Enbekshi QazaQ

Қоғам

Аршалы ауданының әкімі болып Достанбек Есжанов тағайындалды 09.12.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Аршалы ауданының әкімі болып Достанбек Есжанов тағайындалды. Бұған дейін ол Біржан сал ауданының әкімі қызметін атқарған.Ауданның жаңа әкімін өңір басшысы Марат Ахметжанов таныстырып, оған Президенттің «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауының басымдықтарын ескере отырып, бірқатар міндеттер қойды.«Сіздің басты міндетіңіз – аудан тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, жылыту маусымының ақаусыз өтуін қамтамасыз ету, ауданның электрмен жабдықтау тапшылығын азайту мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды іске асыру, елді мекендерді үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және жол желісін дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды жандандыру», - деп атап өтті облыс әкімі. Сондай-ақ, аудан басшылығы жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауы, инвесторларды тарту бойынша жұмысты ілгерілетуі, жұмыс істеп тұрған АӨК кәсіпорындарының жүктемесін арттыруы, Астана агломерациясын дамытудың Кешенді жоспарына енгізілген жобаларды тұрақты бақылауда ұстауы қажет.«Проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан сізге жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы, олардың барлығын тиімді іске асыру керек», - деді облыс әкімі.Кездесу соңында Марат Ахметжанов Достанбек Есжановқа аудан тұрғындарының игілі үшін жүктелген барлық міндеттерді іске асыруда табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898812
Старый Колутонда ауылында дәрігерлік амбулатория салынуда 09.12.2024
Старый Колутон ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория салынуда, ол ауыл тұрғындары үшін денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды буын болады және 1 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.«Ауылда дәрігерлік амбулатория салу жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға болмақ. Бұл нысан тұрғындардың барлық санаттары: балалар, қарттар, отбасылар және еңбекке қабілетті тұрғындар үшін сапалы медициналық көмекке қол жетімділікті едәуір жақсартады. Тұрғындарға бұдан былай базалық медициналық көмек алу үшін шалғайдағы елді мекендерге немесе аудан орталығына баруға уақыт пен қаражат жұмсаудың қажеті жоқ», - деп атап өтті аудан әкімі Талғат Ерсейітов.Қазіргі уақытта учаскені геодезиялық бөлу және уақытша қоршау орнату, іргетасты жайластыру және жабын плиталарын монтаждау жұмыстары аяқталды. Дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау және нысанды іске қосу 2025 жылға жоспарланып отыр.Сондай-ақ, елді мекенде көктемгі су тасқынынан кейін көлік инфрақұрылымы қалпына келтірілді. Старый Колутон ауылы арқылы Колутон ауылына апаратын жолға орташа жөндеу жүргізілді. Ұзындығы 3,9 км учаске толығымен қалпына келтірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898885
Жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру үшін аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдер алу басталды 09.12.2024
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қараша айында азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 0,7%, ақылы қызметтердің баға индексі – 0,8%, азық-түлік өнімдері – 1,1% болды. Ақылы қызметтердің өсуінің баяулауы байқалады, олар 2024 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының басталуына байланысты ең жоғары өсімді көрсетті (жылдық мәнде 13,3%).Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 159,6 мың тонна көкөніс қорының 13,4 мың тоннасы сатылды. Ең көп сатылғаны – картоп (7,2 мың тонна), сәбіз – 2,1 мың тонна, пияз – 2,2 мың тонна, қырыққабат – 1,7 мың тонна.Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде жылыжайда өсірілген көкөністердің бағасын тұрақтандырып, жаңа жыл қарсаңында олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.Тұрақтандыру қорларында осы уақытқа дейін жинақталған азық-түлік қорын өңір нарықтарына жеткізу және оны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылымға шығару тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге әрі көкөніс және басқа өнімдерді қолжетімді бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар жаңа жыл алдындағы негізгі азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуін тежеуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/898946
