Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астанада «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті 05.12.2024
Астанада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ғалымдар қатысты.Конференцияда саяси және әскери қақтығыстардың алдын алудағы әйелдердің рөлі, қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік стереотиптерді насихаттау, құқық қорғау органдарындағы гендерлік көзқарас, әйелдер көшбасшылығы және т.б. тақырыптар қозғалды.Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларға тоқталды. Биыл жаңартылған «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» ұлттық жоспарының жүзеге асырылу барысы да сөз етілді.Осылайша, аталған жоспар бойынша қызметтегі әйелдер саны артып келеді, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары, баспасөз қызметтері мен БАҚ өкілдері де оқудан сәтті өтті. Батыс Сахара, Ливан және Кот-д'Ивуардағы БҰҰ миссияларына жеті әйел сарбаз қатысты. Жаңартылған жоспарға барлығы 18 жаңа пункт енгізілді.Айта кету керек, 2025 жылғы жаһандық гендерлік күн тәртібінде екі атаулы күн белгіленді. Атап айтсақ, 1325 «Әйелдер. Әлем. Қауіпсіздік» қарарының – 25 жылдығы және әйелдер құқығын қорғайтын негізгі халықаралық құжаттың бірі Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының – 30 жылдығы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897274
ҚР Ұлттық музейінде «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды 05.12.2024
ҚР Ұлттық музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды.Көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды.Келушілер Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздерінмен, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен таныса алды.Сондай-ақ, белгілі тұлғалардың домбыралар коллекциясы, С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындаға қылқалам шеберлерінің картиналары көпшілік назарына ұсынылды.Іс-шараға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.Көрме 2024 жылдың 19 желтоқсанына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897294
Астанада БҰҰ Еріктілер бағдарламасының өкілдерімен Халықаралық еріктілер жылына дайындық жайы талқыланды 05.12.2024
Астанада БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Штаб-пәтері өкілдерімен Халықаралық еріктілер жылына дайындық мәселелеріне арналған кездесу өтті.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Халықаралық хатшылығының басшысы Сандра Ингрид Кох қатысты.Кездесуде Халықаралық хатшылық пен Қазақстанның Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыланды. Сондай-ақ, волонтерліктің жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға бағытталған ұсыныстар қаралды.Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсаттарына еріктілерді жұмылдырудың Халықаралық жылы деп жариялады.Қазақстан мемлекет пен еріктілер қауымдастығы арасындағы табысты институционалдық әріптестіктің үлгісін көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда елде 740-тан астам волонтерлік ұйым және мыңнан астам бастамашыл топ белсенді жұмыс істейді. Жалпы белсенді волонтерлер саны 240 мыңнан асады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897310
Алматыда «Тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: Орталық Азиядағы мақсаттар, сын-тегеуріндер және адам құқықтары» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді 05.12.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Орталық Азия журналистік зерттеулер қауымдастығымен, Narxoz университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебімен бірлесіп «Тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: Орталық Азиядағы мақсаттар, сын-тегеуріндер және адам құқықтары» ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды (бағдарлама қоса беріледі).Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық қорғау мен бостандықтарды нығайту үшін үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін, сондай-ақ деректер журналистикасын оқыту тәсілдерін талқылауға арналған.Конференцияға медиа және журналистика саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар мен ұйымдардың өкілдері қатысады: ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілдігі (Австрия); Worlds of Journalism Study (Германия); Журналистика саласындағы білім беру жөніндегі дүниежүзілік кеңес, Academy France Médias Monde (Франция және Германия, Франция, Швециядан келген зерттеу ұйымдары мен университеттері, АҚШ, Нидерланды, Словакия, Орталық Азия университеттерінің журналистика және медиа факультеттерінің өкілдері.Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Байзақов к-сі, 303, UN Plaza Almaty, Конференц залы.БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/YPFsydfdx7Jux7359Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ БАҚ өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87237537076?pwd=91CZKKOcDhmmGdn59t9zUY7mmSqaZ3.1 (конференция идентификаторы: 872 3753 7076, кіру коды: 976374)Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.Конференция бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897206
