Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада әскери және азаматтық жоғары оқу орындары келісімге қол қойды 12.12.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ынтымақтастық туралы келісті. Әскери жоғары оқу орнының атынан құжатқа генерал-майор Асқар Мұстабеков, агротехникалық университеттен – басқарма төрағасы Қанат Тіреуов қол қойды.Келісім өзара ғылыми іс-әрекетті дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге, бірлескен зерттеу жобалары мен білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.– Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметіндегі күш-жігерді біріктіру жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін нығайтуға және қорғаныс және қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға негіз болады, – деді ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қанат Тіреуов әскери білім мекемесімен әріптестік ғылыми жобаларды іске асыруға және білікті мамандарды даярлауға жағдай жасайтынын алға тартты.Жоғары оқу орындарының басшылары келісімге келіп, ынтымақтастықты дамыту ғылыми әлеуетті нығайтуға және инновациялық дамуға бағытталған елдің жетекші білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-әрекеттің жаңа кезеңі болмақ деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/901256
Су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын шаруалар үшін суармалы суға төленетін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды 12.12.2024
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді. Су үнемдейтін жүйелерге көшкен шаруалар үшін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды.«Бұл шаруаларды су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуге ынталандыруға бағытталған шара. Қазіргі заманғы суару жүйелеріне көшу шамамен 20-30% су үнемдеуге және 2030 жылға қарай еліміздегі егіс алқаптарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.Еске сала кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің Жол картасын әзірледі. Құжат су заңнамасын жетілдіру, су саласын цифрландыру, суды есепке алу мен су үнемдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды көздейді.Сондай-ақ, биыл шаруалар үшін ұңғымаларды бұрғылау және су үнемдеу жүйелерін сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.Облыстық әкімдіктерге су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Егіс алқаптарында заманауи жүйелерді енгізу бойынша 2030 жылға дейінгі мастер-жоспар дайындалды және бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901225
Жамбыл облысындағы шалғай ауылда жаңа мектеп ашылды 12.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында 120 орындық мектеп балалар игілігіне берілді.Бұған дейін мыңаралдық балалар білім алған мектеп (1972 жылы пайдалануға берілген) апатты деп танылған. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес осы мәселе назарға алынып, өткен жылдың қараша айында білім беру ошағының құрылысы бастау алған еді.К. Қасымов атындағы жаңа мектепте 34 педагог екі ауысымда 168 балаға білім береді. Ол үшін 13 оқу бөлмесі, спортзал мен мәжіліс залы, кітапхана, асхана, сондай-ақ компьютер, лингафон және мультимедиа кабинеті, 2 зертхана мен 2 шеберхана қарастырылған.- Мектебіміздегі оқу бөлмелері кең әрі жайлы. Тәжірибе жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер мен заманауи құрал-жабдықтар бар. Енді тек жақсы білім алып, үмітті ақтауымыз қажет, – дейді 5-сынып оқушысы Айсана Қанағат.Айта кетейік, Жамбыл облысында 36 білім беру нысанының (10 600 орындық) құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін 13 білім ошағы, оның ішінде үшеуі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр.Нәтижесінде 7 оқу орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі.Ағымдағы жылы 9 мектеп пен 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті.Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд. теңге, атап айтқанда, 215 мектепті жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтауға 1,9 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,2 млрд. теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/901070
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты 12.12.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті. Іс-шараға жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары нәтижелер мен жеңістер, сондай-ақ жеңіл атлетиканың дамуына бағытталған жаңа бастамалар айтылды.Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы О.Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпакованың қызметіне сәттілік тіледі.«Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Бүгінгі жиында федерацияның жұмысына қатысты маңызды өзгерістер болып жатыр. Федерацияны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп жатыр. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен біздің атлеттер халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Енді федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп отыр. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз», - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/900642
ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысын өткізді 12.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатурасы қарастырылды.Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшылығына «Есіл-СК» волейбол клубының директоры Әділ Мәкенов және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанованың кандидатуралары ұсынылды.Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды.Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/900679
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты 12.12.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының есеп беру конференциясы өтті. Іс-шара барысында федерацияның алдағы кезеңдегі жоспарлары мен даму стратегиялары талқыланды.Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамирова федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, саладағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Ол еліміздің ауыр атлетика саласында халықаралық аренада қол жеткізілген жеңістері мен спортшылардың дайындығы туралы айтып, спорт инфрақұрылымының жақсаруына бағытталған бастамаларын да тілге тиек етті.Жиында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылары мен спорт қауымдастығы Г.Гаджиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов ауыр атлетика федерациясын он жылға жуық басқарған Жанат Түсіпбековке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа басшы Гаджи Гаджиевке сәттілік тіледі.«Ауыр атлетика халық арасында кеңінен танымал. Өйткені қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері ел ішінде спорттың осы түріне деген қызығушылықты арттыруда және дамытуда маңызды рөл атқарады. Құраманың халықаралық ареналардағы жетістіктері спортшыларымыздың жоғары әлеуетін және елімізде спорттың осы түрінің тұрақты дамуын көрсетеді. Осы орайда, Жанат Түсіпбековке Туризм және спорт министрлігі атынан елімізде ауыр атлетиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Ауыр атлетика федерациясын басқарған он жылдан астам уақытта біздің спортшылар талай жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ федерацияның президенті болып сайланған Гаджи Гаджиевтің алдағы жұмысына сәттілік тілеймін. Ауыр атлетика бұрынғы биігіне қайта шығаратынына, спортшыларды жан-жақты қолдау дәстүрі жалғасатынына сенімдімін және бірлескен күш-жігермен жаңа биіктерге жетеміз», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/901211
Қазақстандық мамандар Германияның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәжірибесін зерттеп жатыр 12.12.2024
Ландау қаласында (Германия) Қазақстан мамандарына арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша оқыту тренингі өтіп жатыр. Бұған Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі мен Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі бастамашы болды.Қазақстан делегациясы құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бар.Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара іс-қимыл әдістеріне, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына оқытылуда.Сонымен қатар шетелдік сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың германиялық ODARA жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесін бөлісуде, ол озық елдерде кеңінен қолданылады. Бұл профилактикалық жүйе пилоттық режимде Қазақстанның бірнеше аймағында енгізілген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900576
«Алға» фильмі Ирандағы спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды 12.12.2024
Иранда өткен 14-ші халықаралық спорттық фильмдер фестивалі Қазақстан кинематографиясы үшін маңызды оқиға болды. Айтулы шарада «Алға» фильмі екі марапатқа ие болды.«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» жүлдесін Ерік Жолжақсынов алса, «Үздік режиссер» номинациясында Ернар Нұрғалиев жеңімпаз деп танылды.«Алға» – әкелерінің қазасынан соң қылмысқа бет бұрған ағайындылар жайлы фильм. Алайда олардың ауылына талантты жастарды іріктеу үшін жеңіл атлетикадан жаттықтырушы келіп, өмірлеріне өзгеріс әкеледі. Ағайындылардың бірі марафондық жүгіруден әлем чемпионымен бәсекеге түседі.Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілді. Фильмнің продюсері – Максим Акбаров, режиссері – Ернар Нұрғалиев. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900676
Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсы мен «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды 12.12.2024