Министрлік қызметкерлері үшін жобаларды басқару бойынша семинар өтті 09.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп жобалық басқару мәселелері және «Битрикс» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу туралы семинар өткізді.Семинар барысында қатысушылар жобалық менеджмент саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Стратегиялық жоспарлау департаментінің қызметкерлері жобалық менеджменттің барлық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, жобалық қызметті енгізу бойынша практикалық ұсыныстармен және стратегиялармен бөлісті. Сонымен қатар, «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері «Битрикс» ақпараттық жүйесінде жобалық қызметті жүргізудің маңыздылығы туралы айтып, іске асырылып жатқан жобалар бойынша барлық қажетті ақпаратты қалай сауатты енгізу керектігін көрсетті.ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің өкілі: «Жобалық менеджмент-мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда маңызды, бұл- әр ұйымға енгізілуі қажет тұтас мәдениет. Жобалық менеджменттің принциптері мен элементтерін түсіну біздің қызметкерлерге министрліктің жобаларын уақтылы іске асыру үшін сауатты саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салаларда қандай жобалар ең өзекті болып табылатынын айқындауға мүмкіндік береді» - деп атап өтті.Қатысушылар мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті енгізудің маңыздылығын талқылады. Семинар қатысушылар арасында үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды платформа болды. Бұл семинар министрлік қызметкерлерінің жобалық менеджмент туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/898666
Цифрлық министрліктің өкілдерді СҚО тұрғындарымен кездісу өткізді 09.12.2024
2024 жылғы 6 желтоқсанда Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.Вице-министр Коняшкин Ростислав Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады. Өз сөзінде вице-министр мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру саласындағы министрліктің қызметі мен жетістіктері туралы айтты.Кездесу барысында вице-министр мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электрондық форматта ұсынылады, оның 90,8%-ы eGov Mobile платформасында қолжетімді. Цифрлық шешімдерді интеграциялау нәтижесінде 42,3 млн қызмет проактивті форматта ұсынылды, бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға баруын қажет етпейді.Қазақстан онлайн қызметтерді дамыту бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді. Сандық құжаттарды танымал ету қағаз құжаттарды пайдалануды азайтып, азаматтардың өмірін жеңілдетуде. Қазірдің өзінде 34 сандық құжат қолжетімді.«Invisible Government» тұжырымдамасы аясында бюрократиялық процестер айтарлықтай қысқартылды: рәсімдер саны 605-тен 175-ке, ал мемлекеттік органдарға бару саны 119-дан 21-ге дейін азайды.«Біз азаматтардың артық әрекетсіз қызмет алуына жағдай жасауға тырысамыз. Мысалы, бала туылған кезде, мемлекет ата-аналарды SMS арқылы құттықтайды. ЖСН, туу туралы куәлік және жәрдемақы автоматты түрде рәсімделеді», – деп атап өтті вице-министр.Вице-министр цифрландырудың азаматтарға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бастамаларды ерекше атап өтті:800 мыңнан астам әлеуметтік маңызды қызмет цифрландырудың көмегімен көрсетілді;«Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілуде. Қазіргі уақытта пилоттық режимде екі қызмет іске қосылды: тегін дәрі-дәрмек пен мектеп оқушыларына тегін тамақтану;Азаматтардың медициналық деректері енді e-Densaulyq сервисі арқылы қолжетімді.Министрліктің маңызды бағыттарының бірі – өңірлерді цифрландыру. Петропавл қаласында коммуналдық қызметтерді автоматтандыру үшін Sqoqyzmet.kz бірыңғай порталы іске қосылды, оның көмегімен 2,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтармен жедел байланыс орнату үшін 109 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, жыл басынан бері орталыққа 55 мыңнан астам өтініш түскен. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде: облыс аумағында 41,7 мың камера, сондай-ақ 7 SOS батырмасы орнатылған.Сонымен қатар, вице-министр өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысы үшін өзекті мәселелердің бірі – сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Ростислав Анатольевич пен Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы интернетті кеңейту және оны дамыту жоспарлары туралы айтты.Сондай-ақ,вице-министронлайнрежиміндеазаматтардыжекеқабылдаудыөткізді.AstanaHub-пен өзараіс-қимыл бойынша сұраққойылды, өтінішкетиістіжауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/899108
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 92,5%-ке жетті 09.12.2024