Ғани Бейсембаев еуропалық әріптестерімен кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді 05.12.2024
Министр просвещения РК встретился с главой Европейского фонда образования Пилви Торсти и Чрезвычайным и Полномочным послом Эстонии в Казахстане Яапом Ора. Стороны обсудили перспективы развития двустороннего сотрудничества в сфере среднего, технического и профессионального образования.В ходе встречи министр отметил, что в рамках объявленного Главой государства Года рабочих профессий проводится масштабная трансформация системы технического и профессионального образования. Совершенствуются законодательные нормы, а также усиливается менеджмент в колледжах с учетом лучших международных практик.Кроме того, обсуждались вопросы реализации совместных образовательных программ, инновационного развития колледжей, стажировок для студентов и педагогов, а также проекты по профессиональному развитию педагогов школ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/897283
LRT тәжірибелік бөлігінде жарты шақырым рельс төселді 05.12.2024
Астанада LRT-ның №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды. Бұл сынақ кезеңі қысқы ауа райының жеңіл рельсті жолдың (LRT) жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады.Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:- Стандартты жол ені – 1 435 мм, халықаралық стандарттармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді.- Рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерінің дыбысы мен дірілді азайтады.- Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді.Келер жылдың жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Қыс мезгілінде қажетті материалдар дайындалады.Эстакаданың рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/897060
Алматыда 2025 жылы ірі ағаштарды отырғызу бойынша ауқымды жұмыс басталады 05.12.2024
2025 жылы Алматы қаласының аумағында үш деңгейлі көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс басталады. Бірінші деңгейде көгалдар мен гүлзарлар, екінші деңгейде бұталар мен сәндік өсімдіктер, ал үшінші деңгейде ірі ағаштар отырғызылады.2025–2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Жалпы, шамамен 17 мың ірі ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 15 мың ағаштың биіктігі 4 метрден асса, 2 мың ағаштың биіктігі 6 метрден асады.Отырғызу жұмыстары магистральды көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде, бульварларда және басқа да қоғамдық орындарда жүргізіледі. Мұндай тәсіл тығыз қоныстанған аудандарда көлеңке мен жасыл аймақтарды тезірек құруға мүмкіндік береді.Жоба аясында ағаштарды отырғызу мен күтіп-баптаудың заманауи әдістері қолданылатын болады. Отырғызудан кейінгі алғашқы екі жылда жүйелі күтім жасалады: тамшылатып суару, автоматтандырылған суару жүйелерін орнату, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды жергілікті жағдайларға бейімделген минералды тыңайтқыштармен қоректендіру қарастырылған. Бұл олардың жерсінуін жеделдетеді.Көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған. Ірі ағаштарды отырғызу жасыл инфрақұрылымды қалыптастыру уақытын қысқартып, қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897127
Алматыда көгалдандыру және экологиялық жобаларға 2025 жылы алдын ала ақпарат бойынша 10,6 млрд теңге бөлу жоспарлануда 05.12.2024
2025 жылы Алматыда экологиялық жобаларға 10,6 млрд.теңге бөлу жоспарлануда, бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлы қалалық ортаны дамытуға бағытталған. 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Негізгі бағыттардың қатарында қаланы көгалдандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін инфрақұрылымды жақсарту және табиғи объектілерді абаттандыру бар.Қаланы көгалдандыру жобасы ағаштар мен бұталарды отырғызуды жалғастыруды, сондай-ақ саябақтар мен жасыл аймақтарды абаттандыруды қамтиды. Ағымдағы жылы Алматыда бюджет қаражаты есебінен 170 мың көшет отырғызу жоспарлануда, оның ішінде күзгі отырғызу маусымының басынан бастап 110 мыңнан астамы отырғызылды, бұл бір қала тұрғынына жасыл екпелердің ауданын 12,5-тен 12,8 шаршы метрге дейін ұлғайтуға көмектеседі.