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.Биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Ел Президенті жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді – бұл білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл – мықты әрі табысты ұлттың негізі болатын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады», – деді министр.«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері ретінде үздік жобаларды ұсынған 30 жас қазақстандық таңдалды. Бұл жобалар мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар, бизнес салаларын қамтиды. Биыл байқауға жаңа «Волонтерлік» деп аталатын бағыт қосылды.«Бұл грант Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Сондықтан бүгінгі марапаттарыңыз – үлкен жауапкершілік. Ел Президентінің сенімін ақтайтындарыңызға шын жүректен сенемін. Әрдайым биіктерден көрініңіздер!» – деді Аида Балаева.Өз сөзінде министр жастарға егемендік пен елдікті нығайтудағы негізгі құндылықтар туралы айтты.«Президентіміз биылғы Ұлттық құрылтайда еліміз үшін маңызды бірнеше құндылықты атап өткен еді. Ол құндылықтар – Тәуелсіздік және отаншылдық, Бірлік пен ынтымақ, Әділдік және жауапкершілік, Заң мен тәртіп, Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен жаңашылдық. Мемлекет басшысы белгілеп берген нақты құндылықтарды ұстану – жастардың дамуына, қоғамдық сананың өзгеруіне оң ықпал етері анық», – деді министр.Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының әр жеңімпазына 3 млн теңге көлемінде жүлде берілді. Биыл конкурсқа 1284 өтінім түсіп, оның 897-еуі қабылданды.Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының 20 жеңімпазына «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, естелік статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін 2024 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері: «Ғылым» номинациясыМальчик Фёдор Игоревич– «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ-ның Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, доцентіМолдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы– «Экономика институты» РМК-нің «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі«Эстрада» номинациясыХайролда Муратбек– «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚМ-нің «Эстрадалық вокал» бөлімі әртісіБолат Садраддин Ғалымжанұлы– қазақстандық эстрада әншісі«Классикалық музыка» номинациясыӘліш Бибарыс Сәукенұлы– «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ-нің «Вокалдық өнер» кафедрасының магистрантыИзмаилова Карина Нұрланқызы– «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ-нің оқытушысы«Халық шығармашылығы» номинациясыУатқан Шаттық Құмарұлы– Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің әртісіЖаменкеев Ержан Ерболатович– «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің «Домбыра» кафедрасының доценті«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясыҮсембеков Бақытжан Әбілмәжітұлы– «Қазақстанның қолөнершілер одағы» ЗТБ және ЖКБ-нің зергері зергеріСатаев Нұрлан Қаленұлы– Жас суретшілер одағының төрағасы, Т.Жүргенов атындағы ӨҚазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері» кафедрасының оқытушысы«Журналистика» номинациясыЖұмабай Назерке Рымбекқызы– Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіҚосанбаев Үәлихан Спабекұлы– «QAZSPORT» телеарнасының спорт коментаторы«Креативті бастамалар» номинациясыЖүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы– «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісіАтабаева Гульзира Нұржанқызы– кәсіподақтар аумақтық бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы«Спорт» номинациясыНауатбек Акмарал Маратқызы– қазақстандық дзюдошы, Париж паралимпиадасындағы алтын медаль алған қазақстандық спортшыДегтяров Давид Мамиевич– қазақстандық пауэрлифтер-паралимпиадашы Париж паралимпиадасында алтын медаль алған қазақстандық спортшы«Әдебиет» номинациясыӘліқожа Бауыржан Омарұлы– «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ-ның «Журналистика» факультетінін докторантыЖақсылық Әлихан Нұрбергенұлы– жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі«Театр және кино» номинациясыОмаров Әділет Қалиханұлы– «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның киножобалар өндірісі бөлімінің басшысыЕсжан Әсет Нұрәкімұлы– Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің актерлік құрамының әртісі 2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері: «ҒЫЛЫМ» бағытыБекназаров Қанат ИсатайұлыДүйсен Айым НұргелдіқызыКальменов Ермұхамед ТынысбекұлыОрмантаева Анар СәкенқызыСагитжанов Бирлик Майронович «МӘДЕНИЕТ» бағытыАубакирова Анел ГалымжановнаГимарат Ерназар ГабитовичМаратова Әнел ҚайырлықызыСаденов Танат СерикұлыШәріп Аршат Ертісұлы «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» бағытыАманжол Олжас ҚуандықұлыМаслов Александр СергеевичМомунов Бахыт КайратовичРахметулаев Аңсар КайратовичТулешев Райымбек Бакытжанович «БИЗНЕС» бағытыАлжанов Еркен БолатовичҚабден Рустам АмансайфуллаһұлыПен Сергей ВитальевичТастемиров Казыбек АсылбековичКаракожаева Алия Муратбекқызы «МЕДИА» бағытыБердалиев Еркебулан МейрамбековичКуандыкова Маржан АйдолдановнаМирхайдарова Асем СабыровнаҰлтанбаева Әсем БегдалықызыШоманов Асанали Маратұлы «ВОЛОНТЕРЛІК» бағытыАсқанбаев Дархан СұңғатұлыМеирамова Аида БазарбаевнаСарбасова Замира БоранбайқызыСоловьева Ольга АндреевнаТолеухан Аслан Азаматович Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/901198