Осы жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде 64 мың орынға арналған 561 мектепке дейінгі ұйым ашылды, бұл кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92,5%-ын мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Жаңа орындардың ашылуы мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізу, реконструкциялау және шағын орталықтар желісін кеңейту, сондай-ақ жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен іске асырылады.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуда 13 өңір жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Оның ішінде Шымкент қаласын, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарын атап өтуге болады», - деп қорытындылады Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.Бүгінде елімізде 11,6 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 1 млн-ға жуық бала тәрбиеленуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/899065
Республикамыздың экологиялық ахуалы мен өмір сапасын жақсартуға азаматтардың белсенді араласыуына TazaQazBot платформасы мүмкіндік береді 09.12.2024
TazaQazBot 2024 жылдың 5 шілдесінде іске қосылды және халықтың өтініштерін қалдыру құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.Бүгінгі таңда чат-бот арқылы 8806 өтінім келіп түсті, оның 7913-і сәтті орындалды.Бұл аталған платформаның нәтижелілігін және азаматтардың өңірлік проблемаларды шешуге деген жоғары қызығушылығын растайды.Пайдаланушыларға ыңғайлы болу және жауапты орындаушыларды анықтау үшін өтінімдер 21 санатқа бөлінеді. Тұрғындардың шағымдарының көпшілігі аумақты тазарту, көшелерді абаттандыру, тұрмыстық қоқыстарды шығару және жолдарды жөндеу бойынша түседі.Чат-боттың ең белсенді пайдаланушылары Алматы (2434 өтінім), Астана (1017 өтінім) қалаларының және Түркістан облысының (834 өтінім) тұрғындары болып табылады.Бұл ретте платформа Ұлытау(78 өтінім), Абай (115 өтінім) және Павлодар (116 өтінім) облыстарында аз танымал.@TazaQazBot арқылы өтініш беру процесі өте қарапайым және ыңғайлы: кіру, проблемалық учаскенің фотосуретін тіркеу, нақты мекенжайды көрсету және қажет болған жағдайда түсініктеме қосу жеткілікті. Барлық деректер автоматты түрде жергілікті атқарушы органдарға беріледі, олар мәселені жіктейді және орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты жүйе жұмысты орындау мерзімдерін автоматты түрде белгілейді.Тапсырма аяқталғаннан кейін Орындаушы фотосурет пен түсініктемелерді жүктейді, ал өтініш беруші рейтинг жүйесі арқылы олардың сапасын бағалау мүмкіндігімен жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлама алады.Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі өтінімдердің уақтылы орындалуын мұқият қадағалайды және қоршаған ортаны қорғау саласында халықпен тиімді байланыс жүйесін дамытуды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/898720
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ 09.12.2024
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары талқыланып, кибер қылмысқа қарсы күрес және тоқтап тұрған құрылыс нысандарына қатысты атқарылған жұмыстар пысықталды. Полиция департаментінің басшысы Н.Алмасбеков интернет-алаяқтық қылмыстардың жолын кесу мақсатындағы профилактикалық шараларды баяндады. Тиімділікті арттыру мақсатында «Киберпол» тобы құрылып, 48 қылмыстық топтың жолы кесілген, 200 тұлға қылмысқа тартылып, 55 тұлға қамауға алынған. Қала басшысы орынбасарларына салаға жауаптылармен бірге бұл бағыттағы шараларды күшейтуде нақты тапсырмалар берді. Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Бұл ретте қалада 33 іс-шара жоспарлануда. Президент әкімшілігі тарапынан ұсынылған циркулярға сәйкес өткізілетін іс-шаралар ғылыми - танымдық, еске алу кештері, зерттеу және білім беру бағыттарында ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, Жаңа жыл мерекесіне орай «Астана» алаңында шырша жағу салтанатты рәсімі өткізіледі деп күтілуде. Қала әкімі барлық сала басшыларына халық асыға күтетін мерекелік шараларды, жаңа жылдық безендіру жұмыстарын эстетикалық талғаммен ұйымдастыруды тапсырды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов тоқтап тұрған құрылыс нысандары бойынша мониторинг жұмыстарын баяндады. Бүгінде 11 құрылыс объектісі анықталған. Мамандар құрылыс-монтаждауды толық аяқтау және құрылыс нормаларына сәйкес жабдықтау бойынша тұрақты түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Ғ. Әбдімәжитұлы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастар басқармасының басшыларына қала аумағындағы тоқтап тұрған құрылыс нысандары мен игерілмей тұрған жер телімдеріне қатысты заң шеңберінде шара қолдануда бірқатар тапсырма берді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/899022