Сонымен қатар, 2025 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесін жаңарту жалғасады. Қалада тереңдетілген үлгідегі 2 мыңнан астам контейнерлік алаң салынады, бұл қаланың санитарлық жағдайын жақсартады. Бұдан басқа, Іле ауданында ҚТҚ көмуге арналған жаңа полигонның жобасы әзірленуде, бұл болашақта қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін тиімді шешуге көмектеседі.Үлкен Алматы және Қарғалы сияқты өзен арналарын қайта құру, сондай-ақ «Сайран» су қоймасын абаттандыру жобалары табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге және қала тұрғындарының демалуы үшін жаңа экологиялық таза аймақтарды құруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897129
Алматының санитарлық жағдайын жақсарту: жаңа контейнерлік алаңдар салу және қоқыс контейнерлерін ауыстыру 05.12.2024
Алматының санитарлық жағдайын және эстетикасын жақсарту мақсатында 2025 жылы 581 жаңа контейнерлік алаң салу және 1 683 тереңдетіле көмілген контейнер орнату жоспарланып отыр.2025–2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Заманауи контейнерлер кеңістікті тиімді пайдаланып, алаңдарды ықшамдаа, жағымсыз иістің алдын алып, құстар мен бұралқы жануарлардан қорғайды. Қазір қалада 786 тереңдетіле көмілген контейнер орнатылған, бұл тұрғындар үшін тазалық пен жайлылықты қамтамасыз етуге жасалған маңызды қадам.Сонымен қатар, 2024 жылы Алматыда 1 м³ көлеміндегі 1800 пластик евроконтейнер сатып алынды. Бұл контейнерлер тұрмыстық қалдықтарды жинауды жеңілдетіп, қоқыс шығару үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді.Еске салсақ, 2012 жылы Алматыда 197 тереңдетіле көмілген контейнерлік алаң және 1 001 контейнер салынған болатын. Алайда 10 жылдық пайдалану кезеңінде бұл контейнерлер агрессивті орта әсерінен қатты тозған. Осыған байланысты қалада сапасы жоғары жаңа контейнерлер сатып алынуда.Жаңа контейнерлер жоғары сапалы экологиялық таза полиэтиленнен жасалған. Әлемдік стандарттарға сай, амадан тыс тозуға төзімді, технологиясы материалдың біркелкі қалыңдығын және беріктігін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897138
Алматыда 2025 жылы Баум тоғайын абаттандыру жоспарлануда 05.12.2024
Алматыда 2025 жылы қаланың басты табиғи нысандарының бірі болып табылатын Баум тоғайын абаттандыру жобасын іске асыру жоспарланған. Тоғайдың ауданы 137,7 га құрайды, ол Түрксіб ауданында Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарының арасында орналасқан.2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Жобаның мақсаты-тоғайды экологиялық маңызы бар аумақ ретінде жаңғырту, тұрғындар арасында эко-сананы дәріптеу. Тәсілдің ерекшелігі-тоғайдың табиғи компонентіне минималды араласу.Аумақта шағын архитектуралық формалар пайда болады: орындықтар, беседкалар, урналар, сондай-ақ балалар ойындары мен спортқа арналған жабдықтар. Көгалдандыру кезінде эрозияны болдырмау және жер жұмыстарын азайту үшін табиғи рельеф пен жер жамылғысы сақталады.Баум тоғайы үш аймаққа бөлінеді:• Белсенді аймақ-ашық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тоғайдың периметрі бойынша орналасады.• Рекреациялық аймақ-ең аз инфрақұрылымы бар тыныш демалыс орны болады.• Эко-аймақ-шектеулі араласумен табиғи флора мен фаунаны сақтауға және қалпына келтіруге арналған.Бүкіл жоба үш негізгі қағидаға негізделген: қалпына келтіру, эко-аймақтарға бөлу және қауіпсіздік. Абаттандыруды жүзеге асыру тоғайды қала тұрғындары үшін заманауи, экологиялық және жайлы демалыс аймағына айналдыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897147
Алматының көріктендіру төлқұжаты талаптарын бұзу: бизнесмендер 500 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады 05.12.2024
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қыс маусымына дайындық аясында коммуналдық қызметтердің көшелер мен аулаларды тазалау жұмыстарын тексерді.Аралау барысында магистральдық көшелерде, аулаларда, сондай-ақ коммерциялық нысандардың аумақтарында жүргізілген тазалық жұмыстары тексерілді.Соның нәтижесінде ғимараттарының айналасын тиісті деңгейде тазаламағаны үшін жеті коммерциялық ұйым: екі Degirmen дәмханасы, Starbucks, «Сұлтан», Bay және Nanduk дәмханалары, сондай-ақ Kimex дүкені 140 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды. Жалпы 516 880 теңге айыппұл салынды.Сонымен қатар, Медеу ауданындағы тазартылмаған аула үшін мердігер ұйымға қатысты 20 АЕК айыппұл салу жөнінде әкімшілік хаттама толтырылды.