жолдарды, алаңдарды, аяқжолдарды және басқа да инфрақұрылымдарды қауіпсіз әрі жылдам тазартуға мүмкіндік береді.Жобаның жалпы инвестиция көлемі 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа кәсіпорынды 2025 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске қосылғанда 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902443
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 14.12.2024
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Түркістан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген салалардағы жемқорлық мәселелерін шешу жолдары» республикалық жобалар байқауы қорытындыланды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты.Байқаудың мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, парасаттылық идеологиясын дамыту, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қызметке тарту, осы саладағы перспективалы жобаларды іздеу және азаматтық бастамаларды қолдау.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу мақсатында жарияланған конкурсқа республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан 90-нан астам өтініш келіп түскен. Солардың ішінде іріктелген 10 жұмыстың иегері өз жобаларын қорғады. Қоғам өкілдерінен құрылған комиссия үздік деп танылған конкурстық жұмыстарды анықтады. Жеңімпаз деп танылған 4 жоба қорғаушылардың әрқайсысы 725 мың теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Атап айтсақ, түркістандық Умида Нұрмаханованың «QR код енгізу» жобасы, алматылық Алихан Абдикеровтың «Dauys» жобасы, шымкенттік Сергей Ефремовтың «Балық шаруашылығы» жобасы, астаналық Салтанат Қуаныштың «Sanaly Ai» жобасы жеңімпаз атанды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902523
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ 14.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Нысан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Еңбекші диқан ауылында орналасқан білім ордасы 600 орынға шақталған.Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Өңір басшысы оқушыларға оқуда озат болуын тілеп, ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.«Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл облысымызда жалпы қуаттылығы 17800 орынды құрайтын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Біз білім саласына қолдауды жалғастырамыз», деді Дархан Сатыбалды.Оқу ұясының жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейі заман талабына жауап береді. Бастама еліміздегі апаттық, үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Білім ордасы жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталған.Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген. Бұған дейін де осы жоба арқылы Түркістанда бір мектеп тапсырылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902800
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ 14.12.2024
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан, қала әкімдері шетелдің кәсіпорындарын аралап, іскерлік байланыс орнатты. Сонымен бірге Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтті. Осы жұмыстардың нәтижесі қандай? Алда қандай жоспарлар бар? Облыс әкімдігінде осы сұрақтар талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.– Бюджет қаржысына инфрақұрылым, нысандар салу жұмысы жүре береді. Бірақ біз тұрғындарға жұмыс тауып беру мәселесін басты назарда ұстауымыз керек. Инвестиция тарту жұмысын күшейтіңіздер. Шетелге іссапарға барып келген басшылар нақты нәтижеге қол жеткізетін болсын. Жүргізілген келіссөздерді жүзеге асырып, инвестициялық жобаларды көбейтіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды осы бағытта семіді ақтамаған әкімдер мен орынбасарларына тиісті шара көрілетінін ескертті.Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Түркістандағы инвестициялық форум мен Қытай, Оңтүстік Корея елдеріне жасалған іссапарлар нәтижесіне тоқталды.Биыл Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM» халықаралық форумы ұйымдастырылды. Форумға жалпы 1729 адам, 127 компания қатысты. Форум аясында жалпы соммасы 301,4 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының бірнеше аймағын аралады. Ресми тұлғалармен келіссөздер жүргізді. «Орталық Азия – Корея Республикасы» өңіраралық ынтымақтастықтың форумына қатысты. Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы (KITA) ұйымдастырған бизнес-семинарға қатысты. Іссапар Қытайдың бірнеше ірі қаласы мен аймағында жалғасып, түркістандықтар қытайлық инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.Айта кетейік, биылғы 11 айда облыс экономикасына 1 064,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары. Жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Биыл 134,1 млрд. теңгеге 56 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда 41 жоба іске қосылып, 1 659 жұмыс орны ашылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902807
ШЫМКЕНТ ТАЗА БОЛАШАҚ ҮШІН БІРІГУДЕ: "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 300 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 13.12.2024
13 желтоқсанда Шымкентте "Таза Қазақстан"республикалық бағдарламасы аясында жалпы қалалық экологиялық акция өтті. Ауқымды іс-шараның мақсаты – аумақтарды тазарту ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының назарын қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне аудару.Іс-шараға қалалық ұйымдардың қызметкерлері, оқу орындарының өкілдері, еріктілер мен бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты. Барлығы 2000-нан астам адам және 75 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.Орталық көшелерді, саябақтарды, скверлерді және оған жақын аумақтарды тазалауға ерекше назар аударылды. Жасыл желектер ретке келтіріліп, қоғамдық кеңістіктер тазартылып, абаттандырылды.Акция аясында қаланың әр ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған сенбіліктер, флешмобтар мен челлендждер өтті.«Ынтымақ-3» шағынауданында тұрғындар еріктілермен бірлесіп «Алюминий Голд» кәсіпорнының маңындағы аумақты тазалады.«Экология - біздің ортақ алаңдаушылығымыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз балаларымыз бен немерелерімізге таза қаланы қалдыра аламыз», - деп атап өтті ауданның ардагерлері кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов.«Сәуле» шағынауданының орталық көшелері ауқымды сенбілікке айналды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев пен белсенді Қайыржан Бөгенбай тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.«Біз экологиялық мәдениеттің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанын қалаймыз», - дейді шараға қатысқан Қайыржан Бөгенбай.Қалтаев көшесінде теміржол бойында «Жасыл ел» штабының еріктілері аумақты қоқыстан тазартты. Аудандық ардагерлер кеңесінің басшысы Зулпыхар Жайшыбеков экологиялық сананы қалыптастыру үшін осындай акциялардың маңыздылығын атап өтті.Измир көшесіндегі Нұрсат шағын ауданында еріктілер мен жастар «Таза көше» акциясын ұйымдастырды. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбек пен «Жасыл ел» штабының үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш экологиялық өмір салтының маңыздылығын атап өтті.«Таза орта - денсаулық пен жақсылықтың кепілі. Біз жастарға үлгі көрсетеміз», - деді Пердеш Есенбек.Республика даңғылында тұрғындармен және жастармен бірге «Жасыл ел» жасағы тазалық орнатты. Аудан ардагерлері кеңесінің басшысы Әділбек Сатыбалды болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.«Таза Қазақстан» акциясы қазірдің өзінде адамдарды біріктіретін және табиғат пен өз қаласына қамқорлық көрсетуге мүмкіндік беретін жақсы дәстүрге айналды», - деп атап өтті іс-шараға қатысушылардың бірі, волонтерлік қозғалыс өкілі.Акция сонымен қатар аудандар мен қалалық инфрақұрылым нысандарының санитарлық жағдайын тексеруді қамтыды. Жауапты мамандар рейдтер жүргізіп, абаттандыру ережелерін бұзатын объектілердің иелеріне ескертулер берді және кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы ры қарай жалғасуда және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға дайын қолдаушыларды көбірек тартуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/902591