Өңір басшысы Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді 12.12.2024
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Мұндай кездесулер өңірдің дамуына және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әкім жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Тұрғындармен диалог барысында келесі негізгі тақырыптар талқыланды:•әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортпен айналысуына жағдай жасау;•аулаларды және қала көшелерін абаттандыру, заманауи балалар мен спорт алаңдарын салу, жол инфрақұрылымын жақсарту;•шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасына инвестиция тарту. Әкім барлық тұрғындардың өтініштерін өз бақылауына алғанын атап өтті және әр мәселені шешу үшін нақты қадамдар жасалатынын жеткізді. «Мұндай кездесулер бізге халықтың қажеттіліктерін естуге мүмкіндік береді және жұмысты нақты нәтижелерге бағыттауға жол ашады. Қостанай тұрғындарының белсенділігі, сенімі мен конструктивті ұсыныстары үшін алғыс айтамын. Бірлескен жұмыс – өңіріміздің табысты дамуының негізі», – деді Құмар Ақсақалов. Халықпен диалог облыс басшылығы жұмысының басты басымдықтарының бірі болып қала береді, бұл мәселелерді жедел шешуге және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/900994
АӨК-дегі субсидиялардың арқасында техниканы жаңарту қарқыны 2,8 есе артты 12.12.2024
Бүгін Мәжілістің Пленарлық отырысында Жоғарғы аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығындағы субсидиялау жүйесін тексеру нәтижелері талқыланды.АӨК-дегі субсидиялаудың тиімділігін келесі көрсеткіштер дәлелдейді: өсімдік шаруашылығы саласында субсидия алушылар 2023 жылы әр гектардан 18,5 центнер өнім алды, бұл ел бойынша орташа өнімділік көрсеткішінен (10 ц/га) жоғары. 2024 жылы бұл көрсеткіш 25-30 центнерге жетіп, республикалық орташа деңгейден асып түсті.Құс және мал шаруашылығы салаларында да өндіріс көлемінің тұрақты өсуі байқалуда. Соңғы 5 жылда құс шаруашылығының етпен қамтамасыз ету деңгейі 55%-дан 73%-ға дейін өсті. Тек 2022-2023 жылдары өндіріс көлемінің өсімі 16%-ды құрады. Бұл – өте жақсы көрсеткіштер. Мысалы, «Айтас» холдингі 5 жыл ішінде өндіріс көлемін 5,5 есеге арттырып, жылына 160 мың тонна өнімге жетті. Ал «Әулие Ата Феникс» ЖШС өндіріс көлемін 3 жылда екі есеге ұлғайтып, 5 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін жеткізді.Сүт өндірісінде заманауи СТФ-нда орташа сүт сауымы бір сиырға жылына 7800 литрді құрады, ал көшбасшылар 11 мың литрден өнім алып, әлемдік стандарттарға сай көрсеткішке жетті. 2021 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы орташа сауым көлемі жылына 4400 литр болған еді.Салыстырмалы түрде алсақ, 2014 жылы техниканы жаңарту деңгейі жылына бар болғаны 2%-ды құрап, 5 мың бірлік техника сатып алынған. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 5,5%-ға жетіп, аграршылар жылына 22 мың бірлік заманауи техника сатып алуда.Ауыл шаруашылығы саласында 14 бағыт бойынша субсидиялау жүргізіледі. 90 мың тіркелген пайдаланушы бар және жыл сайын 224 мың өтінім түседі. Мұндай көлемді ескере отырып, қателіктер мен олқылықтар болуы мүмкін. Дегенмен аудит нәтижесінде 943 млрд теңге қамтылған сомаға шаққанда 0,2%-ды құрайтын 2 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Бұл жүйенің жалпы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарық 10 тауарлық позиция бойынша 100%-дан астам қамтамасыз етілген, оның ішінде: бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті және сәбіз.14 азық-түлік тауары бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан жоғары, олардың қатарында: тауық жұмыртқасы, қияр, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, шошқа еті, пияз, қызылша, қышқыл сүт өнімдері, сары май және алма бар.2024 жылы субсидиялаудың тиімділігін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар шараларды қабылдады. 2024 жылы 450 млрд теңге субсидияның 50%-ы қаржы құралдарына, негізінен несие мен лизингтің пайыздық мөлшерлемесін арзандатуға бағытталмақ. Оның соңғы алушылары – екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттары. Өзгерістер енгізіліп, фермерлер таза 5% мөлшерлемемен арзандатылған несие алатын болды.Бұл тәжірибе мал шаруашылығы, өңдеу салаларының айналым қаражатына және инвестициялық мақсаттарға ұзақ мерзімді қаржы бөлу үшін жалғастырылатын болады. Негізгі міндет – саланы ресурстармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жалпы өнім көлемін арттыру түрінде қарсы міндеттемелер енгізілді. Министрлік тексеру нәтижелері бойынша барлық деректер мен ұсыныстарды назарға алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/900580
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидиялардың тиімділігі бойынша аудит қорытындыларына қатысты түсініктемесі 12.12.2024