Айта кету керек, Тазалық апталығы аясында «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланы қыс мезгіліне дайындауда. Атап айтқанда, түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинап, арық жүйелерін тазалау және аулаларды көріктендіру жұмыстары қолға алынды.Санитарлық тазалық жұмыстары жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метр болатын 2 318 көшені, ұзындығы 2 777 км аумақты қамтиды. Қысқы жұмыстарды тиімді атқару үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жұмысшы жұмылдырылады. Сондай-ақ, «Алматы Тазалық» автопаркіне 32 жаңа заманауи техника қосылды.Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап Алматы кәсіпкерлеріне көріктендіру төлқұжаты беріледі. Құжатқа сәйкес, олар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз етуге міндетті. Көріктендіру төлқұжатында абаттандыру мен санитарлық тазалықты сақтау, қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету, шағын сәулет нысандарының дұрыстығын қадағалау талаптары көрсетілген. Талаптарды бұзған жағдайда кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897160
ТЖМ «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына қатысты 05.12.2024
Бүгінгі таңда волонтерлер қозғалысы белсенді дамып, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында маңызды рөл атқарады. Бүгін Астанада халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының және «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Мақсат Дәулетьяров «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін», «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» және «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациялары бойынша еліміздің үздік 8 волонтеріне наградалар табыс етті. «Бүгінгі таңда ТЖМ 150 волонтерлік ұйыммен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, онда 66,5 мыңнан астам волонтер бар. Биылғы жылы іздестіру-құтқару жұмыстарына 1 мыңнан астам волонтер тартылды. Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, гуманитарлық көмекті жинауға және бөлуге 50 мыңнан астам волонтер мен еріктілер қатысты. Шомылу кезеңінде мінез-құлықтың негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында халық арасында үгіт жүргізу үшін 26,8 мыңнан астам волонтер тартылды», - деп Мақсат Дәулетьяров атап өтті. «Қазқұтқару-2024» жиын-семинарын өткізу барысында табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою саласында волонтерлердің ІІ-ші республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 20-дан астам еріктілер ұйымының өкілдері қатысты. Форум барысында таулы жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, суда құтқару және т.б. ерекшеліктері зерделенді. Пилоттық жоба аясында Қостанай облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласында волонтерлердің мобильді тобы құрылды. Төтенше жағдайлар департаменттерінде «Волонтерлік ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілері» санаты бойынша 1,5 мың волонтер оқытылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/897137
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 10 ЕЛДІ МЕКЕНДІ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН ГАЗ ҚҰБЫРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тұрғындар мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды газдандыру, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде аудандағы 105 елді мекеннің 60-ы табиғи газбен қамтылып, «көгілдір отын» пайдаланушылардың пайыздық үлесі 57,1 пайызды құрап отыр.Жыл басынан бері аудандағы 29 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жалпы 3,4 млрд теңге қаржы қаралған.Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жұмыс сапарында Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Қарасақал елді мекенінің тұрғындарын газбен қамтитын құбырды пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Тұрғындарды құттықтады.Бұған дейін көмір жағып, күл шығарып келген Қарасақал елді мекенінің тұрғындары енді «көгілдір отынды» пайдаланады. Жалпы сметалық құны 647,4 млн теңгені құрайтын газ құбырының ұзындығы 23,659 шақырым. Тұтынушы абонент саны – 95, тұрғындар саны 500-ден асады.Айта кетейік, аталған магистралды газ құбыры бойында орналасқан 10 елді мекеннің де құрылысы аяқталып, 1216 абонент табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Алдағы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ж.Ералиев ауылдық округінің Абай, Абай ауылдық округінің Халықтар достығы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Атақоныс, Әбдіхалық, Мырзашөл елді мекендеріне газ берілмек. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, атқарушы техникалық құжаттамалары рәсімделуде.Сала мамандары ауданда жыл соңына газдандыру деңгейінің 70,4 пайызға жететінін, ал, 2027 жылы бұл көрсеткіштің 100 пайыз болатынын айтады.Айта кетейік, облыс бойынша соңғы екі жылда 187 мың тұрғын немесе 90-нан астам елді мекен табиғи газға қосылды. Нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн 820 мыңға немесе 84,9%-ға жетеді (557 елді мекен).Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/896970