Жаңаөзенде алғаш рет жастарға арналған «Bolashaq Sarayi» сарайы салынуда 09.12.2024
Жаңаөзен қаласында балалар мен жастардың дамуы мен тұрғындардың мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ірі әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде.Қазіргі таңда 350 орынға арналған заманауи «Bolashaq Sarayi» оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы ауданы 3 мың шаршыметрді құрайтын бұл орталық балалар мен жастардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сарайда робототехника және бағдарламалау, 2D/3D модельдеу, шет тілдері, киім дизайны мен тігін ісі, қолөнер, вокал және халық аспаптарында ойнау бағыттары бойынша арнайы кабинеттер ашу жоспарланған.Аталған нысан Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспары аясында салынып жатыр.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында келер жылы Рахат ауылында жалпы ауданы 3 474 шаршыметр болатын 300 орындық заманауи мәдениет үйі салынады.Сонымен қатар, 2025 Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан заманауи коворкинг орталығы ашылады.Жаңа коворкинг орталығы шығармашылық және кәсіптік кездесулерді ұйымдастыруға арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Орталықта оқу және жеке жобалармен айналысуға арналған арнайы орындар қарастырылған. Жөндеу жұмыстары мен жабдықтау жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899061
ABAI UNIVERSITY: СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫНА 10 ЖЫЛ 09.12.2024
ABAI UNIVERSITY: СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫНА 10 ЖЫЛАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтына 10 жыл. Осыған орай, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге Абай университетіне арнайы келді. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп әуелі құрметті қонаққа университеттің тарихын айтып өтіп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер туындылары қойылған мұражаймен таныстырды.Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтын құру туралы алғашқы меморандумға 2013 жылы Сорбонна Париж-Сите университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында қол қойылды. Ал институттың салтанатты ашылуы 2014 жылғы 6 желтоқсанда екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты ашылғаннан бері әлемдік Франкофония желісіне қосылып, AUF (Франкофондық университеттер агенттігі) толыққанды мүшесі болды. Сорбонна-Қазақстан институты құрылған кезде 2014 жылы екі білім беру бағдарламасы ашылды, ал студенттердің жалпы контингенті 40 адамды құрады.2018 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы институттың барлық білім беру бағдарламаларында француз тілін үйретуді күшейту туралы шешім қабылдады. 2018 жылдан бері институт 1200-ден астам студент шығарды. 170-тен астам студент Францияның серіктес университеттерінің дипломымен француз тілінде диссертацияларын сәтті қорғады.Университет ректоры Болат Тілеп Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен бірге Сорбонна-Қазақстан институтының 10 жылда атқарған жұмысымен танысты. Құрметті қонақ университет студенттері мен оқытушыларымен жүздесіп, «Дипломат жолы» тақырыбында дәрісін өткізді. Арнайы дәрістен соң, Сильван Гиогеге Абай атындағы ҚазҰПУ «Құрметті профессоры» атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898911
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 50,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 09.12.2024
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 277 кәсіпорны 18,7 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,5 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 249 ұйғарым берілді және 50,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді.Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.2024 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 039 тексеру жүргізді, оның барысында 7 583 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 723; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/898504
АСТАНАДА FACE ID ЖӘНЕ «ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТ»СЕРВИСТЕРІ АРҚЫЛЫ ПАЦИЕНТТЕРДІ 600 МЫҢНАН АСТАМ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖҮРГІЗІЛДІ 09.12.2024
Пилоттық жобаның шеңберінде Астанада медициналық ұйымдарға келген 600 мыңнан астам пациент Face ID және «Цифрлық құжат» цифрлық сервистері арқылы сәйкестендіруден өтті.Бүгінгі таңда пилоттық жобаға 60-тан астам медициналық ұйым қосылған, онда күн сайын 2,5 мыңнан астам медицина мамандары дәрігердің қабылдауы кезінде пациенттерді сәйкестендіруді жүргізеді.Желтоқсан айының басында елорданың медициналық ұйымдарында қабылдаулардың жалпы саны 1 157 231-ді құрады, бұл ретте 612 мың, оның ішінде Face ID технологиясы бойынша 300 000-нан астам, «Цифрлық құжат» сервисі арқылы 311 мың сәйкестендіру жүргізілді.Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап медициналық ақпараттық жүйелердің функционалына пациентті веб-камера арқылы сәйкестендіруге мүмкіндік беретін « Face ID» технологиясы қосылды.Пациенттерге медициналық қызмет көрсетуді биометриялық растаудың бұл тетігі денсаулық сақтау жүйесіндегі бұрмаланулар мен қосып жазулар қаупімен күресте тиімді құрал болады деп күтілуде.2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаны бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен масштабтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/898963
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» НҚА жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру 09.12.2024
Осымен 2024 жылғы 9 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» НҚА (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15335510) орналастырылғанын хабарлаймыз.Жария талқылау 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/898914
ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫН СУМЕН ҚАМТИТЫН СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 09.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан өңірінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 млн м³. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр.Ескі тоғанды реконструкциялау жұмыстарына «Тұран су» мекемесі тартылған. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898522
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДЕГІ» ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ 09.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898526
Су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық 09.12.2024
ТЖМ қызметкерлері 2025 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша барлық өңірлердің дайындығына тексеру жүргізді. Тексеру іс-шаралардың басым бөлігі облыстық инженерлік жұмыстар жоспарлары шеңберінде жүзеге асырылатынын анықтады. Жоспарланған іс-шаралардың жалпы саны 1258, оның ішінде 923-і немесе 73%-ы орындалды. Мәселен қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, нөсер жүйесін салу, су өткізу құрылыстарын жайластыру және ауыстыру, ГТҚ-ны ағымдағы жөндеу жұмыстары және басқа алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірлерде 275,1 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, жөнделді және нығайтылды, 92,07 км дренаж жүйелері жөнделді және салынды, автомобиль және темір жолдардың астына 518,65 км су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 194,67 км каналдар мен 228,5 км арықтар салынды, 38 ГТҚ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Өзен арналарының учаскелерінде 65,6 км жағалауды нығайту, 182,75 км түбін тереңдету, 111,7 км түзету, 166,6 км тазарту жұмыстары жүргізілді. Қарағанды қаласында ұзындығы 17 110 метр нөсер жүйесі қалпына келтірілді, оның ішінде 8420 метр жабық, 8690 метр арық жүйесі. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының шетінде ұзындығы 2 шақырымнан асатын айналма арнаны, 529 метр нөсер коллекторларын орнату және кіші Бұқпа өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жалғасуда. «Бұл іс-шаралар еріген қар суынан туындаған проблемаларды барынша азайтуға мүмкіндік береді», - деп Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев атап өтті. Жетісу облысында Көксу өзенінің арнасын жағалауды нығайту, түбін тереңдету және түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар Балпық би және Қаратал ауылдарын су басу қаупін болдырмауға, сондай-ақ «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожол көпірін жууға бағытталған. «Бұл жоба 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықтың маңызды қадамы болып табылады, өңірдің халқы мен стратегиялық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп Жетісу облысы ТЖД бастығы Нұрлан Бекбосынов айтты. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/898807
ЖЫЛ КӨРСЕТКІШІ 09.12.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/898819
2024 жылы педагогикалық кадрларды даярлау: Жаңа мүмкіндіктер мен цифрлық трансформация 09.12.2024