2022-2023 жылдар аралығындағы талданған кезеңде аудит арқылы 943 млрд теңге қамтылды, ал қаржылық бұзушылықтар 2 млрд теңге мөлшерінде анықталды, бұл жалпы соманың 0,2%-ын құрайды. Бұл субсидиялау жүйесінің жалпы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Қаржылық бұзушылықтар бойынша қаражат толықтай қалпына келтірілді.Жоғарғы аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығы кешенінде 142 млрд теңге субсидия тиімсіз пайдаланылды деген қорытындысына байланысты, бұл қаражаттың құс етін өндіру шығындарын арзандатуға, ірі қара мал (ІҚМ) мен ұсақ мал (ҰМ) аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстарына және сақтандыру субсидиясына жұмсалғанын, олардың тиімділігін дәлелдегенін хабарлаймыз.Құс еті бойынша:Аудиторлар 2022-2023 жылдары құс етін өндіру шығындарын арзандатуға бөлінген 34 млрд теңгенің тұтынушылар үшін өнім құнының төмендеуі мен ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етуге экономикалық әсері болмағанын атап өтті.Алайда субсидиялар құс етін өндіру шығындарын төмендету, яғни импорттаушылар басымдыққа ие нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін беріледі. Қазақстандық өндірушілердің барлық сауда желілерінде, нарықтарда болуы – қазақстандық өнім үлесінің артып келе жатқанын және субсидиялардың тиімділігін көрсетеді. Соңғы 5 жылда импортқа тәуелділік 18%-ға төмендеді, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықты қамту 73%-ды құрады, ал өндіріс өсімі бір жылда (2022-2023 жж.) 16%-ға жетті. Сонымен қатар қазақстандықтар мұздатылған тауық етін азайтып, жаңа салқындатылған құс етін тұтынуға көбірек көшті. Биыл (9 айдың қорытындысы бойынша) Қазақстан құс етін 10 мың тоннаға аз импорттап, 10 мың тоннаға көп экспорттады. Бұл саланың біртіндеп дамып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі күшейіп жатқанын көрсетеді.ІҚМ мен ҰМ аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстары бойынша:Бұл субсидия түрі жылдар бойы малдың орташа тірі салмағының артуына ықпал етті. Мысалы, ІҚМ-ның орташа тірі салмағы 380-400 кг болса, субсидия алатын ұйымдасқан шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 500+ кг-ға жетеді. Субсидия енгізілмей тұрып, бұл көрсеткіш 240-260 кг шамасында болған. Бұл өсім айқын.Бұл субсидия жылдар бойы асыл тұқымды малға сұраныс тудырып, ет шаруашылығы өндірісінің бүкіл тізбегін дамытуға серпін берді. Асылдандыру субсидиялары – ең кең таралған мемлекеттік қолдау түрі, оны негізінен ұсақ шаруа қожалықтары, яғни 20 мыңнан астам шаруашылық алады. 2022-2023 жылдары бұл бағытқа жалпы 66 млрд теңге жұмсалды.Ауыл шаруашылығы сақтандыруы бойынша:Сақтандыру субсидиялары тиімсіз деп танылды, өйткені бюджет қаражаты шоттарда болған, сондай-ақ қалдықтар бар. Бірақ сақтандыруды субсидиялау шығындарды өтеу емес, олардың бір бөлігін қаржыландыру принципіне негізделген. Сондықтан қаражат шоттарда болуы керек, ал сақтандыру компаниялары осы қаржыға сүйенеді. Бұрын бөлінген қаражат (қалдықтар) 2024 жылы толық игерілді. 2024 жылы шамамен 0,5 млн гектар сақтандырылды, ал фермерлердің өтініштері бұдан 3 есе артық болды (1,5 млн гектар). 2025 жылы сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға 10 млрд теңге қажет, бұл егістік жерлердің 20%-ын сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді.«Жоқ фермерлер» туралы:Субсидия алған шаруашылықтар АӨК қызметіне жатпайтын ЭҚЖЖ көрсеткен деп болжанған. Алайда өсімдік шаруашылығы өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау ережелеріне сәйкес, ЭҚЖЖ көрсету талабы жоқ. Өсімдік шаруашылығы саласында субсидия алудың негізгі шарттарының бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы. Яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі осындай шаруашылықтың осы жерлерде қызмет ету құқығын растайды.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жоқтығы туралы айыптар (40 субъект бойынша) жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтерімен расталмады. Аудиторлық есепте көрсетілген тұлғаларда «шаруа қожалығын жүргізу» немесе «тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу» мақсатындағы ауыл шаруашылығы жерлері тіркелген.Субсидиялау механизмі:АӨК субсидиялау шығындарды өтеу принципіне негізделген. Яғни фермер алдымен шығындарды өзі төлейді, содан кейін субсидия түрінде өтемақы алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/900903
АСТАНАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ЖАҢА ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 12.12.2024