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МИЯ ӨСІМДІГІН ӨҢДЕЙТІН ЕРЕКШЕ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан-қалаларға инвестиция тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту, өндірістік кәсіпорындардың санын арттыру, тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданында іске қосылған жобалардың бірі – мия тамырын қайта өңдеу кәсіпорны. Жетісайда өсірілген мия тамырларынан косметика мен дәрі-дәрмек шығару жоспарланған. Алдағы уақытта өндірісті осында ашу көзделген.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған кәсіпорынға арнайы барып, жұмысымен танысты. Іскер азаматтарға, белсенді кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін жеткізді. Аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына осы бағытта жұмысты жалғастыруды тапсырды.«Kasym ASES» ЖШС жеке қаржысы есебінен 600 млн теңгеге іске қосылған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайды. Биыл жүзеге асырылған І кезеңде 56 адамды, келесі жылы жүзеге асатын ІІ кезеңде тағы 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Кәсіпорын алдын ала болжам бойынша мия тамырының келісін 120 теңгеден төмен қабылдамайды.Мия тамыры косметология саласы мен аспаздықта коктейль жасауға арналған көбіктендіргіш заттар мен квас, сыра, алкогольсіз сусындар, халуа, шоколад, карамель, диеталық кисель дайындауда табиғи тәттілендіргіш ретінде қолданылады. Ал медицинада пневмония кезінде құрғақ жөтелді емдеуге, бронх қабынуынан туындаған жөтелде, жамбас, тонзиллит, туберкулез, көмейдің қабынуы кезінде дауысты қалыпқа келтіруге, сондай-ақ, қуықалды без аденомасы, бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары, асқазан-ішек жолдарының аурулары, омыртқа мен буын аурулары, артрит, ревматизм, омыртқа және басқа да дерттерді емдеуге қауқарлы, ерекше күшті өсімдік.Айта кетейік, соңғы 5 жылда ауданға 90,2 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында 419,6 млрд теңге инвсетиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде, 2,17 млрд теңге салықтық түсімдердің түсуі күтілуде. 2030 жылға дейін негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 3,8 есе өседі деп күтіліп отыр.Биылдың өзінде аудан аумағында құны 8,2 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 959 жаңа жұмыс орны құрылады.Түркістан облысында Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Облысқа жыл басынан 888,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты. Ал жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды.Сапар барысында өңір басшысы жергілікті шаруалармен кездесті. Жаңа тәсілмен мақта еккен диқандар өнімнің сапалы әрі артық жиналғанын айтып, жақсы жаңалықтарымен бөлісті.Биыл өңірде 106 мың гектарға мақта егілді. Енді заманауи суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды. Мақта егудің жаңа тәсілі ақ алтынның өнімділігін 3 есе артып, көрсеткіш гектарына 70 центнерге жетуі тиіс.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/896976
«Visit Astana» және «Сапа белгісі»: елордада қатысушыларға сертификаттар табысталды 05.12.2024
Елордада «Visit Astana» және «Сапа белгісі» серіктестік бағдарламасының қатысушыларына сертификаттар табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Сертификаттарды бағдарламаның 54 жаңа серіктесі алды, олардың ішінде:• 41 қоғамдық тамақтандыру объектісі,• 12 қонақ үй,• 1 туроператор.Қазіргі уақытта «Visit Astana» бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны 114 серіктеске жетті, бұл туристік бизнестің жоғары сапа стандарттарын дамытуға және енгізуге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.Іс-шарада «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов және Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде елорданың заманауи туристік орталық ретіндегі имиджін нығайту үшін бағдарламаның маңыздылығын атап өтіп, саланың дамуына қосқан үлесі үшін барлық қатысушыға алғыс білдірді.