2024 жылы ғылым және жоғары білім саласында бірқатар маңызды өзгерістер орын алды. Педагогикалық кадрларды даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, қазіргі таңда 54 жоғары оқу орны педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға ие.Педагогикалық бағыттар бойынша гранттар саны жыл сайын артып келеді, 2023-2024 оқу жылында 15 923 грант, ал 2024-2025 оқу жылында 15 973 грант бөлінді.Болашақ бағдарламасы аясында шетелдің үздік жоғары оқу орындарында 12 665 адам дайындалып, оның 1 942 ғылыми-педагогикалық қызметкер санаты бойынша білім алды.Сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы цифрлық экожүйе күшейтіліп, барлық оқу орындары LMS платформаларына қосылды.Зерттеу университеттерінің саны артты, 2022 жылдан бастап 5 жоғары оқу орны зерттеу университеті мәртебесіне ие болды.Бейнематериал сілтемедеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898791
Ғылым: инвестициялар және жас ғалымдарды қолдау 09.12.2024
2024 жылы ғылымға арналған қолданбалы ғылымды қаржыландыру 489,2 млрд теңгеге ұлғайтылды.2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Министрлік «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жас ғалымдарға арналған несие бағдарламасын іске қосып, 290 пәтер берілді.Ғылыми ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға өсті, ал 2025 жылғы қаңтардан бастап тағы 17%-ға артатын болады.Қазіргі жылы 2297 ғылыми жоба, 162 ғылыми-техникалық бағдарлама, 134 коммерцияландыру жобалары жүзеге асырылуда. Жас ғалымдар тарапынан 1055 ғылыми жоба іске асырылуда.Қазақстан ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруды белсенді дамытуда. Ғылыми-техникалық қызмет бойынша конкурстар аясында 97 млрд теңгеден астам қаражат алынды, ал ғылыми өнімнің экспорты 571 млн теңгені құрады. 2025 жылы технологиялық стартаптарды қолдау бағдарламасы іске қосылады, бұл кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898810
Қазақстанның мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттау мәселелері Үрімшіде талқыланды 09.12.2024
Үрімшіде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, СҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй және Гонконг (ҚХР) Сауда және экономикалық даму министрі Алджернон Яудың қатысуымен өткен үшжақты кездесуде Қазақстаннан СҰАР мен Гонконгқа мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қытайдың Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ол қазақстандық өндірушілердің Гонконгқа мал шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде жабайы аң еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті мен құс еті, бал, жемшөп қоспалары, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін – астық, ұн, майлы дақылдар, өсімдік майлары мен сүт өнімдерін экспорттауға мүдделі екенін айтты.Дегенмен, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар мәселелер бар. Қазақстаннан Гонконгқа мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін әр өнімге байланысты Гонконгтың ветеринарлық қызметімен хаттамалар жасалуы тиіс. Гонконгтың Азық-түлік қауіпсіздігі және қоршаған орта гигиенасы департаментімен бірқатар мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды келісу бойынша бірлескен жұмыс басталды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап Гонконгқа қытайлық Ляньюньгань порты арқылы бидай ұнын сынақ ретінде жеткізуді ұсынды.Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында Қазақстаннан ҚХР-на 9 түрлі мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға хаттамаларға қол қойылған.Осы жылы Қытай тарапы құс тұмауы (елдің барлық аумағы) және аусыл (оңтүстік-шығыс аймақтар) бойынша енгізілген уақытша шектеулерді алып тастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында сойылған ірі қара мал мен ірі қара мал терісін жеткізуге екі хаттамаға қол қойылды. Қазіргі уақытта құс шаруашылығы өнімдері мен қосалқы өнімдерді экспорттау бойынша хаттамаға қол қою дайындық үстінде.Қытайға экспортталатын өнімдер тізімін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мал шаруашылығы өнімдері – салқындатылған ет, жылқы еті, термоөңделген ет өнімдері және жануарларды сою кезінде алынатын қосалқы өнімдер бойынша ветеринарлық талаптарды келісу жұмыстарын жүргізуде.Бүгінгі күні ҚХР-да аккредитациядан өткен кәсіпорындар тізімінде 43 қазақстандық кәсіпорын бар. Тағы шамамен 10 кәсіпорын электронды платформада тіркелу сатысында тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/898778