Бүгін Астанада Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің қатысуымен Орталық Азиядағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі жаңа өңірлік бағдарламаның тұсаукесері өтті.АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен қосылатын жаңа өңірлік бес жылдық жоба Орталық Азия өңіріндегі (ОАӨ) туберкулездің, әсіресе дәріге төзімді туберкулездің ауыртпалығын азайтуға бағытталған.Вице-министр өзінің кіріспе сөзінде АҚШ-тың халықаралық даму агенттігіне (USAID) туберкулезге қарсы күрестегі көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.«Халықаралық әріптестер мен донорлар тарапынан тұрақты қолдаудың арқасында Қазақстанда ДДҰ ұсынған, үздік халықаралық практикаларға негізделген, дәлелділіктің жоғары дәрежесі бар, кейіннен бюджет қаражаты есебінен толық қаржыландырумен қамтамасыз етілетін туберкулезді және туберкулез инфекциясын ерте диагностикалау, тиімді емдеу, профилактикасы бойынша жаңа технологиялар енгізілуде» - деп атап өтті Е.Нұрлыбаев.Туберкулезді жою ісіндегі күш-жігерді біріктіру, Қазақстанда емдеу мен профилактиканың заманауи стандарттарын енгізу нәтижесінде соңғы 20 жылдың ішінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Мәселен, соңғы 20 жылдың ішінде бұл инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші 4,6 есе, өлім 18,7 есе төмендеді.Даниэль Розенблумның айтуынша, USAID отыз жылға жуық уақыт бойы Қазақстандағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламамен ынтымақтасып келеді және оның туберкулездің ауыртпалығын азайту және қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ортақ мақсаттарын қолдайды. Ол Қазақстан мен Орталық Азияның барлық елдері диагностиканы, емдеуді және қаржыландыруды жақсарту есебінен туберкулезге қарсы күресте керемет прогреске қол жеткізгенін атап өтті.Жобаның тұсаукесері бойынша іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, Орталық Азия Денсаулық сақтау министрліктерінің, туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалардың (ТҰБ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ), ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қорды (ЖТБЖҚ) қоса алғанда, халықаралық әріптестердің, «Туберкулезді тоқтату» серіктестігінің, USAID елдік миссияларының, USAID және азаматтық қоғам ұйымдарының екіжақты жобаларының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/901120
Абай облысында «Қоғамдық кеңес-азаматтық диалог алаңы» семинары өтті 11.12.2024
Диалог алаңына азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ қала мен облыстың қоғамдық кеңестерінің өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар азаматтық қоғам саласын одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасып, облыстағы өзекті мәселелерді талқылады.Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев диалог алаңын өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.«Бүгінгі семинар бірлескен сындарлы диалогтың арқасында өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенемін. Біздің азаматтар әрқашан белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетеді. Бүгінгі алаңда Сіздердің идеяларыңыз бен бастамаларыңызбен бірлесіп жұмыс істеу және пікір алмасу үшін жаңа бағыттар әзірлейміз деп ойлаймын», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров қоғамдық кеңестер жаңа функцияларға ие болып, олардың өкілеттіктері кеңейтіліп жатқанына тоқталды.«Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеті - халықтың пікірін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешудің мүмкін нұсқаларын ұсыну. Өздеріңіз білетіндей, елімізде қоғамдық бақылау туралы заң бар. Бұл қоғамдық кеңестерге жүктелген тағы бір мүмкіндік. Абай облысында қоғам өкілдерімен жұмыс жақсы деңгейде қойылғанын атап өткім келеді»- деп атап өтті Елдар Сапаров.Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев қоғамдық кеңестердің мүшелері азаматтық қоғамды қалыптастыру және нығайту жолында аса маңызды функцияны атқаратындығынабаса назар аударды.«Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі абыроймен арқалап жүрген әлеуметтік жүктен бөлек, гендерлік теңдік, этносаралық және конфессияаралық келісім, өскелең ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне баса назар аудару керек маңызды салалар бар. Мұның барлығы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында жатыр. Біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біршама жұмыс атқарылды, бірақ әлі көп нәрсе істеу керек», - деп түйіндеді сөзін Айдар Садырбаев.Сонымен қатар, семинар барысында нәтижелі идеялар мен креативті жобаларды ортаға салып, көзге түскен қоғамдық кеңес өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901205
Жерлесіміз Азия чемпионатының жүлдегері 11.12.2024
Бүгін Тайландта бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.Кіл мықтылар бас қосқан додада 80 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Ерасыл Жакпеков қола медаль жеңіп алды.Ерасыл бұған дейін мамыр айында 21 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901206
Қазақстан мен Иорданияның Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысында энергетика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты тереңдету талқыланды 11.12.2024