«Астана даму орталығы» ЖШС іске асыратын «Visit Astana» серіктестік бағдарламасы – елордадағы туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған бірегей бастама. Ол туристік саланың негізгі бағыттарын қамтиды: қонақ үй және мейрамхана бизнесі, туроператорлардың қызметі және туристік тартымды нысандар. Бағдарламаның мақсаты – Астананы халықаралық қонақтарды қабылдауға дайындау және оның жетекші туристік бағыт ретіндегі мәртебесін нығайту.«Visit Astana» бағдарламасы үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген:* Қытайдағы «Инфрақұрылым 5А»бағдарламасы,* Испаниядағы туризм сапасының белгісі,* Швейцариядағы стандарттау жүйесі және т.б.«Visit Astana» серіктестік бағдарламасын «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бүкіл республика бойынша іске асыратын «Сапа белгісі» бағдарламасымен тану маңызды кезең болды. Бұл ынтымақтастық екі бастаманың стандарттарының жоғары деңгейін және олардың Қазақстанның туристік инфрақұрылымын жетілдіруге деген ұмтылысын растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/897020
Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалы 17 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті 05.12.2024
Қазсушар мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 17 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1900 гектарға көп. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Оңдасын Жиенқұлов мәлімдеді.Биыл филиал 37 шаруа қожалығымен суармалы су беру туралы келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда шаруашылықтардың басым бөлігі заманауи су үнемдейтін жаңбырлатып суару қондырғыларын пайдаланады.Сондай-ақ, филиал 8 бөгетте көп факторлы зерттеу жүргізу және қауіпсіздік декларациясын әзірлеу бойынша жұмысты бастады. Келесі жылы тағы 6 бөгетті зерттеу жоспарланып отыр. Тұзды су қоймасының су өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында жағалауды және су асты өсімдіктерінен тазарту жұмыстары жүргізілді.«Облыста вегетациялық кезең сәтті өтті, өңірде су тапшылығы болған жоқ. Шаруа қожалықтары деректерді сақтай алатын және бөлісу мүмкіндігі бар суды есепке алу құралдарымен жабдықталған. Шағын егістігі бар кейбір шаруашылықтар тамшылатып суару жүйелерін енгізуде. Бұл жерүсті суарудың барлық әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді»,- деді Қазсушар мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалының директоры Оңдасын Жиенқұлов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/897095
Механикалық көліктер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі 05.12.2024
Әскери полицияның бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс дайындады.ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңында «механикалық көлік құралы» анықтамасынан «мопед» деген сөз алынып тасталды. Ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында бұл ұғым да алынып тасталуға жатады.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 20 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15329326 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/897033
Қазақстан аграрлық прогрестің болашағын қалыптастыруда 05.12.2024
«ТҰҚЫМ-2025» 4-ші халықаралық конференциясында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахметжанова саланың қазіргі тенденциялары мен даму перспективалары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.Құттықтау сөзінде ол бұл шараның Президенттің ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында айтылған тапсырмалары контексіндегі маңыздылығын атап өтті.Іс-шарада талқыланған басты тақырыптардың бірі – отандық селекция мен тұқым шаруашылығын нығайту қажеттілігі болды.Айгүл Ахметжанова ғылым мен инновацияның өнімділікті арттыруда және климаттық өзгерістерге бейімделуде шешуші рөл атқаратынын айтты. Ол бұл үдерісте халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы аграрлық ғылымның соңғы жетістіктерін белсенді түрде енгізіп, жаңа бірлескен жобалар мен шешімдердің негізі болған конструктивті диалог алаңын ұсынады», – деді ол.Климаттың өзгеруі мен экономикалық тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту Қазақстанның қазіргі агроөнеркәсіптік кешені үшін стратегиялық маңызға ие болуда.Басқарма төрайымы конференцияға қатысушыларды бар мәселелерді табысты еңсеру және аграрлық ғылымның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге шақырды. Сонымен қатар, ол Қазақстан мен әлемдік қауымдастыққа пайда әкелетін пікір алмасу мен жаңа ғылыми жаңалықтардың жемісті болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/897008
Премьер-Министр CodiPlay жобасын қазақстандық мектептерде енгізуді тапсырды 05.12.2024