2024 жылғы 10-11 желтоқсанда Иорданияның Амман қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Н.С. Байбазаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігі арасындағы үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы өтті.Отырысқа Энергетика вице-министрі Ә.Ж. Жамауовтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің делегациясы қатысты.Тараптар энергетика секторын қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады және жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ниет білдірді.Тараптар өзара түсіністік туралы келесі меморандумдарға қол қою жоспарларын құптады:- Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Иорданияның атом энергиясы жөніндегі комиссиясы арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы;- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Иордания уран өндіруші компаниясы Jordan Uranium Mining Company (JUMCO) арасында.Сонымен қатар, сутегі энергетикасы және энергетикалық ауысу саласында ақпарат және тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Бұл отырыс екі елдің де негізгі секторлардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын растады, бұл тұрақты энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/900826
Жезқазған қаласын газдандыру шеңберінде 3 кезектен 2 кезек аяқталып, пайдалануға берілді 11.12.2024
2024 жылдың 11 желтоқсанында Энергетика вице-министрі Бақытжан Ильяс Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып, Жезқазған қаласын газдандыру барысымен танысты.Ұлытау облысын газдандырудың аймақтық схемасына сәйкес 2030 жылға дейін 9 елді мекенді (Жезқазған, Атасу, Жәйрем, Қаражал, Кеңгір, Сәтбаев, Ұлытау, Жезді, Қарсақбай) газдандыру жоспарланған.Бұл бірқатар өнеркәсіп және коммуналдық-тұрмыстық нысандарды табиғи газға көшіруге, сондай-ақ оны тұрғын үй секторында жылыту және тамақ дайындау үшін пайдалануға мүмкіндік беріп, жекелеген аудандарда және тұтастай облыста отын-энергетикалық теңгерімді және экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады.Жезқазған қаласын газдандыру жобасы 3 кезектен және 7 іске қосу кешенінен тұрады, жобаның құны 14,3 млрд. теңге. Ұзындығы 199,8 км. Ағымдағы жылы 2 кезек аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта газға қосылған 1493 үй, техникалық шарттар 1705 үйге берілді.Қаражал қаласы, Жәйрем кенті және Кеңгір ауылындағы газификация бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.«Облысты газдандырудың өңірлік схемасын іске асыру халықтың тұрмыс сапасын айтарлықтай арттырып қана қоймай, бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай туғызады деп күтілуде», - деп айтты вице-министр.Сонымен қатар Бақытжан Ильяс өңірде энергия өндірісі жаңартылатын көздер технологияларын қолдана отырып, белсенді дамып келетінін атап өтті.Бүгінгі таңда Ұлытау облысында қуаты 10 МВт болатын қолданыстағы бір күн электр станциясының объектісі бар.Сонымен қатар қуаты 100 МВт жел электр станциясының жобасын іске асыру жоспарланып отыр.Өңірдің тұрғындарымен кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/901109
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 11.12.2024
Бүгін Жамбыл облысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жергілікті тұрғындармен және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде өңірдің экологиялық жағдайы және оны жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Негізгі тақырыптардың бірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу болды. Өңірде мұндай жүйелер 5 ірі нысанда орнатылған (Жамбыл ГРЭС, «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы, «ҚДФЗ» фосфор зауыты, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС және «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС). Олардың екеуі (Т.И. Батуров атындағы «Жамбыл ГРЭС» АҚ, «ҚазФосфат» ЖШС Тараз филиалы Минералды тыңайтқыштар) деректерді экология министрлігіне бере бастады, ал қалғандары іске қосу-реттеу жұмыстары сатысында тұр. Орманды қалпына келтіру жобаларына ерекше назар аударылды. Президенттің Жамбыл облысында орман алқаптарын құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 25,9 млн көшет отырғызылды, бұл бүкіл ел бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі ауқымды бағдарламаның бөлігі болып табылады. Вице-министр сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең үздік қолжетімді технологияларға (ҮҚТ) көшуінің маңыздылығын атап өтті. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қауіптіліктің бірінші санатындағы кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсат шеңберінде ҮҚТ енгізуге міндетті болады, бұл зиянды шығарындылар көлемін едәуір азайтуға және халықаралық экологиялық стандарттарға жақындауға мүмкіндік береді. Жамбыл облысында «Қазфосфат» ЖШС Тараз минералды тыңайтқыштар филиалы белгіленген мерзімде ҮҚТ орнатуы тиіс.Қалдықтарды басқару мәселелері де талқыланды. Қазіргі уақытта қалдықтарды басқару бағдарламалары Жамбыл облысының 11 қаласы мен 3 ауданында ғана бекітілген. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 31,3 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болды, оның 20% - ы қайта өңделді. Рұқсат етілмеген полигондардың болуы мәселесі де бар. Биыл өңірде 319 заңсыз полигон анықталды, оның 252-сі жойылды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін уақтылы таратпағаны үшін аудандар мен ауылдық округтердің 12 әкіміне 359,97 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында азаматтарға экологияға байланысты проблемалар туралы хабарлауға мүмкіндік беретін жеделхат-чат-бот іске қосылғанын атап өтті. Іске қосылған сәттен бастап Жамбыл облысының тұрғындарынан 259 өтініш келіп түсті, оның 225-і қаралып, шешілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/901169
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жартас су қоймасының бетон және жер бөгетінің жоғарғы беткейін ұлғайту және нығайту жұмыстарын аяқтады 11.12.2024
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жартас су қоймасының бетон және жер бөгетінің жоғарғы беткейін ұлғайту және нығайту жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ, су қоймасын тұнба мен өсімдіктерден тазартты. Бұл іс-шаралар нысанның қауіпсіздігін арттырып, тасқын суынан қорғауды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901045
ПЕТРОПАВЛДА АГРОСЕКТОРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ 11.12.2024
ПЕТРОПАВЛДА АГРОСЕКТОРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ және Қозыбаев университеті Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарын дамыту бойынша ғылыми-технологиялық сессия ұйымдастырды.Биылғы жылы жетінші ғылыми-технологиялық сессия Қозыбаев университетінің алаңында негізгі міндеттерді шешу және агроөнеркәсіпке инновацияларды енгізу үшін өңірлік ауылшаруашылық ғалымдарын, сарапшыларын, өкілдерін, Германия мен ҚХР серіктестерін жинады.«Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда ҚР Премьер-министрі О.А.Бектенов берген тапсырмасы бойынша өткізілетін ғылыми-технологиялық сессиялар мемлекеттік маңыздылықтың біршама түйінді мақсаттарына қол жеткізу үшін стратегиялық құрал. Біріншіден, олар ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге көмектеседі. Екіншіден, ғылыми-технологиялық сессиялар ғалымдар мен өндірушілерге инновациялық шешімдерді жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін алаң құрып, экономиканың нақты сұраныстары мен қажеттіліктерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Өзара іс-қимылдың бұл форматы ғылым мен бизнес арасындағы кооперацияны жақсартып, жаңа, экспортқа бағдарланған өнім өндіру үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілетуге ықпал ететіні ерекше маңызға ие. Бұл қазақстандық экономиканың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін қажет нәтиже», - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңірінде ауылшаруашылық саласының әлеуеті бар екені және университет оның ғылыми және академиялық орталығы деп атап өтілді.«Өңірдің салалық ерекшеліктерін ескерсек, хакатонның өткізілуі біз үшін өте маңызды оқиға. Министрлік ғылым, өндіріс қызметкерлері мен сарапшылардың басын қосу туралы бастамасын ұсынды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында технология қарқынды дамып келеді. Өз технологияларын, өнімділігін жақсартып, шаруашылық жүргізудің органикалық тәсілдерін қалыптастырғысы келетін көптеген кәсіпорындар пайда болды. Ғылымсыз және жаңа серпінді зерттеулерсіз мұны жүзеге асыру мүмкін емес екені мәлім. Сондықтан бүгінгі міндет – ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен тікелей айналысатын кәсіпорындардың мәселелерін анықтап, ғалымдармен бірлесіп шешімін табу. Сессия аясында Қытай, АҚШ, Германиядан келген ғалымдарды қарсы алдық. Бұл бірлескен талқылау мен пікірталастарға толы нәтижелі алаң», - деді Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.Шешімдерді талқылауға және әзірлеуге бейінді министрліктер мен мекемелердің өкілдері де қатысты – ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, «Атамекен Агро» АҚ Басқарма төрағасы Кинтал Исламов, Area Director Eastern Europe, Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы жобасының жетекшісі Olga Hunger, профессор, мал шаруашылығы және технологиялар колледжі, Солтүстік-Батыс Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (ҚХР) Jiang Zhongliang.Ғылыми-технологиялық сессияның қорытындысы бойынша негізгі проблемалар тұжырымдалып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялар үшін негізгі бағыттар анықталды, сондай-ақ болашақта коммерцияландыру үшін ұсынылатын бірінші кезектегі ғылыми-техникалық міндеттер мен болашақ зерттеулердің тақырыптары айқындалды. Олар негізінен агросектордағы мәселелерді шешуге, атап айтқанда, су ресурстары және суару жүйелері; топырақты үздіксіз талдау және дәнді дақылдарды өсіруді жақсарту факторларын анықтау; жемшөп дайындау базаларында астықты сақтау мен басқаруды автоматтандыру және ЖИ пайдалана отырып, жемшөп дайындау процестерін оңтайландыру; селекция және тұқым шаруашылығы; АӨК саласындағы әкімшілендіруге бағытталған.Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар «Зенченко и К» ЖШС, «AVAGRO» ЖШС, «Радуга» ЖШС сүт зауытының өндірістік алаңдарын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/900574