Білім беру саласындағы инновациялық шешімдерге маманданған Astana Hub резиденті – CodiPlay стартабы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов тарапынан жоғары бағаланды. Ол Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, CodiPlay жобасының шешімдерін қазақстандық мектептерге енгізуді тапсырды. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы және Түркия сияқты елдердің оқу орындарында іске асырылған жоба енді қазақстандық оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға үлес қосады.Премьер-Министр Назарбаев Университеті жанындағы технопаркті аралау барысында ғылыми жобалар жетекшілерінің әзірлемелерді коммерцияландыру және ілгерілету саласындағы жетістіктерімен танысты. CodiPlay жобасы TRL (технологиялық дайындық деңгейі) шкаласы бойынша ең жоғары баға алды.Олжас Бектенов ел экономикасы мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларға Үкімет тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті. Аталған стартапқа Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан Astana Hub резиденті мәртебесі аясында жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді, сондай-ақ Seed Money бағдарламасы аясында қаржыландыру берілді.CodiPlay әлемнің 10 еліндегі 450-ден астам оқу орнын қамтиды, олардың қатарында Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Түркия және Әзербайжан бар. 2024 жылдың соңына дейін Түркістан облысындағы 10 білім беру ұйымы CodiPlay экожүйесіне қосылса, 2025 жылы тағы 60 мектеп, оның ішінде Ақтөбе және Қарағанды облыстары қамтылады. «CodiPlay жобасына жоғары баға берілгені үшін алғысымыз шексіз. Жобаның қазақстандық мектептерде іске асырылуы білім сапасын айтарлықтай арттырып, оқушыларымызды цифрлық әлемнің сын-қатерлеріне дайындайды», – деді CodiPlay жобасының жетекшісі Жанәділ Талдыбаев. «Мақсатымыз – балаларға тек білім беріп қана қоймай, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін дағдыларды да үйрету».Жоба Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мақұлдауын алды, ал компанияның Coditeach атты өнімі UNICEF тарапынан цифрлық қоғамдық игілік (Digital Public Good) ретінде танылып, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктерін кеңейтті.Қазақстан мектептерінде CodiPlay-ды іске асыру – білім беру саласындағы маңызды қадам. Бұл оқушыларға білімді ғана емес, оны тәжірибеде қолдану мүмкіндігін де береді. Осындай бағдарламаларды енгізу елде бәсекеге қабілетті білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.Жоба туралыCodiPlay – 2021 жылы құрылған білім беру технологиялары (EdTech) саласындағы қазақстандық стартап. Жоба жас ұрпақты цифрлық сауаттылыққа үйретудің ерекше әрі инновациялық шешімін ұсынады. CodiPlay жобасының құны 100 миллион долларға бағаланған, бұл – Қазақстанның білім беру компаниялары үшін рекордтық көрсеткіш. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/897097
Еңбекминінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 05.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда әлеуметтік-еңбек саласын цифрлық трансформациялау барысы және ана мен баланы әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, Еңбекмині және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.Ведомствоның қызметтерін цифрлық трансформациялау барысы туралы Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұржігіт Әзбергенов хабарлады. Ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және оларды алу процестерін жеңілдетуде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.«Көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру біртіндеп жүргізілуде, автотолтыру енгізілуде. Бұған адам факторын алып тастау арқылы қол жеткізіледі.Қызметтердің кең спектрін проактивті көрсетуге Отбасының цифрлық картасы бағдарланған, онда қандастар мен ішкі мигранттардың отбасыларына қолдау көрсету мониторингіне, өңірлердің әлеуметтік портретін қалыптастыруға бағытталған бірқатар жаңа модульдермен толықтырылған. «Дағдарысты» және «мүшкіл» санаттардағы отбасылар санын азайту бойынша өңірлер рейтингін есептеу әдістемесі әзірленді, FSM Social және басқа да мобильді қосымша енгізілді», – деді ол.Отырысқа қатысушыларға ана мен баланы әлеуметтік қолдау туралы Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов айтып берді. Ол балалы отбасыларға, оның ішінде көпбалалы және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері мен алушылар саны туралы егжей-тегжейлі хабарлады.Сондай-ақ отырысқа қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/897035